Білім сапасының негізі мұҒалімнің КӘсіби дамуы



Дата06.11.2019
өлшемі155.17 Kb.
БІЛІМ САПАСЫНЫҢ НЕГІЗІ - МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ
Зулхарова Айнагул Бакыткалиевна

Маңғыстау көпсалалы «Келешек» колледжінің

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.

«Құрметті ұстаз» төсбелгісі Санаты: жоғары



Қазақтың XX ғасырдағы белгілі ағартушысы

Ж.Аймауытов «Қазіргі қазақ мектебіне

қажеттісі - тек білім беруші мұғалім ғана емес,

...баланы өмір сүруге үйретуші ұстаз!» -деген еді.
Білім сапасы - мұғалімдер қызметінің сапасы. Мұғалім оқушыны «қалай оқыту керек?» деген сауалға жауапты үнемі іздеп жүруі керек. Бұл сауалдың жауабын тек мұғалімнің кәсіби даярлығынан, өз ісін кәсіби түрде жоспарлай алуынан, сонымен қатар нақты мақсаттарды болжап, көре алуынан, баланың әрекетін ұйымдастыра білетін шеберлігінен іздеу керек.

Сондықтан, уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту – бүгінгі күннің басты міндеті. Қазіргі жағдайда еліміздің білім беру жүйелерінде XXI ғасыр жастарына білім беру мен тәрбиелеу бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Ал мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты – білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін бақылаудың, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс – тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу.

Тәуелсіздік туын мәңгілік тұғыры еткен егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі, ғаламдық мәдениеттегі өз орны, ең алдымен, білім мен тәрбиенің бастауы саналатын ұстаз қолында.

Заман талабына сай білім беру–бұл оқушыларды адамгершілік, интелектуалдық мәдени дамудың жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процессінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілетімен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді.

ХХІ ғасыр ұстазы - ең алдымен, ізденімпаз-ғалым, шебер психолог, тынымсыз еңбеккер, ортаның ұйтқысы, жан-жақты шебер, терең қазыналы білімпаз, гуманист, белсенді патриот болғанда ғана қоғамның мықты да білікті, жоғарғы мәдениетті, жан-жақты дамыған, шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелейтінімізге нық сене аламыз.

Бабалар аманаты - бабалар тәрбиесін қолдан шығарып алмау үшін, аманатқа қиянат жасамау үшін де қастерлі саналатын ұстаздық деген киелі атты шын мәніндегі лайықты дәрежесінде, толыққанды түрде көрсету білу - бүгінгі жаңашыл ұстаздың басты міндеті.

Бұдан бұрын қазақтың бас ақыны А.Құнанбаев: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп, шын мәнінде мұғалім қалай болу керектігін нақты айтып көрсетіп кеткен еді.

ХХІ ғасырдың бәсекеге қабілетті тұлғасын дайындауда білім сапасын көтеру мақсаты басты назарда келеді. Бұл істің игілігі өз кезегінде мұғаліммен тікелей байланысты.

Осыған сәйкес білім саласын Стратегиялық дамыту жоспарында төмендегі бағыттар белгіленді:

1. Қандай да бір ел өзінің адами ресурстарының дамуын ұзақ мерзімді даму стратегиясының аса жоғары басымдылығы ретінде айқындайды.

2. Сауатты адамдарсыз заманауи инфрақұрлымды дамыту, тиімді мемлекеттік аппаратты құру, қолайлы бизнес ортаны қамтамасыз ету мүмкін емес.

3. Білім беру жүйесін жетілдіру, ең алдымен оның сапасын арттыру мемлекеттің таяу онжылдықтағы басты басымдықтарының бірі болып табылады.

Сонымен қатар, «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасында» білім сапасын қамтасыз ету басымдылық ретінде белгіленіп отыр.

XXI ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры болады деп күтілуде. Сондықтан бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәліметтер беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп, еңбек етуге дайындауы тиіс. Бұл - ақпараттар ғасырының талабы. Өз пәнінің шеңберінде қалып қойған мұғалім балаға білім, тәрбие берудегі биік мақсаттарға жете алмайтыны анық.

Сондықтан ХХІ ғасыр мұғаліміне керекті:

бірінші талап - жан-жақты болу.

Осы мақсатта мұғалімді оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады. Негізгі алғышарт мұғалімдердің өздігінен реттелетін оқуын дамытуға ықпал ететіндігі болып табылады.



Екінші талап - мұғалімінің кәсіби шеберлігі, біліктілік деңгейі. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, зерттеушілік қызметі мұғалімдік жұмысқа дайындық барысында, іс- тәжірибеде және қайта даярлау кезінде қалыптасып тәрбиеленеді.

Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов «Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы» - деп бекер айтпаған.

«Біліктілік» деп қандайда бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық дәрежесінің деңгейін айтады. Кез-келген қызметкер біліктілігін ұдайы жетілдіріп отыруы қажет.

Білім сапасының арттырудың кілті педагог қолында десек, оның білімін жетілдіру басты роль атқармақ. Егер педагог мамандардың біліктілігін жүйелі арттырса, онда үлкен жетістікке қол жеткізуге болары анық.

Қазіргі нарық жағдайындағы мұғалімге қойылар үшінші талап - бәсекеге қабілеттілігі. Жаңа ғасырдың жеке тұлғасын қалыптастыру бағытында білім беру мәселесі басты назарда болып отырғандықтан, елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, білім беру мазмұнының өзгеруі, оның әлемдік білімкеңістігіне енуі мұғалімдер алдында жаңа талаптар, жаңа міндеттер қойылып отыр. Бұл ретте Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ғасыр мақсаты - қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деген болатын.

Төртінші талап - мұғалімнің «өзіндік жаңалығының» болуы. Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек.

Қазіргі оқу процесін ұйымдастыру тек қана білім берумен ғана шектелмейді, оқушының жан-жақты дамуына, ақыл-ойы мен ойлау тәсілдеріне үйрету, талдау жасау, салыстыру, байқау мүмкіндіктеріне баулу және одан қорытынды шығаруға үйрету, дағдыландыру болып табылады.



Осындай кәсіпке баулу жұмыстарының нәтижесінде колледж студенттерінің арасында көптеген шаралар ұйымдастырылып отырады. Студенттер арасында білімдік пәндік олимпиадалар өтіліп, студенттер жүлделі орындарға ие болып, облыстық олимпадаға қатысып жақсы жетістіктерден көрінді. Колледжішілік тәрбие шаралары ұйымдастырылып отырады.

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың: «Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы», – деген қанатты сөзі күллі түркі халықтарын бір серпілтіп, ертеңге деген сенім ұялатқаны жасырын емес. Елбасы және бір сөзінде: «Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы...

Сондықтан болашақ ұрпақ үшін білім беру мен тәрбиелеудегі тиімді ізденістер және әр елдің озық тәжірибелерін жүзеге асырып, әлемді педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту әр ұстаздың міндеті. Жас ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизммен бірге ұлттық мақтаныш, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, «Мәңгілік ел»- Қазақ елі атануымызға үлес қосу ұстаздардың басты мақсаты болуы керек деген ойдамын.

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,

Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.

Шаршаса да осы жолдың бойында,

Қандай рақат, шын бақытын тапса адам.

Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы,2010ж

2. Сапалы білім беру мен тәрбие беру – Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдығы 2013ж

3. Н.Ә.Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауы.



4. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жж дейінгі «Білім беруді дамыту бағдарламасы».

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет