Бекітемін: Мектеп директоры: М. Оспанов 2015ж



бет4/4
Дата28.04.2016
өлшемі0.69 Mb.
1   2   3   4

Жамбас сүйегі сынғанда: зардап шегушіні көрпемен жабылған жайма тақтаға жатқызады (тақтай немесе фанер) жедел түрде емдеу мекемесіне жеткізеді. Сынықтар жай (жамбас сүйегі тұтастығының бұзылмауы) және күрделі (жамбас сүйегі тұтастығының бұзылуы) болып табылады; сондай-ақ ұршықтың ойықтың сынуы — сан сүйегінің шығуымен және сан сүйегінің шықпауымен де ажыратылады. Соңғылары жамбас сүйегінің асиметрияға ұшырауына немесе қисаюымен, ауырсынғыштық және ауыруымен ерекшеленеді. Сан сүйегінің шығуы — табиғи емес, жамбастың жағдайы серіппелі түрде бекітілген, оның басы өзгертілген жағдайда болады. Ауыр сынықтар кезінде қан кету 1,5 — 3 л дейін жетеді.

Алғашқы медициналық жәрдем зардап шегушіні тізе астына кішігірім қалтқы салып, арқасымен жатқызып, жалпақ тақтайлы зембілде шығарумен жүргізіледі.



Қол сынғанда: жақтау салу кезінде келесі ережелерді сақтау керек:

— зақымданған қолды созуға болмайды;

— ашық жара мен қатты қан кету кезінде, алдымен, таңғыш пен жгут салынады, сосын қолдың екі жағынан жақтау қойылады;

— екі жақтау да сынық орнынан төмен және жоғары орналасқан буындарды қамтуы керек;

— жақтауды салар алдында жұмсақ мата немесе мақтамен орау кажет.

Тасымалдағыш жақтауды салу кезіңде қолды белгілі бір жағдайға қояды:

1) қол иық буынында біраз алға беріліп, тік бұрыштап шынтақта бүгіледі;

2) көп жағдайда алақан ішке қарай қысылады;

3) қол қоспасы біраз сыртқа қарай бүгіліп, саусақтар жартылай бүгіледі, ол үшін аурудың алақанына бинт немесе дәкеге оралған тығыз мақта түйіншегі салынады. Зардап шегуші оны саусақтарымен қысып алады.

Стандартты сым темірлі жақтауларды (Крамер) пайдаланған дұрыс, ал олар қолда болмаған жағдайда — фанер, картон немесе басқа жақтаулар қолданылады, ең болмағанда — зақымданған қолды үшкіл орамалмен асып қою керек (қол қоспасы мен білек сынуы кезінде) немесе оны денеге бинтпен орап тастайды (иық сынган кезде).

Иық сынған кезде жақтауды бүгілген қолдың сырт жағына салады: саусақ түбінен бастап, қозғалмайтын қолдың иық буынына дейін. Жақтаудың ұзындыгы келмеген жағдайда оның ұштарына фанер тақтайшаны бинтпен орау арқылы ұзартуға болады.

Білек сүйектер сынған кезде жақтаушаны тікелей білекке салады, ал бинтпен оралған білекті үшкіл орамалмен асып қояды.

Қол қоспасы мен саусақ сүйектерінің сынуы кезінде жақтаушаны алақанының бетіне салып, мықтап бинтпен орайды, ал қолды үшкіл орамалмен асып қояды.

Аяқ сүйектері сынуы кезінде ішкі жақтаушаны өкшеден бастап, қолтық; астына дейінгі жерді қамтитындай етіп салады, ал ішкі жақтаушаны өкшеден бастап, шап аймағына дейін салу қажет.

Сан сүйектері сынуы кезінде оны қоршаған жұмсақ тіндер де зақымданады. Қан тамырларының зақымдануы қан кұйылуга әкеп соғады. Ішкі қан кету мен қатты ауру шок туғызады.

Сан сүйектерінің сынығын иммобилизациялау көп жағдайда тіндердің жарақаттануын азайтады және зардап шегушіні тасымалдаумен байланысты ауыр асқынулардың алдын алады. Сан сүйегінің сынығын иммобилизациялау негізінде оқиға орнында қолда бар материалдарды қолдануға тура келеді.

Қолда бар құралдардан екі жақтау жасайды. Ішкі шаптан өкшеге дейін, сыртқы қолтық, астынан өкшеге дейін, ол ұзындау болады. Екі жақтау да аяққа және кеудеге шалбар белдігі немесе киімнен жыртылып алынған жолақтар көмегімен байланады. Егер жақтау ретінде қолданатын заттар болмаған жағдайда, сау аяққа сынған аяқты қосып байлайды.

Сан сүйегі сыну кезінде, Дитерихс жақтау қолда болмай қалған жағдайда, 2—3 сатылы Крамер жақтаушасын пайдалануға болады.

Балтыр сүйектері сынуы кезінде жақтаушалар тізе және тобық буындарының ұзындығын қамтитындай етіп салынады. Ол екі буынның да жылжып кету мүмюндігінщ алдын алады. Крамер жактауының біреуін балтырдың ішкі жақ бетіне, екішпісін сырткы жак бетіне қойып (жақтау ұшын табаннан асыра кайырып бүгеді), содан кейін оларды таспамен байлап, аяқ пішіні бойынша бүгіп, аяққа бинтпен орайды.

Табан сүйектері сынуы кезінде Крашер жақтауын немесе торлы жақтауды тік бұрыштан майыстырады, балтыр сүйегінін артқы жақ контуры бойынша бүктейді және оны науа тәрізді формаға келтіреді (науаға мақта төсенішін салады). Балтырдан бастап, аяқ саусақтарының ұзындығына сәйкес келетін жақтауды аяқтың артқы жақ бетіне бинтпен орайды. Бір аяқтың сүйектері сынған кезде зардап шегуішнің келесі сау аяғы жақтау бола алады.

Түрлі зақымданулар кезіндегі жарақаттық шоктың алдын алу жоғарыда айтылып өткен, шок дамуына бейім келетін барлық факторларды есте сақтау керек.

Кез келген жарақатта (әсіресе ауыр жарақат кезінде) қан кету мен ауыру сезімін азайту үшін барлық шараларды қолдану кажет.

Сндай-ақ, тоңазу, ашығу, шөлдеу, қозу, толқу сияқты факторлардың алдын алу өте маңызды болып келеді.

Сынықты жақсы және өз уақытында иммобилизациялау, қан кетуді тоқтату, сонымен бірге зардап шегушіні дұрыс тасымалдай білу қажет.

Алғашқы әскери дайындық пәнінің

ұйымдастырушы - оқытушысы: _________М.Сериков



Бекітемін:

Мектеп директоры:

_________М.Оспанов

«___» ________ 2015ж
30 IІI-тарау. Өмір қауіпсіздігінің негіздері.

Сабақтың тақырыбы: Үсудің алдын алу шаралары және үсік кезінде көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек, күн тию туралы түсінік, оның алдын алу шаралары және күн тиген кезде көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек, өкпені жасанды желдендіру және жүрекке жанама массаж жасау әдістері.


  1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға алғашқы медициналық көмек беруді, таңғыш салу әдістерін үйрету

  2. Уақыты: 45 мин

  3. Өткізілетін орны: 11 сынып, АӘД бөлмесі.

  4. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы,плакаттар.

  5. Сабақтың барысы:


а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.



б) Негізгі бөлім – 22 мин.

Үсудің алдын алу шаралары және үсік кезінде көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек, күн тию туралы түсінік, оның алдын алу шаралары және күн тиген кезде көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек, өкпені жасанды желдендіру және жүрекке жанама массаж жасау әдістері.



в) Қорытынды бөлім – 10 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Сынық дегеніміз не?

2. Сынықтың қандай түрлері бар және олардың асқынулары туралы не білесіңдер?

3. Сынық белгілерін атаңдар.

4. Соғып алу және оның белгілері жайлы айтып беріңдер.

5. Ашық және жабық сынық кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем көрсету туралы айтып беріңдер.

6. Бас сүйегі, бұғана, қабырға сүйектері сынған кезде көрсетілетім алғашқы медициналық жәрдем көрсету туралы айтып беріңдер.

7. Омыртқа сүйектері сынған кезде алғашқы медициналық жәрдем қалай көрсетіледі?

8. Қол сүйектері сынған кезде жақтау салу реті жайлы айтып беріңдер.


Т3. С25. Үсудің алдын алу шаралары және үсік кезінде көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек, күн тию туралы түсінік, оның алдын алу шаралары және күн тиген кезде көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек, өкпені жасанды желдендіру және жүрекке жанама массаж жасау әдістері.

Төмен температураның ұзақ уакыт әсер етуі салдарынан адам ағзасында тіндердің зақымдануы пайда болады. Тіндердің шектеулі түрде зақымдануы - үсу, ал ағзаға төмен температураның жалпы әсер етуі кезінде органдар мен тіндердегі терең өзгерістер — жалпы мұздау деп аталады.



Үсу — ылғал ауа, жел, ылғал киім, тар және су аяқкиім әсерінен болады. Сондай-ақ, шаршау, ашығу, қан аздық, шок, тамырлардың ауруы, алкогольдік мас болуы және басқа да себептер үсудің дамуына жағдай жасайды.

Жалпы мұздаудың (қатудың) симптомдары: қалтырау, шаршау, ұйқы басу, ақырында ұйқтап кету. Дене сіресіп, тыныс алу мен жүрек жұмысы әлсірейді. Мидың қан аздығы дамып, аяғында адам өледі.

Жергілікті үсу арасында көбіне аяқтын, оның ішінде, бапшайлардың үсуі жиі кездеседі. Жергілікті үсу симптомдары бойынша оның мынадай дәрежелері ажыратылады.

Бірінші дәрежелі усу терінің бозаруы, онын сезгіштігінің жоғалуы, жылытқан кезде терінің ашып, ауыруы, қызыл күрең түске боялып, ісінуі және ауыруы. Екінші дәрежелі — жоғарыда көрсетілген өзгерістерден басқа іші сұрғылт қан түсті сұйықтыққа толған күлдіректер пайда болады. Үшінші дәрежелі — барынша ауқымды және терең өзгерістер тән; тіндер сезгіштігін жоғалтады, қара көк түске еніп, өлектіктік белгілері пайда болады; Төртінші дәрежелі— үсіген тіндер терең олі еттеніп, сезгіштік жойылады. Аяқ-қол суып, бозарып, көгереді.

Үсудің әр түрлі дәрежелері қабаттасып келуі жиі кездеседі, мысалы, үшінші дәрежелі үсу екінші және бірінші ( дәрежелі үсу учаскелерімен; аяқтан басқа, қол, мұрын, құлақ, бет және маңдай үсуі мүмкін.

Жеңіл үсіктер қайталанғанда немесе суық ұзак уақыт әсер еткенде (аязда немесе ылғалды, суық көктемгі — күзгі уақытта) қалтырау болуы мүмкін: жан ауыртар домбығу, көгеру, салқындау байқалып, тері қышиды ("қаз терісі"); ол терінің ашық жерлерінде, қол саусақтарында, құлақ қалқанында, кейде аяқ басында байқалады.
Алғашқы медициналық жәрдем
Зардап шегушіні жылы бөлмеге орналастыру керек. От немесе ыстық пен жанында жылытуға болмайды. Жылыта отырып, ауруға ыстық шай, кофе, шарап немесе арақ беруге (болады. Жалпы қату кезінде зардап шегушіні шешіндіріп, денесін спирт немесе арақпен сылайды, есін жинатқызып, сусын береді, жылы етіп қымтайды. Егер зардап шегуші дем алмаса, онда жасанды тыныс алдырады, тері астына камфора немесе кофеин, қажет болса, эфедрин, кордиамин енгізеді. Содан кейін ауруды жібереді. Клиникалық өлім белгілері байқалғанда, реанимация іс-шараларын жүргізеді.
Жергілікті үсу кезінде жалпы жылыту, үсіген бөлікті жеңіл түрде ұқалау ұсынылады. Бұл кезде суықтан ағарып кеткен бөлікті таза жуылған ылғал қолмен сылап ысқылайды, жылытатын таңғыш қояды. Ең жақсысы, үсіген жер қызарып, жылынғанша спирт немесе арақпен ысқылау қажет. Үсіген жерді қармен ысқылауға болмайды.

Үсудің алғашқы кезінде, ең алдымен, аяқ-қолды жылы су ваннасында (су температурасын 20-дан 37°-қа дейін ақырындап көтере отырып) жеңіл массаж жасай отырып жылыту керек. Ысқылағаннан кейін мақтаның қалын қабатымен таза (ең жақсысы, стерильді) таңғыш салу керек, аяқ-қолды жоғары көтеріп, дәрігерге жіберу қажет. Үсіген бөлік домбығып іссе немесе күлдірек пайда болса, ысқылауға болмайды. Ең дұрысы, үсіген бөлікке мақтаның қалың қабатымен стерильді таңғыш салады, аяқ-қолды жоғары қалыпта ұстайды және зардап шегушіні дәрігерге жібереді.

Жалпы қату (жедел) және жергілікті үсу (бірінші дәрежелі үсуден басқасы) кезінде госпитализациялау ұсынылады. Үсуді емдеу антибиотиктер, әр түрлі жақпа-майлар (мазь) сіңдірілген таңғыш салу, физиотерапевтік процедура (құрғақ) ауа ванналары, кварц қолдану, ал қажет болса, оперативтік емдеу (өліеттенген тіндерді алып тасту) жүргізіледі. 2, 3,4 дәрежелі үсулер кезінде сіреспеге қарсы сарысу мен анатоксиннің профилактикалық дозасы енгізіледі. Қан айналымының жақсаруы үсуге кедергі келтіретінін атап өту керек. Мысалы, үсу немесе қату пайда болғанға дейін суықтағы қозғалыс (тез) жүру, жүгіру қан айналымды жақсартады, денені жылытады, сөйтіп, суықтың зиянды әсеріне қарсы тұрады, мұның профилактикалық мәні зор.
Күн және ыстық өту туралы түсінік, олардың алдын алу және алғашқы медициналық жәрдем көрсету
Күн өту — тікелей күн сәулесінің ұзак уақыт әсерінен немесе ыстық, нашар желдетілген бөлмеде, жоғары температура жағдайында жұмыс істеу салдарынан дененің қызып кетуі.

Күн өтудің негізгі белгілері — жалпы әлсіздік, бейжайлық, естен тану немесе естен айырылу күйі, құсу, жүрегі айну, дене температурасының көтерілуі. Кейде мұрыннан қан кетуі, жүрек қызметі әлсіреуі және тіпті кома күйіне түсуі мүмкін.

Зардап шегуші, ең алдымен, шұғыл көмекке мұктаж болады, оны таза ауаға, көлеңкеге шығарып, киімін шешу керек. Содан кейін салқын сусын береді, басына суық компресс қояды, суық су құяды немесе суық нәрсеге орайды.

Зардап шегушінің жағдайына және қолда бар мүмкіндіктерге сәйкес емдеу құралдары қолданылады. Мысалы, жүрек жұмысы әлсіреп, артериялық қан қысымы төмендегенде кофеин ерітіндісін (20 пайыз ерітіндінің 1 мл), комфора (20 пайыз ерітінднің 20 мл), лобелин ерітіндісін (0,5—1мл немесе венаға 1мл) жібереді. Тыныс алу тоқтап қалғанда немесе қатты бұзылғанда, жасанды тыныс алдыру, оттек, корбоген пайдаланылады.

Алғашқы жәрдем көрсетіп, зардап шегушіні ауыр жағдайдан алып шыққаннан кейін ауруханага жатқызады.

Ескерту. Күн өтудің патогенетикалық тұрғыда ыстық өтуден айырмашылығы күн өткенде дененің қызып кетуімен бірге күн сәулесі тікелей әсер етеді (күн сәулелік қызаруы бар тері күйіктері, уытты гистомин тәріздес заттар түзіледі).

Дененің қызып кетуі, әдетте, дене жұмысы кезінде, әсіресе шеруде байқалады. Дененің қызып кетуіне себепші болатындар: ауаның ылғалдылығы және желсіз болуы, бұл тердің булануын қиындатады, сондай-ақ сұйықтықты тым аз қолдану. Ең әуелі продромольді белгілер дамиды — тері күрт қызарады, тер бөлінісі күшейеді, шырышты қабықша құрғайды, күрт шөлдейді, тыныс алу мен тамыр соғуы жиілейді, сондай-ақ қан қоюланады, жүрегі айнып, жұтыну қиындайды. Қызып кету (ыстық өту) процесінің үш формасын ажыратады:

1) жүдеу (титықтату) (бұлшық ет әлсіздігі, бас айналу, тамыр соғуының төмендеуі мен жиілеуі, терінің қызаруы және құрғауы, дене температурасының 39—39, 50С-ңа дейін көтерілуі, қан айналымының жеткіліксіздігі — терінің бозаруы (қуқылдануы) және мұздауы;

2) асқын қызыну формасы (ыстық өту) — дене температурасының 39—40°С-қа дейін көтерілуі, жалпы әлсіздік, бейжайлық, бастың ауруы; команың дамуы—терінің қуқылдануы және құрғауы, пульстің жиілеуі және төмендеуі, тыныс алудың жиілеуі, бұлшық еттің жыпылықтауы; тартылып құрысу, көз қарашығының үлкеюі, тізе рефлексінің жоғалуы; елестету — нерв жүйесінің қозуы; қан айналымының жеткіліксіздігі — тыныс алудың төмендеуі, ционоз, өкпе ісігі;

3) бас ауыру формасы немесе жедел гастроэнтрит белгілері бар форма (құсу, жүрегі айну, іші өту).

Қызару кезінде теріні майлау керек, күлдіректер пайда болса, калий марганец қышқылының әлсіз ерітіндісмен (0,1 %) компресс қою керек; қалтырау, бас ауыру және жалпы әлсіреу кезінде аспирин, пирамидон, кофеин беру керек.

Электржарақаты кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем және осы кездегі қауіпсіздік ережелері.

Электржарақаты — найзағай немесе жоғары кернеулі электр тогы әсер етуі кезінде электр тогымен зақымдану. 100 вт-тан жоғары кернеулі ток әсері қауіпті, ал 500 в жоғары ток әсері апатқа сорады (өлімге) деп есептелінеді.

Электржарақатының жиі кездесетін себептері — қауіпсіздік техникасы ережелерін және жеке қорғану ережелерін сақтамау, электр құралдардын, алпараттардын істен шығуы. Бірқатар жағдайлар; терінің ылғалдылығы, су киім немесе аяқкиім, шаршау, жүдеу зақымдануға себеші болады. Ток әсері нәтижесінде ауырлығы жағынан әр түрлі термикалық (күйіктер), тіндердің химиялық және механикалық зақымдануы болады.

Токпен жарақаттану белгілері:

— жалпы құбылыстарға: естен тану, артериялық қан қысымының төмендеуі, аритмия, есінен айырылу, тыныс алудың тоқтауы, шок, құрысып-тырысу, сал болып калу;

— жергілікті белгілерге: термикалық күйік түрінде (көбіне 3 дәрежелі) тіндердің бұзылуы, терідегі тармақталған ағаш түріндегі қызыл немесе ақ сұр түсті жолақтар түріндегі ток белгісі немесе найзағай белгісі.

Токпен ауыр жарақаттанғанда, адам жүректің сал болып қалуынан дереу өліп кетуі мүмкін. Бірақ көбінесе клиникалық өлім байқалады.
Алғашқы медициналық жәрдем
Шұғыл көмек оқиға болған орында көрсетіледі және ол өмірге қауіп төндіретін құбылыстарды жоюға бағытталуы тиіс. Медициналық жәрдем көрсеткенге дейін токты ажыратып, зардап шегушіні ток көзінен абайлап айыру керек. Зардап шегушіні электр сымынан босатқан кезде, көмек көрсетуші өз кауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс—қолға резина қолғап киюі немесе резиналанған немесе жүн материямен (матамен) орау қажет, резина аяқкиім кию немесе құрғақ тақтай, әйнек үстіне тұру, болмаса құрғақ таяқша пайдалану керек. Ешқашан да зардап шегушіге жалаң қолды тигізбеу керек.

Зардап шегуші бойында тіршілік нышандары білінбесе, дереу "ауыздан — ауызға" әдісімен жасанды тыныс алдыру жәөне жүрегіне массаж жасауға кірісу керек. Бұл іс-шаралар тыныс алу және жүрек жұмысы қалпына келгенше немесе биологиялық өлім белгілері пайда болғанша жалғасады. Бұл іс-шаралармен бір мезгілде зардап шегушіге мүсәтір спиртін иіскетеді, денесін ысқылайды, жылытады, тері астына лобелин (1пайыз ерітіндінің 1 мл) жібереді, көмір қышқылын, оттек иіскетеді, артерия ішіне қан құяды, вена ішіне кордиамин, коразол немесе басқа дәрілер жібереді, цианоз кезінде — қан ағызады (300—500), артынан 5 пайыздық глюкоза ерітіндісін енгізеді, күйген қабаттарға стерильді таңғыш салады.

Алгашқы медициналық жәрдем көрсеткеннен кейін зардап шегушілер емделу үшін алғашқы медициналық жәрдем көрсету жасақтарына жіберіледі. Зардап шегушіні ауыр жағдайдан алып шыққаннан кейін, жедел ауруханаға жатқызады. Көлікпен тасымалдағанда тыныс алу және жүрек жұмысын бақылап отыру керек. Электр тогынан күюді емдеу күйіктерді емдеудің жалпы ережелері бойынша жүргізіледі. Жалпы белгілер байқалған кезде жүректің және баска дәрілер қолданылады.

Токпен немесе найзағаймен зақымданған адамды жерге көму — пайдасыз және зиянды!
Суға кеткен кезде көрсетілетін алғашқы медициналық

жәрдем
Суға кету (бату) тыныс алу жолдарына су немесе сұйық масса толып қалған кезде туындайды. Бұл кезде тыныс алу күрт бұзылады, ал шұғыл көмек көрсетілмеген жағдайда — тыныс алу тоқтап (асфиксия), зардап шегуші өліп кетеді.

Суға кету кезінде өмірлік маңызды функциялардың тоқталуы гипоксияға (оттектің жетіспеуіне) негізделеді. Суға кету кезінде тыныс алу және жүрек жұмысы күрт төмендейді немесе тіпті тоқтайды. Бәрімізге белгілі, көбіне суға кеткендерді судан клиникалық биологиялык өлім жағдайында алып шығады, ес, тыныс алу және жүрек жүмысы сирек сақталады.

Есті жоғалту жиі байқалады. Тері мен көрініп тұратын қабықшалар бозарған (тыныс алу рефлекторлық тоқтау кезінде бұл сирек кездеседі) немесе көгерген (өкпеге сұйықтықтың аспирациясы кезінде). Ауыз және мұрыннан көбіртікті сұйыктық, кейде қан аралас сұйықтық көп мөлшерде бөлінеді. Суға кету диагнозын анықтау көп қиындық туғызбайды.

Суға батқан адамның су астында болған уақыты мен жағдайына қарамастан, дереу кідіріссіз оны тірілту шараларын жасауға кірісу керек.

Суға кеткен адамды тірілту шаралары оны судан алып шыққаннан соң бірден жүргізіледі.

Егер зардап шегуші есінен айырылмаса, онда оның су киімін шешіп, денесін құрғатып сүртеді, құрғақ киім кигізеді, жылытады (көрпеге орайды), шай, кофе немесе спирт ішкізеді. Естен танған жағдайда, бірақ өздігінен тыныс алып және тамыры соғып тұрса, онда:

1) зардап шегушінің басын төмен қаратып зембілге жатқызады; 2) су киімді шешу немесе қысып тұратын киімдердің түймелерін ағытып, ашу керек; 3) мүсәтір спиртін (мақтамен) иіскету және мүмкіндік болса, жүрек дәрілерін (кофейн, кордиамин —1 мл, лобелин — 1 мл) салу қажет; 4) денеге және аяқ-қолға жүрек бағытында массаж жасау қажет. Ақтық жағдай кезінде реанимацияның қарапайым тәсілдері қолданылады — жасанды тыныс алдыру (жағдайларға байланысты "ауыздан—мұрынға", "ауыздан—ауызға", қолмен, аппарат көмегімен), жүрекке жабық массаж жасалады. Жасанды тыныс алдыруды жасамас бұрын қан айналысы мен тыныс алуды қиындатып тұрған киімді босату және тыныс алу жолдары мен асқазанды судан босату керек.

Тыныс алу жолдарын судан босату үшін төмендегідей тәсілді қолданады: көмек көрсетуші бір тізесін бүгіп тұрады суға кеткен адамды бүккен аяғының санына етпетінен жатқызады, яғни зардап шегуішінің басы мен иығы төмен түсіп салбырауы кажет, сөйтіп арқасын басады, дәкемен оралған саусағымен зардап шегушінің ауыз қуысы мен жұткыншағын құм, балдырдан тазалайды, осыдан кейін ғана жасанды тыныс алдыру мен жүрекке массаж жасауға кіріседі. Тыныс алу және жүрек жұмысы қалпына келгеннен соң зардап шегушіні одан әрі емделіп, бақылауда болуы үшін жібереді.

Тұщы су және тұзды теңіз суына бату әр түрлі болады, сондықтан зардап шегушіні тірілту іс-шаралары да әр түрлі.

Тұщы өзен суы, тыныс алу жолдарына түскеннен кейін қанға тез сіңеді де, қан айналымға еніп, гемолиз туғызады. "Ақ өлім" болған кезде (көмейден рефлекторлық жиырылу нәтижесінде дыбыс желбезектері жабылып, қылғыну дамиды, тыныс алу тоқтағаннан кейін 5—6 мин-тан соң, жүрек тоқтайды, тері кабаты кенет бозарады, су өкпеге өтпейді), ауыз қуысы мен жұтқыншақ дереу тазаланады, жасанды тыныс алғызу мен жүрекке сыртқы массаж жүргізіледі, бұл кезде өкпеден суды шығару пайдасыз және мағынасы жоқ.

Ащы теңіз суының өзінің осмотикалық қасиеттеріне сәйкес тұщы судан айырмашылығы—қанға сіңбейді, сөйтіп тыныс алу жолдарында тұрып қалады және қан құрамындағы сұйық альвеолдар мен кеңірдекішлерге құйылады. Суға кеткен адамның тыныс алу жолдарын су мен көбіктен қолда бар құралдар көмегімен тазалау керек, көмек көрсетуші адамның санына етпетінен бірнеше секунд жатқызуға болады. Содан кейін массаж бен жасанды тыныс алдыру қайта жалғасады.

Жүрек жұмысы мен тыныс алудың тоқтауын анықтау әдістері

Кенеттен жүректің тоқтауы электр тогы немесе найзағаймен зақымданғанда, ауыр жарақат, улану, суға кету, жедел қан кету, наркотикалық заттардың уытты әсері, миокард инфаркт нәтижесінде болуы мүмкін, сондықтан тыныс алу мен қан айналымға жасанды қолдау көрсету іс-шараларын жүргізу қажет.

Тыныс алудың тоқтау себептері әр түрлі: тыныс алу жолдарының жаттекті заттармен бітелуі (заттар, қатты таған бөліктері, құсық, шырыш, су), шырышты көмей ісігінің асқынуы (мысалы, дифтерия кезінде).

Зардап шегушіні тірілтуге кіріспес бұрын, ең алдымен, клиникалық өлімнің туындауын анықтау керек. Оның белгілері: есті жоғалту, ұйқы артериясында тамыр соғуының болмауы, тыныс алудың жоқтығы, қарашықтың үлкеюі және оның жарыққа әсерсіз қалуы. Диагноз мейлінше өте қысқа уақыт ішінде қойылуы тиіс.

Тыныс алу мен қан айналымға жасанды қолдау көрсету жөніндегі іс-шаралар жүрек пен тыныс алу тоқтағаннан кейінгі алғашқы 5 мин ішінде басталуы тиіс. Оны кенеттен клиникалық өлімді бастан кешірген зардап шегушілер мен аурулардың барлығына жасау керек. Жазылмайтын аурудың соңғы деңгейіндегі ауруларда, сондай-ақ еліктік сіресу, яғни нағыз биологиялық өлімнін толық сипаты білінген кезде реанимациялық іс-шаралар жүргізуге болмайды.

Жүрекке тікелей емес массаж жасау тәсілдері

Жүрекке массаж жасау (сыртқы тікелей емес) жүрек тоқтағанда қолданылады және төс пен омыртқа арасында жүректі ырғақты қысу жолымен жүргізіледі.

Жүректі қысу тәсілі арқылы қан айналымның үлкен және кіші шеңбернің ірі тамырларына қан айдауға, сөйтіп қан айналым мен өмірлік маңызды органдардың кызметін жасанды түрде қолдауға мүмкіндік туады.

Массаж техникасы ауру шалқасынан қатты тегістікке (еден, үстел) жатқызылады. Көмек көрсетуші аурумен қатар тұрады (егер ауру еденде жатса, онда тізесін бүгіп) және алақандарын (бірінің үстіне бірін) аурудың төсінің төменге үштен бір бөлігіне қояды; өз салмағын пайдалана отырып, ырғақты және соққы түрінде (минутына 50—60 рет) төсті 3—4 см тереңдікке итереді, әрбір итерістен кейін қолдарын дереу кеуде клеткасынан босатады.



Ескерту. Жүрекке массаж жасағанда саусақтарды кеуде клеткасына тигізбеу аса маңызды (қабырғалардың сынуынан сақтану үшін). Тіпті адекватты массаж көмегімен қан жүруді калыптасады О-40%-ға қолдауға болады, сондықтан массажды бірнеше секундқа тоқтатуға болады. 10—12 жасқа дейінгі балаларға массаж бір қолмен, емшектегі нәрестелерге екі саусақ ұшымен жасалады. Соққы саны тиісінше минутына 70—80 және 100—120 рет.

Жүрекке сырттай массаж жасауды "ауыздан—мұрынға", "ауыздан—ауызға" әдісімен жасанды тыныс алдыру немесе аппарат көмегімен жасайды, тыныс алдырумен үйлестіруге болады. Қан айналымын қалыпқа келу сәтін анықтау үшін (әрбір 2—3 мин сайын жүрекке массажды бірнеше секундқа тоқтатып) ұйқы артериясының соғысын және көз қарашығы өлшемін бақылап отыру керек. Жүрек жұмысы мен ұйқы артериясында тамыр соғуы қалыпқа келгенде — массажды тоқтатады, ал жасанды вентиляцияны өз бетінше тыныс алу пайда болғанша жалғастыра беру керек.


Өкпеге жасанды желдету жасау тәсілдері

("ауыздан—ауызға", "ауыздан—мұрынға",

Сильвестр, Каллистов тәсілі бойынша)
Өкпеге жасанды желдету жасаудың неғұрлым тиімді әдісі — зардап шегушінің тыныс алу жолдарына ауаны белсенді түрде үрлеу әдісі. Зардап шегуішнің өкпесіне ауаны енжар түрде үрлеуге негізделген әдіс (Сильвестр бойынша, Нильсен-Каллистов бойынша, Говар бойынша, Шеффер бойынша, Хольгер-Нильсен бойынша) онша тиімді емес. Неғұрлым тиімдісі — аппарат көмегімен жасанды тыныс алдыру болып саналады. "Ауыздан—ауызға" немесе "ауыздан—мұрынга" әдістері қарапайым әрі кез келген жағдайда қолданылатын әдіс қатарына жатады. Ауруды шалқасынан жатқызады, басын мейлінше шалқайтады, осы кезде жоғарғы тыныс алу жолдары барынша ашылады.

"Ауыздан—мұрынға" әдісі кезінде аурудың төменгі жағы алға және жоғарыға жылжытылады, бұл кезде ауыз толығымен жабылады. Көмек керсетуші терең дем алады да, аузымен зардап шегушінің мұрнына ауа жібереді, кеуде клеткасы кеңіген кезде аузын зардап шегушінің мұрнынан босатады.

"Ауыздан—ауызға" әдісі кезінде аурудың иегі ақырын алға жылжытылады, аузы кішкене ашық болады. Көмек көрсетуші терең дем алып, аузын аурудың аузына түйістіріп, бетімен оның мұрнын жауып, дем шығарады.

Дәке салфеткасын, арнайы бүркеме, мундуштук арқылы, ауа жіберу қолданылу мүмкін жерде "ауыздан— мұрынға" тәсілін қолданған жөн. Аурудың тыныс алу жолдарына ауа үрлеу минутына 16—18 рет жасалады. Тыныс алу тек дәке немесе орама көмегімен ғана емес, сонымен бірге Т—түріндегі немесе С—түріндегі түтік, қол респиратор қабының тыныс алу терісін (бүркемесі бар "Амбу" типті қап) қолданып жүргізуге болады. Баланың аузы мен мұрнын бір мезгілде еріндермен жауып, кеуде клеткасынын көтерілуін бақылай отырып, ауаны шағын мөлшерде жіберуге болады (тыныс алу жиілігі—минутына 15—18рет).

Зардап шегушінің жағы қарысып қалған жағдайда "ауыздан— мұрынға" тәсілі тиімді.

Жасанды тыныс алдырудың мақсаты — өз бетінше толыққанды тыныс алу қалпына қанның 02 -мен толығуын және СО2 жойылуын қамтамасыз ету. Сондықтан оны қалыпты тыныс алу жұмысы орнына келгенше жасайды немесе жүрек тоқтауының айқын белгілері байқалғанда тоқтатады. Ол оқиға орнында жасайды. Ен әуелі жоғарғы тыныс алу жолдарының өткізгіштігі тексеріледі (саусақпен тексеру және қарау, тіл ұстағышпен тілді сыртқа шығару, қысып тұрған киімді, жағаны, белбеуді босату). Қолмен жасанды тыныс алдыру әдістері жеткілікті түрде өкпені желдетуді қамтамасыз ете алмайды. Оның ішінде төмендегі тәсілдер жиі қолданылады:

а) Сильвестр әдісі — аурудың бас жағында тұрып, 1—2 адам оның екі қолымен шынтақ; буыны астынан ұстайды және иықтарын мейлінше артқа және жоғары қайырады; осылайша тыныс алу жүзеге асырылады. Қолды осы қалыпта бірнеше секунд ұстап тұрады да, төмен түсіреді, сөйтіп кеуде клеткасын басып итереді, осылайша дем шығару жүзеге асырылады. Осындай қозғалыстар минугына 12—16 рет жасалады;

б) Нильсен-Каллистов тәсілі — зардап шегуші етпетінен жатады, оған оралған сүлгі ұштары қолтыұ астынан өтіп, жауырынның акромальды өсіндісі мен бұғананың шеткі ұштары аумағына шығарылады, қол денеден алшақталады. Зардап шегушінің бас жағында тұрған көмек көрсетуші

сүлгінің екі ұшынан ұстап, жоғарыға тартады. Осы кезде кеуде клеткасы едәуір кеңиді, иықтар арқа жаққа жайылады, жауырындар жақындайды, жүрек аумағында кеуде клеткасының алдыңғы бөлігі қысымнан босайды.

Көмек көрсетуші бұл кезде, негізінен, өзінің арқа бұлшық еттерінің күшін қолданады, ол қол, әсіресе білек күшінен 3—4 есе артық. Егер екі сүлгінің ұштарын байласа, онда оны көмек көрсетушінің арқасына кигізіп, қолдарын босатуға болады (зардап шегушіні көтеру көмек көрсетушінің арқасының бүгіліп жазылуы нәтижесінде жүзеге асады).


Улы жыландар және жәндіктер шаққан кезде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем
Жылан шаққан кезде адам ағзасы улануы мүмкін. Бұл кезде уланудың төмендегідей белгілері білінеді: шаққаннан қалатын екі ірі нүкте түріндегі жаралар, қатты ауыру, шаққан жерден тез таралатын ісіну және қызару, лимфатикалық тамырлар мен түйіндердін асқынуы, шаққан жердегі тері асты қан құйылуы, кіші дәреттегі қан (гематургия), тынышсыздық, ауыздың құрғауы, шөлдеу, іш өту, суық тер басу, коллапс, тартылу, сөздің бұзылуы (тілі күрметілуі), жұтынудын қиындауы, қозғалыстың (тартылу) сал болып қалуы (кобра шакқанда).

Аяқ-қолды шақкан кездегі шұғыл көмек — удың сіңірілуінің алдын алу үшін шаққан жерден жоғары тұсты қатты байлау (2 сағ-тан артық емес), уды алып тастау үшін шаққан жерге қан соратын банка қою, көмек көрсетушінің ауыз қуысында зақым болмаса, жарадан уды сорып алып тастау.

Сондай-ақ қыздырылған темірмен, сілтімен, азот қышқылымен күйдіруге болады; мүмкін болса, дереу тері астына поливалентті сарысу (сарысудың 1 бөлігін стерильді судың 10 бөлігіне еріту керек) енгізу керек. Бұдан басқа шаққан жер айналасындағы тері астына марганец қышқылды калийдің 2% ерітіндісін шашу (күніне 2—3 мл-ден 2—3 рет) шаққан жердің айналасына 10—20 мл сарысу түйреу жүргізіледі, қою тәтті су, мол сусын ішкізу, тері астына — физиологиялық ерітінді, глюкозаның 5% -дық ерітіндісін (вена ішіне де) жіберуге болады.

Алғашқы әскери дайындық пәнінің



ұйымдастырушы - оқытушысы: _________М.Сериков
Каталог: ld
ld -> -
ld -> Шпаргалка " Мұртты обалар" көп тараған аймақ "Ақ жалды жүйрік аттардың иелері" деп аталған тайпа "
ld -> Қазақстан тарихының тақырыбына шпаргалкалары Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі? Тас дәуірі
ld -> Разработка научно-технологических основ производства катализаторов дегидрирования для синтеза изопрена
ld -> Учебно-методическое пособие для студентов геологического факультета Казань 2004 Печатается по решению
ld -> Реферат Основные элементы и профессиональные правила оформления рекламного объявления
ld -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерін «электрондық үкіметтің» шлюзімен біріктіру мүмкіндіктерін зерделеу жөніндегі жұмыс жоспары
ld -> Абай Құнанбайұлы Жүрегіңнің түбіне терең бойла
ld -> Төлеу Көбдіковтің елінде


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет