Ф-об-007/020 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет9/13
Дата25.04.2016
өлшемі2.33 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Бақылау сұрақтары

  1. Отырар қаласының алғаш атауы және оның кезеңдері

  2. Отырар қаласы жайлы зерттеушілірдің ой- пікірлері

  3. Отырар қаласына монғол шапқыншылығының тигізген әсері

  4. Отырар қаласының жандануы

  5. Отырар қаласындағы Кітапхананың өртенуі

  6. Отырар қаласының күйреуі

  7. 1218ж. «Отырар» жазба деректер беттерінен орын алуы.

  8. Ала адь-Дин Ата Малик Жувениидің «Әлем жаулаушысының тарихы» кітабында Отырар қаласы жайлы қандай мәліметтер айтады

Тесттік сауалнама

  1. Отырарды қоршап жатқан қалалар мен елді мекендер қай ғасырда қаңырап бос қалды

А. ХІІ-ХІҮғ.ғ.

В. ХІІ-ХҮғ.ғ.

С. Х-ХІІғ.ғ.

Д. ХІ-ХІІІғ.ғ.

2. Күшілік ханға қарсы Жебе Ноянның жасағы нешінші жылы аттанды

А. 1213ж.

В. 1218ж.

С. 1214ж.

Д. 1318ж.

3. Монғолдар Орта Азия мен қазіргі Қазақстан жерінің көп бөлігін қай жылдар аралығында басып алды

А. 1219-1223ж.ж.

В. 1211-1213ж.ж.

С. 1218-1234ж.ж.

Д. 1219-1221ж.ж.

4. Монғолдар Бұхара қаласын қай жылы қай айда бағындырды

А. 1220ж. ақпан

В. 1223ж. ақпан

С. 1224ж. ақпан

Д. 1235ж. ақпан

5. Хорезімнің астанасы Үргеніш Монғолдарға қанша ай бойы берілмеді

А. 6-ай

В. 10-ай


С.8-ай

Д.7-ай


6. Монғолдар Самарқандты қай жылы бағындырды

А.1220ж.


В. 1221ж.

С. 1223ж.

Д. 1226ж.

7. Отырар қаласы монғолдарға қарсы неше ай тойтарыс берді

А. 4-ай

В. 6-ай


С. 7-ай

Д. 8-ай


4-апта

№13 Сабақтың тақырыбы: Жетісудағы қалалар.



Жоспар:

1.Талхир қаласы.



2. Талғардан табылған мыс табақ.

Консультация

1.Түркістан, Яссы қала, Түркістан ауданының орталығы. Сырдарияның оң жақ жағалауында, Қаратау жотасының етегінде. Қаланың іргетасы б.з. 1 - мыңжылдықтың бас кезінде қаланған. Археологтар Түркістан қаласының тарихы теренде жатқаньш дөяелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы аймақта тас дөуірі ескерткіштері — Шоқтас, Қошқорған бұл еңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін керсетеді. Б.з.б. 2-мыңжыддықтан Түркістан қаласы төңірегшде Қазақстанның басқа да өңіріндегідей Андронов мәдениетін жасаушылар тұрған. Түркістанның ежелгі аты — Ясы. Археологтар ертедегі Яссының орны қазіргі Күлтөбеге сөйкес келетінін дөлелдеп отыр. 7—12 ғасырларда Түркістан теңірегі Шауғар өңірі атанған. Бұл өңір Түрік қағанатына қарады. 9 ғасырларда қарлұқтар мен оғыздардың қол астывда болды. Бұл өңірге 809-19 ж. аралығында Хорасан билеушісі әл-Манун, 10 ғасырдың соңында саманилік билеуші Наср жаулаушылық жорықтар жасаған. 12 ғ-дың 1-ширегінде қидандар шабуылынан Шауғар құлағаннан кейін, Ясы өлкенің орталығына айналды. Қожа Ахмет Ясауи осында келіп қоныс тепкен кезде атақ даңққа бөленді. Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болғаннан кейін оның қабірі басына мазар тұрғызылды. Ол қасиетті орын деген атқа ие болды. Қаланың Ұлы Жібек жолының бойында, Дешті 2.Талғар қаласынана табылған көптеген археололгиялық тарихи-мәдени ескерткіштерімен толық танысу. Қыпшақ пен Орта Азияның аралығында болуы, географиялық жағдайдың қолайлылығы, сонымен бірге адамдардың мазарға тәуеп етуі, сауданың қызу жүруі елді мекеннің өркендеуіне ықпал етті. Ясы қаласы туралы деректер 13 ғасырда жарық көрген Киракос Гаңдзакешщдің "Армения тарихы" атты еңбегінде кездеседі. Бұл еңбекте Ясы қаласы Асон деген атаумен берілген. Ясы атауы 14 ғасырдан бастап тарихи шығармалардың беттерінде жиі көріне бастады. Шараф әд-Дин Әли Йездидің хабарларьша қарағанда, 1388 ж. Ясыны Тоқтамыстың әскерлері талқандап, түрік тайпаларының қасиетті мекеніне айналған Қожа Ахмет Ясауи мазарын тонайды. Әмір Темір Тоқтамысты талқандағаннан кейін жаулап алған олжаның бір бөлігін Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салуға жұмсайды. Ясы орта ғасырларда Орта Азия ғимараттары үрдісі бойынша дамыды: қамал, шахристан, рабад қалыптасты.15 ғасырдың 1-жартысында Шараф әд-Дин Әли Иезди Ясыны шағын елді мекен болды деп атап көрсетсе, ал 16 ғасырда Рузбехан Исфахани "Михманнаме-и Бұхари" атты шығармасында Ясыны былайша суреттейді: "Аса қасиеггі Қожаның сағана-сы орналасқан Ясы қ. өрісі кең өрі құнарлы жер, Түркістан аймағының орталығы. Ясы қаласына тауарлар мен қымбат бағалы заттар жеткізеді де, сол жерде оларды сату басталады. Сон-дықтан ол кепестердің тең-тең үй, 41 мешіт, 2 класты уч-ще, қыздар училещесі, 11 ресе, 23 мектеп, 2 шіркеу I ған. Қала халқы 1910 ж. 15236 адам болды. Өнеркөсіп сауда орындарынан 1912 ж. 4 мақта тазалайгын, 10 май шайқайтын, 8 сабын қайнатат 5 кірпіш заттары, 15 су диірмені жүмыс істеді. 1918 ж. 6—91 қаңтар аралығыңда Түркістанда Сырдария облысы қазақтарының съезі өтті. Съезде Сырдария облысының автономиясына қосылу мәселесі қаралды. Овда Сырдария қазақтары Алаш автономиясь қосылған жағдайда Түркістан қаласы Алаш астанасы болады дег шешім қабылданды. Түркістан қаласы 1928 жылдан Түркістан ауданының әкімшлік орталығы. Қалада жөндеу мех, мақта тазалау, жем, кірпіш зауыттары, темір-бетон бұйымдарын шығаратын, тұрмыс қажетін өтейтін комбинаттар т.б. көсіпорындар жұмыс істейді. Саттар Ерубаев мұражайы қызмет көрсетуде. 1991 ж. "Әзіреті Сұлтан қорық-муражайы" ашыдды. Түркістанда орта білім беретін мектептерден басқа, арнаулы білім беретін оқу орындары бар. 1991 ж. Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи атынд. Халықар. қазақ-түрік университетінің негізі қаланып, қазіргі кезде еліміздегі жетекші білім беру ордасына айналды. ЮНЕСКО шешімімен Түркістан қаласының 1500 жылдық мерей тойы әлемдік деңгейде аталып өтілді


Бақылау сұрақтары


  1. Талхир қаласының тарихи-географилық аймағы

  2. Қаланың пайда болған уақыты,оның даму кезеңі,құлдырау дәуірі.

  3. Талхир (Талғар) қаласының алғаш аталуы және шығу тегі

  4. Талғар қаласының зерттелінуі

  5. Талғарда металдан бұйым жасау өндірісінің дамуы

  6. Талғар қаласының саяси эканомикалық жағдайы


4-апта

1,0-балл

14 Сабақтың тақырыбы : Жетісудағы қалалар тарихы.



Жоспар:

1.Алматы шежіресі.

2.Құм асытында қалған қалалар.

Консультация

1.Оңтүстік шығысында Теріс өзенінен басталып, солтүстік-батысында Жалғызағаштың бұлағына дейін 400 км созылып жатқан Қаратаудың ені 60-90 км. Қаратаудан ағатын өзендердің шатқалдардан шыға берісінде , тау аралық және тау алды жазықтарында ортағасырлар кезінде көптеген қалалар мен елді мекендер пайда болып өмір сүрген. Қаратаудың күнгей беткейінде орналасқан ірі ортағасырлық қалалардың қатарында Сығанақ, Қарнақ, Қарашық, Құсата ал, теріскей беткейдегі қалалардың қатарында: Тамды, Саудакент, Құмкент, Бабата, Шолаққорған, Созақ және ондаған шағын елді мекендер бар. Қаратаудың оңтүстік шығыс беткейі арқылы өткен Ұлы Жібек жолының бойында Төрткүлтөбе, Азаттық, Тақиятөбе, Бурнооктябрь, Ақтөбе, және 50- аса елді мекендер орналасқан.

Қаратаудың теріскей беткейінде орналасқан Ақтөбе елі мекені мен Бабата қаласында кең көлемде археологиялық қазба жұмыстары жүргізідген.

2.Ортағасырлық Бабата қаласы.

Бабата ауылының солтүстік шетінде, өзеннің сол жағасында орналасқан. Қала туралы ғылыми әдеиеттерді 1901ж бастап кездеседі. Қаладағы зерттеу жұмыстарының 1906 жылғы Ә. Х. Марғұлан басқарған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы, 1948 ж Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (А.Н.Бернштам) жүргізген. Тұрақты қазба жұмыстары 1953-54 ж.ж, 1957-58 жж. Е. И. Агеева, Г. Е. Пацеевич, Т. Н. Сенигова жүргізген. Қазба жұмыстары қаланың барлық бөліктерінде жүрді.

Цитадель. Қаланың көлемі етегінде 42х50 м, үстінде 12х17 м, биіктігі 10 м цитаделі шахристанның оңтүстік шығыс жағында орналасқан. Цитаделде жүргізілген жұмыстары барысында екі құрылыс кезеңінің құрылыстары ашылды. Төменгі құрылыс кезеңінже салынған сарай тектес құрылыстың ортасында құдығы бар сегіз қырлы бөлме. Бұл бөлме үсті күмбезден жабылған, сатылы, үсті күмбезден жабылған дәліз арқылы басқа бөлмелер мен ішкі аула мен байланысқан. Төменгі құрылыс VI-VIII ғғ кезінде өмір сүрген. Төменгі құрылыс кезеңінің үстіне салынған жоғарғы кезеңіндегі құрылыстың көлемі 300 м², ол 8 бөлмеден тұрады. Ортадағы сегіз қырлы айнала қалған бөлмелер салынған, олар жобасында төртбұрышты, көлемдері орташа 10-16 м². Қазба барысында жоғарғы құрылыс кезеңінен 13-15 ғғ ыдыс үлгілер табылды.

Тікбұрышты болып келген шахристанның көлемі 182х145 м, биіктігі 7-8 м. Оны үш жағынан, (оңтүстік жағынан басқа) қамалдың сақталған биіктігі 1,5 м, қамалда 15 мұнараның орны сақталған. Шахристанда жүргізілген қазба жұмыстары кезінде 3 құрылыс кезеңі ашылды. Ерте құрылыс кезеңіндегі жобасында төртбұрышты болып келген бөлмелер кесектен қаланған, көлемі 12-30 м² бөлмелерден ошақтың орны ашылды.

Екінші құрылыс кезеңінен 15 бөлме ашылды. Олардың қабырғалар кесектен қаланған. Бөлмелердің ішінен қанба орындар, нан үлгісіндегі жылыту жүйесі ашылды. Тұруға арналған бөлмелерде тандыр орналасқан.

Жоғарғы құрылыс кезеңіндегі құрылыстарды салу үрдісі алдыңғы кезеңднгі үлгіде болып келген.Үйлердің үсті ағашпен жабылып үстінен қамыс төселген, ішінен тіреу ағаштар қойылған.Шахристаннан жиегі тастан қаланған суағар ашылды, оған қосарлана қойылған су құбырлары 30 м. Су құбырларының аумағы 15 см, ұзындығы 40-70 см.

Рабаттар шахристанды айнала қоршап жатыр, жалпы көлемі 25 га, оларды сырттай қамал қоршаған.Рабаттар көлемінде 9 қазба жүргізіліп, тұрғын үй, шаруашылық бөлмелері, қыш күйдіретін пештер, тандырлар мен шаруашылыққа арналған шұңқырлар ашылды. Рабаттың тұрғын бөлмелері оны қоршап жатқан қамалдың ішкі жиектей, пақса мен кесектен салынып, үсті қамыспен жабылған. Қазба барысында рабатты қоршаған қамалдың бір мұнарасы зерттеліп, оның сегіз қырлы болғаны анықталды, аумағы 4 м.

Шахристанды қоршап жатқан қамалдың мұнарасы да зерттеліп оның ерекшелігі белгілі болды.

Сонымен, Бабата қаласында жүргізілген қазба жұмыстары барысында, қаланың даму тарихында 4 кезең болғаны анықталды, олар: 6-7 ғғ кезінде бекіністі үй-жай салынған; 9-8 ғғ кезінде ерте феодалдық қала және оның қорғаныс жүйесі (қамал, мұнара, ор, жол) тұрғызылған; 10-12 ғғ кезінде қаланың рабаттары қалыптасқан. Осы кезеңде қаланың бекініс жүйесі күшейтіліп, тұрғын үйлер, шаруашылық құрылытары салынып қолөнердің түрлері дамыған; соңғы, 4-ші кезеңде (13-15 ғғ) қаладағы тіршілік бірте-бірте құлдырай бастаған. Бабата қаласын зерттеушілер аты 10 ғ бастап жазба деректерде кездесетін Баладыж қаласымен баламалап жүр.


Тесттік сауалнама

1.Алматы қаласының ресми жасы

А. 1840ж


Б. 1855ж

С. 1854ж

Д. 1853ж

2. Алматы «Верный» атауын нешінші жылы алды

А. 1867ж

Б 1866ж


С. 1967ж

Д. 1991ж


3. 1979ж Алматыда қазіргі әскери Академияның территорисынан қандай теңге тапқан археологтар

А. Екі алтын

Б. Үш күміс

С. Екі күміс

Д. Бір алтын

4. Алматы территориясында қай ғасырда ақша соғатын өндіріс болғаны жайлы болжам айтады

А. ХІІІғ

Б. ХҮғ


С. ХҮІғ

Д. ХІІғ


5. Археология институты қызметкерлерінің зерттеу жұмыстарының нәтижесінде елді мекен бар екенін нешінші жылы анықтаған

А. 1998-1994жж

Б. 1998-1993ж

С.1997-1990ж

Д. 1998-1999ж

6. Алматы шатқалында яғни қазіргі «Орбита» ықшам ауданындағы қалашықты кімдер зерттеген

А. Бернштам

Б. К. Байпаков

С. Бартольд В.В. Гурдэмен В.П.

Д. В.Н. Настичке



4-апта

15 Сабақтың тақырыбы: Жетісу тарихы.



Жоспар:

1.Қаялық қаласы-Қарлұқ қағанатының астанасы.

2.Орта ғасырлық Қаялық моншасы.

Консультация

1.Оңтүстік Қазақстан мен Солтүстігінде Бетпақдала мен Балқаш көлімен, Жетісу табиғи - географиялық және тарихи-мәдени жағынан бір облыс болып есептеледі. Бұл тарихи-гографиялық облыс батысында Арал теңізінің жағаларынан басталып Шығысында Алакөлге дейін, солтүстігінде Балқаш көлі мен Бетпақдалаға дейін және оңтүстігінде Қызылқұм мен Тянь – Шан тауларының сілемдеріне дейінгі аралықты алып жатыр. Облыстың жазық жерлерінде ауа райы құрғақ және жылы ал таулы аудандарында ылғалды және салқын. Адам баласының өмір сүруіне теңіз деігейінен 500 – 1000 метр биіктіктегі тауалды жазықтықтары өте қолайлы. Оңтүстік Қазақстан м ен Жетісу бір жағынан Орта Азия мен Сібірдің аралығында, екінші жағынан Орта Азия мен Орал тауларының аралығын алып жатқандықтан шұрайлы оазистер мен далалық алқаптың түйіскен зонасы болып табылады, соның нәтижесінде оның шарушылығы көп салалы болып келген. Бұл облыс іштей үлкен-үлкен келесі тарихи-географиялық аудандарға бөлінеді: Оңтүстік Қазақстан және Жетісу, өз ретінде осы аудандар және бірнеше аудандарға бөліп қарастырылады, олар: Оңтүстік Қазақстан, Оңтүстік Батыс Жетісу (Талас және Шу өңірлері), оңтүстік-шығыс Жетісу (Іле өңірі).

Оңтүстік Қазақстан немесе географиялық әдебиеттерде Сырдария маңы егографиялық провенциясы, солтүстігінде Бетпқдалмен, оңтүстігінде Талас Алатауымен, шығысында Жуалы қырқасымен және батысында Қызылқұммен шектесіп жатыр. Ол қазіргі әкімшілк бөлініс бойншы Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан (Созақ ауданынан басқа) облыстарының жерін алып жатыр. Бұл ауданның Талас Алатауымен Қаратаудың тауалды жазығы және таудан ағатын өзендердің өңірлері шаруашылыққа өте қолайлы.

2. Оңтүстік Қазақстан үшін Сыдария өзенінің алатын орны ерекше. Орта ағысы Өзбекстан Республикасының шекарасынан басталатын Сырдария өзенінің орта ағысы мен төменгі ағыстары ежелден-ақ отырықшылық, мал шаруашылығы және аң, балық аулау қатар дамыған аудан. Оңтүстік Қазақстанда екі үлкен оазис орналасқан, олар: Отырар мен Түркістан оазисі. Оңтүстік Қазақстанда жүзеген ортағасырлық елді мекендер мен қалалар пайда болып, өмір сүрген, олардың қатарында Испиджап, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ және басқа ірі саяси, сауда, экономикалық орталықтар болған қалалар бар. Бұл ауданда суармалы егіншілік жақсы дамыған, ортағасырлық суландыру жүйелері әсіресе Отырыр, Түркістан, Сауран Сығынақ қалалары төңірегінде сақталған. Сауран қаласының маңында ұзындығы бірнеше км кәріздер жүйесі бар.

Оңтүстік Қазақстан мен оңтүстік-батыс Жетісудың Талас өңірі аралығында, оңтүстік-шығысында Теріс өзенінен басталып, солтүстік-батысында Жалғызағаштың бұлағына дейін 400 км созылып жатқан Қаратаудың ені 60-90 км. Қаратаудан ағатын өзендердің шатқалдардан шыға берісінде , тау аралық және тау алды жазықтарында ортағасырлар кезінде көптеген қалалар мен елді мекендер пайда болып өмір сүрген.

Оңтүстік-батыс Жетісудың Қаратаумен шектесіп жатқан Талас өңірін бір жағынан Жуалы жотасы, екінші жағынан Мойынқұм, үшінші жағынан Бетпақдала Және келесі бір жағынан Талас Алатауы қоршап жатыр. Талас өңірін төрт ықшам ауданға бөліп қарастыруға болады, олар: Жоғарғы Талас, Аса өңірі, Таластың жазықтық орта ағысы, Таластың оң жағалық орта және төменгі ағысы. Қазіргі әкімшілік бөлініс бойынша жоғарғы Талас Қырғыс Республикасында, ал қалған үш бөлігі Қазақстанның Жамбыл облысы жерінде орналасқан. шығысында Шу-Іле тауларымен оңтүстігенде Қырғыз жотасымен және батысында Мойынқұммен шектесіп жатқан Шу өңірінің орта және төсенгі ағыстары келесі төрт ықшам ауданға бөлінеді: Боам шатқалынан Шөміш тауына дейін; Алатаудың Бішкек - Құлан аралығы; Шөміш тауынан Иткешу өткеліне дейін; А4 — Иткешу өткелінен Жайлаукөлге дейін.

Солтүстік-шығыс Жетісу немесе Іле өңірі оңтүстік-батысында Шу-Іле тауларымен және Іле Алатауымен, солтүстік-шығысында Алакөл жағалауына дейін, солтүстігінде – Балқаш көлімен және оңтүстігінде Жоңғар жотасымен шектесіп жатыр.
Бақылау сұрақтары


  1. Қаялық қаласының тарихи-географиялық аумағы,Қаялық аталуы.

  2. Қаялық қаласының астана болып аталуы.

  3. Қаялық қаласына Моңғолдардың көз тігуі.

  4. Қазба жұмыстар барысында Қаялық қаласында храмдардың ашылуы.

  5. Гильом Рубруктың Қаялық қаласына деген көзқарасы.

  6. Қазба жұмыстар барысында Қаялықтан ашылған бөлмелер, сауда байланыс жолдары.

4-апта


1,0-балл

№16 Сабақтың тақырыбы: ҮІ-ХІІ ғасырлардағы орта ғасырлы қалалар тарихы.

Жоспар:

1.Орта асырлық Сарайшық, Қызыл қала елді мекендері.



2. Қарашоқ, Қарнақ, Қойлық, Екіоғыз қалалар тарихы.

Консультация

1.Талас өңірінің ортағасырлық қалалары мен елді мекендері. Талас өңірін төрт ықшам ауданға бөліп қарастыруға болады, олар: Жоғарғы Талас, Аса өңірі, Таластың жазықтық орта ағысы, Таластың оң жағалық орта және төменгі ағысы. Қазіргі әкімшілік бөлініс бойынша жоғарғы Талас Қырғыс Республикасында, ал қалған үш бөлігі Қазақстанның Жамбыл облысы жерінде орналасқан. Талас өңіріндегі ортағасырлық қалалар мен елі мекендер ХІХ ғ 90-жылдарынан бастап осы уақытқа дейін зерттеліп келеді, оны әр жылдарда В. В. Бартольд А. Н. Бернштам, Ә. Х. Марғұлан, Е. И. Агеева, Г. И. Пацевич, Т. Н. Синигова, К. М. Байпако, М. Елеуов, К. Байбосынов, М. Қасенов зерттеді. Жүргізілген археологиялық зерттеулердің барысында бірнеше жүз ортағасырлық қалалармен елді мекендер ашылып ғылыми айналымға енді, олардың ықшам аудандар бойынша саны мынадай: Жоғарғы Таласта 62 ескерткіш ашылған, оныі 7-і ұзын қорғанды қала, 42-сі төркүл, 11 төбе және 2-і бұзылған елді мекен; Аса өңіріндегі 35 ескерткіштің 3-і ұзын қорғанды қала, 28-і төрткүл, 32-і төбе; Таластың оң жалық орта және төменгі ағысындағы ескерткіштердің 8-і төрткүл, 6-ы төбе.

2.Орта ғасырлық қалалар Қарашоқ, Қарнақ, Қойлық, Екіоғыз қалалар тарихымен және оның экономикалық және сауда байланыстарының дамуына әсер еткен қалалар тарихы олардың археологиялық қазба жұмыстардың барысында табылған тарихи жәдігерлермен толық баламалануын және осы орта ғасырлық қалалардың тарихынмен толық танысу. Археологиялық қазба жұмыстары Қостөбе, Түймекент, Оққұм, Тараз қаласында жүргізілді.

Талас өңірінің ортағасырлық қалалары мен елі мекендері Ұлы Жібек жолы мен Талас өңірі арқылы өткен керуен жолдарының бойында орталасқан.

Ежелгі Тараз қаласының орны қазіргі Тараз қаласының орталық бөлігінде орналсқан.Шахристан, цитадель, рабад шаруашылық аймағы және оларды сырттай қоршағанұзын қорғандары болған қаланы 1862 ж

Қазба жұмыстары қаланың барлық бөліктерінде жүргізілді.

Цитадель. Көлемі 135х135 м. Цитадельде жүргізілген стратиграфиялық қазба барысында бес кезең болғаны анықталды, олар:


Бақылау сұрақтары


  1. Сарайшық қаласының тарихи- географиялық аумағы

  2. Сарайшық қаласының саяси орталықтары

  3. Сарайшық қаласының гүлденуі

  4. Сарайшықта жерленген хандар жайлы мәлімет

  5. Маңғыт Жұртының орталығы болған Сарайшық

5-апта


№17 Сабақтың тақырыбы: ҮІ-ХІІ ғасырлардағы орта ғасырлы қалалар тарихы.

Жоспар:


1.Ашнас, Баршынкент қалаларының тарихы.

2.Түркістан қаласы.



Консультация

1.Шу өңірінің орта және төменгі ағыстары төрт ықшам ауданға бөлінеді: А1 - Боам шатқалынан Шөміш тауына (Қордай ауылы, Шөміш өткелі) дейін; А2 -Алатаудың Бішкек - Құлан аралығы; АЗ — Шөміш тауынан Иткешу өткеліне (Шуға Құрағатты өзенініің құйған жеріндегі) дейін; А4 — Иткешу өткелінен Жайлаукөлге дейін.

А1 — Алатау мен Шу-Іле тауларының тау аралық белдіктерінің тілімделген тау етегі шлейфін және көлбеу беткей жазықгарын алып жатқан бұл ықшам ауданда 57 ортағасырлық ескерткіш белгілі, олар: 7 ұзын қорғанды қала, 37 төрткүл, 5 төбе және 8 бұзылған мекен.

А2 — Бішкектен Құланға дейінгі аралықта Алатаудың тау аралық белдігінің тілімделген тау етегі шлейфін және көлбеу беткей жазығын алып жатқан бұл ыкшам ауданда 64 ортағасырлық ескерткіш ашылған, олар: 11 ұзын қорғанды қала, 30 төрткүл, 18 төбе және 5 бұзылған мекен.

АЗ — Шөміш тауынан Иткешу өткеліне дейінгі аралықгағы төбелі — далалы және нашар тілімделген жазықгарды алып жатқан бұл ықшам ауданда 34 ортағасырлық ескерткіш белгілі, олар: 3 ұзын қорғанды қала, 10 төрткүл, 20 төбе және 1 бұзылған мекен.

А4 — Иткешу өткелінің Жайлаукөлге дейнгі шөл және шөлейт белдеулерді алып жатқан бұл ықшам ауданда 24 ортағасырлық ескерткіш белгілі, олар: 8 төрткүл, 15 төбе және 1 бұзылған мекен.

Сонымен, Шу өңіріндегі ғылымға белгілі ортағасырлық ескерткіштердің жалпы саны 179, олар: 21 ұзын қорғанды қала, 85 төрткүл, 58 төбе және 15 бұзылған мекендер.

2. Орта ғасырлық Түркістан қаласының тарихымен оның орта ғасырлық мәдениетімен толық танысу барысында қалалардың гүлденуі және орта ғасыр кезінде өзіндік ерекшелігі бар қала екендігінің маңыздылығы.Түркістан, Ясы - қала, Түркістан ауданының орталығы. Сырдарияның оң жақ жағалауында, Қаратау жотасының етегінде. Қаланың іргетасы б.з. 1 - мыңжылдықтың бас кезінде қаланған. Археологтар Түркістан қаласының тарихы теренде жатқаньш дөяелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы аймақта тас дөуірі ескерткіштері — Шоқтас, Қошқорған бұл еңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін керсетеді. Б.з.б. 2-мыңжыддықтан Түркістан қаласы төңірегшде Қазақстанның басқа да өңіріндегідей Андронов мәдениетін жасаушылар турған. Түркістанның ежелгі аты — Ясы. Археологтар ертедегі Ясының орны қазіргі Күлтөбеге сөйкес келетінін дөлелдеп отыр. 7—12 ғасырларда Түркістан теңірегі Шауғар өңірі атанған. Бұл өңір Түрік қағанатына қарады. 9 ғасырларда қарлұқтар мен оғыздардың қол астывда болды. Бұл өңірге 809-19 ж. аралығында Хорасан билеушісі әл-Манун, 10 ғасырдың соңында саманилік билеуші Наср жаулаушылық жорықтар жасаған. 12 ғ-дың 1-ширегінде қидандар шабуылынан Шауғар құлағаннан кейін, Ясы өлкенің орталығына айналды. Қожа Ахмет Ясауи осында келіп қоныс тепкен кезде атақ даңққа бөленді. Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болғаннан кейін оның қабірі басына мазар тұрғызылды. Ол қасиетті орын деген атқа ие болды. Қаланың Ұлы Жібек жолының бойында, Дешті Қыпшақ пен Орта Азияның аралығында болуы, географиялық жағдайдың қолайлылығы, сонымен бірге адамдардың мазарға тәуеп етуі, сауданың қызу жүруі елді мекеннің өркендеуіне ықпал етті. Ясы қаласы туралы деректер 13 ғасырда жарық көрген Киракос Гаңдзакешщдің "Армения тарихы" атты еңбегінде кездеседі. Бұл еңбекте Ясы қаласы Асон деген атаумен берілген. Ясы атауы 14 ғасырдан бастап тарихи шығармалардың беттерінде жиі көріне бастады. Шараф әд-Дин Әли Йездидің хабарларьша қарағанда, 1388 ж. Ясыны Тоқтамыстың әскерлері талқандап, түрік тайпаларының қасиетті мекеніне айналған Қожа Ахмет Ясауи мазарын тонайды. Әмір Темір Тоқтамысты талқандағаннан кейін жаулап алған олжаның бір бөлігін Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салуға жұмсайды.


Бақылау сұрақтары.

  1. Баршынкент қаласының географиялық аймағы

  2. Баршынкент қаласына Моңғол шапқыншылығы

  3. Атақты ғалым Жамал Карши Баршынкент қаласына деген көзқарасы

  4. Баршынкент қаласы жайлы зерттеушілердің ой-пікірлері

  5. Баршынкент қаласының аталуы жайлы зерттеуші ғалымдардың ой-пікірлері


Глоссарий

1. Қоныстар.

2. Тұрақ.

3. Қалалар.

4. Мәдени қабат.

5. Таза шөгінді.

6. Обалар.

7. Археологиялық ескерткіш

8. Рабат

9. Археология

10. Археологиялық кезең

11. Археологиялық бос кеңістік

12. Археометрия

13 Археологмялық кешен

14. Археологиялық мәдениет

5-апта

1,0-балл

18 Сабақтың тақырыбы: Талас және Шу өзені бойындағы қалалар.



Жоспар:

1.Тараз саудагерлер қаласы.

2.Самарқанд, Бұхара, Құлан қалаларының дамуы.

Консультация

1.Солтүстік шығыс Жетісу немесе Іле өңірі оңтүстік-батысында Шу-Іле тауларымен және Іле Алатауымен, солтүстік-шығысында Алакөл жағалауына дейін, солтүстігінде – Балқаш көлімен және оңтүстігінде Жоңғар жотасымен шектесіп жатыр. Бұл өңірдің қалалары туралы алғашқы деректерді Ш. Уалихановтан кездестіреміз. Әр жылдарда Іле өңірін Н. Н. Пантусов, Г. В. Фишер, В. В. Бартольд, А. Н. Бернштам, Т. В. Савелева және К. М. Байпаков зерттеген. Іле өңірінің ортағасырлық қалалары Талғар қаласының төңірегінде Іле Алатауы мен Тянь-Шань сілемдерінің солтүстік беткейінде, Іле өзенінің төменгі ағысында Жоңғар тауалды жазығында шоғырланған.

Талғар қаласы Алматы қаласынан 25 км оңтүстік шығыста, Талғар өзенінің оң жағасында орналасқан. Көлемі 300x298x280x302 метр, аумағы 9 – га. Талғар қаласының аймағында Талғар 1, 2, 3, Қайназар, Қызылқайнар, Алатау, Раздолье, Жаңа Алексевка елді мекендері мен қалалары орналасқан.

Іле Алатауы мен Тянь-Шянның солтүстік беткейінде Ақсеңгір, Қастек, Қаскелең, Алматы 1, Алматы 2, Есентай, Түркісіб, Ақсай, Тереңқора, Жақсылық, Молдахмет, Шелек, Киікбай, Саржаз, Кеген, Сүмбе, Басшы, Қарашоқы, Шеңгелді және т. б. Қалалар бар.

Ортағасырлық Сүмбе қаласы Сүмбе ауылының солтүстік шетінде Кетпен жотасының етегінде орналасқан, көлемі 230x140м, биіктігі 5-6 м. Оны қоршаған ордыі ені 10 м, тереңдігі 2- 2,5м. Қалада жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде оның 8-12 ғасырлар кезінде өмір сүргендігі анықталды.

Іле өзенінің төменгі ағысында Көктал 1, 2, Бояулы, Ақтам, Ағашаяқ, Қарамерген, Барысхан қалалары бар.

Жоңғар тауалды жазығында Биже 1, 2, Дүнған, Тамды, Теңлік, Айнабұлақ, Қапал, Арасан, Мешіт, Қызылтаң, Еңбек 1, 2, Жаңалық, Қызылқайың, Қарауылтөбе, Көкирім, Шержетем, Бақалы, Ақмола, Антоновка қалалары бар.

Кең көлемді қазба жүмыстары Антоновка қаласында жүргізілді. Соның нәтижесінде қаланың тарихи-топографиялық құрлымы түсіріліп, будда храмы, «бай адамның үйі», монша жіне басқа құрылыс қалдықтары ашылды. Қазба кезінде табылған заттай деректер бойынша Антоновка қаласының 8-13 ғасырдың басында өмір сүргендігі анықталды.

Осы өңірде төрткүл тәрізді елді мекендер мен қалалар кең таралған. Олардың қатарына Қызылқорған, Ағарту, Лепсі, Теректі, Қарғалы қалалары бар. Жалпы, Іле өңірінде төрткүл тәрізді қалалар мен елді мекендер кең таралған.

2.Ортағасырлық Самарқанд, Бұхара, Құлан қалаларының дамуы тарихы мен сондай-ақ Орта Азия территориясында орналасқан қалалар мен толық танысу.

Еліміздің оңтүстік Астанасы Алматы қаласының негізі 1854 жылы Кіші Алматы өзенінің жағасында салынған «Верный» атты орыс бекінісімен байланысты. Сол себепті 2004 жылы қала халықы Алматының 150 жылдық мерекесін атап өтті. Шын мәнінде Алматыға 150 жыл ма?

Қаланың шын жасын анықтау тарихи жазба деректерге көңіл аударсақ Рашид - ад Дин (1274-1318) өзінің «Джами ат таварих» атты еңбегінде Х – ХІІ ғасырлар кезіндегі оқиғаларды суреттей келіп, Оғыз хан өзінің бір сапарында Алмалық облысындағы Алатагқа (шамасы, бұл жерде Алатау – М.Е.) Қазіргі Алмыты қаласының олрнынан ХІІІ ғасырдың үшінші ширегімен – ХІҮ ғасырдың басында соғылған теңгелер шекарашылап учелищесінң жанынан 1979 жылы табылды. Осы теңгелерді зерттеген шығыстанушы – нумизмат Н.В.Настич қазіргі қаланың орнында ХІІІ ғасырда теңге соғатын сарай болуы мүмкін деген болжам жасады. 1990 жылы бетінде таңбасы бар тағы екі теңге табылды. Осы теңгілердің бірінің бетіндегі жазуды Н.В.Настич «Алмату» - қазақша «Алматы» деп деп аударды.

Жалпы қзіргі Алматы қаласы тұрған жерде қола ғасырның, сақ, үйсін кезеңдерінің обалары мен оба қорымдары, елді мекендері белгілі, және олардың бірқатарында археологиялық қазба жұмыстары да жүргізілген.

Ортағасырлық Алмату - Алматы қаласы ортағасырлар кезінде Ұлы Жібек жолының Іле өңірі арқылы өткен Солтүстік тармағының бойында орналасқан ортағасырлық қалалардың бірі болған. Осы қаланың әртүрлі бөліктерінен табылған археологиялық заттарға (ыдыс сынықтары, металдан жасалған затттар, және т.б.) заттарға қарағанда қаладағы тіршілік ҮІІІ ғасырдың соңы – Х ғасыр кезінде-ақ қалыптасып дамыған. Бұл қаланың тез өсіп гүлденуіне Ұлы Жібек жолы мен Іле өңірі арқылы өткен ортағасырлық керуен жолдарының ықпалы зор болған. Х-ХІІІ ғасырлар кезінде қазіргі Алматы қаласы орналасқан жерде бірнеше ортағасырлық қалалар мен елді мекендер болғаны белгілі. Солардың бірі Алматы 1 қалашығы – ол қазіргі қаланың «Таулы қырат» бөлігінің оңтүстік жағында орналасқан. Жобасында төртбұрышты болып келген төбенің көлемі 140х150 м, бұрыштары дүниенің төрт жағына қарай бағытталған, оған солтүстік-батыс жағынан жалғасып жатқан төбенің көлемі 85х40м, оны сыртай жал қоршап жатыр. Қалшықты сырттай қоршаған қамалдың қалыңдығы 2-2,5 м, мұнараларының биіктігі 3 м, қақпа оңтүстік қабырғаның ортасында орналасқан. Қалшық таудан ағатын өзектердің ортасында тұр. Алматы 1 қалашығында жүргізілген шағын көлемді қазба жұмыстарының барысында оның мәдени қабатының қалыңдығы 1,8-2,2 м екендігі белгілі болды. Қалашық ІХ – ХІІІ ғасырлар кезінде өмір сүрген.



Каталог: CDO -> 2012-2013
2012-2013 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті Оқу түрі: : күндізгі Факультет: Гуманитарлық білім
2012-2013 -> Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы
2012-2013 -> Семинар: «абайдың АҚын шәкірттері»
2012-2013 -> Биология-химия кафедрасы
2012-2013 -> Жұмыс бағдарламасы Пән : Иммунология
2012-2013 -> Бағдарламасы Жетісай 20 ж Құрастырған: Р. А. Кошкаров Кафедра мєжілісінде қаралған
2012-2013 -> «Химия және биология факультеті «Биология және химия» кафедрасы. “Омыртқасыздар зоологиясы” пәні бойынша
2012-2013 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Топырақ биологиясы Оқу түрі: күндізгі Факультет: Химия және биология
2012-2013 -> Қарапайымдардың ішінен тұрақты дене пішініне ие емес өкілдері бар класын атаңдар
2012-2013 -> Тестік сауалнама


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет