Әож 524. 28. Ауыл шаруашылық мақсатында жер беті және жер асты суларын пайдалану ерекшеліктері



Дата17.05.2020
өлшемі40 Kb.
ӘОЖ 524.28.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МАҚСАТЫНДА ЖЕР БЕТІ ЖӘНЕ

ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Калкеева А., Тұрсын Б., Сенников М.Н., Омарова Ғ.Е.

Дүние жүзіндегі барлық су мөлшерінің тек 4% ғана тұщы сулар, ауыз суларымен күнделікті тұрмыста қолданылады.



Жер бетіндегі судың жалпы қоры — шамамен 1386 млн. км²-ге тең. Өзен арналарындағы су қоры 2120 км3-ге тең, тұщы көлдердегі су — 91 мың км3. Тұщы жер асты суларының қоры 10,5 млн. км3 мөлшерінде деп есептелсе, тұщы сулардың жалпы қоры — 3,5 млн. км3, ол гидросфера көлемінің 2,53%-ын құрайды. Егер, біз тұщы судың негізгі массасы мұздықтарда жиналғанын есте ұстасақ, онда адам қажетіне жұмсалатын таза тұщы судың көлемі шұғыл кемиді және шамамен гидросфераның 0,80% бөлігін қүрайды.

Жер беті ағындысы,  ауырлық үшінің  әсерінен  атмосфералық судың жер бетімен жылжу процесі; жердегі су айналымының (ылғал айналымы) құрамды бөлігі. Жер беті ағындысының көлемі жауын-шашын мөлшеріне және ормандылыққа байланысты: ормансыз ауданда жер беті ағындысы жауын-шашынның жылдың қосындысының 65%-ын құрайды және топырақтыңсу эрозиясына себепші болады; ормандылыққа Жер беті ағындысы 5%-ын ғана құрайды.

Қазақстан территориясында 8 бассейіндік аймақтық бар. Осы су бассейіндерінің, әсіресе, оңтүстік аймақтардағы: Сырдария, Шу-Талас, Іле-Балхаш бассейіндері су тапшы аймақтарда орналасқан. Бұл аймақтарда күннің радияциялық фоны ауыл шаруашылық дақылдарының түрлерін егіп, өңдеп, өсіріп, қажетті мөлшерде республиканың тұрғындарының азық-түлік қажеттілігін қамтамасыз етуге барлық мүмкіндігі бар. Бірақ, қазіргі таңда, су тапшылығы бізді – болашақ ауыл шаруашылығыныда оның ішінде су саласының мамандары ретінде жаңа инновациялық технологияларды қолдануды қажет етеді. Осы мақсатта біз өзіміздің ғылыми - іздестіру, зерттеу, сұрыптау жұмыстарының барысында келесі жұмыстарды жүргізіп, нәтижелер алдық. Ол үшін, жеке суды құрама бөліктеріне бөлістіріп, жер беті сулары мен жер асты суларын қарастырдық.

Жер бетімен суландыру тәсілі, суландыру кезіндегі судың жер бетімен жайылып, топырақты біртегіс ылғалдандырылып, жер бетімен суландыру және су басу аңыз арқылы суды жер бетімен жайып жіберу, жаңбырлатып және су басу - суландыру әдістері қолданылады.

Жер асты суы жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының аралығындағы су шөгінді және борпылдақ тау жыныстары бөлшектерінің арасынан, ұсақ кеуектерін, магмалық  және  метаморфтық жыныстардың жарықтарымен жіктерін,  гипс,  доломит, әктас жыныстарындағы карст қуыстарын толтырып тұрады.

Қазақстан бойынша: жер беті сулары -..., жер асты суының (артезиан және грунт суларының) жалпы қоры 7500 млрд. м3, ол жылма-жыл 35 – 40 млрд. м3 сіңбе сумен толығып отырады. Қазіргі кезде қалалар мен елді мекендерді сумен қамтамасыз ету, мал жайылымдарын суландыру, Жер суғару бағыттарында пайдаланып жүрген жер асты суының мөлшері 3,5 – 4 млрд. м3.

Табиғи ресурстар таусылмайды дейтін көрінер көзге аңғал ұғымның мәні қалмай барады. Күні кеше ғана таусылмайтындай көрінген, тегңн пайдаланылып келген табиғат байлығы тапшылыққа айналды. Мұны әлемдегі тұщы судың азайып бара жатқанынан байқауға болады. Су планетамыздағы табиғи ресурстардың ішінде айрықша орын алады. Белгілі болғандай, жердің беткі қабатының 30 пайызынан азын құрлық алып жатыр, ал қалған бөлігі әлемдік мұхитқатиесілі.

- Әлемдік мұхит, судың көлемі 97,2-97,5%
- Мұздықтар (Антарктиданы қосқанда) 1,75-2,15%
- Жерасты сулары 0,72%
- Тұщы көлдер 0,009%
- Ішкі теңіздер, ащы көлдер 0,008%
- Өзендер 0,0001%

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf st 2013
Konferencia -> М. Х. Дулати мұраларын ұЛЫҚтау міндетіміз бақторазов С. У. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Konferencia -> Борьба казахского ханства против шайбанидов за присырдарьинские города (по «тарих-и рашиди» М. Х. Дулати). Иманбекова Г. Таргу им. М. Х. Дулати, Тараз
Konferencia -> Азық-ТҮлік қауіпсіздігін камтамасыз ету рәсілханова Ж., Ерсеитова А.Ұ
Konferencia -> Зерттелетін өҢірдің климаттық ерекшеліктеріне байланысты қазақстанның ОҢТҮстік су ресурстары қорларына болжам жасау мейрбекова А. С., Омарова Ғ. Е.,Тұрсын Б
Konferencia -> Әож 347. 471. 33. 37 Қазақстан республикасының инновациялық экономикаға көшу және жетілдіру туралы сұРАҒына
Konferencia -> Автокөліктердің Қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін талдау сейилов Қ., Кокаев У. Ш., Алипбаев Ж. Р
Konferencia -> ОҚушылардың ізденімпаздығының АҚпараттық ЖҮйесін қолдау
konf st 2013 -> Әож 338. 436. 33: 346 Қазақстанның аграрлық саласының БӘсекеге қабілеттілігін арттыру


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет