Электротерапия



Дата21.11.2020
өлшемі0.59 Mb.

Электротерапия


Тақырыбы:

Жоғары Медициналық колледж

Орындаған: Қасенова Анель

Тексерген: Шарипова А. С


Жоспар:

  • Электротерапия туралы түсінік
  • Гальванизация
  • Электрофорез
  • Дарсонвализация
  • УЖЖ терапиясы туралы қысқаша мәлімет

Адам ағзасына злектір тогімен әсер ету әдістеріне мыналар жатады:

Тұрақты токпен әсер-гальванизация және электрофорез әдістері;

Үздікті(импульсті) злектр тогімен әсер-электростимуляция әдістері;

Жоғары жиілікті электр тогімен әсер-дарсонвализация және электрохирургия әдістері;

Адам ағзасына электр немесе магнит өрістерімен әсер ету әдістері:

Тұрақты электр өрісімен әсер-аэроионотерапия әдістері;

Жоғары немесе ультражоғары жиілікті электр немесе магнит өрісімен әсер-индуктотерапия және УЖЖ –терапия әдістері;

Аса жоғары жиілікті диапозандағы электромагниттік толқынмен әсер-микро толқындық терапия және дециметрлік толқынды (ДЦТ) терапия әдістері.

Гальванизация әдісі

  • Адам денесіне электродтар арқылы бекітілген,тұрақты токтың адам ағзасына аз күшпен әсер етуге негізделген емдік әдіс гальванизация деп аталады.
  • Гальванизация әдісі перифериялық және орталық нерв жүйелерін, радикулитті, ми және жұлын қан айналысының бұзылуы, т.б. көптеген ауруларды емдеуде қолданылады.

Электрофорез

  • Тұрақты токтың көмегімен адам ағзасына инъекциясыз дәрі енгізу үшін қолданылатын әдіс электрофорез деп аталады.
  • Электрофорез әдісінде электродтар мен адам денесінің арасына салынатын дәкелер дәріге малынады.Тұрақты токпен әсер еткенде теріс электродтың астындағы дәкеден теріс иондар және олардың күрделі химиялық қосылыстары,оң электродтың астындағы дәкеден оң иондар және олардың күрделі химиялық қосылыстары адам ағзасына кіреді.

Электростимуляция және дефибрилляция

Ағзаның функционалдық күйін өзгерту үшін тітіркендіргіш ретінде үздікті (импульсты) электр тогын қолдану әдісін электростимуляция деп атайды.

Қазіргі кезде электростимуляция клиникада ішкі органдарды(ішек,қуық,жатыр және т.б.) емдеуде жиі қолданылады.

Қысқа мерзімді күшті токпен әсер ету әдісін дефибрилляция деп атайды.

Фибрилляция күйіндегі жүрек өздігінен қалыпты жұмыс істей алмайды.Жүректі осындай күйден шығару үшін дефибрилляция әдісі қолданылады.Бұл әдісте адамның жүрек тұсына ұзақтығы 10-15 ампер,кернеуі 4-6 киловольт бір ғана электр разрядымен әсер ету керек.Осындай тітіркендіргіштің әсерінен адамның барлық бұлшық еттері,соның ішінде жүректің бұлшық етері де,бір сәтте жиырылып,бір сәтте босайды.Соның нәтижесінде жүректің бұлшық еттерінің функциясы қалпына келуі мүмкін.

Дарсонвализация

Нерв рецепторларын сергіту үшін қолданылатын әдіс дарсонвализация деп аталады.Алғаш рет француз физиологы және дәрігері Дарсонваль ұсынған.

Бұл әдісте адамның денесіне жоғары жиілікті әлсіз электр разрядымен әсер етеді.Электрод жоғары жиілікті 500кГц, кернеуі 15-20 кв, ток күші 0,015-0,02 А ток көзіне қосылады.Ток күші аз болғандықтан жылу эффектісін тудырмайды.Осындай ток көзіне қосылған электродты адам денесіне жақындатқанда олардың арасында әлсіз электр разряды пайда болады.Сол разрядтар нерв рецепторларының қабілетін арттырып,адамды сергітеді.

Электрохирургия

Электрохирургия деп– ЖЖ жылулық әсерін пайдаланып ұлпаны айтамыз. Осы кесуді- электротомия деп, ал оны күйдіре немесе балқыта отырып кесуді,жапсыруды- электрокоагуляция деп атайды. ЖЖ ток ұлпа арқылы өткенде активті электрод астындағы ұлпаның жасуша мен жасуша аралық қабаттардағы сұйықтар жоғары температураға (4000 градус және одан жоғары) дейін лезде қызады, жылдам қызған сұйықтардың булануы жарылыс (кавитация) түрінде жүреді.

Аэроионотерапия

Соңғы жылдары аэроионотерапия деп аталатын терапиялық әдіс кең қолданылуда. Бұл әдісте емдеу шаралары, жоғары кернеулі электр өрісімен өндірілген оң және теріс иондар арқылы іске асырылады. Емдік шаралары үшін оң және теріс зарядталған иондардың қатынасы 0.1 – 0.2 болуы шарт. Мұндай емдеу істері “Озотрон”,”Ионотрон”,”АГЭД - 01” құралдары арқылы іске асырылады.

УЖЖ

Жиілігі 30 – 300 Мгц аралығындағы электромагниттік тербелістер мен толқындар ультра жоғары жилікке жатқызылады, ал осы диапазон жататын 27.12 МГц жиілікке сәйкес келетін ЭМ өрісті емдеу мақсатында қолдануды ультра жоғары жиілікті терапия деп атайды.

УЖЖ арқылы өте көп ауруларды емдейді, ол арқылы кез-келген қабыну процесін (эндокрин бездерінің, фурункулез, травматизмде, іріңдеде, ринит, неврит т.б. көптеген) басуға болады.

Микро-толқынды терапия

Микро-толқынды терапия деп- адам ағзасының кейбір аймақтарына жиілігі 2375 МГц, толқын ұзындығы 12.6 см, аса жоғары жиіліктегі (АЖЖ) электромагниттік толқынмен әсер ету арқылы емдеу әдісін атайды. Осы мақсатта қолданылатын толқынның максимал қуаты 70 – 100 Вт артпауы тиіс.

Дециметрлік толқынды терапия

Дециметрлік толқынды терапия деп- адам ағзасының кейбір аймақтарына жиілігі 460 МГц, толқын ұзындығы 65 см, аса жоғары жиіліктегі (АЖЖ) электромагниттік толқынмен әсер ету арқылы емдеу әдісін атайды. Осы мақсатта қолданылатын толқынның максимал қуаты 100 Вт артпауы тиіс.

Қорытынды

Қазіргі техника дамыған жиырма бірінші ғасырда магнит пен электр өрісін адам ауруларын емдеуде кең қолданыс табуда. Бұл құралдар өзінің бастауын он сегіз, он тоғызыншы ғасырда алған. Бұлардың ішіндегі ең бір атап өтерлері электрохирургия, кардиостимулятор, электрокардиограф, электроэнцофалограф және т.б. Болашақта бұдан да озық құралдар ойлап табылады деп үміттенеміз.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • http://www.kazsan.kz/page1788181.html
  • https://slides.kz/yelektroterapiya-turaly-malimet-kazak/

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет