Библиографический указатель посвящен 20-летию образования Ассамблеи Казахстанского народа нашим главным достижениям, символом Казахстана, гарантией и основой успешного социально-экономического и общественно-политического развития страны



бет1/9
Дата02.05.2016
өлшемі1.32 Mb.
түріБиблиографический указатель
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Кітапханалық-ақпараттық орталық

Ақпараттық-библиографиялық қызмет секторы

Ассамблея – бірлік пен келісімнің киелі бесігі

(Кітапханалық-ақпараттық орталық қорынан жинақталған әдебиеттер, электронды қор және мерзімді басылымдар беттерінен жинақталған библиографиялық тізім)

Тараз


2015

Құрастырушыдан / От составителя

Ассамблея – бірлік пен келісімнің киелі бесігі: Библиографиялық көрсеткіш / Құрастырушы: Искакова Д.Ш. – Тараз: М.Х.Дулати атындағы ТарМУ - Кітапханалық-ақпараттық орталық, 2015. - 60 б.

«Ассамблея – бірлік пен келісімнің киелі бесігі» атты библиографиялық көрсеткіш Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған. Ассамблеяның мемлекеттік басқару мен қоғамдық қатынастардағы нақты әрекет етуі мен тиімділігінің негізін көрсететін тарихи деректер тізімінің жиынтығы. Әдебиеттер - 261 аталым, электронды оқулықтар – 28 аталым; барлығы - 5371 дана; мерзімді басылымдар бетіндегі мақалалар тізімі – 276 аталымнан жинақталған.



Көрсеткіште кітапхана қорындағы кітаптар, ғылыми мақалалар және мерзімді басылымдар беттеріндегі кітаптар тізімі әліпбилік ретпен берілген. Мерзімді басылымдардан жинақталған тізім кері хронологиялық ретпен беріліп, 2000 жылдан 2015 жыл аралықтары қамтылып, алдымен мемлекеттік, орыс тілінде және шет тілінде жинақталған.

Библиографиялық көрсеткіш магистранттарға, студенттерге және ауқымды көлемдегі оқырмандарға арналған.



Ассамблея – бірлік пен келісімнің киелі бесігі: Библиографический указатель / Составитель: Д.Искакова. - Тараз: Библиотечно-информационный центр ТарГУ имени М.Х.Дулати, 2015.- 60 с.

Библиографический указатель посвящен 20-летию образования Ассамблеи Казахстанского народа – нашим главным достижениям, символом Казахстана, гарантией и основой успешного социально-экономического и общественно-политического развития страны.



Библиографический указатель включает в себя книги, научные статьи и статьи из периодических изданий, раскрывающие историю образования Ассамблеи народов Казахстана. Литература составляет - 261 наим., электронные ресурсы - 28 наимен. Всего - 5371 экз. Список статей из периодических изданий состоит из 276 наименований.

Весь материал расположен по алфавиту, распределен по языкам и составлен в обратном хронологическом порядке, статьи охватывают период с 2000 по 2015 годы.

Библиографический указатель предназначен для магистрантов, студентов и широкому

кругу читателей.




Қазақстан халқы Ассамблеясы


Қазақстан халқы Ассамблеясы - заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылатын мекеме. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтты. 1995 жылғы 1 наурызда оның мәртебесін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативті-кеңесші орган деп бекіткен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлығы шықты. Өз тарихында Ассамблея ҚР Президенті жанындағы консультативті-кеңесші органнан мықты құқықтық негізге және қоғамдық-саяси мәртебеге ие конституциялық органға дейін өсті. 2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, ол ҚР Парламенті Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Осы арқылы Ассамблеяның қоғамдық-саяси рөлі айтарлықтай артты. 2008 жылғы 20 қаңтарда еліміздің Президенті «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы әлемде баламасы жоқ заңға қол қойды. Сөйтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің саяси жүйесінің толыққанды бөлігіне айналды. Оның қызметінің нормативтік құқықтық негіздері айқындалды. Ассамблея мемлекеттік ұлттық саясаты әзірлеуге және жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал жасайды. Ассамблеяның мақсаты – қазақ халқының топтастырушылық рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық біркелкілікті  және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде республикадағы этносаралық келісімді қамтамасыз ету. Ассамблеяның негізгі міндеті – этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттылықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасау, ел бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамының негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет етуге, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді. Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш біріктіруін қамтамасыз етеді, этно мәдени орталықтардың, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын, және дамуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне — Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмiр бойы басқару құқығы тиесiлi. Ассамблея құрылымдық жағынан Ассамблея сессияларынан, Ассамблея кеңесі мен Хатшылығынан, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ассамблеяларынан тұрады. Ассамблея сессиясы (Ассамблея мүшелерінің жиналысы) – оның жоғары басшылық органы. Сессияны Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілікке қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады. Сессиялар аралығындағы кезеңде Ассамблеяны басқаруды Ассамблея Кеңесі жүзеге асырады. Кеңеске республикалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, министрлер, облыс әкімдері енеді. Ассамблея Төрағасының этномәдени бiрлестiктерден тағайындалатын орынбасарлары алмастыру тәртiбiмен Кеңестiң ұсынымының негiзiнде ҚР Президентiнiң өкiмiмен тағайындалады. Ассамблеяның жұмыс органы Ассамблея Хатшылығы Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымында дербес құрылымдық бөлiм болып табылады. Хатшылықты бiр мезгiлде Ассамблея Төрағасының орынбасары болып табылатын Хатшылық меңгерушiсi басқарады. Осы тетіктер Ассамблеяның мемлекеттік басқару мен қоғамдық қатынастардағы нақты әрекет етуі мен тиімділігінің негізі. Ассамблеяның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ассамблеяларының құрамы Қазақстан Республикасы азаматтарын - этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерін, мемлекеттік органдар өкілдерін және қоғамда өзіндік орны, абырой-беделі бар тұлғаларды қамтиды. Қазіргі уақытта Ассамблея құрамында 394 мүше бар.

Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі оның еліміздің жоғары заң шығару органында - Парламентте этностық топтар мүдделерінің кепілді өкілдік етуін қамтамасыз етуі болып табылады. Парламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған 9 депутат еліміздің барлық этностары атынан өкілдік етеді. Бұдан басқа қазақстандық этностық қоғамдастық өкілдері Парламенттегі өкілдігі өкілді органдарға саяси партиялар арқылы сайлауға тікелей қатысу негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан халқы ассамблеясы өзінің құрылған кезінен бастап орасан біріктірушілік және зияткерлік әлеует жинақтап және халықтық дипломатия институты үлгісіне бейімделе отырып, ұзақ даму жолынан өтті. Еліміздегі 100-ден аса этностың басын біріктіретін бірегей құрылым тұрақтылықты сақтап, республиканың ілгерілей дамуы үшін маңызды роль атқарды. Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл әлемге Қазақстанның этносаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған саясатының табысты екенін паш етіп келеді. Жалпы алғанда негізінен Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі, әрбір азамат этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан Конституцияда кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алатындай ерекше сенім, ынтымақ, өзара түсініктік ахуалы қалыптасты. Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді.



Қазақстан халқы Ассамблеясының ресми сайты.

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы – объективті қажеттілік.

Этномәдени бірлестіктер
Қазақстан – тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған унитаралы мемлекет. Оларды ортақ құрылымның аясына біріктірудің сара жолы – Қазақстан халқы Ассамблеясын құру болды.

Асамблеяны құру идеясына Қазақстан қоғамының тарихи бастаулары алғышарт болды. Жаңа әрі теңдесі жоқ құрылымды іске асыру жұмыстары аймақтарда кіші ассамблеялар құрудан басталды. Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамды топтастырушы тетіктердің біріне ацналды. Шын мәнінде, ол ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделін жүзеге асырудың маңызды тетігі болатын.

1995 жылы 16 ақпанда Президент Н.А. Назарбаев еліміздегі ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілерімен кездесу өткізді. Сонда, Елбасы республикадағы ұлтаралық келісімді сақтау және оны одан әрі нығайту үшін республикада жаңа қоғамдық институт – Президент жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде Қазақстан халқын ортақ мүддеге біріктіретін Ассамблея құру қажеттілігі туындап отырғандығына назар аударды.

Асамблеяның басты мақсаты: Қазақстандағы барлық этностардың рухани тұрғыда қайта жанғыруы мен дамуын қамтамасыз ету; өркениеттік және демократиялық ұстанымдарға, мемлекеттік ұлттық саясатта барлық этностардың мүддесіне деген құрметке негізделген ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру болатындығы айқындалды. Барлық облыстарда кіші Ассамблеялар құрылып, олардан сессияға 260 делегат сайланды. Сессия 1995 жылы 24 наурызда Алматы қаласында өтті және оның құрамына 40 ұлттық-мәдени орталықтың өкілдері енді. Сессияда Қазақстан Президенті Н.назарбаев баяндама жасап, Ассамблеяның ұйымдастырушылық құрылымдары белгіленді.

Ассамблея құру идеясы қоғамды топтастырушы күш ретіндегі тұжырымдама негізінде ұсынылған болатын. Ассамблея мемлекеттік басқару деңгейіндегі ұлттық саясатты жетілдіруге белсенді түрде атсалысады. Ассамблея Президент жанындағы ұжымдық орган ретіндегі, ал облыстық бөлімдері әкімшілік басшысы жанындағы орган ретіндегі мәртебеге ие. Ассамблея құрылған кезден бастап ұлттық саясаттың барлық бағыттары бойынша мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысып келеді.

Ассамблея этномәдени бірлестіктерді құрамына біріктіреді және олардың жетекшілері Қазақстан халқы Ассамблеясы мен кіші ассамблея мүшесі болып табылады. Ал 2008 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданды.

Ассамблея мен этномәдени орталықтар тарапынан көтерілетін бастамалар мемлекеттік деңгейдегі қолдауға ие болады. 1995 жылы сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясы республика тарихында алғаш рет Қазақстан республикасы Президентінің өкілеттілігін 2000 жылы 1 желтоқсанына дейін ұзарту жөніндегі жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастама көтерді. Мұндай маңызды қоғамдық бастамадан кейін іс жүзінде Ассамблея көпұлтты Қазақстан халқын топтастыратын белсенді қоғамдық институтқа айналды. Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылғы Конституцияның қабылдануына да үлкен қолдау білдірді. Бұл тарихи оқиғалар еліміздегі қоғамдық саяси және құқықтық ахуалға оң өзгерістер әкелгені баршамызға аян.

Қазақстан халқы Асамблеясы ан алуан этностарды азаматтық тұрғыда топтастырудың қуатты құралдарының біріне айналды. Жалпы алғанда, өз қызметінің алғашқы күндерінен бастап Ассамблея еліміздегі этностардың мәдениетінің қайта жаңғыруы мен дамуына елеулі ұлес қосып келеді. Наурыз мейрамы, корей, неміс мәдениетінің фестивальдері, татарлар мен башқұрттардың сабантойы жалпы халықтық сипатқа ие болды. Дүнгендер, курдтар сияқты, т.б. халықтардың мейрамдары мен түрлі форумдары республикалық деңгейде дәстүрлі түрде өткізіліп отырады.

Ассамблеяның белсенді қызметінің нәтижесінде Қазақстандағы этностардың мәдени өмірі жандана бастады. Өйткені Ассамблея этникалық топтар арасындағы ұйымдастыру жұмыстарының орталығына айналды. Ассамблея органдарына мемлекеттік мәртебе берілуіне байланысты этномәдени орталықтардың мәселелері жедел шешімін тауып, кейбір өзекті мәселелер бойынша үкімет деңгейіндегі шешімдер қабылданады. Ассамблея Кеңесінің шешімімен этномәдени орталықтарға қаржылай және ұйымдастыру жұмыстары бойынша көмек көрсету мақсатында республикалық қор құрылған. Бұл қордың бөлімшелері әрбір облыстарда ашылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық «Ақиқат» және «Мысль» журналдарының құрылтайшысы және де ассамблея жанынан шығатын «Достық - Дружба» журналы бүкіл елімізге таралады. Ассамблея ЕҚЫҰ-мен де тығыз байланыста жұмыс жүргізіп келеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясында 1996 жылдан бері 1 мамырда Қазақстан халқы бірлігі мерекесі ретінде атап өту идеясын туған еді.

Бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі әрбір этностың мүддесін қорғайтын қоғамдық бірлестік. Ассамблея көпұлтты Қазақстан халқын топтастырушы институт ретінде қалыптасып болды деп есептеуге толық негіз бар. Ассамблея Қазақстан азаматтарын отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге, халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайту ісіне өлшеусіз үлесін қосып келеді.

Ассамблеяның ең жоғарғы органы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы болып табылады. Ал Ассамблея Кеңесі заң жобаларын сараптамадан өткізу, мемлекеттік тіл мен еліміздегі барлық халықтардың тілін және мәдениетін дамыту, жастардың бойында қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру, БАҚ-пен тығыз байланыс орнату, халықаралық байланыстар жүргізу, әрбір этностың мәдени дамуына ықпал ету сияқты, өзге де жұмыстарды жүзеге асырады.

Қазақстан халқы Асамблеясы үнемі даму үстінде болатын тірі ағза іспетті. Оған дәлел бола алатын құжаттар 2002 жылы 26 сәуірдегі Президент Жарлығымен қабылданған Қазақстан халқы Ассамблеясының 2011 жылға дейінгі даму стратегиясы және «қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ереже». Қазақстан халқы Ассамблеясын одан әрі жетілдіру туралы Президент Жарлығына сәйкес Президент әкімшілігі мен облыс әкімдері аппаратының құрылымында Ассамблеяның жұмыс органы – хатшылықтар құру туралы нұсқау берілген. Ал бұл органдар өз кезегінде ассамблеяның барлық жұмыыстарының тиімділігін арттыруға үлкен септігін тигізді.

Ассамблеяның өткізген барлық сессияларда Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанда ұлтаралық татулық пен келісімді нығайта беру бағытында ізденістерді жалғастырудың қажеттілігіне баса назар аударып отырды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы үлгісінде Ресей Федерациясында, Қырғыстанда халық Ассамблеялары құрылды. Бұл жерде тағы бір ерекше атап көрсететін жайт, ол Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің деңгейі жағынан да, қызметінің ауқымы жағынан да дараланып тұрады.

Ассамблея өзінің құрылымы жағынан республикалық, облыстық және қалалық этномәдени орталықтарды біріктіретін ұйым болып табылады.

Қазіргі заман тарихының жылнамасы Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің күнделікті қызметінде Қазақстан халқы Ассамблеясына ерекше көңіл бөліп отыратындығын дәлелдейді. Күллі Қазақстан халқы мен еліміздегі әрбір этностың болашағы – Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін зор жауапкершілік.

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы


Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен қабылданған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Он жеті жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.
Ассамблеяның қызметі

Қазақстан түрлі халық өкілдерінің әнұран шырқау сәті. Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді. Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады. Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді. Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді. Жыл сайынға халықтық мерекелер Наурыз, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица, сабантой дәстүрге айналды. Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады. Сондықтан 2010 жылы сәуірде азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы қабылданды. Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы – халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл – бізді қандай күш біріктіреді және біртұтас етеді - соны түсінудің тәсілі. Бұл – болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні.

Ел Президенті еліміздегі тіл мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Этносаралық қатынастар жүйесінде мемлекеттік тіл ел бірлігін қалыптастырудың маңызды факторы болып танылған. Сондықтан да Ассамблея қызметінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту маңызды орынға ие. Ассамблея қызметі этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешіп келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық беделінің өсуіне ықпал етуде. Бүгінде Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісі әлем назарын аударып отыр.

Қазақстандық үлгі Біріккен ұлттар ұйымында, ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерде, Копенгагенде, Венада, Женевада, Нью-Йоркте өткен халықаралық форумдарда таныстырылып оң бағаға ие болды, ЕҚЫҰ-ға қатысушы 56 мемлекет тіліне аударылды.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун елімізге сапары барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен танысып Ассамблея принципі БҰҰ-ның жұмыс принципімен толық сәйкес келеді деп атап өтті.

Қазақстандық үлгі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар ісі жөніндегі Жоғары комиссары арасындағы өзара іс қимылдың негізгі бағыттарының біріне айналды. Қазақстандағы қоғамдық келісім үлгісіне қызығушылық танытушы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар саны күн санап артып келеді.


Ассамблея туралы Заң

2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойылды. Осы заң этносаралық қатынастар саласындағы негізгі принциптерді айқындай отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының мәртебесін заң деңгейінде бекітті. Этносаралық қатынастар субъектілерінің жұмысының елімізде жүргізіліп келе жатқан саяси бағытпен үндес жаңа жүйесін қалыптастырды.

Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

Заңға сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы ол – заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме.

Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады.

Ассамблеяның негізгі міндеттері:



  • этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

  • халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;

  • қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;

  • азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;

  • Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;

  • Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.

Ассамблея құрылымы

Қазақстан Республикасының Президенті Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады, Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды, Ассамблея басшылығының лауазымды адамдарын қызметке тағайындайды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне — Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығы тиесілі. Ассамблеяның құрылымын Ассамблея Сессиясы, Ассамблея Кеңесі, Ассамблея Хатшылығы, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары құрайды.

Ассамблея Сессиясы – Ассамблея мүшелерінің жиналысы Ассамблеяның жоғары басқарушы органы болып табылады. Сессияны Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады. Кезекті Сессияны шақыру туралы өкім кезекті Сессияның еткізілетін күні, орны жене күн тәртібі көрсетіліп, ол басталғанға дейін отыз күннен кешіктірілмей қабылданады, бұл туралы ресми бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады. Кезектен тыс Сессия Ассамблея Төрағасының, Ассамблея Кеңесінің бастамасы бойынша немесе Ассамблея мүшелері жалпы санының кемінде үштен бірінің өтініші бойынша шақырылады жене оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде өткізіледі.

Ассамблея тарихында XVIII сессия өткізіліп, онда қоғам өмірінің маңызды мәселелері мен мемлекет дамуының негізгі бағыттар талқыланды. Сессиялар аралығындағы кезеңде Ассамблеяны басқаруды Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен құрылатын Ассамблея Кеңесі жүзеге асырады. Кеңестің құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс органы оның Хатшылығы дербес құрылымдық бөлім ретінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрамына кіреді. Ассамблеяның және облыстар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеяларының құрамы - этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерінің, мемлекеттік органдар өкілдерінің және олардың қоғамдағы беделі ескеріле отырып Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан қалыптастырылады. Қазіргі уақытта Ассамблеясының құрамында 390 мүше бар. Ассамблеяға мүшелікке кандидатуралар облыстардың этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктерінің ұсыныстары негізінде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары сессияларының шешімі бойынша, сондай ақ республикалық, өңірлік этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдарының шешімі бойынша ұсынылады. Ассамблея қызметін ғылыми сүйемелдеу үшін Ғылыми-сарапшылық кеңес құрылып, қызмет атқаруда. Ғылыми-сарапшылық кеңестің құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің, ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ ғалымдар, тәуелсіз сарапшылар мен мамандар кіреді. Этносаралық мәселені жариялаудың ерекшелігі ескеріле отырып Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан Журналистер мен сарапшылар клубы құрылған. Клуб жұмысының басты бағыты журналистер мен сарапшылар үшін этносаралық тақырыпты жариялаудың лайықты дәстүрін қалыптастыру, сондай-ақ Ассамблея мен БАҚ арасындағы байланысты тереңдету болып табылады. Барлық аймақтарда Достық үйлері өз жұмысын тиімді атқарып келеді, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астана қаласында – Бейбітшілік және келісім сарайы салынды. Мұнда жыл сайын Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиялары, әлемдік дәстүрлі діндер съездері, өзге де маңызды іс-шаралар өтеді.

Ассамблеяның жұмыс органы Ассамблея Хатшылығы Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымында дербес құрылымдық бөлiм болып табылады. Хатшылықты бiр мезгiлде Ассамблея Төрағасының орынбасары болып табылатын Хатшылық меңгерушiсi басқарады. Осы тетіктер Ассамблеяның мемлекеттік басқару мен қоғамдық қатынастардағы нақты әрекет етуі мен тиімділігінің негізі.

Ассамблеяның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ассамблеяларының құрамы Қазақстан Республикасы азаматтарын - этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерін, мемлекеттік органдар өкілдерін және қоғамда өзіндік орны, абырой-беделі бар тұлғаларды қамтиды. Қазіргі уақытта Ассамблея құрамында 394 мүше бар.

Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі оның еліміздің жоғары заң шығару органында - Парламентте этностық топтар мүдделерінің кепілді өкілдік етуін қамтамасыз етуі болып табылады.

Парламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған 9 депутат еліміздің барлық этностары атынан өкілдік етеді. Бұдан басқа қазақстандық этностық қоғамдастық өкілдері Парламенттегі өкілдігі өкілді органдарға саяси партиялар арқылы сайлауға тікелей қатысу негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің құрылған кезінен бастап орасан біріктірушілік және зияткерлік әлеует жинақтап және халықтық дипломатия институты үлгісіне бейімделе отырып, ұзақ даму жолынан өтті. Еліміздегі 100-ден аса этностың басын біріктіретін бірегей құрылым тұрақтылықты сақтап, республиканың ілгерілей дамуы үшін маңызды роль атқарды. Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл әлемге Қазақстанның этносаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған саясатының табысты екенін паш етіп келеді.

Жалпы алғанда негізінен Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі, әрбір азамат этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан Конституцияда кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алатындай ерекше сенім, ынтымақ, өзара түсініктік ахуалы қалыптасты.

Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді.



Ассамблеяның Парламенттік өкілдігі

Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі этностық топ өкілдері мүдделерін жоғары заң шығару органында – ел Парламентінде білдіру болып табылады. Конституцияға 2007 жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған Парламент Мәжілісінің 9 депутаты, елдегі барлық этностардың мүддесін білдіреді. Ассамблеядан сайланған депутаттар заң шығарушылық процесіне белсенді қатысып, заң шығарушылық бастамашылық құқығын жиі пайдаланады. Этносаралық қатынастарға қатысты қабылданатын барлық заң жобалары депутаттардың тиісті сараптауынан өтеді.


ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ ТУРАЛЫ

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығы     



«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ереже бекітілсін.


2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті                                           Н. Назарбаев

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығымен


БЕКІТІЛГЕН 

Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы


ЕРЕЖЕ 

Осы ереже Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесі мен өкілеттіктерін, сондай-ақ оның мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылының ұйымдастырылу ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысу тәртібін айқындайды. 



1. Жалпы ережелер 

1. Қазақстан халқы Ассамблеясы (бұдан әрі - Ассамблея) - заңды тұлға құрмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме болып табылады.


2. Ассамблея қызметі Қазақстан Республикасы Конституциясына, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
3. Ассамблея қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады. 

2. Ассамблеяның функциялары мен өкілеттіктері 

4. Жүктелген міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ету үшін Ассамблея мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдеседі;
2) этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім, мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту саласында шаралар әзірлеу мен іске асыруға қатысады;
3) этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік ұлттық саясат мәселелері жөніндегі заң актілерінің жобаларына қоғамдық-саяси сараптама жасауға қатысады;
4) этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
5) мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың Ассамблея сессиялары мен оның Кеңесінің шешімдерін қарауына бақылау жасайды;
6) өңірлік деңгейдегі этносаралық қатынастар саласындағы саясатты жетілдіруге жәрдемдеседі;
7) өз құзыреті аясында мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және этномәдени бірлестіктерге әдістемелік көмек көрсетеді;
8) этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісін елде және шет елдерде насихаттайды;
9) этносаралық қатынастардың жай-күйіне мониторингті жүзеге асырады;
10) этносаралық қатынастар саласындағы келіспеушіліктер мен дауларды реттеу, қақтығысты жағдайларды болдырмау жөнінде ұсынымдар тұжырымдайды және практикалық шараларды іске асырады;
11) өз құзыреті шегінде шет елдердегі қазақ диаспорасына ана тілін, мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін сақтау мән дамыту, оның тарихи Отанымен байланыстарын нығайту мәселелерінде қолдау көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, сондай-ақ Қазақстанның басқа да этностарына өздерінің тарихи отанымен байланысын дамытуға жәрдемдеседі;
12) баспа қызметін жүзеге асырады, қажеттілігіне қарай бұқаралық ақпарат құралдарын құрады;
13) этносаралық қатынастар мәселелері бойынша семинарлар, конференциялар және өзге де шаралар өткізеді;
14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында қайырымдылық және демеушілік көмек қабылдайды және көрсетеді;
15) өз құзыреті аясында Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
5. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Ассамблеяның өмір бойғы Төрағасы болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Ассамблеяны құрады, оның қызметінің негізгі бағыттарын айқындайды, Ассамблея Төрағасының орынбасарларын тағайындайды.
6. Ассамблея Төрағасы Ассамблеяны басқарады және Ассамблея қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның бағдарламалық құжаттарын бекітеді, оның атынан мәлімдеме жасайды.
7. Ассамблеяның жоғары басқарушы органы Ассамблея мүшелерінен тұратын және «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген тәртіппен шақырылатын Ассамблея сессиясы (бұдан әрі - Сессия) болып табылады.
8. Сессия өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдауға құқылы. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттарды сайлаудан басқа, Сессия шешімдері республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын Ассамблея үндеуі нысанында ресімделуі мүмкін. Сессия шешімдері мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың міндетті қарауына жатады.
Сессия жұмысы Сессия бекітетін регламентпен реттеледі.
9. Сессиялар аралығындағы кезеңде Ассамблеяны басқаруды «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес құрылатын және Ассамблея Төрағасы немесе Ассамблея Төрағасымен келісім бойынша Төраға орынбасарлары шақыратын Ассамблея Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) жүзеге асырады.
Кеңес шешімі, егер оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі оны жақтап дауыс берсе Ассамблеяның жұмыс органы жүргізетін сұрау салу жолымен қабылдануы мүмкін.
10. Ассамблея Төрағасының үш орынбасары бар, оның екеуі этномәдени бірлестіктерден тағайындалады.
Ассамблея Төрағасының этномәдени бірлестіктерден тағайындалатын орынбасарлары алмастыру тәртібімен Кеңестің ұсынымының негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен тағайындалады. Төраға орынбасарларының алмасу кезеңін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
Этномәдени бірлестіктерден тағайындалатын Ассамблея Төрағасы орынбасарларының қызметін қамтамасыз етуді Ассамблеяның жұмыс органы жүзеге асырады.
11. Ассамблеяның жұмыс органы Ассамблея Хатшылығы (бұдан әрі - Хатшылық) - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Хатшылықты бір мезгілде Ассамблея Төрағасының орынбасары болып табылатын Хатшылық меңгерушісі басқарады.
Хатшылықтың міндеттері:
1) Ассамблеяның, оның Төрағасы мен Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің этносаралық қатынастар саласындағы өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
Хатшылықтың Қазақстан Республикасы Президентінің, сондай-ақ Ассамблеяның этносаралық қатынастар саласындағы өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету бойынша өкілеттігі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі актілерімен айқындалады.
12. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары өз қызметін жүзеге асыру кезінде Ассамблеяның алдында есеп береді және жауапты болады.
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеяларының құрылу тәртібі мен құқықтық мәртебесі «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.
13. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеяларының жұмыс органы әкім аппаратының құрылымына дербес құрылымдық бөлімше ретінде кіретін облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының хатшылығы болып табылады. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясы хатшылығын меңгеруші басқарады. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясы хатшылығының меңгерушісін тиісті әкім Хатшылықтың келісімімен қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
14. Ассамблеяның міндеттері мен функцияларын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Хатшылық қажет болған жағдайда комиссия, оның ішінде басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесе отырып, құруы мүмкін.
15. Ассамблея қызметін ғылыми сүйемелдеу үшін Ғылыми-сарапшылық кеңес құрылады.
 Ғылыми-сарапшылық кеңестің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасындағы этносаяси, әлеуметтік-экономикалық және конфессиялық даму үрдісін кешенді сараптамалық бағалау, аталған үдерістердің елдегі және әлемдегі дамуына болжам жасау;
2) Ассамблея қызметін этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік этносаясаттың өзекті бағыттары бойынша ғылыми сараптамалық сүйемелдеу;
3) этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру;
4) Ассамблеяның демократияны дамытуда, қазақстандық қоғамның тұтастығын нығайтуда, жалпыұлттық келісімге қол жеткізуде саяси және азаматтық институт ретіндегі рөлін күшейтуге жәрдемдесу болып табылады.
16. Ғылыми-сарапшылық кеңес төрағадан, оның орынбасарларынан және Ғылыми-сарапшылық кеңес мүшелерінен тұрады.
Ғылыми-сарапшылық кеңестің төрағасы мен оның орынбасарлары Ғылыми-сарапшылық кеңес отырысында сайланады.
Ғылыми-сарапшылық кеңестің құрамына келісім бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің, ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ ғалымдар, тәуелсіз сарапшылар мен мамандар кіре алады.
Ғылыми-сарапшылық кеңес өз қызметіне, шетелдіктерді қоса алғанда, Ғылыми-сарапшылық кеңес мүшесі болып табылмайтын сарапшыларды тарта алады.
17. Ғылыми-сарапшылық кеңес төрағасының, оның орынбасарларының және Ғылыми-сарапшылық кеңес мүшелерінің міндетін атқару қоғамдық негізде жүзеге асырылады.
18. Ғылыми-сарапшылық кеңес туралы ережені және оның құрамын Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі бекітеді.
19. Ассамблеяның заңнамалық актілерді және басқа да бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге, ақпараттық - насихаттық, сондай-ақ басқа да іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық - насихаттық, сараптамалық, басқа да жұмыс топтары құрылуы мүмкін.
20. Ғылыми-сарапшылық кеңестің, комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметін үйлестіруді Хатшылық жүзеге асырады.

 2. Ассамблеяның мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылын ұйымдастырудың ерекшеліктері

 21. Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты, осы салада мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының тиімді қарым-қатынасын іске асыруды қамтамасыз ету және этносаралық келісім мен қоғамдағы толеранттылықты одан әрі нығайту үшін Ассамблея мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.
22. Мемлекеттік органдардың Ассамблеяның бағдарламалық құжаттарын және Ассамблея мен оның Кеңесінің шешімдерін орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, Қазақстан Республикасының Президентінің, Ассамблея Төрағасының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының этносаралық қатынастар, толеранттылық пен қоғамдық келісімді нығайту мәселелері жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберіндегі қызметін үйлестіруді Хатшылық жүзеге асырады.
23. Қазақстан халқы Ассамблеясының Ассамблеядан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен өзара іс-қимылын ұйымдастыруды Хатшылық жүзеге асырады.
24. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктермен, азаматтық қоғамның басқа да институттарымен, шет елдердің осыған ұқсас құрылымдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен ұлттық бірлікті нығайту және Қазақстанның мәдени-тілдік әралуандығын, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау және этностық топтардың құқықтарын қорғау бойынша өзара іс-қимылын Қазақстан Республикасы заңнамасы аясында Хатшылық қамтамасыз етеді.

 

3. Ассамблеяның Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу тәртібі



 25. Қоғамды ұйыстыру, бірлікті қамтамасыз ету және ұлттық-мемлекеттік азаматтық бірегейлікті қалыптастыру, толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін одан әрі жетілдіру мақсатында, сондай-ақ қызметінің тиімділігін арттыру үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасының этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік ұлттық саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысады.
Хатшылық Ғылыми-сарапшылық кеңесті тарта отырып, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы бағдарламалық құжаттардың жобасын әзірлейді немесе әзірлеуге қатысады, оларды Кеңесте талқылауға енгізеді, Сессияда қарауды ұйымдастырады, Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне жолдайды.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.12.21 № 450 Жарлығымен.
26. «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, сондай-ақ орта мерзімді кезеңге арналған тұжырымдамалық ұсынымдар негізінде Ассамблея «Қазақстан халқы Ассамблеясының даму стратегиясы» тұжырымдамасын (бұдан әрі - Тұжырымдама) әзірлейді.
Әзірленген Тұжырымдама Ассамблея Төрағасының қарауына енгізіледі және ол мақұлданған жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Тұжырымдама стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары және заңдар арқылы іске асырылады.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.12.21 № 450 Жарлығымен.

27. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.12.21 № 450 Жарлығымен.

28. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.12.21 № 450 Жарлығымен.
29. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.12.21 № 450 Жарлығымен.

 

ҚОР ТУРАЛЫ

 

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ

 

«ҚХА Қоры» ҚҚ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2008 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІV сессиясында берген тапсырмасы бойынша құрылды.



«… Шешімін табуды қажет ететін маңызды мәселенің бірі, Ассамблеяның, оның аумақтық құрылымдарының және де этномәдени бірлестіктердің қызметін қаржыландыруға байланысты. Іскер жандардың тұрақтылыққа салымы – бұл олардың мүддесіне қатысты, біздің болашаққа құйған инвестициясы. Мұндай жұмысты ұйымдастырып, қоғамдық қаражатты тарту үшін Ассамблея жанынан арнайы қор құруға болады. Оның қызметі барынша мөлдір болуы тиіс...» - ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ҚХА ХІV сессиясында сөйлеген сөзінен.

 

«ҚХА ҚОРЫ» ҚҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ

 

Этносаралық қатынас және қоғамдық келісім саласында ҚХА әлеуметтік маңызды жобаларын және де Қазақстан халқы Ассамблеясы мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін мәдени-ағарту, рухани-адамгершілік және өзге де қоғамдық-пайдалы қызметтерді жүзеге асыру.



 

«ҚХА ҚОРЫ» ҚҚ МІНДЕТТЕРІ

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға әрекеттесу.



Этномәдени бірлестіктерге көмек көрсету.

Қордың қазақстандық, шетелдік және халықаралық ғылыми үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтар тарапынан Қазақстан халқы Ассамблеясы міндеттерін жүзеге асыру үшін инвестиция, зияткерлік, қаржылық және техникалық қолдау тартуы. 

 

«ҚХА ҚОРЫ» ҚҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАҒЫТТАРЫ

 

Этномәдени бірлестіктердің (ЭМБ) ұлттық бірлікті нығайту бойынша әлеуметтік маңызды жобаларын жүзеге асыру және қолдау.



Қазақстанның мәдени және тілдік саналуандылығын сақтауға септігін тигізетін ЭМБ қолдау бойынша шаралар кешенін жүргізу.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сараптамалық кеңес жұмысын ұйымдастыруға әрекеттесу.

Халықаралық қауымдастықта Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім қазақстандық үлгісін нығайту мен танымал ету бойынша жобаларды жүзеге асыру.

Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін ақпараттық қолдау.

Қазақстанның мемлекеттік тілі мен этностардың төл тілдерін зерделеуде инновациялық технологияларды енгізу.

ҚР азаматтарының бойында толеранттылық мәдениетін қалыптастыру, ұлттық бірлікті нығайту, қазақстандық патриотизм мен ұлттық-мемлекеттік бірдейлікті тәрбиелеу, ел мен шетелде мәдениетаралық сұхбатты әрі қарай қалыптастыру.

 

«ҚХА ҚОРЫ» ҚҚ ҚҰРЫЛЫМЫНА КІРЕДІ

 

«Тілдарын» тілдерді оқытудың инновациялық технологияларының әдістемелік орталығы.



Жетекші сарапшы журналистердің клубы.

«ҚХА Қоры» ҚҚ жанынан «ҚХА кәсіпкерлерінің қауымдастығы» ЗТБ құрылған.

 


Ассамблея народа Казахстана
Ассамблея народа Казахстана — консультативно-совещательный орган при Президенте Республики Казахстан. Первоначальное название — Ассамблея народов Казахстана, переименована в 2007 году (на иллюстрирующей почтовой марке указано старое название).
Цели и Задачи

Равенство прав и свобод граждан республики, независимо от расы, национальности, языка, отношения к религии, принадлежности к социальным группам;

всестороннее развитие национальных культур, языков и традиций народов Казахстана;

расширение интеграционных связей с международными организациями;

формирование казахстанской идентичности путём консолидации этносов Казахстана;

формирование и распространение идей духовного единства, укрепление и сохранение дружбы народов и межнационального согласия;



Деятельность Ассамблеи направлена на решение следующих задач:

- содействие сохранению в республике межнационального и межконфессионального согласия, стабильности в обществе;

- выработка предложений по проведению государственной политики, способствующей развитию дружественных отношений между представителями национальностей, проживающими на территории Казахстана, содействие их духовно-культурному возрождению и развитию на основе соблюдения принципа равноправия;

- формирование политической культуры граждан, опирающейся на цивилизованные и демократические нормы;

- обеспечение учета многообразных национальных интересов в проводимой государством национальной политике;

- поиск компромиссов для разрешения возникающих в обществе социальных противоречий.



Организация

Председателем Ассамблеи народа Казахстана по должности является президент Казахстана — Нурсултан Назарбаев.

- Председатель Ассамблеи определяет и утверждает основные направления деятельности Ассамблеи. Председатель ассамблеи имеет двух заместителей.

- Заместитель председателя ассамблеи назначается на основании рекомендаций Совета Ассамблеи актами Президента Республики Казахстан.

- Сессии Ассамблей созываются Председателем Ассамблеи. Дата, место проведения и предполагаемая повестка дня сессии Ассамблеи объявляются за месяц до начала её работы. Сессия созывается не реже одного раза в год.

- В настоящее время Ассамблея имеет в своем составе 350 членов.

Состав Ассамблеи формирует Председатель Ассамблеи из числа представителей национально-культурных и других общественных объединений, а также иных лиц с учётом их авторитета в обществе, общественно-политической активности.

В каждой области Казахстана существуют малые Ассамблеи народа Казахстана и являются консультативно-совещательными органами при акимах (мэрах)

Сессии Ассамблеи созываются Председателем Ассамблеи. Дата, место проведения и предполагаемая повестка дня сессии Ассамблеи объявляются за месяц до начала ее работы. Сессия созывается не реже одного раза в год. Внеочередная сессия Ассамблеи созывается Председателем Ассамблеи по собственной инициативе или по просьбе не менее одной трети от общего числа членов Ассамблеи и проводится в месячный срок со дня принятия решения. Кандидаты в члены Ассамблеи народов Казахстана выдвигаются решениями сессий малых ассамблей по предложениям национально-культурных центров, а от региональных и республиканских общественных объединений рекомендуются решениями их высших органов. В стране действует более 100 национальных школ, функционирует 170 воскресных школ, где изучаются 23 родных языка. В трех школах национального возрождения работают 29 отделений по изучению 12 родных языков. На финансовую поддержку этих школ Правительство страны выделяет ежегодно 12 млн. тенге. Кроме того, им оказывается помощь и из местного бюджета.

Деятельность Ассамблеи способствует росту международного авторитета Республики Казахстан как страны эффективно решающей проблемы межнациональных отношений. Вклад Ассамблеи по достоинству оценен на самом высоком уровне. Генеральный секретарь ООН Кофи Аннан, совершивший визит в нашу страну, назвал Казахстан примером межнационального согласия, стабильного, устойчивого развития для других государств мира. Высоко отозвался о казахстанском народе и Римский Папа Иоанн Павел II, посетивший Казахстан.


ЗАКОН РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН «ОБ АССАМБЛЕЕ НАРОДА КАЗАХСТАНА»

 Об Ассамблее народа Казахстана

Закон Республики Казахстан от 20 октября 2008 года N 70-IV 

Оглавление  

Настоящий Закон определяет статус, порядок формирования и организацию работы Ассамблеи народа Казахстана, направленных на реализацию государственной национальной политики, обеспечение общественно-политической стабильности в Республике Казахстан и повышение эффективности взаимодействия государственных и гражданских институтов общества в сфере межэтнических отношений. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет