"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 21-2 тармақшасына сәйкес бұйырамын



бет4/4
Дата17.05.2020
өлшемі1.01 Mb.
1   2   3   4

 

 

ortasha

Оқу бағдарламасы шеңберінде білімі бар. Беретін пәні бойынша түрлі деректерді нашар меңгерген, деректерге (оқулық, оқу-әдістемелік кешен, медиа-құралдар, сандық білім беру қорлар) сілтеме жасай алмайды. Материалды бергенде логиканы бұзады. Пәнішілік байланыстарда өз білімін қолдана біледі. Теориялық алған білімдерін практикалық қызметте қолдануына жағдай жасай алмайды. Пәнін нашар меңгерген.

 

 

nashar

Оқу бағдарламасы шеңберінде білімі төмен. Материалдың берілуінде қателіктер жібереді. Беретін пәні бойынша түрлі деректерді нашар меңгерген, деректерге (оқулық, оқу-әдістемелік кешен, медиа-құралдар, сандық білім беру қорлар және т.б.) сілтеме жасай алмайды. Пәнішілік байланыстарда өз білімін қолдана біледі. Жаңа материалды беру бірізділігі сақталмайды, оқушылардың білімдеріне сүйене алмайды. Пәнін меңгермеген.

2.2

Сабақты жоспарлау сапасы және оқу үрдісін басқаруы (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Жүйеге сабақты жоспарлаудың жаңашылдық әдістерін енгізеді. Оқу-танымдық қызметін ұйымдастырудың әдістерін терең меңгерген. Оқу материалының мазмұнын оқушының дайындық деңгейін ескере отырып таңдайды. Сабақтың кезеңдері нақты жоспарланады. Сабақтың мақсатын қоюда оқушылардың қатысуын тиімді қамтамасыз етеді. Сабақтың кезеңдері логикалық жалғасын табады және бағалау тиімді жүргізіледі. Сабақтың кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаланады. Жағдайға байланысты сабақ барысына(жоспарына) түзету енгізе біледі. Сабақтың әр кезеңінің соңындағы оқушы қызметі нақты жоспарланады, оқушылардың материалды меңгеруі және олармен жүргізілетін түзету жұмыстарын анықтау мақсатында оқушы жауабына талдау жүргізе біледі.

 

 

zhaqsy

Сабақты жоспарлаудың жаңашылдық әдістерін біледі. Оқу-танымдық қызметін ұйымдастырудың әдістерін жоспарлайды. Оқу материалының мазмұнын оқушының дайындық деңгейін ескере отырып таңдайды. Сабақтың кезеңдері жоспарланады. Сабақтың мақсатын қоюда оқушылардың қатысуын қамтамасыз етеді. Сабақтың кезеңдері логикалық жалғасын табады және бағалау жүргізіледі. Сабақтың кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаланады, сабақ барысына(жоспарына) түзету енгізе біледі. Сабақтың кезеңдерінің соңындағы оқушы қызметі жоспарланады, оқушылардың материалды меңгеруі және олармен жүргізілетін түзету жұмыстарын анықтау мақсатында оқушы жауабына талдау жүргізе біледі.

 

 

ortasha

Сабақты жоспарлаудың заманауи әдістерін біледі. Оқу-танымдық қызметін ұйымдастыруды біледі. Оқу материалының мазмұнын оқушының дайындық деңгейін ескеріліп таңдалмайды. Сабақтың кезеңдері жоспарланады, алайда нақты мақсат қойылмайды. Сабақтың мақсатын қоюда оқушыларды қатыстырады. Сабақтың кезеңдері логикалық жалғасын таппайды және бағалау жүргізілмейді. Сабақтың кезеңдерінде уақыт тиімді пайдаланылмайды, сабақ барысына (жоспарына) түзету енгізілмейді. Сабақтың кезеңдерінің соңындағы оқушы қызметі жоспарланады, оқушылардың материалды меңгеруі талданады, алайда олармен жүргізілетін түзету жұмыстары жүргізілмейді.

 

 

nashar

Сабақты жоспарлаудың заманауи әдістері, түрлері және бағалау туралы түсінігі ғана бар. Оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру әдістерін жоспарлайды. Оқу материалының мазмұнын оқушының дайындық деңгейін ескере отырып, таңдамайды. Сабақтың кезеңдерін жоспарлауда қиналады, нақты мақсат қоя білмейді. Сабақтың кезеңдері логикалық жалғасын таппайды және бағалау жүргізілмейді. Сабақтың кезеңдерінде уақыт тиімді пайдаланылмайды, сабақ барысында(жоспарына) түзету енгізбейді. Сабақтың кезеңдерінің соңындағы оқушы қызметі жоспарланбайды, оқушылардың материалды меңгеруі және олармен жүргізілетін түзету жұмыстарын анықтау мақсатында оқушы жауабына талдау жүргізе білмейді.

2.3

Оқушылардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Оқу-танымдық қызметтің барлық түрлерін қолдана біледі (жеке, топтық, ұжымдық). Ынтымақтастық жағдай қалыптастырады. Тиімді педагогикалық технологияларды үнемі қолданады. Оқу үрдісінде әр баланың жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін біледі, ескереді және жеке жұмыстар ұйымдастыра біледі. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға жағдай жасайды. Оқушылардың оқудағы жетістіктеріне күтілетін жоғары талап қоя біледі.

 

 

zhaqsy

Оқу-танымдық қызметтің барлық түрлерін қолдана біледі (жеке, топтық, ұжымдық). Ынтымақтастық жағдай қалыптастырады. Тиімді педагогикалық технологияларды қолданады. Оқу үрдісінде әр баланың жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін біледі, ескереді және жеке жұмыстар ұйымдастыра біледі. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға дамытушылық сұрақтар қояды. Оқушылардың оқудағы жетістіктеріне күтілетін талап қоя біледі.

 

 

ortasha

Оқу-танымдық қызметтің барлық түрлерін біледі. Тиімді педагогикалық технологияларды қолданады. Оқу үрдісінде әр баланың жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін біледі, ескереді. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға дамытушылық сұрақтар қояды. Ынтымақтастық ұйымдастыруға жағдай жасау білмейді. Оқушылардың оқудағы жетістіктеріне күтілетін талапты қоя білмейді.

 

 

nashar

Оқу-танымдық қызметтің барлық түрлерін білу қиындық туғызады. Оқу үрдісінде әр баланың жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескермейді. Оқушылардың жеке қызметін ұйымдастырмайды. Ойлау қабілетін дамытуға жай ғана сұрақтар қояды. Ынтымақтастық ұйымдастыруға жағдай жасамайды. Оқушылардың оқудағы жетістіктеріне күтілетін талап қоя білмейді.

2.4

Оқушыларды ынталандыру мен тарта білуі (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Сабақ барысында оның тақырыбына және беріліп жатқан пәнге деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған (ізденушілік, жартылай ізденушілік, мәселелік, шығармашылық, зерттеушілік және т.б.) түрлі әдістерді қолданады. Алған білімдерін практикада қолдануына үнемі жағдай жасайды. Тақырып шеңберіндегі сұрақтарды қою және шеше білуге мүмкіндік береді. Бәсекелестік қалыптастыратын әдіс-тәсілдерді қолданады. Ынталандырудың түрлі әдістері мен тәсілдерін қолдана біледі. Оқушылардың жетістіктерге жетуіне барлық жағдай жасайды.

 

 

zhaqsy

Сабақ барысында оның тақырыбына және беріліп жатқан пәнге деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған (ізденушілік, жартылай ізденушілік, мәселелік, шығармашылық, зерттеушілік және т.б.) әдістерді қолданады. Алған білімдерін практикада қолдануына жағдай жасайды. Тақырып шеңберіндегі сұрақтарды қою және шеше білуге үйретеді. Бәсекелестік қалыптастыратын әдіс-тәсілдерді қолданады. Ынталандырудың түрлі әдістері мен тәсілдерін қолданады. Оқушылардың жетістіктерге жетуіне жағдай жасайды.

 

 

ortasha

Сабақ барысында оның тақырыбына, сабақ кезеңдеріне және беріліп жатқан пәнге деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған әдістерді қолданады. Алған білімдерін практикада қолдануына үнемі жағдай жасай бермейді. Тақырып шеңберіндегі сұрақтарды қою және шеше білуіне мүмкіндік бермейді. Бәсекелестік қалыптастыратын әдіс-тәсілдерді қолданбайды. Ынталандырудың кейбір әдістері мен тәсілдерін қолданады. Оқушылардың жетістіктерге жетуіне жағдай жасамайды.

 

 

nashar

Сабақ барысында оның тақырыбына, сабақ кезеңдеріне және беріліп жатқан пәнге деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған бір сарынды әдістерді қолданады. Практикада алатын білімді ғана береді. Тақырып шеңберіндегі өздігінен сұрақтарды қою және шеше білуіне мүмкіндік бермейді. Бәсекелестік қалыптастыратын әдіс-тәсілдерді қолданбайды. Ынталандырудың кейбір әдістері мен тәсілдерін қолданады. Оқушылардың жетістіктерге жетуіне бағыттамайды.

2.5

Әділ әрі нақты бағалай білу қабілеті (салмақтық коэффициенті = 1)

uzdik

Оқушылардың жеке жетістіктеріне үнемі мониторинг және талдау жасайды. Өлшемшарттық бағалау жүйесін жүзеге асырады. Оқушылардың оқудағы жетістіктерін өзіндік және өзара бағалатады, бағалау әдістері мен тәсілдерін тиімді қолданады. Материалды меңгеру бойынша ақпаратты жинақтаудың түрлі әдістерін оқушыларды бағалау үшін қолданады. Оқушылардың деңгейін ескере отырып бақылау-бағалау материалдарын қолданады және жасақтайды.

 

 

zhaqsy

Оқушылардың жеке жетістіктеріне мониторинг және талдау жасайды. Өлшемшарттық бағалау жүйесін жүзеге асырады. Оқушылардың оқудағы жетістіктерін өзіндік және өзара бағалау әдістері мен тәсілдерін тиімді қолданады. Материалды меңгеру бойынша ақпаратты жинақтаудың кейбір әдістерін оқушыларды бағалау үшін қолданады. Оқушылардың деңгейін ескере отырып, бақылау-бағалау материалдарын қолданады.

 

 

ortasha

Оқушылардың жеке жетістіктеріне мониторинг және талдау жасайды. Оқушылардың оқудағы жетістіктерін өзіндік және өзара бағалау әдістері мен тәсілдерін қолданады. Өлшемшарттық бағалау жүйесін жүзеге асырмайды. Материалды меңгеру бойынша ақпаратты жинақтаудың кейбір әдістерін қолданады. Оқушылардың деңгейі ескерілмеген бақылау-бағалау материалдарын қолданады.

 

 

nashar

Оқушылардың жеке жетістіктеріне мониторинг және талдау жасамайды. Оқушылардың оқудағы жетістіктерін өзіндік және өзара бағалау әдістері мен тәсілдерін сирек қолданады. Өлшемшарттық бағалау жүйесін жүзеге асырмайды. Материалды меңгеру бойынша ақпаратты жинақтаудың кейбір әдістерін қолданады. Оқушылардың жетістіктері бағаланбайды. Бағалау формальды жүзеге асырылады.

2.6

Кері байланыс орната білу қабілеті (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Мұғалім оқушылардың назарын аудара біледі. Оқушылар мұғалімнің қояр талабын түсінеді және нақты жауап бере біледі. Мұғалім оқушылардың жауаптарын талдай отырып, түзету жұмыстарын жүргізе алады және олардың білімін жетілдіру үшін нұсқаулар бере біледі. Оқыту мақсаты күтілетін нәтижеге сәйкес. Әр оқушының жеке дамуына бағытталған кері байланыс көмегімен оқыту қарқынынын бағдарлай алады.

 

 

zhaqsy

Мұғалім оқушылардың назарын аударады. Оқушылар мұғалімнің қояр талабын түсінеді, алайда нақты жауап берерде қиналады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын талдай отырып, түзету жұмыстарын жүргізеді және олардың білімін жетілдіру үшін нұсқаулар береді. Оқыту мақсаты күтілетін нәтижеге сәйкес. Әр оқушының жеке дамуына бағытталған кері байланыс көмегімен оқыту қарқынынын бағдарлайды.

 

 

ortasha

Мұғалім оқушылардың назарын аудару әдістерін меңгермеген. Оқушылар мұғалімнің қояр талабын түсінеді, алайда нақты жауап берерде қиналады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын талдай отырып, түзету жұмыстарын жүргізбейді. Оқыту мақсаты күтілетін нәтижеге сәйкес. Әр оқушының жеке дамуына бағытталған кері байланыс орната білмейді.

 

 

nashar

Мұғалім оқушылардың назарын аудару әдістерін білмейді. Сабақты нақты түсіндірмегендіктен, оқушылар мұғалімнің қояр талабын түсінбейд. Мұғалім нақты жауап күтрейді. Мұғалім оқушылардың жауаптарын талдап, түзету жұмыстарын жүргізбейді. Оқыту мақсаты күтілетін нәтижеге сәйкес. Әр оқушының жеке дамуына бағытталған кері байланыс жоқ.

2.7

Білім беру ресурстарының сауатты қолданылуы (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Білім беру ресурстарының түрлері сабақ кезеңдерінде мақсатты қолданылады және олардың көмегімен оқушыларда мазмұндық, мотивациялыққызмет компоненттері қалыптасады. Оқушы қажеттілігін ескерудің әдістері, стратегиялары тиімді енгізілген. Сабақта өздері жасаған түрлі деңгейдегі материалдар қолданылады.

 

 

zhaqsy

Білім беру ресурстарының түрлері сабақ кезеңдерінде мақсатты қолданылады және олардың көмегімен оқушыларда мазмұндық, мотивациялық қызмет компоненттері қалыптасады. Оқушы қажеттілігін ескерудің әдістері, стратегиялары енгізілген. Сабақта түрлі деңгейдегі материалдар қолданылады.

 

 

ortasha

Білім беру ресурстарының түрлері сабақ кезеңдерінде қолданылады, алайда олардың көмегімен оқушыларда мазмұндық, мотивациялық қызмет компоненттері толық қалыптаспайды. Жекеленген оқушы қажеттілігін ескерудің әдістері, стратегиялары енгізілген. Сабақта түрлі деңгейдегі материалдар қолданылады.

 

 

nashar

Білім беру ресурстарының түрлері қолданылуы оқушыларда мазмұндық, мотивациялық қызмет компоненттері толық қалыптастырмайды. Оқушы қажеттілігін толық қанағаттандырмайтын стандартты әдістер, стратегиялар таңдалынады.

2.8

Үй тапсырмасын ұйымдастыру әдістемесі (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Үй тапсырмасын орындау бойынша нұсқаулық өткізуге уақыт бөлінетіндігі жоспарланған. Тапсырмалар оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына, алған білімі мен біліктілігін пайдалануға және өзі шешімін табуға, оқушының даму деңгейін ескеріліп аналитикалық ойлау қызметінің дамуына бағытталған. Орындалу уақыты мен көлемі де ескерілген. Үй тапсырмасын тексерілетіндігі анықталған.

 

 

zhaqsy

Үй тапсырмасын жоспарлағанда орындау бойынша нұсқаулық өткізуге уақыт бөлінеді. Тапсырмалар оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына, алған білімі мен біліктілігін пайдалануға бағытталған, қиындығы ескерілген, алайда оқушының даму деңгейін ескеріліп аналитикалық ойлау қызметінің дамуына бағытталмаған. Орындалу уақыты мен көлемі ескерілген. Үй тапсырмасын тексерілетіндігі анықталған.

 

 

ortasha

Үй тапсырмасын жоспарлағанда орындау бойынша үнемі нұсқаулық өткізуге уақыт бөлінбейді. Тапсырмалар оқушылардың алған білімі мен біліктілігін пайдалануға бағытталған, жалпы түрде беріледі, қиындығы ескерілмеген, алайда оқушының даму деңгейін ескеріліп аналитикалық ойлау қызметінің дамуына бағытталмаған. Орындалу уақыты мен көлемі ескерілген. Үй тапсырмасын тексерілетіндігі қарастырылған.

 

 

nashar

Үй тапсырмасын жоспарлағанда орындау бойынша нұсқаулық өткізуге уақыт бөлінбейді. Тапсырмалар оқушылардың алған білімі мен біліктілігін пайдалануға бағытталған, жалпы түрде беріледі, қиындығы ескерілмеген, алайда оқушының даму деңгейін ескеріліп аналитикалық ойлау қызметінің дамуына бағытталмаған. Орындалу уақыты мен көлемі ескерілмейді. Үй тапсырмасын тексерілетіндігі қарастырылмаған.

2.9

Сабақтағы жағымды психологиялық ахуал (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Мектеп жасындағы балалардың психологиясы мен физиологиясын біледі және оны өз жұмысында қолдана алады. Ынтымақтастық принциптері негізінде оқушы-оқушы, оқушы-мұғалім ара қатынасын ұйымдастыра біледі. Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуге және пікірлерін білдіруге жағдай жасайды. Сабақта жағымды психологиялық ахуал тудырады және шығармашыл орта қалыптастыру әдістері мен түрлерін біледі.

 

 

zhaqsy

Мектеп жасындағы балалардың психологиясы мен физиологиясын біледі және оны өз жұмысында қолдана алады. Сабақта жағымды психологиялық ахуал тудырады. Педагогикалық қолдау әдістерін уақытында қолданады. Оқушы-оқушы, оқушы-мұғалім ара қатынасын ұйымдастырады.

 

 

ortasha

Мектеп жасындағы балалардың психологиясы мен физиологиясы бойынша білімін өз жұмысында қолданбайды. Сабақта жағымды психологиялық ахуал тудырады. Педагогикалық қолдау әдістерін тұрақты қолданбайды. Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуге және пікірлерін білдіруге жағдай жасамайды. Оқушы-оқушы, оқушы-мұғалім ара қатынасы ұйымдастырылмайды.

 

 

nashar

Мектеп жасындағы балалардың психологиясы мен физиологиясы бойынша білімін өз жұмысында қолданбайды. Сабақта жағымды психологиялық ахуал жасамайды. Педагогикалық қолдау әдістерін қолданбайды. Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуге және пікірлерін білдіруге жағдай жасамайды. Оқушы-оқушы, оқушы-мұғалім ара қатынасын жүзеге асырылмайды.

2.10

Коммуникативтік дағдылар (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Қалыптасқан коммуникативтік дағдыларды меңгерген. Бала аудиториясын меңгерген. Келіспеушіліктер орын алғандығын ескертеді. Оқушылардың психологиялық ерекшеліктері мен эмоцианалды жағдайын ескеріп, қарым-қатынасқа үйрету. Педагогикалық тактыны сақтайды, өзінің эмоцияналдық жағдайын бақылай біледі.

 

 

zhaqsy

Қалыптасқан коммуникативтік дағдыларды меңгерген. Бала аудиториясын меңгерген. Келіспеушіліктер орын алғандығын ескертеді. Оқушыларды қарым-қатынасқа үйретеді. Педагогикалық тактыны сақтайды, өзінің эмоцияналдық жағдайын бақылай біледі.

 

 

ortasha

Коммуникативтік дағдыларды меңгерген. Педагогикалық тактыны сақтайды, өзінің эмоцияналдық жағдайын бақылай біледі. Бала аудиториясымен қарым-қатынас әдістерін нашар меңгерген. Келіспеушіліктер орын алғандығын ескертпейді және уақытында шешімін таппайды.

 

 

nashar

Коммуникативтік дағдыларды меңгермеген. Педагогикалық тактыны сақтамайды, өзінің эмоцияналдық жағдайын бақылай білмейді. Бала аудиториясымен қарым-қатынас әдістерін меңгермеген. Келіспеушіліктер орын алғандығын ескертпейді және уақытында шешімін таба алмайды.

3

Оқушылардың нәтижелері

3.1

Талдау жүргізу уақытындағы ішкі бағалау нәтижелері бойынша оқушылардың жетістіктерінің өсу динамикасы (салмақтық коэффициенті = 2)

uzdik

Білім беру ұйымында100 пайыз оқу үлгерімі мен 75 пайыз білім сапасы бойынша оқу жоспарындағы барлық пәндерден оқу жетістігі оң динамикаға ие.

 

 

zhaqsy

Білім беру ұйымында 95 пайыз оқу үлгерімі мен 60 пайыз білім сапасы бойынша оқу жоспарындағы барлық пәндерден оқу жетістігі оң немесе тұрақты динамикаға ие.

 

 

ortasha

Білім беру ұйымында 90 пайыз оқу үлгерімі мен 45 пайыз білім сапасы бойынша оқу жоспарындағы кейбір пәндерден оқу жетістігі оң немесе тұрақты динамикаға ие.

 

 

nashar

Білім беру ұйымында 30 пайыздан төмен білім сапасы бойынша оқу жоспарындағы барлық пәндерден оқу жетістігі төмен динамикаға ие.

3.2

Сырттай бағалау нәтижелері (ҰБТ, ОЖСБ, TIMSS, PISA және т.б.) (салмақтық коэффициенті = 2,5)

uzdik

Білім беру ұйымының оқу жетістігін сырттай бағалау көрсеткіштері республикалық, облыстық, аудандық (қалалық) көрсеткіштерден жоғары.

 

 

zhaqsy

Білім беру ұйымының оқу жетістігін сырттай бағалау көрсеткіштері облыстық, аудандық (қалалық) көрсеткіштерден жоғары.

 

 

ortasha

Білім беру ұйымының оқу жетістігін сырттай бағалау көрсеткіштері аудандық (қалалық) көрсеткіштерден жоғары.

 

 

nashar

Білім беру ұйымының оқу жетістігін сырттай бағалау көрсеткіштері аудандық (қалалық) көрсеткіштерден төмен.

3.3

Тестілеу нәтижелері (салмақтық коэффициенті = 2,5)

uzdik

Бақылау сынағының қорытындысы бойынша барлық тестілеу жүргізілген пәндерден 89 %-100 %, ал "5" и "4" бағалардың үлесі – 50 % және одан жоғарына құрайды.

 

 

zhaqsy

Бақылау сынағының қорытындысы бойынша барлық тестілеу жүргізілген пәндерден 75 %-88 %, ал "5" и "4" бағалардың үлесі – 30%-50 % құрайды.

 

 

ortasha

Бақылау сынағының қорытындысы бойынша барлық тестілеу жүргізілген пәндерден 60 %-74 %, ал "5" и "4" бағалардың үлесі – 30% кем құрайды.

 

 

nashar

Бақылау сынағының қорытындысы бойынша барлық тестілеу жүргізілген пәндерден 60 % құрайды.

3.4

Зияткерлік конкурстар / байқаулар нәтижелері (салмақтық коэффициенті = 2,5)

uzdik

Талдау жүргізілген уақыт ішінде оқушылар республикалық, халықаралық интеллектуальды байқаулардың жеңімпаздары, жүлдегерлері және қатысушылары болып табылады.

 

 

zhaqsy

Талдау жүргізілген уақыт ішінде оқушылар облыстық, аудандық, қалалық интеллектуальды байқаулар мен жарыстардың жеңімпаздары, жүлдегерлері болып табылады.

 

 

ortasha

Талдау жүргізілген уақыт ішінде оқушылар аудандық, қалалық интеллектуальды байқаулар мен жарыстардың қатысушылары болып табылады.

 

 

nashar

Талдау жүргізілген уақыт ішінде оқушылар тек мектепішілік интеллектуальды байқаулар мен жарыстардың қатысушылары мен жүлдегерлері болып табылады.

3.5

Аталған білім беру ұйымында қосымша білім беру шараларының нәтижелері (спорттық, мәдени шығармашылық) (салмақтық коэффициенті = 1)

uzdik

Оқушылар халықаралық және республикалық спорттық, мәдени, шығармашылық шаралардың дипломанттары, жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.

 

 

zhaqsy

Оқушылар облыстық спорттық, мәдени, шығармашылық шаралардың дипломанттары, жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.

 

 

ortasha

Оқушылар аудандық және қалалық спорттық, мәдени, шығармашылық шаралардың дипломанттары, лауреаттары, жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.

 

 

nashar

Оқушылар мектепішілік спорттық, мәдени, шығармашылық шаралардың дипломанттары, лауреаттары, жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.

3.6

Бітірушілердің еңбекке орналасуы (мектеп бітіргеннен кейінгі олардың мекен-жайы) (салмақтық коэффициенті = 1)

uzdik

9 сынып оқушыларының толықтай оқуға немесе еңбекке орналасуы. 11 сынып бітірушілерінің толықтай оқуға немесе еңбекке ораналасуы. 11 сынып түлектерінің гранттық және бюджеттік негізде (3 жыл және одан жоғары) орналасу көрсеткіші – 50 %. Орта жалпы білім беру деңгейіндегі профильдік оқыту және мамандық таңдаудың толық сәйкестігі.

 

 

zhaqsy

9 сынып оқушыларының толықтай оқуға немесе еңбекке орналасуы. 11 сынып бітірушілерінің толықтай оқуға немесе еңбекке орналасуы. 11 сынып түлектерінің гранттық және бюджеттік негізде (3 жыл және одан жоғары) орналасу көрсеткіші – 30 % бен 50 % аралығында. Орта жалпы білім беру деңгейіндегі профильдік оқыту және мамандық таңдаудың толық сәйкес еместігі.

 

 

ortasha

9 сынып оқушыларының толықтай оқуға немесе еңбекке орналасуы. 11 сынып бітірушілерінің толықтай оқуға немесе еңбекке орналасуы. 11 сынып түлектерінің гранттық және бюджеттік негізде (3 жыл және одан жоғары) орналасу көрсеткіші – 30 %-дан төмен. Орта жалпы білім беру деңгейіндегі профильдік оқыту және мамандық таңдаудың кейбір сәйкестігі.

 

 

nashar

9 сынып оқушыларының толықтай оқуға немесе еңбекке орналаспауы. 11 сынып бітірушілерінің толықтай оқуға немесе еңбекке орналаспауы. 11 сынып түлектерінің гранттық және бюджеттік негізде (3 жыл және одан жоғары) орналасу көрсеткіші – 0 %. Орта жалпы білім беру деңгейіндегі профильдік оқыту және мамандық таңдаудың сәйкеспеуі.

3.7

Жеке тұлғаның дамуы (салмақтық коэффициенті = 1,5)

uzdik

Жеке тұлғаның барлық аспектілерінің дамуында (жүйелі-қызметтік аспект, жеке тұлғалық аспект, әлеуметтену) оқыту деңгейі бойынша тұрақты оң динамиканың болуы.

 

 

zhaqsy

Жеке тұлғаның кейбір аспектілерінің дамуы (жүйелі-қызметтік аспект, жеке тұлғалық аспект, әлеуметтену) оқыту деңгейі бойынша оң динамикасының болуы. Басқа аспектілер бойынша динамика тұрақты.

 

 

ortasha

Жеке тұлғаның жекеленген аспектілерінің дамуы (жүйелі-қызметтік аспект, жеке тұлғалық аспект, әлеуметтену) оқыту деңгейі бойынша оң динамикасының болуы. Басқа аспектілер бойынша динамика тұрақты немесе теріс.

 

 

nashar

Жеке тұлғаның көптеген аспектілерінің дамуы (жүйелі-қызметтік аспект, жеке тұлғалық аспект, әлеуметтену) оқыту деңгейі бойынша теріс динамикасының болуы.

4

Ресурстар

4.1

Ғимарат жағдайы және қажетті үй-жайлардың болуы (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Типтік ғимарат. Ғимарат инфрақұрылымы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келеді. Үй-жайлардың жарықтық және ауа-жылулық тәртібі, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы шаралар ережелері сақталған. Мүмкіндігі шектеулі білім алушылар үшін арнайы жағдайлар жасалады. Қазіргі заманғы технологиялық жабдықтармен жабдықталған және отыратын орын саны жеткілікті асхананың болуы. Спорт залының болуы. Жабдықталған медициналық кабинеттің болуы. Жабдықталған типтік мәжіліс залының болуы. Санитарлық ережелерге сәйкес келетін ішкі санитариялық тораптардың жұмыс істеуі.

 

 

zhaqsy

Типтік ғимарат. Ғимарат инфрақұрылымы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келеді. Үй-жайлардың жарықтық және ауа-жылулық тәртібі, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы шаралар ережелері сақталған. Мүмкіндігі шектеулі білім алушылар үшін барлық арнайы жағдайлар жасалмаған. Қазіргі заманғы технологиялық жабдықтармен жабдықталған және отыратын орын саны жеткілікті асхана бар. Спорт залының болуы. Жабдықталған медициналық кабинеттің болуы. Жабдықталған типтік мәжіліс залының болуы. Санитарлық ережелерге сәйкес келетін ішкі санитариялық тораптардың жұмыс істеуі.

 

 

ortasha

Ғимарат типтік немесе бейімделген. Ғимарат инфрақұрылымы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келеді, бірақ оқу үрдісін ұйымдастыруға оқу кабинеттерінің саны жеткіліксіз. Үй-жайлардың жарықтық және ауа-жылулық тәртібі, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы шаралар ережелері сақталған. Мүмкіндігі шектеулі білім алушылар үшін барлық арнайы жағдай жасалмаған. Ескірген технологиялық жабдықтарымен жабдықталған және отыратын орын саны жеткіліксіз асханасының болуы. Бейімделген спорт залы мен мәжіліс залының болуы. Медициналық кабинеттің болуы. Ішкі санитариялық тораптардың жоқ болуы.

 

 

nashar

Ғимарат бейімделген. Ғимарат инфрақұрылымы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейді, оқу үрдісін ұйымдастыруға оқу кабинеттерінің саны жеткіліксіз. Үй-жайлардың жарықтық және ауа-жылулық тәртібі, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы шаралар ережелері толық сақталмаған. Мүмкіндігі шектеулі білім алушылар үшін барлық арнайы жағдай жасалмаған. Асхана, спорт және мәжіліс залдары, медициналық кабинетінің жоқ болуы. Ішкі санитариялық тораптардың жоқ болуы.

4.2

Материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Пәндік оқу кабинеттері заманауи жабдықтармен, бой-жас ерекшелігіне сәйкес жиһазбен қамтылған. Оқу шеберханалары, спорт залы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асыруға арналған қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Компьютерлік парктің жоспарлы жаңартылуы үнемі жүргізіледі. Кеңжолақты интернет бар.

 

 

zhaqsy

Пәндік оқу кабинеттері жабдықтармен, бой-жас ерекшелігіне сәйкес жиһазбен қамтылған. Оқу шеберханалары, спорт залы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асыруға арналған қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Компьютерлік парктің жоспарлы жаңартылуы жүргізіледі. Кеңжолақты интернет бар.

 

 

ortasha

Пәндік оқу кабинеттері жабдықтармен, бой-жас ерекшелігіне сәйкес жиһазбен жеткіліксіз қамтамасыз етілген. Оқу шеберханалары, спорт залы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асыруға арналған қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етілмеген. Компьютерлік парктің жоспарлы жаңартылуы жүргізілмейді. Интернетке жекелеген компьютерлер ғана қосылған.

 

 

nashar

Пәндік оқу кабинеттері, оқу шеберханалары, спорт залы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асыруға арналған жабдықтармен қамтамасыз етілмеген. Бой-жас ерекшелігіне сәйкес жиһаздың жоқ болуы. Компьютерлік парктің жоспарлы жаңартылуы жүргізілмейді. Компьютерлер интернетке қосылмаған.

4.3

Кітапхана қоры (салмақтық коэффициенті = 1)

uzdik

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім алушылар контингентіне шаққандағы,оның ішінде оқыту тіліне қарай толық оқу кезеңіне арналған оқу әдебиеттері қорының болуы. Қағаз және электрондық нұсқадағы ғылыми-көпшілік, әдістемелік және көркем әдебиет қорының болуы. Кітапхана қорының жүйелі түрде жаңартылуы. Орталықтандырылған ақпараттық ресурстарға қосылуы.

 

 

zhaqsy

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім алушылар контингентіне шаққандағы,оның ішінде оқыту тіліне қарай толық оқу кезеңіне арналған оқу әдебиеттері қорының болуы. Қағаз және электрондық нұсқадағы ғылыми-көпшілік, әдістемелік және көркем әдебиет қорының болуы. Кітапхана қорының мерзімді жаңартылуы. Орталықтандырылған ақпараттық ресурстарға қосылуы.

 

 

ortasha

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім алушылар контингентіне шаққандағы, оның ішінде оқыту тіліне қарай толық оқу кезеңіне арналған оқу әдебиеттері қорының болуы. Қағаз және электрондық нұсқадағы ғылыми-көпшілік, әдістемелік және көркем әдебиет қорының болуы. Кітапхана қоры тек оқу әдебиеттерімен толықтырылады.

Орталықтандырылған ақпараттық ресурстарға қосылмаған.



 

 

nashar

Оқу әдебиетінің қоры оқушы контингентіне сәйкес емес, оның ішінде оқыту тілі бойынша оқытудың толық кезеңіне немесе мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес келмейді. Қағаз және электронды нұсқадағы ғылыми-көпшілік, әдістемелік және көркем әдебиеті қорыныңшамалы болуы. Кітапхана қоры тек оқу әдебиеттерімен толықтырылады. Орталықтандырылған ақпараттық ресурстарға қосылмаған.

4.4

Педагогикалық және қосымша қызметкерлермен кадрлық қамтамасыз ету (салмақтық коэффициенті = 1)

uzdik

Педагогикалық кадрлармен 100 % қамтамасыз етілген. Педагогикалық кадрлардың педагогикалық қызметкерлер лауазымының біліктілік сипаттамаларына толық сәйкес келуі. Жоғары білімді педагогтар үлесі 95 % - 100 % Жоғары және бірінші біліктілік санатты 50 % және одан жоғары. Біліктілігін арттыру курстарынан уақытылы өткен педагогтардың үлесі 100 %.

 

 

zhaqsy

Педагогикалық кадрлармен 100 % қамтамасыз етілген. Педагогикалық кадрлар білім беру қызметін лицензиялау кезінде талап етілетін педагогикалық қызметкерлер лауазымының біліктілік сипаттамасына және біліктілік талаптарына толық сәйкес келуі. Жоғары білімді педагогтардың үлесі 90 %-94 %. Біліктілігін арттыру курстарынан уақытылы өткен педагогтардың үлесі 90 %-дан жоғары. Жоғары және бірінші біліктілік санатты 30 % -дан жоғары.

 

 

ortasha

Педагогикалық кадрлармен 100 % қамтамасыз етілген. Педагогикалық кадрлардың білім беру қызметін лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптарына сәйкес келуі. Педагогикалық қызметкерлер лауазымының біліктілік сипаттамаларына сәйкессіздіктердің бар болуы. Жоғары білімді педагогтардың үлесі 80 %-89 %. Біліктілігін арттыру курстарынан уақытылы өткен педагогтардың үлесі 80 %-дан жоғары.

 

 

nashar

Педагогикалық кадрлармен толық қамтылмаған. Білім беру қызметін лицензиялау кезінде талап етілетін біліктілік талаптары мен педагогикалық кадрлардың лауазымдық сипаттамаларына білімі сәйкес келмейтін педагогикалық кадрлардың бар болуы.

5

Білім алушыларға қолдау мен қамқорлық

5.1

Білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету (салмақтық коэффициент = 0,5)

uzdik

Оқу ғимараттың техникалық қауіпсіз жағдайы, өрт қауіпсіздігі және санитарлық ережелері мен нормаларына, оқу және техникалық құралдардың техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетіні туралы өкілетті органдардың қорытындысы болуы. Білім алушылар мен мұғалімдердің және әкімшілік кезекшілігінің ұйымдастырылуы. Оқу үдерісі кезінде күзеттің болуы. Проблемалық аймақтардың бейне бақылаумен қамтылуы, бейне бақылаудың белгісі бойынша шұғыл шараның болуы. Білім алушылар арасында өзара қауіпсіз қарым-қатынастар қалыптастыру бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу үшін мұғалімдердің, психологтың, әлеуметтік педагог пен мектеп инспекторының бірлескен жүйелі және нәтижелі жұмыстарының болуы. Білім алушылардың үрейлілік деңгейін анықтау бойынша педагогикалық ұжымның өнімді жұмысы. Балалар қозғалысы туралы ата-аналарға sms-хабарландырудың болуы. Сенім телефонының жұмысы, өтініштер мен ұсыныстар үшін жәшіктің болуы, олардың шұғыл түрде қаралуы және шараларының алынуы.

 

 

zhaqsy

Оқу ғимараттың техникалық қауіпсіз жағдайы, өрт қауіпсіздігі және санитарлық ережелері мен нормаларына, оқу және техникалық құралдардың техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетіні туралы өкілетті органдардың қорытындысы. Білім алушылар мен мұғалімдердің және әкімшілік кезекшілігінің ұйымдастырылуы. Оқу үдерісі кезінде күзеттің болуы. Пробемалық аймақтардың бейне бақылаумен қамтылуы, бейне бақылаудың белгісі бойынша шұғыл шараның болуы. Білім алушылар арасында өзара қауіпсіз қарым-қатынастар қалыптастыру бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу үшін мұғалімдердің, психологтың, әлеуметтік педагог пен мектеп инспекторының бірлескен жүйелі және нәтижелі жұмыстарының болуы. Білім алушылардың үрейлілік деңгейін анықтау бойынша педагогикалық ұжым жұмысы ұйымдастырылады. Сенім телефонының жұмысы, өтініштер мен ұсыныстар үшін жәшіктің болуы олардың шұғыл түрде қаралуы және шараларының алынуы.

 

 

ortasha

Оқу ғимараттың техникалық қауіпсіз жағдайы; өрт қауіпсіздігі және санитарлық ережелері мен нормалары талаптарына сәйкестігі туралы өкілетті органдардың қорытындысының болуы, оқу және техникалық құралдардың техникалық қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келмеуі. Білім алушылар мен мұғалімдердің және әкімшілік кезекшілігінің ұйымдастырылуы. Оқу үдерісі кезінде күзеттің болуы. Оқушылар арасындағы құқықбұзушылықты ескерту бойынша жұмыстары жүргізіледі, бірақ құқықбұзушылық бар. Білім алушылар арасындағы қауіпсіз қарым-қатынас қалыптастыру бойынша мұғалімдер, психолог, әлеуметтік педагог пен мектеп инспекторының бірлескен жұмыстары келісілмеген. Білім алушылардың үлейлілік деңгейін анықтау бойынша педагогикалық ұжымының жұмысы мерзімді жүргізіледі. Сенім телефонының және өтініштер мен ұсыныстар үшін жәшіктің болуы.

 

 

nashar

Оқу мен техникалық құрылғылар жағдайы қауіпсіздік техникасы талаптарына сай келмейді, өртке қарсы қауіпсіздіктің бұзылуын жою туралы уәкілетті органның нұсқамасы бар. Ғимараттың апатты жағдайы туралы уәкілетті органдар қорытындысының болуы. Білім алушылардың, мұғалімдердің және әкімшіліктің кезекшілігі ұйымдастырылмайды. Күзет сабақтан тыс уақытта ғана ұйымдастырылады. Білім алушылар арасындағы құқық бұзушылықты ескерту бойынша жұмыстары нәтижесіз болғандықтан құқық бұзушылық бар. Білім алушылар арасындағы қауіпсіз қарым – қатынастың қалытастыру бойынша мұғалімнің, психологтың, әлуметтік педагогтің және мектеп инспекторының бірлескен жұмыстары келісілмейді. Білім алушылардың үрейлілік анықтау бойынша педагогикалық ұжымның жұмысы жүргізілмейді. Сенім телефоны және ұсыныстар мен өтініштер үшін жәшіктің болмауы.

5.2

Денсаулық туралы қамқорлық (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Лицензияланған медициналық кабинеттің болуы. Білім алушылардың барлығына ыстық тамақ ұйымдастырылған, соның ішінде 1-4 класс оқушыларына және халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлісіз тобының балалары үшін тегін ыстық тамақ ұйымдастырылған. Оқу сабақтарының ұйымдастырылуы екі ауысымнан артық емес. Сабақ кестесі және білім алу процесінің ұйымдастырылуы санитарлық ережелер мен нормаларға толық сәйкес келеді. Жарық және жылу беру тәртібінің талаптары сақталған. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жүйелі және нәтижелі жұмыс жүргізіледі. Үлкен үзіліс кезінде психологиялық жеңілдік пен демалыс ұйымдастырылған, сонымен бірге спорттың ір түрімен шұғылдануға жағдай жасалған. Сабақ үстіндегі физиологиялық сергіту сәттері мен сабаққа дейінгі жаттығулар үнемі өткізіліп отырылуы.

 

 

zhaqsy

Лицензияланған медициналық кабинеттің болуы. Барлық білім алушылар үшін ыстық тамақ ұйымдастырылған және халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлісіз тобының балалары үшін тегін тамақтану ұйымдастырылған. Оқу сабақтарының ұйымдастырылуы екі ауысымнан артық емес. Сабақ кестесі және білім алу процесінің ұйымдастырылуы санитарлық ережелер мен нормаларға толық сәйкес келеді. Жарық және жылу беру тәртібінің талаптары сақталған. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіледі. Үлкен үзіліс кезінде психологиялық жеңілдік пен демалыс ұйымдастырылған, сонымен бірге спорттың ір түрімен шұғылдануға жағдай жасалған. Сабақ үстіндегі физиологиялық сергіту сәттері мен сабаққа дейінгі жаттығулар үнемі өткізіліп отырылуы.

 

 

ortasha

Медициналық кабинеттің болуы. Барлық білім алушылар үшін ыстық тамақ және жетім, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар үшін тегін ыстық тамақ ұйымдастырылған. Оқу сабақтары екі ауысымға ұйымдастырылған. Сабақ кестесі және білім беру процесінің ұйымдастырылуы санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес. Жарық және жылу беру тәртібінің талаптары сақталған. Салауатты өмір салтын қалптастыру бойынша жұмыстар мерзімді жүргізіледі. Спортпен шұғылдануға жағдай жасалғанымен, үлкен үзіліс кезінде психологиялық жеңілдік және демалыс ұйымдастырылмаған. Сабақ үстіндегі физиологиялық сергіту сәттерінің және сабаққа дейінгі жаттығулардың тұрақты өткізілмеуі.

 

 

nashar

Медициналық қызмет келісім шарт негізінде көрсетіледі. Жетім және ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларға тегін және барлық оқушыларға буфеттік тамақтану ұйымдастырылған. Оқу сабақтарының ұйымдастырылуы екі ауысымнан асады. Сабақ кестесі және білім беру процесінің ұйымдастырылуы санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес келмейді. Жарық және жылу беру жүйелерінің талаптары сақталмаған. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыс немқұрайлы. Білім алушыларды спорт секцияларына қамту жеткіліксіз.Үлкен үзіліс кезіндегі демалыс пен психологиялық жеңілдік ұйымдастырылмаған. Сабақ уақытындағы физиологиялық сергіту сәттері мен сабаққа дейінгі жаттығулар өткізілмейді.

5.3

Білім алушылардың жеке дамуына бағытталған жағдай қалыптастыру (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Оқу жұмыс жоспарының вариативтік бөлігіндегі сағаттардың бөлінуі білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып іске асырылады. Оқушылардың жеке қажеттіліктерін қолдау үшін қосымша материалдық-техникалық база жарақтандырылады. Секциялардың дамыған желісі, қызығушылық бойынша клубтар, білім алушылардың ғылыми қоғамы ұйымдары қызмет етеді. Балаларды жеке дамытудың мәдени орталықтары, қосымша білім беру ұйымдарымен тұрақты негізде ынтымақтастық іске асырылады. Спорттық, ғылыми, шығармашылық, техникалық одақ, бірлестіктерге және қоғамдастықтарға мектептің мүшелігі. Білім алушылардың жарыстарға, конференцияларға, конкурстарға және фестивалдарға қатысуы үшін үнемі қаржылық қолдау ұйымдастырылады. Педагогтар мен оқушылар арасында ынтымақтастық пен сенім атмосферасы қалыптасқан.

 

 

zhaqsy

Оқу жұмыс жоспарының вариативтік бөлігіндегі сағаттардың бөлінуі білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып іске асырылады. Оқушылардың жеке қажеттіліктерін қолдау үшін қосымша материалдық-техникалық база жарақтандырылады. Секциялар, қызығушылық бойынша клубтар, білім алушылардың ғылыми қоғамы ұйымдары қызмет етеді. Балаларды жеке дамытуда мәдени орталықтары, қосымша білім беру ұйымдарымен тұрақты негізде ынтымақтастық іске асырылады. Білім алушылардың жарыстарға, конференцияларға, конкурстарға және фестивалдарға қатысуы үшін тұрақсыз қаржылық қолдау ұйымдастырылады. Педагогтар мен оқушылар арасында ынтымақтастық пен сенім атмосферасы қалыптасқан.

 

 

ortasha

Оқу жұмыс жоспарының вариативтік бөлігіндегі сағаттардың бөлінуі білім алушылардың қажеттіліктерін ескерусіз іске асырылады. Оқушылардың жеке қажеттіліктерін қолдау үшін қосымша материалдық-техникалық база жарақтандырылады. Секциялар, үйірмелер, қызығушылық бойынша клубтар, білім алушылардың ғылыми қоғамы ұйымдары мерзімдік ұйымдастырылады. Балаларды жеке дамытуда мәдени орталықтарымен, қосымша білім беру ұйымдарымен мерзімдік ынтымақтастық іске асырылады. Білім алушылардың жарыстарға, конференцияларға, конкурстарға, фестивалдарға қатысуына қаржылық қолдау көрсетілмейді. Педагогтар мен оқушылар арасында ынтымақтастық пен сенім атмосферасы қалыптаспаған.

 

 

nashar

Оқу жұмыс жоспарының вариативтік бөлігіндегі сағаттардың бөлінуі білім алушылардың қажеттіліктерін ескерусіз іске асырылады. Оқушылардың жеке қажеттіліктерін қолдау үшін қосымша материалдық-техникалық база жарақтандырылмайды. Секциялар, үйірмелер, қызығушылық бойынша клубтар жүйелі ұйыдастырылмайды. Балаларды жеке дамытуда мәдени орталықтарымен, қосымша білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықтың жоқ болуы. Білім алушылардың жарыстарға, конференцияларға, конкурстарға, фестивалдарға қатысуына қаржылық қолдау көрсетілмейді. Педагогтар мен оқушылар арасында ынтымақтастық пен сенім атмосферасы қалыптаспаған.

5.4

Мектепте өзін-өзі басқаруды дамыту (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Мектептің өзін-өзі басқару жүйесі жасалған және бірнеше жыл бойы тиімді жұмыс жасап келеді. Мектептің өзін-өзі басқару өкілдері білім беру ұйымы Кеңесіне дауыс беру құқығымен мүше болып енеді. Балалардың білім беру ұйымы өміріне тұрақты түрде қатысуы уәжделеді. Өзін-өзі басқару ұйымының шешімі барлық оқушы үшін шынайы. Өзін-өзі басқару ұйымы жұмысына материалдық-техникалық қолдау көрсетіледі. Ұйымның белсенді мүшелері үшін тұрақты түрде көшбасшылық тренинг, семинарлар өткізіліп тұрады.

 

 

zhaqsy

Мектептің өзін-өзі басқару жүйесі жасалған және бірнеше жыл бойы тиімді жұмыс жасап келеді. Мектептің өзін-өзі басқару өкілдері білім беру ұйымы Кеңесіне дауыс беру құқығымен мүше болып енеді. Балалардың білім беру ұйымы өміріне мерзімдік қатысуы уәжделеді. Өзін-өзі басқару ұйымының шешімі барлық оқушы үшін шынайы. Өзін-өзі басқару ұйымы жұмысына материалдық-техникалық қолдау көрсетіледі. Ұйымның белсенді мүшелері үшін көшбасшылық тренинг, семинарлар өткізіліп тұрады.

 

 

ortasha

Мектептің өзін-өзі басқару жүйесі формальді түрде құрылған.Өзін-өзі басқару ұйымының өкілдерін оқыту жүргізілмейді. Өзін-өзі басқару өкілдері дауыс беру құқығымен білім беру ұйымының Кеңесі құрамына енбейді. Сабақтан тыс және кластан тыс іс-шараларға оқушылардың қатысуы уәжделмейді. Өткізілген іс-шараларға материалдық-техникалық қолдау көрсетіледі.

 

 

nashar

Мектептің өзін-өзі басқару жүйесі қызмет етпейді. Класс ұжымы көшбасшыларын оқыту жүргізілмейді. Оқушы ұжымының өкілдері білім беру ұйымы Кеңесі мүшелігінің құрамына енбейді. Оқушылардың тек қана ойын-сауық шараларына қатысуы мұғалімнің бастамасымен ұйымдастырылады. Өткізілген шараларға материалдық-техникалық қолдау көрсетілмейді.

5.5

Білім алушыларды психологиялық және әлеуметтік қолдау (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Жедел психологиялық көмек көрсету қызметі және әлеуметтік-психологиялық түзету жүргізетін кабинеттің болуы. Жоғары уәжді тәуекел тобы балаларын, арнайы қажеттілігі, дамуында қиындықтар бар және бейімделу мен педагогикалық қолдауды қажет ететін категориядағы балаларды уақытылы анықтаудың өңделген жүйесінің қызмет етуі. Түзету және алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруда жүйенің болуы. Білім алушылардың психикалық үрдісі дамуының оң динамикасының тұрақты шамасы. Білім алушылардың тәуекел тобынан тұрақты азаю динамикасы. Білім алушылар арасында және білім алушылар мен мұғалім арасында кикілжің жағдаятының болмауы.

 

 

zhaqsy

Жедел психологиялық көмек көрсету қызметі және әлеуметтік-психологиялық түзету жүргізетін кабинеттің болуы. Жоғары уәжді тәуекел тобы балаларын, арнайы қажеттілігі, дамуында қиындықтар бар және бейімделу мен педагогикалық қолдауды қажет ететін категориядағы балаларды уақытылы анықтаудың өңделген жүйесінің қызмет етуі. Түзету және алдын алу жұмыстарын мерзімді ұйымдастыру. Білім алушылардың психикалық үрдісі дамуының оң динамикасы. Тәуекел тобындағы білім алушылардың азаю динамикасы. Білім алушылар арасында кикілжің жағдаятының аздап орын алуы байқалады.

 

 

ortasha

Жедел психологиялық көмек көрсету қызметі және әлеуметтік-психологиялық түзету жүргізетін кабинеттің болуы. Жоғары уәжді тәуекел тобы балаларын, арнайы қажеттілігі, дамуында қиындықтар бар және бейімделу мен педагогикалық қолдауды қажет ететін категориядағы балаларды уақытылы анықтаудың өңделген жүйесінің болмауы.

Түзету және алдын алу жұмыстарының мерзімді болуы. Білім алушылардың психикалық үрдісі дамуы динамикасының тұрақсыздығы. Тәуекел тобындағы оқушылардың тұрақсыз динамикасы. Оқушылар арасында шешілмейтін кикілжің жағдаятының орын алуы байқалады.



 

 

nashar

Психологиялық шұғыл көмек көрсету мен әлеуметтік-психологиялық түзету кабинетінің жоқ болуы. Жоғары уәжді тәуекел тобы балаларын, арнайы қажеттілігі, дамуында қиындықтар бар және бейімделу мен педагогикалық қолдауды қажет ететін категориядағы балаларды уақытылы анықтаудың өңделген жүйесінің болмауы. Түзету және алдын алу жұмыстар жүйесінің болмауы. Білім алушылардың психикалық үрдісі дамуының теріс динамикасы. Тәуекел тобындағы оқушылардың нашартеріс динамикасы. Білім алушылардың, мұғалім және білім алушылар арасындағы шешілмеген кикілжің жағдаятының орын алуы байқалады.

5.6

Сыныптан тыс шара арқылы білім алушының тұлға ретінде қалыптасуы (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Сыныптан тыс іс-шаралардың ұтымды және дамыған жүйесінің болуы. Сыныптан тыс шаралар нәтижелілігінің мониторингісін жүргізу. Оқыту деңгейі бойынша білім алушылар үшін дәстүрлі интеллектуалдық, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар жүйесінің жоспарлануы. Сыныптан тыс шаралардың мазмұны оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған. Сыныптан тыс шараларға қатысу нәтижесі бойынша оқушыларды көтермелеу және оқушыларды ынталандыру жүйесі құрылған. Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу білім алушылар арқылы жүзеге асады.

 

 

zhaqsy

Сыныптан тыс жұмыстар жүйесінің болуы. Оқыту деңгейі бойынша білім алушылар үшін дәстүрлі интеллектуалдық, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар жүйесінің жоспарлануы. Сыныптан тыс шаралардың мазмұны оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған. Сыныптан тыс шараларға оқушыларды ынталандыру жүйесі құрылған. Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді, негізінен, білім алушылардың өздері ұйымдастырады.

 

 

ortasha

Сыныптан тыс жұмыстар жүйесінің болуы. Оқыту деңгейі бойынша білім алушылар үшін дәстүрлі интеллектуалдық, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар жүйесінің жас ерекшеліктерін ескермей жоспарлануы. Сыныптан тыс шаралардың мазмұны білім алушылардың жеке тұлғасын дамытуға бағытталмаған. Жоспар құрылғанымен, сыныптан тыс шараларға оқушыларды ынталандыру жүйесі қызмет етпейді. Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мұғалімнің жеке оқушыларды қатыстыруымен жүргізіледі.

 

 

nashar

Сыныптан тыс жұмыстар жүйесі жоқ. Оқыту деңгейі бойынша білім алушылар үшін дәстүрлі интеллектуалдық, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар жүйесінің жас ерекшеліктерін ескермей жоспарлануы. Сыныптан тыс шаралардың мазмұны білім алушылардың жеке тұлғасын дамытуға бағытталмаған. Сыныптан тыс шараларға оқушыларды ынталандыру жүйесі құрылмаған. Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мұғаліммен жүргізіледі.

5.7

Кәсіби бағдар беру жұмысы (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру жоспары оқушылардың оқу деңгейіне сәйкес жасалған және енгізілген. Білім алушылардың кәсіби бейімділігін анықтауға байланысты диагностика жүргізіледі. Білім алушыларға, ата-аналарға және педагогтарға мамандық таңдау бойынша жүйелі түрде кеңес беру ұйымдастырылады. Білім алушылар үшін жалпы орта білім деңгейінде бағдарлы оқытуды таңдау мүмкіндігі беріледі. Білім беру ұйымында бағдарлы оқытуды таңдауға және сол мамандықты одан әрі таңдауына сәйкес жүйелі мониторинг жүргізіледі. Ғылыми қоғамның барлық секцияларында аралас-құралас, жүйелі жұмыстың болуы. Жоғары оқу орындары, колледждермен тұрақты түрде өзара әрекеттер ұйымдастырылады. Жүйеде өндірістік мекемелерге экскурсиялар, түрлі мамандық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылады. Кәсіби бағдар бойынша ақпараттық ресурстар тиімді пайдаланылады.

 

 

zhaqsy

Кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру жоспары оқушылардың оқу деңгейіне сәйкес жасалған және енгізілген. Білім алушылардың кәсіби бейімділігін анықтауға байланысты диагностика жүргізіледі. Білім алушылар үшін жалпы орта білім деңгейінде бағдарлы оқытуды таңдау мүмкіндігі беріледі. Білім беру ұйымында бағдарлы оқытуды таңдауға және сол мамандықты одан әрі таңдауына сәйкес мерзімдік мониторинг жүргізіледі. Білім алушыларға, ата-аналарға және педагогтарға мамандық таңдау бойынша жүйелі түрде кеңес беру ұйымдастырылады. Ғылыми қоғамның барлық секцияларында аралас-құралас, жүйелі жұмыстың болуы. Жоғары оқу орындары, колледждермен өзара әрекеттер ұйымдастырылады. Жүйеде өндірістік мекемелерге экскурсиялар, түрлі мамандық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылады. Кәсіби бағдар бойынша ақпараттық ресурстар пайдаланылады.

 

 

ortasha

Кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру жоспары оқушылардың жалпы орта білім деңгейіне сәйкес жасалған және енгізілген. Білім алушылардың кәсіби бейімділігін анықтау бойынша диагностикалау жүргізіледі. Білім алушыларға, ата-аналарға және педагогтарға мамандық таңдау бойынша жүйелі түрде кеңес беру ұйымдастырылады. Білім алушылар үшін жалпы орта білім деңгейінде бағдарлы оқытуды таңдау мүмкіндігі берілмейді. Білім беру ұйымында бағдарлы оқытуды таңдауға және сол мамандықты одан әрі таңдауына сәйкес мониторинг жүргізілмейді. Ғылыми қоғамның барлық секцияларында аралас-құралас, жүйелі жұмыстың болмауы. Жоғары оқу орындары, колледждермен өзара әрекеттер ұйымдастырылмайды. Өндірістік мекемелерге экскурсиялар, түрлі мамандық өкілдерімен жоспарланбаған кездесулер өткізіледі. Кәсіби бағдар бойынша ақпараттық ресурстар тиімді пайдаланылмайды.

 

 

nashar

Білім алушылармен кәсіби бағдар беру жұмысы жоспарының жоқ болуы. Оқушылардың кәсіби бейімділігін анықтау диагностикасы жүргізілмейді. Ата-аналар, педагогтармен және білім алушылармен мамандық таңдау бойынша біржолғы кеңес беру ұйымдастырылады. Білім алушылар үшін жалпы орта білім деңгейінде бағдарлы оқытуды таңдау мүмкіндігі берілмейді. Білім беру ұйымында бағдарлы оқытуды таңдауға және сол мамандықты одан әрі таңдауына сәйкес мониторинг жүргізілмейді. Жоғары оқу орындары, колледждермен өзара әрекеттер ұйымдастырылмайды. Өндірістік мекемелерге экскурсиялар, түрлі мамандық өкілдерімен жоспарланбаған кездесулер өткізіледі. Кәсіби бағдар бойынша ақпараттық ресурстар тиімді пайдаланылмайды.

6

Ата-аналармен және жергілікті қоғамдастықпен өзара іс-қимыл сапасы

6.1

Ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықтың білім беру ұйымдарындағы білім беру процесі сапасын арттыру мәселесіндегі өзара іс-қимылы (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Білім беру процесін талдау негізге ала отырып, қызмет түрін стратегиялық жоспарлауға жергілікті қоғамдастық пен ата-аналардың қатысуы. Білім беру ұйымдарының, ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықтың білім беру процесі сапасын арттыру мәселесіндегі бірлескен қызметінің нақты жоспарының болуы және жүзеге асуы. Оқыту сапасын арттыру бойынша ұйымдастырылған қоғамдық іс-шараларға ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықтардың белсене қатысуы. (экскурсия, дәріс, пән бойынша қосымша сабақтар және тағы басқаларды ұйымдастыру).

 

 

zhaqsy

Қызмет түрін стратегиялық жоспарлауға жергілікті қоғамдастық пен ата-аналардың қатысуы. Білім беру ұйымдарының, ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықтың білім беру процесі сапасын арттыру мәселесіндегі бірлескен қызметі жоспарының нақты болуы және жүзеге асуы. Оқыту сапасын арттыру бойынша ұйымдастырылған қоғамдық іс-шараларға ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықтардың белсене қатысуы. (экскурсия, дәріс, пән бойынша қосымша сабақтар және тағы басқаларды ұйымдастыру).

 

 

ortasha

Қызмет түрін стратегиялық жоспарлауға ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықтар қатыспайды. Білім беру ұйымдарының, ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықтың білім беру процесі сапасын арттыру мәселесіндегі бірлескен қызметі жоспары формалды. Білім беру ұйымдарының бастамасымен оқыту сапасын арттыру негізінде ұйымдастырылған қоғамдық іс-шараларға ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықтардың ішінара қатысуы. (экскурсия, дәріс, пән бойынша қосымша сабақтар және тағы басқаларды ұйымдастыру).

 

 

nashar

Қызмет түрін стратегиялық жоспарлауға ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықтар қатыспайды. Білім беру ұйымдарының, ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықтың білім беру процесі сапасын арттыру мәселесіндегі бірлескен қызметі жоспары жоқ. Ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықтың өзара іс-қимылы формалды сипатқа ие.

6.2

Ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықтың білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеу және білім алушылардың ынтасын көтеру мәселесі бойынша өзара іс-қимылы (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Ата-аналар білім беру ұйымдарының ішкі тәртібімен және Жарғымен айқындалған ережелерді толық орындайды және балалардың тарапынан олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Білім алушылардың білім алудағы ынтасын көтеру мақсатында ата-аналар әңгімелесулер мен іс-шаралар ұйымдастырады. Жергілікті қоғамдастықтар мен ата-аналар балаларды материалдық және моралдық тұрғысынан ынтыландыру жұмыстарын ұйымдастырып, оның жұмыс істеу жүйесін қалыптастыруға қатысады. Ата-аналар үнемі ата-аналар жиналысына қатысып, оларды ұйымдастыруға және өткізілуіне ат салысады.

 

 

zhaqsy

Ата-аналар білім беру ұйымдарының ішкі тәртібімен және Жарғымен айқындалған ережелерді толық орындайды, бірақ балалардың тарапынан олардың орындалуын қамтамасыз етпейді. Білім алушылардың білім алудағы ынтасын көтеру мақсатында ата-аналар әңгімелесулер мен іс-шаралар ұйымдастыруға шақырылады. Жергілікті қоғамдастықтар мен ата-аналар балаларды материалдық және моралдық тұрғысынан ынтыландыру жұмыстарын ұйымдастырып, оның жұмыс істеу жүйесін қалыптастыруға қатысады. Ата-аналар үнемі ата-аналар жиналысына қатысып, оларды ұйымдастыруға және өткізілуіне ат салысады.

 

 

ortasha

Ата-аналар білім беру ұйымдарының ішкі тәртібімен және Жарғымен айқындалған ережелерді толық орындайды, бірақ балалардың тарапынан олардың орындалуын қамтамасыз етпейді. Білім алушылардың білім алудағы ынтасын көтеру мақсатында ата-аналар әңгімелесулер мен іс-шаралар ұйымдастыруға шақырылады. Балалардың материалдық және моралдық ынталандыру жүйесі ата-аналардың пікірін ескере отырып, әкімшілікпен әзірленеді. Ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықтар білім алушылардың жетістіктерін марапаттауға қатысады. Ата-аналар тұрақты түрде ата-аналар жиналысына қатыспайды.

 

 

nashar

Ата-аналар білім беру ұйымдарының ішкі тәртібімен және Жарғымен айқындалған ережелерді толық орындамайды, балалардың тарапынан олардың орындалуын қамтамасыз етпейді. Білім алушылардың білім алудағы ынтасын көтеру мақсатында ата-аналар әңгімелесулер мен іс-шаралар ұйымдастыруға шақырылмайды. Балалардың материалдық және моралдық ынталандыру жүйесі ата-аналардың пікірін ескерместен әкімшілікпен әзірленеді. Ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықтар білім алушылардың жетістіктерін марапаттауға қатыспайды. Ата-аналар тұрақты түрде ата-аналар жиналысына қатыспайды.

6.3

Ата-аналарды балаларының жетістіктері туралы ақпараттандыру (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Ата-аналарды хабардар ету сапалы тұрақты түрде күнделік жүргізу арқылы, ата-аналар жиналасында, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен, интернет порталы, сайт, көрнекі құралдар және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асады. Сенім телефоны жұмыс істейді, арыз шағымдар мен ұсыныстар үшін жәшік орнатылған. Мекеменің интернет порталы толығымен білім алушылардың оқу жетістігін көрсетеді. Басшының блогына түскен өтініштерді уақтылы қарастыруды қамтамасыз етеді.

 

 

zhaqsy

Ата-аналарды хабардар ету мезгіл сайын күнделік жүргізу арқылы, ата-аналар жиналасында, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен, интернет порталы, сайт, көрнекі құралдар және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асады. Сенім телефоны жұмыс істейді, арыз шағымдар мен ұсыныстар үшін жәшік орнатылған. Мекеменің интернет порталы толығымен білім алушылардың оқу жетістігін көрсетеді. Басшының блогына түскен өтініштерді уақтылы қарастыруды қамтамасыз етеді

 

 

ortasha

Ата-аналарды хабардар ету тұрақты түрде жүргізілмейдікүнделік, ата-аналар жиналысында, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен, интернет порталы, сайт, көрнекі құралдар және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асады. Сенім телефоны жұмыс істемейді. Арыз шағымдар мен ұсыныстар үшін жәшік орнатылған. Мекеменің интернет порталы толығымен білім алушылардың оқу жетістігін көрсетпейді. Басшының блогына түскен өтініштерді уақтылы қарастыруды қамтамасыз етеді

 

 

nashar

Ата-аналарды хабардар ету тұрақты түрде жүргізілмейді, күнделік және ата-аналар жиналысы арқылы жүзеге асады. Сенім телефоны жұмыс істемейді. Арыз шағымдар мен ұсыныстар үшін жәшік орнатылмаған. Мекеменің интернет порталы толығымен білім алушылардың оқу жетістігін көрсетпейді. Басшының блогына түскен өтініштерді уақтылы қарастыру қамтамасыз етілмеген.

6.4

Ата-аналар комитеті қызметінің ұйымдастырылуы (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Білім беру ұйымының ата-аналар комитеті әкімшілікпен, оқушылар кеңесімен және сыныптың ата-аналар комитетімен тығыз байланыс орнатады. Ата-аналар комитеті білім беру ұйымының даму жоспарын жасақтау мәселесіне қатысты және іс-шаралардың жүзеге асуын қамтамасыз ету жұмыстарына белсене араласады. Білім алушылардың қосымша білім алуы мақсатында вариативті сағаттарды бөлуге қатысады. Оқушылардың өзін-өзі басқару қызметіне және оның ұйымдастырылуына ат салысады. Ата-аналар комитеті демеушілер іздестіруге және демеушілік қаражатты білім беру ұйымының қажеттілігіне қарай бөлуге қатысады. Бюджеттен тыс шығындарды бақылайды және жоспарлайды; қосымша қаржыландыру көздерін іздестіруде белсенді жұмыс атқарады.

 

 

zhaqsy

Білім беру ұйымының ата-аналар комитеті әкімшілікпен, оқушылар кеңесімен және сыныптың ата-аналар комитетімен тығыз байланыс орнатады. Ата-аналар комитеті білім беру ұйымының даму жоспарын жасақтау мәселесіне қатысты және іс-шаралардың жүзеге асуын қамтамасыз ету жұмыстарына қатысады. Білім алушылардың қосымша білім алуы мақсатында вариативті сағаттарды бөлуге қатысады. Оқушылардың өзін-өзі басқару қызметіне және оның ұйымдастырылуына ат салысады. Ата-аналар комитеті демеушілер іздестіруге және демеушілік қаражатты білім беру ұйымының қажеттілігіне қарай бөлуге қатысады. Бюджеттен тыс шығындарды бақылайды және жоспарлайды; қосымша қаржыландыру көздерін іздестіру жұмысын атқарады.

 

 

ortasha

Білім беру ұйымының ата-аналар комитеті әкімшілікпен, оқушылар кеңесімен және сыныптың ата-аналар комитетімен байланыс орнатылмаған. Ата-аналар комитеті білім беру ұйымының даму жоспарын жасақтау мәселесіне қатысады. Білім алушылардың қосымша білім алуы мақсатында вариативті сағаттарды бөлуге қатыспайды. Оқушылардың өзін-өзі басқару қызметіне және оның ұйымдастырылуына қатыспайды. Ата-аналар комитеті демеушілер іздестіруге және демеушілік қаражатты білім беру ұйымының қажеттілігіне қарай бөлуге қатысады. Бюджеттен тыс шығындарды бақылайды және жоспарлайды; қосымша қаржыландыру көздерін іздестіру жұмысын атқарады.

 

 

nashar

Ата-аналар комитеті формалды түрде құрылған

Білім беру ұйымдарын
бағалау өлшемшарттарына
3-қосымша

Бағалау қорытындысы

_____________________________________________________________________


(білім беру ұйымының атауы)

Р/с



Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына 1-ші немесе 2-қосымшаға сәйкес бағыттар бойынша өлшемшарттар және бағыттардың атауы

өлшемшарттар және бағыттар бойынша баға

Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына 1-ші немесе 2-қосымшаға сәйкес дескриптордың мазмұны

Білім беру ұйымына сәйкес дескриптордың мазмұны

1

2

3

4

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім беру ұйымдарын
бағалау өлшемшарттарына
4-қосымша

Бағалау парағы

______________________________________________________


(білім беру ұйымының атауы)

Р/с



Өлшемшарттар мен бағыттардың атауы

Бал бойынша баға

Баға

1

Бағыт

 

 

2

Бағыт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды баға

 

 

Білім беру ұйымын бағалау тұралы Комиссияның қорытындысы:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Комиссияның төрағасы: ___________________________ Күні: __________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Комиссия мүшесі: ________________________________ Күні: __________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))



Комиссия мүшесі: ________________________________ Күні: __________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Каталог: download
download -> Оқушылардың орта буынға бейімделуі барысында жүргізген жұмыстар туралы анықтама. қазан 2014ж
download -> Построение таблиц истинности логических выражений
download -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік теникалық академиясы
download -> Правила соревнований международная Ассоциация Бокса [Преамбула]
download -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
download -> Бехаалотха Когда будешь зажигать Числа 8,1 12,16
download -> Мы молімся за вас жыццё Змяні сваё жыццё Захавайце наша жыццё! Мы любім вас Змяні сваё сэрца Змяні сваё харчаванне
download -> Загальна характеристика роботи


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет