Ф-об-001/033 Қазқстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі



бет9/15
Дата25.04.2016
өлшемі0.72 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Ф-ОБ-001/033

данышпаны поэзияны «Шайтанның шарабы» деген екен. Бұл тегін айтылмаған сөз болмаса керек.

Ал, егер шынында да, адамдардың сана-сезімінен шындыққа жанаспайтын, бірақ балдай тәтті қиял-ойларын, фантастикалық сағым-елестерін кейде бір-бірінің көңілі үшін айта салтын мадақтау сөздерін түк қоймай, жұлып алып тастаса не болар еді.

Автор «шындық» жайлы ойын былайша түсіндіреді. «...Жазғы жауын жолдың шаңын басып, ауаны тазалап, себелеп қана өте шығады ғой. Мұндай жаңбырдан кейін шілденің шыжып тұрған ауасы біразға дейін қоңыр салқын боп, адамдар рахаттанып қалады. Зияны жоқ жалған сөз де осы сияқты болуы

тиіс. Дүниеде тамып кеткен жеріне дереу тамыр жаятын, артынша тікнекті жеңгел боп өсіп шығатын өтірік жаман ғой...» [14, 36 ]. Автор «шындық жайлы» проблеманы «өтірік» пен салыстырып, өзінше философиялық ой түйген.



Арман - өз қалауымызша жаңа образдар жасау, яғни адамның тілегін білдіретін, болашағына бағытталған өздігінше жаңа бейнелер құруы. [ 7,65 ].

«Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологында көтерілген «арман» проблемасы жоғарыдағы пікірге дәлме-дәл келеді.

«...Ертегілерде ғана кездесетін арман ауылын емін-еркін аралаудың өзіде бар ғанибет емес пе? Балауса шақта қиял қуып, армандап, көрмеген жандар өмірде көп нәрседен құр алақан қалғанын сезе ме екен? Егер адамдар тек нақты есептерге арқа сүйер арман атаулыны ұмытып кетсе не болар еді? Армандауды ұмыту жөнінде ойланудың өзі үрейлі емес пе?

Біреудің қандай адам екенін білу үшін оның ақыл-парасатынан гөрі, арман-мақсатына көбірек назар аударамыз ғой. Адамды өмірге ынталандырып, күллі тіршілікке мән-мағына беретін де сол арман емес пе? Бізді ғұмыр бойы алға жетелеп биік шыңдарға шығаратын, шабытты еңбекке


Ф-ОБ-001/033

жігерлендіретін осы арман ғой...» [14, 40 ]. Осыдан келіп шығатын қортынды: «Армансыз – адам, қанатсыз құспен тең»- дегенге саяды. Жазушы «арман» проблемасын психологиялық оймен саппа-сай ете қорытады.

Ар-ождан – адам әр қашанда өз ерік жігерінің орындаушысы болса, оның ар-ожданы болары хақ.

Хикаятта «...Мен өз ар-ожданымның құлы бола алдым ба? Жоқ, әрине. Егер мен ондай биіктікке көтерілсем, онда саған берген антымнан аттап өтіп

кетпес едім ғой. Бәрін кейінге қалдырып келдім. Егер – бүрсүгүні деп жүргенде зуылдап жылдар өте шыққанын да байқамай қаппыз-ау.

Өмір өтіп барады ертеңменен,

Қайтем оны?!

Жанбаған, өртенбеген.

Өзімнен-өзім бүгін жеркенемін,

Өмірде еш нәрседен жеркенбеп ем, - деп жырлаған ақын Мұқағали Мақатаевтың өлең жолдары есіме түсті.

Осыншама жас келгенге мені тірі пенде «арсыз» деп айыптап көрген емес. Бірақ ар-намыстың шынайы табиғатын ұқтым десем нанасың ба...» [14, 70 ]. Мұнда автордың «ар-ождан» проблемасын көтеру арқылы айтқысы келген ой-толғанысы, ар-ождан дегеніміз жүрек яки өкпе секілді адамның денесіне туып көрсетуге болатын жеке мүше емес. Алайда, ар-ождан солардың бәрінен де мықтысы. Егер жігітті қамшылап, не бір ерлік істерге жігерлендіріп жіберетін сол ар-намыс сезімі емес пе?! Демек, одан құдіретті күш жоқ. «ар-ождан» ер адам бойындағы ең асыл қасиет осы қасиетті ешқашанда жоғалтпау керек.

«Ғұмыр» дегеніміз – қанша оқып жатсаңда да, мәңгі бақи таусылмайтын ғажайып дастан емес пе? Күн сайын сол дастанның бір бетін оқып тастаймыз дейік. Ертеңгі оқылатын бетте қандай оқиға болары бүгін бізге беймәлім. Сондықтан ертеңгі күнде бәрімізге қызық көрінеді. Ертеңде сол келген

Ф-ОБ-001/033

жерімізден бастап, тағыда тамсана оқимыз. Сөйтіп күн сайын жаңа, бұрын өзімізге беймәлім хикаялар оқып, ләззаттана береміз.

Немат аға қарастырған проблеманың бірі: «ғұмыр» философиялық тұрғыдан қарастырғанын көруімізге болады: «...Меніңше, ерлі-зайыпты адамдар да біріне бірі хақ осындай ғұмыр бойы оқыса да, таусылмайтын, кереметтей қызық жыр-дастан болса білуі керек. Ғұмыр бойы рахаттануға болатын сұмдық үлкен дастанды бірер күнде асығып, аптығып, парақтап шыққаннан не пайда? Біз қайда асығамыз?

Күн сайын көкжиектен көтерілер күн шығады. Бүкіл әлемге шұғыла шашады. Таң атады. Біз мұны күнде көреміз. Сондықтан күннің әр жолы қалай шығып, қалай болып жатқанына жөнді мән де бермейміз. Оған қарамамаймыз да. Өйткені біз бүгін де күн құдды кеше өзіміз көргендей боп

шығады, кешегідей боп ұясына батады деп ойлаймыз. Солай екеніне тіпті күні бұрын кәміл сенімде боламыз.

Ал, шындығында, ертең де күн тура бүгінгідей боп шыға ма! Жоқ! Өмір қайталанбайды дейміз. Әрбір секунд өмірдің ешқашанда қайталанбайтын өзіндік ерекшелігі бар емес пе? ...» [14, 7].

Демек, «Ғұмыр» атаулыны әрбір адамға өлшеулі екені хақ, бірақта сол өлшеуші «ғұмырды» бақытты етіп өткіз әрбір тұлғаның өз қолында демекпіз.

«Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологында көтерілген басты проблеманың «уақыт» екенін аңғардық. Біз сау болып жүріп «уақыттың біз үшін тапшы» екенін білеміз. Ал, мұнда қалай екен! «...Уақыт дегеніміз не? Ол хақында ойланып па едің, сірә? Әншейін кезде зырылдауық уақыттың сиқырлы сырларына жөнді мәнде бермейді екенбіз ғой. Бірде жайбасар жандай сылбыр қимылдап, бірде жүйрік аттай құйындата жөнелетін «уақыт» жөнінде мен бүгін көзденіп жатып көп ойландым. Бірақ ол маған түпсіз терең теңіздей боп көрінді.

«Уақыт дегеніміз не» деген мәңгілік сауалға жауап іздедім. Қиялға ерік


Ф-ОБ-001/033

беріп, бұл сауалдың жауабын өзгелерден де сұрап көрдім.

Бұған әркім әртүрлі жауап берді. Уақыт - әр адамның көзіне әртүрлі боп көрінетін сиқырлы тас секілді екен.



  • Уақыт – материяның өмір сүруінің бір формасы, - деді ғалым.

Көпті көрген көне көз қарияның жауабы бұдан басқашалау еді.

  • Уа, дариға. Уақыт-ай! Келмеске кеткен жігіт – желең шағым емес пе ол! – деді ақсақал.

Сосын жас жігіттен сұрадым.

  • Уақыт - алдағы биік асуларға шығу үшін қажетті құрал, - деді ол.

Демек, уақыт біреулер үшін өткен шақ, ал біреулер үшін болашақ екен ғой.

Естен кетпес қайғы-қасіретті ұмыттыратын да, айықпас ауыр дерттің емдеушісі де, даулы істердің ең төрешісі де уақыт емес пе?

«Уақыт – ғажайып ұстаз, бірақ өкінішке орай түбінде ол өз шәкірттерін жалмап жеп бітеді». Әлемге мәшһүр француздың ұлы композитор Луи

Берлиоз осылай депті. Бәрімізге өмірді үйрететін де, бәрімізді өмірден әкететін де, уақыт демекші ғой ол...» [14, 100]. Жоғарыда айтып өткеніміздей «уақыт» жайлы әртүрлі пікірлер бар. Біз әдетте адам үшін ең қымбат нәрсе өмір дегенді көп айтамыз ғой. Сол өмірдің өлшемі «уақыт» емес пе? Демек, өмір дегеніміздің өзі ең алдымен белгілі мөлшердегі «уақыт» қой. Олай болса, адам үшін «уақыттан қымбат асыл қазына жоқ» демекпіз.

Ал, хикаят-монологтың басты кейіпкері Ержан уақыт жайлы былай: «...Ал, мен үшін тап қазір уақыт әрі қуанышты, әрі қорқынышты нәрсе боп тұр. Қуанышты болатын себебім – аса күрделі де, қауіпті операциядан тірі шықтым. Осыдан біржола айығып, аяғыма мініп кетуім де ғажап емес. Қорқынышты болатын себебім бұдан былай ғұмыр мүгедек боп қалуым да ықтимал. Өйткені мұндай операцияны кейде аяқ-қолды емдеу үшін емес, адамды ажалдан арашалап қалу үшін жасайды.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет