Әулиекөл ауданыдық мәслихатының



бет1/8
Дата28.04.2016
өлшемі1.65 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

Әулиекөл ауданыдық мәслихатының


2011 жылғы «4» ақпандағы сессиясының №217 шешімімен бекітілген


Әулиекөл ауданыдық мәслихатының


2012 жылғы «12» желтоқсандағы сессиясының №57 шешімімен бекітілген
ӘУЛИЕКӨЛ АУДАНЫ

АУМАҒЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ 2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ


ӘУЛИЕКӨЛ, 2012 жыл

МАЗМҰНЫ
1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ....................................................................3
2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ................................................................7
2.1 Ауданның жағдайының оң және теріс жақтарын бағалау,сонымен бірге олардың облыстың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы...........................................................................................................7
2.2 Ауданның аумағының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау..9
2.2.1 Өңірдің экономикасын талдау............................................................10
2.2.2 Ауданның әлеуметтік саласын талдау ....................................... .....24
2.2.3 Ауданның инфрақұрылымының дамуын талдау..... ....................46
2.2.4 Ауылдық аумақтардың дамуын талдау, экология ........................................................................................... ................ ..........51
2.2.5 Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау.............................................................................................................53
2.3 Ауданның орта мерзімдік болашақта тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мәселелері, тәуекелдері, тежейтін факторлары, бәсекелестік басымдылықтарының және мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы..................................................................................................55
2.4 Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау ..................................... ............... ....... 57
3. АУДАННЫҢ ДАМУЫН ЕЛЕСТЕТУ......................................................... ....... 58

4. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕРДІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ..мен оларға қол жеткізу жолдары.......................................................................................................60
5. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР................................................................................... 86

6. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ.................................................................................86


  1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ

Атауы

Қостанай облысы Әулиекөл ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 «Қазақстан Республикасы дамуының 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспары» Жарлығы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 «Қазақстан Республикасын жедел инновациялық дамыту бойынша 2010-14 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы. Облыстық мәслихаттың № 368 шешімімен бекітілген Қостанай облысының аумағын 2011-2015 жылдарға арналған дамыту бағдарламасы

Өңірдің негізгі сипаттамасы

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қостанай облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, 1921 жылы құрылған. Солтүстігінде Қостанай және Алтынсарин аудандарын, солтүстік-шығысында Алтынсарин және Қарасу, оңтүстігінде Наурызым ауданымен, батысында Қамысты және Таран аудандарымен шектеседі.

Ауданның орталығы - Әулиекөл селосы, 1879 жылы негізі құрылған. Ауданның құрамына 42 елді мекен енеді, оның ішінде: 1 поселке, 4 село және 10 селолық округ. Ауданның аумағында 49 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауданның халқы 47,6 мың адамды құрайды, оның ішінде: 50%-қазақ, 26,6%-орыс, 4%-неміс, 19,4%-басқа ұлттар. Халықтың тығыздығы – 1 шаршы километрге 4,3 адам. Аса тығыз орналасқандар Әулиекөл селосы, Аманқарағай және Құсмұрын поселкесі.



Бағыттар

  • экономика

  • Әлеуметтік сала

  • Инфрақұрылым

  • Ауылдық аумақтарын дамыту, экология

  • Мемлекеттік қызмет көрсету

Бағдарламаның мақсаттары

  • Өнеркәсіптік әлеуетінің дамуы

  • АӨК өнім өндіруінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету

  • Шағын және орта бизнесті дамыту есебінен ауданның экономикалық әлеуетін арттыру;

  • Сауданың есебінен ауданның экономикалық әлеуетін арттыру;

  • Инвестиция тарту есебінен ауданның экономикалық әлеуетін арттыру;

  • Инновациялық даму, технологиялық жаңғырту мен жаңа өндірістер құру есебінен ауданның экономикалық әлеуетін арттыру;

  • Отандық өндірушіні қолдау;

  • Білім берудің сапасын, қол жеткізуді жақсарту;

  • Мектепке дейінгі көрсетілетін қызмет көрсету сапасын жақсарту;

  • Аудан тұрғындарына сапалы медициналық қызметтерін ұсыну

  • Тұрғындардың денсаулығын нығайту;

  • Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру;

  • Тұрмысы төмен тұрғындарды әлеуметтік қолдау мен тұрмыс жағдайын жақсарту;

  • Отандық мәдениетті сақтау, тарату және насихаттау;

  • Мемлекеттік тілді дамыту;

  • Көпшіліктің дене тәрбиесімен және спортпен шұғылдануы үшін жағдай жасау;

  • Ұлттар арасындағы бірлікті қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді нығайту.Еліміздің даму стратегиясын іске асыруда азаматтық қоғам институттарын кеңейту. Мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін жетілдіру.

  • Құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзудың алдын алу жүйесін дамыту.

  • Табиғи және техногендік төтенше жағдайларды ескерту мен жою.

  • Инфокоммуникация саласын дамытуға дағдай жасау.

  • Құрылыс саласын дамыту.

  • тұрғын үй құрылысын дамыту;

  • Экономикалық кеңістіктің байланысын жақсарту.

  • Энергетиканың және су шаруашылығын инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету;

  • Ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсарту.

  • өңірдің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру бойынша жағдай жасау.

  • Мемлекеттік органдардың жұмысының тиімділігін жетілдіру;



міндеттері



-Өнеркәсіп өндірісінің көлемін ұлғайту;

-Өнеркәсіп өнімінің нақты өсуі;

-Өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемін жетілдіру;

-Мал шаруашылығы өнімінің көлемін жетілдіру;

-Бизнестің экономикалық белсенділігінің өсуі;

-Бөлшек тауар айналымының өсуі;

-Инвестициялық саланың дамуы;

-Инновациялық өнім өндірудің өсуі;

-Тауарларды сатып алу кезінде импорттық ұқсастықты отандыққа ауыстыру;

-Жұмыс және қызмет көрсетуді сатып алу кезінде импорттық ұқсастықты отандыққа ауыстыру;

-Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру;

-Сапалы білім беру;

-Аз қамтылған отбасы балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету;

-Мектепке дейінгі білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету;

-Медицина ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету

-Медицина қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру;

-Ауруды уақытында анықтау;

-Әйелдердің денсаулығын нығайту;

-Жаңа туған балалардың денсаулығын нығайту;

-Балалардың денсаулығын нығайту;

-Қан айналу жүйесінің ауруларын уақытында нақтамалау және сауықтыру шараларын жүргізу;

-Қатерлі ісік ауруларын уақытында нақтамалау және сауықтыру шараларын жүргізу;

-Туберкулез ауруларын уақытында нақтамалау және сауықтыру шараларын жүргізу;

-ВИЧ жұқтырғандарды ретровирусқа қарсы дәрі –дәрмекпен қамтамасыз ету;

-Тұрғындарды тиімді жұмыспен қамтуға қол жеткізу;

-Тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету бойынша шаралар;

-Тұрмысы төмен тұрғындардың тұрмысының сапасын жақсарту;

-Мәдениет саласының өнiмiне қажеттіліктің өсуiн ынталандыру;

-Мемлекеттік тілдің әлеуметтiк-коммуникативтік және шоғырландырушы функцияларын кеңейту

-Балалар мен жастардың дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысуы үшiн қолайлы жағдайларды ұйымдастыру

-Мемлекеттік жастар саясатымен айналысуы үшiн қолайлы жағдайларды ұйымдастыру

-Конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту

-Этникааралық келісімді сақтау мен нығайту

-Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету

-Қылмыспен күресу мен қылмыскерлерді іздестірудің тиімділігін жетілдіру, нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес

-Техногендік апаттар,опат пен дүлей апат бойынша тәуекелдің азаюына жағдайлар жасау

-Компьютерлік білім деңгейін жетілдіру

-Телефон байланысын дамыту

-құрылыс саласын дамыту

-Тұрғын үйге қол жеткізуді қамтамасыз ету

-Жол инфрақұрылымын дамыту

-Қолайлы өмір сүруді қамтамасыз ету

-Ауыл тұрғындарының электрмен жабдықтауға қол жеткізуін қамтамасыз ету

-Ауыл тұрғындарын сумен жабдықтауға қол жеткізуін қамтамасыз ету

-Білім беру мамандарын ауылдық жерге тарту

-Денсаулық сақтау мамандарын ауылдық жерге тарту



- Орман ресурстарын сақтауды, өсіруді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету

-Мемлекеттік органдардың жұмысының нәтижелілігін жетілдіру



Мақсатты индикаторлар

        • Өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінің индексі

        • Шығарылған өнімнің (қызмет көрсету)

жалпы көлемнің индексі

Шағын және орта кәсіпкерлік субьектісінің шығарылған өнімінің көлемі



        • Бөлшек сауданың жалпы көлемінің индексі

        • Негізгі капиталға инвестиция жалпы көлемінің индексі

        • Инновациялық –белсенді кәсіпорындардың индексі

        • Жұмыс және қызмет көрсету,тауарлардың сатып алудың жалпы көлемінде жергілікті мазмұнды үлесін ұлғайту

        • Тұрғындардың білімге қол жеткізуі және білім сапасына қанағаттану деңгейі

        • Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамту

        • Тұрғындардың медициналық қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейі

        • Тұрғындардың 1000 мың адамға шаққанда қайтыс болуының азаюы

        • Жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу шараларымен қамту пайызы

        • Мәдениет саласында қызмет көрсету сапасына тұрғындардың қанағаттану деңгейі

        • Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесі

        • Дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы тұрғындар үлесі

        • Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің қатынасын оң бағалайтын тұрғындар үлесінің артуы

        • Тұрғындардың ішкі істер органына сенімінің болжамды деңгейі

        • Төтенше жағдайлардан адам шығынын төмендету

        • Тұрғындардың коммуникация және байланыс саласы қызметінің сапасына қанағаттану деңгейі

        • Құрылыс жұмыстарының жалпы көлем индексі

        • Тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға беру

        • жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі

        • Тұтынушылардың коммуналдық қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейі

        • Даму басымдылығы жоғары ауылдық елді мекендердің санын көбейту

        • Мемлекеттік орман қорының алып жатқан орман алаңы

        • Тұтынушылардың әлеуметтік-маңызды қызмет көрсету сапасына қанағаттанудеңгейі

Қаржыландыру көздері және көлемі

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет,инвесторлардың өз қаражаты,заемдық қаражаттар

Қаржыландыру көлемі:

2012 жылы- 1866070

2013 жылы- 3437425

2014 жылы- 2388145

2015 жылы- 2574598

Барлығы: 10881329 мың теңге




2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1 Ауданның жағдайының оң және теріс жақтарын бағалау, сонымен қатар олардың облыстың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайына ықпалы
Географиялық орналасуы
Әулиекөл ауданы Қостанай облысының оңтүстік-шығысында орналасқан, 1921 жылы құрылған. Аудан облыстың алты ауданымен шектеседі (Алтынсарин, Қарасу, Қостанай, Наурызым, Қамысты, Таран). Ауданның орталығы - Әулиекөл селосы, 1897 жылы негізі қаланған.

Жер бедері. Ауданның аумағы жазық болып келеді, тек қиыр шығысында солтүстіктен оңтүстікке қарай жалпақ Торғай қолаты созылып жатыр, оның жоғары беті біркелкі, шамалы иректеліп келеді. Тек қана Қазанбасы, Аманқарағай, орман орналасқан қоныстарды қолатты деп айтуға болады.

Ауа райы күрт континентальды және өте құрғақ. Қысы ұзақ, аязды, күшті жел және боранды, жазы ыстық, құрғақ. Жылдық жауын-шашын мөлшері 240-280 мм. Вегетациялық кезеңі 150-175 тәулік.

Су қорлары. Өзен желісі сирек. Ауданның аумағында – Обаған, Ащы, Шилі өзендері ағып өтеді. Ауданда көлемі шағын көптеген көлдер бар. Ең үлкендері Торғай қолатында орналасқан – Құсмұрын, Қойбағар, Ноғайкөл, Ревуль, Шилі және басқалары.

Топырақ. Ауданның топырағы - қара топырақты, құмдақ және тұзды қоғыр топырақты. Тың жерді игеруге байланысты барлық алаңы жыртылған. Ауданның жалпы жер көлемі 1110,8 мың га. Ауыл шаруашылығына арналған жер көлемі 968,3 мың га немесе ауданның жалпы жер көлемінің 87,2%.

Өсімдік. Ауданда көп түрлі шөптер өсетін қызыл изенді қара топырақ басым, қайың-көктерек және қарағай (Аманқарағай) шоқ ормандары. Өсімдіктің шалғындық түрі бар: изеншөп, бидайық, атқонақ, шалғын, қылтанақсыз арпабас. Шалғындық сор топырақты жерде арпа-қияқты-жусанды өсімдік пен соршөп өседі. Орманда қарағай, аққайың және көктерек. Орманның жалпы көлемі 71,1 мың га.
Әкімшілік –аумақтық құрылымы

Ауданның құрамына 42 елді мекен енеді, оның ішінде: 1 поселке, 4 село, 10 селолық округ.

Ауданның аумағында 49 ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. 2010 жылғы 1 қаңтардағы жаңдай бойынша ауданның халқы 47554 адам, оның : 50%-қазақ, 26,6% - орыс, 4%-неміс, 19,4%-басқа ұлттар. Халқының тығыздығы – 1 шаршы километрге 4,3 адам. Аса тығыз орналасқан Әулиекөл, Аманқарағай селосы және Құсмұрын поселкесі, аз орналасқан Шағала селосы, Торғай бұғазы, Қарағансай, Бұлақсор, Жилгородок.


Әулиекөл ауданының облыстың дамуында алатын орны
Инвестициялық қызмет

Инвестиция көлемінің 2007-2010 жылғы кезеңде өсу қарқыны жыл сайын басым болды.

2009 жылы ауданның негізгі капиталы 2965 млн. теңге инвестицияланды, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 3,6 есе көп.

Қарастырылып отырған кезең ішінде негізгі капиталға негізгі инвестиция көзі кәсіпорынның, ұйымның және тұрғындардың өз қаражаты болып табылады.

Жалпы инвестиция көлемінде осы көздердің үлес салмағы 76% құрады. 2009 жылы бюджет қаражаты есебінен инвестиция үлесі 23,5%. 2009 жылы негізгі капиталға инвестицияның басым бөлігі ауыл шаруашылығына – 1973 млн. теңге (негізгі капиталға инвестиция көлемінің 66,5%) және өнеркәсіпке – 684 млн. теңге (23%), көлік және жинауға инвестиция – 125 млн. теңге (4,2%) бағытталды, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 44 млн. теңге (1,5%), көтерме және жеке сауда, автомобиль мен мотоциклдер жөндеу – 28 млн. теңге (0,9%) және басқалары.

2015 жылға дейінгі кезенде елімізді индустрияландыру саясатының негізгі басымдығы экономиканың түрлі салаларында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру болады. Ауданның аграрлық секторы саласында 2010 жылы «Тимофеевка - Агро» ЖШС базасында «Дамыған инфрақұрылымымен 2000 бас Әулиекөлдік тұқымын бордақылау алаңының құрылысы» жалпы құны 890 млн. теңге, оның ішінде кәсіпорынның жеке қаражаты – 150 млн. теңге, инвестициялық жобасын іске асыру басталды. 2010 жылғы 122 млн. теңге игерілді.

Ауданның тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық саласында 2011 жыл ішінде республикалық және облыстық бюджеттен қаржыланатын инвестициялық жоба жоспарланған, бұл «Әулиекөл ауданының Құсмұрын поселкесінде «Южный» қазандықтың құрылысы» жалпы құны 1435,7 млн. теңге. Оның ішінде 2011 жылы 88 млн. теңге, 2012 жылы-107,9 млн. теңге, 2013 жылы-855,7 млн. теңге көзделген. 2011-2013 жылдары «Южная» қазандығынан жылу желілері облыстық бюджеттен қаржыландыру есебінен 579,6 млн. теңге көзделген , оның ішінде 2011 жылы ЖСҚ-қа әзірлеуге 25 млн.теңге сомасында көзделген.
Ішкі экономикалық қызмет

Ауданның негізгі тауар өнімі – бидай, көмір. 2007 – 2010 жылдары бидайды экспорттау және импорттау болған жоқ. Негізгі тауарларды шығару және әкелу Қазақстан Республикасы шегінде, Қостанай, Астана қалаларының делдалдық фирмалары арқылы жасалды.




Еңбек өнімділігі және еңбек ақы

Аудан бойынша 2009 жылы орташа айлық еңбек ақы 41538 теңгені құрады. Жоғары айлық еңбек ақы деңгейі келесі секторларда: денсаулық сақтау – 45356 теңге, өнеркәсіп – 45696 теңге, көлік және байланыс – 61409 теңге. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбек ақы деңгейі төмен – 34525, қызмет көрсету және тамақтандыру қызметкерлерінде – 25120 теңге. Ең төменгі және жоғарының арасындағы айырмашылығы 2,4 есе. 2010 жылы орташа айлық еңбек ақы 45686 теңгені құрады немесе 10%-ға өсті.

Әлеуметтік маңызды мәселенің бірі бюджет саласындағы еңбек ақы деңгейінің төмендігі болып қала береді.
Білім беру

Ауданның білім беру жүйесінде мектептерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейі өсуде, компьютерлермен, физика, химия, биология, лингафондық және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталуда.

Ауданның барлық мектептері Интернетке қосылған, ол сапалы білім беруге қол жеткізеді.

Кәсіби лицейдің қызметі аудан экономикасының түрлі саласын білікті кадрлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Балабақшалар ашу есебінен балаларды мектепке дейінгі оқыту тәрбиелеумен қамту көбейеді. Қазіргі нормаларға сәйкес жағдай жасау үшін жыл сайын білім мекемелеріне түбегейлі және ағымдық жөндеу жүргізіледі.

Соған қарамастан, балалар мен жасөспірімдер үшін қосымша білім ұйымдарының желісінің дамуы жеткіліксіз.


2.2 Аудан аумағының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

Бәсекелестікті дамыту

Бәсекелестік ортаны құрау мәселелері базалық болып табылады.

Аудан экономикасының ерекшелігін ескере отырып,бірнеше шешуші сала бөлініп алынды,онда бәсекелестікті дамыту бойынша шараларды іске асыру мақсатты және барынша тиімді болады, олар:


  • агроөнеркәсіп кешені;

  • бөлшек сауда;

  • отын-энергетикалық кешені.

Агроөнеркәсіп кешенінде бәсекелестікті дамытуға саланың арнайы ерекшеліктері елеулі әсер етеді.

Бәсекелестікті дамытуды шектейтін факторлар бар: материалдық және қаржылық қордың жетіспеуі, өнімді өңдеу саласы нашар дамыған,мемлекеттік-жеке серіктестіктің болмауы.

Бәсекелестікті дамыту жағдайына сақтайтын орын, қоймалардың, бастапқы өнімді жинау пункттерінің жетіспеушілігі теріс ықпал етеді.

Бәсекелестікті дамытуға негізгі кедергі қалыптасқан сату рыногының болмауы, ол үсақ тауар өндірушілерге өндірген тауарларын ауданның ішкі рыногында, сонымен қатар тысқары жерлерде өзбетінше сатуын жүзеге асыруға кедергі келтіреді.

Агроөнеркәсіп кешені салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде жаңа технологияларды енгізу (құрылыс, қайта жаңарту, сүт және ет өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу бойынша цехтар) ,мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту бойынша барлық шаралар қабылдануда.

Бөлшек сауда саласында бәсекелестікті дамытуға көлік-логистикалық жүйенің және қысқа мерзімге жинақтау жүйесінің дамымауы елеулі әсер етеді. Ауданның бөлшек сауда саласы бәсекелестіктің деңгейін арттыруға (кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру үшін кедергілерді анықтау және жою) бағытталған шаралар қабылдауды талап етеді.

Ішкі сауданы дамыту саласында бәсекелестікті дамыту үшін келесі шаралар қабылданады:

рынок субъектілерін көбейту үшін жағдайлар жасалады;

сауда орындарының инфрақұрылымы жетілдіріледі.

Жылу-энергетикалық кешені.

Газбен жабдықтау, энергиямен жабдықтау салаларында бәсекелестікті шектеуші факторлар байқалады:

Коммуналдық инфрақұрылымның жоғары деңгейде тозуы үлкен қаражат жұмсау қажеттілігіне байланысты тауар рыногының тартымдылығына әсер етеді.;

Әкімшілік кедергілер (лицензия алу үшін біліктілік талаптарын орындауға бағытталған шараларды орындаудың күрделілігі);

Импортқа тәуелділік (ауданда газдандырудың жоқ болуы).
2.2.1 Ауданның экономикасын талдау

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өнімін өндірумен 28 кәсіпорын айналысады, оның ішінде: 4 орта, 1 ірі, сонымен қатар осы салада шағын және орта бизнес кәсіпорындары істейді. Ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындарында 0,8 мың адам жұмыс істейді.

Ауданда кен өндіру, өңдеу өнеркәсібі және электр энергиясы мен суды өндіру және тарату бойынша кәсіпорындар жұмыс істейді.2009 жылы 4074 млн. теңге сомасында тауар өнімі өндірілді, бұл 2007 жылғы деңгейден 3 есе артық. 2010 жылы өнеркәсіп өндірісінің өнімі 4% -ға төмендеді және 3889 млн. теңге құрады. 2009 жылы өндірістің жеке индексі көлемі108,6 % құрады, 2010 жылы өндірістің жеке индексі көлемі 87,3 % -ға дейін төмендеді.

Өнеркәсіптің даму қарқынының төмендеуі қаржылық дағдарыстың теріс әсер етуімен түсіндіріледі. Мысалы, 2009 және 2010 жылы жоспарланған 2 инвестициялық жоба іске асырылмады – бұл өңдеу өнеркәсібіндегі «Италия құрал-жабдығымен макарон өнімдерін өндіру», құны 70 млн. Теңге, қосымша 10 жұмыс орны ашылмақ болатын. Екіншісі, кен өнеркәсібінде Құсмұрын поселкесінде 840 млн. теңге сомасында «Приозерное» кен орнында көмір өндіруді жандандыру, жаңғырту және көлемін арттыру.

Ауданда Кәсіпорындардың мәселелерін ескере отырып экономиканың дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша дағдарысқа қарсы шаралардың жоспары әзірленді және іске асырылды, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жетілдіру бойынша шаралар әзірленді және іске асырылды.Кәсіпорындардың басшыларымен жұмыс істейтіндердің еңбек құқығы, әлеуметтік-экономикалық мүдделері және кепілдігі бойынша меморандумдар жасалды. Өндірістің әлеуетін және еңбек ұжымын сақтау мақсатында кәсіпорындарды дағдарысқа қарсы шаралардың жоспары әзірленді. Соның нәтижесі ретінде, ауданның кәсіпорындарында өндіріс үрдісі тоқтаған жоқ, жұмыс орындары қысқартылған жоқ.

Әулиекөл ауданының өнеркәсібінде «Приозерный Разрез» Қазақстан – Ресей компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мағызды орын алады. 2008 жылғы төртінші тоқсанда кәсіпорын дайындау жұмыстарын аяқтады, жаңа техника сатып алды, бірақ рынокта сатудың болмауына байланысты 2009 жылдан қазіргі уақытқа дейін толық қуатымен жұмыс істеген жоқ. 2009 жылы өмірді өндіруі 8,2 мың тонна құрады. 2010 жылы 49,9 мың тонна көмір өндірілді. Кәсіпорын сату рыногын іздестіруді жалғастыруда, мүмкіндігінше шарттар жасалуда. 2011 жылы көмір қорын дайындау бойынша қазу жұмыстары жүргізілетін болады.

Әулиекөл ауданының өнеркәсібіндегі кен өндіру секторының дамуы инвестиция салуға және көмір кенінің толық қуатпен жұмыс істеуін ұйымдастыруға көзделген. Сонымен қатар кәсіпорын табиғи құм өндіруімен айналысады. Құмды үнемі ала бермейді, себебі жол жөндеу жұмысын жүргізуге дейінгі арақашықтықтың ұзақтығына байланысты көлік шығыны да көбейеді.

Аудан өнеркәсібінің құрылымында өңдеу өнеркәсібі басым, 2009 жылы оның үлесі 95,9 % құрады, жылу энергиясы мен суды өндіру және тарату 3,5%. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінде 2009 жылы (3908,8 млн. теңге) тамақ өнімдерін өндіру 40,8 %, машина жасау 35,9%.

1-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет