Диплом жұмысын орындау үшін Студент Омарова А., Зфи-02-1к (аты-жөні, тобы) Диплом жұмысының тақырыбы



бет3/3
Дата25.04.2016
өлшемі0.94 Mb.
түріДиплом
1   2   3
ҚОРЫТЫНДЫ
Көркем – ғұмырнамалық шығармалардың басты нысанасы ретінде тарихи тұлға ғұмыры алынып, өмірлік шындықтың көркем бейнесін сомдаудағы нақты деректердің игерілу тәсілдері қарастырылан бұл еңбекте ғұмырнама жанрының қазақ әдебиетінде даму бағытына тоқталдық. Зерттеу объектісі ретінде алынған Ә.Тәжібаевтың «Жылдар, Ойлар», М.Мағауиннің «Мен», Қ.Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние» романдарындағы өмірлік деректің жанр талабына сай сомдалудағы ерекшеліктерді саралап өту мақсатында, екі тарауға бөліп қарастырдық.

«Қазақ әдебиетіндегі ғұмырнамалық роман жанры» атты бірінші тарауда қазақ әдебиетіндегі ғұмырнамалық формада жазылған шығармалардың түрлік , жанрлық ерекшелігінің пайда болу тарихы мен алғашқы осы жанрда жазылған шығармалардың әдеби негізіне тоқталдық. Ұлттық әдебиетімізде ғұмырнамалық жанрға жол салған С.Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу», З.Шашкиннің «Тоқаш Бокин», М.Жұмағұловтың «Қиян қазасы қияда», Ә.Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі», Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» ғұмырнамалық романдары мен С.Мұқановтың «Есею мектебі», С.Көбеевтің «Орындалған арман», мемуарлары арасындағы жанрлық байланыстар мен рухани үндестіктерді, стильдік, поэтикалық ерекшеліктерді қарастыра отырып, ғұмырнама жанрының қазақ әдебиеті мәселелерін шешуге талпындық. Сол тұрғыда қазіргі қазақ әдебиетінде осы жанрдың бүгінгі жаңаша қалпын ғылыми-әдеби, теориялық тұрғыдан сараптау үшін, Ә.Тәжібаев, М.Мағуин, Қ.Жұмаділовтердің ғұмырнамалық романдарына талдау жасадық.

ХХ ғасырдың социолистік реализм әдісі, коммунистік партия дәуірлеп тұрған кезіндегі ғұмырнамалық романдар мен бүгінгі егеменді концепцияда жазылған романдар арасында айтарлықтай ерекшеліктер бар екенін көреміз. Және де романдарды жазу барысында бір дәуірде өмір кешкен жазушылардың шығармаларында жанрлық талғам біреу болғанымен, авторлық ұстаным, тақырып, идея, талдау тұрғысынан келсек, бұлардың арасында үлкен айырмашылық бар екенін көреміз. Ойымыз дәлелді болу үшін мысалдар келтіре отырып, теориялық талдаулар жасадық.

Диплом жұмысында үш романның да ғұмырнамалық бағдары айқын. Автор-кейіпкерлері өз аузынан баяндалатын оқиғалар тізбесінен келеді. Жазушылардың ғұмырнама жазуға қалам ұстаған тұстары жас шамасына сәйкес. Ал, роман композициясындағы бейнеленген өмірлік материалдарының бастау арналары әр түрлі болып келеді. Мәселен, Ә.Тәжібаев «Жылдар, Ойлар» шығармасын өзінің баянсыз балалық шағынан бастап, аса қажетті деген өмірлік мәнді дүниелер туралы жазады. М.Мағауиннің бұл тұрғыдағы ұстанымы тіптен басқаша. Жазушы өз өмірінен гөрі, қоғам ғылым, шығармашылық мәселелерінің тек жеке басына қатысты тұстарын атап, өмірдің өзінен алып бейнелейді. Суреткер Қ.Жұмаділовтің өміріндегі алып екі империяның тұсындағы аламан өмірдің шындығын көркемдікпен игеруге дәйекті, деректі бұрын-соңды әдебиетте аз танылған ғұмырлық сюжетті ъқызықты баяндаумен ерекшеленеді. Міне, бұл мәселелердің көркем әдебиеттегі ізденістері мен суреткерлердің жанрды меңгерудегі ұмтылыстарының негізін талдап көрсету үшін, «Өмірлік дерек - көркемдік шешім» атты екінші тарауда үш жазушының шығармашылық лабороториясына кеңінен тоқталып, даралық пен ортақ ұқсастықтарын ашуға тырыстық. Суреткерлер ғұмырындағы шығармашылық процестің мән-маңызы мен ерекшеліктеріне тоқталдық. Шығармашылық лабороторияның қыр – сырының көркемдік сипатын одан ары дамыта, жан – жақты көрсету үшін, Ә. Тәжібаев, М. Мағауин , Қ. Жұмаділов ғұмырнамаларында деректердің көркемдік шешім табуындағы мәселелерді осы шығармалардан мысал келтіре отырып, теориялық таңдаулар, саралаулар жасадық.

Қаламгердің ғұмырнамасында автор – кейіпкер жолы романның сюжетіне айналып отырған. Ғұмырнамадағы образдар мен оқиғалардан авторлық стилі , білімі, гуманистік ой-бағдары білінеді. Бүкіл болмысы мен жазушылар болғанды айтып, өткенмен үйретіп, кеңес құрып ғана тынбайды, ол сол өткеннің ішінен бүгінгіні , келешекті аңғартады; Жазушының еркіндікті жоғары ұстай отырып, тарихи және әдеби материалдарды оқырманға бірдей жеткізеді; олар ғасырлық шындықты танытады.

Жалпы, Ә. Тәжібаев, М. Мағауин, Қ. Жұмаділовтердің ғұмыр намаларының композицияларда айтарлықтай айырмашылықтар барын көреміз. Ә. Тәжібаев ғұмырнамасының барлық өмірінен басталғанымен, ақынның баяндауында оқиғалардың бір ізділігі байқалмайды. Автор – кейіпкер қоғаммен адамның арасындағы рухани , тарихи шындықтың өткеннің болашаққа қажет деген тұстарын алады. Бұл турасында Ә.Тәжібаев Қ. Сәтбаев, М. Әуезов, С. Мұқанов, А. Жұбанов және т.б. сынды тарихи тұлғалар араларындағы қарым – қатынастың тарихы мен ғылымы үшін керекті естеліктердің деректі негізгі баяндауы басым келеді . Автор – кейіпкер қолданылған бұл әдіс ғұмырнама жанрына үйлесілді. Негізінен, автор – кейіпкердің айғақ ретінде сүйенері өзі жазған күнделіктер мен өлеңдері, ғылыми мақалалары болып келеді. Автор оларды кейде тұтас , кейде бөліп алып қолданады. Сондай-ақ кейбір оқиғаларға ретро спективалық тәсілдерді қолдану арқылы өткенді көз алдынан өткізе отырып кешегі шындықты бүгінгі күн тұрғысынан бейнелеу де кездеседі.

Халық жазушысы М.Мағауин «Мен» ғұмырнамасында өмірде болған оқиаларды түгел тізбейді, керісінше автор-кейіпкер романның ең алғашқы беттерінен өзін таныстырудан бастайды да, келе-келе өз өміріндегі сүрлеу - соқпақ, қиян жолдарға ойысып отырады. Бейнеленген оқиалрдың бәріне жазушы өткен күн дерегі ретінде «Алтын дәптер» күнделік тізбесіне оралып отырады» . Жазушы мақсатының өзінен басқа екі автордан ередкшілігі, ол негізінен ғұмырнамадағы өз жеке басындағы өмірді емес, ғаламдық өмірдің шындығын баяндаумен ерекшеленеді. Сол мақсатта суреткер өзі мен әдеби-ғылыми ортасы ғана білетін деректі көркем дүниге айналдырады. Автор – кейіпкер құрған сюжетте күнделікті тіршіліктің баяндалуы шығарманы деректік жағынан ғана емес, оқырман үшін әдеби мәнін де аша түскен. Қырық жылға жуық шығармашылыққа өмірін арнаған М.Мағауиннің қоғамдық болмысы мен шығармашылық өнер туралы пәлсапалар мен терең тұжырымды ғылыми маңызы жоғары түйінді пікірлер, болжамдар айтуы ғұмырнамалық шығарманың танымдық қасиетін арттыра түскен. Тап осылай тәжірибелік ой – пікірлермен бөлісу Қ.Жұмаділов шығармасының соңғы беттерінде бедерлі бейнеленді. Қ.Жұмаділов ғұмырнама жазуда алдыңғы екі жазушы сияқты нақты дерек ретінде күнделікті ізбен жүріп отырмайды. Негізінен, жазушы өзінің сан жылдарғы сарабдал санасына сүйенді. Шығармасының тарихилығы басым болып келетін жазушы өмірінің ең бір қилы кезеңдерін бейнелеуге күш салды. Біріңғай хронологиялық жүйемен жүрмесе де, жазушы сәбилік, жастық, ағалық шақтарында бастан кешірген ғұмырды өз атынан дәлелді оқиғалар келтірумен сомдайды. Қытай жеріндегі қуғын-сүргін басталған өмір жолының Қазақ жеріндегі жалғасын тұтас таныту үшін, қаламгер ғұмырнамасында көркемдікті игеру жағы басым түсіп жатады. Ол кейде Қытай еншісінде кеткен Шығыс Түркістан табиғатын әсем пейзажбен бейнелеп, баяндалар оқиғаға экпозиция ретінде ұсынса, адам бейнесін тура әлі көркем етіп жеткізу үшін портретті беру арқылы мінездік тұлғаларға ұластырып отырады. Бұлайша оқиғаны айғақты, деректі сомдау автор –кейіпкердің суреткерлік шеберлігін анық танытады.

Ә. Тәжібаев, М. Мағауин, Қ. Жұмаділовтер ғұмырбаяндық шығарма жазуда қазақ ұлттық мемуары мен Еуропа, Ресей шығармагерлерінің дәстүрлі жолдарыан зор хабарлары бар екенін танытты, және өздері жазған шығармаларында осы игі дәстүрді онан әрі жалғастыра түсті. Әрқайсысы, мәселен, Ә. Тәжібаев «Жылдар, Ойлар», «Есімдегілер» арқылы естелік айтудың ғұмырнама үшін көркемдік маңыздылығын көрсетсе, М. Мағауин өз ғұмырын арқау ете отырып, жазушылық таланттың көркемдік танымының пәлсафасы мен болмысының ерекшеліктерін өз тәжірибесімен танытса, Қ. Жұмаділов ғұмырнама үшін тарихи танымның көркемдікпен игерілуіндегі қаламгерлік идея мен тақырыптың мән-маңызын ашты. Зерттей келе зерделегеніміз, ғұмырнамалық роман тәуелсіз ұлттық әдебиетіміздің көркем-эстетикалық әлемінің көкжиегін кеңейтіп, тарихи танымымызды тереңдетіп, әдеби көзқарасымыздың біліктілігін дамытуға зор үлес қосып, әдебиеттану ғылымындағы жанрлық өсуге мол мүмкіндік алып келеді деп білеміз.



Пайдаланған әдебиеттер





  1. Мағауин М. «Мен» ғұмырбаяндық хамса. - Алматы: Гаухар, -1998.

  2. Жұмаділов Қ. «Таңғажайып дүние» ғұмырнамалық роман. - Алматы: Тамыр, - 1999. -624 б.

  3. Тәжібаев Ә. «Жылдар, ойлар» (Естеліктер мен толғаныстар). – Алматы: Жазушы, - 1976. - 472 б.

  4. Жұмағалиев З. Уақыт және әдебиет. – Қарағанды-1999. – 336 б.

  5. Муминский С. Мемуарлық автобиография. – Алматы: Жазушы,

1986-262 б.

5. Ғабдуллин М. Майдан очерктері. – Алматы: Жазушы-1957. – 355 б.

6. Мерошниченко Г. Жастар жасағы. – Алматы: ҚМКӘБ-1960. - 202 б.

7. Мұқанов С. Таңдамалы шығармалар, I том, Өмір мектебі, II том

- Алматы: ҚМКӘБ-1955. - 483 б.

8. Жұмағалиев З. Мемуар табиғаты // Қазақ әдебиеті, 1965. 5 февраль

( №17 ) 7б.

9. Серғалиев М. Жанр сыры. – Алматы: Жазушы-1975. – 180 б.

10. Бердібай Р. Қазақ прозасындағы замандас бейнесі. – Алматы:

Қазақстан-1968. – 86 б.

11. Қазақ ССР қысқаша энциклопедиясы, Т.IV. – Алматы: Ғылым,

1989.- 850 б.

12. Герцен А.И. Өткендер мен ойлар. Алматы: Ғылым, 1956 – 214 б.

13. Әуезов М. Таңдамалы, Т.III. – Алматы: Жазушы, 1968 – 325 б.

14. Лизунова И. Современный казахский роман. – Алматы: Ғылым,

1957-370 б.

15. Боранбаев Қ. С.Мұқановтың өмір мектебі // Көкшетау правдасы,

1959 - 10 март.

16. Жұмалиев Қ. Әдебиеттануға кіріспе. – Алматы: Ғылым-1977. – 275 б.

худ.литературы – 1947. – 313 с.

17. Асылбекұлы С. Заман шындығының айнасы // Парасат №1 – 1997.

– 15 б.


18. Қазақ ССР қысқаша энциклопедиясы, Т.IV. – Алматы: Ғылым,

1989.- 850 б.

19. Сүлейменов О. Сөзстан. Алматы: Жазушы – 1987. – 224 б.

20. Әуезов М. Әр жылдар, ойлар. – Алматы: Жазушы-1959. – 398 б.

Худ.лит. – 1974 – 274 с.

21. Горький М. Әдебиет туралы. – Алматы: Жазушы – 1964. – 125б.

22. Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы. —Алматы: Ғылым, 1975. —312 б.

23. Әдібаев Х. Талант, талғам, тағдыр. —Алматы: 1971. —256 б.

24. Әуезова Л.М. Әуезов творчествосында Қазақстан тарихының проблемалары. —Алматы: Мектеп, 1977. —272 б.

25. Бердібаев Р. Тарихи роман. —Алматы: Санат, 1997. —336 б.

26. Бердібаев Р. Қазақ прозасындағы замандас бейнесі. —Алматы: Қазақстан, 1968. —86 б.

27. Бисенғали З.Қ. ХХ ғасырдың басындағы қазақ прозасы. —Алматы: Мектеп, 1989. —136 б.

28. Байтұрсынов А. Шығармалары. —Алматы: Жазушы, 1989. —320 б.

29. Елеукенов Ш. Жаңа жолдан. Әдеби портреттер, зерттеулер. —Алматы: Жазушы, 1989. —320 б.

30. Жұмағалиев А. Шындық және көркем әдебиет. —Қарағанды: ҚаМУ, 1993. —216 б.

31. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. —Алматы: Мектеп, 1969. —224 б.

32. Кәкішев Т. Дәуір дидары. —Алматы: Жазушы, 1985. —336 б.

33. Кәкішев Т. Санадағы жаралар. —Алматы: Қазақстан, 1992. —264 б.

34. Қабдолов З. Жанр сыры. —Алматы: ҚМКӘБ, 1964. —172 б.

35. Қаратаев М. Таңдамалы шығармалар. Үш томдық. Т.1. —Алматы: Жазушы, 1974. —343 б. Т.2. —392 б.: Т.3. —368 б.

36. Мүсірепов Ғ. Суреткер парызы. Бес томдық шығармалар жинағы. 4 том. —Алматы: Жазушы, 1975. —555 б.

37. Нұртазин Т. Жазушы және өмір. —Алматы: ҚМКӘБ, 1960. —372 б.

38. Рахымжанов Т. Қазіргі қазақ романының поэтикасы. —Алматы: ҚазМПУ, 1992. —216 б.

39. Серікқалиұлы З. Дүниетану даналығы. —Алматы: Білім, 1994. —224 б.

40. Серікқалиев З. Ақ жол: мақалалар, зерттеулер. —Алматы: Жазушы, 1990. —404 б.

41. Уахатов Б. Таланттар, туындылар. —Алматы: Жазушы, 1969. —169 б.

42. Жолдасбеков М. Асыл арналар. —Алматы: Жазушы, 1990. —352 б.

43. Қирабаев С. Шындық және шығарма. Сын мақалалар, зерттеулер, портреттер. —Алматы: Жалын, 1981. —252 б.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет