Әзіл тест «Жұдырық» (ата-аналар үшін)



Дата18.05.2020
өлшемі23 Kb.
Әзіл – тест «Жұдырық»

(ата-аналар үшін)


Тапсырма қарапайым. Алақаныңды жай да, сұрақтарға жауап бер. Сұрақ бесеу. Жауап «Иә» немесе «Жоқ» болу керек. Егер «Иә» деп жауап берсең бір саусағыңды бүгіңіз; егер келіспей «Жоқ» деп жауап берсеңіз онда саусағыңыз сол қалпында бүгілмей қалсын.
Кәне бастадық:

1. Сіз қандай болмасын жағдайда, тіпті сіздікі дұрыс болмаса да: «Мен шешесімін, маған болады», «Мен әкесімін, мені кешіреді. Мен жазалаймын, мен және аяймын» деп айта аласыз ба?


2. Сіз қоштаспай үйен өзіңіздің жеке шаруаңыз бойынша кете аласыз ба?

3. Сіз ауруханада ұзақ жатқан туысқаныңыздың көңілін сұрауға бармай жүре аласыз ба? (Егер сіз әйел болсаңыз – туысқаның күйеуің жағынан, егер сіз еркек болсаңыз – туысқаның әйелің жағынан. Және сіз ол жалғыз емес, оған басқа туыстары барып жатқанын білесіз).


4. Сіз өзіңіздің жақындарыңа айқайлай аласыз ба?
5. Отбасының басқа мүшелерінен сіз ақша жасыра аласыз ба?
Қорытынды жасап көрейік.

Егер сіз бес сұраққа «Иә» деп жауап беріп, саусақтарыңызды бірінен соң бірін бүксеңіз, онда сіздің отбасыңызда басқарудың авторитарлық тәсілі басым, сіз сол басшылардың ішінде негізгі рольде ойнайсыз. Ал егер сіз 2-3 саусағыңызды бүксеңіз, онда әлі кеш емес, отбасына қатысты жағдайды дұрыстауға болады. Ал алақаныңыз ашық қалса, онда сіз әулиесіз, бірақ мұндай адамдар өмірде кездеспейді.


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет