Әлемдегі алғашқы конституция қайда және қашан қабылданды?



Дата16.09.2020
өлшемі20.14 Kb.
Конституция — мемлекеттің негізгі заңы, оның жоғары заңдық күші бар. Өмір сүрудің демократиялық қағидаттарын ұстанатын әрбір мемлекет осындай заңға ие болуға міндетті.

Еліміздің Конституциясы Қазақстанның өмір сүруінің демократиялық қағидаларын бекітеді. Ол азаматтарға олардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына кепілдік береді, олардың міндеттерінің шеңберін айқындайды.



Әлемдегі алғашқы конституция қайда және қашан қабылданды?

1787 жылы 17 қыркүйекте – Филодельфияда әлемдегі тұңғыш Америка Құрама Штаттары Конституциясы қабылданды. Конституцияда 21 бөлімнен тұратын 7 бап бар, қосымша 27 түзету енгізілген.

КСРО тарағаннан кейін посткеңестік кеңістікте пайда болған мемлекеттер: Өзбекстан 1991 жылы, Түркіменстан 1992 жылы Қырғызстан және Ресей Федерациясы 1993 жылы Беларусь, Молдова және Тәжікстан 1994, Әзірбайжан, Армения және Грузия 1995 жылы, ал Украина 1996 жылы өздерінің конституцияларын қабылдады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы

Қазақстан Республикасының Бірінші Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда еліміздің бас өкілетті органы — Жоғарғы Кеңеспен қабылданды. 4 бөлім, 21 тарау, 131 баптан құралған Негізгі заң Тәуелсіздік құндылықтарын қалыптастыруға мүмкіндік беріп, еліміздің демократиялық, парламенттік республика екенін айшықтады.

Қазіргі Конституция 1995 жылдың 30 тамызында қабылданды.

Бұл күн тәуелсіз Қазақстанның тарихына еніп, мемлекеттік мерекеге айналды. 1995 жылдан бастап Қазақстан азаматтары жыл сайын 30 тамызда Қазақстан Конституциясы күнін атап өтеді.

Заң күшіне енген кезден бері құжатқа төрт рет өзгертулер енгізілді. Алғашқы түзетулер 19 бапқа қатысты және Негізгі Заң қабылданғаннан кейін үш жылдан кейін пайда болды.

Әсіресе 2007 жылы Конституцияға елеулі өзгерістер енгізілді, бұдан былай тек саяси партиялардың мүшелері Парламенттің төменгі палатасы — Мәжіліске мүше бола алады. Тағы төрт жылдан кейін заң Нұрсұлтан Назарбаевқа мерзімінен бұрын сайлау жариялау құқығын берді.

Конституцияға соңғы түзетулер 2017 жылдың наурыз айында енгізілді. Ел президенті кейбір өкілеттіктерін үкімет пен парламентке берді, бірақ Қазақстан президенттік республика болып қалды.

ҚР Конституциясы туралы қызықты деректер

Қазіргі Конституцияны жасамас бұрын Қазақстан Президенті әлемнің әртүрлі елдерінің жиырмаға жуық басты заңдарын зерттеді.

Қазақстан Конституциясы көбінесе Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік билікті құру саласындағы тәжірибесін қабылдады, ал кейбір тармақтар француз заңының ережелеріне ұқсас. Мысалы, заңды бақылауды жүзеге асыратын Конституциялық Кеңес тек Қазақстанда және Францияда ғана бар.

1995 жылы Конституция жобасын талқылауға үш милионнан астам Қазақстан азаматы жұмылдырылды.

Ата заң мәтінінің орысша нұсқасына (7 168 сөз) қарағанда қазақ тіліндегі нұсқасында (8 904) сөз көп. Оның ішінде Республика сөзі 260 рет (орысшасында 305), Қазақстан сөзі 111 рет, Парламент сөзі 82 рет кездеседі.

Конституциядағы ең көп баб қарастырылған бөлім – «Парламент» (61 бап), онда Парламенттің жұмысын, құқықтары мен міндеттерін анықтайтын қағидаттар сипатталған. Ал ең аз бапты «Адам және азамат» (39 бап), онда азаматтардың елдің мәдени мұрасын сақтау міндеттері сипатталған.



Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстанның Ата (негізгі) заңы.
Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз – мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп жарияланды.
Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы.
(1937, 1978, 1993, 1995)
Оның құрылымы кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.
Конституция – барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары – басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі.
Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң.

Конституцияның бірнеше баптарын таныстыру
1 – бап
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
7 – бап
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – Қазақ тілі.
27 – бап
1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.
3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.
30-бап
1. азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.

36 – бап
Қазақстан Республикасын қорғау –
оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.

ҚР Конституциясының ең жоғарғы заңдық күші бар. Әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін конституция, оның нормаларын пайдалана алады. Сонымен, ҚР-ның Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты. Заңға бағыну – тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер қоғам дамуына негіз болады. Өз Отанын танып, сүюі, оның заңдарына бағынуы – бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы.

1995 жылы Конституция жобасын талқылауға үш милионнан астам Қазақстан азаматы жұмылдырылды.

ҚР Конституциясы қабылданғаннан кейін небары үш-ақ рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. 1998, 2007 және 2011 жылдары өзгерістер енгізілді.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/mangilik_el/kazakstanda_jasalgan/47797

Тәуелсіздіктің 10 жылдық, 15 жылдық, 20 жылдық мерейтойлары құрметіне арнайы пошта маркалары жарық көрді. 2005 жылы 10 жылдық құрметіне 72 теңгелік номиналды марка, 2010 жылы 15 жылдыққа, 2015 жылы 20 жыл толуына орай пошталық марка шығарылды.

Ата заң мәтінінің орысша нұсқасына (7 168 сөз) қарағанда қазақ тіліндегі нұсқасында (8 904) сөз көп. Оның ішінде Республика сөзі 260 рет (орысшасында 305), Қазақстан сөзі 111 рет, Парламент сөзі 82 рет кездеседі.

Конституциядағы ең көп баб қарастырылған бөлім – «Парламент» (61 бап), ал ең аз бапты «Адам және азамат» (39 бап).

Ең алғашқы конституция Қазақ Автономиялы республика кезінде 1926 жылы 18 ақпанда қабылданған.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/mangilik_el/kazakstanda_jasalgan/47797

Конституция күнінің құрметіне 2014 жылы Астана қаласында ең ұзын италия пирогі пісірілді. Ол жоспардағыдай 15 метр болып шықпағанымен, 5 метрге жетіп, рекорд орнатты. Бұл пиццадан қаладағы конституцияны білетін тұрғындар дәм татты.

Әлемдік желіде конституция баспалық нұсқасының 30-дан астам түрі бар. Оның ең қарапайым, жұмсақ мұқабалы түрін 200-500 теңгеге сатып алуға болады. Оның өте қымбат тұратын түрлері де бар. Интернет арқылы өткізілген бәссаудада конституцияның ең қымбат нұсқасы 130 мың теңгеге сатылды, онда президенттің қолтаңбасы бар болған.



Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/mangilik_el/kazakstanda_jasalgan/47797

Қазір келтіріліп жүрген ресми мәліметтерге қарасақ, құжатты талқылауға 3 млн. 345 мың адам қатысыпты. Жұртшылық тарапынан сарапталған 31 мың 886 ұсыныс түссе, соның бір мың бір жүзі Конституция жобасына енгізілген. Бұл жөнінде Елбасы «Қазақстандық жол» атты кітабында: «1995 жылғы Конституция тақыр жерде пайда болған жоқ. Ол егемен Қазақстанда Конституциялық құрылыс орнату үшін бұрыннан жинақталған тәжірибелерді, сондай-ақ біздің жағдайымызға сәйкес келетін ең прогресшіл шетелдік тәжірибелерді барынша толық пайдаланған еді. Сондықтан да, кімде-кім еліміздің Негізгі Заңының рухы мен маңызын терең түсінгісі келсе, оны жасаудың, қалыптастырудың тарихын жақсы білуі керек», - деген болатын.

Шынымен де бүгінгі Ата заңымыздың басты ерекшелігі қандай? Қоғам қайраткерлерінің сөзіне сүйенсек мұны Елбасы ұсынысымен енгізілген төрт ұстанымға, біріншіден - қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, екіншіден - экономикалық даму, үшіншіден - қазақстандық патриотизм, төртіншіден - маңызды мәселелерге референдум жасау және Парламентте дауыс беру арқылы шешу принциптерімен негіздейді. Ата Заңымыздың бірінші бабына енгізілген осы төрт мәселе арқылы Қазақстанның жан-жақты дамуына жол ашылған.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет