Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма № Студент



бет2/5
Дата25.04.2016
өлшемі0.59 Mb.
түріДиплом
1   2   3   4   5

Тапсырманы өткізу мерзімі _____________ 200_ ж.


Дипломдық жұмыстың жетекшісі ___________________ __

(қолы) (Тегі, аты, жөні)

Тапсырманы орындауға алған студент __________________ __

(қолы) (Тегі, аты, жөні)



Мазмұны

Кіріспе


АННОТАЦИЯ

АНЫҚТАМА


БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

  1. Әдебиеттерге шолу

2 Климаттық және топырақ жағдайы

2.1.Зерттеулерді жүргізудің шарты, сызбасы мен әдісі

3. Экспериментальды бөлім

3.1 Күріш өсімдігінің өсуіне, дамуына және вегетациялық салмақтың жиналуына топырақ тұздылығының, азотты және фосфорлы тыңайтқыштардың әсері

3.2 Күріштің азотпен, фосформен қоректену диагностикасы және олардың күріш дамуының негізгі фазаларында жапырақтарындағы құрамы

3.3 Күріш өнімі мен оның құрылысына топырақ тұздылығының,

азотты және фосфорлы тыңайтқыштың әсері.

4 Экономикалық тиімділігі

5 Еңбекті қорғау

5.1 Егін шаруашылығында жұмысты орындау кезіндегі жағдайлар мен қауіпсіздікті сараптау (анализі)

5.2 Пецтицидтермен және минералды тыңайтқыштармен

жұмыс жасаудағы еңбек гигиенасы

5.3 Шаруашылықтағы өртке қарсы қауіпсіздік жағдайының сипаты

5.4 Өрттік сумен қамсыздандыру

6 Табиғатты қорғау

6.1 Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау туралы түсінік

6.2 Қазақстанда табиғатты қорғау бойынша негізгі шаралар

6.3 Шаруашылықтағы табиғатты қорғау шаралары

6.4 Су көздерін қорғау

6.5 Атмосфералық ауаны қорғау

Пайдаланылған әдебиеттер

АННОТАЦИЯ

Күріш шаруашылығын қарқындату келешекте күріш өндірісін ұлғайту және саланың экономикалық тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Бұған қоса бұл шешімдерде тұзды және балшықты жерлерді ликвидтеуге үлкен көңіл бөлінген. Қазақстанда күріш егу жөнінен дамыған аудандар көп.

Осыған байланысты біздің зерттеуіміздің мақсаты: „Авангард” сортындағы күріштің өнімділігіне топырақтың хлорлы тұздылығы мен минералды тыңайтқыштардың әсерін зерттеу болып табылады.

Зерттеулер Шардара ауданы Достық елді мекенінде жүргізілді. Біз тәжірибе алқаптарына жалпы климаттық жағдайына сипаттама беруге Шардара елді мекені метерологиялық станциясының мәліметтерін пайдаландық.



АНЫҚТАМА
Органикалық заттар - өсімдік құрамындағы азотты және макро-микроэлементтер.

Экстракция – элементтерді сұйықтыққа ажырату.

Технология - өнімді және сапасын арттыру шаралары.

Рн – қышқылдық көрсеткіш.




БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

NPK – азот фосфор және калий фон жылдық тыңайтқыш нормасы.

Фотосинтез – СО2 есебіне топталған өнім.

Қосымша өнім – жалпы өнімнен аралығы.

Алқапты тәжірибе – далалық тәжірибе.

ц/га – гектарынан алынған өнім.

N-NH4 – аммиакты азот.

N- NO3 – нитратты азон.

P2O5 – менгерілетін фосфор қышқылы.

К2О – менгерілетін калий түрі.

Фосфор – Лоренц әдісі.

Азот – Кельдаль әдісі.

Гумус – Тюрин әдісі.

Жылжымалы Р.К – Б.Магигин әдісі.

Нитрат – Гранувальд-Ляги әдісі.

Еритін тұз – Ласукова әдісі.

Кіріспе

Күріш – ауыл шаруашылығының ежелден келе жатқан мәдениеті және ол дәнділер класына жатады. Жер бетінде өндірілетін күріш егілетін ауданы және өнімділігі бойынша екінші орында. Күріш жер шарындағы адамдардың жартысының азықтық қорегі болып табылады.



„КСРО-ның 1986-1990 жылдарға және 2000 жылдарға дейінгі экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі бағыттарында” дән өндірісін өсіру мақсатында ауыл шаруашылығына қойылатын маңызды талаптар қарастырылған.

Дәнді шаруашылықтың ішінде тұрақты және жоғарғы өнім беретін күріш болып табылады.

КСРО-да күріш өсірудің ірі базасы құрылған. Солтүстік Кавказда, Павольжада, Қазақстанда, Орта Азияда, Украинада және Қиыр Шығыста өндірістік күріш себу аудандары анықталды. Күрішті өндіру жағынан Краснодорский алдыңғы орында.

Орталық Азияда соңғы жылдары күріш егуді қысқартты, өйткені, біріншіден күрішті өсіру үшін көп су қажет, екіншіден мақта шаруашылығы дами бастады. Күріш шаруашылығының жылдам дамуына біраз факторлар әсер етті. Ең алдымен, күріш тұрғындардың жоғары калориялы диеталық азыққа деген өсуші сұранысын қамсыздандыру керек, күріш жармасының 1 кг 3590 калорияны құрайды, жарманың абсолютті құрғақ жармасының құрамында 88% крахмал, 8% ақуыз, 0,5% май және т.б. бар.

Дүние жүздік күріш орталығының кезекті отырысының шешімінде 1995 жылдың шілдесінде „Өсірудің қарқынды технологияларын ендіру есебінен 1996 жылы бидай, жүгері, тары және күріш өндірісін ұлғайту бойынша шаралары туралы” қаулы қабылдады. Мұнда қарқынды технологиямен өндірілетін аталған аудандарын келешекте кеңейту қарастырылған.

Күріш шаруашылығын қарқындату келешекте күріш өндірісін ұлғайту және саланың экономикалық тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Бұған қоса бұл шешімдерде тұзды және балшықты жерлерді ликвидтеуге үлкен көңіл бөлінген. Қазақстанда күріш егу жөнінен дамыған аудандар көп. Бірақ егіс аумағын кеңейтуге топырақтың тұздылығы кедергі жасайды. Тұщы жерлерді игерудің бір жолы сол жерлерге күріш егіп минералды тыңайтқыштарды себу болып табылады. Минералды тыңайтқыштар жағымсыз ауа райы мен жапырақ жағдайларына кедергі жасайды, егін шаруашылығы мен өнімділікті жоғарылатады.

Тұщы жерді мелиорациялаудан кейін төменгі табиғи өсімділікпен сипатталады. Бұл кезде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді жоғарылатуда минералды тыңайтқыштар маңызды орын алады. Бірақ ауыл шаруашылық, соның ішінде күріштің тұщы топырақтағы тыңайтқыштары туралы сұрақтар толығымен зерттелмеген. Осыған байланысты біздің зерттеуіміздің мақсаты: „Авангард” сортындағы күріштің өнімділігіне топырақтың хлорлы тұздылығы мен минералды тыңайтқыштардың әсерін зерттеу болып табылады.

Әдебиеттерге шолу

Тұзды топырақтарға құрамында белгілі бір өсімдіктерге зиян келтіретін оңай еритін тұздары бар топырақтар жатады.

Ковданнің (1968) пікіріне сәйкес тұзды топырақ түзуге әкелетін тұздардың келесі негізгі типтері бар:


  1. Карбонаттар

  2. Сульфаттар

  3. Бураттар

  4. Хлоридтер

Хлоридтердің ерімталдылығы мен улылығы жоғары. Хлоридтер сульфаттармен бірге тұзды топырақ түзетін негіздік тұздар болып табылады.

Хлорлы тұздылық кезде тұздың құрамы көп болатын болса топырақ ерітіндісінің осмостық потенциалы жоғарылап, өсімдіктің сумен қамсыздануы нашарлайды. Сондықтан айдалатын жерлердегі топырақ ерітінділерінің концентрациясы 5г/л аспайды. Концентрация жоғары болса, өсімдіктердің өсуі нашарлайды. Концентрация 10-12 г/л болғанда өсімдіктер қатты солады, 20-25 г/л кезінде ауыл шаруашылық көптеген дақылдар өледі, топырақ ерітіндісінің мұндай концентрациясына 0,6-0,8 мПа осмостық қысым сәйкес келеді. Дән өніп өсетін кезде тұздылық қатты зиян келтіреді. Топырақтың құрамында натрий, хлор, магний көп болатын болса, онда ол өсімдік үшін қауіпті. Өйткені бұл элементтер жапыраққа түсе отырып крахмалды бұзады және фотосинтезді баяулатады. Сондықтан, әлсіз тұздылықтың өзі дәнділердің өнімділігін 40-50% төмендетеді.

Топырақтың хлорлы тұздылығында топырақ ерітіндісінің рН мәні өзгереді.

Күріштер тұзды топырақта да өнім беретін болғандықтан, ертеден егеді және қазіргі кездегідей егу аймағын кеңейту мәселесі қиын емес еді. Күріштің тұзға төзімділігін, осы жағдайларда оның интенсификациясының зерттеуге толығымен назар аударылмаған. Сондықтан да осы сұраққа қатысты әр түрлі оқымыстылылардың қарама-қайшы көзқарастары қанағаттанарлықсыз. Күріштің тұздарға төзімділігін айтқан кезде, оның су алдырып өсетіндігін ескеру керек. Осы кезде оның тамыр жүйесі топырақтың сумен қаныққан беткі қабатында орналасады. Ал факт жүзіндегі тұздылық дәрежесі прибормен анықталатыннан төмен (Н.С.Тур. 1989).

Сонымен, күріштің тұзға төзімділігін зерттеген зерттеушілердің ішінде күріш өсуге және өнім беруге қабілетсіз болатын тұздың шекті концентрациясына қатысты бірдей көзқарас жоқ. Егер топырақтың құрамында натрий болып, дәндер натрийге сезімтал болса, онда олар натрийдің улы әсерін сезеді. Екінші жағынан, ауыспалы натрий топырақтың құрылымын нашарлатып өсімдіктің қоректенуін бұзады. Өйткені тұздылық кезінде қалыпты жағдайға қарағанда өсімдіктің оттегімен қоректенуі азаяды.

Тұздылықтың басқа типтеріне қарағанда хлорлы тұздылық дәннің өсіп өнуіне кері әсер тигізбейді.

Бір авторлардың мәліметтеріне сәйкес күріш тұздың 0,8% концентрациясына төзімді. Басқалардың айтуы бойынша (Иконников С.) күріш тұздың шамамен 0,3% концентрациясына ғана төзімді. Осындайлар басқа жұмыстарданда байқалады. 0,3-0,4% хлормен тұздалған топырақтардың метрлік қабатында өнім алынбайды, ал 0,2-0,3% тұздылықты болар болмас өнім алынады. Топырақтың 0,35% аспайтын тұздылығында дән өсіп өнуі мүмкін. Ол 1 литрге 10 грамм құрайтын топырақ суының минералдану дәрежесіне сәйкес келеді. Су алған кезде топырақтың беткі қабаты тығыздалады, сондықтан күрішті бастапқы жоғары тұздылықтада өсіруге болады.Бірақ, бұршақтар пайда болғаннан кейін тамыр жүйесі максимальді таралған қабаттағы 10-20 см тұздылығы0,5-0,6% немесе 15-16 г/л аспауы керек (Жовтонг және т.б., 1981) Т.Н.Кириенко жасанды жолмен тұздау кезінде ерітіндінің концентрациясы 5 г/л болған кезде күріш дәнінің өнуі бірден төмендегенін байқаған. Бір тұздар өсімдікке осмостық әсер береді, ол жасуша протоплазмасының сусыздануында көрінеді; басқалары – улы әсер береді, ол кезде заттың алмасуы нашарлайды.

Тұздылығы жоғары топырақтардағы концентрит топырақ ерітіндісінің осмостық қысымы дәннің сорғыштық күшін жоғарылатады. Бұл кезде дәндер ылғалды сіңірмей кейбір уақытқа топырақта консервіленіп тұрады. Топырақ ерітіндісінің концентрациясы төмендеген кезде, мысалы егіс аймағына су бергенде немесе басқада себептердің нәтижесінде дәндер ылғалды сіңіріп өсе бастайды.

Н.С.Ерыгиннің (1977) мәліметтері бойынша Кырмызы және Кендзо сортындағы күріштердің дәндері осмостық қысымы 0,6 атм. Болғанда ерітіндіде сору күші бояулайды­­­­­­­­­­­, ал 20 атм-да көтерілгенде тіпті тоқтайды. Осыны негізге ала отырып, автор ерітіндінің осмостық қысымы 5 атм. аспау керек деп есептейді.

Жапондық оқымыстылар күріштің концентрлі тұзды ортада осмостық қабілеттілікке ие екендігін анықтады. Күріш өсімдігінің зақымдануының себебі хлор ионының аралықтарда жиналуы болып табылады, оның өсімдікке сіңуі және қозғалысы метаболизммен байланысты емес. Сонымен қатар, тұзға төзімді құбылысы сорттық ерекшеліктерге байланысты деген пікірлер де бар. Минералдаудың теңдей дәрежесінде бір анионмен байланысқан катиондардың күріш үшін зақымдау дәрежесі келесі реттілікте болады: Na+, Mg++, Ca++.

Аниондарда улылық дәрежесі бойынша белгілі бір ретпен орналасады: Cl- > CO > SO.

Эквивалентті мөлшерде әр түрлі тұздарды енгізген кезде Na2SO4 тұзының улылығы аздау болады. Na2CO3 және NaHCO3 улылығының айырмашылықтары анықталмаған (Ерыгин А.С., 1967).

Мәліметтерге сәйкес анионның спецификалық әсері мен тұздың улылығының ерекшелігі төмен деңгейдегі тұзды ортада анық көрінеді. Тұздылықтың жоғарғы дәрежесінде өсіп дамудың тежелуінің басты себебі осмостық қысым болып табылады. Дегенмен де, әлсіз тұздылықтағыдай, күшті тұздылықта да улылығының белгілері бойынша иондар белгілі бір ретпен орналасқандығы анықталды.

CO>HClO>NO> Cl> SO

Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, күріштің тұзға төзімділігіне қатысты айтылған пікірлер бір-біріне қарама-қайшы деп айта аламыз: біреулері оны тұздылыққа тұрақты деп есептесе (Сметанин, 1986, Бекниязов, 1989), енді біреулері оны әлсіз тұрақты дақылдарға жатқызады. Кейбір авторлар басқа пікірде. Мысалы, жасанды тұздау жағдайындағы тәжірибелер вегетация кезінде күріштің тұзға деген тұрақтылығы көгеріп ағаш болғанға дейін 0,3% -ден 0,6% дейін өсетіндігін көрсетті (Горичкин, 1982).

Американдық оқымыстылардың зерттеулері басқаша мәліметтер береді. Өну барысында күріш тұзға өте төзімді, ал 2-ші жапырақ фазасында тұзға деген сезімталдығы күшті. Бұтақтану фазасында тұрақтылығы жоғарылайды, ал гүлдену кезеңінде қайтадан төмендейді. Вегетацияланудың соңында тұздылықтың өсімдікке әсері болған жоқ.

Ауыл шаруашылығының өнімдерін жоғарлатудың және интенсивтендірудің маңызды факторларының бірі минералды тыңайтқыштарды қолдану болып табылады.

Тұзды топырақ жағдайында күріш тыңайтқыштарының жүйесінің ерекшеліктерін анықтау үшін күріштің минералды қорегінің ерекшеліктеріне қысқаша сипаттама беруіміз керек. Күріш өзінің биологиялық ерекшеліктеріне қарай гидрофит, яғни суалған ортада өсетін өсімдік болып табылады. Бұл сапа оның минералды қорегінің спецификасын, сулы ауа режимін, топырақта және өсімдікте болатын энергетикалық процесін анықтайды. Бұл академик Б.А.Неуныловқа „егін шаруашылығының күріштік типін” бөлуге мүмкіндік берді. Бұл егін шаруашылығының ерекшілігі – егін аймағы вегетациялық кезеңдердің барлығында су қабатының астында жатады.

Ол пісіп жиналу кезінде ғана құрғатылады, сондықтан күріштің вегетациялану кезеңінде топырақ әрдайым ылғалдандырылып тұрады, оттегі азаяды, онда тотықтырғыштардың тотықсыздану реакциялары жүреді.

Күріштің азотпен қоректенуі КСРО мен шет елдерде кеңінен зерттелген. Күріш азот тыңайтқыштарымен жақсы қоректенеді, олар күріштің тыңайтқыштар жүйесінде маңызды (шешуші) роль атқарады. Бұл кезде тыңайтқыштағы азоттың күйіне (формасына) назар аудару қажет. Күріш егістіктерінде аммиакты (аммоний сульфаты, аммоний хлориді, сусыз аммиак, аммонийі бар күрделі тыңайтқыштар) күйдегі немесе амидті (мочевина немесе карбамид, кальций цианамиді) күйдегі азоты бар тыңайтқыштар ғана қолданылады. Өйткені олардың топырақтағы айналым процесінде аммонийлі азот түзіледі. Азоттың әр түрлі күйде (аммиакты және нитратты) күрішке енуінің басты себептерінің бірі олардың күріш егетін аймақтардың су алған топырақтарында тұру дәрежесінің әр түрлі болуы болып табылады.

Күріш қорегінің маңызды элементі болып табылады. Фосфор тыңайтқыштарын күрішке сепкенде дәннің өнімін жоғарлатады. Фосфор маңызды органикалық қосылыстардың құрамына енеді де зат алмасуға қатысады. Сондықтан оның жетіспеуі өсімдіктің өсіп дамуына, әсіресе бастапқы вегетацияға кері әсер береді.

Азотты, фосфорлы, калийлі минералды тыңайтқыштарын бірге қолданбасақ күріштен жоғарғы өнімді алу мүмкін емес. Азоттың жетіспеуінен өсу процесі бұзылады, жапырақтар сарғаяды, сағақтардың дәнденуі төмендеп күріш өсімдігінің өнімділігі азаяды.

Топырақтың өнімділік деңгейіне, географиялық жағдайына, сорттық ерекшелігіне байланысты күрішті егу барысында азотты тыңайтқыштардың нормасы өзгеруі мүмкін. Ерте пісетін күріштің Дубоский 129, Арпа шахы және орташа пісетін Қазақстанның 5 сорттарын еккенде 110-120 кг/га минералды тыңайтқыштар себу керек, ал орташа пісетін авангард, 140-180 кг/га және кеш пісетін ақмаржан пен кенже сорттарына 180-200 кг/га минералды тыңайтқыштарды себеді.

Жоғарыда айтылған азотты тыңайтқыштардың нормасы мен күйі қалыпты жағдайға, яғни тұзсыз жерлерге арналған. Топырақ тұзды болған кездегі қолданылатын азот тыңайтқыштарының түрлері әлі шешілуде.

Сенегал өзенінің бассейніндегі тұзды жағдайдағы күріштің қоректенуін зерттеген француз оқымыстысының мәліметтері бойынша, азотты тыңайтқыштардың жоғарғы мөлшері пайда бермейді. Өйткені ол күріштің жапырылуына тұрақтылығын төмендетіп бос дәндердің санын көбейтеді.

Осы пікірге В.П.Савчукта келіседі, ол тұзды жағдайда азоттың аз мөлшерін – 60-90 кг/га ұсынады.

Парожняя З.Н. тіпті басқа пікірде, оның айтуынша тұзды топырақта азотты тыңайтқыштардың жоғарғы мөлшері көп өнім береді.

Азотты тыңайтқыштар, әсіресе тұзды топырақтарда өсімдіктің химиялық құрамын өзгертеді. Тұздылық деңгейі жоғарлаған сайын жапырақтар мен сағақтарда азоттың (N), натрийдің (Nа), калийдің (К), кальцийдің (Са) және магнийдің (Мg) мөлшері көбейеді. Дәннің құрамындағы ақуыз аздап көбейеді.

Күріш егетін далаларда фосформен қоректендірудің өзіндік ерекшеліктері бар, оны тыңайтқыш жүйесін өңдеуде ескеру қжет.

Тұзсыз топырақтардағы күріштерге енгізілетін фосфор тыңайтқыштарының жылдық нормасы осы элементтің жылжымалы формасына байланысты, топырақ картасы мен картограммаға сәйкес дифференциалданған болуы керек. Сонымен топырақтың құрамында 30 мг/ кг дейін жылжымалы фосфор болатын болса, фосфордың жылдық нормасы 90-120 кг/га болуы керек.

Натрий мен магнийді сіңірген бұтақшаларда, аз натрийлі бұтақшаларда фосфор тыңайтқыштарының көп мөлшерін енгізгеннен өнім көп болады .

Осыған қоса оның азотты тыңайтқыштармен қатынасына көңіл аудару керек. Өсімдіктің фосфоржы сіңіруі белгілі дәрежеде топыраққа енген, азотқа байланысты, яғни топырақтың құрамындағы азот фосфорды ассимиляциялайды. Сондықтан, фосфорлы тыңайтқышының жылдық нормасы азотты тыңайтқыштардың жылдық нормасына қарай себіледі. Тұздалған топырақтарда (Шардара және Шәуілдір т.б. облыстарда) күрішке себілетін фосфорлы тыңайтқыштардың жылдық нормасы жалпы қабылданған нормамен салыстырғанда 2-2,6 есе көбейту керек. Осы кезде суперфосфоат тұздарының зиянды әсерін толығымен бейтараптайды. Су алған кезде фосфор өсімдіктің бойына кәдімгі сурауға қарағанда жақсы сіңеді.

А.С.Турдың пікірінше (1981) натрий хлориді натрий сульфатына қарағанда мақтаға зиянырақ. Ол өсімдіктің құрамындағы күкіртті азайтып фосфор мен жалпы азоттың мөлшерін жоғарлатады. Аталған тұздардың жоғарғы концентрациясында өсімдіктің бойындағы К, Са, Mg-дің құрамы азаяды. Шетелдік оқымыстылардың айтуынша араластырып тұздаған кезде тұздардың улылығы айтарлықтай төмендеген. Мысалы, NaCl мен Na2CO3 зиянды әсерлерін CaSO4 ерітіндісін қосу арқылы әлсіретуге болады. Калий күріштің өсіп дамуына жақсы әсер етеді. Ол жетіспеген жағдайда өсімдіктің өсуі баяулайды, егін әртүрлі ауруларға шалдыққыш болады.

Күріш егілетін далалардың топырақтарының құрамында калий жеткілікті мөлшерде. Бірақ, күріш осы элементтің жеңіл формаларын бойына жақсы сіңіреді. Күріштің вегетативті салмағы қалыптасу кезінде калийдің көп мөлшерімен қоректенеді. Сондықтан топырақтың құрамында оның жеңіл сіңірілетін формалары жеткілікті болу керек.

Күрішке калийлік тыңайтқыштардың ішінде құрамында 30-40% К2О немесе калий хлориді бар калий тұзын себеді. Тұзды топырақтарға калий хлоридін қолданған жөн.

Үндістандық оқымыстылардың айтуынша тұзды топырақта Р және К төмендеп, дән мен сабанның құрамындағы ақуыз көбейеді.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, күріштің улы NaCl тұзына реакциясын, оның азотты және фосфорлы тыңайтқыштарға деген қажеттілігін зерттеудің практикалық және ғылыми мәні зор екендігін айтуға болады.

2 Климаттық және топырақ жағдайы

Тәжірибе жүргізу әдістеріне және алдымызға қойылған алқаптың тәжірибе Шардара ауданы Достық өндірістік кәсіпорында жүргізілді. Ол Қызылқұм шөлінің оңтүстігінде Шардара су қоймасынан 90 км Сырдария өзінінен 40 км батыста теңіз бетінен 340-360 м биіктікте жайласқан. Өндірістік кәсіпорнының топырағы ежелгі суармалы сұр топырақ.

Бізде сұр топырақ (Банков 1955, Розанов 1961) мәліметтерге қарғанда теңіз бетінен 350-550 м биіктік аралығында ойлы, қырлы, тегістік жерлерді алып жатады.

С.А.Кудрин (1969ж), М.А.Панков (1965ж), А.Н.Разанов (1971ж) мәліметтеріне сүйенсек сұр және сұрғылт топырақ төмендегідей қасиеттерге ие, қарашірік қабатының күшсіз, топырақта минералды түйіршіктердің кем ыдырауы, минералды каллоидтардың өте кем болуы, кальцийдің көбірек болып корбанатты болуы. Жер асты ыза сулары 1,5-2 метрді құрайды,көктем, күз айларында ыза суы 0,6-1,0 метрге дейін көтеріледі. Бұл жағдай қазіргі кездегі алдыңғы дренаждардың істен шығуына байланысты болса керек. Климаттың жағдайына келетін болсақ Шардара ауданы климатьы ауыл шаруашылығы егіндеріне қолайлы болып келеді. Аязсыз күндердің кем болуы сондай-ақ суландыру жүйелері жеткілікті болғаны үшін мақта, жүгері, жоңышқа, тамыр жемісті өсімдіктерден мол алуға үлкен жағдай жасайды.

Біз тәжірибе алқаптарына жалпы климаттық жағдайына сипаттама беруге Шардара елді мекені метерологиялық станциясының мәліметтерінен пайдаландық. Шардара ауданы климаттық жағдай (Панков 1935, Разанов 1951) мәліметтеріне қарағанда құм-шөлді зонаға тиісті ерекшеліктердің бірі жауын шашынның кем болуы. Оның да көбірек мөлшері көктем, күз айларында дұрыс келеді. Метерологиялық мәліметтерге сүйенсек жаз айлары құрғақ және ыстық келеді. Тәуліктік температура амплитудасы тұрақсыз болып күндіз және түнде өзгеріп тұрады. Жыл бойы ашық бұлтсыз күндер көп болады. Аязсыз күндер мөлшері 200 күннен артық, жалпы көпжылдық мәліметтерге қарсақ, жылдық жауын-шашын мөлшері 282 мм болып соның ішінде 34-40% қыста, 38-40% көктемде және күзде 15-19% дұрыс келеді. Жалпы жылдық температура орташа 12-14 градус болады.

Абсолют ауаның минимум (төменгі) температурасы орташа 9,0-дан 30о С –қа дейін ауытқып тұрады. Соның ішінде температураның өте ыстық, жоғары кезеңі (450 С) шілде айына дұрыс келеді (кесте-1).



Кесте 1 Шардара ауданы Достық елді мекені метеорология станциясы кейінгі жылдардағы мәліметі


Жылдар

айлар

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

Орташа көп жылдық

Ауа температурасы


Көп жылдық

14,3

20,3

24,0

26,8

24,7

19,0

13,4

2007 жыл

16,3

20,7

26,2

28,6

26,0

19,8

14,3

Жауын – шашын мөлшері


Көп жылдық

42,0

22,0

8,0

3,0

3,0

3,0

13,5

2007 жыл

9,4

31,0

1,1

-

2,0

19,0

14,3

Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет