Әрбір адам өзін келешекте өмір сүруге әзірлеп отырады. Алайда, ғылым мен техниканың дамуына байланысты көптеген қол жұмыстары ой еңбегімен алмастырылып, денелік қимыл-қозғалыстар азаяды



Дата14.09.2020
өлшемі13.5 Kb.
Қазіргі кезеңде әрбір азаматтың бойындағы дене қозғалыстарын, сапалық қасиеттері мен рухани күшін үйлестіріп, олардың еңбек, оқу қабілетін арттыруға, белсенді өмірін ұзартуға бағытталған дене тәрбиесіне зор көңіл бөлініп отыр. Дене тәрбиесі бала-бақшадан бастап, мектеп орта және жоғары оқу орындары мен өндірістік ұжымдарда өткізіліп, оған тиісті бағасы берілуде.
Әрбір адам өзін келешекте өмір сүруге әзірлеп отырады. Алайда, ғылым мен техниканың дамуына байланысты көптеген қол жұмыстары ой еңбегімен алмастырылып, денелік қимыл-қозғалыстар азаяды. Соның салдарынан адам ағзасы көптеген өзгерістерге ұшырап әртүрлі аурулар орын алуда. Сондықтан адамды мұндай күйден арылтудың бірден-бір жолы қимыл-қозғалыс, яғни дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға ынталандыру.
Біз ұсынғалы отырған оқу әдістемелік құралы осы тұрғыда біршама мәселелерді, игі істерді қолға алып отыр. Егеменді елімізде дене тәрбиесі барысындағы жұмыстарды қайта құруда. Әсіресе, дене тәрбиесі мен спорт саласында оқушыларға, студенттерге ана тілімізде сабақ беретін, бәсекеге қабілетті мамандарды қажет етуде. Әрине, мұндай мамандарды дайындау педагогикалық дене тәрбиесі институттары мен университет, колледждер үлесіне тиеді.
Оқу әдістемелік құралында арнаулы оқу орындарында өтетін дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі бағдарламалар туралы мақсат пен талаптары жөнінде әдістемелік нұсқаулар берілген. Атап айтқанда: І-ші тарауда арнаулы оқу орындарындағы ол жұмыстардың маңызы, мәні, көпшілік дене тәрбиесі және спорттық сауықтыру жұмыстары жөнінде айтылса, ІІ-тарауда дене жаттығуларының гигиеналық негіздері, спортшылардың жеке тазалығы, денені өз бетінше шынықтыру амалдары, дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы тамақтану тәртіптері, дене тәрбиесі мен спорт киімдеріне қойылатын тазалық талаптары туралы жан-жақты, тиянақты әдістемелер берілсе, ІІІ-ші тарауда дәрігерлік бақылаулар мен спорт көрсеткіштерінің қарама-қайшылықтары, сабақтар, оқу-жаттығу барысында студенттердің өзін-өзі бақылау жолдары, дене дамуын бақылау әдістері (салмағын, кеуде қуысының қоршауын, өкпенің өмірлік сыйымдылығын, бұлшықет күшін бақылау, қимыл тездігін, иілгіштігін бақылау, спортшы ағзасының кейбір жағдайлары жөніндегі сабақ барысында спорт жарақаттары және оны болдырмаудың алдын-алу әдістері, емдік дене тәрбиесі туралы материалдар толығымен қамтылған.
Оқу әдістемелік құралында ұсынылып отырған нұсқаулар болашақ спортшылар үшін арнайы дайындық жүргізуге, салауатты өмір сүруге ынталандыруға, оларды жылдамдыққа, шыдамдылыққа және әдіс-тәсілдерді жете меңгеруге өте қажет деп ойлаймыз.
Ал оларға бұл мәселені жеткізу және тиімді үйрету үшін арнайы мамандардың тәжірибелі болғаны жөн.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет