Ел. – 2011. №45. – 8 қараша Мықтыбай Н. Қанат қақты білімнің кемеліне



Дата28.04.2016
өлшемі42.86 Kb.
Ел. – 2011. - №45. – 8 қараша

Мықтыбай Н.



Қанат қақты білімнің кемеліне
Осыдан біраз уақыт бұрын ғана жапырағын жамылған сары күзбен бірге еліміздің барлық мектептері мен жоғары оқу орындарында күміс қоңырау үні сыңғырлап, білім теңізіне кезекті сапар басталғаны белгілі. Әсіресе, он бір жыл бойы қабырғасында ержеткен алтын ұя мектебімен қоштасып, үлкен өмір жолына қанат қаққан түлектердің жоғарғы оку орнындағы алғашқы күндері қобалжу-толқумен өтетіні белгілі. Үлкен өмір жолына қадам басқалы тұрған түлектерді жылы шуақпен қарсы алып, алғашқы таныстықтың бастау бұлағына аиналған студенттер қатарына қабылдау кешінің маңызы өте зор айтпаса да түсінікті. Еліміздегі барлық жоғары оқу орындарында дәстүрге айналған бұл шараны тарихы терең, білімі кенен оқу ордасы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті елорадамызда алғашқылардың бірі болып ұйымдастырды.
Бас шаһарымыздағы еңселі де ең әсем ғимараттардың бірі саналатын, сыйым-дылығы кең «Қазақстан» орталық кон­церт залының алды толған ығы-жығы студенттер, оқытушылар. Бұл жерде университет қабырғасын енді аттаған немересіне ақ тілек айта келген ата мен әжені, әке мен ананы да кездестіресіз. Мұндағы көңіл-күй де ерекше көтеріңкі: бірін-бірі құттықтаған оқытушылар мен ата-аналар, құшағы гүлге толған сту­денттер. Құрдастарымен қалжыңдас-қан жас түлек жігіттердің де әзілі жарасқан. Жүздерін күлкі мен жүрегін қуаныш кернеген шәкірттердің не айтса да таза кіршіксіз жүректерінен ағытылып тұрғаны бірден байқалады. Себебі, олар бүгін студент атанып қана қоймайды, сондай-ақ, бұл олардың университет қабырғасындағы ұмытылмас ерекше кештері.

Концерт залында ине шаншар орын жоқ. Астана қаласындағы ғана емес, еліміздегі маңдайалды оқу орындарының бірі болып саналатын универси­теттің үздік өнерпаздары «Өмір жолы» әнімен кеш шымылдығын түрген соң, сахна төріне университеттің ректорлық тізгінін жақында ғана қолына алған Ақылбек Күрішбаев көтерілді. Кеше ғана мектеп түлегі атанған шәкірттерді өмір жолына қадам басып, Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл толған мерейлі жылы студент атануымен құттықтаған Ақылбек Қажығұлұлы:

-1957 жылы іргесі қаланған С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті еліміздегі ең ірі жоғары оқу орындарының бірі. Осы жылдар аралығында 54 мыңнан астам маман дайындалды. Олардың ішінде ҚР Пар-ламентінің депутатты, Президент әкімшілігі мен Премьер-министр кеңсесі, облыс, аудан әкімдері, ірі кәсіпорындардың басшылары, ғылым, бизнес сала-сында қызмет етіп жүрген азаматтар аз емес. Ғылыми-интеллектуалдық әлеует - университеттің басты құндылығы. ЖОО-да 700-ден астам оқытушы сабақ береді, олардың 55-і ғылым докторы, 269-ы ғылым кандидаты. Осындай біліктілігі жоғары профессорлық-оқытушылар құрамымен қатар университеттің материалдық-техникалық және ғылыми кешені де ерекше мықты. Қазір мұнда 5 ғылыми-зерттеу орталығы мен конструкторлық бюро құрылған. Университет әлемнің 20-дан астам мемлекетінің жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу орталықтарымен халықаралық байланыс орнатқан. Оның ішінде универси тетіміздің 500-ден аса оқытушылары мен студенттері білімдерін жетілдіріп, ғылыми тағылымдамадан өткен Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Қытай, Германия сияқты мемлекеттер бар. Ал, Орталық Азия, Қытай, Монголия, Ауған және ТМД елдерінің студенттері бізде білім алып жатыр, - дей келе жиналған қауым мен қонақтарға ерекше «жағымды жаналықты»жеткізді:

- Тәуелсіздік алған алғашқы жылы университетке 800-ақ студент қабылдан-са, биыл 2700 студент біздің оқу ордамыздың шәкірті атанды. Бұл көрсеткіш -университет тарихындағы ең үлкен жетістік. Одан бөлек сырттай оқыту бөлімінде 703 студент білім алады. Магистратураға қабылданған 158 адамның 75-і мемлекеттік грант иеленді, - деді алғадай қуанышпен бөліскен Ақылбек Қажығұлұлы.

Жалпы, мұның барлығы С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың білім кеңістігіндегі орны мен еліміздің ауыл шаруашылығы саласының қарқынды дамып келе жатқанының жарқын дәлелі, айшықты көрінісі десек қателеспейміз. Универси­тет «Астана қаласы жастарының бірлігі апталығы» және «Студенттік көктем» фестивальдары аясында бірнеше жыл қатарынан «үздік астаналық жоғары оқу орыны» дәрежесін сақтап келе жатқандығын да ерекше айта кеткен жөн.

Жаңа оқу жылын осындай жаңалықтармен қарсы алып отырған оқу орда-сының табалдырығын енді аттап, қатарға жаңа қосылған жастарға қалыптасқан дәстүр бойынша университет рек­торы А.Күрішбаев студенттік билет пен сынақ кітапшаларын салтанатты түрде табысетті.



Мұнан кейін 55 жылға жуық тарихы бар, осы жылдар ішінде 50 мыңнан астам түлек түлеп ұшқан оқу ордасының табалдырығын енді аттаған студенттерін айтулы мерекесімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов құттықтап, білім теңізіне бет алған жастарға сәтті сапар тіледі. Осы университетті, дәлірек айтсақ, сол кездегі Целиноград ауыл шаруашылығы институтын 1989-1990 жыл­дар аралығында басқарған академик, Мәжіліс депутаты Кенжеғали Сағадиев өз сөзінде оқу ордасының қалай құрылғандығына кеңінен тоқталып, жастарды сол бір тарихи сәтке сапар шеккізді. Еліміздегі тың игеру жылдарымен бірге өз іргетасын қалаған оқу орны, сол кездері тың игерудің орталығына айналған Целиноградты емес, тың игеру жүргізілген барлық аймаққа қажетті мамандардың 75%-ымен қамтамасыз етіп отырыпты. Тарихы сол кездерден бастау алған оқу орнының бүгінгі тыныс-тіршілігіне жоғары баға берген ака­демик Кенжеғали Әбенұлы жыл сайын дәстурлі түрде ұйымдастырылатын, сту­денттер қатарына өткеннен кейін бір жыл бойы білім-ғылым, коғамдық жұмыстарға белсене араласып, өзін оқу ордасының және Отанның нағыз патриоты ретінде таныта білетін жастардың арасында өтетін «Жаңа ұрпақ» байқауының биылғы жылғы жеңімпазына кубок пен «Құрмет грамотасын» тапсырды. Сондай-ақ 1-ші курс студенттері арасында өтетін жыл сайынғы «Алғашқы сту­дентік күз» байқауының да қорытындысы таныстырылды.

Кеш соңы университеттің бетке ұстар өнерпаздарының концерттік бағдарла-масымен жалғасты.


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет