Емтихан тематикасы



Дата28.04.2016
өлшемі142.48 Kb.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тарих және шетелдік студенттермен жұмыс факультеті

Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы




БЕКІТЕМІН

Тарих және шетелдік студенттермен жұмыс факультетінің деканы ________________Жұмағүлов Б.С.

«________»_________________2015ж.




6М020400 – МӘДЕНИЕТТАНУ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ

Алматы, 2015 ж


Абай атындағы ҚазҰПУ, Тарих және шетелдік студенттермен жұмыс факультетінің , Саясаттану және әлеуметтік –философиялық пәндер кафедрасының отырысында талқыланды

« 28» сәуір 2015 ж., № 9 хаттама
Құрастырған: т.ғ.д., профессор Халидуллин Ғ. Х. _________________________________

Кафедра меңгерушісі: ф.ғ.д., профессор Әбсаттаров Р.Б.______________

Мамандыққа кiрiспе

Бағдарлама 6М020400 –Мәдениеттану мамандығы бойынша (түсуші мәдениеттану мамандығы бойынша) бакалаврлық білімі бар талапкерлерге арналып құрастырылды. Бұл бағдарламада қазіргі заман мәдениеттанудын негізгі мәселелері көрініс тапқан: мәдениеттану ғылым ретінде спецификасы, шетелдік және қазақстандық мәдениеттану, мәдениеттану жүйелердің типологиясы, және т.б.пәндер.



Емтиханның мінездемесі
(тематикасы, өткізу формасы, бағалау критерийлері)

Емтихан тематикасы


Негізгі тематикасы мәселелерін қамтиды, мәдениеттану ғылымы жүйесіндегі мәдениеттану статусы, мәдениеттану өмірдің элементтері, арнайы мәдениеттану әлеуметтік теориялар. Оқу курсында келесідей пәндер «мәдениеттану», «мәдениеттану қатынастары», «мәдениеттану және құндылық нормалары», «тұлға», «мәдениеттанулық орта», «мәдениеттану процестер» және т.б түсініктер қарастырылады.

Емтиханды өткізу формасы


Емтихан мәдениеттану ғылымынан қойылатын үш сұрағы бар емтихан билеттері бойынша ауысша формада өткізіледі.

Бағалау крийтерйлері


«өте жақсы» бағасы (10-8 балл) – бағдарламалық материалды толығымен меңгерілуі, қарастырылып отырған процестер мен құбылыстардың қатынасын түсінуі, пәннің негізгі ережені білуі, емтихан билетіндегі сұрақтарға және комиссия мүшелерінің қойған қосымша сұрақтарға дұрыс, толық, логикалық, орынды және нақты жауап беруі.

«жақсы» бағасы (7-6 балл) – бағдарлама сұрақтарына қанағаттанарлық толық жауаптар, сұрақтардың толық мәні мен мақсатын түсінуі, жауаптары орынды әрі нақты болуы.

«қанағаттанарлық» бағасы (5-4 балл) – бағдарламаның негізгі сұрақтарын толық әрі нақты түсіну, емтихан алушылардың қойған сұрақтарына қатесіз әрі нақты жауабының болуы.

«канағаттанарлықсыз» бағасы (3-1 балл) – бірде бір сұраққа дұрыс жауабы жоқ, жауаптарында қатесі бар, ұсынылған мәселені түсінбеуі, жауаптары нақты емес және қосымша сұрақтарға жауабы жоқ.

Бағдарлама мазмұны




1. Мәдениеттану пәні
Мәдениет және табиғилық. Мәдениет әлеміндегі адам. Мәдениеттің негізгі анықтамалары. Мәдениет құндылықтар дүниесі ретінде. Мәдениет әлеуметтендіру және жекешелендірудің бірлігі түрінде. Мәдениет дүниені адамдандырудың нәтижесі, мұрагерлік пен сабақтастықтың құралы ретінде. Мәдениет – адам еріктілігінің кепілі. Мәдениет және сұхбат. Мәдени коммуникация. Мәдениет және өркениет. Мәдениеттің құрылымы. Мәдениеттегі материалдық пен руханилықтың, табиғилық пен жасандылықтың арақатынасы. Техника – мәдениеттің жемісі. Материалды мәдениет және адам мүмкіндіктері. Рухани мәдениеттің құрылымы. Мәдениет және менталитет. Салт-дәстүр – мәдениеттің өзегі. Мәдениеттегі дәстүршілдік пен жаңашылдық. Білімділік, зиялылық және мәдениеттілік. Әдептілік, әдемілік және мәдениет. Дін және мәдениет. Мәдениеттің басты қызметтері: адамдандырулық, қарым-қатынсатық, реттеушілік, ақпараттық, болжаулық, аксиологиялық.

2. Адам және мәдениет.

Адам – мәдениеттанудың негізгі зерттеу объектісі. Мәдени антропология. Мәдениеттің биологиялық алғышарттары. Гуманизм және мәдениет. А.Швейцердің "өмірді қастерлеу", Тейяр де Шарденнің "адам феномені", Рерихтердің "тірі этика", "күш көрсетпеу" ілімдерінің гуманистік мәдени маңызы. ХХ ғасыр ойшылдарының антигуманистік қоғамдық құрылымдармен күресі. Мәдениеттің жалпыадамзаттық өркениетті қалыптастырудағы қызметі. Мәдениеттің тоталитарлық түсініктерін сынау. Мәдениеттегі тұлғалық және тұлғасыздық. Технократиялық мәдениеттің шектері. Адамдық ынтымақтастық және аномия



3. Мәдениеттің мәселері.

Мәдениет және тіл. Дискурс мәселесі. Мәдениеттің сұхбаттық табиғаты. Текст мәдени мұра ретінде. Мәдени контекстегі автор мен кейіпкер. Тіл және мәдениет. К.Леви-Стросс, Ю.Лотман, М.Бахтин мәдениет туралы. Мәдени коммуникация. Рухани мәдениетті тарату және қорғау мәселелері. Антимәдениет, контрмәдениет, квазимәдениет. Мәдени дәстүр мен жаңашылдық. Қазіргі адамзаттың бірлігі мен айырмашылықтары. Шығыс пен Батыс. Солтүстік пен Оңтүстік. Қазіргі суперөркениеттер. Хантингтон, Фукуяма ілімдері. Қазақстанның әлемдік өркениеттер сұхбатында алатын орны.

Н.Назарбаев "Ғасырлар тоғысында". Ұлттық мәдениет пен менталитет. Ұлтаралық қатынастыр мәдениеті. Маргиналдық мәдениет. ҚР-дағы ұлттық мәдениеттерді жаңғырту мәселелері.

4. Мәдениеттер типологиясы

Дүниежүзілік тарихтағы мәдени типтердің тұтастығы мен көп түрлілігі. Өркениеттердің формациялық және әлеуметтік-мәдени типологиясы. Мәдениеттің циклдік айналмалы ілімдері (О.Шпенглер, Н.Данилевский, А.Тойнби). К.Ясперс мәдениеттің белдеулік уақыты туралы. Мәдениеттер типологиясы және еуроорталықтық көзқарас. Түрік өркениеті әлемдік мәдениеттің маңызды ошағы ретінде. Мәдени-тарихи процестің басты заңдылықтары мен сатылары. Мәдениеттің пайда болуы туралы негізгі ілімдер. Шығыс және Батыс мәдениеті.



5. Көне дәуір мәдениеті

Көне дәуір мәдениеті кейінгі мәдени типтердің бастау ретінде. Тағылық, варварлық, өркениет. Көне қоғамның мәдениетінің материалдық ерекшеліктері. Алғашқы адамдардың рухани мәдениетінің синкреттік сипаты. Миф – көне адамдардың дүниелік бағдары мен дүниетанымы. Миф типологиясы. Тотем, табу түсініктерінің көне мәдениеттегі алатын орны. Қауымдық қоғамдағы салт-дәстүр, әдет-ғұрып және рәміз-таңбалардың алатын орны. Көне сана ерекшеліктері. Алғашқы діни сенім-нанымдары: анимизм, тотемизм, фетишизм, магия. Көне өнер ерекшеліктері. Қазіргі өркениеттердегі көне мәдениеттің нышандары. Ежелгі Жапония мәдениеті. Ежелгі Қытай мәдениеті.



6. Антикалық мәдениет

Антикалық мәдениет Батыс өркениетінің архетипі. Ежелгі Грецияның адамзаттың мәдени дамуында алатын орны. Антикалық мәдениетінің негізгі кезеңдері: Крит-Миной, архаикалық және классикалық Грекия, эллинизм, Рим. Ежелгі грек мифологиясы. Классикалық Грекиядағы философияның, әдебиеттің, театрдың, мүсіндік өнердің және т.б. өркендеуі. Тән және жан сұлулығы. Полистік мемлекет және демократия. Шығыстағы эллинистік мәдениеттер. Римдік құқық жүйесі мен ел басқару мәдениеті.


7. Ортағасырлық Батыс мәдениет

Батыс мәдениетінің архетиптері мен хронотоптары. Христиандық діннің мәдени өрісі. Христиандық дүниетаным және мәдени тұтастық. Иудаизм және алғашқы христиандар. Ресми-шіркеулік және халықтық карнавалдық мәдениет. Еуропадағы қалалық мәдениет және бұқаралық сананың ырғақтары.

Ренессанс ұғымының мәдениеттанулық маңызы. Еуроорталықтық Ренессанс ілімдеріне сын. Батыс және Шығыс Ренессансы. Итальян Ренессансы. Батыс Еуропа Ренессансындағы поэзия мен бейнелеу өнерінің рөлі.

8. Жаңа замандық Батыс мәдениет

Қазіргі Батыс өркениетінің қалыптасу ерекшеліктері. Батыстық өркениеттің әлеуметтік-мәдени негіздері: алғашқы қор жинау, нарық, азаматтық қоғам, вестернизация. "Фауст" адам және протестандық этика. Жаңа Заман философиясы және еуропалық ойлау стилінің қалыптасуы. Өнеркәсіптік төңкерістер мен техникалық өркениеттің қалыптасуы. Реформация. Ағартушылық пен Романтизм. Отаршылдық пен әлем бөлінісі. Әлеуметтік қақтығыстар. Атеизм, революциялық сана мен материализм. Француз Ағартуы ( . Ж.-Ж. Руссо, Д. Дидро, Ш.Монтескье, П. Гольбах): прогресске сену, бостандық ой, дінді сынау. Ағылшын Ағартуы (Д.Локк6 т.б.): өмір сүрудің, жеке меншіктін құқығы.

Қазіргі Батыс мәдениеттің парадигмалары.

ХХ ғасырдағы әлеуметтік жанжалдар және бүкіладамзаттық өркениеттіліктің қалыптаса бастауы. Күш көрсетпеу этикасы және жаңа гуманизм. ХХ ғасырдағы әлемдік өркениеттер және батыстандыру шектері. Бұқаралық және экрандық мәдениет.


9. Ресей мәдениеті

Ресейлік мәдени типтер (Н.Бердяев). Славяндық мәдени типке Н.Данилевскийдің берген бағасы. Византиялық, скандинавтық, түріктік ықпал. Киев Русі және христиандықты қабылдау. Шығыс славяндары мәдениетіндегі ескі діни сенім-нанымдардың орны. Ежелгі орыс жазбалары. Татар-моңғолдық кезең. Батыспен мәдени байланыстардың азаюы. Шығыс славяндардағы этникалық ыдырау. Мәскеулік кезең. Күшті мемлекеттілік идеясы. Мәскеу – ІІІ Рим. Сословиялар мен патримониалдық басқару жүйесінің қалыптасуы. Христиандырылған Шығыс және латындық Батыс Еуроазиялық мәдени тип. І Петр кезеңі. Мәдени реформалар. Ресейді батыстандыру. Орыс мәдениетінің "алтын және күміс" ғасырлары. Славянофилдер мен батысшылдар. Империялық мәдениет. Ресейлік интеллигенцияның ерекшеліктері. Орыстың социалистік мәдениеті. Тоталитарлық мәдениет коллизиялары. Эммиграциялық орыс мәдениеті. Кеңес Одағы ыдырауының әлеуметтік-мәдени себептері. Ресей мәдениетінің болашағы.


10. Қазақ мәдениеті

Қазақ мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны. Қазақстан мәдениеті тарихының басты кезеңдері. Қазақ мәдениетінің зерттелу деңгейі және еуроорталықтық, империяшыл, арийорталықтық көзқарастарға сын. Қазақ мәдениетінің автохтондығы мен гомогендігі. Номадалық шаруашылық-мәдени тип – қазақ мәдениетінің архетипі. Қазақстан жеріндегі көне көшпелілік мәдениеттер. Скиф-сақ өркениеті. Ежелгі сақтардың сенім-нанымдары, ментальдық ерекшеліктері және өнері. "Аң стилі" және оның қазақ ою-орнегіндегі көріністері. Анахарсис – скиф философы. Әскери демократия және прототүрктердің ел басқару мәдениеті. Әйелдердің сақ қоғамында алған орны. Номадтық ұлыстардың Шығыстан Батысқа қарай қоныс аудару. Көшпелілер тарих католизаторлары ретінде. Ғұн, үйсін, қаңлылар – прототүрктік мәдениеттің иелері. Прототүрктердің материалды және рухани мәдениеті. Ұлы жібек жолы және прототүрктер.

Қазақ халқының қалыптасуының әлеуметтік-мәдени негіздері. Қазақ мәдениетінің мемлекеттік кезеңі. Қазақ хандылығының материалды мәдениеті. Жаңа замн көшпелілері. Қазақ киіз үйінің символикасы. Қазақ халқының сал-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, рәміз-рәсімдері. Жеті аталық үрдіс. Эпос әлемі. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесі, сенім-нанымдары. Дүниетанымдық синкретизм. Қазақтардың дүние туралы түсініктері, тілі, жазуы, емшілік тәсілдері, музыкасы. Қазақ халқының ментальдық ерекшеліктері.

Қазақстанның Ресей империясының құрамына енуі. Отарлау әлде мәдениеттер сұхбаты? Қазақ халқының өз тәуелсіздігі үшін күресі. Миссионерлік әрекеттер және патшалық Ресейдің исламға көзқарасы. Қазақ антиутопиясы. Зарзаман мәдениеті. Қазақ ағартушылығы. Ш.Уәлихановтың мәдениеттанулық ізденістері. Дәстүрлі мәдениет пен жаңашырлық. Ы.Алтынсарин – қазақ ағартушылығының тікелей тұлғасы. Абай – қазақтың рухани мәдениетінің жеткен шыңы. Шәкәрімнің мәдениеттанулық көзқарастары.Ұлттық сананың оянуы және ұлт-азаттық қоғалыс.


11. Қазақстан Республикасының мәдениеті.

Кеңес Одағы ыдырауының әлеуметтік-мәдени негіздері. Қазақ мәдениеті тәуелсіздік аясында. Қазақстан Республикасындағы мәдени жағдай. Нарық және мәдениет. Қазақ мәдениетін батыстандыру ерекшеліктері. Шығыстық сұхбат аймағына қайта қосылу талпыныстары. Қазіргі мәдени типтер: архаикалық, маргиналдық, мәңгүрттік, еуроазиялық, нарықтық, ақсүйектік. Заманның рухани талабы және мәдени жауап баламалары. Мәдени өркендеу бағдарламалары. Қазақстанның даму стратегиясындағы мәдениет мәселелері. Мәдениет сухбаты және әртүрлі діндермен конфессияларының мәдениеттік жақындасуы.



Негізгі әдебиеттер тізімі:

1 Гуревич П. Культурология. М., 2011..

2. Ғабитов Т. М. Мәдениеттануға кіріспе. А., . 2001.

3. Нештаева В. Культурные ценности. Цена и право. – М., 2013.

.

4.Алтаев Ж., Ғабитов Т.Х. Философия және мәдениеттану. А.,2001.



5. Нұржанов Б.Г. Культурология. А., 1994

6. Ғабитов Т. Мәдениеттану. А., 2002

Қосымша:

1. Радугин А.А. Культурология. М. 2010.



2. Тимошинов В. Культурология. А. 1997.

Магистратурағы «6М020400 – Мәдениеттану мамандығы»

бойынша емтихан сұрақтары

  1. "Мәдениет" және "өркениет" ұғымдары, олардың мән-мағынасы және арақатынасы.

  2. Антикалық мәдениеттiң сипаты мен белгiлерi.

  3. ХIХ ғ. қазақ ағартушылығының бастаулары мән-мағынасы.

  4. Мәдениеттану ғылымы хақында. Мәдениеттану пәнiнің мiндеттерi мен мақсаты.

  5. ХVIIIғ. француз Ағартушылығы мәдениетiнiң құндылықтары мен идеялары.

  6. Ш.Уәлиханов – ағартушы және этнограф.

  7. Адам мәдениет әлемiнде. Еркiндiк пен гуманизм мәдениет феномендерi ретiнде.

  8. Ежелгi Үндi мәдениетiнiң өзiндiк болмысы мен көптүрлiлiгi.

  9. Ы.Алтынсариннiң ағартушылық идеялары және оның педагогикалық қызметi.

  10. Iс-әрекет мәдениет дамуының тәсiлi ретiнде. Мәдениет субъектiлерi.

  11. Гуманизм Қайта өрлеу дәуiрi мәдениетiнiң өлшемi ретiнде.

  12. Кеңестiк кезеңдегi Қазақстан мәдениетi.

  13. Табиғат және мәдениет. Қазiргi қоғамның экологиялық мәселелерi.

  14. Араб тiлдес мәдениеттің бастаулары мен мән-мағынасы. Мұхаммед пайғамбардың тұлғасы.

  15. Қазақстанның көне мәдениетi.

  16. Сабақтастық мәдениет дамуындағы өзгеру мен сақталудың бiрлiгi ретiнде.

  17. Ежелгi Египет және Вавилон мәдениетi.

  18. Қазақтың мәдени дәстүрiндегi мифологияның маңызы.

  19. Мәдениеттегi дәстүрлiлiк пен жаңашылдық.

  20. Ортағасырлық Еуропа мәдениетi. Христиан дiнi және оның негiзгi құндылықтары.

  21. Қазақ эпосы. Ақын-жыраулардың шығармашылығы.

  22. Мәдениеттер сұхбаттастығы мәселесi: Шығыс пен Батыс.

  23. Жаңа заман мәдениетi: жетiстiктерi мен басты құндылықтары.

  24. Қазақстанның ортағасырлық мәдениеті.

  25. Бұқаралық мәдениеттiң бастаулары мен мән-мағынасы.

  26. Алғашқы қауымдық қоғам мәдениетiнiң ерекшелiктерi.

  27. Қазақстан тарихындағы ортағасырлық қалалар және олардың мәдениетінің дамуындағы рөлi.

  28. Мәдениеттiлiк және оның критерийi. Мәдениеттi адам дегенiмiз не?

  29. Реформалар мәдени құндылық шарттарының өзгеруінің белгілері.

  30. Қазақстан мәдени тарихындағы әл-Фараби шығармашылығының маңызы

  31. Қоғам өмiрiндегi мәдениеттiң рөлi. Мәдениеттiң негiзгi шарттары.

  32. Ежелгi Қытайдың мәдениетi.

  33. Қазақ интеллигенция өкілдерінің ұлт-азаттық қозғалыстағы рөлі.

  34. ХХ ғасыр мәдениетiндегi адам.

  35. Ежелгi Жапония мәдениетi. Табиғат Жапонияның мәдени кеңiстiгiнде.

  36. Абай Құнанбаев ақын және ағартушы ретiнде; оның идеяларының Қазақстан мәдениетiнің дамуындағы рөлi.

  37. Мәдениет түрлерi. Материалдық және рухани мәдениет. Мәдениет ашық жүйе ретiнде.

  38. ХIХ ғ. еуропалық мәдениет дамуының сипаты мен белгiлерi.

  39. А. Яссауидiң "Диуани хикмет" еңбегінің мәдени-тарихи мәнi.

  40. Дiн және ғылым мәдениет құбылысы хақында. Қазіргі қоғамдағы мәдени, діни және ғылыми танымдық болмыс.

  41. Месопотамияның көне тұрғындарының мәдениетi. "Гильгамеш туралы аңыз".

  42. Қазақстандағы әр түрлі дiни жүйелер мен типтер.

  43. Мәдениет дамуының принциптерi, заңдылықтары және тәсілдері.

  44. Зороастризм көне дүние мәдениетiнің құбылысы ретiнде. "Авеста".

  45. Қазақтың киiз үйi және оның символикалық мағынасы.

  46. Мәдениеттегi этникалық пен жалпыадамзаттының арақатынасы. Сұхбат -мәдениеттер аралығындағы феномен ретiнде.

  47. Конфуцийлық дүниетанымдық ерекшелік.

  48. Қазақ халқының салт-дәстүрлерi, әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары және олардың құндылықтық мағынасы.

  49. Мәдениет ұғымы және оны анықтаудың көптүрлілігі. Мәдениет генезисi. Мәдениет дамуындағы тарихи сатылар.

  50. Ортағасыр мәдениетіндегi стильдер мен формалардың әртүрлiлiгi.

  51. «Жеті жарғы » және оның қазақ мәдениетіндегі орны.

  52. Мәдениеттанулық концепциялар мен теориялар.

  53. Орта ғасырлардағы исламдық көркем мәдениет. Араб-мұсылман Қайта өрлеуінің ақындары (Фирдоуси, Хафиз, Хайям, Науаи және т.б.).

  54. Қазақ халқының дәстүрлі үйлену салттары.

  55. Мәдениеттер типологиясы. Мәдениеттiң тарихи типтерi.

  56. Эллинизм дәуiрiнiң мәдениетi.

  57. Қазақтардың саз өнерi және оның қазiргi ахуалы.

  58. Мәдениет және тiл, олардың арақатынасы.

  59. ХІХ ғ. көркемдік өнер мәдениетінің жан-жақтылығы.

  60. Қазақтың тұрмыстық мәдениетінің эстетикасы.

  61. Коммуникация мәдениеттiң айрықша қызметi ретiнде.

  62. Қазiргi мәдениет даму тенденцияларының негiзгi үрдістерi.

  63. Қазақтардың қол өнерi, оның әртүрлiлiгi мен айрықша белгiлерi.

  64. Мәдениеттанудың ғылымдар жүйесiндегi орны және оның адам мен қоғам туралы басқа ғылымдармен өзара байланысы.

  65. Ертекезең діни сенімдері (тотемизм, фетишизм, анимизм, шаманизм, магия).

  66. Шәкәрім Құдайбердиев «Үш анық».

  67. ХХ ғ. негізгі мәдениет танулық мектеп және оның даму ерекшеліктері.

  68. Кеңестік мәдениеттің даму сатылары.

  69. Қазақтың ұлттық мерекелерін тойлау. Наурыз мерекесінің тойлану дәстүрлері.

  70. Адам мәдениетінің субъектісі хақында. Гуманизм - мәдениеттанудың негізгі құрушы принципі.

  71. Италияндық Жаңа өрлеу заманының мәдениетті зерттеуші ғалымдары.

  72. Қазақстан Республикасының мемлекеттік символдары және оның әлеуметтік- мәдени түсініктемесі.

  73. Мәдениет және өнер.

  74. ХХІ ғ. Дүние жүзі мәдениетінің даму тенденциялары.

  75. Қазақстан Республикасындағы этностар мәдениетінің ахуалы.



Құрастырған: т.ғ.д., профессор Халидуллин Ғ. Х.

8701 347 40 50
Каталог: docs -> postupaushim
postupaushim -> Бекітемін Филология институтының директоры Б. Әбдіғазиұлы
postupaushim -> Бекітемін Филология институтының директоры Б.Әбдіғазиұлы
postupaushim -> БАҒдарламасы алматы 2015 Бағдарлама Қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасының мәжілісінде талқыланды
postupaushim -> Бекітемін Филология институтының директоры Әбдіғазиұлы Б
postupaushim -> Бекітемін Көптілді білім беру институтының директоры
postupaushim -> Программа вступительного экзамена для поступающих в магистратуру по специальности «6М020900 Востоковедение» Алматы, 2015
postupaushim -> БАҒдарламасы «6М010900- математика»
postupaushim -> 6M020100- «философия» мамандығы бойынша магистратураға түсуге арналған емтихан бағдарламасы
postupaushim -> «6M011000 Физика» мамандығы бойынша
postupaushim -> «6M060400 Физика» мамандығы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет