Эндокринді бездердің жалпы құрылысы. Ішкі сөл бездерінің мәні мен орналасуы



Pdf көрінісі
Дата15.05.2020
өлшемі308.55 Kb.

Тақырыбы: Эндокринді бездердің жалпы құрылысы. 

 

         1. Ішкі сөл бездерінің мәні мен орналасуы. 



         2. Гормондарлың биологиялық маңызы. 

         3.Бездердің дамуы. 

         4.Эпифиз, гипофиз бездерінің орналасуы мен гормонының мәні. 

         5. Қалқанша безі мен қалқанша маңы безднрінің орналасуы мен мәні. 

         6. Айырша безі мен ұйқы безінің ішкі секреция бөлігі, бүйрек үсті  

            бездері,  жыныс бездерінің орналасуы мен  мәні. 

 

Ішкі сөл бездері. 

(железы внутренней секреции, glandulae endocrinae) 

 

Адам денесіндегі бездер екі үлкен топқа – сыртқы және ішкі сөл бездеріне бөлінеді. Сыртқы 



сөл  немесе  экзокриндік  бездер  сөлін  дененің  қуыс  мүшелеріне,  сырқты  ортаға  шығарады.  Бұл 

бездерге сілекей, асқазан, ішек, тер және т.б. бездер жатады.  

Эндокриндік немесе сөл бездері деп сөлін жасуша арқылы қан мен лимфа тамырларына шығаратын 

бездерді  айтады.    Эндокриндік  бездерге  гипофиз,  эпифиз,  гипоталамус  ядролары,  қалқанша, 

қалқанша  маңы,  айырша,  ұйқы  бүйрек  үсті,  жыныс  бездері  кіреді.  Іш  сөз  бездерінің  денедегі 

орналасуы:  мида  –  гипофиз,  эпифиз,  гипоталамус  ядролары:  мойында  және  кеуде  қуысында  – 

қалқанша,  қалқанша  маңы  және  айырша  бездер,  іш  қуысында  –  ұйқы  және  бүйрек  үсті  бездері: 

жамбас қуысында – жыныс бездері орналасқан.  

Ішкі секреция бездерінің сөлін «гормон» дейді. Гормондар биологиялық белсенді заттар. Олар өте 

аө мөлшерде пайда болады. Гормондардың биологиялық әсері: 

1.Денені сыртқы және ішкі ортаның өзгерістеріне икемдейді; 

2.дененің қызметін реттейді; 

3.Ішкі  ортаның  тепе-теңдігін  сақтайды,  мысалы,  қандағы  глюкозаның  мөлшері  азайғанда  бүйрек 

үсті  безі  адреналин  гормонын  көптеп  шығарып,  бауырдағы  гликогенді  глюкозаға  айналдырады, 

оның қандағы мөлшері қалыптасады;  

4.Эндокриндік бездер жүйке жүйесімен қатар зорығу (стресс) жағдайында икемделу реакцияларын 

қамтамасыз етеді; 

5.қорғаныс денелерін жинақтауда маңызы зор, атап айтқанда дененің түрлі бөгде заттардың әсеріне 

төзімділігін  арттырады.  Гормондар  дененің  өсуіне?  Психиканың  дамуына,  зат  алмасуына, 

жыныстық  жетілуіне,  жүректің  қызметіне  тікелей  әсер  етеді.  Гормондар  денедегі  зат  алмасуы 

нәтижесінде  күрделі  өзгеріске  ұшырайды,  олардың  бір  бөлігі  несеп-зәр  шығару  арқылы  сыртқы 

ортаға шығады.  

 

 

Эндокриндік  бездер  гормондардың  қалыпты  жағдайда  аз  немесе  көп  шығаруы  мүмкін.  Бұл 



жағдайда денсаулықтың ауытқушылығы, ауру пайда болады. Егер энлокриндік без гормонды көп 

бөлетін  болса,  онда  ол  бездің  «гиперфункциясы», аз  бөліп  шығаратын  болса  «гипофункция»  деп 

аталады.  

 

Эндокриндік  бездер  даму  сатысында  ұрықтың  әртүрлі  жапырақтарынан  пайда  болады. 



Гипофиз,  эпифиз,  бүйрек  үсті  безінің  ми  қабаты  ұрықтың  эндодерма  жапырағынан,  қалқанша, 

қалқанша маңы бездері, айырша безі, ұйқы безінің эндокриндік бөлігі эктодермадан, ал бүйрек үсті 

безінің қыртысты қабаты, жыныс бездері мезодермадан дамыған.  

 


 

 

 



Эпифиз  (шишковидное  тело,  corpus  pineale)  –  салмағы  0,2-0,4г.  Ми  сауытында,  орталық 

мида, екі жоғарғы төмпешіктердің үстінде орналасқан. Эпифиз сыртынан дәнекер ұлпалы қабықпен 

қапталған. Дәнекер ұлпалы қабық бездің ішіне кіріп оны бөліктерге бөледі. Бөліктің жасушалары 

пинеалациттер. Оның құрамында көптеген нейроглиялар болады. Бездің жасушасы гонадотропин 

гормонға  қарсы  гормон  жасап  шығарады.  Бұл  гормон  гипофиздің  жыныс  гормоныны  бала 

жыныстық  кәмілетке  жеткенге  дейін  тоқтатып  тұрады.  Сонымен  бірге  эпифиздің  гормоны  зат 

алмасуының барлық түріне әсер етеді.  

 

Эпифиздің гормоны дене мүшелерінінің қызметінің тәуліктік ырғағын (биоритмді) реттейді.  



 

Гипофиз (hypophysis) ми қосалқысы ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең маңыздысы. Оның 

салмағы  0,5-0,6  г.,  ені  10-17  мм.,  ұзындығы  5-10  мм.,  ми  сауытының  сына  сүйегіндегі  «түрік 

ертоқымы»  деп  аталатын  имегінің  ойығында  орналасқан.  Гипофиз  үш:  алдыңғы,  артқы  және 

орталық бөліктен тұрады.  

 

Гипофиздің  алдыңғы  бөлігі  (аденогипофиз).  Аденогипофиз  басқа  эндокринді  бездерге 



әсерін тигізетін бірнеше гормондар бөліп шығарады: адренокортикотроп, тиреотроп, гонадотроп,  

соматотроп.  Адренокортикотроп  гормоны  арқылы  гипофиз  бүйрек  үті  безінің  қызметіне,  ал 

тиреотроп  гормоны  арқылы  қалқанша  безінің,  гонадотроп  гормоны  арқылы  жыныс  безінің 

қызметіне  әсер  етеді.  Соматотроп  немесе  өсу  гормоны  дененің  өсуіне,  ақуыз  синтезіне,  май  мен 

көмірсу алмасуына әсер етеді. Егер жасөсіпірімде  соматотроп гормоны көп бөлінетін болса, онда 

гипофизарлық  гигантизм  ауруы  пайда  болады.  Гипофизарлық  гигантизмде  баланың  бойы  240-

250см дейін өсіп кетеді. Ал сомататроп гормоны жетіспегенде гипофизарлық нанизм ауруы пайда 

болады. Бұл ауруда баланың бойы өспейді, бірақ ақыл-есі дұрыс болады. Егер соматотроп гормоны 

ересек адамда жетіспесе, онда зат алмасуы бұзылып адам не семіріп кетеді, не өте азады. Ересек 

адамның гипофизі қанға соматотроп гормонын көп шығарса, онда акромегалия деп аталатын ауру 

пайда болады, адамның еркін мүшелері  (қолы немесе аяғы, төменгі жағы т.б.)ерекше өсіп кетеді. 

Гпофиздің  адренокортикотроп гормоны (АКТГ) бүйрек үсті безінің қыртысты қабатына әсер етеді. 

Тиреотроп  гормоны  қалқанша  безінің  қызметін  реттейді.  Гонадотроп  гормоны  жыныс  бездеріне 

әсер етіп, жыныстық жетілуін, аналық безіндегі фоликулалардың, жұмыртқа жасушаның жетілуіне, 

сүт безінде сүттің пайда  болуына, еркектерде сперматогенездің жетілуіне әсер етеді.  


 

Гипофиздің  артқы  бөлігі  (нейрогипофиз)  нейроглия  мен  жүйке  талшықтарынан  тұрады. 

Нейрогипофиз екі түрлі гормон бөледі: 

1)  Вазопрессин;  2) окситоцит.  

Вазопресинніің екі түрлі әсері бар:  

а) қан тармырларын тарылтады;  

б) бүйректің түтікшелерінде   судың  денеге  қайта  сорылуын  реттейді.  Вазопрессин  гормоны  көп 

болса  зәрдің  тәуліктік  мөлшері  кемиді,  сондықтан  оны  «диурезге  қарсы  гормон»  деп  атайды. 

Гормонның көбеюінен артерия қан тамырларының қабырғаындағы біріңғай салалы бұлшық еттер 

жиырылады,  оның  нәтижесінде  қанның  қысымы  көтеріледі.  Окситоксин  гормоны  жатырдың 

бұлшық  етінің  жиырылуына,  сүт  безіндегі  сүттің  пайда  болуына  әсер  етеді.  Нейрогипофиздің 

гипофункциясында қантсыз диабет пайда болады. 

 

Гипофиздің аралық бөлігі меланотропин гормонын бөліп шығарады. Бұл гормон денедегі 



пигмент  алмасуын  реттейді.  Әйелдің  екіқабат  кезінде  меланотроп  гормонының  қандағы  мөлшері 

көбейгенде, оның бетінің терісінде дақтар пайда болады. 

 

 

 



Қалқанша  без  (щитовидная железа, glandula thyroidea) ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең ірісі. 

Оның салмағы ересек адамда 30-50 г., оң және сол бөліктерден, оларды қосатын мойыннан тұрады. 

Қалқанша безі мойынның алдыңғы бөлігінде, көмекейдің қалқанша шеміршегі мен кеңірдектің 2-4 

сақинасының  алдында  орналасқан.  Қалқанша  безінің  сыртындағы  қабық  оның  ішіне  кіріп, 

бөліктерге  бөледі.  Бөліктер  көпіршіктерге  толы,  олардың  қабырғасында  бір  қабатты  кілегей 

тириоциттер болады. Көпіршіктердің ішін қоймалжың тиреоциттердің гормоны толтырып тұрады. 

Қалқанша  безінің  гиперфункциясында  тиреотоксикоз  немесе  «Базедов  ауруы»  пайда  болады. 

«Базедов  ауруында» негізгі  зат  алмасу  күшейеді,  адам  тамақты  көп  жеумен  бірге  өте азады,  көзі 

шарасынан шығып үлкейеді, тез ашуланып, тез жылайды, жүрегінің қызметі бұзылады, жүрегі тез 

соғып, тахикардия пайда болады. Қалқанша безінің гипофункциясында – микседема ауруы дамиды. 

Микседемамен  ауырғанда  негізгі  зат  алмасу  төмендейді,  ісік  пайда  болып,  адамның  дене  қызуы 

төмендейді.  Адамның  есте  сақтау  қабілеті  әлсірейді,  қан  қысымы  кемиді,  шашы  түседі,  дауысы 

өзгереді. Қалқанша безінің гипофункциясы 3-4 жастағы балада кездесетін болса, онда меңіреулік 

(кретинизм) пайда болады. Меңіреулікте баланың дене құрылысы мен ақыл ойының дамуы артта 

қалады. Өсе келе баланың қол-аяғы тартылып, ұстамалы ауруға айналады.  

 


 

 

Қалқанша  маңы  бездері  екі  немесе  үш  жұп  болып  қалқанша  безінің  артқы  бетінде 

орналасқан. Оның жалпы салмағы 0,1-0,15гү Қалқанша безінің гормоны –паратгормон – денедегі 

кальций  және  фосфор  тұздарының  алмасуын  реттейді,  олардың  қандағы,  сүйек  ұлпасындағы 

тұрақты  мөлшерін  сақтайды.  Олардың  артық  мөлшерінің  денеден  шығуын  қамтамасыз  етеді. 

Қалқанша  белінің  гипофункциясында  кальций  сүйектен  шығады,  оның  зәрдегі  мөлшері  артады, 

сондықтан бүйректе, қан тамырларда және басқа мүшелерде тастың жиналуына себеп болады. Бұл 

жағдайда сүйек сынғыш келеді, жүйке-бұлшық еттердің қозғыштығы кемиді, қандағы кальцийдің 

мөлшері азаяды, тырсу (тетания) пайда болады.  

 

Айырша без (вилочкова железа, thymus). Көкірек қуысының жоғары бөлігінде, төс сабының 

артында.  Бездің  салмағы  мен  көлемі  жасқа  байланысты  өзгереді.  25  жасқа  келгенде  бездің 

ұлпасының  көлемі  кішіреіп,  оның  орнын  май  ұлпасы  басады.  Айырша  безі  дәнекер  ұлпалы 

қабықпен  қапталған,  одан  бездің  ішіне  тармақтар  тарап,  безді  бөліктерге  бөледі.  Әрбір  бөліктің 

милы және қыртысты қабаты бар. Ал, әрбір бөлік Т-лимфоциттер мен тор іспетті өсінділері бар безді 

кілегей ұлпасынан тұрады. Бездің қыртысты қабатында лимфобластар болады. Олардың бөлінуінен 

жетілмеген  –  лимфоциттер  пайда  болады.  Т-лимфоциттер  безден  қанға  өтеді,  одан  көкбауырға 

барып, жетіліп қайтадан безге келеді. Айырша без иммуниттің орталығы және қан жасап шығарушы 

мүше.  Айырша  безге  сүйек  майынан  лимфобласттар  келеді,  безде  олар  актив  Т-лимфоциттерге 

айналады.  

 

Ауырша  бездің  гормоны  тимозин  қан  жасап  шығаруға,  көмірсу  алмасуына,  кальций, 

фосфор тұздарының алмасуына, дененің өсуіне әсерін тигізеді. 

 

 



Ұйқы  безінің  ішкі  секреция  бөлігі  (эндокринная  часть поджелудочной  железы,  pars  endocrinale 

dlandular  pancreas).  Ұйқы  безі  –  іш  қуысында.  Ұйқы  безінің  ішкі  секрециялық  бөлігі  бездің 

паренхимасында,  көбі  ұшындағы  Лангеранс  аралшықтарындағы  a  және  b  жасушаларында 

орналасқан. 

 

А жасушалары глюкагонды, ал b жасушалары инсулинді синтездейді. Екі жасуша көмірсу 



алмасуына  әсер  етеді.  Егер  b  жасушалар  инсулинді  жетерлі  мөлшерде  бөлмесе,  онда  гликоген 

глюкозаға айналып, қандағы глюкозаның мөлшері көбейеді. Дені сау адамның қанында глюкозаның 

мөлшері  4,44  ммоль/л  –  6,60ммоль/л.  Егер  инсулин  көп  бөлінетін  болса,  онда  қандағы  глюкоза 

бауырда,  бұлшық  еттерде  гликоген  қоры  болып  жиналады.  Инсулин  қажетті  мөлшерде 

бөлінбегенде, қандағы глюкозаның мөлшері көбейіп, қантты диабет ауруы пайда болады.  

 

Бүйрек үсті бездері (надпочечники, gl. Suprarenalis) жұп мүше. Олар бүйрек үстіндегі май 

ұлпасының арасында. Әр бездің салмағы 10 грамдай болады. 

 

Бүйрек үсті безі екі қабаттан тұрады. Сыртқы қабаты сары түстес – қыртысты, ішкі бозғылт 



қабаты  –  милы  қабат.  Бездің  сыртқы  қабаты  мезодермадан  дамыған,  кілегейлі  жасушалардан 

тұрады. Олардың арасында борпылдақ, дәнекер ұлпалы жүйкелер мен қан тамырына бай қабық бар. 

Кілегей  жасушаларының  бездің  құрылысына,  орналасуына  байланысты  бездің  қыртысты  қабаты 

үшке бөлінеді:  

1.сыртқы, шатысты; 

2.ортадағы, шумақты;  

3.ішкі торлы. 

 

Шатысты бөлігінде үлкендігі әртүрлі кілегей жасушалары шатасып жатады. Бұл бөлімнің 



жасушалары минералокортикоидтар немесе альдостерон гормонын шығарады. Бұл гормон денедегі 

минерал тұздар мен су алмасуына әсерін тигізеді.  

 

Минералокортикоидтар Na+ және К+ тұздарының алмасуына әсер етеді. Альдестеронның 



әсерімен бүйректің түтікшелерінде Na+ тұздарының қанға сорылуы күшейеді, ал К+ тұздарының 

қайта сорылуы кемиді. Егер альдостерон көп болса, онда денеде Na+ тұздарының мөлшері артып, 

қанның  осматик  қысымы  көтеріледі.  Ішкі  ортаның  осматик  қысымы  көтерілуінен  денеге  су 

жиналады, артерия қан тамырының қысымы көтеріледі. Егер минералокортикоидтар аз мөлшерде 

бөлінсе, онда Na+ тұзы көп мөлшерде зәрмен шығады, К+ тұзының қандағы мөлшері азаяды, денеге 

К+ тұзы жиналады. Na+тұзының мөлшерінің азаюынан дене суссызданады, ішкі ортаның осматик 

қысымы  төмендейді,  қан  тамырларының  серпімділік  күші  әлсіреп,  гипотония  пайда  болады. 

Минералокортикоидтардың  бөлінуіне  денедегі  Na  +,  K+  тұздары  және  ұлпадағы,  қанның 

плазмасындағы  сұйықтық  құрамы  әсер  етеді.  Бүйрек  үсті  безінің  ортадағы  қабатының  шумақты 

гормоны  –  Глюкокортикоидтар  ақуыз,  көмірсу,  майлар  алмасуына  әсер  етеді.  Кортикоидтар  – 

кортикостерон, кортизол, гидрокортизол, кортизон гормондарын бөледі. Глюкокортикоидтарының 

әсерінен  ақуыздардан  глюкоза  пайда  болуы  күшейеді,  гликоген  бұлшық  еттерде  жинақталады, 

нәтижеде  адамның  жұмыс  қабілеті  артады.  Глюкокортикоидтардың  әсерінен  майлар,  май 

қорларынан шығып, энергия алмасуын күшейтеді. Глюкокортикоидтар ұлпаның қайта жаңару, өсу 

процесіне кедергі келтіреді, оларды қабылдаған адамда жара тез жазылмайды.  

 

Бүйрек үсті безінің қыртыс қабатының жыныс гормондары еркекте – андрогендер, әйелде – 



экстрогендер,  прогестерондар.  Жыныс  гормондары  жыныстық  белгілердің  дамуына,  жетілуіне, 

сонымен бірге олар ақуыз синтезіне әсер етеді.  

 

Бүйрек үсті безінің милы қабатының гормондары адреналин, норадреналин 



 

Бүйрек  үсті  безі  адреналинді  үздіксіз  қанға  бөліп  тұрады.  Адреналин  симпатик  жүйке 

жүйесінің  қызметін  күшейтіп,  көмірсу  алмасуына  әсер  етеді.  Адреналиннің  әсерінен  бауырда, 

бұлшвқ  етте  глюкогенолиз  күшейеді,  гликогеннен  глюкоза  пайда  болып,  оның  қандағы  мөлшері 

артады, гипергликемия, глюкозурия (зәрде глюкозаның пайда болуы) дамиды.  

 

Адреналин  бронхтардың  бірыңғай  салалы  бұлшық  еттеріне  әсер  етіп,  оларды  кеңейтеді, 



жүректің соғуы жылдамдайды, артерия қысымы көтеріледі.  

 

Адреналин жүрек қан тамырлары мен бас мидың қан тамырларын кеңейтеді.  



 

Норадреналн  медиатр  қызметін атқарады.  ОЛ  жүйке  жасушаларындағы  қозуды  эффектор 

немесе жұмысшы мүшеге жеткізеді.  


• 

 

 



 

 

Жыныс бездері (половые железы) аралас бездер адам кәмілетке жеткенде гормондар (12-

16  жаста)  бөле  бастайды.  Гормондардың  бөлінуінен  адамның  бірінші  және  екінші  жыныстық 

белгілері жетіледі. 

 

 

Бірінші жыныстық белгілерге адамның жыныстық жасушалары мен ұрық дамушы жыныс 



бездері, жыныс мүшелері кіреді.  

 

Екінші жыныстық белгілерге еркекте  түктер (сақал, мұрт т.б.) дауыстың ерекшеліктері, дене 



құрылысы,  сүт  безі  мінез  бен  көңіл  күй,  мінезі,  дауысы  және  т.б.кіреді.  Егер  әйелде  ерекке  тән 

сыртқы қасиет пайда болса оны «маскулинизация» деп атайды. Мысалы, дауысы дөрекіленіп, мінезі 

өзгереді.  

 

 



Егер еркекте әйелге тән қасиет пайда болатын болса, оны «феминизация» деп атайды.  

 

Ерлердің  жыныс  гормондары андрогендерге  тестостерон мен  андостерон  кіреді.  Олардың 



әсерінен ерлердің жыныс белгілері, жыныстық рефлектерді пайда болады. Жыныс ерекшеліктеріне 

байланысты адамның мінезі қалыптасады. Андрогендердің әсерінен еркектің жыныс жасушасы  – 

спермотозоид – дамиды, жетіледі. Сонымен бірге денедегі зат алмасуына күшті әсер етеді, бұлшық 

еттерде  ақуыз  пайда  болады,  майдың  мөлшері  кеміп,  негізгі  зат алмасуы  күшейеді,  Андрогендер 

орталық жүйке жүйесінің қызметіне ді әсерін тигізеді.  

Әйелдің жыныс гормондары: эстрогендер. Олар аналық жыныс бездерінің фолликулаларында пайда 

болады.  Фолликулалар  үш  қабатпен  қапталған  көпіршіктер.  Эстрогендер  осы  қабықтарда 

синтезделеді. Аналық жыныс безі жарылып, оның орнында «сары дене» қалады. Осы «сары дене» 

прогестерон гормонын қанға шығарады. 

 

Эстрогендер  жатырдың,  оның  түтігі  мен  қынабының  жетілуін  қамтамасыз  етеді. 



Эстрогендердің әсерімен жатырдың эндометрий қабаты жетіледі. Оның әсерінен жатырдың бұлшық 

ет  қабаты  жиырылады.  Гипофиздің  окситоцин  гормонының  әсерін  күшейтеді,  сүт  безі  жетіліп, 

пайда болады.  

 

Прогестерон  ұрықтың  дамуына,  эндометрий  қабатының  өсуіне  әсер етеді.  Ол  ұрықтанған 



аналық  жасушаның  дамуына  қолайлы  жағдай  жасайды.  Екіқабат  кезде  жатырдың  бұлшық  етін 

жиырылудан сақтайды.  

 

Жыныс бездерінің қызметі гипофиздің алдыңғы бөлігіне тікелей байланысты болады. Қатты 



қайғырғанда, қорыққанда жыныс безінің қызметі өзгереді, тіпті әйелде (аменореяға) етек кір тоқтап 

қалуы мүмкін. 



 

 

 

 

 

 

1 тапсырма. 

А) Өзіңіздің тобыңызға берілген тақырып бойынша плакаттармен планшетпен   

     жұмыс жасаңыз. 

Б) Аудиторияға 7 сұрақ дайындаңыз: Тақырыбы: «Ішкі сөл бездеріне жалпы түсінік». 

В) «Қалқанша безі» тақырыбына 7 кілт сөздерін  дайындаңыз. 

Г) «Гипофиз» тақырыбына композиция құраңыз. 



2 тапсырма. 

А) Өзіңіздің тобыңызға берілген тақырып бойынша плакаттармен планшетпен   

     жұмыс жасаңыз. 

Б) Аудиторияға 7 сұрақ дайындаңыз: Тақырыбы: «Эпифиз». 

В) «Қалқанша маңы безі» тақырыбына 7 кілт сөздерін дайындаңыз. 

Г) «Бүйрек үсті безі» тақырыбына композиция  құраңыз. 

 

3 тапсырма. 

А) Өзіңіздің тобыңызға берілген тақырып бойынша плакаттармен планшетпен   

     жұмыс жасаңыз. 

Б) Аудиторияға 7 сұрақ дайындаңыз: Тақырыбы: «Жыныс бездері».  

В) «Айырша безі» тақырыбына 7 кілт  сөздерін дайындаңыз. 

Г) «Ұйқы безі» тақырыбына композиция құраңыз. 

 

4 тапсырма. 

А) Өзіңіздің тобыңызға берілген тақырып бойынша плакаттармен планшетпен   

     жұмыс жасаңыз. 

Б) Аудиторияға 7 сұрақ дайындаңыз: Тақырыбы: «Ұйқы безі». 

В) «Бүйрек үсті безі» тақырыбына 7 кілт сөздерін    

     дайындаңыз. 

Г) «Қалқанша маңы безі» тақырыбына композиция құраңыз. 

 


Тест сұрақтары 

1 нұсқа 

1. Соматотропин гормоның қандай функцияларға қатысы бар: 

1) көмірсулар алмасуына 

2) майлар түзілуіне 

3) белок түзілуіне және организмнің өсуіне 

4) су-минералдық алмасуға 

5) тамырлар тонусына 

2.Бүйрек үсті бездерінің қыртысты қабатының гормондары: 

1) минералокортикоидтар 

2) глюкокортикоидтар 

3) жыныс гормондары 

4) адреналин және норадреналин 

5) вазопрессин және окситоцин 

3.  Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының гормондары: 

1) минералокортикоидтар 

2) глюкокортикоидтар 

3) жыныс гормондары 

4) адреналин және норадреналин 

5) тимозин және тимопоэтин 

4. Ұйқы безінің глюкагон гормоны қандай клеткалармен түзіледі:  

1) пинеалоциттермен 

2) тироциттермен 

3) -клеткалармен 

4) -клеткалармен 

   5)  хромафиндік клеткалармен 

5. Айырша бездің орналасуы: 

1) көкірек қуысының жоғарғы алғы бөлігінде 

2) ортаңғы мидың төрт төбешелі пластинкасының үстінен 

3) мойынның алдыңғы бөлігінде 

4) бүйректің жоғарғы үшінде 

5) кіші қасаға қуысында 

6. Айырша бездің функциясы: 

1) қанжасаушы және иммунобиологиялық қорғаныс 

2) асқорыту сөлдерді түзу 

3) қан айналымын қамтамасыздандыру 

4) ерекше информацияны өңдеу 

5) көмірсулар және энергия алмасуын реттеу 

7. Аналық бездің сары денесінің гормоны: 

1) альдостерон 

2) кортизон 

3) лютропин 

4) прогестерон 

5) вазопрессин 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

2 нұсқа 

1. Үлкен адамдардың қалқанша безінің салмағы: 

1.  0,025 г., 

0,7 г., 



3. 10-15 г., 

4.  30-40 г., 

5.  75 г  

Қалқанша безде қандай бөліктері болады: 



  1) сол және оң жақ 

  2) сол, оң жақ және мойнағы 

      3) сол, оң және ортаңғы 

     4) жоғарғы, төменгі және ортаңғы 

     5) басы, денесі және жағы 

    3.  Қалқанша бездің орналасуы: 

1) мойында    кеңірдектің  алды мен көмейдің бүйір беттерінде орналасады 

2)   тіл асты  сүйегінің  маңайында 

3)жұтқынның  алдында 

4)айырша бездің 

5) жақ астында 

   4. Эпифиздің гормоны: 

1) окситоцин 

       2)  мелатонин 

       3) инсулин  

4) адреналин 

      5) андрогендер 

5. Бүйрек үсті бездердің милы затының түзуші клеткалары боп саналады: 

1) А-клеткалары 

2) тироциттер 

3) пинеалоциттер 

4) лимфоциттер 

5) хромафинді клеткалар 

 6. Бүйрек үсті бездерінің салмақтары: 

1) 0,09 гр 

2) 0,025 гр 

3) 0,7 гр 

4) 6-12 гр 

5) 30-50 гр 

7. Прогестерон гормоны қамтамасыздандырады: 

1) сперматозоидтардың қалыпты дамуын 

       2) сүт бездерінің дамуын 

       3) жүктіліктің бір қалыпта өсуін 

4) натрийдің зәрмен шығуын үдетеді 

5) қабыну реакцияларының дамуын 

 

 

 

 

 

 

 

 


3 нұсқа 

1.Қалқанша жаныңдағы бездердің орналасуы: 

1) ортаңғы бассүйек шұқыршағында 

2) бүйректің жоғарғы үшында 

3) кіші қасаға /жамбас/ қуысында 

4) қалқанша без бүйір бөліктерінің артқы бетінде 

5) алдыңғы өкпе аралықта 

 

  2. Айырша бездің гормондары: 



1) мелатонин 

2) глюкагон 

3) вазопрессин 

4) тироксин 

5) тимозин 

 

3. Бүйрек үсті бездің андрокортикостероид гормондары:   



1) минералокортикоидтар 

2) глюкокортикоидтар 

3) андростерон, эстрол, прогестерон 

4) тироксин, трийодтиронин 

5) адреналин, норадреналин 

 

4. Эпифиздің орналасуы: 



1) мидың түп жиғындағы түрік ершігінде орналасқан 

2) ортаңғы ми қақпағы пластинкасының жоғарғы төбешіктері үстінде орналасқан 

3) мойынның алдыңғы бөлімінде 

4) алдыңғы көкірек аралықта 

5) бүйректің жоғарғы үшінде 

   


5. Қай жаста айырша бездің дамуы жетіледі: 

1) 5-7 жаста 

2) 8-10 жаста 

3) 14-15 жаста 

4) 11-13 жаста 

5) 25-40 жаста 

 

 

6. Жұмыртқа клеткасы /аналық клеткасы/ пісіп жетілген кезеңде қандай гормон шығарады: 



1) эстроген 

2) прогестерон 

3) тестостерон 

4) кортикостерон 

5) окситоцин 

 

7. Аналық бездің сары денесінің гормоны: 



1) альдостерон 

2) кортизон 

3) лютропин 

4) прогестерон 

5) вазопрессин 

 

 



 

 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет