Еуропаның таңдаулы жыл жетекшісі



Дата17.05.2020
өлшемі44.5 Kb.
Еуропаның таңдаулы жыл жетекшісі

Өмірдерек: Айханбай Құлжанұлы Құдабаев 1989 жы­лы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Еңбек жолын 1978 жылы тракторшылықтан бастаған. 1990-93 жылдары агроном болып істеген. 1996 жыл­дан Бұқар жырау ауданы Ленин атын­дағы кеңшардың ди­рек­торы. 1998 жылдан «Айхан» ШҚ жетекшісі.


ТМД кеңістігіндегі жаппай эко­­номикалық құлдырау кезе­ңінде бұ­рынғы күн көсем атын иеленген ша­руашылықта аға агроном болып істеп жүрген Айханбай Құлжанұлы Құдабаев ойланбастан бизнеске бой ұрған. Кеңес дәуірінің өзінде ол еңбек еткен шаруашылық ба­рын­ша дамыған құрылым бо­лып есеп­телетін. Өйткені мұн­да негізінен қай істе болсын барынша ұқыпты не­містер еңбек етті.

Бұрынғы экономикалық бай­­ла­ныс­тар үзіліп, ертеңіне сенімін жо­ғалтқан немістер өз­дерінің тарихи отандарына қай­та бастаған. Қалғаны қазақ пен өзге ұлттар еді. Немістердің өзі­мен жағаласып өсіп, кей жерінде сүріндіріп те кететін Айханбай жаңа жағдайда көп абыржи қоймаған. Ол өзіне әдеттегідей сенімді еді.

Бастаған ісін аяғына де­йін жет­кізетін Айқанбай нарық­тың мұндай қамытын кие ал­майтын еді. Жанын жани жү­­ріп еңбектенген екі-үш жыл­дың ішінде ауылдағы ғана емес, аудандағы, қала берді об­лыстағы мықты деген кәсіп­керлердің сапына қосылды. Сол ауыршылықты жыл­дардың өзінде елде жоқ «Джип» көлігін алғашқылардың бірі болып мінді. Жас қайраттың жалынан ұс­тап, жер аралады, ел көрді. Сөйтіп жүр­генде зу етіп үш жыл да өте шық­қан.

Бұрынғы аяғынан қаз тұр­ған шаруашылық сиырдың бүй­регіндей бытырай бастаған. Өйт­кені ел түпкі нәтижені есеп­ке алмай, пай қуып кеткен. Қол­тығына пәпке қыстырған фер­мерлер аяқтыға жол бермеген. Сол жылдары ауыліші жина­лыстары көбейген.
Не керек, сонымен, кешегі ел көзінде жүрген шаруашылық қа­тар­дағы көп ауыл шаруашылығы құ­рылымдарының бірі болып қалған. Он­дағы еңбек етіп жүр­гендер де сол мәстек тірліктеріне бой үйрете бас­таған. Айлық дегенді ұмытқан, бо­ла қалса тауарлап алатын жағдайға жеткен.

Мұны, әрине, Айханбай Құл­жанұлы да көріп жүрді. Жүрегі сыздап ауырып жүрді. Қалай дегенде өзі еңбек еткен кешегі ауызбіршілігі тастай ұжымы еді ғой. Алайда, жөн сұрасқаннан әріге ба­ра алмайтын. Өйт­кені әр­кім ойына келгенін іс­теді. Бух­галтер мал дәрігері бол­са, вет­техник сауданы басқарған. Ел сынық ше­гені де жекеменшіктей баста­ғанда бұл шыдай алмаған.

Ол өзінің туған жерін та­лан-тара­жыға салып, қа­рап отыра алмайтын. Ең бас­тысы бұл елдің басын қоса алған. Бәлкім, бұрынғы бе­делі алып шыққан болар.
Қалай дегенде жұрты со­ңынан ерді. Қысқа уақыт ішінде баяғыдай нанға май жағып жей­тіндей болмаса да қаймақ жа­ғатындай хәлге келген. Екі жыл өткенде шаруашылықты тізеден батқан борыштан алып шықты. Сол күннен бастап қожалықтың бағы жанды десе болады. Ел өзіне сенді. 2000 жылы об­лыс бойынша ең таңдаулы кә­сіп­кер атағын жеңіп алды. Қо­жалық мүшелеріне қолдан кел­генше бар­лық жағдайды жа­сауға ты­рысты. Кішкене де болса қуа­ныштарын атап өтуге үйретті. «Айхан» шаруа қожалығының аты осылайша шыға бас­тады. Қо­жа­лық басшысы шаруа­шылықтың құ­рыл­ғанына үш жыл толуын себеп қылып, айы­рық­ша көзге түскен үш фер­мерге шетелдік су жаңа көлік сый­лады. Қалғандарын да ұмытпады. Оларға тұрмыстық техникаларды қардай жау­дырды. Ел ағаш еденін қыш еден­ге алмастырып, жаңбыр жау­са тамшы да тұрмайтын ше­телдік жабындармен үйлерін жаба бастады.

Жалпы, Бұқар жырау ауданы кар­топ және көкөніс өсірумен аты шық­қан.


Ауыл шаруашылығын ұтым­ды ұй­ым­дастыруда Айханбайдың жар­ғақ құлағы жастыққа тимеді. Ел­дің алды болып тамшылатып су­ға­ру технологиясын әкел­ді. Өзі мұ­рындық болып, шаруа­шылығын об­лыс бойынша сынақ алаңына айнал­дыр­ды, облыс фермерлерінің басын қосып суғару технологиясының құ­рыл­тайын өткізді.
Жұмысымыздағы орашолақ­тық­тың салдарынан еліміздегі суармалы алқап 2 млн. 300 гек­­тардан 860 гек­тарға дейін құл­дырағаны белгілі. Жа­қын маң­да оның орнықпайтыны тү­сінікті. Оның үстіне әне-міне жер жаһанда су тапшылығы бас­талады. Ал біздің пайдаланатын су көздеріміздің көбісінің бас­тауы шекарадан тыс жатыр. Олай болса тамшылатып суару технологиясының маңызы күн өткен сайын арта бермек.
Осы қарқынды есепке ала оты­рып оң болжам жасаған күннің өзін­де елдегі суармалы алқаптың көлемі 2015 жылы 100 мың гектардан ас­пайды деп есептейді сарапшылар.
Үйренем деу­шілерге есігін ашық тастады. Кімге де болса сұрыпты тұ­қым­дықпен көмек­тесіп бақты.

«Айхан» шаруа­шылығы биыл мол астық алды. 270 гектар алқапқа кар­топ екті. Әр гек­тарынан се­не­сіз бе – 60 тон­на­дан айнал­ды­рады. Мұндай көр­­сет­кішпен Еу­ро­па­ңыз­дың өзі мақ­тана алмайды. Орам­­жа­­пырақ, сә­біз, қы­­зылша да бітік шықты. Кейін­гісінің өнім­ділігі екі есе өсті.

Облыс ор­та­лығында «Ау­ыл-Береке» жәр­меңкесінің өтетіні белгілі. Сол жәр­меңке биыл үш рет өтті. Қа­­ра­ған­дылықтар дас­тар­қа­нына түс­кен кар­топтың тең жар­тысын осы «Айхан» шаруа­шы­лығы қойған еді. Ке­лісі – 30 теңгеден! Ас­тана қаласындағы қазан айында өткен жәрмеңкеде қожалық 50 тонна картоп, 45 тонна көкөніс қойды.
«Айханның» 4 мың тонналық қой­масы, өзінің диірмені бар. Сон­дықтан, мұнда жұмыс жыл бойы жүреді. Мұнда маусымдық деген жұмыс болмайды! Ша­руашылықтың техникалық пар­кі заманауи маши­налардан тұ­рады. «Джон Дир», «Дон Мар» сынды себу және бастыру ке­шендері, алманиялық картоп жинау ком­байны, басқа да техникалар кімді болса сүйсіндіреді.

Ауыл фермерінің екі уайымы бар. Оның бірі қайтып межелі өнім алам деген уайым. Екіншісі артық өнім алсам қайтып оны жаратам деген уайым. «Айханда» осының екеуі де жоқ. Өйткені егін салынбастан-ақ ерте көктемде әлеуетті тұ­тынушылармен екі жақты фъю­черлік келісім-шарттар жа­­са­лып қойылған. Бұл жұ­мысты ұйымдастырудың еуро­стандартына жатады.

Ауылды бір ғана мол өнім­мен ұс­тап отыра алмайсың. Әлеуметтік жағ­дайы шешіл­мейінше жастар тұ­рақтап қал­майды. Мұны Айханбай Құл­жанұлы жанымен түсінген. Сон­­дықтан да, ауылдағы иесіз қалған «Василек» екі қабатты балабақшаны өз қамқорлығына алған. Күрделі жөндеуден өт­кізіп, бақшалық өнімді дас­тарқанға тікелей егістік ба­сынан жеткізуді қамтамасыз етті. Жергілікті Самарқанд мек­тебіне де қамқорлық жасап, ал­ты сынып бөлмесіне күр­делі жөн­деу жасап, сапалы жи­һаздармен қамтамасыз етті.Кейбір парталарды Ресейден алдыртты. Оқу­шылар бригадасы деген тағы бар. Олар жазғы өндірістік өтілін «Ай­ханда» өт­керіп, тәжірибе жинақ­тағаннан басқа айлық тауып, өз киімдерін айырады. Шаруашылық есебінен Алматы, Астана, Петербор сын­ды ірі-ірі қалаларға саяхат жасады. Жергілікті мәдениет үйіне де қол ұшын берді. Онда елімізге белгілі хореограф үйір­ме жүргізеді, спорт шеберлері секцияларда балаларды жат­тық­тырады. Мұндағы біріккен хорда 150 адам ән шырқайды! Ал кей ауылда сонша жан да тұрмайды.

Айханбай Құдабаев 2008 жылы еліміз бойынша «Жыл меценаты» атанды.


Осыдан тура алты жыл бұрын ол қанатты Никаны алған болатын. Қарағанды облысының «Жылдың таңдаулы фермер-кәсіпкері» атанған.

Айханбай Құдабаев биыл елі­міздің жоғары наг­радасы «Құр­мет» орденімен мара­патталды.



Осынау табыстары үшін Еу­ропа бизнес-ассамблеясы «Ай­хан» ша­руа қожалығын Еу­ропадағы таң­дау­лы кәсіпорын деп таныды. Ал оның жетекшісі Айханбай Құлжанұлы «Жыл же­текшісі» атағына ие болды.
Жұлдыз ТОЙБЕК,

Орталық Қазақстан. – 2011.- 8 желтоқсан (№204/205).- 4 б.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет