Этнология” пәні бойынша “050114” – “Тарих” мамандығының 2- курс студенттерінің білімін бақылауға арналған тапсырмалар мәтіні



бет1/5
Дата17.04.2016
өлшемі0.85 Mb.
  1   2   3   4   5
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Сырдария” университеті


Гуманитарлық білім” факультеті


Отан және шетел тарихы” кафедрасы

Этнология” пәні бойынша “050114” – “Тарих” мамандығының



2- курс студенттерінің білімін бақылауға арналған

тапсырмалар мәтіні
Лектор: Мырзакасымова М.М.

Жетісай – 2008 ж.


Алғы сөз

050114 – “Тарих” мамандығының 2- курс студенттеріне 4 –семестрде “ Этнология” пәніне типтік оқу жоспарына сәйкес 2 – кредит (90 – сағат) берілген. Оның 30 –сағаты лекция,30 –сағаты ОБСӨЖ, 30- сағаты СӨЖ- ге бөлінген.


Кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің өзіндік жұмысын (СӨЖ) ұйымдастыру маңызды орын алады. Оқытушылардың СӨЖ ұйымдастырудағы негізгі функциялары:

  • студенттерге бағыт, бағдар беру;

  • студенттерге конституциялық көмек, кеңес беру;

  • студенттердің білімін бақылау, бағалау.

Студенттердің өзіндік жұмыстағы негізгі міндеттері:



  • сабақ барысында беріллген ақпатарттарды белсенді қабылдау;

  • оқытушының кеңесін негізге алып, өз бетінше дайындалу, өздеріне қатаң талап қоя білу;

  • күрделі, проблемалық ситуацияларды, күрделі мәселелерді меңгеруде оқытушыдан дер кезінде түсініктеме, кеңес, көмек алу.

Студенттердің өзіндік жұмыстарын өткізуде келесі мәселелерге көңіл бөлінуі тиіс.



  • СӨЖ нақты жоспарлау,

  • әдістемелік қамтамасыз ету;

  • СӨЖ тапсырмаларының күнтізбек –тақырыптық жоспарға сәйкес орындалуын студенттен талап ету.

Оқытушының басшылығымен өтетін студенттің өзіндік (ОБСӨЖ) жұмысының көлемі типтік оқу жоспарына, пәннің жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес анықталып уақыты, аудиториясы көрсетіліп оқу кестесіне енгізілген.

СӨЖ бақылау түрлерін, тәсілдерін таңдауда оқу пәнінің мақсаты мен міндетін, бөлінген сағат көлемін, студенттің дайындық сатысы ескерілген.
Студенттің өзіндік жұмысы



Есептер

Жаттығулар Үй тапсырмалары Аудиториялық Есептер

Реферат жұмыстар Жаттығулар

Сөзжұмбақ Пікірталас

Шығармалар Коллоквиумдар

Студент Студент + Ойындар

оқытушы Дөңгелек стол





Оқытушы: бақылау, бағалау








Кіріспе бақылау Ағымдағы Аралық бақылау Қорытынды

(күнделікті бақылау) (рейтнг) бақылау

7,14 –апта (емтихан)


Студенттің білімін объективті бағалауды, бақылауды ұйымдастыру –студенттің өзіне деген сенімділігін, жауапкершілігін, пәнді меңгерудегі белсенділігін арттырады.


Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстарының дайындық деңгейін, білімін бақылауға

“ Этнология” пәні бойынша тестілік тапсырмалар, коллоквиум және глоссарий сұрақтары дайындалған.

Күнтізбелік – тақырыптық жоспар
Бірінші аралық бақылау





Тақырыптар


Апталар реті

Ұпайлар

Бақылау түрі

1

Этнологиялық деректер.






Консульт

2

Антропологиялық классификация

1-апта

5 балл


Реферат

3

Австралия мен мұхиттық аралдар халықтары







Консульт

4

Австралия мен мұхиттық аралдар халықтары

2-апта

5 балл

Бақылау сұрақтары

5

Папуа және Жаңа Гвинея халықтары







Консульт

6


Полинезия және Жаңа Зеландия халықтары.

3-апта


5 балл

Реферат

7


Микронезия халықтары







Тест

8

Азия халықтары

4-апта

5 балл

Реферат

9

Оңтүстік Азия халықтары







Консульт

10

Шығыс Азия халықтары

5-апта

5 балл

Бақылау сұрақтары

11

Африка халықтары







Консульт

12

Солтүстік шығыс Африка халықтары

6-апта

5 балл

Тест

13

Оңтүстік Африка, Батыс Африка халықтары







Реферат

14

Орталық Африка халықтары

7-апта




Консульт

15

Америка халықтары







Бақылау сұрақтары




1-Аралық бақылау 30 балл

Екінші аралық бақылау




Тақырыптар


Апталар реті

Ұпайлар

Бақылау түрі

16

Солтүстік Америка халықтары

8 апта


3 балл

Бақылау сұрақтары

17

Оңтүстік Америка халықтары







Ауызша сауалнама

18

Европа халықтары

9-апта


5 балл

Тест

19

Шығыс славян халықтары







Консульт

20

Шығыс Европаның славян емес халықтары

10-апта


4 балл

Ауызша сауалнама

21


Солтүстік шығыс Европа халықтары







Бақылау сұрақтары

22


Сібір халықтары

11-апта

5 балл

Реферат

23

Кавказ халықтары







Бақылау сұрақтары

24

Орта Азия халықтары

12-апта

4 балл

Консульт

25

Қазақстанның этнографиясы







Консульт

26

Қазақстанның этнографиясы

13-апта

5 балл

Реферат

27

Қазақстанның қазіргі халықтары.







Консульт

28

Қазақстанның қазіргі халықтары.

14-апта

4 балл

Бақылау сұрақтары

29

Жаңа ғұрыптар мен ритуалистика







Консульт

30

Жаңа ғұрыптар мен ритуалистика

15-апта




Реферат




2-Аралық бақылау 30 балл




Барлығы 60 балл

1Сабақтың тақырыбы: Этнологиялық деректер.



Сабақтың жоспары:

  1. Зерттеу жұмыстарының әдістері.

  2. Тарихи әдіс

  3. Статистикалық әдістер

4. Зерттеу жұмыстарының классикалық әдіс
Теориялық мәліметтер

Этнография “тайпа, халық жазамын” қоғамдық ғылымның иайпалар ме

халықтарды зерттейтін бір саласы Этнография қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностың құрамын, қылысын, олардың өзіндік ерекшеліктері мен бәріне бірдей ортақ жайларды тарихи және мәдени қарым-қатынастарын күнделікті тұрмысын, кәсібін, қоғамдық және семьялық қарам-қатынастарын, рухани мәдениетін жан-жақты ғылыми негізде зерттейді.

Этнография зерттеудің ең негізгі қайнар бұлағы халықтардың қазіргі өмірін тәкелей бақылаудың нәтижесінде жиналатын сан алуан деректер. Этнография зерттеу жүргізудің 2 түрі бар.



  1. Ел ішінде тұрақты немесе ұзақ уақыт бірге тру арқылы зерттеу.

  2. Қысқа мерзімге экспедициялар ұйымдастыру арқылы зерттеу.

Ел арасынан этнографиялық деректер жинаудың әдістері әр түрлі: бірде зерттелетін халық тобымен етене араласып күнделікті іс-әрекеті той думаны, әртүрлі әдет-ғұрыптарын бірге өткізіп жүріп жинаса, 2-шіден халық өмірін жақсы білетін қария адамдармен әңгімелесу арқылы жинайды.

Халықтардың шығу тегін зерттеуде этнография үнемі археологиялық деретеріне сүйенсе, археология өзінінің зерттеу жұмыстарында археологиялық ескерткішітердің қандай анықтау барысыда әр дайын этнография деректерді кеңінен пайдаланады. Мәдениет және өнер тарихын, халықтың көркем өнерімен ауыз әдебиетін зерттеу және халықтың дәстүрлі шаруашылығы мен кәсібін зерттеу этнографияны толықтыра түседі.

Кейбір шетелдерде этнографиялық проблеманы зерттеп танумен айналысатын ғылымды білдіру үшін этнология деген тармин қолданылады. Мұның өзінде этнология кейде теориялық пән ретінде қарастырылады да таза сипаттама ғана беретін ғылымның ролін мтқаруға тиісті этнографияға қарсы қойылады. Советтік ғылымда этнология атауы қолданылмайды. Этнография дүние жүзі халықтарын зерттеуде, олардың сан алуан өмір салалары туралы жазу баяндаумен ғана шектелмей сол деректердің негізінде теориялық баяндамалар, қорытындылар жасайтын тарихи ғылымдарының бір саласы деп есептейді.
3. Адамзат қоғамының дамуы адамдардың оларды қоршаған дүние туралы білімдерінің кеңеюімен көршілес және шалғайдағы халықтар жөніндегі мәліметтерді жинақтаумен қоса жүріп отырады.

Этнография ғылымының жаңадан өрлеу дәуірі географиялық ұлы ашулар мен капиталистік қатынастардың алғашқы дәуірінен XVғ. басталды. Европа теңізшілерінің саяхаттары Америка Африка, Оңтүстік Шығыс Азия, Мұхит аралдары мен Австралия халықтары жайында жинаған көптеген жаңа деректер Этнография қорын молайта тсті. ХІХ ғасырдың ортасында этнография өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. ХІХ ғ-дың 60-70 ж-ры Европа мен америка этнография ғылымында эволюционизм ағымы Э.Тайлор, Дж. Леббок, Дж Мак-Леннан, А. Бастиан, Г.Спенсер, Ю, Липпрт, И.Я. Бахофен, Л.Г. Моргон үстемдік етті. Бұл ағым өз заманында буржуазиялық ғылымдағы буржуазиялық интелигенттерінің сол ездегі мүдде мақсатына сай болды. Олар эволюцияның негізгі қозғаушы күші адам психологиясының жетілуі деп білді. Эволюцияонистер ішінде бәрінен де ғылыми теория тұрғысында жоғары көрсетілгені Америка ғалымы Л.Г. Моргрнның еңбегі. Ол адамзат тарихының жалпы даму кезеңдерін тіршілікке қажетті өнім өндіру әдістерін негізге ала отырып анықтауға тырысты. Мұның өзі материалистік көзқарас болды. К.Маркс пен Ф.Энгельс Л.Г. Моргонның “Ежелгі қоғам” атты басты еңбегін жоғары бағалады. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында эволюционизм ағымы дағдарысқа ұшырап бірнеше жаңа мектептер мен ағымдар шықты. Олардың көпшілігі реакцияшыл бағытта болды. М-лы Германияда Австралия мен Англияда диффузианистік ағым (Ф.Ратцель, Ф. Гребнер, Ю.А. Шмидт) пайда болды. Оның негізгі идеясы мәдениет тарихы оның географиялық қоныс аударуының ( диффузия - миграция) тарихы деп қарады.

Франциядағы Э. Дюркгеймнің “социологиялық” мектебіне біріккен ғалымдар бір сыпыра географиялық еңбектер жазып этнография ғылымына айтарлықтай үлес қосты. Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін Англияда Б.Маменовский бастаған Дюркгейм мектебіне идеялық жағындағы бар функцияоналды ағым пайда болды. Бұл ағым этнологиялық міндеті тек қазіргі мәдениетті зерттеумен бірге халықтарды дұрыс басқарудың жолын қарастырумен шектелу керек деді. Сондықтан да бұл ағым отарлау саясатының теориялық негізіне айналды.
Бақылау сұрақтары:


  1. Этнография нені зерттейді?

  2. Этнография тарихы нені зерттейді.?

  3. Этнография қандай тілден шыққан?

  4. Этнографиялық материалдарды қандай жолмен жиналады?

  5. Этнология қандай ғылымға сүйенді?

  6. Этнография пәнін не үшін оқимыз?

  7. Үлес қосқан ғалымдар?

  8. Қазіргі кездегі этнография туралы әдебиеттер?


Студенттердің үй тапсырмасы:

Этнологиядағы бағыттар мен мектептер

1. Қазақстанда этнология ғылымының қалыптасуымен дамуы.

2. Ресейде этнология ғылымының дамуы.


Әдебиеттер тізімі:

  1. Арюоюнов С.А. Народы и культуры развитие и взаимодействие. М., 1989.

  2. Бромлей Ю.В Этиос иэтиграфия. Москва 1973.

  3. Бурк С.И. Население мира. Москва 1981.

  4. Громов Г.Г. Методика полевых этнографических иследований. Москва 1967.

5. Итс Р.Ф. Введения в типография. Алматы 1991

2Сабақтың тақырыбы: Антропологиялық классификация


Реферат тақырыптары:


  1. Нәсілдер және оның шығуы.

  2. Тілдік негіз дегеніміз не?

  3. Тарихтағы тілдің орны.

  4. Шаруашылық типтер қашан қалыптаса бастады.

  5. Монголойдтық

  6. Европойдтық

  7. Негроидтық

  8. Алғашқы шаруашылық мәдени түрі.

  9. Екінші шаруашылық мәдени түрі

10. Үшінші шаруашылық мәдени түрі.

.

3 Сабақтың тақырыбы: Австралия мен мұхиттық аралдар халықтар.



Сабақтың жоспары:

  1. Мұхиттық аралдар халықтарының этногенезо проблемалалары

  2. Австралия мен Мұхиттық аралдарға Евроопалықтардың енуі және оның зардаптары.

3. Қазіргі этникалық және этно- мәдени процестері.
Теориялық мәліметтер

Оны мұхиттар мен теңіздер қоршап жатыр. Бұл жерге жақын Австралия Оңтүстік шығыс Азия мен байланысып жатады. Австралия жер көлемі 7,7 млн км 2. жер бедері бір келкі. Таулар жоқтың қасы.

Тасмания аралы да Австралияның Оңтүстік –шығысында жақын орналасқан. Жер көлемі 58 мың км2. Ертеде Австралия мен Тасмания бір болған. Алғаш рет тасманияны арал екендігін ашқан 1798 жылы Фмендереом және Бассом болды. Австралия климаты тропиктік, субтропиктік, қоңыржай болып келеді. Австралия өзен көлге көп бай емес онда, мынандай өзенедер- Муррей, дарлинг, Виктория, Орд, Балонн, Барку т.б. үлкенді-кішілі 763- ке жетеді. Австралияда әр түрлі өсімдіктер өседі.

Австралия мен Тасмания тұрғындары еуропа отаршыларының келулерінен бұрын-ақ осы жерлерді мекендеген. XVIII ғасырдың ақырында олардың жалпы саны 250-300 мыңдай болған. Аборигендердің алғашқы Австралияға және тасманияға келген уақыт әле де анықталмаған мәселелердің бірі. Бірақ Австралия және Океания алғашқы маймылдың адамға айналған болмаған. Себебі алғашқы адамдарға жақын жануарлар ит, шошқа, кеміргіш тышқан сияқты сүт қоректілердің бұл жерлерге адамдармен бірге келгендігі анықталған. Оған қосымша алғашқы адамдардың Австралия мен Океанияда мекендегенін дәлелдейтін деректер де әлі де кездескені жоқ .

Австралялықтардың ата-бабалары бұл құрлыққа қайдан және қашан келген? Бұл мәселеге Австралия мен Океанияны зерттейтін әр елдің ғалымдары ол жөнінде көптеген пікірлерін қалдырған. Солардың бірі ол 1819-1821 жылы антарктикалық экспедициясына қатысқан орыстың ғалымы М.М. Симонов. Бұл кісі австралиялықтардың ата-бабалары индиялықтардың төменгі кастасынан шыққан болуы керек деп болжау айтады.Бұрынғы кеңес этнографтары да бұл пікірге түгео қосылмаса да , австралиялықтардың Оңтүстік Азия мен ерте заманнан бері байланыстардың болғанын бекерге шығармайды.

1847 жыл ертедегі Океанияның аборигендерінің қалдықтары болуы керек деген пікірді білдірген. Әсіресе ХІХ ғасырдың аяғынан бастап Австралия мен океания халықтарының этникалық тарихы жөнінде жұмыс кең көлемде жүргізілген. Белгілі кеңес антропологы Я.Я. Рогинский австралиялықтарды өз алдына нәсіл деп қараса, ІІ-ші кеңес антропологы Н.Н.Чебоксаров оларды негр- австралиялық нәсілге жатқызады. Австралиялық нәсілдің негізгі белгілері: түсі қара қоңыр, шаштары бұйра, беттерімен денелеріне түк көп өспейді, мұрындағы жалпақ, жақ сүйектері қусырыңқы, бойлары ортадан жоғары.

Тасмандықтардың пайда болуы өте нашар зерттелген. Олар жер жағынан Австралияға жақын жатқанымен, этникалық құрамы бойынша олардың көп өзгешелігі бар. Антропологиялық жағынан тасмандықтар меланезиялықтарға ұқсас. Еуропалықтар келгенге дейін өздерінің даму дәрежесі бойынша менанезиялықтар мен австралиялықтар бойынша артта қалып қойған. Тасмандықтардың заттай мәдениетіне қарағанда ата бабаларры меланезияның келгенге ұқсайды.

Австралиялықтардың шаруашылығы күн өріп, тіршіліәк етуге биімделген.

Олар аң аулап, құрт құрмысқа, өсімдіктердің дәндерін жинапжәне теңіз жағалауларын көлдерден балық тұстаған. Аңшылық аборигенттердің өміріндегі баст кәсіп болып есептелген. Бұл кәсіп қана емес ұлттық өмір еретінде құмартқан.. Балдарын жастацынан аңшылыққа биімдеп, тәрбиелеген. Негізгі

құралдары- найза, бумеранг, т.б. Осы құралдар мен тек жабайы аңдарды ғана емес, құстарды да аулаған. Бұлар кенгру және эму-түйеқұсын аулаған.Австралиялықтар жоғарыдығы көрсетілген ірі аңдармен қоса інді мекендеуші бауырмен жорғалаушыларды да аулаған. Құсты аулау үшін ең басты құрал ретінде бұларда пайдаоанылған. Балықшы Австралия үшін үлкен пайда болды. Балықты, шалышқы, тұрғындары біздің түсінігіміздегәдей егіншілікті білмесе де әр түрлі өсімдіктерді жинап олардан күнделікті тамақтар дайындаған. Бұл жерлерде аңшылық пен балықшылық кәсібі өрендесе де, жинақтаушы кәсбі де дамымаған.

Олардың негізгі киімдері түрлі белдіктерден безендіру зеттердан құралған. Бұл киімдер ағаштың қабығынан, жапырағынан және кейбір бауырымен жорғалаушы жәндіктердің терілерімен істелген. Ұлы қабығы сияқты заттардан істелген моншақтар таққан.

Австралиялықтар өздерінің рухани мәдениетін де ерте заманнан бері дамыған белгілі. Аборигендер сенімі тотелизм, олар здерінің ата бабаларының рухани қоршаған табиғи заттарға, соның ішінде жан жануарларға, әртүрлі өсімдіктерге сиынған. Олар кенгруда өздерінің төтелі ретінде мүсінген. Потомизиямен бірге монияға сенген. Австралиялықтар ауыз әдебиеттін көркем өнер мәдениетін жақсы дамыта білгген. Олардың арсында ертектер, әртүрлі аңыздар халық өлеңдері мен музика кең орын алды, өте жақсы биледі. Дәстүрлік мерекелерде әнсіз, бисіз өтпеді. Аборигендердің хошықтық елдері болған. 1788 жыл Еурапалықтар басып кірі. 1901 жыл Ұлыбритания отары болды. Қазір капиталистік жолмен дамыды. Басты экономика ауыл шаруашылығы және тау кендері өнімдерінен тұрады. Қазіргі тілі ағылшын тілі.


Әдебиеттер тізімі:

Каталог: CDO -> OBSOJ -> Tar
Tar -> Сабақ №1Сабақтың тақырыбы: ХХ ғ басында қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі. Алаш қозғалысының басталуы
Tar -> М. Х. Асылбеков “ ” 2009 ж
Tar -> Сабақ барысында беріллген ақпатарттарды белсенді қабылдау
Tar -> Цин династиясының билігіндегі Қытай
Tar -> Ф-об-007/020 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Tar -> Лекция: 15 сағ Практикалық(Семинар)сабақтары сағ СӨЖ: 15 сағ обсөЖ: 15 сағ Тест саны: 200 Кредит саны 1
Tar -> Реферат Ауызша талдау
Tar -> Факультет: "Тарих және құқықтану" Кафедра: "Отан және шетел тарихы"
Tar -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Tar -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет