"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 21-2 тармақшасына сәйкес бұйырамын



бет3/4
Дата17.05.2020
өлшемі1.01 Mb.
1   2   3   4
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы
білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру
ұйымдарын бағалауға арналған өлшемшарттар мен дескрипторлар


р/с



Бағыттар мен өлшемшарттар

Баға

Дескрипторлар

1

Басшылық және басқару сапасы

1.1

Қызметіне талдау және өзін-өзі бағалау (салмақтық коэффициенті = 1)

uzdik

Қызметіне талдаудың мазмұны жүйелі мониторинг деректерін пайдалана отырып жүргізілетін білім беру ұйымы қызметінің барлық бағыттары бойынша бағалау сипаттамаларына негізделген және талдап жинақталған тұжырымдарды қамтыған. Білім беру ұйымының дамуы бойынша тұжырымдар талдаудың шынайы нәтижелеріне сүйенген және мақсаттар мен міндеттерді қоюдан нәтижеге дейінгі ұжымның іс-әрекеті білінетін даму бағдарламасының негіздемесі болып табылады. Өзін-өзі бағалау білім беру ұйымындағы істердің нақты жағдайымен үйлеседі және өлшемшарттар мен дескрипторларға негізделген.

 

 

zhaqsy

Қызметіне талдаудың мазмұны жүйелі мониторинг деректерін пайдалана отырып жүргізілетін білім беру ұйымы қызметінің барлық бағыттары бойынша бағалау сипаттамаларына негізделген. Тұжырымдар барлық бағыттар бойынша талдап жинақтауды қамтымаған және талдау нәтижелерінен елеусіз айырмашылықтарға жол берген. Дегенмен, соған қарамастан тұжырымдар мақсаттар мен міндеттерді қоюдан нәтижеге дейінгі ұжымның іс-әрекеті білінетін даму бағдарламасының негіздемесі болып табылады. Өзін-өзі бағалау білім беру ұйымындағы істердің нақты жағдайымен негізінде үйлеседі және өлшемшарттар мен дескрипторларға негізделген.

 

 

ortasha

Талдау фактілер мен оқиғалардың пайда болу себептерін анықтамастан, олардың орын алуына ғана бағытталған. Білім беру ұйымы қызметінің барлық бағыттарына мониторинг жүргізу барысында жүйелілік жоқ. Тұжырымдар талдау нәтижелерінен өзгеше. Өзін-өзі бағалау білім беру ұйымындағы нақты жағдайдан алшақ және өлшемшарттар мен дескрипторлар бойынша талдауға сүйенбеген.

 

 

nashar

Талдау фактілер мен оқиғалардың пайда болу себептерін анықтамастан, олардың орын алуына ғана бағытталған. Білім беру ұйымы қызметінің барлық бағыттарына мониторинг жүргізілмеген. Тұжырымдар талдау нәтижелеріне толық сәйкес келмейді. Өзін-өзі бағалау көтермеленген және білім беру ұйымындағы нақты жағдайды көрсетпейді. Өзін-өзі бағалау барысында өлшемшарттар мен дескрипторлар бойынша талдау жүргізілмейді.

1.2

Миссияны түсінуі және стратегиялық дамуды жоспарлауы (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Миссия анық түзілген, білім беру процесінің барлық субъектілерінің қатысуымен жасақталған. Білім беру ұйымының даму перспективаларын қамтыған және миссияның ұзақ мерзімді және тактикалық мақсаттар мен міндеттерге сәйкес болуын қамтамасыз етеді. Даму стратегиясы сапа саясатын жүзеге асыруға бағытталған, қойылған мақсаттар мен міндеттердің шындық тұрғысында болуына мүмкіндік беретін теориялық негіздеме мен ресурстар талдауына ие. Педагогтардың, ата-аналар мен білім алушылардың миссияны түсінуі оны жүзеге асыруға қатысуынан көрінеді.

 

 

zhaqsy

Миссия ұжымның пікірі ескерілместен түзілген, бірақ білім беру ұйымының даму перспективаларын қамтыған. Миссияның ұзақ мерзімді және тактикалық мақсаттар мен міндеттерге сәйкес болуы қамтамасыз етілген. Даму стратегиясы сапа саясатын жүзеге асыруға бағытталған, қойылған мақсаттар мен міндеттердің шындық тұрғысында болуына мүмкіндік беретін теориялық негіздеме мен ресурстар талдауына ие. Педагогтар миссияны түсінеді, ал ата-аналар мен білім алушылар қолдау көрсетеді.

 

 

ortasha

Миссия әкімшілікпен түзілген және білім беру ұйымының даму перспективаларын қамтыған. Миссияның ұзақ мерзімді және тактикалық мақсаттар мен міндеттерге сәйкес болуы қамтамасыз етілген. Даму стратегиясының теориялық негіздемесі жеткіліксіз, қойылған мақсаттар мен міндеттердің шындық тұрғысында болуына күмән тудыратындай бар ресурстардың барлық кешенін есепке алмай жасақталған. Білім беру процесінің барлық субъектілері тарапынан миссияны түсіну мен қолдау көрсетудің болмауы байқалады.

 

 

nashar

Миссия әкімшілікпен түзілген, білім беру ұйымының даму перспективалары қамтылмаған. Миссияның ұзақ мерзімді және тактикалық мақсаттар мен міндеттерге сәйкес болуы қамтамасыз етілмеген. Даму стратегиясының тыңғылықты пысықталған теориялық негіздемесі жоқ, қойылған мақсаттар мен міндеттердің шындық тұрғысында болуына күмән тудыратындай бар ресурстардың барлық кешенін есепке алмай жасақталған. Ұжым мүшелері білім беру ұйымының миссиясын түсінбейді. Ата-аналар, білім алушылар, жұртшылық миссияның мазмұны туралы хабарсыз.

1.3

Функционалдық міндеттер бөлінісі және командалық жұмыс (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Функционалдық міндеттер қызметкерлердің кәсіптік, тұлғалық ерекшеліктері және білім беру ұйымы қызметінің аспектілері мен бағыттарын толық қамту ескеріле отырып бөлінеді. Қайталаудың болмауын, әкімшілік қызметінің реттілігі мен жүйелілігін, бағыты бойынша жауапты қызметкердің жетекшілік ететін мәселелер туралы ақпаратты толық меңгеруін атап көрсетуге болады. Ұжымның әрбір мүшесі өз міндеттері мен өкілеттіктерін біледі және орындайды. Әкімшілік мүшелерінің сабақтастығы және өзара алмастырылуы сақталады. Кадрлар резервімен жүйелі жұмыс жүргізіледі. Меритократия принциптері сақталады.

 

 

zhaqsy

Функционалдық міндеттер қызметкерлердің кәсіптік, тұлғалық ерекшеліктері және білім беру ұйымы қызметінің аспектілері мен бағыттарын толық қамту ескеріле отырып бөлінеді. Қайталаудың болмауын, әкімшілік қызметінің реттілігі мен жүйелілігін, бағыты бойынша жауапты қызметкердің жетекшілік ететін мәселелер туралы ақпаратты толық меңгеруін атап көрсетуге болады. Ұжымның әрбір мүшесі өз міндеттері мен өкілеттіктерін біледі және орындайды. Әкімшілік мүшелерінің сабақтастығы және өзара алмастырылуы сақталады. Кадрлар резервімен жұмыс ішінара жүргізіледі. Меритократия принциптері сақталмайды.

 

 

ortasha

Функционалдық міндеттер қызметкерлердің тек тұлғалық ерекшеліктері ескеріле отырып бөлінеді және білім беру ұйымы қызметінің аспектілері мен бағыттары толық қамтылмайды. Қайталаудың болуын, бағыты бойынша жауапты қызметкердің жетекшілік ететін мәселелер туралы ақпаратты әлсіз меңгеруін атап көрсетуге болады. Ұжымның әрбір мүшесі өз міндеттері мен өкілеттіктерін біледі, бірақ олардың барлығы бірдей оны толық көлемде орындамайды. Әкімшілік мүшелерінің сабақтастығы және өзара алмастырылуы сақталмайды. Кадрлар резерві немқұрайлы жасақталған. Шешім қабылдау ұжым мүшелерінің пікірі ескерілместен жүргізіледі.

 

 

nashar

Функционалдық міндеттер немқұрайлы бөлінген, қызметкерлердің кәсіптік, тұлғалық ерекшеліктері ескерілмеген, білім беру ұйымы қызметінің аспектілері мен бағыттары толық қамтылмаған. Ұжым мүшелері өз міндеттері мен өкілеттіктерін білмейді және орындамайды. Әкімшілік өз қызметкерлерінің мүмкіндіктері мен қабілеттіктерін нашар біледі. Кадрлар резерві жасақталмаған. Әкімшілік шешім қабылдауда ұжым мүшелерінің пікірлерін зерттемейді және ескермейді.

1.4

Мұғалімдерді кәсіби дамыту және ынталандыру (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Мектепішілік кәсіби дамыту жүйесі педагогтардың кәсіби деңгейін жетілдіруге бағытталған. Әдістемелік жұмыстың мазмұны мен түрлері бар әлеуеттің тиімді жұмсалуын және педагогтардың ізденіс мәдениетін белсенді түзілуін қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымы әдістемелік жаңалықтарды ендіру бойынша жобалардың қатысушысы болып табылады. Халықаралық әріптестік ұйымдастырылған. Өз білімдерін көтеруге және ақпараттық-білімдік қорларға қолжетімділікке, шығармашылық белсенділігін көрсетуге мүмкіндіктер жасалған. Өз білімдерін көтеру мен өзара әріптестікке ынталандыру деңгейі өте жоғары. Тәлімгерлік жүйесі нәтижелі жұмыс жасайды. Педагогтардың іс-әрекетін ынталандыру тетігі жасақталған.

 

 

zhaqsy

Мектепішілік кәсіби дамыту жүйесі педагогтардың кәсіби деңгейін жетілдіруге бағытталған. Әдістемелік жұмыстың мазмұны мен түрлері бар әлеуеттің жұмсалуын және педагогтардың ізденіс мәдениетін белсенді түзілуін қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымы әдістемелік жаңалықтарды ендіру бойынша жобалардың қатысушысы болып табылады. Өз білімдерін көтеруге және ақпараттық-білімдік қорларға қолжетімділікке, шығармашылық белсенділігін көрсетуге мүмкіндіктер жасалған. Өз білімдерін көтеру мен өзара әріптестікке ынталандыру бар. Тәлімгерлік жүйесі және еңбек өнімділігіне байланысты көтермелеудің икемді жүйесі нәтижелі жұмыс жасайды.

 

 

ortasha

Педагогтардың кәсіби деңгейін жетілдіруге бағытталған мектепішілік кәсіби дамыту жүйесі жоқ. Әдістемелік жұмыстың мазмұны мен түрлері дәстүрлі кейіпте және педагогтардың кәсіби дамуы бойынша кешенді міндеттерді толық қамтымаған. Өз білімдерін көтеруге және ақпараттық-білімдік қорларға қолжетімділікке жасалған мүмкіндіктер педагогтармен пайдаланылмайды. Өз білімдерін көтеру мен өзара әріптестікке ынталану ұжымның жекелеген мүшелерінде ғана байқалады. Тәлімгерлік жүйесі немқұрайлы ұйымдастырылған. Моральдық және материалдық көтермелеу еңбек ету нәтижелеріне байланысты әрқалай.

 

 

nashar

Педагогтардың кәсіби деңгейін жетілдіруге бағытталған мектепішілік кәсіби дамыту жүйесі жоқ. Әдістемелік жұмыстың мазмұны мен түрлері дәстүрлі кейіпте және педагогтардың кәсіби дамуы бойынша кешенді міндеттерді толық қамтымаған. Өз білімдерін көтеруге және ақпараттық-білімдік қорларға қолжетімділікке мүмкіндіктер жасалмаған. Өз білімдерін көтеру мен өзара әріптестікке ынталандыру жоқ. Тәлімгерлік жүйесі немқұрайлы ұйымдастырылған. Еңбек ету нәтижелеріне байланысты моральдық және материалдық көтермелеу жүргізілмейді.

1.5

Оқыту сапасын және білім беру қызметінің барлық аспектілерін мониторингтеу мен бағалау (салмақтық коэффициенті = 1)

uzdik

Жүйелі мониторинг білім беру процесінің барлық аспектілерін қамтиды, оның өнімділігі көрсеткіштері негізінде жүзеге асырылады. Бағалаудың шыншылдығы және тиісті басқарушылық шешімдерді қабылдау қамтамасыз етіледі. Алынған нәтижелер негізінде білім беру процесіне түзету енгізу бойынша жүйелі жұмыстар ұйымдастырылады. Педагогтар мен білім алушылардың іс-әрекетін бағалаудың рейтингтік жүйесі әзірленген және тиімді жұмыс жасайды.

 

 

zhaqsy

Кезеңдік мониторинг білім беру процесінің барлық аспектілерін қамтиды, оның өнімділігі көрсеткіштері негізінде жүзеге асырылады. Бағалаудың шыншылдығы және тиісті басқарушылық шешімдерді қабылдау қамтамасыз етіледі. Алынған нәтижелер негізінде білім беру процесіне түзету енгізу бойынша белгілі бір жұмыстар ұйымдастырылады. Педагогтар мен білім алушылардың іс-әрекетін бағалаудың рейтингтік жүйесі әзірленген және тиімді жұмыс жасайды.

 

 

ortasha

Мониторинг жүйесіз жүргізіледі, білім беру процесінің кейбір аспектілерін ғана қамтиды. Бағалаудың шыншылдығы және тиісті басқарушылық шешімдерді қабылдау қамтамасыз етілмейді. Педагогтар мен білім алушылардың іс-әрекеті мен жетістіктерін бағалау тетіктері ойластырылмаған.

 

 

nashar

Білім беру процесін мониторингтеу жоқ. Бағалаудың шыншылдығы қамтамасыз етілмейді, басқарушылық шешімдер қабылданбайды. Педагогтар мен білім алушылардың іс-әрекеті мен жетістіктерін бағалау тетіктері ойластырылмаған.

1.6

Білім беру ұйымындағы моралдық-психологиялық ахуал (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Басқарудың демократияшыл стилі байқалады. Әкімшілік шешім қабылдауда ұжымның пікірін ескереді. Ұжымның әрбір мүшесі өз көзқарасын еркін білдіре алады. Еңбекті жоғары деңгейде ұйымдастыру байқалады. Ұжымның ұсыныстары мен шарттары есепке алына отырып ұйым қызметінің циклограммасы жасақталған. Іскерлік ахуалы басымдыққа ие, өзара әріптестік пен өзара көмек деңгейі жоғары, бұл педагогтарға жүргізілген сауалнама нәтижелерімен дәлелденген. Өндірістік келіспеушіліктер жоқ. Жұмыс үшін ыңғайлы жағдайлар қалыптастырылған.

 

 

zhaqsy

Басқарудың әкімшілік және демократияшыл стилдерінің үйлестігі байқалады. Әкімшілік ұжымның пікіріне құлақ асады, шығармашыл бастамашылдық қошталады. Еңбекті жоғары деңгейде ұйымдастыру байқалады. Ұйым қызметінің циклограммасы жасақталған. Іскерлік ахуалы басымдыққа ие. Өзара әріптестік пен өзара көмек деңгейі жоғары, бұл педагогтарға жүргізілген сауалнама нәтижелерімен дәлелденген. Жұмыс үшін ыңғайлы жағдайлар қалыптастырылған. Келіспеушіліктер дер кезінде және әділ шешіледі.

 

 

ortasha

Басқарудың әміршілдік стилі басым. Ұйым қызметінің циклограммасын жасақтауда ұжымның пікірі ескерілмейді. Психологиялық ахуал тұрақсыз. Ұжым арасында қайшылықтар бар. Ұжым пікірінше жұмыс үшін ыңғайлы жағдайлар жасалмайды. Келіспеушіліктер дер кезінде және әділ шешіледі.

 

 

nashar

Басқарушылық әміршілдік стиль сипатында. Ұйым қызметінің циклограммасын жасақтауда ұжымның пікірі ескерілмейді. Ұжымда шиеленіскен моралдық-психологиялық ахуал қалыптасқан, қайшылықтар бар. Ұжым пікірінше жұмыс үшін ыңғайлы жағдайлар жасалмайды. Әкімшілік дүркін-дүркін орын алатын келіспеушіліктерді шешуге қауқарсыз.

1.7

Ережелер мен заңнамалардың нормативтік талаптарының сақталуы (салмақтық коэффициенті = 1,5)

uzdik

Білім беру ұйымының әкімішілігі мен ұжымы білім саласындағы ережелерді және нормативтік-құқықтық актілер талаптарын сақтайды. Жұмыстық оқу жоспары және жұмыстық оқу бағдарламалары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес келеді. Бұйрықтар мен басқа да ішкі актілер бекітілген талаптарға сәйкес жасалған. Білім беру ұйымының қызметі білім саласындағы қолданыстағы заңнамаларға толық сәйкес келеді.

 

 

zhaqsy

Білім беру ұйымының әкімішілігі мен ұжымы білім саласындағы ережелерді және нормативтік-құқықтық актілер талаптарын біледі және сақтайды. Жұмыстық оқу жоспары және жұмыстық оқу бағдарламалары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес келеді. Бұйрықтар мен басқа да ішкі актілерді әзірлеуде бекітілген талаптардан сәл ғана ауытқушылықтар бар, бірақ олар процеске және нәтижеге әсер етпейді. Білім беру ұйымының қызметі білім саласындағы қолданыстағы заңнамаларға толық сәйкес келеді.

 

 

ortasha

Білім беру ұйымының әкімішілігі мен ұжымы білім саласындағы ережелерді және нормативтік-құқықтық актілер талаптарын біледі, бірақ барлық уақытта басшылыққа ала бермейді. Жұмыстық оқу жоспары және жұмыстық оқу бағдарламалары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес келеді. Бұйрықтар мен басқа да ішкі актілерді әзірлеуде бекітілген талаптардан белгілі бір сәйкессіздіктер орын алған, олар процеске және нәтижеге болмашы әсер етеді. Білім беру ұйымы қызметінің білім саласындағы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес келуі жеткіліксіз.

 

 

nashar

Білім беру ұйымының әкімішілігі мен ұжымы білім саласындағы ережелерді және нормативтік-құқықтық актілер талаптарын біледі, бірақ барлық уақытта басшылыққа ала бермейді. Жұмыстық оқу жоспары және жұмыстық оқу бағдарламалары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес емес. Бұйрықтар мен басқа да ішкі актілерді әзірлеуде бекітілген талаптарды өрескел бұзушылықтар орын алған, олар процеске және нәтижеге әсер етеді. Білім беру ұйымының қызметі білім саласындағы қолданыстағы заңнамаларға сәйкессіз жүргізілуде.

1.8

Мектептің ағымдық қызметін жоспарлау және ұйымдастыру (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Ағымдық қызметті жоспарлау білім беру ұйымының стратегиялық даму міндеттері аясында жүргізіледі және индикативтік көрсеткіштерге жетуге бағытталған. Жоспарланған міндеттер мен қызметке жүргізілген талдау, оларды шешудегі іс-шаралар бағыттылығы арасында өзара байланыс орнатылған. Жоспардың орындалуы мен қойылған міндеттердің шешілуі белгіленген. Іс-әрекет жоспарының мерзімінде және сапалы орындалуына бақылау ұйымдастырылған. Туындаған жағдайларға байланысты жоспарланған іс-шараларға дер кезінде түзетулер енгізіледі.

 

 

zhaqsy

Ағымдық қызметті жоспарлау жалпы алғанда білім беру ұйымының стратегиялық даму міндеттеріне сәйкес жүзеге асырылады. Жоспарланған міндеттер мен қызметке жүргізілген талдау арасында өзара байланыс орнатылған. Жоспарланған іс-шаралар қойылған міндеттерді шешуге бағытталған. Жоспардың орындалуы мен қойылған міндеттердің шешілуі белгіленген. Іс-әрекет жоспарының мерзімінде және сапалы орындалуына бақылау ұйымдастырылған. Туындаған жағдайларға байланысты жоспарланған іс-шараларға дер кезінде түзетулер енгізіледі.

 

 

ortasha

Ағымдық қызметті жоспарлау кезінде білім беру ұйымының стратегиялық даму міндеттері ескерілмейді. Міндеттерді белгілеуде іс-әрекетті талдау барысында анықталған өзекті мәселелер ескерілмейді. Жоспарланған іс-шаралар негізсіз мерзімінде орындалмайтыны байқалады. Іс-әрекет жоспарының мерзімінде және сапалы орындалуына бақылау жеткіліксіз ұйымдастырылған. Қажетті түзетулерді енгізу бойынша басқарушылық шешімдер қабылданбайды.

 

 

nashar

Ағымдық қызметті жоспарлау қағаз жүзінде жүргізілген, білім беру ұйымының қызметін талдау барысында анықталған мәселелер ескерілмейді. Іс-әрекет жоспарының мерзімінде және сапалы орындалуына бақылау жүргізілмейді. Қажетті түзетулерді енгізу бойынша басқарушылық шешімдер қабылданбайды.

1.9

Ресурстардың пайдаланылуы (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Қолда бар ресурстар білім беру сапасын көтеруге пайдаланылады. Ресурстарды тиімді пайдалануға жүйелі бақылау орнатылған. Қолда бар ресурстарды сақтау және жаңалау бойынша іс-шаралар даму бағдарламасына сәйкес жоспарлы түрде жүргізіледі.

 

 

zhaqsy

Қолда бар ресурстарды пайдалану білім беру сапасын көтеруге бағытталған. Ресурстарды тиімді пайдалануға бақылау арасында жүргізіледі. Қолда бар ресурстарды сақтау және жаңалау бойынша іс-шаралар даму бағдарламасына сәйкессіз жоспарлы түрде жүргізіледі.

 

 

ortasha

Ресурстарды тиімді пайдалануға бақылау немқұрайлы жүргізіледі және білім сапасын көтеру міндеттері ескерілмейді. Қолда бар ресурстарды сақтау және жаңалау бойынша іс-шаралар жүйесіз жүргізіледі.

 

 

nashar

Ресурстарды тиімді пайдалануға бақылау немқұрайлы жүргізіледі және білім сапасын көтеру міндеттері ескерілмейді. Қолда бар ресурстарды сақтау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады. Білім беру ұйымының даму стратегиясындағы адам ресурстарын жүзеге асырудың қайтарымы жоқ.

2

Білім беру сапасы

2.1

Пәнді жетік және нақты білуі (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Пәні бойынша энциклопедиялық, ғылыми жағынан терең білімі бар. Беретін пәні бойынша түрлі деректерді еркін меңгерген, деректерге (оқулық, оқу-әдістемелік кешен, медиа-құралдар, сандық білім беру қорлар) сілтеме жасай алады. Берілген материалдарға зерттеу тұрғысынан қарай біледі. Пәнаралық және пәнішілік байланыстарды ұйымдастыруда өз білімін қолдана біледі. Пікірталас ұйымдастыра, қолдай және дамыта алады. Теориялық алған білімдерін практикалық қызметте қолдануына жағдай жасай алады. Өз пәнін жетік меңгерген.

 

 

zhaqsy

Пәні бойынша терең білімі бар. Беретін пәні бойынша түрлі деректерді меңгерген, деректерге (оқулық, оқу-әдістемелік кешен, медиа-құралдар, сандық білім беру қорлар) сілтеме жасай алады. Пәнаралық және пәнішілік байланыстарды ұйымдастыруда өз білімін қолдана біледі. Пікірталас туындаған жағдайда қолдай алады. Теориялық алған білімдерін практикалық қызметте қолдануына жағдай жасай алады. Пәнін сауатты меңгерген.

Каталог: download
download -> Оқушылардың орта буынға бейімделуі барысында жүргізген жұмыстар туралы анықтама. қазан 2014ж
download -> Построение таблиц истинности логических выражений
download -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік теникалық академиясы
download -> Правила соревнований международная Ассоциация Бокса [Преамбула]
download -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
download -> Бехаалотха Когда будешь зажигать Числа 8,1 12,16
download -> Мы молімся за вас жыццё Змяні сваё жыццё Захавайце наша жыццё! Мы любім вас Змяні сваё сэрца Змяні сваё харчаванне
download -> Загальна характеристика роботи


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет