Батталов қайрат қанатұЛЫ


Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі



бет3/9
Дата25.04.2016
өлшемі2.73 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі. Тарихи зерттеулердің арнайы - тарихи-генетикалық, салыстырмалы-тарихи, проблемалық-тарихи әдістері 1868-1917 жылдарға дейінгі белгілі бір хронологиялық аралықта кедендік істің қалыптасуы мен дамуын зерттеу үшін қолданылады. Арнайы және жалпы ғылыми (диалектикалық, логикалық, проблемалық және т.б.) әдістерді қолданудың ғылыми нәтижелері тарихи деректермен жұмыстың нақты әдіснамасымен айқындалады. Тарихи мағлұматты айырып алудың тәсілдерін таңдауда дерек көзіне дербес құндылығы бар тарихи ақиқат фактісі ретінде қатынасқа жүктелу жөн. Бұл зерттеу процедураларының жиынтығы деп қарастырылған тарихи герменевтика тәсілдерін қолдануға мүмкіндік берді. Кедендік мекемелер тарихы саласындағы арнайы дерек көздерін интерпретациясының ауқымына тексттерді логикалық-грамматикалық сараптау емес, дерек көзі авторларының дәлелдерін, мақсаттарын және ұмтылыстарын айқындау жатты. Бұл «бірінші деңгейдегі» фактілерді (уақиғалар, олардың себептері және желеуі, т.б.) жүйелеу шеңберінен сырт шығып, олардың соңынан тізбек тартқан «екінші деңгейдегі» шынайы фактілерді (желістер, шынайы авторлық ой) зерттеуге басым көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Осы орайда фактілер интерпретациясының өзі жеке бөліктерді, мағлұматтарды немесе фактілерді (бірінші және екінші дейгейдегі) жүйеге келтіруге жағдай жасайтын гипотетикалық-дедуктивті әдісті қолдану ретінде қарастырылуы мүмкін. Осындай әдістеме кедендік істің аймақтық нұсқасын жасау үрдісінің мазмұнына, объект сапасында өлке спецификасына сәйкес ұйымдастырылған кедендік құрылымның қызметіне басым көңіл бөлуге, өзінің салдары бойынша кейде ресми жария етілген мақсаттарға қарама-қайшы кедендік реттеудің аймақтағы жеке шараларын қолдану бірізділігі мен ерекшеліктеріне назар аударуға жол берді.

Жұмыстың деректiк негiзi. Ресейдің далалық өлкелермен шекаралас Орынбор және Сібір кедендік шептерінің 1868 жылғы таратылуынан кейінгі кедендік саланы ұйымдастыру мәселесі ерекше қызығушылық тудырады. Себебі бұл кезең жаңа территорияларды иемденуінен кейінгі Цин империясының батыс аймақтарында кедендік саланы ұйымдастыру белгілі бір дәрежеде мемлекетаралық қарым-қатынастың көрсеткіші, маңызды бөлігі, екі ірі империялардың сауда-кедендік саясаты бағытының көрінісі болды. Осының негізінде аталған шекарадағы жаңа кедендік қарым-қатынасты орнатудың қағидаларын зерттеу үшін дерек көздерін келесідей топтастырған жөн:

  • заңнамалық (оның ішінде халықаралық-құқықтық);

  • мерзімді басылым деректері;

  • іс-жүргізушілік;

  • статистикалық;

  • жеке дерек көздері;

Халықаралық-құқықтық сипаттағы заңнамалық дерек көздеріне Ресей мен Цин империясы арасындағы ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы аралығындағы шекараны, сауда барысын, кедендік сала бойынша істерді реттеген және болашақтағы кедендік істі, кедендік құрылымдардың қызметін ұйымдастыруда заңнамалық-нормативтік актілерге негіз болған келісімдер - 1851 жылғы Құлжа сауда келісімі, 1860 жылғы Бейжін келісімі және оның қосымша келісімдер - 1862 жылғы «Ресей мен Қытай арасындағы құрлықтық саудасының ережелері», 1864 жылғы Шәуешек протоколы, 1869 жылғы «Ресей мен Қытай арасындағы құрлықтық саудасының жаңалған ережелері», 1881 жылғы Петербор келісімі жатады. Сонымен қатар, әртүрлі мәселелер бойынша екі мемлекеттік-биліктік жүйенің әртүрлі құрылымдарындағы кедендік сала бойынша маңызды мәселелерді талдау комиссияларының мағлұматтары, әртүрлі идаралар арасындағы қызметтік хаттамалар дипломатиялық дерек көздеріне жатады. Екі мемлекет арасындағы дипломатиялық келісімдер мен ережелердің тарихи дерек ретінде маңызы - олардың мемлекеттер арасындағы шекара, әскери мәселелерді реттеумен қатар сауда, кедендік қарым-қатынас, саудаға кедендік ауыртпашылығы секілді мемлекет үшін аса маңызды экономикалық сұрақтарды шешуге бағытталуында еді. Батыс Қытаймен шекарадағы кедендік мәселелер ауқымы тек ресейлік заңнамалық саламен шектелмейді, осымен қатар ол орыс-қытай қарым-қатынастарының бір бөлігін құрайды. Аталған халықаралық-құқықтық актілерді орыс-қытай келісімдеріне арналған жинақтарда табуға болады [102]. Көптеген жағдайда мемлекеттер арасындағы жасалған дипломатиялық келісімдер аймақтағы Ресейдің жүргізген сауда-кедендік саясатының бағыттылығын, оның негізгі ұстанымдарын, қағидаларын ұғуға, көптеген геосаяси сұрақтарды және ондағы кедендік саясаттың орынын түсінуге мүмкіндік береді.

Заңнамалық деректер қатарына жоғары деңгейдегі өлкенің кедендік саласына қатысты жарияларған қаулылары, жарлықтары, бұйрықтары жатады. Түркістан және Семей кедендік аймақтарын құру туралы 1890 жылдың 12 маусымындағы, Семей кедендік аймағындағы кедендік бақылауды қайта құру туралы 1899 жылдың 4 маусымындағы Мемлекеттік кеңестің қаулыларын, «Ресей империясының толық заңдар жинақтарында», патша үкіметінің қаулылары мен бұйрықтарының жинақтарында, кедендік құрылымдарды ұйымдастыру бойынша заңдар мен бұйрықтардың арнайы жинақтарында, «Ресей империясының заңдар жинақтарының» кедендік және сауда мәселелеріне арналған тарауларында табуға болады [103-109].

Ал, Мемлекеттік кеңестің кедендік тарифтер, сауданы жүргізу тәртіптері бойынша қабылданған заңды құжат мәтіндері жоғарыда аталған жинақтармен қатар сол кезеңдегі өлкелік мерзімді басылым беттерінде жарияланды. Мысалы, Түркістан өлкесіндегі «Туркестанские ведомости» ресми басылымында «Түркістан өлкесіндегі уақытша кедендік ережелер» және оған қосымша «Түркістан өлкесі үшін 1889 жылға арналған кедендік тариф», «Түркістан және Семей кедендік аймақтарын құру» туралы қаулы, «Түркістан өлкесіндегі Қаржы министрлігінің кедендік істер бойынша ерекше тапсырмалар шенеунігіне нұсқаулық» және тағы басқа заңнамалық деректер жарияланды [110-112]. Заңнамалық сипаттағы материалдармен қатар басылымның беттерінде өлкедегі кедендік саланың ұйымдастырылу жағдайына сипаттама беретін, өлкедегі ресейлік кедендік-тарифтік саясатының мәнін ашатын мақалалар да жарық көріп тұрды [113-118].

Батыс Қытаймен шекаралас Қазақстан территориясындағы кедендік істің қалыптасуы мен дамуының тарихына байланысты қалың іс жүргізушілік деректер қабаты – негізінен мұрағаттарда шоғырланған. Мұрағаттық деректер арасында аталған дерек көздерінің барлық түрлерін кездестіруге болады, алайда, ең кең тарағандары – іс-жүргізушілік дерек түрлері.

1868-1881 жылдар аралығындағы Батыс Қытаймен, Моңғолиямен шекаралас Семей облысы, Томск губерниясы Батыс Сібірдің әкімшілігіне қарасты болды, яғни Батыс Сібірдің құрамына кірді. 1868 жылғы Сібір және Орынбор кедендік шептерінің таратылуының кедендік құрылымдарды жеке сала ретінде уақытша жоққа шығарып, жаңа шекаралардағы саланың қалыптасуы мен орнығуына дейін жергілікті әкімшіліктер қолында кедендік функциялардың артылуы орын алды. Осы орайда Батыс Сібірдің генерал-губернаторының, Томск губерниясы және Семей облысының губернаторларының сауданы дамыту бойынша зерттеу экспедициялары, олардың патшаға тапсырған жылдық есептемелері, мәліметтерді жинақтау шаралары, Уградағы консулдың Батыс Сібірдің басты басқармасына жіберген мәліметтері қызығушылық тудырады. Аталған деректердің осы түрлері Омбы облысының мемлекеттік мұрағатында (ООММ) «Батыс Сібірдің басты басқармасы» атты №3 қорда сақталған. Алайда, №3 қордың материалдарымен жұмыс істеу көптеген қиыншылыққа тап болды. Бұл қордың Батыс Қытаймен, Моңғолиямен шекаралық мәселелерге байланысты істері өзінің сауда барысы, кедендік істі ұйымдастыру, кедендік саясатқа арналған сипатына қарамастан, оларға мемлекеттік құпия таңбасы басылып, ғылыми қауымдастық қолына берілмей отыр. Осы істердің қатарына №3 қордың істері жатады [119-134].

Осы қор істерінің арасынан аса ірі көлеміне байланысты №8517 іс өте маңызды дерек болып келеді. Құпия жаулығы жабылмаған істер арасында көзге түсер және ғылыми-зерттеушілік жұмыс үшін бай ақпарат беретін іс - №15808 – «Об исследовании порганичной местности около горного прохода Хабар-Асу для проложения колесного пути в Чугучак, об учреждении этом городе консульства, о назначении туда консулом чиновника особых поручении Балкашкина и о командировании статского советника Павлова-Сильванского для этой же цели в Бийск и далее в Кош-Агач» [136]. Жергілікті әкімшілік Батыс Қытаймен, Моңғолиямен сауда қатынастарын, қатынас жолдарын, сауда инфрақұрылымдарын дамыту үшін арнайы зерттеушілік экспедицияларының ұйымдастырып, оның нәтижелері осы істе ажыратылған. Осы істегі мәліметтер негізінде Батыс Сібір әкімшілігінің саясатындағы сауда-кедендік саясаттың, сыртқы сауда қатынастарын жандандыру саясатының орны мен бағыттарын, кедендік функцияларды жүзеге асыру жобаларын, шай саудасын дамыту, Моңғолия мен Батыс Қытайдағы мануфактуралық тауарларды тарату ниетін, оның жүзеге асыру формасы болып келген Кяхта үлгісіндегі шекаралық сауда орталықтарын ұйымдастыру идеяларын, әртүрлі жобалардағы, ұсыныстардағы кедендік құрылымдардың рөлін айқындауға болады.

Кедендік мәселелер төңірегіндегі дерек көздерінің келесі бір көлемді бөлігі Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Мұрағатында (ҚР ОММ) шоғырланған. 1881-1883 жылдардан бері Дала генерал-губернаторлығының құрамына енген Семей және Жетісу облыстарындағы жергілікті әкімшіліктерге артылған Батыс Қытайдан келетін шайдан баждарды жинақтау және сауда барысын бақылау бойынша кедендік функцияларды жүзеге асыруға қатысты «Дала генерал-губернаторының кеңсесі» атты көлемді №64 қордың, «Әскери министрліктің Жетісу облыстық басқармасы» атты №44 қорлардың істері ХІХ ғасырдың 80-ші жылдарындағы кедендік істің ұйымдастырылуы мен дамуының тенденцияларын айқындауға ауқымды мағлұмат береді. Қорлардың мәліметтері Жетісу өлкесіндегі Бақты, Жаркент, Хоргосс секілді шекаралық мекендердегі кедендік құрылымдардың ұйымдастырылуы төңірегіндегі әкімшіліктер мен консулдар арасындағы пікір-таластардың, әтрүрлі жобалардың бетін ашып, ХІХ ғасырдың 80-90шы жылдарындағы әкімшіліктер тұсындағы кедендік функциялардың жүзеге асу барысын, кейінгі кезеңдегі кедендік саланың дамуын сараптауға мүмкіндік жасайды [137-146].

ҚР ОММ-ында ХІХ ғасырдың 90-шы және ХХ ғасырдың басындағы кедендік саланың жеке құрылым ретінде қалыптасу және даму кезеңіне қатысты істердің басым бөлігі «Қаржы министрлігінің Кедендік алымдар департаментінің Семей кедендік аймағы бастығының кеңсесі» атты №800 қорда, «Қаржы министрлігінің Жаркент учаскелік кедендік басқармасы» атты №126 қорда, «Семей кедендік аймағының Жаркент кедені» атты №720 қорда, «Қаржы министрлігінің Хоргосс кедендік заставасы (1905-1912 жж. Қаржы министрлігінің Хоргосс кедендік өтпелі пунктісі)» атты №135 қорда, «Семей учаскесінің кедендік инспекторы» атты №824 қорда жинақталған.

Әсіресе, көлемді ғылыми мәлімет беретін №800 қор болып келеді. Оның мәліметтері ХІХ ғасырдың 90-шы жылдарындағы кедендік істің ұйымдастырылуы мен дамуына қатысты жан-жақты мәлімет беріп, мәселенің көптеген тұстарын кешенді зерттеуге жол ашты [149-162]. Осы көлемді қордың мәліметтері диссертациялық жұмыстың басты деректік негіздемесіне айналды.

Жалпы алғанда, Орталық мемлекеттік мұрағат қорларында сақталған істер өлкедегі кедендік бақылау ісінің ХІХ ғасырдың 80-90-шы жылдары және ХХ ғасырдың басындағы тарихын жан-жақты ажырататын ауқымды материалдарды жинақтап, зерттеу барысында басты дерек көздері ретінде қолданып, саланың тарихын ажыратуда сүйенуге мүмкіндік береді. Бірқатар мұрағат қорларының сауда мәселелеріне қатысты мәліметтерінің ғылыми айналымға қосылу үдерісі - соңғы онжылдық кезеңінің құбылысы. Осы орайда, мәселе бойынша біршама қызығушылықты 2004 жылы жарияланған Семей өңірінің сауда мәселелеріне қатысты құжаттар жинағы да тудырады [163].

Іс жүргізушілік дерек көздеріне Батыс Сібір генерал-губернаторының патшаға есептері негізінде құрастырылған естелік кітапшалары да жатады. Жыл сайын шығып тұрған бұл дерек көздері орыс-қытай саудасының барысы туралы кең ақпарат береді [164-165]. Іс жүргізушілік деректерге жоғарыда көрсетілген Батыс Сібір әкімшілігінің ұйымдастырған Балкашкин және Павлов-Сильванский зерттеу экспедицияларының материалдарымен қатар Императорлық орыс географиялық қоғамның (ИОГҚ) Батыс бөлімшесінің Батыс Моңғолиядағы сауда жағдайын, жол қатынастарын зерттеу үшін ұйымдастырған ғылыми-зерттеушілік экспедициялары: М.В. Певцовтың, А. Адриановтың, М.А. Брещинскийдың, М.И. Боголепов пен М.Н. Соболевтың, В.Л. Поповтың экспедициялары жатады [166-170]. Сонымен бірге, Орыс өнеркәсібі мен саудасына қолдау жасау қоғамындағы Н.Шавровтың Ресейдің Азиямен саудасына қатысты баяндамасы да маңызды [171]. Біршама қызығушылықты А.Н.Куропаткин, И. Завалишинның еңбектеріндегі мәліметтер тудырады [172-173].

Жеке сипаттағы дерек көзі ретінде қызығушылықты Ресейдің Батыс Қытаймен шекара мәселелерін реттеу шараларына қатысқан И.Ф. Бабковтың автобиографиялық еңбегі тудырды [174].

Осы дерек көздерінің басты ерекшелігі - олардың терең зерттеушілік негіздемесімен қатар сипаттамалық түрдегі ақпараттың берілуінде еді. Аталған экспедиция материалдары да өлкедегі кедендік саланы ұйымдастыру бойынша құнды және маңызды мәліметтер береді, өлкедегі Батыс Қытаймен, Моңғолиямен сауда қатынастарының, ресейлік сауда-кедендік саясаттың мәселелері көтеріліп, тәжірибе жүзінде іске асуы қажет шаралардың ұсыныстары жасалды.

Статистикалық дерек көздеріне – Кедендік алымдар департаменті әзірлеген «Еуропалық және азиялық шекаралар бойынша Ресейдің сыртқы саудасының сипаттамалары» жатады [175-176]. Статистикалық дерек көздері негізінде Қазақстан территориясындағы кедендердің табыстары мен сауда көлемін өзге аймақ мәліметтерімен салыстыру арқылы өлке кедендерінің жалпыресейлік кедендік жүйедегі рөлі мен орнын айқындауға болады.



Қорыта келе, Батыс Қытаймен шекаралас Қазақстан территориясындағы кедендік істің тарихы ғылыми қызығушылық тудыратын жеке деректік базаға негізделетіні, оның ғылыми қауымдастық тарапынан сарапталып, белгілі бір жүйеге келтіру қажеттілігінің туындағаны туралы тұжырым жасауға болады. Барлық аталған деректердің жиынтығы алға қойылған ғылыми міндеттерді шешуге бағытталған нақты-тарихи зерттеу жұмысын жүргізуді қамтамасыз етіп, Қазақстанның Батыс Қытаймен шекаралас аймақтарындағы кедендік саланың қалыптасу мен даму үдерісін ашуға мүмкіндік беретін нақты нәтижелер мен тұжырымдарға келуге мүмкіндік берді.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шегi - 1868-1917 жылдар аралығы болып табылады. Бұл хронологиялық шеңбердің таңдалу себебі - осы кезеңде Қазақстанның саяси және әкімшілік тұрғыдан Ресей құрамына енуіне және мемлекеттік шекараның жаңа белестерге ауысуына байланысты кедендік іс бірталай уақыт аралығында жойылып, жаңа белестерде алғаш кезеңде әкімшіліктер тұсында, кейінінен жеке, дербес сала тұрғысында қалыптасты және дамыды. Осы хроногиялық шеңберде кеденік іс эволюциясының кешенді және өзара байланысты бейнесін ашып көрсетуге болады.

Зерттеудің территориялық шеңберi - Қазақстанның бүкіл территориясын қамтиды. Ресей империясының оңтүстіктегі мемлекеттік мен кедендік шекарасы Орта Азияға ілгерілеуіне байланысты оңтүстік және оңтүстік-шығыс бағыттағы кедендік істі ұйымдастыру Қазақстан территориясынан тыс территорияларда, Ресейдің ортаазиялық шекараларында жүрді. Сонымен қатар, аталған хронологиялық шеңбер аясында Қазақстан территориясында кедендік істің қалыптасуы Батыс Қытаймен ресейлік мемлекеттік шекара бойымен жүзеге асқаны анықталды. Сондықтан, зерттеудің территориялық шеңберін қазіргі Қазақстанның Батыс Қытай шекарасымен шектеуге тура келді. Сонымен қатар, диссертацияда Семей кедендік аймағының құрамында болған Қос-ағаш учаскесі диссертацияда қамтылады. Учаске құрылымдары Ресей империясының Томск губерниясының мемлекеттік шекарасында орналасты, белгілі бір территориялық ауытқудың болуына қарамастан, аталған учаскені зерттеуде қамту өлкедегі кедендік саладағы ортақ тенденцияларды айқындау үшін тиімді деп ұйғарылды.

Қорғауға шығарылатын тұжырымдар:

  • ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресейдің Батыс Қытаймен шекарасындағы кедендік саясатының басты бағыты ретінде аймақтық сауда байланыстарына жан-жақты жағдай жасауға мүдделі болды;

  • 1876-1890 жылдары бірқатар маңызды мемлекеттік функцияларды атқару міндеткершілігі бар Семей мен Жетісу облыстарында жергілікті әкімшіліктер тарапынан кедендік функцияларды атқару деңгейі төмен болды;

  • өлкедегі кедендік-тарифтік саясат қағидалары орыс-қытай келісімдерінде және сауда қатынастарын реттеудің ерекше түрі – сауда ережелерінде белгіленді;

  • Қазақстан территориясында кедендік саланың орталықтанған жүйеге айналу кезеңінде (1890-1817 жж.) кедендік құрылымдарды нашар материалдық-техникалық қамсыздандыру мен әлсіз қаржыландыру орын алды, нәтижесінде бұл кедендік құрылымдардың қызметіне кері әсер етті;

  • аймақтағы ауыр географиялық-климаттық, тұрмыстық жағдай және төмен жалақы көлемі кедендік қызметке жергілікті тұрғындар қызығушылығын тудырмады, нәтижесінде аймақ құрылымдарындағы кадрлық таңдау төмен деңгейде болды;

  • ХХ ғасырдың басында Қазақстан территориясындағы кедендік істі қайта ұйымдастыру кедендік басқару мәселесін қамтып, берік бақылау жүйесін орнатуда күрделі өзгерістерге арқау бола алмады.

Зерттеудің ғылыми-практикалық маңыздылығы. Зерттеу жұмысының материалдарын Қазақстанның ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы саяси-экономикалық, сауда қатынастарының тарихы бойынша зерттеулер жүргізуде, тарих мамандарын даярлау бойынша арнайы курстарда қосымша мәліметтер ретінде пайдалануға, сонымен қатар, «Кедендік іс» мамандығы үшін «Кедендік іс тарихы» арнайы курстарында да қолдануға болады.

Зерттеу жұмыстарының сыннан өтуi. Зерттеу жұмысының әр тарауындағы мәселелердi қамтитын мақалалар мен баяндамалар республикалық ғылыми журналдар мен басылымдарда, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда сарапқа түстi. Мақалалардың жалпы саны – 10, оның 4-і ҚР БҒМ-нің БҒСБК-і мақұлдаған басылымдарда, 4 - халықаралық ғылыми-тәжірибелік, 1 - республикалық конференция материалдарында, 1 - өлкелік журналда жарыққа шықты.

Диссертацияның құрылымы. Диссертация жұмысы анықтамадан, түсініктемелер мен қысқартулардан, кiрiспеден, екі бөлiмнен, қорытындыдан, пайдаланған деректер тiзiмiнен, қосымшалардан тұрады.

  1. 1868-1890 жылдардағы Қазақстанның Батыс Қытаймен шекарасындағы кедендік істІң бастамасы


1.1 Ресейдің кедендік саясатындағы жалпы тенденциялар, оның азиялық бағытының және аймақтық нұсқасының ерекшеліктері
Әрбір мемлекет өзінің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысады. Осы орайда, оны жүзеге асыру құралдарының бірі ретінде кедендік сала бойынша мемлекет мүдделерін қорғау, яғни өзінің территориясында өндірілген өнеркәсіптік және басқа да тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, шетел тауарларына кедендік протекционисттік, ал кейде тіпті, тыйым салушы тарифтер енгізу шаралары белгілі. Мемлекет өз тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы ішкі экономикалық тұрақтылықтың негізін салуды көздейді. Бұл болса, әрбір мемлекеттің өміршеңдігінің және бәсекеге қабілеттілігің кепілі болып табылады.

Ресейдің ХІХ ғасырдың екінші жартысын қамтыған кедендік саясаты оның ағымдарының ара-қатынасының өзгеруімен, мәселенің мемлекет өміршеңдігі деңгейіне дейін өрши түсуімен ерекшеленеді. Экономикалық мәселелерді кедендік құралдар арқылы реттеу тәжірибесінің Ресейдегі дәстүрі 1-ші Петр заманынан туындаған. 1-ші Петр билігінің заманынан Ресейдің кедендік саясатында айқын қолдаушылық бағыт белгіленіп, ХІХ ғасырдың орта шеніне дейін дәстүрлі тыйым салушы тарифтер жүйесі қалыптасты. Алайда алдыңғы қатарлы батыс еуропалық мемлекеттердің ішкі және сыртқы саудасында фритредерлік тенденциялардың әсерімен ХІХ ғасырдың 40-60 жылдары мемлекет тарапынан қолдаушылық саясаттың бәсеңдеуі байқалды. ХІХ ғасырдың орта шеніне дейін сақталып келген осындай беталыстың өзгеруі еуропалық сауда-экономикалық саясаттағы және Ресейдегі ішкі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге тікелей байланысты еді. ХІХ ғасырдың 60-80-ші жылдары Еуропа елдерінде кедендік саясатта отандық өнеркәсіпті қолдаған қамқоршылық бағыт үстемдік орнатты [109, 39 б.]. Ресей экономикасындағы капиталисттік тенденция, отандық өнеркәсіпті дамытуға бетбұрыс мемлекет тарапынан жас орыс мануфактурасын қолдауды талап етті. Осындай қолдау тәсілдерінің бірі - кедендік протекционизм болатын. Бұл туралы И.М. Кулишер: «Еще более яркую окраску, чем в Западной Европе, покровительственная система приняла в России и в Америке. В отличии от Западной Европы Россия лишь кратковременно упразднила почти запретительную систему, довольствуясь умеренно-охранительной, но затем поспешила отказаться от сделанных уступок и обнаружила особенную стремительность в области протекционизма, приобретающего почти запретительный характер», - деп, ХІХ ғасырдың 70-90 жылдарындағы Ресейдің кедендік саясатындағы тенденцияларды сипаттап берген болатын [36, 51 б.].

Яғни, ХІХ ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап Ресей империясы да қатаң протекционизм бағытына бет алған саясатқа көшті. Алайда, бұл бағыт бірден қалыптаса қойған жоқ, оған ресейлік қоғамдағы фритредерлікті жақтаған әлеуметтік топтар қарсылық жасады. Осымен қатар, капиталисттік даму жолына түскен патша үкіметінің жаңа жағдайға ыңғайлануының мардымсыздығы, ресейлік қоғамдағы өнеркәсіп өкілдерінің позицияларының берік болмауы орын алды.

ХІХ ғасырдың 50-60 жылдарындағы кедендік саясаттағы фритредерлік саясаттың үстемдік құрғанының дәлелі 1857 және 1868 жылдардағы құрған тарифтер болып табылады. Батыс елдерінде етек жайған фритредерлік сауда идеялары ресейлік қоғамның алдыңғы қатарлы қайраткерлері тарапынан да қолдау тапты. Олардың қатарына көптеген көпестер, ірі шенеуніктер – қаржы министрлері А.М. Княжевич (1858-1862жж.) және М.Х. Рейтерн (1862-1878жж.) де болды. Қаржы министрі М.Х. Рейтерн оның алдында министр тағына ие болған А.М. Княжевичтың сауда бағытын жалғастырды. 1857 жылғы тарифте импорттық бұйымдарға өзінің құнына сай тең баждар салынды және шетел тауарлары ресейлік тауарлармен бәсекелестікке түсе алмайды деп есептей келе, ол контрабанданы ауыздықтау мақсатымен баждарды төмендетуге бет алады [91, 65 б.]. 1868 жылғы тарифті қабылдау кезінде кедендік саясаттағы фритредерлік бағыт шырқау шегіне жетті. Оның сегіз жылдық үстемдік құру кезеңінде елге сырттан келетін тауарлардың үстемдігіне әкеліп, Ресейдің сыртқы сауда балансының пассивті жағдайда болуы Ресейдегі белгілі бір дәрежеде қаржылық дағдарыс белгісі болған рубльдің вексельдік курсының төмендеуіне себеп болды. Осы кезеңде бірқатар беделді мерзімді басылымдарда Қаржы министрінің жүргізген экономикалық саясаты сынға алынып (мысалы, беделді «Московские ведомости» журналы, редакторы Катков М.Н.), Ресейдегі шағын және орта өнеркәсіпті қолдауға мүмкіндік беретін қолдаушылық кедендік баждарды енгізуге шақырған мақалалар жарық көрді [91, 65 б.]. Аталған себептер ең алдымен фискалдық мүдде тұрғысында 1876 жылы жаңа кедендік шараны – «алтын баждарды» енгізуге итермеледі. Бұл болса кедендік баждардың көлемін шамамен 40-50%-ға көтерді [88, 71 б.]. Осы 1876 жылғы кедендік тарифтегі өзгерістерді протекционисттік бағыттағы алғашқы маңызды шара ретінде атауға болады. 1876 жылдан бастап баждар алтын валютада алынатын болып, бұл болса баждардың бір жарым есе ұлғайуын білдірді (1 алтын рубльдің курсы несиелік 1 рубль 48 тиынға теңесті) [93, 24 б.]. Осы кезден бастап үкімет кедендік баждарды жүйелік және прогрессивті өсімнің жаңа жолына түсті. Бұл өсімнің басты мақсаты фискалдық мүдде болғанын атап өту қажет.

Сыртқы берешек қарыздарды өтеу мен олар бойынша пайыздарды төлеу жыл сайын ірі қаражаттарды талап етті. 1872 және 1876 жылдар аралығында Ресейдің сауда балансы пассивті болуымен де қаржылық жағдайдың ушығуы қиындады [46, 53 б.]. Бұның барлығы импортты кеңейтуге мүмкіндік бермей, сырттан әкелінетін тауарларға кедендік салымды ұлғайтуға итермеледі. Айтылғандай, 1876 жылдан соң кедендік алымдар мемлекеттік қазынаның табыстарын ұлғайту және өнеркәсіптің кейбір салаларын дамыту мүддесіне қарай бірнеше рет көтеріліп отырды. 1878 жылы мақтаға баждар салынып, М.Н. Соболевтың пікірінше, бұл шара кедендік фискализмнің алғашқы шарасы болды. Мемлекеттік кеңеске өзінің ұсынысында Қаржы министрі жаңа мемлекеттік табыс көздерін талап ететін қалыптасқан қаржылық қиыншылықтарды (соғыс шығындарымен туындаған қарыздарды төлеу қажеттілігі) көрсетіп, мемлекеттік табыс көлемін күшейтудің құралы ретінде 1863 жылы заң бойынша босатылған мақтаға кедендік баждар салуды қажет деп тапты [7, 427 б.]. Үкіметтің пассивті сауда балансын түзетіп, сырттан әкелінетін тауарлардың көлемін кішірейту үшін басты фискалдық шара – 1880 жылғы импортталатын тауарларға (тұздан басқа) салынатын баждарға 10 пайыздық жүктеме болды [7, 429 б.]. Қаржы министрі М.Х. Рейтернның қызметтен кетуінен кейін кедендік саясаттың жаңа бағытына көшу іске асты, бұл ең алдымен Ресей үшін теріс болған сауда балансындағы өзгерістерге және өндіріс дамуының бәсеңдеуімен байланысты болды. Елдің келесі алты жылдағы кедендік бағытын белгілеген қаржы министрі Н.Х. Бунге (1881-1886жж.) ұстанымы бойынша фритредер болды. Алайда, кейін ол өзінің көзқарасын Еуропадағы кедендік протекционизмнің бой көтеруіне байланысты протекционисттікке ауыстырды. Оның билігі тұсында 1882 жылы қаржы министрі Мемлекеттік кеңеске кедендік тарифтің кейбір баптарын қайта қарастыру туралы ұсынысын тапсырды. Онда министр баждарды ұлғайту қажеттілігінің бірнеше себептерін атады: а) фискалдық мүдделер (мемлекеттік табысты ұлғайту); ә) әлеуметтік теңестіру мақсатында қабілетті таптар үшін арналған тауарларға баждарды жоғарылату; б) төлемдік балансты теңестіру, шетелге көлемді төлемдердің кету, нәтижесінде вексельдік курстың нашарлау қаупі; в) туындаған немесе туындауы қажет өнеркәсіптің салаларына қолдаушылық [7, 435 б.].

1887 жылдың басында Н.Х. Бунгеның орнына И.А. Вышнеградский (1887-1892 жж.) келеді. Ол ресейлік қаржы саласының жағдайы туралы патшаға хат дайындап, кедендік протекционизмге көп назар аударады. Жаңа министрдің жүзеге асырған барлық шаруашылық-саяси шаралардың жиынтығы оның «алтын саясатына», яғни алтынның мүмкіндігінше көп көлемін жинақтау ұмтылысына қызмет етті. Бірақ алтын қорды ең алдымен шетелден тарту қажеттілігі туындағандықтан, Ресейге шетелден алтын қорлардың ағымын күшейтетін барлық шаралар қолданды. Алайда, оның жүзеге асуы үшін тиімді сауда балансы қажет болды. Министрдің «алтын саясаты» біршама қарама-қайшылықтарды тудырды: біріншіден, рубльдің жоғары курсы экспортты қысқартып, импортқа жағдай жасады, сондықтан оны мүмкіндігінше төмен деңгейде ұстау қажеттілігі туындады, екіншіден, импорт алтынмен алынатын баждардың түсуін қамтамасыз етті [91, 66 б.].

Көптеген алдын-алу шараларына қарамастан, Ресей басқа елдерден қаржылық тәуелділікке түсіп, қарыздардың пайыздарын төлеу бойынша ірі көлемдерге жетті. Бұл төлемдік балансты қиындатқандығынан, осы салмақты жеңілдетудің құралдарын сауда балансына әсер етуден іздеді, экспорттың импорттан жоғары болуы төлемдерді өтеуі қажет болып, сондықтан импортты қысқарту керек еді. Бұл мақсатқа ХІХ ғасырдың 80-ші жылдары біріңғай фискалдық және қаржы-саяси ұйғарыммен басқарылған кедендік саясат қызмет етті. Импортық машиналар мен материалдарға сұраныстың күшейуін тудырған өнеркәсіптік дамудың нәтижесінде сауда балансы Ресей үшін жағымсыз қалыптасты. Бұл төлемдік балансты түзету үшін алтынның көлемді түрде сыртқа кетуінің себебі болып, мемлекеттің алтын қорлары үшін қауіп тудырды. Осы жағдайда жаңа кәсіпорындар алтын баланстың пайдасы үшін шетел капиталын тарту құралы ретінде пайдалы болды. Шетел капиталдарына негізделген импорттық индустриализм ХІХ ғасырдың 90-шы жылдары гүлдену шағына өтті. Тиімді балансты қолдау қажеттілігі қаржы министрі С.Ю Виттеның сауда саясатын айқындап берді. 1889 жылы жасауға кіріскен жаңа тарифтің негізгі идеясы кедендік баждардың қорғаушылық жүйесінен қолдаушылық жүйесіне көшу болды. Император ІІІ-ші Александр 1891 жылы бекіткен жаңа тариф бойынша енгізілген тауарлардың 49%-ына алдында қызмет еткен жоғары ставкалар қалдырылып, тағы 49%-ына жоғарылап, 2%-ына төмендеді [88, 72 б.]. Аталған 1891 жылғы тарифті дайындауда көрнекті ғалым Д.И. Менделеевтың рөлі зор болды. Жалпы алғанда, Виттеның қаржы министрі ретіндегі қызметі барысында жүзеге асырған саясаты «Витте жүйесі» деген атаумен белгілі. Бұл жүйе мемлекеттің өнеркәсіпті дамытуды итермелеуде құралға айналған қаржылық, несиелік және салықтық шаралардың жиынтығына айналды. Витте протекционизмді, яғни шетел бәсекелестерінен ресейлік өндірушілерді қорғауды пайдаланды. Алайда, қорғау нарықтардың жабылуын білдірген жоқ. «Өз өнеркәсібімізді құру – біздің протекционисттік жүйеміздің басы негізін құрайтын түбі терең экономикалық және саяси міндет», - деп қаржы министрі өзінің осы саладағы саясатының бағытын айқындаған. Ресейге шетелдік тауарлардың енуін жоғары кедендік баждармен шектеп отырып, үкімет экспортты әртүрлі салықтық жеңілдіктер мен премиялармен қолдап отырды [177, 17 б.].

Қорыта келе, Ресейдің сыртқы саудадағы пассивтік балансы алғашында сырттан келетін тауарларға баждарды жоғарылатудың талабын тудырғаны туралы мәлімдеуге болады. Бұл болса, алғаш кезеңде Ресейдің кедендік саясатының үстінен фискалдық мүдделердің, қазына табысын жоғарылату ұмтылысы жүргенін көрсетеді. Реформа кезеңінде келең алған бұл үрдіс келесідей сипатталады: елге сырттан әкелінетін тауарлардан қазынаның мүддесі үшін кедендік алымдар жоғарылай берді. Тұрақсыз болса да, бұл мәселе төңірегінде орыс үкіметі ресейлік буржуазия мен өнеркәсіп өкілдерінің мүдделерін қолдады. Осылайша, 1857-1868 жылдары баждардың сомасы сырттан әкелінетін тауарлар бағасына қатысты орташа есеппен 17,6%-ды, 1869-1876 жылдары - 12,7%-ды, 1881-1884 жылдары - 18,7%-ды, 1885-1890 жылдары - 28,3%-ды, 1891-1900 жылдары - 33%-ды құрады [178, 112 б.].

Ресейдің ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы кедендік саясатын сараптай келе, оның эволюциясы бірнеше ағымның үстемдік құрған кезеңдерінен өткенін көруге болады: 1) 1857-1876 жылдар – фритредерлік бағыт; 2) 1876-1891 жылдар – фискалдық бағыт; 3) 1891-ХХ ғасырдың басы – протекционисттік бағыт.

Мәселенің қызықтыратын басты тұстары - аймақтағы кедендік саясаттың жалпы кедендік саясатқа, Ресейдегі экономикалық мүдделерге, оның геосаяси жағдаймен, ресейлік ішкі және сыртқы саясатпен сәйкестігі, өзіндік спецификасы. Оларды бірнеше аспектіде қарастыру қажет.

Еуропалық Ресейден бағыт алған 1880-ші жылдардағы үкіметтің индустриалдық және «алтын» саясаты өзінің әсерін Шығыс елдеріне де жайды. Бұл бағытты Ресейдің фабрикалық өнеркәсібінің дамуының перспективаларын Азияның тиімді нарықтарына шығуда көрген өнеркәсіпшілер қолдады. Ресейлік өнімнің осы бағыт бойынша ілгері басуының мақсатқа сәйкестігін мойындай отырып, олар Англияның территориялық және экономикалық экспансиясының күшейу қаупіне нұсқаған. Өнеркәсіпті қолдаушылық пен сауда балансын нығайту Азиядағы сауда және кедендік саясатқа әсер еткен мақсатқа жету құралдары болды. Осымен әрекеттер бағдарламасы да шешілді: оларға экспорт үшін жағдай жасау және шетел тауарларының импортын қиындату шаралары жатты. Ресейлік билік өкілдері ресейлік шығыстық тауарларды сыртқа шығаруға жол салып, еуропалық Ресейдің қолдаушылық кедендік тарифтерін азиялық аудандарға біртіндеп тарату жолымен сырттан импортты шектеуге тырысты [89, 86 б.]. 1893 жылдың сәуір айында С.Ю. Виттеның ұсынысымен қаржы министрлігінің тұсында азиялық елдермен сауда бойынша ерекше кеңес құрып, 1894 жылдың басына қарай аталған кеңес Қытаймен, Ауғанстанмен, Бұқар хандығы және Парсы мемлекеттерімен сыртқы экономикалық байланыстардың жағдайын талқылады. 1894 жылдың наурызында С.Ю. Витте император ІІІ-ші Александрге орыс-азия саудасын кеңейту қажеттігі туралы баяндама жасады. Оның басты дәлелі ретінде Ресеймен шекаралас Азия елдері ресейлік мануфактуралық тауарларды өткізу нарықтары екендігі келтірілді. Айналымның өсуі ресейлік өнеркәсіптің дамуына және сауда төлемдік балансты жақсартуға жағдай жасайды деп саналды [89, 87 б.].

Ресей империясының Батыс Қытаймен шекарасындағы кедендік саясатының қалыптасу үрдісі бірден туындаған дербес құбылыс емес, оның негізінде әртүрлі мүдделер астары жатыр. Аймақтағы кедендік саясат геосаяси, экономикалық, элитарлық мүдделерінің арақатынасы нәтижесінде қалыптасып, аталған мүдделердің талаптарына сәйкес өзінің бағыт-бағдарын өзгертіп, дамып отырды. Негізінде, ол жоғарыда аталған мүдделердің ымырасының нәтижесі болатын. Бұл ретте ресей-қытай қарым-қатынасының да маңызды орын алғанын, оның белгілі бір дәрежеде кедендік саясатқа әсерінің болғанын да атау қажет. Сонымен қатар, аймақтағы кедендік саясаттың бүкілресейлік кедендік саясаттың құрамдас бөлігі болуына байланысты оның негізгі тенденцияларының әсеріне де шалдықты. Алайда, Батыс Қытаймен шекаралас өлкедегі геосаяси жағдайға қарай өзінің спецификасы сақталды.

Геосаяси мүдде тұрғысынан алғанда, ең алдымен, кедендік саясаттың Ресейдің Қазақстан мен Орта Азиядағы саясатымен үндестігін байқауға болады. ХІХ ғасырдың 60-80-ші жылдары Ресей империясы Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны жаулауға бағытталған әскери операцияларды жүзеге асырып, ғасырдың аяғына таман Дала және Түркістан өлкелерінің құрамына кірген ірі территорияларға иеленді. Алайда, қарудың көмегімен аймақты бағындыру өлкенің империя құрамына шаруашылық-экономикалық жүйесіне кіруіне кепіл бола алмады. Сондықтан, Батыс Қытаймен шекаралас Қазақстан мен Орта Азия аумағын өзінің қарамағында сақтап қалудың бірден-бір жолы оны экономикалық тұрғыдан бағындыру еді. Аймақты экономикалық бағындырудың жолы ресейлік капиталды кеңінен енгізу, шикізат қорларын игеру, ресейлік мануфактуралық тауарлардың саудада үстемдігіне жағдай жасау, жергілікті нарықтарды ішкі нарықтарға тәуелділігін қамтамасыз ету болатын. Аталған жағдайды жүзеге асыру үшін мемлекеттік құрылымдар тарапынан кеңінен кедендік саясат құралдары қолданылды. Өзгеше сөзбен айтқанда, Ресей империясының жаулап алған Қазақстан мен Орта Азиялық иеліктерді иеленуінің, үстемдігінің кепілі жаңа белгіленген шекараларда өнеркәсіптік даму деңгейі жоғары елдерге қатысты қатал протекционисттік кедендік саясат ұстанып, оны кедендік құрылымдар жүйесі арқылы жүзеге асыру еді. ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарының аяғында сыртқы істер министрі К.Н. Горчаков император ІІ-ші Александрға жазған хатында Ресейдің Орта Азиядағы экономикалық үстемдігі өзімен қатар өлкедегі саяси үстемдікке әкелетіні туралы хабарлаған болатын [89, 84 б.].

Бұл ресейлік экономикасындағы өнеркәсіп үлесінің өсуіне, патшалық үкімет және алдыңғы қоғам қайраткерлерінің тарапынан ресей болашағының ірі өнеркәсіппен байланысты екенін түсінуіне қарай кедендік саясаттағы протекционисттік бағыттың кең өріс жайғанын көруге болады. Алайда, ресейлік өнеркәсіптің дамуы үшін ішкі және отарлық нарықтарды қамтумен шектелу қанағатсыз болып, жаңа, еуропалық мемлекеттер тарапынан игерілмеген нарықтарды игеру қажеттілігі туындады. Осы орайда аймақтағы Ресей мемлекетінің геосаяси және ресейлік жеке элитарлық топтардың экономикалық мүдделерінің үндестігін байқауға болады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресей империясы өзінің отарлау саясатын асыруда шырқау шегіне жетеді. Дәл осы кезеңде Ресейдің империялық амбициялары Жетісу, Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны жаулауға бағытталып, оның отаршылдық сипаты анықталады. Осы кезеңдегі Ресейдің Орта Азияны жаулауының себептері қатарына оның сыртқы саяси жағдайы да әсер еткен болатын. Себебі, Қырым соғысындағы жеңіліс елдің халықаралық беделін төмендетуге әкеліп, Ресей империясының жас императоры, оның айналасындағы саяси элита үшін елдің дәрежесін қалпына келтіру ауадай қажет еді. Ресей империясының оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Орта Азияға ілгерілеуінің саяси алғышарттары ХІХ ғасырдың 60-шы жылдары туындады. 1863 жылы Польшадағы көтеріліс алдыңғы қатарлы еуропалық мемлекеттердің – Франция мен Англияның саяси қысым көрсету құралы ретінде пайдаланылды. Олар Ресейдің халықаралық жағдайын әлсіретуге тырысты. Осы қысым барысында Англияның бастаушы рөлін түсінген Ресей Шығыста Англияның иеліктеріне ілгерілеу арқылы қарсы әрекеттер қолдануға бел байлады [42, 157 б.].

Бұл кезеңде Қазақстан территориясын жедел игеріп, Түркістан мен Жетісуды жаулаудың экономикалық себептер қатарына Ресей мануфактурасының өнімі үшін азиялық нарықтың қажеттілігі жатады. Қырым соғысынан кейінгі теңіз арқылы отарларға жолдардың шектеулігі, көптеген азиялық және басқа да отарлық нарықтардың еуропалық мемлекеттер қатарынан игерілуі және Ресей мануфактурасы өнімінің еуропалық тауарлармен бәсекелестікке қабілетсіздігіне байланысты Ресей өнімі үшін нарық кеңестігі шектеулі болатын. Сонымен қатар, қарқынды дамып келе жатқан Ресейдің мата бұйымдарының өндірісі үшін шикізат болған жоғары сапалық американдық мақта көлемі АҚШ-тағы азамат соғысына байланысты азайып, мақта өндірісінің орталығы болған Орта Азия Ресей экономикасы үшін ауадай қажет еді. Орта Азиялық мақта өнімінің сапасының төмендігіне байланысты оның бағасы ресейлік нарықта АҚШ мақтасына қарағанда төменірек болды. Ресей империясының Орта Азияны қарқынды, қарудың көмегімен жаулауға аймақтағы Ұлыбританияның белсенділігі итермеледі.

Ресейдің Орта Азияға ілгерілеу алғышарттарының тағы бір себебі – аймақтағы Англияның саяси және экономикалық белсенділігінің артуы еді. С.А. Хрулев үкіметтің көмегіне қарамастан, ортаазиялық сауданың әлсіз дамуына және осы сауданың Ресейдің мануфактуралық өнеркәсібін күшейтуге әлсіз әсері туралы мәлімдей отырып, Үндістанда нық тұрақтап, Ауғанстан арқылы Орта Азияға өзінің тауарларына жол салған Англияның белсенділігіне сілтеме жасау арқылы Ресей империясының орта азиялық хандықтар бағытында тым әлсіз қимылдауын атап өткен. «Біздің қырғыздардың (қазақтар – Б.Қ.) бажсыз әкелінген ағылшын халаттарын кигенін өз көзіммен көрдім. Бұл жолдар арқылы ағылшындар біздің сауданы орта азиялық нарықтардан ығыстыруда және біздің қандай да бір рухани маңызымызды, ал ол арқылы біздің өнімдерді өткізуімізді толық жою қаупін тудыруда», - деп С.А. Хрулев атап өткен [42, 155 б.].

Ұлыбритания Түркістан нарығына өзінің тауарларының үстемдігін орнатып, экономикалық тұрғыдан тәуелді етуге тырысты. Осының алдың алу үшін Орта Азияны өзінің әсер ету аумағы ретінде қарастырған Ресей тарапынан әскери шаралар арқылы шешу бағыты басымдық танытты [179, 36-38 бб.]. Ресейдің Түркістан және Жетісу өлкелеріне отарлау операцияларын жүргізу үшін Батыс Қытайдағы тиімді саяси жағдай қалыптасты. ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарының ортасында дүнгендердің көтерілісі басталып, Шығыс Түркістандағы Қытайдың билігі және Батыс Түркістан өлкесіндегі геосаяси позициялары әлсіреді. Сонымен қатар, еуропалық мемлекеттердің Қытайға қарсы бағытталған опиумдық соғыстары Шыңжаң аймағындағы көтерілістерді басуға бой бермеді.

Жауланған өлкедегі және онымен шекаралас Батыс Қытай аймағында ресейлік билік иелері тарапынан сауда-кедендік салада бірнеше міндеттерді шешу көзделген болатын:


  • жауланған территорияларда, яғни Жетісу және Түркістан өлкелерінде Ресейдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде, отарлық нарықтарда шетелдік, ең алдымен, ағылшын тауарларының бәсекелестігінен ресейлік мануфактуралық өнеркәсіп тауарларының үстемдігін қорғау;

  • алдыңғы қатарлы еуропалық мемлекеттер тарапынан игерілмеген Батыс Қытай нарықтарын дами бастаған ресейлік өнеркәсіп тауарларының тұтыну нарығына айналдыру.

ХІХ ғасырдың екінші жартысы ірі империялар арасындағы перифериялық нарықтар үшін экономикалық күрес кезеңі болатын. Азия құрлығындағы өнеркәсіптік тауарлардың ірі тұтыну нарықтары және шикізат көздері қатарына өзінің өнеркәсібі аз дамыған Қытай, Үндістан, Орта Азия, Үндіқытай, Иран нарықтары жататын. Осы ретте Үндістан ағылшындардың саяси-экономикалық тәуелділігіне түсіп, ал Үндіқытай нарығы өзге еуропалық мемлекеттер арасында талан-таражға салынса, Орта Азия және Батыс Қытай нарықтары үшін ірі державалар арасында экономикалық күрес бейнесі айқындалды. Орта Азия мен Қазақстан территориясындағы Ұлыбританияның экономикалық экспансиясының күшейуіне қарсы кедендік саясат құралдары кеңінен қолданылды. 1881 жылы құрамында Жетісу облысы бар Түркістан өлкесі үшін Түркістан генерал-губернаторы бекіткен ережелердің үшінші пунктісіне сәйкес ағылшын-үнді (шай, киссея және индиго бояуынан басқа), француз және барлық еуропалық, парсы, түрік тауарларын Ресей империясына енгізуге тыйым салынды [118]. Орта Азиялық хандықтарда жасалған тауарлардан бажсыз саудасы сақталып, ағылшын-үнді шайының барлық сұрыптарынан 1 фунтынан 36 тиын немесе 1 пұтынан 14 рубль 40 тиын, индиго бояуының 1 пұтынан 6 рубль, кисея тауарының 1 фунтынан 1 рубль көлемінде баждарды жинау көзделді [118].

Бұл кезеңде Ресей өзінің экономикалық дамуында ерекше серпіліс алып, нарықтық даму жолына шыққан болатын. Қарқынды дамып келе жатқан ресейлік өнеркәсіп өз тауарларының бәсекеге қабілетінің төмендігіне байланысты еуропалық нарықта тұрақтала алмады. Сондықтан, ресей мануфактурасының тауарлары үшін жаңа нарықтарды игеру қажеттілігі туындады. Потенциалды түрде Орта Азия мен Қытайдың батыс аймағының нарықтары Ресейдің экономикалық игеру объектісі ретінде белгіленді. Қалыптасып келе жатқан ресейлік мануфактуралық өнеркәсіп буржуазиясы мен саудагерлерінің Батыс Қытайдағы экономикалық мүдделерінің маңызға ие болғанының дәлелі ретінде 1873 жылы Орыс өнеркәсібі мен саудасына қолдау жасау қоғамына Н. Шавровтың жасаған «Ресейдің Азиямен саудасы үшін жолдар туралы» баяндамасынан үзінді келтіруге болады: «Мен Сібір шебі үшін Кяхтамен сауданы қолдауды мақсат ретінде қою ойынан алыспын, кейде мәлімденетін осындай аргумент, маған қате көрінеді. Кяхта қытайлық шекараның бірнеше мың шақырым қашықтығында ғасырлық орыс саудасы құрған жалғыз сауда пунктісі ретінде барлығына белгілі. Бірақ, Кяхталық сауда орыс тауарлары қытайлық шекараға арзан, жылдам, еш бүлінусіз және мезгілінде жеткен жағдайда Ресей мен Қытай арасындағы сауда көлемі туралы ешбір түсінік бере алмайды. Сыртқы сауда айналымы миллиард франктен асатын 475 миллион тұтынушылар көлемі 10-нан 13 миллион рубль немесе 40-58 миллион франкті, Қытайдың сыртқы саудасының 4-5%-ын құрайтын айналымы бар кяхталық саудамен қанағаттана алмайды» [171, 20-21 бб.].

Ресейдегі Батыс Қытаймен сауда-экономикалық байланыстарды орнатуға назардың өсе түсуі Кяхталық саудадағы дағдарысқа тікелей байланысты еді. Шыңжаң аймағы Ресей тарапынан теңіздік жолдардан алыс, тұйық нарық ретінде экономикалық үстемдік құру тиімділігімен қызығушылық тудырды. ХІХ ғасырдың басында манчжур биліктері Шыңжаң нарықтарын орыс көпестері үшін тұйықтаған еді. Алайда, Батыс Сібір арқылы Шыңжаңмен сауда байланыстарын жандандыру туралы мәселе Ресейдің экономикалық мүдделеріне сәйкес еді. Н.Веселовскийдың пікірінше, Батыс Қытаймен экономикалық байланыстарды жандандыру «көпестердің сауда шараларына сезімтал қараған және оның жаңа нарықтарды жаулау талпыныстарына барлық тәсілдермен қолдау жасаған» Қаржы, ал кейін Сыртқы істер министрліктерінде қарастырылды [42, 40-41бб.].

Қытайдың әртүрлі аймақтарындағы нарықтарды сипаттай отырып, Н. Шавров Ішкі Қытайдың шығыс және оңтүстік аймақтарының нарықтарына Еуропалық мемлекеттердің экономикалық экпансиясын белгілеп, Цин империясының солтүстік-батыс өлкелерін (Шыңжаң, Қытайдың қоластындағы Батыс Моңғолия - Б.Қ.) сауда жағынан еуропалық мемлекеттер бәсекелестігінің дәрменсіздігіне байланысты Ресейдің ерекше экономикалық игеру аймағы ретінде белгілейді. Онда: «Вот почему я говорю о том великом, русском, национальном пути, который свяжет отрезанную от России Сибирь с областью русской мануфактурной производительности, - о пути, который месяцы транспортировки, необеспеченной ничем кроме случая, обратит в дни дешевой, верной и срочной доставки, который даст исход единственным, неисчерпаемым богатсвам Сибири, который подняв благосостояние ее жителей, создаст обширный сбыт русских мануфактурных изделии на громадном пространстве, и образует не один временный склад в какой-нибудь Кяхте, но целый ряд постоянных складов русских мануфактурных товаров и естественных богатств по всей китайской границе», - делінген [171, 21 б.]. Кяхтаны жалғыз сауда жолы еместігі туралы мәлімдей отырып, Н. Шавров Батыс Сібірдегі сауда жолдарының тиімділігі мен болашақтағы мүмкіндіктерін атап өтеді: «Известно, что даже теперь, кроме пути через Кяхту на Ургу и Калган, по китайской границе исследовано и найдено удобным для торговли несколько новых путей в восточную и западную Монголию и Китай... Из Минусинска, из Бийска, из Бухтармы идет путь на Кобдо, Улясутай и далее на Гуй-хуан-чен. Торговое движение из Бийска в западную Монголию быстро возрастает, несмотря на полное невнимание к пути через Алтай... Из Зайсанского поста, из Кульджи идет путь на Урумчи, Турфан, Карашар, Хами и Ань-Си, из которых три последних города удержаны во власти Китая во время самого сильного восстания. Каждые из этих путей требует на границе Китая, или вблизи ее, склада мануфактурных товаров подобного Кяхте, а потому повторяю, говоря о китайской торговле не следует говорить об одной Кяхте, но обо всей торговле вдоль китайской границы, водворить которую для русских настало самое благоприятное время, так как китайцы, занятые вторжением европейцев со стороны восточной, не обращают пока никакого внимания на свои взбунтовавшиеся западные провинции, и потому не могут помешать развитию здесь русской торговли. Известные моменты в истории не повторяются: если мы пропустим настоящее благопритное время для упрочнения наших торговых сношении с Китаем, то едва ли впоследствии подобная ошибка может быть исправлена. Затруднения для непосредственных сношении с Китаем созданы искуственно, или обычаем, или ошибками нашими» [171, 22-23 бб.].

Н. Шавровтың Батыс Сібірдегі жолдарының саудада тиімділігі өзге де зерттеушілер тарапынан дәлелденеді. Экспедициялық мәліметтер мен шекаралық әкімшіліктер мәліметтері негізінде құрастырылған Сібір әкімшілігінің 1876 жылғы есебінде Бийскіге баратын жол «Уградағы консулдың пікірінше, Қалғаннан Ресейге Қытаймен сауданың басты тауарына айналған шайды тасымалдау кезінде тасымал шығындарын азайтатын басты пункт ретінде қызмет ете алды» [171, 216 б.]. Батыс Сібірдің Қазақстан территориясы арқылы Қытаймен сауда байланыстары үшін ыңғайлы сауда жолы Бақты қамалы арқылы еді. Оның себептерін Н.Н. Балкашкин генерал-губернаторға берген есебінде: «Түмен мен Семей арасындағы жедел су көлігі тасымалының дамуы жағдайында Семей-Сергиополь пошта трактісі бойынша көлік тасымалының ыңғайлығы, Ұржардан көлемді өнімді алу мүмкіндігі және өзінің Шәуешек нарығына жақындығы жағынан Бақты Батыс Қытаймен батыс-сібірлік сыртқы сауда үшін ең тиімді орын болып келеді», - деп сипаттаған [130, 115-116пп.]. Бақты арқылы Шәуешек сауданысың көлемі мен ауқымы туралы оған Семей мен Петропавловск қалаларының көпестері мен Тарбағатай өлкесінің көпестері жиналып сауда құруынан байқауға болады [130, 3п.]. Павлов-Сильванскийдың есебінде Батыс Сібірдің Қытаймен саудасында негізгі екі аймақты бөліп қарастырады. «Семей ауданының көпестері ерте кездерден бері көптеген қырғыз (қазақ – Б.Қ.) көшпелілерімен сауда жасауда, белгіленген шекарадан шығуға тырыспады және те мүмкіндікке де ие болмады. Ертістің алқабы бойынша олар өз істерін Бұқтарма бағытында, әсіресе сауда орталығына Шәуешек айналған кезінде бай болған Жоңғария бағытында дамыту мүмкіндігі болған», - деп мәлімдеген [130, 62-63пп.].

Батыс Сібір арқылы сауда қатынастарының дамуына басты кедергіге – сауда жолдарының қанағатсыз жағдайы айналды. Қытай нарығындағы ресейлік тауарлардың жағдайы төңірегінде Н. Шавров: «Качество русских товаров, доставляемых в Китай, нисколько не ниже английских и совершенно удовлетворяет требованиям китайцев, привыкших ценить наши произведения столько же, как мы русские привыкли ценить доставляемый из Кяхты чай. Поэтому ограниченный и затем постоянно уменьшавшийся сбыт русских товаров в Китай происходит единственно от полного отсутствия удобных путей сообщения», - деген болатын [171, 24 б.].

Орыс-қытай шекарасының Батыс Сібір бөлігінде Кяхта мысалында көтерме сауда орталықтарын ұйымдастыру ойлары тек Н. Шавровтың еңбегімен шектелмейді. Аталған идеяларды кезінде Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Н.Г. Казнаков тарапынан кең қолдау тапқан. Ол Шәуешектегі консулдықты қалпына келтіру туралы хатында Кяхтадағы көтерме саудасы мен Шәуешектегі бөлшектік сауданы салыстыру нәтижесінде қытайлықтарға орыс тауарларын өткізудің ең тиімді тәсілі алдын-ала өзара тапсырыстар бойынша шекаралық көтерме өткізу арқылы бола алады деген пікірге келген [130, 4п.]. Батыс Сібірдің генерал-губернаторы 1877 жылы патшаға жазған есебінде өзінің осы бағыттағы ұстанымына беріктігін дәлелдейді: «Что касается, до торговли с Западным Китаем, то согласно опыта, казалось бы целесообразным содействовать учреждению в Западной Сибири оптового пограничного торга не вдалеке от г. Чугучака. Это соответствовало бы желаниям китайцев, не противоречило бы трактатам, заключенным с Пекинским правительством, и обеспечило бы русские товарные склады от корыстолюбия китайских властей и от хищнечества разноплеменной азиатской черни. В то же время открытие оптовых товарных складов на юге края послужило бы усилению сбыта мануфактурных изделии киргизам, снабжало бы товарами караванную торговлю в Монголии и нисколько не подрывало бы кяхтинских торговых дел, которые производятся с Внутренним Китаем и при том большей частью на звонкую монету» [131, 379 айн.п.].

Ресейдің Қазақстан территориясы арқылы Қытаймен саудадағы кедендік саясатында – екіжақты сауда байланыстарын жандандыруға мүдделі болғаны туралы 1868 жылы генерал-майор И.Ф. Бабковтың баяндама-хатында: «При предстоящих переговорах с китайцами по делу о постановке государственной границы могут быть возбуждены и другие вопросы ... К числу этих вопросов принадлежит, между прочим, вопрос о порядке наших будущих торговых сношении с Западной Монголией... Нельзя оспаривать мысль о необходимости с нашей стороны всеми мерами стремиться к усилению коммерческих сношении с Китаем и к увеличению новых рынков для сбыта наших произведении и в особенности в таких местах, где наши товары не могут встретить ... влияния иноземной конкуренции», - делінген [51, 206 б.].

ХІХ ғасырдың орта шеніне қарай Батыс Сібір арқылы ресей-қытай сауда-экономикалық қатынастары қарқынды дамып келе жатқан болатын. ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарындағы Шығыс Түркістандағы ұйғырлар мен дүнгендердің көтерілістері мен қақтығыстар қалыптасқан сауда қатынастар жүйесін күйреткен еді. Бұл ретте шекаралық әскери әкімшілік өлкедегі ресейлік сауда мүдделерінің қалпына келуін қалады. Ресейдің Шыңжаңдағы экономикалық мүдделері туралы 1868 жылы Түркістан әскери аймағының әскер басшысы Г.А.Колпаковский: «Географические и исторические причины, обусловившие позднее появление наших товаров на мировом рынке, задержавшие развитие нашей промышленности, не позволяют нам соперничать с другими народами Европы и Америки, на рынках близких к морским путям. С другой стороны, те же географические причины отдают нашей торговле и промышленнности рынки Средней Азии, недоступные торговым флотам Европы и Америки. Не допускаемые на европейские рынки, все более и более вытесняемая с рынков родных, промышленность наша не может мириться с настоящим застоем дел в Средней Азии, а в том числе и в Западном Китае. Нужно следовательно во чтобы то ни стало открыть сбыт нашей промышленности, восстановить здешние рынки именно теперь, когда дунгане в Урумчах задерживают китайцев, а анличане еще не перешагнули через Тибет», - деген болатын [180, 4п.]. Тағы бір жерде ол жағдайдың ресейлік экономикалық мүдделер үшін пайдалы даму жолдарын қарастыра келе, қалыптасқан жағдайда ресейлік саясат үшін ұтымды сценарилерді айқындайды. «России было бы выгодно отсутствие китайских купцов и китайского правительства, если бы она могла воспользоваться их отсутствием, приучить Илийское народонаселение к русским товарам и приучить китайское правительство к русским караванам в сердце Китая; чтобы, при восстановлении порядка, основываясь на предидущих, караваны наши могли безпрепятственно следовать куда им угодно, не прибегая к посредству китайских купцов, тягостного для нашей торговли. Примером может служить Кяхта. Сказанная комбинация возможна только, если Кульджа и ее окрестности будут очищены от инсургентов и этим откроется путь внутрь страны для русских товаров. Урумчи, занятые дунганами, еңе на несколько лет задержит китайских торговцев, предоставляя нашим купцам Илийские рынки», - деп Г.А. Колпаковский мәселенің ресейлік сауда үшін пайдалы шешілу жолын жобалайды [180, 3п.].

Батыс Қытайдағы ХІХ ғасырдың 60-шы жылдары басталған дүнгендер мен ұйғырлардың көтерілісі, өлкедегі ушыққан геосаяси дағдарыс аймақтағы қалыптасқан сауда қатынастарын бұзып, белгілі бір дәрежеде ресейлік экономикалық мүдделерге нұсқан келтірді. Көтеріліске қатысты ресейлік әскери-әкімшілік билік тарапынан біркелкі саяси ұстаным тумады. Шекаралас жергілікті әкімшіліктер де бұл көтеріліске әртүрлі саяси бағыт ұстанды. Мысалы, көтерілістің бас кезінде ресейлік экономикалық мүдделердің зиян келуіне, ең алдымен сауда қатынастарының бұзылуы және осыдан туындаған мануфактуралық тауарларды өткізудің нарығы - Шыңжаң өлкесіне жолдың тұйықталуына қарамастан, Батыс Сібір әкімшілігі Батыс Қытайдағы істерге араласпау саясатын ұстанса (1865 жылғы Құлжа үшін қытайлықтарға нан сатудан, Құлжа гарнизонына әскери көмек көрсетуден бас тарту шаралары) [180, 4п.], Жетісу облысының әкімшілігі ресейлік өнеркәсібі пен саудасының мүдделерін алдыңға орынға қойып, өлкедегі тұрақтылық пен тәртіптің орнауын, мәселені жедел түрде қарудың күшімен ресейлік геосаяси және экономикалық мүдделерді белсенді шешуді қолдады.

Егер де, еуропалық шекарада кедендік саясатта фритредерлік пен протекционисттік көзқарастар арасындағы күрес аясында өрбісе, Ресейдің Түркістан иелігі мен Қытаймен шекаралас Жетісу және Семей облыстарындағы нарықтарға еуропалық тауарлардың енуінен қауіптенген ресейлік биліктер бұл аймақтарда тіпті, көптеген шетелдік тауарларға тыйым салушы тарифтерді ұстанды. Ал, Орта Азия мемлекеттері мен Цинь империясына қатысты сауда саясатында Ресей өз өнеркәсіп тауараларын өткізу нарықтары ретінде қарастырған осы аймақта сауда-экономикалық байланыстарды қолдау саясатын ұстанды. Әрине, бұл аймақты жедел түрде экономикалық тәуелділікке қоюды көздеген шаралардың бірі болатын. Экономикалық экспансия Ресейдің геосаяси мүдделеріне сәйкес келді, саяси құрал қысымына айнала алды.

Қорыта келе, келесідей тұжырымға келуге болады:

- біріншіден, Ресейдің кедендік саясатындағы жалпы тенденциялар оның өлкелік нұсқасына да әсер етті, ХІХ ғасырдың 60-70-ші жылдарындағы Ресейдің өнеркәсіптік дамуының күшейуі өнеркәсіп өнімдерін өткізу нарықтарын игеру қажеттілін тудырды;

- екіншіден, Қазақстан территориясының Батыс Қытаймен шекарасында Ресей империясының кедендік мүдделерінің негізінде геосаяси және экономикалық мүдделер астары жатты, аймақтағы саудадағы экономикалық үстемдік бір жағынан, Ресейдің саяси үстемдігін қамтамасыз ете алды, екінші жағынан, саяси қысым құралы ретінде пайдалана алды;

- үшіншіден, Қазақстан мен Орта Азиядағы саяси және экономикалық ағылшын-орыс бәсекелестігі аясында ең алдымен Ресей өзі берік тұрақтаған территориялардың нарықтарын ішкі ресейлік нарықтармен тығыз байланысын кедендік-тарифтік механизмдер арқылы қамтамасыз етуге тырысты;

- төртіншіден, өлкедегі ресейлік кедендік саясатта Батыс Қытаймен сауда-экономикалық қарым-қатынастарға толыққанды жағдай жасау бағыты басымдық танытты, себебі Ресей үшін бұл өлке экономикалық тұрғыда өнеркәсіптік тауарларды өткізу және шикізат қорының перспективті нарықтары ретінде қарастырылды. Әсіресе, бұл Батыс Сібір әкімшілігі тарапынан кең қолдау тапқан Қазақстан мен Батыс Қытай шекарасында Кяхта үлгісіндегі көтерме сауда орталығын құру идеяларынан анық байқалады.


Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> А. Ф. Зейнулина филология ғылымдарының кандидаты, профессор
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту
transactions -> МӘШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері
transactions -> М. Н. Баратова Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты Оқу-әдістемелік құрал Павлодар, 2007
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы
transactions -> Қазақ фольклорын зерттеу мәселелері: ХХ ғасырдың бірінші жартысы
transactions -> Табиғи орта жағдайын бақылау «Мониторинг принциптері және типтері»
transactions -> МӘШҺҮртану ғылыми-практикалық орталығЫ
transactions -> Р. М. Муталиева қазіргі қазақ әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет