Әож 37. 18: 13. 3 Ұлттық идеология мен тәрбие ел болашағының айнасы



Дата17.05.2020
өлшемі25.95 Kb.
ӘОЖ 37.18:13.3
ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯ МЕН ТӘРБИЕ –

ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ АЙНАСЫ
Омаров Б., Туленова Г.
Ұлттық идеология дегеніміз – халықтың, бүкіл елдің әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, санасын ғасырлар бойы дамытып, жетілдіру арқылы ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ережесі, ол сол халықтың тілін, ділін, мемлекетін қалыптастыруға қызмет етеді.

Әр халықтың өзіне тән, қоғамның дамуына байланысты ерекшеліктері болады. Қазақстанның ұлан-байтақ жерді алып жатуының өзі ғасырлар бойы халқымыздың бойындағы, батырлық, ерлік дәстүрді тудырған. Отанын сүю, елін қорғау ер азаматтардың міндетіне кірген. Ауыз әдебиетіндегі батырлар бейнесі осылай туған. Осыны болашақ ұрпақтың бойына сіңіре отырып, ұлттық идеология қалыптастырған. Сондықтан да халқымызды азаматтыққа, батырлыққа, шешендікке, көрегендікке тәрбиелеу де ұлттық идеологияның міндеті.

Қазақ – ұлттық дәстүр дегенге ерекше мән беретін халық, ата-баба әруағын сыйлау, оған жүгіну – ежелгі салтымыз. Дәстүрге халықтың әдет-салты, күнделікті тіршілігінің ауқымы, адамдардың қалыптасып үйренген мінез-құлқы – бәрі де кіреді. Олар жинақтала келіп, ұлттық белгілерді анықтайды, ұлттық сипатты танытады.

Дәстүр әр халықтың өмірі мен сол қоғамның өзіндік ерекшеліктері негізінде қалыптасады. Ол да дәстүрге кіреді.Қазақ халқы адам санының аздығына қарамастан, Еуразияның дәл орталығында ұлан-байтақ жерді иемденген. Осының негізінде отаншылдық, елін қорғау жолындағы ерлік істері жатыр. Кең даланы мекендеген халық жауласса-найза ұстайтын батыр, дауласса – сөзден жеңілмейтін шешен болған.Халықтың осы мінезін заманы, өмір сүрген ортасы туғызған, ол жақсы дәстүрге айналып жалғасқан. Сол кең байтақ даланы мекендеген халықта бір тіл, бір әдет-салт, бауырмалдық, қонақжайлылық қалыптасқан. Осы дәстүрлер халықтың идеология-сының негізі болып табылады.



Идеология қай қоғамда болсын, оны бекітуге қызмет етеді. Сондықтан жас мемлекетті идеологиялық жағынан да өркендету әбден қажет. Экономика болса, қалғандары өзі құралады деп қарау жетімсіз. Оның үстіне бізді қазір жаһандық өзгерістер жан-жақтан қоршап жатыр.Бір жағынан, әлемдік дамудың шеңберінен шығып қалмау, екінші жағынан оның ұлттық сипатымызға жасап жатқан қысымынан өзімізді арашалау-екі жақты үлкен міндет.

Жаһандану өзгерісіне бой алдыратындар ең алдымен – жастар. Олар ұлттық дәстүр дегенге онша мән бере бермейді. Ұрпақ қамын ойлаған ата-бабаларымыз балаларын дәстүр сыйлауға, үлкендерге ілтипат жасауға, арын былғамай, өнегелі ортадан тәлім алуға үйреткен. Ұлды дала тіршілігіне, қызды үйде ұстауға, ел бірлігін, ошақ бүтіндігін сақтауға баулыған.Қазақ халқының дамуында осы дәстүрлер идеологияның негізі болып табылады.Әсіресе осы ұлттық идеоло-гияның барлығына тән жері-бала тәрбиесі, соның ішінде қыз тәрбиесі. Олар халықтың үлкен тәрбиелік мәні бар,жолы өрісті,бірімен-бірі жалғасып жататын идеологиясын құрайды.



Экономикалық қиындықтан өтіп, қазір өркениетті елдердің дәрежесіне қосылуға тырысудамыз, бірақ рухани жағынан біз әлі де жұтаңбыз, әдет-ғұрып, салт-сана, ұлттық психологиялық ойдың жетілуіне рухани байлығымыз жетпей жатыр.Тәрбие мәселесіне көп жағдайда көңіл бөлмей, уақыт жетпей, біз ұрпағымыздың рухани әлеміне көңіл бөлмеуге айналдық. Рухани байлық-ұлттың тірегі, мемлекеттің тірегі, елдің қалыптасуының тірегі. Қазақ жастарын сонау атам заманнан қалыптасып келе жатқан дәстүрді бойына сіңіріп, ұлттық рухпен сусындатуымыз керек. Рухани сусындамаған жерде тұрақтылық, сезімталдық болмайды. Жастарды адамгершілікке, балажандылыққа баулитын, оларды жан-жақты білімді, мәдениетті болуға, кітап оқуға үйрететін, озық мәдениет үлгілерімен таныстыратын игі істер барлық жастар жиналған ортада, оқу орындарында бұқаралық сипат алғанын қалаймыз.

Мемлекетіміздің іргетасының нығаюы, экономиканың тұрақты-лығы, демографиялық мәселелердің шешілуі мен ұлттық идеологияны дамытуда жастардың қосатын үлесі ұлан-ғайыр.


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет