«Бекітемін» Қр бғМ вице-министрі Иманғалиев Е. Н



Дата25.04.2016
өлшемі100.88 Kb.
«Бекітемін»

ҚР БҒМ вице-министрі ____________ Иманғалиев Е.Н.

«___»___________2016 ж.

Орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау бойынша

дүние жүзі тарихы пәнінен тест спецификациясы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, Жалпы білім беру ұйымдарына білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары негізінде құрастырылған құжат.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес 2013 жылы Ұлттық тестілеу орталығында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауға арналған тест тапсырмаларының базасы қалыптастырылды.

Функционалдық сауаттылық бойынша әзірленген тест тапсырмаларының түрлері:

1) математикалық сауаттылық – адамның қоршаған әлемінде математиканың рөлін түсіну және анықтай алу, жақсы негізделген математикалық пайымдарды айта алу, жасампаз, қызығушы және ойлаушы азаматқа тән қазіргі кездегі және болашақтағы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттілігі;

2) жаратылыстану-ғылыми сауаттылық (биология, химия, физика, география) – қоршаған ортаны, ондағы адамның қатысуымен туындайтын түрлі өзгерістерді түсініп, ғылыми әдіс-тәсілдер арқылы зерттеп, түрлі бақылаулар мен тәжірбиелер негізінде шешімін тапқан мәселелерді өмірлік жағдайларда жаратылыстану-ғылыми білімдері негізінде қолдана білу қабілеттілігі;

3) оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі) – мәтін мазмұнын көздеген мақсатына жету үшін қолдана білу, қоғамдық өмірге белсенді араласуы үшін білімі мен мүмкіндіктерін дамыту мақсатында жазбаша мәтіндерді түсіну, ұғыну қабілеттілігі.

Тест базасын қалыптастыру Ережесіне сәйкес барлық тест тапсырмалары екі сараптамадан және апробациядан өткізілді.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауға арналған тест тапсырмаларының мазмұны халықаралық салыстырмалы (PISA, PIRLS т.б.) зерттеулерде қолданылатын тапсырмаларға ұқсас келеді.



1. Мақсаты: 9 сынып оқушыларының дүние жүзі тарихы пәні бойынша дайындық деңгейі мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасқандығын бағалау.

2. Тест мазмұны: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде – 21, екінші деңгейде – 12, үшінші деңгейде – 7 тапсырма.

Дүние жүзі тарихы пәні бойынша тест тапсырмалары Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалған оқу бағдарламасына сай құрастырылған.





Бөлім



Тақырып



Тақырыпша

01

Ежелгі Шығыс елдері

Антикалық өркениет



01

Ежелгі Шығыс елдері

Антикалық өркениет



01

Қосөзен мемлекеттері, Ежелгі Египет, Азияның оңтүстік-батысындағы ежелгі мемлекеттер.

Ежелгі Оңтүстік және Шығыс Азия мемлекеттері (әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғамдық-саяси тарихы)



02

Ежелгі Грекия, Македония, Ежелгі Рим: Республика мен Империя кезеңі (әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғамдық-саяси тарихы)

02

Орта ғасырлар

(Ерте орта ғасырлар V-X ғғ.,

дамыған орта ғасырлар XI-XV ғғ., кейінгі орта ғасырлар XV-XVII ғғ.)


02

Орта ғасырлар

(Ерте орта ғасырлар V-X ғғ.,

дамыған орта ғасырлар XI-XV ғғ., кейінгі орта ғасырлар XV-XVII ғғ.)


01

Батыс және Орталық Европа,

Византия империясы және Таяу Шығыс, Орталық Азия, Орта Азия, славяндар, Киев Русі, Шығыс елдері, XI-XIII ғғ. Русь, Ресей XV-XVII ғасырларда (әлеуметтік-экономикалық дамуы)



02

Батыс және Орталық Еуропа,

Византия империясы және Таяу Шығыс, Орталық Азия, Монғол-татар шапқыншылығы, Орта Азия, Славяндар, Киев Русі, Шығыс елдері, XI-XIII ғғ. Русь, Ресей XV-XVII ғасырларда (қоғамдық-саяси тарихы) XI-XIII ғасырлардағы христиан шіркеуі



03

Ежелгі дүние тарихы мәдениеті (V ғ. дейін), Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы мәдениеті

03

Ежелгі дүние тарихы мәдениеті (V ғ. дейін), Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы мәдениеті

01

Ежелгі Шығыс, Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим

02

Батыс және Орталық Еуропа,

Византия империясы және Таяу Шығыс, Орталық Азия, Орта Азия, славяндар, Киев Русі, Шығыс елдері, XI-XVII ғасырлардағы Ресей мемлекеті. Ұлы географиялық ашылулар. Қайта өрлеу



04

Еуропа және Солтүстік Америка, Азия және Африка елдері (XVII ғ. - XX ғ. басы)

04

Еуропа және Солтүстік Америка, Азия және Африка елдері (XVII ғ. - XX ғ. басы)

01

Англия, Солтүстік Америка, Франция, Ресей, Германия, Италия, Австрия, Үндістан, Осман империясы, Қытай, Монғолия, Жапония, Иран. Англияда капитализмнің орнауы (XVII-XVIII ғғ. қоғамдық-саяси тарихы және әлеуметтік-экономикалық дамуы)

02

АҚШ, Англия, Ресей, Франция, Германия, Италия, Австро-Венгрия, Қытай, Жапония, Үндістан, Осман империясы, Иран, Араб елдері (XIX ғ. – XX ғ. басы. қоғамдық-саяси тарихы және әлеуметтік-экономикалық дамуы)

05

Еуропа, Солтүстік Америка, Азия және Африка елдерінің мәдениеті (XVIIІ ғ. - XX ғ. І жартысы)

05

Еуропа, Солтүстік Америка, Азия және Африка елдерінің мәдениеті (XVIIІ ғ. - XX ғ. І жартысы)

01

Ағартушылық дәуірі. XVII-XVIII ғғ. ғылым мен техниканың дамуы. Мәдениеттің дамуы (XIX ғ.)

06

Халықаралық қатынастар (XVIІ ғ. – XX ғ. І жартысы)


06

Халықаралық қатынастар (XVIІ ғ. – XX ғ. І жартысы)

01

Отарлау жүйесі мен халықаралық қатынастар (XVII-XVIII ғғ.)

02

XIX ғ.- XX ғ. І жартысы халықаралық қарым-қатынастар

07

Дүние жүзілік соғыстар және олардың салдарлары

07

Дүние жүзілік соғыстар және олардың салдарлары

01

Бірінші дүниежүзілік соғыс (1914-1918 жж.), Версаль – Вашингтон жүйесі

02

Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945 жж.). ІІ дүниежүзілік соғыс барысындағы Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, КСРО, АҚШ, Жапония, Қытай, Монғолия, Үндістан, Иран, Ауғанстан, Түркия, Азиядағы және Африкадағы Араб елдері

08

Еуропа және Америка елдері(1918-2014 жж.), Азия және Африка елдері(1918-1945 жж.)

08

Еуропа және Америка елдері(1918-2014 жж.), Азия және Африка елдері(1918-1945 жж.)

01

Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Еуропа және Америка елдері (1918-1939 жж.) (Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Кеңестік Ресей, КСРО, АҚШ, Жапония, Қытай, Монғолия, Үндістан, Иран, Ауғанстан, Түркия, Азиядағы және Африкадағы Араб елдері)

02

Батыс Еуропа және Америка елдері, Оңтүстік, Орталық, Шығыс Еуропа елдері (1945-2014 жж.) (Ұлыбритания, Франция, ГФР, АҚШ, Орталық және оңтүстік-шығыс Еуропа елдері, КСРО. Ресей Федерациясы)

09

Құжаттардағы тарих

09

Құжаттардағы тарих

01

Тарихи оқиғалар туралы жазба деректер

1. Ежелгі Шығыс елдері

Антикалық өркениет

2. Орта ғасырлар

(Ерте орта ғасырлар V-X ғғ.,

дамыған орта ғасырлар XI-XV ғғ., кейінгі орта ғасырлар XV-XVII ғғ.)

3. Ежелгі дүние тарихы мәдениеті (V ғ. дейін), Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы мәдениеті

4. Еуропа, Солтүстік Америка, Азия және Африка елдері (XVII- XX ғ. басы.)

5. Еуропа, Солтүстік Америка, Азия және Африка елдерінің мәдениеті (XVIIІ ғ. – ХІХ ғ.)

6. Халықаралық қатынастар (XVIІ ғ. – ХХ ғ. І жартысы)

7. Дүние жүзілік соғыстар және олардың салдарлары

8. Еуропа және Америка елдері(1918-2014 жж.), Азия және Африка елдері (1918-1945 жж.)



3. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Оқу бағдарламасы бойынша түлектер дүние жүзі тарихы курсынан меңгеруі тиіс:

Ежелгі дүние тарихының негізгі кезеңдерін; тарихтағы жыл санау жүйесін;

Ежелгі дүниедегі алғашқы қоғамдық құрылыс мен мемлекеттер тарихының өзіндік ерекшеліктерін; алғашқы өркениет ошақтарын, олардың маңызын;

Қосөзен, Египет, Азияның оңтүстік-батысындағы, Орта жəне Орталық Азиядағы, Оңтүстік жəне Шығыс Азиядағы ежелгі мемлекеттердің, қалыптасу, даму ерекшеліктерін, қоғамдық құрылысын, мəдениеттегі жетістіктерін;

Орта Азия халықтарының грек-македон басқыншыларына қарсы күресін;

Ежелгі дүние тарихында болған аса маңызды оқиғаларды; мəдени-экономикалық дамудағы Ұлы Жібек жолының сауда жолы ретіндегі маңызын;

Ежелгі Грекия мен Римде мемлекеттің пайда болып дамуының өзіндік ерекшеліктерін, мəдени өмірін жəне антик мəдениеттің əлемдік мəдениетке қосқан үлесін; əр түрлі халықтар мен этностардың мифтерін, аңыздарын жəне шежірелерін; əлемдік діндер мен философиялық ағымдарды (конфуцийлік, буддизм, христиандық); орта ғасырдағы дүние жүзі тарихының негізгі кезеңдерін; ортағасырлық қоғамның негізгі белгілері мен ерекшеліктерін;



Феодалдық қатынастардың мəнін; орта ғасырлардағы қоғамның əлеуметтік құрамын; орта ғасырлардағы жер иеленудің, салықтың негізгі түрлерін; орта ғасырлардағы мемлекеттік құрылыс пен билік түрлерін; V-X ғасырлардағы Батыс жəне Орталық Еуропада, Таяу Шығыста орталықтанған мемлекеттердің құрылуының алғышарттары мен хронологиясын; VІ-Х ғасырлардағы арабтардың орта ғасырлық тарихын, ислам дүниесіндегі мəдениеттің ерекшеліктерін; ХІ-ХVғасырлардағы Еуропа мемлекеттері дамуындағы ерекшеліктерді; крест жорықтарының нəтижелерін; ортағасырлардағы Шығыс əлемінің тарихи көрінісін; ХІ-ХV ғасырлардағы Орта жəне Орталық Азия мемлекеттерінің əлеуметтік дамуын; моңғол-татар шапқыншылығы қарсаңындағы феодалдық бытыраңқылықты; орыс жерлерін біріктірудің аяқталуы мен Алтын Орданың құлауын; орта ғасырдағы тарихи тұлғалар мен ғылымның, мəдениеттің көрнекті қайраткерлерін; орта ғасырдағы өркениет аймақтары жəне олардың маңызын білуі тиіс; жаңа замандағы дүниежүзі тарихының хронологиялық шеңберін, негізгі кезеңдерін; Англиядағы капиталистік өндірістің дамуындағы ерекше белгілерді; ағартушылық дəуірдің еуропа қоғамының дамуына əсерін; отарлау саясатының мəнін, отаршылдыққа қарсы қозғалыстарды; Солтүстік Америкадағы отарлық жүйенің негізгі белгілерін, тəуелсіздік үшін соғыстың тарихи маңызын; Француз буржуазиялық революциясының себебі мен нəтижесін; ХVІІІ ғасырдағы Ресейдің даму ерекшеліктерін; ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы Үндістан, Осман империясы, Қытай, Иран, араб елдерінің əлеуметтік-экономикалық дамуын; Азия мен Африка елдеріндегі отарлық езгінің зардаптарын; ХVІІ-ХІХ ғасырлардағы дүниежүзі мəдениетінің негізгі жетістіктерін, мəдениеттің дамуына үлес қосқан көрнекті тұлғаларды; ХІХ ғасыр–ХХ ғасырдың басындағы дүние жүзі елдерінің дамуында болған негізгі белгілер мен ерекшеліктерін; капитализмнің пайда болуы мен дамуын; революциялық жəне эволюциялық жолдармен қоғамдық қатынастардың өзгеру мүмкіндіктерін; революциялардың себептері мен реформалардың қоғам дамуындағы баламалы жолын; қоғамдағы жаңа əлеуметтік құрылымды жəне оның реформалардағы қарама қайшылықтарды шешу құралы ретіндегі рөлін; ХІХ ғ.–ХХ ғасырдың басындағы дүние жүзі елдерінің даму үдерісін жəне негізгі ерекшеліктерді; халықаралық қатынастардың өзекті мəселелерін; ХІХғ.-ХХ ғасырдың басындағы мəдениеттің дамуын, əлемдік ғылым мен көркем мəдениеттің маңызды жетістіктерін жəне оның жеке тұлғаның дамуына əсерін білуі тиіс; шетелдердің қазіргі заман тарихындағы негізгі оқиғалар мен құбылыстарды; ХХғ. бірінші жартысындағы дүние жүзінің саяси картасындағы өзгерістерді; ақпараттық қоғамға өту үдерісінің динамикасын анықтайтын негізгі факторларды; ХХғ. бірінші жартысындағы ғылым мен мəдениеттің маңызды жетістіктерін; ХХғ. бірінші жартысындағы басындағы маңызды əлеуметтік жəне ұлттық қозғалыстардың сипаты мен бағыттарын жəне саяси партиялар мен күштердің əлеуметтік негіздерін; ХХғ. бірінші жартысындағы əлемнің негізгі аймақтары мен елдер топтарының саяси, экономикалық жəне əлеуметтік дамуындағы маңызды бағыттарды; дүниежүзінің əртүрлі елдеріндегі саяси режимдердің ортақ белгілерін жəне жеке елдердің даму ерекшеліктерін;

Дүние жүзінің ірі елдерінің экономикалық дамуының ортақ белгілерін сипаттау жəне жеке елдердің даму ерекшеліктерін; халықаралық қатынастар дамуының негізгі бағыттарын білуі тиіс.



4. Тапсырмалар формасы:

Тест бір дұрыс жауапты (берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау) 25 тапсырмадан және бір немесе бірнеше дұрыс жауапты 15 тапсырмадан тұрады. Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет. Тест тапсырмасын толығымен орындау – 90 минут.

5. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:

Дұрыс орындалған бір дұрыс жауапты тест тапсырмасы үшін оқушы 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл алады.

Дұрыс орындалған бір немесе бірнеше дұрыс жауапты тест тапсырмасы үшін оқушы 2 балл, бір қате үшін – 1 балл, екі және одан да көп қате үшін – 0 балл алады. Толық тест бойынша максималды балл – 55.

6. Тест тапсырмаларын апробациядан өткізу:

Тест тапсырмалары ҚР мектептерінің 9 сыныптарында апробациядан өтеді.




Ұлттық тестілеу орталығының директоры

Қ. Әбдиев



Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет