Емтихан мақсаты – білім және дағдылардың деңгейін, ойын анық жеткізе алу, дәлелдей алу білігін анықтау, сонымен қатар, «6D021000 Шетел филологиясы»



Дата03.05.2016
өлшемі191.62 Kb.

АЛҒЫ СӨЗ



Емтихан мақсаты білім және дағдылардың деңгейін, ойын анық жеткізе алу, дәлелдей алу білігін анықтау, сонымен қатар, «6D021000 - Шетел филологиясы» мамандығы бойынша білім алып, «PhD докторы» ғылыми дәрежесін алуға қажетті біліктілік даярлығын және тәжірибелік сауалдарды шеше алу қабілетін айқындау.

Емтихан жүргізу тәртібі. «6D021000 - Шетел филологиясы» мамандығы бойынша докторантураға қабылдау емтиханы. Бұл бағдарламаның келесі мәселелер шеңберін қамтиды: герман, роман және шығыс тілдері лингвистикалық, лингво-типологиялық, лингвомәдениеттану тұрғыларынан қарастырылады:

  1. Шет тілді білім берудің заманауи мәдениаралық-коммуникативті теориясына негізделген филологиялық ғылымдар даумының жағдайы және үрдістері.

  2. 20-21 ғасырдағы лингвистиканың негізгі бағыттары. Лингвистикалық типология.

  3. Герман, роман және шығыс тілдерінің жалпы типологиялық белгілері және олардың жүйелік-құрылымдық ерекшеліктері.

Сұрақтар тақырыптарының ішіне заманауи филология ғылымының негізгі ұғымдары мен терминдері, шет тілді білім берудің когнитивті лингвомәдениеттану әдістемесі аясында шетел филологиясының теориясы мен тәжірибесін жетілдіру және дамыту мәселелері мен келешегі, оны зерттеудің әдістері мен тәсілдері кірді.

Аталмыш мамандық бойынша докторантураға қабылдау емтихан билеттерін құрастыру негізі – «Жалпы тіл білімі», «Салыстырмалы-тарихи типологиялық тіл білімі», «Салғастырмалы типологиялық тіл білімі», «Шетел әдебиеті» курстар бағдарламалары, герман, роман және шығыс тілдеріне байланысты теория және тәжірибе. Емтихан билеті 3 сұрақтан тұрады:

1 сұрақ – теориялық;

2 сұрақ – теориялық;

3 сұрақ – прагма-кәсіби тәжірибелік тапсырма.

Кредитті технологияға сәйкес, үміткерлердің білімдері келесі жүйе бойынша бағаланады:




Баға

Әріптік балама

Пайыз

Балл

Өте жақсы

А

95-100

4




А-

90-94

3,67

Жақсы

В+

85-89

3,33




В

80-84

3,0




В-

75-79

2,67

Қанағаттанарлық

С+

70-74

2,33




С

65-69

2,0




С-

60-64

1,67




Д+

55-59

1,33




Д-

50-54

1,0

Қанағаттанарлықсыз

F

0-49

0






Аты-жөні


Талапкер жауабын бағалаудың критерийлері мен

параметрлері



Прагма-кәсіби тапсырмалар

Жалпы баға

(максимум

100 балл)


1.

Сұраққа жауа беру мазмұнының толықтығы

0-15 балл


2.

Сұрақ мазмұнын түсіну тереңдігі

(тіл құбылыстарын талдай жәнежалпылай алу)

0-15 балл



3.

Сұраққа логикалық тұрғыда, дәлелдеп жауап бере алу, терминологияның дұрыстығы

0-15 балл


4.

Әдістемелік категорияларды білуі, дұрыс анықтама беруі.

0-15 балл


5.

Алдыңғы қатарлы және өзінің жеке зерттеу тәжірибесіне жүгінуі

0-15 балл


Әртүрлі ғылымдардан білімін жинақтау негізінде прагма-кәсіби тапсырмаларды шеше алуы

0-25


балл.




1

























2

























3

4


























Бағалау саясаты алған балдарды қоса есептеу объективті принципіне негізделеді. Емтихан ауызша түрде жүргізіледі.

Докторантураға түсушілерге қойылатын талаптар. Үміткерлер терең теориялық және тәжірибелік білімдерін, шетел және отындық лингвистикадағы дәстүрлі және заманауи тәсілдемелерін, Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мен тіл жағдайының концептуалды қағидалары бойынша білімдерін көрсету керек. Сонымен қатар, емтихан тапсырушы филологтың кәсіби іс-әрекеті саласында прагма-кәсіби тапсырмаларды шешуге, біліктілік даярлығын көрсетуге, шет тілі филологы ісінде өз білімін тәжірибеде қолдану дайындығын (маманның біліктілік моделі үлгісінде) назар аудару керек.

Бұл мамандықтың мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, аталмыш бағдарлама докторантураға түсушілердің шетел филологиясының заманауи мәселелерін біртұтас түсінуін анықтауға көңіл бөледі.

Қабылдау емтиханын тапсырғанда, шетел филологиясының мәселелерін теориялық және логикалық жағынан түсінуге, талдай алу қабілетіне, филологиялық білім берудің заманауи бағыттары, тәсілдемелері және технологиялары жөнінде хабардар болуға, мамандықтың метатілін қолданып, қазіргі заманғы филологиялық ғылымның терминологиясын пайдалануға ерекше назар аударады.


2015-2016 оқу жылына

«6D021000 - Шетел филологиясы» мамандығы бойынша докторантураға

түсушілерге арналған

БАҒДАРЛАМА

I. Лингвистика әдістемесі

Таным адам іс-әрекетінің түрі ретінде, оның ерекшеліктері және басқа адам іс-әрекетінің түрлері арасында алатын орны (түрлендіру және коммуникативті іс-әрекет).

Танымның екі деңгейі: ғылыми таным деңгейі және тәжірибелік деңгей. Ғылым және оның басқа қоғамдық сана салаларына қатынасы: ғылым және дін; ғылым және өнер.

Тіл лингвистикалық зерттеудің объекті ретінде. Тілдің субстанцио­налды, функционалды және прагматикалық қасиеттері. Ішкі, сыртқы лингвистиканың пәні және оның прагма-функционалды бағыты.

Әдістеменің жалпы (философиялық) және нақты ғылыми ұғымы.

Лингвистикалық зерттеудің принциптері, әдістері және тәсілдері: таным принципі объектті зерттеудің жалпы тәсілдемесі ретінде, әдіс зерттеушінің әрекеттерін қадағалайтын жалпы интеллектуалды таным жоспары ретінде; тәсіл белгілі бір тіл материалдарына зерттеушінің жасайтын нақты әрекеттері.

Лингвистикалық танымның принциптері мен әдістерінің жіктелуі.
II. Ішкі және сыртқы лингвистиканың әдістері мен тәсілдері.

1. Диахрониялық тәсілдеме, тіл білімінің салыстырмалы-тарихи әдісі, ішкі және сыртқы реконструкция тәсілі. "Арғы тіл", "архетип", "этимон" ұғымдары, мотивация мен номинация мәселелері. Тілдердің генети­калық жіктелуі. Тілдің өзгеру заңдары.



  1. Синхрониялық тәсілдеме. Идиографиялық әдістер: тікелей құрамдас бөліктер бойынша әдіс. Фонема мен морфеманың ақырғы құрамдас бөлігі ретінде ерекшеліктері. Дистрибутивті талдау және оның негізгі ұғымдары. Трансформациялы әдіс және оның негізгі ұғымдары.


III. Сыртқы лингвистиканың әдістері мен тәсілдері.

  1. Психолингвистиканың әдістері мен тәсілдері (бақылау, өзін-өзі бақылау, тестілеу). Тесттерге талаптар (шыншылдық, жарамдылық, нақтылық)

  2. Әлеуметтік лингвистиканың әдістері мен тәсілдері: сауалнама, интервью, мұрағат құжаттарымен жұмыс жасау. Зерттеу мақсатына байланысты әлеуметтік лингвистикалық сауалнамаларды құрастыру принциптері. Әлем тілдерінің фун­кционалды жіктелуі.

IV Прагмалингвистиканың әдістері мен тәсілдері.

Прагматика семиотика аспектілерінің бірі ретінде. Мәлімдеме, сөйлеуші және контекст (ситуация) арасындағы қарым-қатынас. Белгінің мағынаға қарым-қатынасы, белгінің басқа белгілерге қарым-қатынасы, белгінің сөйлеу актісінің басқа қатысушыларына қарым-қатынасы. Тілдік фактілерді олардың тікелей қолданысында зерттеу. Прагмалингвистикада зерттелетін негізгі мәселелер – сөйлеу құрылысы және жіктелуі, мәлімдеме интерпретациясы.


V. Лингвистикадағы басқа ғылымдардың әдістері.

  1. Олардың көмекшілік сипаты. Лингвистика және әлеуметтану, лингвистика және мәдениеттану, лингвистика және психология. Лингвистика және эксперименттік физика (инст­рументалды фонетика); лингвистика және математика (лингвостатистика); лингвистика және логика (табиғи тілді логикалық талдау әдістері).

  2. Лингвистиканың әдістері мен тәсілдері. Динамикалық және ықтималдық (ста­тистикалық) табиғат заңдарын ескеру. Статистиканың негізгі ұғымдары: ықтималдық, іріктеу, квадратитикалық ауытқу және оны есептеу. Нақтылық деңгейі берілген жағдайда сөйлеу құбылыстарының ықтималдығын анықтау.

20-21 ғасырлардағы лингвистиканың негізгі бағыттары.

Лингвистикалық зерттеулердің жетекші принциптері. Лингвосемиотикада Ф. де Соссюр ойларын дамыту. Семантика, синтактика және прагматика семиологияның құрамдас бөліктері ретінде. Н.Хомский, Д.Лакофф, Д.Джонсон теориялары. Ван Дейктың лингвистикалық концепциялары.

Структурализмның әртүрлі тармақтары.

Антропоцентризм, функционализм, экспансионизм, экспланаторность –заманауи лингвистикадағы жетекші зерттеу принциптері.

Тілдік бірліктердің мазмұндық жақтарын зерттеудегі семасиологиялық және ономасиологиялық тәсілдемелер.

Зерттеулердің функционалды аспектілеріне қызығушылық. Коммуникативті лингвистика.

Сыртқы лингвистика салаларының қалыптасуы: психолингвистика, әлеуметтік лингвистика, этнолингвистика, прагмалингвистика, когнитивті лингвистика, контрастивті лингвистика және т.б.

Заманауи Қазақстан лингвистикасының негізгі бағыттары.

VI. Қолданбалы лингвистиканың зерттеу әдістері

1. Іргелі және қолданбалы ғылымдар ұғымдары. Лингвистика және шетел филологиясы. Екітілдік жағдайында сөйлеу іс-әрекетінің нормалары мен түрлері.

2. Тілдік контакт теориясы және әрекеттескен тілдерді диалингвалды талдау.
VП Корпусты лингвистика

Ағылшын тілі материалдары негізінде корпусты лингвистиканың қалыптасу тарихы.

Деректі тілдік материалды табудың дәстүрлі әдістері мен амалдары. Компьютерлік лингвистика. Корпусты лингвистика теориялық және қолданбалы аспектілерде.

***


VШ. Заманауи фонетика және фонология.
Фонетика сөйлеудің қалыптасуын зерттейтін ғылым ретінде. Артикуляторлы фонетика, Акустикалық фонетика. Перцептивті фонетика. Фонетика тараулары. Фонетика салалары – әдеби тіл, аймақтық әдеби нұсқалар, диалектілер - географиялық, әлеуметтік.

Фонетика және фонология. Фонетика мен фонология жөнінде әртүрлі лингвиттердің пікірлері. Халықаралық фонетикалық алфавит. Фонемалардың дифференциалды белгілері. Сұрақ тарихы. Фонема және аллофондар. Әлемдік лингвистикада фонетика мен фонология саласында ең соңғы жетістіктер.


***

IХ. Сөзжасам.

Тілдегі сөзжасамның классикалық процедуралары – префиксация, суффиксация және сөздерді біріктіру, конверсия, аббревиатура, ономатопея, телескопты сөздер.

***

Х. Лексикалық семантика

Бұл жерде атауыш сөздер жөнінде әңгіме қозғалады (зат есімдер, етістіктер, сын есімдер, үстеу және т.б.)

Тіл сөздігі – тек қана лексемалардың жиынтығы емес, ол бір-бірімен байланысқан және бір-бірін анықтайтын сөздердің жүйесі. Семантикалық өріс ұғымы. Лингвистикада семантикалық қатынастың қолданбалы мағынасы. Синтагматикалық және парадигматикалық қатынастар. Синонимия. Антонимия. Меронимия және холонимия. Полисемия. Омонимия.

***


ХI. Синтаксис мәселелері.

Лексикалық және фонетикалық инновациялармен салыстырғанда, синтактикалық инновациялардың ерекшеліктері. Синтаксистік өзгерістерді талдауға диахрониялық және синхрониялық тәсілдемелер. Синтаксистік өзгерістер бойынша соңғы жылдардағы зерттеулер.

Модальдылық, етістік түрлерін, ырықсыз етісті және мәліметтерді қолданудағы инновациялар.
***

ХП. Мәтін және дискурс

Дискурс және мәтін пәнаралық зерттеу объектілері ретінде.

"Дискурс" және "мәтін" ұғымдарының айырмашылығы және олардың ерекшеліктері. Дискурс пен мәтіннің кешенділік сипаты. Алгорит­м ұғымы және оның прагмалингвистикадағы қолданысы.

Дискурстық талдау алгоритмі: Жағдайды сипаттау; коммуниканттардың интенциялары мен стратегияларын анықтау; дискурстың семантикалық байланыстарының сипаты; дискурстың лексикалық-грамматикалық (вербалды) және вербалды емес ерекшеліктері.

Мәтінді талдау алгоритмі: Мәтін делимитациясы; мәтін типін және тақырыбын анықтау; мәтін құрылысы және мәтіндік байланыстардың ерекшеліктері (когезия, кореференция, лексикалық-тақырыптық желілер); мәтіннің прагма­тикалық табиғатын, автордың сипатталып жатқан шындыққа қатынасын (мәтіннің жеке және функционалды стилі) анықтау.

***


ХШ. Фразеологиялық қор және паремиология

Фразеологиялық бірліктердің анықтамасы және типтері. Фразеологиялық қор және тілдің әлемдік бейнесі.

Фразеологизм екіншілік қалыптасу белгісі ретінде. Фразеологизмнің құрылымдық-семантикалық тұрақтылығы. Тарихи фразеология.

Паремиологияның заманауи мәселелері. Идиомалар, мақалдар және мәтелдер.


ХIV. Ғалымның жұмыс мәдениеті және қолжазбаларды техникалық жағынан мәнерлеу.

  1. Ғалымның тақырып бойынша жұмысының негізгі қадамдары: тақырыпқа ену; сегментация (материал жинау); жүйелеу (зерттеу материалдарын жіктеу) және интерпретация (қорытынды және тұжырымдар, зерттеу келешегін анықтау).

Ғылыми жұмыстың жазбаша орындалуына қойылатын талаптар: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, анықтама аппараты. Жол асты және мәтіндік сілтемелердің ерекшеліктері.
2015-2016 оқу жылына

«6D021000 - Шетел филологиясы» мамандығы бойынша докторантураға

қабылдау емтиханының сұрақтары

  1. Тіл тіршілігінің формалары, мемлекеттік ресми тіл

  2. Концепт когнитивті және лингвомәдениеттану категориясы ретінде.

  3. Заманауи тіл біліміндегі этнолингвистика және лингвомәдениеттану.

  4. Тіл саясаты және оның негізгі мәселелері.

  5. Заманауи лингвистиканың антропоцентрлік моделі.

  6. Лингвистикалық семантиканың негізгі категориялары.

  7. Тіл және оның негізгі функциялары.

  8. Сөйлем және оның лингвистикалық талдауы.

  9. Н.Хомскийдің генеративті грамматикасы және оның теориялық негіздері.

  10. Сөз және оның семантикалық құрылысы.

  11. В.Гумбольдт лингвистикалық теориясының философиялық-әдістемелік негіздері.

  12. Сөз, оның валенттілігі, дистрибуциясы.

  13. Әлеуметтік лингвистиканың тілдің антропоцентрлік моделдегі орны және мәні.

  14. Әртүрлі тілдер жүйесінде сөйлемдердің синтаксистік моделі (зерттелетін тілді ұсыну керек).

  15. Американ, еуропалық және ресейлік когнитивистиканың негізгі сипаттары.



  1. Әртүрлі тілдер жүйесінде сөзжасам модельдері (зерттелетін тілді ұсыну керек).

  2. Заманауи лингвистикада психолингвистиканың алатын орны және мәні.

  3. Әртүрлі тілдер жүйесінде сөздің негізгі фонологиялық белгілері (зерттелетін тіл үлгісінде).

  4. Заманауи лингвистиканың құрылысы және мазмұны.

  5. Морфологиялық категориялар және олардың маңыздылығы.

  6. Сөйлеу актілерінің теориясы (сөйлеу актісі сөйлеу әрекетінің формасы ретінде).

22. Интонация және екпін супрасегментті белгілер ретінде.

23. Прагмалингвистика және оның негізгі мәселелері.

24. Фразеологиядағы лингвистикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері.

25. Тілдік белгілердің типтері.

26. Тілді жүйелік-құрылыстық зерттеу

27. Сөйлеу әрекетінің теориясы мен тәжірибесі.

28. Әртүрлі тілдер жүйесінде фраза қалыптасудың негізгі типтері мен амалдары (зерттелетін тіл үлгісінде).

29. Вербалды коммуникация түрлері және оның жүзеге асу формалары.

30. Лексикадағы семантикалық қатынастың негізгі типтері.

31. Заманауи лингвистикада тіл өрістерінің түрлері мен типтері.

32. Заманауи лингвистикалық теориялар жүйесінде функционалды грамматика.

33. Заманауи лингвистикадағы сема және семалық талдау.

34. Лингвистикалық салыстырмалылық теориясы.

35. Фразеологизм және оның категориалды (негізгі) лингвистикалық белгілері.

36. Прагмалингвистика және оның негізгі бірліктері.

37. Лингвомәдениеттанудағы мифтер және мифологиялық бірліктер (мифологемалар, архетиптер, салттар, жоралар).

38. Ван Дейктың лингвистикалық концепциясындағы мәтін.

39. Паремиология бірліктері лингвомәдениеттанудың пәні ретінде.

40. Мәтіндегі референция және референциалды қатынастар.

41. Белгі және оның тіл жүйесіндегі типтері.

42. Заманауи лингвистиканың әдістемесі (лингвистикалық зерттеулердің әдістері).

43.Фрейм концепт типі ретінде.

43. Мәтін мен дискурс және олардың талдауларының алгоритмдері.

44. Заманауи Қазақстан лингвистикасының негізгі бағыттары.

45. Когнитивті метафора және оны ұсынудың ерекшеліктері

46. Лингвистикалық семантиканың негізгі категориялары (лексиканың құрылымдық ұйымдастырылуы)

47. Фразеология және оның негізгі категориялары.

48. Вербалды және вербалды емес коммуникация.


49. Үштұғырлықтың формуласын негіздеңіз: «тіл-мәдениет-жеке тұлға». Өзіңіздің пікіріңізді білдіріңіз.

50. Фонетика және фонология.

51. Тілдік универсалиялар.

52. Тілдердің типологиялық сипаты. Алламорфизм және изоморфизм.

53. Мағыналардың типологиясы. Актуалды және виртуалды мағыналар. Денотативті сигнификативті, прагматикалық, синтаксистік мағына.

55. Заманауи ғылымда модальдылық категориясы. Тілдік және тілдік емес модальдылық.

56. Басылымдар мен Ғаламтордағы ғылыми ақпараттың шыншылдығы.

57. Концепт және әлемнің тілдік бейнесі.

58. Функционалды грамматиканың негізгі қағидалары. Функционалды-семантикалық өріс және категорияалды ситуацияның негізгі ұғымдары.

59. Мотивация және номинация ұғымдары

60. Ағылшын әдебиетіндегі романтизм.

61. Қайта жаңғыру дәуіріндегі әдебиеттің негізгі кезеңдері.

62. Орта ғасыр әдебиетіндегі негізгі кезеңдер.

63. Ағарту дәуірінің әдебиеті.

64. Ағарту дәуірінің әдебиеті.

65. Орта ғасыр әдібиетінің негізгі жанрлары.

66. Қайта жаңғыру дәуірі. Гуманизм.

67. '' Оливер Твисттің басынан кешкен оқиғалары'' атты Диккенстің романында 19 ғасырдағы ағылшын реализмінің өзгешелігі

68. Қайта жаңғыру дәуіріндегі театр. Комедия. Трагедия.

69. Қайта жаңғыру дәуірінің ағылшын прозасы.

70. Ағылшын әдебиетіндегі ағарту дәуірі. Д.Дефо мен Д. Свифт шығармаларында бұл өзгешеліктердің көрінісі.

71. Ағылшын тілді әдебиеттегі 20 ғасырда реализмнің сипаттары.

72. Байрон шығармашылығындағы «Тіл – мәдениет – жеке тұлға» үштұғырлық формуласы.

73. Ағылшын Ренессанс поэзиясы мен ақындары. У. Шекспир поэзиясы.

74. У.Шекспир – драматург.

75. Заманауи ағылшын әдебиетінің негізгі даму үрдістері.



76. Заманауи әдеби тілдердің даму үрдістері.
Жоспарланған диссертациялық зерттеудің негіздемесін ұсыныңыз (зерттеу саласы, мақсаты, міндеттері, өзектілігі, жаңашылдығы, әдістері)
Тәжірибелік тапсырмалар прагма-кәсіби интеграцияланған болып келеді, олар шет тілді филологияның заманауи әдістемесінің мәселелерін көрсетеді.

2015-2016 оқу жылына арналған

«6D021000 - Шетел филологиясы» мамандығы бойынша докторантураға

қабылдау емтиханына ұсынылатын әдебиет тізімі


  1. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы – Алматы 1999, (Астана 07.06.99, № 389 – 13 б).

  2. Қазақстан республкиасының шет тілді білім беруді дамыту концепциясы – Алматы, 2004.

  3. Кунанбаева С.С. Современное иноязычное образование: методология и теории. – Алматы, 2005.

  4. Кунанбаева С.С. Теория и практика современного иноязычного образования. – Алматы, 2010.

  5. Кунанбаева С.С. Концепция по обеспечению реализации национального проекта «Триединство языков» в РК. – Алматы, 2008.

  6. Кубрякова Е.С. Эволюция лингвистических идей во второй половине ХХ века (опыт парадигматического анализа) // В сб.: Язык и наука конца ХХ века Под. ред. Ю.С.Степанова.- М.: Изд-во Рос. гос. гуманит. ун-та, 1995.-

  7. Карлинский А.Е. Избранные труды по теории языка и лингводидактике.- Алматы: ОО «ДОИВА», 2007.- 307 с.

  8. Карлинский А.Е. Методология и парадигмы современной лингвистики.- Алматы: «ИО Волкова», 2009.- 350 с.

  9. Сулейменова Э.Д. Актуальные проблемы казахстанской лингвистики: 1991-2001.- Алматы: Арыс, 2001.- 82 с.

  10. Загидуллина А.А. Языковые символы и образы:онтология и функционирование Алматы,2010,292 с.

  11. Алефиренко Н.Ф. Поэтическая энергия слова. Синергетика языка, сознания и культуры.- М.: Academia, 2002.- 394 с.

  12. Арутюнова Н.Д. Образ, метафора, символ в контексте жизни и культуры // Res philologica. Филологические исследования. Памяти акад. Г.В. Степанова М.-Л. 1990

  13. Арутюнова Н.Д. Язык и мир человека. М.: Языки русской культуры, 1998.- 893 с.

  14. Арутюнова Н.Д. Теория метафоры. М. 1990.

  15. Арутюнова Н.Д. «Метафора и дискурс //Теория метафоры. М.:1990.- с.136-138.

  16. Ахметжанова З.К. Сопоставительное языкознание: казахский и русский языки. Алматы: Альянс, 2005.- 408 с.

  17. .- 262 с.

  18. Загидуллин Р.З. Теоретические и методологические основы переводческого тезауруса: Автореф. дис. … д-ра филол. наук.- М.,1994.- 46 с.

  19. Бабушкин А.П. «Возможные миры» в семантическом пространстве языка.- Воронеж, 2001.- 86 с.

  20. Болдырев Н.Н. Когнитивная семантика (курс лекций по английской филологии): Учеб.пособие.- Томбов, 2000.- 124 с.

  21. Булыгина Т.В., Шмелев А.Д. Языковая концептуализация мира. М.: Эврика, 1997. – 345 с.

  22. Ван Дейк Т.А. Язык.Познание.Коммуникация: пер. с анг. В.В. Петрова. М.: Прогресс, 1989.- 282 с.

  23. Вежбицка А. Язык. Культура. Познание. М.: Русские словари, 1999.- 416 с.

  24. Вежбицка А. Понимание культур через посредство ключевых слов/ пер. с анг. А.Д.Шмелева.- М.: Языки славянской культуры, 2001.- 288 с.

  25. Гумбольдт В. Язык и философия культуры. М.: Прогресс, 1985.- 365 с.

  26. Добровольский Д.О. Образная составляющая в семантике идиом. // Вопросы языкознания, 1996 № 1.- С 21-32.

  27. Добровольский Д.О. Национально-культурная специфика во фразеологии // Вопросы языкознания, 1997 № :.- С 37-48.

  28. Зимняя И.А. Вербальное мышление // Исследование речевого мышления в психолингвистике. М., 1985.- С.376-381.

  29. Исабеков С.Е. Принципы дополнительности в номинативной системе языка. Алма-Ата: Галым, 1992.- 205 с.

  30. Копыленко М.М. Попова З.Д. Очерки по общей фразеологии. Воронеж: ВГУ, 1979.- 149 с.

  31. Кубрякова Е.С. О связях когнитивной науки с семиотикой. // Язык и культура: Факты и ценности : к 70-летию Ю.С.Степанова.- М., 2001.- С. 283-291

  32. Лакофф Дж. Джонсон М.Метафоры, которыми мы живем.//Теория метафлры. М.: Прогресс, 1990.- С.

  33. Лакофф Дж. Женщины, огонь и опасные вещи, Что категории языка говорят нам о мышлении. М.: ЯРК, 2004.- 792 с.

  34. Лосев А. Ф. Знак. Символ. Миф. М. 1982

  35. Маковский М.М. Язык-Мир-Культура. Символы жизни и жизнь символов. М.: Из-во русские словари, 1996.-329 с.

  36. Степанов Ю.С. Семиотика М., 1971.- 146 с.

  37. Степанов Ю.С. Язык и метод в современной философии языка. М.: ЯРК, 1998.-779 c.

  38. Телия В.Н. Коннотативный аспект семантики единиц. М.:Наука. 1986.- 278 с.

  39. Телия В.Н. Русская фразеология. Семантический, прагматический и лингвокультурологический аспекты. М. 1996.- 288

  40. Юнг К.Г. Человек и его символы. М.: Серебряные нити, 1998.- 360 с.

  41. Якобсон Р. Изобранные труды. М.: Прогресс, 1985.- 537 с.

  42. Маслова В.А. Лингвокультурология. - М.: Академия, 2007.- 203 с.

  43. Карлинский А.Е. Методология и парадигмы современной лингвистики.- Алматы: «ИО Волкова», 2009.- 350 с.

  44. Ислам А. Язык в контексте национальной культуры.- Алматы - Астана, 2003.- 220

  45. Гиздатов Г.Г. Когнитивные модели в речевой деятельности.- Алматы: «Галым», 1997.- 175 с.

  46. Исабеков С.Е. Основы когнитивной лингвистики, Астана 2010, 402 с.

  47. Копыленко М.М. Основы этнолингвистики. – Алматы: Ақыл кiтабы, 1997.- 178 с.

  48. Roach Peter, Phonetics, OUP, 2001

  49. Carr, Philip, English Phonetics & Phonology. Introduction, 1999

  50. Davenport Mike & S.J. Hahhands, Introducing Phonetics & Phonology, 2005

  51. Stockwell, R. & D. Minkova, English Words history & structure. CUP, 2001

  52. Donna Jo Napoli, Linguistics. An introduction, OUP, 1996

  53. Jackenduff Ray, Foundations of Language, Brain, Meaning, Grammar, Evolution. OUP, 2003

  54. Adger David, Core Syntax, A Minimalist Aproach, OUP, 2004

  55. Taylor John, Linguistic Categorization, OUP, 2005

  56. Taylor John, Cognitive Grammar, OUP, 2003

  57. Halliday M.A.K. An introduction to Functional Grammar, 2004

  58. Aarts, Bas, English Syntax and Argumentation, 2001

  59. Aitchinson J. Language Change^ progress or decay, CUP, 1991

  60. Crystal D. Language and the Internet, CUP, 2001

  61. Jackson, H. Lexicology: an introduction, London, 2002

  62. Crystal D. The Cambridge Encyclopedia of English Language, CUP, 1995

  63. Beber D., Johansson S., Leech G., Longman grammar of Spoken and Written English, London, 1999

  64. Aarts Bas, Who, whom, that in two corpora of spoken English// English Today, 1993, No9, pp.19-21 (7copy)

  65. Into Plag, Word-formation in English, CUP, 2005

  66. The verb in Contemporary English, CUP, 1995

  67. Haddleston, R. Introsuction to the Grammar of English, CUP, 2000

68.Fauconnier G., Turner M. Conceptual Integration Networks // Cognitive Science.- 1998.- № 22.- P. 133-187. Disp. sur: http: // www.inform.umd.edu / EdRes /Colleges /ARHU /Depts/ English / englfqc / MTurner /cin.web / cin. html.

69.Langacker R.W. Concept, image and symbol: the cognitive basic of grammar.- Berlin, N.Y., 1991.- 180 p.

70. The New Dictionary of Cultural Literacy / E.D. Hirsch, Jr. J.F. Kett, J. Trefi.- Boston-New York, 2002.- 647 c.




Каталог: images -> content -> static -> examquestion
examquestion -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
examquestion -> «6М050400 журналистика» мамандығы бойынша магистратураға түсетіндердің тапсыратын емтиханының бағдарламасы
examquestion -> Программа вступительного экзамена
content -> Тәүфик Кәримов төСЛӘр балкышы
examquestion -> Кіріспе емтиханның мақсаты
examquestion -> «6М020700 – аударма ісі» мамандығы бойынша магистратураға түсушіге
examquestion -> «6М050600 Экономика» мамандығы бойынша магистратураға түсушіге «6М 050600 Экономика»
static -> Положение по привлечению зарубежных ученых в


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет