Елді индустрияландырудың



Pdf көрінісі
Дата16.09.2020
өлшемі162.51 Kb.

Қазақстандағы

1926-1941

жылдардағы

индустрияландыр

у

Индустрияландыру – ірі өнеркәсіпті,

ең алдымен ауыр өнеркәсіпті құру

Елді

индустрияландырудың

қажеттігі.


және дамыту, ірі өнеркәсіптік өндіріс

негізінде бүкіл халық шаруашылығын

қайта құру. Индустрияландыру тек

социалистік құрылысқа ғана тән

кезең емес. Ол - елді жаңғыртудың

міндетті шарты. 1920 жылдардың

ортасына қарай КСРО үшін бірнеше

себептерге байланысты

индустрияландыруды жүзеге

асырудың қажеттігі туды. Біріншіден,

1925 жылға қарай қалпына келтіру

кезеңі аяқталды. Негізгі көрсеткіштер

бойынша кеңестік экономика соғысқа

дейінгі деңгейге жетті. Өнеркәсіптік

өндірістің өсуін қамтамасыз ету үшін

істеп тұрған зауыттарды қайта

жабдықтау ғана емес, жаңа заманғы


кәсіпорындарды құру қажет болды.

Екіншіден, елдің экономикалық

әлуетін тиімді орналастыру мәселесін

шешу міндеті тұрды. Ел бұрынғыдай

аграрлы, шаруа елі болып қала берді.

Қалаларда жұмыссыздық деңгейі

өсіп, әлеуметтік шиеленісті күшейтті.

Үшіншіден, елдің халықаралық

деңгейде экономикалық және 

саяси


оқшаулануы

 индустрияландыруды

жеделдетуді талап етті. Капиталистік

дұшпандық қоршауда қалған КСРО-ға

тұрақты соғыс қаупі төнді. Аграрлы ел

өнеркәсібінің жоғары дамыған ірі

мемлекеттермен әскери қақтығыс

болған жағдайда оларға қарсы тұру

мүмкіндігі болмады.


1920 жылы халық шаруашылығы

салаларын машиналық техника

базасына көшірудің кешенді

бағдарламасы белгіленді.

Индустрияландыруды бастау туралы

шешім 1925 жылы желтоқсанда

БК(б)П- ның XIV съезінде

қабылданды. Индустрияландыру

жөнінде съезде жалпы түрде ғана

айтылды. Сталин

индустрияландыруға «КСРО-ны

машина және жабдықтарды

импорттаушы елден оларды өз

күшімен өндіретін елге айналдыру»

деген анықтама берді. Әңгіме ауыр

және жеңіл өнеркәсіптің тиімді

арақатынасы, қала мен деревняда



қол жұмысын ығыстыру туралы

болды. Капиталистік қоршаудың

болуы және социализмді жеке

алынған бір мемлекетте ғана кұру

бағдары тәрізді дәлелдер шешуші

маңызға иеленді.

Мұндай жағдайларда партия ішіндегі

демократияның шеңбері тарылып,



«

әскери коммунизм»

 кезіңдегі әдеттер

мен бұйрықтық тәсілдер қайта

жаңғырды. Ықпал жасаудың

экономикалық емес, әкімшілік

тетіктеріне артықшылық берілді.

Тарихтағы ең алғашкы жоспарлы

индустрияландыру бағдарламасын

ЖЭС

-қа көшу жағдайында жүзеге



асыру қажеттігі туды. Көпсалалы

экономика, тауар-ақша қатынастары,

нарықтық байланыстар өмірге енді.

ЖЭС қағидалары өнеркәсіп

саласында жеткілікті деңгейде

орындалмады, ақырында байыпты

әрі ұзақ мерзімге ойластырылған бұл

саясат ауыстырылды. Қазақстанның

дамуы аймақ экономикасының артта

қалуымен байланысты өзіндік

ерекшеліктерге ие болды. Елеулі

әлеуметтік-экономикалық алға

басушылықтардың болғанына

қарамастан, көшпелі және жартылай

көшпелі ауылдық жерде

патриархалдық-феодалдық

қатынастар әлі де өз күшін жоймады.


1926 жылы республикадағы

өнеркәсіпті қайтадан калпына келтіру

ісі әлі аяқталмады және бүкілодақтық

деңгейден төмен болды.

Қазақстанның өнеркәсібі өте баяу

дамыды. Ауыр және жеңіл өнеркәсіп

ошақтарын құру қажет болды.

Өнеркәсіптік кұрылыс жүргізуге

болатын пайдалы қазбалардың кең

орындары далалы аймақта, шөл

аудандарда орналасты. Жерасты

байлықтарын пайдалану бұл

орындарда жан-жақты игеру

жұмыстарын жүргізуді: жаңа темір

және автожолдар, жұмысшы

кенттерін, жаңа қалаларды салу,

сумен жабдықтаудың қайнар кездерін


іздеу т. б. жұмыс ауқымын атқаруды

талап етті.



Индустрияландыруға қаржы табу

мақсатымен мемлекет шаруаларды

астығын рыноктық нарықтан арзан

бағамен сатуга мәжбүрледі. Бұл

міндетті орындаудан бас тарткандар

қуғын-сүргінге ұшырады. 1928

жылдың қазанынан 1929 жылдың

желтоқсанына дейін 56 498 адам

қылмыстық жазаға тартылып, 277

адам ату жазасьша кесілді.

Қазақстанда

индустрияландыруды

жүзеге асыру.


Қазақстанда индустрияландырудың

басталуымен бүкіл Жезқазған-Ұлытау

ауданындағы пайдалы қазба

қорларын жоспарлы түрде анықтап

отыруға негіз салған Жезқазған мыс

және Байқоңыр көмір кен

орындарында алғашкы тұрақты

геологиялық-барлау жұмыстарын

ұйымдастыру және жүзеге асыру ісі

басталды. Жезқазғандағы

геологиялық зерттеулер кен

орындарында жүргізілетін кешенді,

жеделтетілген геологиялық-барлау

жұмыстарының ғылыми елшемдерін

толығымен ақтады. Геологиялық

зерттеулердің және Жезқазған-Ұлытау

ауданындағы кең байлықтарының


енеркәсіптік меңгерілуімен қатар

республикадағы геологиялық

ғылымдардың қалыптасуына негіз

салған іздеу-барлау жұмыстары

ұйымдастырыла бастады. Жезқазған,

Қарсақбай

, Атбасар және 

Спасск


кенді аудандарын, Қарағанды көмір

алабын, Қаратау полиметалл кен

орындарын зерттеудің болашағы зор

болды. Мыс өнеркәсібін дамыту

мәселелерін зерттеумен қатар темір

(Қарсақбай), марганец (Жезді), көмір

(Байқоңыр, Қияқты), корғасын

(Қорғасын) кең орындарын зерттеу ісі

басталды.


Қазақстанда индустрияландыруды

жүзеге асыру барысында

республикада ауыр өнеркәсіптің

көптеген салаларын құрудың,

сонымен қатар Қарағанды

маңындағы Теміртауда ең ірі зауыт

салынуының маңызы зор болды.

Қазақстанның көрнекті

ғалымдарының бірі Қаныш

Имантайұлы Сәтбаев бұл зауытты

салу қажеттігін дәлелдеді. Ғылымның

жетістігі объективті шарттар

жасаумен ғана емес, сонымен қатар

жекелеген ғалымдардың ерен

еңбегімен тікелей байланысты бодды.

Геолог Қ. Сәтбаев республикадағы

шашыраңқы геологиялық


ұйымдардың күшін жүмылдырып,

өнеркәсіпті стратегиялық шикізатпен

қамтамасыз ету мәселесін шешуге

бар күшін салды. Қазақстанның

Жезқазған, 

Жезді


, Қорғасын және

басқа да көптеген кең орындары

жұмыс істеп тұрған зауыттарды

шикізатпен үздіксіз қамтамасыз ету

үшін игерілді. Қ. Сәтбаевтың

бастамасы бойынша Маңғыстау,

Мұғалжар және Торғай минерал

қорларын зерттеу ісі жүргізілді. Ол 3

маңызды нәтижеге қол жеткізді:

біріншісі - Жезқазған мыс кең орнын

ашуы, екіншісі - Қазақстанның Ғылым

академиясының ашылуына үлкен

үлес қосып, оған басшылық етті,


үшіншісі - Геологиялық ғылымдар

институтын құруы.

Индустрияландыруды сәтті дамыту

үшін дамыған қатынас жолдарын,

атап айтқанда, темір жол желісін салу

кажеттігі туды. Алматыдан Семейге

дейін созылуға тиіс болган 

Түркістан-

Сібір темір жолы

 сол кездегі

Қазақстандағы ең маңызды құрылыс

объектісі болды. Бұл жол пайдалануға

берілмейінше республиканың

ауқымды шығыс және оңтүстік-

шығыс аудандарындағы халык

Алғашқы бесжылдықтар

құрылыстары.


шаруашылығын қайта құруды сәтті

түрде жүзеге асыру мүмкін емес еді.

Түрксіб темір жол құрылысы 1931

жылға қарай аяқталды. Бұрын жаңа

заманғы қатынас жолдары болмаған

аумақтар арқылы 1145 шақырымға

созылған Түрксіб темір жолы

өндірістік күштерді дамытуда және

елдің ауқымды аудандарындағы

экономиканы қайта құруда маңызды

рөлге ие болды, өнеркәсіпті және

темір жолға жақын жатқан

аудандардың ауыл шаруашылығын

дамытудың маңызды факторына

айналды. Бұл темір жол тармағының

құрылысын сәтті жүргізу мақсатында

РКФСР ХКК жанынан ХКК


төрағасының орынбасары Тұрар

Рысқұловтың төрағалығымен Түрксіб

құрылысына ынтымақтастық

комитеті құрылды. Құрылыс

бүкілхалықтық деп жарияланып,

республикаға Ресей, Украина,

Орталық Азия енеркәсіп

орталықтарының жұмысшылары

көмекке жіберілді. Темір жолдың

жекелеген бөліктерін кезең-кезеңімен

іске қосу белгіленген мерзімнен

бұрын жүзеге асып отырды. 1930

жылы 25 сәуірде магистраль

бойынша бірінші жұмысшы

пойызының жүргізілуі айтулы окиға

болды, оны Қазақстанның бірінші

машинисі - бұрын бақташы болған


Көшкінбаев жүргізді. 1927 жылы

Петропавл-Көкшетау жолы салынып,

1931 жылы ол Ақмолаға дейін

созылды. 1939 жылы Қазақстаннан

шикізат тасымалдау үшін Ақмола-

Қарағанды, 

Илецк

-Орал, 


Рубцовск

-

Риддер, ал 1940 жылы Қарағанды-



Жезқазған жолдары салынды. 1928-

1940 жылдары республиканың темір

жол желісі 50 пайызға өсіп, 1658 км-ге

жетті. Сібір мен Орта Азияны

байланыстырған Түркістан-Сібір темір

жолы іске косылды.

Осылармен бір мезгілде

республикада бірінші



бесжылдық(1928-1932) жылдарында

жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар

қайта құрылып, жаңа кәсіпорындар

ашылды. Пайдалы қазбаларға бай

кең орындары Қазақстанда ауыр

өнеркәсіпті, әсіресе кең шығару

салалары - мұнай, көмір саласы және

түсті металлургияны дамытудың

негізі болды. Риддер, 

Қарсақбай

полиметалл комбинаттары,

Қарағанды көмір кеңдері қайта

қалпына келтірілді. Шымкент

корғасын зауыты, Балқаш және

Жезқазған мыс қорыту, Өскемен

қорғасын-мырыш комбинаттарының

құрылыстары басталды.

Индустрияландыру өзін-өзі ақтамаған

асқақ жоспарлар мен қарқынды



арттыру жағдайында жүзеге

асырылды. 1929 жылдың өзінде-ақ

бесжылдық жоспарды негізгі

экономикалық көрсеткіштерді

ұлғайтумен алмастыру туралы шешім

қабылданды. Нәтижесінде салынып

жатқан құрылыс объектілерін жұмыс

күшімен, шикізатпен, жабдықпен

қамтамасыз етуде қиындықтар туды.

Көптеген құрылыстар тоқтап қалды.

Өнім шығарса да, кәсіпорындар толық

көлемде жұмыс істей алмады. Жалпы

индустрияландыру процесі

Қазақстанда Екінші дүниежүзілік

соғысқа дейін жалғасты.

Қазақстандағы


Өнеркәсіп құрылысын жүргізудің

карқынды түрде өсуі жұмыс күшінің

тапшылығына алып келді. Құрылыс

нысандарын жұмыс күшімен

қамтамасыз ету және жұмысшы

қазақтарды үйретуге бөлінетін

қаражатты үнемдеу мақсатында

биліктегілер елдің жұмыссыздық

шарпыған батыс аудандарынан

жұмысшылар тартты. 1931 - 1940

жылдары республикаға 559 мың

жұмысшы келді. Жұмыс күшін

толықтырудың тағы бір қайнар көзі

арнайы қоныс аударылғандар:



индустрияландыру ісінің

ерекшеліктері.

орталык аймақтар мен Сібірдің

кулакқа жатқызылып, дүние-мүлкі

тәркіленген шаруалары болды.

Республика комсомолы

жетекшілерінің бірі, ұлттық бағыт

ұстанған қазақ зиялысы - Смағүл

Сәдуақасов республикаға елдің басқа

аудандарынан «бос» жұмысшы қолын

жаппай қоныстандыруға қарсы

шықты. Ол өзінің 1928 жылы



«Большевик» журналына (№1 саны)

жариялаған «Ұлттар және ұлт



адамдары» деген мақаласында

индустрияландыру туралы

ұстанымдарын ашып жазды.

Жұмысшылардың, әсіресе жеткіліксіз

маманданған жұмысшылардың


елеулі бөлігін ұжымдастырудың

нәтижесінде күйзелген деревнялар

мен ауылдардың шаруалары құрады.

Еңбек өнімділігі күрт төмендеп,

зауыттарда тәртіп сақталмай,

маманданған еуропалық нәсілді

жұмысшылар және маманданбаған

қазақ жұмысшылары арасында

қақтығыстар болып тұрды.

Мамандық шеберлігі еуропалық

нәсілді жұмысшылармен тең

дәрежеде болған жағдайда да

жергілікті жұмысшыларға төмен

жалақы берілді, медициналық көмек

көрсетілмеді т. с. с. Республикаға

мамандар сырттан өкелінді, кадрлар

тұрақсыздығы орын алды.


Индустриялық саясатты жүзеге асыру

барысында Қазақстанға ерекше мән

берілді. Бай табиғи қорлардың болуы

республикада ірі индустриялды база

құруға мүмкіндік беріп, жұмыс күші

сырттан - Ресей және Украинаның

орталық аймақтарынан әкелінді.

Қазақтар көшпелілер мен малшылар

ретінде болашақ «социалистік

Қазақстан» жүйесіне үйлесе алмады.

1926 - 1940 жылдардағы

индустриялық даму Қазақстанды ірі

жетістіктерге жеткізді.



Индустрияландырудың

жетістіктері.

Индустрияландыру арқасында

Қазақстан 1941 жылы ірі ауыл -

шаруашылық өндірісі бар

индустриялы республикаға айналды.

Елде көмір өнеркәсібі қауырт

дамыды, 1940 жылы оның 90 пайызы

Қарағанды бассейнінің үлесіне тиді.

Қарағанды көмір бассейні 

Донбасс

пен 


Кузбастан

 кейінгі КСРО-ның

үшінші көмір ошағына айналды.

Республиканың жеңіл және тамақ

өнеркәсібі де іргелі жетістіктерге

жетті. Алматыда аяк киім және екі

тігін фабрикалары, Семейде тері

илейтін комбинат және ет комбинаты,

Атырау балық-консерві және Алматы


жеміс-көкөніс комбинаттары,

Талдықорғанда, Меркеде, Жамбылда

қант зауыттары, Алматыда темекі

фабрикасы, нан пісіретін және май

шайқайтын зауыттар қатарға

қосылып, өз өнімдерін шығара

бастады.

Алайда осындай жетістіктерге

қарамастан КСРО жүйесінде шикізат

аймағына айналған Қазақстанның

халқы еңбек бөлінісінің адам өмірі

мен денсаулығы үшін өте ауыр, аса

қауіпті, зиянды бөлігін орындады.

Технологиялық өндіріс көлеміндегі

жеңіл өнеркәсіп үлесі 3% - дан аспады.

Республика өндіріс көсіпорындары



тұтыну бұйымдарының 60% - ын ғана

канағаттандыра алды. Осылайша

әміршіл-әкімшіл жүйе Одақтың

біртұтас халық шаруашылық

кешеніндегі табиғи қорларға бай

Қазақстанның рөлін анықтап берді.

Индустрияландыруды жүзеге

асырудың барысында Қазақстанда

жұмысшы табы қалыптасты. 1930

жылдардың ортасында халық

шаруашылығында жұмыс

істейтіндердің 24 пайызын

жұмысшылар құрады.

Индустрияландыру кезеңінде

қалалардың урбанизациялану және

ірілену үрдісі жүріп жатты. 1940 жылы



қала халқының жартысына жуығы 50

мыңнан астам адам тұратын

қалаларға шоғырланды.

Алайда ауыр өнеркәсіптің карқынды

түрде өсуі ең алдымен деревняның

ендіргіш күштерін күйрету есебінен

болғанын айта кету керек.

Өнеркәсіптің қарқынды өсуі келікпен,

тұрғын үй кұрылысымен, коммуналды

- тұрмыстық қызмет керсетуді

жаңғыртумен қатар жүрмеді.

Индустрияландыру кезінде

экономиканың көпсалалығы, жеке

меншік және жұмыссыздық

жойылды. Әлеуметтік салада

байыпты өзгерістер орын алды:



жұмысшы табының саны және

мамандық дөрежесі өсті,

жұмысшылар мен шаруалардан жаңа

инженерлік - техникалық зиялылар

тобы қалыптасты, басқарушылар

аппараты өсті. Халық шаруашылығын

әміршіл-әкімшілдік тәсілмен басқару

түпкілікті орнықты.

[1]

1. Қазақстанның қазіргі заман



тарихы: Жалпы білім беретін

мектептің 9-сыныбына арналған

окулық. 2-басылымы, өңделген.

Жалпы редакциясын басқарған

тарих ғылымының докторы,

Дереккөздер



90.143.24.80 [4 жыл бұрын /wiki/%D0%90%D1%80%D0%BD%D0%B0%D0%B9%D1%8B:History/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D2%93%D1%8B_1926-1941_%D0%B6%D1%8B%D0%BB%D0%B4%D0%B0%D1%80%D0%B4%D0%B0%D2%93%D1%8B_%D0%B8%D0%BD%D0%B4%D1%83%D1%81%D1%82%D1%80%D0%B8%D1%8F%D0%BB%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D1%80%D1%83 соңғы рет өңдеді]

Мәлімет CC BY-SA 3.0  лицензиясы аясында

жетімді басқа жағдайда белгіленеді.

профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы:

Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-933-9

«

https://kk.wikipedia.org/w/index.php?



title=Қазақстандағы_1926-

1941_жылдардағы_индустрияландыру&oldid=

2452976

» бетінен алынған



Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына

лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.

Learn more

Бұл мақалада еш сурет жоқ.



Learn more


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет