Бекітемін Ұто директоры Әбдиев Қ. С. 2015 ж



Дата25.04.2016
өлшемі39.85 Kb.
Бекітемін

ҰТО директоры

___________ Әбдиев Қ.С.

«___»__________2015 ж.

«5В061100» – «Физика және астрономия» мамандығы үшін
«Астрометрия» пәні бойынша
Тест спецификациясы

1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.



2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.



3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тест «Астрометрия» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:







Мазмұны

Тапсырма саны

1

Астрометрияның пәні, оның негізгі міндеттері, түсініктері мен әдістері, жаңа жобалары. Астрономияның басқа салаларына қатысы. Іс жүзіндегі маңыздылығы.

1

2

Аспан координаттар жүйелері мен олар арасындағы байланыс: аспан сферасы, оның негізгі дөнгелектері мен нүктелері, горизонталь координаттар жүйесі, экваторлық координаттар жүйелері, эклиптикалық координаттар жүйесі, галактикалық координаттар жүйесі, параллакстық үшбұрыш, координаттарды бір жүйеден екіншіге түрлендіру.

2

3

Қазіргі заманғы астрометриядағы аспан координата жүйелерін анықтау және жүзеге асырудың кинематикалық және динамикалық әдістері, FK5, HIPPARCOS, ІCRS жүйелері.

1

4

Жер пішіні мен айналуы: Жер пішіні, географиялық координаттар жүйелері, Жер осінің прецессиялық пен нутациялық қозғалысы және оның салдарлары, Жер полюсінің Жер беті бойымен қозғалысы, Жер айналуының бірқалыпсыздығы.

2

5

Уақытты санау және сақтау жүйелері: атомдық уақыт, динамикалық уақыт шкалалары туралы түсінік, эфемеридалық уақыт.

2

6

Уақытты санау және сақтау жүйелері: Жұлдыздық уақыт, күн уақыты: ақиқат күн уақыты; орташа күн уақыты; уақыт теңдеуі; бүкіләлемдік уақыттың жүйелері.Бүкіләлемдік, жергілікті, белдеулік және декреттік уақыт, уақытты сақтау құралдары, сағат жүрісінің тұрақтылық мәселесі

2

7

Ай қозғалысы. Ай фазалары. Тұтынулар мен жабылулар. Күн және ай тұтынуларының болу шарттары

2

8

Астрономиялық рефракция: астрономиялық рефракция туралы түсінік, оптикалық аралықтағы жазық-параллель атмосферадағы рефракцияны еске алу, оптикалық аралықтағы сфералық-симметриялы атмосферадағы рефракцияны еске алу, рефракцияның жұлдыздың тік шарықтауы мен еңкеюіне әсері

2

9

Аберрация туралы жалпы түсінік, аберрация түрлері, аберрацияның жұлдыздың тік шарықтауы мен еңкеюіне әсері

1

10

Параллакс

1

11

Жұлдыздардың меншікті қозғалыстары

1

12

Оптикалық бақылауларды келтіру (редукциялау) сатылары.

1

13

Практикалық астрономия мен іргелі астрометрияның әдістері мен құралдары

2

14

Атсрометриялық каталогтар мен жылнамалар

2

15

Астрометриядағы базалары асаұзын радиоинтерферометрлер (БАҰР) әдісі

1

16

Ғарыштық астрометрия

2




Бір нұсқадағы тест саны:

25


4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

«Астрометрия» пәні бойынша тест тапсырмаларының құрылымы мен мазмұны курстың ғылыми және теориялық базаларын толығымен қамтиды студенттердің білімді меңгеруін бағалауға мүмкіндік береді.

5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.



6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.



Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңіл (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташа (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиын (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) деп бөлінеді.

7.Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.



Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:

Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет