Филология факультетінің деканы, ф.ғ. к.: Қадыров А. Қ. Мазмұны


Дәріс 5. 1.Қазтуған жыраудың өмірі, шығармашылығы. 2.Қазтуған жыралына әдеби талдау. Дәріс 6



бет2/9
Дата28.04.2016
өлшемі1.5 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Дәріс 5.

1.Қазтуған жыраудың өмірі, шығармашылығы.

2.Қазтуған жыралына әдеби талдау.

Дәріс 6.

1. Шалкиіз Тіленшіұлының өмірі, шығармашылығы.

2. «Би Темірге бірінші толғауы»

3.Толғаулардың көркемдік ерекшелігі.



Дәріс 7.

1.Доспамбет жыраудың өмірі, шығармашылығы.

2.Толғауларының поэтикалық тілі.

Дәріс 8.

1.Жиембет жыраудың өмірі, шығармашылығы.

2.Шығармашылығының маңызы.

Дәріс 9.

1.Марғасқа жыраудың өмірі, шығармашылығы.

2.Көркемдік ерекшелік.

Дәріс 10.

1.Тәтіқара ақынның өмірі, шығармашылығы.

2.Шығармашылығына талдау.

3.Жырларының маңызы.



Дәріс 11.

1.Үмбетей жыраудың өмірі, шығармашылығы.

2.Өлеңдеріне талдау.

3.Толғауларының құрылысы.



Дәріс 12.

1.Ақтамберді жыраудың өмірі, шығармашылығы.

2.Ақын өлеңдеріндегі үгітшілдік сарын.

3.Суреткерлік талант.



Дәріс 13.

1.Бұқар жыраудың өмірі, шығармашылығы.

2. Абылай туралы толғаулары.

3.Шығармашылығы өз заманының әлеуметтік - саяси келбетінің айнасы.



Дәріс 14.

1.Шал ақын өмірі, шығармашылығы.

2.Ақын шыққан орта.

3.Шығармашылығын талдау.



Дәріс 15.

1.Көтеш ақынның өмірі, шығармашылығы.

2.Поэтикалық тілі.

3.Толғауларының маңызы.



2.3. Семинар тақырыптары

1 семинар

1.Жыраулар поэзиясының даму жолдары.

2.ХҮІІІ ғасыр әдебиетінің басты сипаты.

2семинар

1 Жыраулар мұрасы және қазақ халқының елдік тарихы.

2 Жыраулар мұрасының қазақ әдебиетіндегі орны.

3 семинар

1 Жыраулар мен ақындар мұрасының көркемдік

ерекшелігі.

2.Ақын және жырау.

3.Ғалымдар пікірі.

4 семинар

1.Асан қайғы жыраудың өмірі, шығармашылығы.

2.Асан туралы аңыздарға тоқталу.

5 семинар.

1.Қазтуған жыраудың шығармашылығы.

2.Шығармашылығының зерттелуі.

6 семинар

1.Шалкиіз Тіленшіұлының өмірінен мәлімет.

2 шығармашылығына әдеби талдау.

3. Жырларының тәрбиелік мәні.



7 семинар

1.Доспамбет шығармашылығының зерттелуі.

2.Доспамбет толғауларының маңызы.

8 семинар

1.Жиембет шығармашылығы.

2.Шығармаларының жиналып, зерттелуі.

9 семинар

1.Марғасқа жыраудың өмірінен мәлімет.

2Толғауларына әдеби талдау.

10 семинар

1.Тәтіқара ақынның шығармашылығының жиналып, зерттелуі,

2.Тәтіқара ақынның шығамаларының тәрбиелік мәні.

11 семинар

1.Үмбетей шығармаларының жиналып, зерттелуі.

2.Толғауларның тақырыптары.

12 семинар

1.Ақтамберді жыраудың шығармаларының жиналып, зерттелуі.

2.Поэтикалық тілі.

13 семинар

1.Бұқардың ХҮІІІ ғ. қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілі болғандығы.

2.Бұқар шығармашылығын жинастырған атақты Мәшһүр Жүсіп Көпеев жайында.

14 семинар

1. Шал ақын өмірі, шығармашылығы.

2.Шығармаларының көркемдік ерекшелігі.

15 семинар

1.Көтеш ақын өмірі, шығармашылығы.

2.Шығармаларына әдеби талдау.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық.

2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993

3.Сүйіншәлиев Х.ХҮІІІ-ХІХ ғ. Қазақ әдебиеті-А., 1961

4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991

5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971

6.Ақберен.Жинақ-А.,1972

7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984

8.Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993

9.Әдеби мұра және оны зерттеу.-А.,1961

10.Әуезов М. Әдебиет тарихы. А.,1991

2.4. Студенттердің оқытушының басшылығымен орындайтын жұмысы шеңберіндегі тапсырмалар.

1. «Халқымыздың ұлы ұландары» жыраулар шығармашылығында /толғау эссе

жазу/

2. «Жырау және тарих» ғылыми сипатттағы мақала әзірлеу.



3. Жыраулар толғауларындағы архайзім, тарихи көнерген мағынасы түсініксіз сөздер./текстологиялық талдау/

4 . Жыраулар поэзиясында кездесетін метафораны теру.\кортотека\

5.Жыраулар поэзиясында кездесетін образдарға тән нышан –элементтерге.\кортотека\

6. Жыраулар поэзиясы және батырлар жыры / реферат 13-15 бет/

7. Жыраулар атынан болашақ ұрпаққа хат-аманат жазу.\толғау-эссе\.

8. Ақтамберді мен Шалкиіз жыраулардың шығармаларыны.\әдеби талдау\.

9. Жыраулар сөзі тарих шежіресі./реферат/

10. Үмбетейдің жеке адамдарға арнау жырларына қарап отырып \.шығарма-эссе\

11. Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай /тарих және көркемдік шындық./реферат/

12. Жыраулар поэзиясын салыстыру/кортотека/

13. Көтеш,Шал,Тәтіқара ақындардың шығармалары./талдау/.

14.Шалкиіз, Доспамбет, Қазтуған жыраулардың шығармаларындағы архаизмдер./кортотека/

15. «ХV-ХVIII ғасырлардағы қазақ әдебиетінің мәселелері» /конспект 9-10 бет көлемінде/

2.5. Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмысы шеңберіндегі

тапсырмалар.

1.Қазтуған жыраудың «Мадақ жыры» өлеңін жаттау.

2. Асан қайғының «Еділ бол да, Жайық бол» өлеңін жаттау.

3. Доспамбет жыраудың «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауын жаттау.

4. Шалкиіз жыраудың «Ер Шобан» өлеңін жаттау.

5.Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы ер Есім» өлеңін жаттау./44 жол/

6.Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» өлеңін жаттау.

7.Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауының 1 бөлімін жаттау.

8.Тәтіқара жыраудың «Қамыстың басы майда, түбі сайда» өлеңін жаттау.

9. Үмбетей жыраудың «Бекболат биге» өлеңін жаттау.

10. Бұқар жыраудың «Бірінші тілек тілеңіз» толғауын жаттау./11 тілек/

11. Көтеш ақынның «Күрелгінің бауыры күнде дауыл» өлеңін жаттау.

12. Шал ақынның «Өлімнен құтылмассың қашсаңдағы» өлеңін жаттау.

13.Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» романының «Орыс елі,Хан Кермен»бөлімдері.\ауызша\.

14.М.Мағауиннің«Аласапыран»романының«Қазақдаласы,Ібір-Сібір жұрты»бөлімдері. \ауызша\

15.Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» романының

«Бұлғақ» бөлімі.\ауызша\.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық.

2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993

3.Сүйіншәлиев Х.ХҮІІІ-ХІХ ғ. Қазақ әдебиеті-А., 1961

4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991

5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971

6.Ақберен.Жинақ-А.,1972

7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984

8.Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993

9.Әдеби мұра және оны зерттеу.-А.,1961

10.Әуезов М. Әдебиет тарихы. А.,1991

11.Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры»

12.Бес ғасыр жырлайды А., 1 том Жазушы 1984

13. «2000 жылдық дала жыры» Қазақ энциклопедиясы., 2000

14.Қазанғап Байболұлы Еңсегей бойлы ер Есім А., Жалын., 2005

15.Дала даналары, 2001 «Қазақстан даму институты» /Қазтуған, Асан қайғы, Шалгез, Доспамбет, Бұқар/

16.М.Мағауин «Аласапыран» романы

17.М.Мағауиннің 13 томдық шығармалар жинағының 3, 4, 8, 11 томдары

18. Абай энцклопедиясы. А.,1995 ж.

19. Ай, заман – ай, заман – ай (2 томдық) А., 1991 ж.

20. Алқаласа әлеумет. А., 1991ж.

21. Ақынжанов М. Қазақтың тегі туралы. А., 1957

22. Әбілқасымов Б. 18 – 19 ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің жазба нұсқалары. А., 1988 ж.

23. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. А., 1973 ж.

24. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. А., 1959 ж.

25. Бердібаев Р. Жыршылық дәстүр. А., 1980 ж.

26. Бердібаев Р. Кәусәр бұлақ. А., 1989 ж.

27. Жұмалиев Қ. 18 – 19 ғасырлардағы қазақ әдебиеті. А., 1967 ж.

28. Зар заман. А., 1993 ж.

29. Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы. А., 1988 ж.

30. Қасымжанов А. Ұлы даланың зиялылары. А., 1996 ж.

31. Қалиев С.15 – 18 ғасырлар ақын – жыраулар поэзиясындағы пеедагогикалық ой - пікірлер. А., 1987 ж.

32. Мұқанов С.Қазақтың 18 – 19 ғасырларындағы әдебиет тарихынан очерктер. А., 1942 ж.

33. Негімов С. Ақын – жыраулар поэзиясының бейнелілігі. А., 1991 ж.

34. Өміралиев Қ. 15 – 19 ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі. А., 1976 ж.

35. Радлов В. Алтын сандық. А., 1993 ж.

36. Сейфуллин С. Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары. А., 1931 ж.

2.6. Курс бойынша емтихан сұрақтары:

1. Ақын мен Жыраудың айырмашылығы.

2. Шал ақын мұрасы

3. Қазтуғанның мадақ жырын жатқа айтыңыз.

4. Доспамбет жырау толғауларындағы дәуір көрінісі.

5. Сыпыра жырау.

6. Жыраулар поэзиясындағы қайталау құбылысы.

7. Үмбетей жырау Тілеуұлы.

8. Шалкиіз поэзиясының ерекшелігі.

9. Бұқар жыраудың бір толғауын жатқа айтыңыз.

10. Тәтіқара ақын шығармашылығы

11. Бұхар жыраудың Абылай ханға арнаған толғаулары.

12. Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауын жатқа айтыңыз.

13. Асан қайғы жыраудың өмірі мен шығармашылығы.

14. Бұқар жырау шығармаларындағы ел бірлігі.

15. Адамның жас ерекшелігін жырлаған жыраулар (мысал келтіріңіз).

16. Бұқар өмір сүрген кезең және шығармашылығы.

17. Шал ақын мұрасы.

18. Жыраулар мұрасының көркемдік ерекшелігі.

19. Кет-бұға, Сыпыра жыраулардың толғаулары.

20. Марғасқа жырау.

21. Жыраулар мұрасының көркемдік ерекшелігі.

22. Ақтамберді жыраудың шығармашылығы.

23. Марғасқа жыраудың басты тақырыбы.

24. ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы тарихи жағдай.

25. Жиембет жыраудың өмірі мен шығармашылығы.

26. Асан қайғы өмір сүрген дәуір.

27. Шалкиіз есіміне байланысты пікірлер.

28. Қазтуған жыраудың өмірі мен шығармашылығы.

29. Үмбетей жыраудың Бөгенбай батырға арналған толғаулары.

30. Бұқар жыраудың «Тілек» толғауын жатқа айтыңыз.

31. Көтеш ақын мұрасы.

32. ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы тарихи жағдай.

33. Жыраулар мұрасының көркемдік ерекшелігі.

34. Үмбетей жыраудың шығармашылығы.

35. Шалкиіз жыраудың философиялық ой-толғамдары.

36. Асан қайғының «Еділ бол да Жайық бол» толғауын жатқа айтыңыз.

37. Шалкиіз жыраудың Би Темірге арналған толғаулары.

38. Шал ақын Құлекеұлы.

39. Жыраулар поэзиясының көркемдік ерекшелігі.

40. Шалкиіз жыраудың өмірі мен шығармашылығы.

41. Үмбетейдің «Бәкеге», «Бұқарға», «Жауқашарға» деген арнауларының

шығу тарихы.

42. Қазтуған жыраудың «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауын жатқа

айтыңыз.

43. Үмбетей жыраудың даңқын шығарған жырлары.

44. Доспамбет жырау толғауларындағы дәуір көрінісі.

45. Марғасқа жыраудың бір толғауын жатқа айтыңыз.

46. Доспамбет жыраудың өмірі мен шығармашылығы.

47. Бұқар жырау шығармашылығындағы ел бірлігі.

48. Жыраулар поэзиясының теңеу құбылысына мысал келтіріңіз.

49. Марғасқа жыраудың өмірі мен шығармашылығы.

50. Жиембет қай ханның тұсында өмір сүрді және сол ханға шығарылған

толғаулары.

51. Жыраулар поэзиясындағы қайталау құбылысы.

52. Доспамбет жырау.

53. Бұқар жырау толғауларындағы Абылай хан бейнесі.

54. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшелігі.

55. Бұқар жырау толғауларындағы Абылай хан бейнесі.

56. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері.

57. Шалкиіздің бір толғауын жатқа айтыңыз.

58. Асан Қайғы туралы ақиқат пен аңыз.

59. Көтеш ақын толғаулары.

60. Ақтамберді толғауларының әлеуметтік мәні, көркемдігі, сөз нақыштары.



Глоссарии.

  1. Ақын - поэзиялық туынды, өлең, жыр - дастандарды ауызша немесе жазбаша айтып шығаратын өнер иесі, халықтың көркемдік дәстүрлерін қалыптастырып, жалғастыратын сөз шебері.

  2. Арнау - әдеби шығарма басында берілетін, сол шығарманың кімге, қандай уақиға байланысты екенін көрсететін, көбінесе өлең түрінде келетін автор сөзі.

  3. Арнау өлеңбелгілі бір адам бейнесін, мін - сипатын суреттеп мақтап жазу дербес поэзиялық туынды.

  4. Дастан – парсы сөзі – тарихи әңгіме, ертегі, батырлар жыры деген мағынаны береді.

  5. Жылнама – тарихи жыл – жылға бөліп баяндау түрі.

  6. Жыр – қазақ халық поэзиясының бір түрі, жырлап айтатын уақиға, көлемді поэзиялық шығарма.

  7. Жырау – ауыз әдебиетінің ежелгі өкілдерінің бірі, қоғамдық мәелелерді қозғайтын толғау – жырлап айтушы.

  8. Жыршы – ауыз әдебиетінің дәстүрін сақтаушы, батырлық, тарихи, ғашықтық, жырлар айтып таратушы.

  9. Қиса - қазақ әдебиетіндегі кітаби ақындардың Шығыс әдебиеті үлгісіндегі сюжеттік шығармалары, дастандары, өлеңмен жазылған ертегі – хикаялары.

  10. Мадақ өлең – салтанатты оқиғаларды жырлауға арналған, біреуді қошеметтеу сипатындағы мадақ өлеңдер.

  11. Насихат өлең – уағыздар, ақыл–кеңес сарыны басым келетін өлең.

  12. Поэзия – көркем әдебиеттің ертеден қалыптасқан үлкен бір саласы, өлең жыр түріндегі шығарма.

  13. Поэма – оқиғаның өлеңмен баяндалып айтылатын, кейде жыр – толғау түрінде келетін көлемді шығарма.

14.Толғау – күрделі, көлемді лирикалық туынды, сюжетсіз поэма.

15.Түйдек (тирада) – қазақ поэзиясында жырда қолданылатын тармақтарды топтастырудың еркін түрі.

16.Ұйқас– өлең-жырларда тармақтың «өлең жолы» соңындағы бірнеше буынның келесі тармақтағы сәйкес буындармен үйлесуі «дыбыс үндестігі.»

17.Шабыт– өнер адамының шығармашылық қуатының шегіне жетіп тасқындауы,зор жігер,күш пайда болып, рухтануы.

18.Шайыр-«арабша ир»- ақын, орындаушы мағынасында.

19.Шешендік сөз -қазақ ауыз әдебиетінің жанры,ғибраттылық мәні,өнегелі ой- тұжырымы бар,айырықша тапқырлық танытатын нақыл сөз.

20.Шумақ- өлең- жырларда, дастан- поэмаларда өлең тармақтарының жолдарының белгілі ретпен топтасуы.




Дәрістердің қысқаша сипаттамасы.
Дәріс 1 Жыраулық поэзиясының даму жолдары
Дәрістің мақсаты:Жыраулық поэзияның ғасырлар бойы

қалыптасып,дамыған ұлт әдебиетінің ғажап көркемдік

құбылысы екендігін түсіндіру.

Тірек сөздер: Жырау, жыршы, жыр,толғау,шешендік оралымдар т.б.

Дәрістің жоспары: 1.Жыраулармен қоса ХVIII ғасырдағы ақындар поэзиясы

туралы.


2.Поэзияның көрнекті өкілдері Шал мен Көтеш ақын

жырларының негізгі сарыны-дін, этика, мораль

тақырыптар екендігі. .

3.Жыраулар шығармашылығының көбінің бізге

жетпегені, жеткендерінең өзіде текстологиялық

жағынан әлі де дәлелдей түсуді, аша түсуді керек

ететін тұстары бар екендігін түсіндіру.

4.Олардың туындыларын зерттеуші ғалымдар жайында

әңгімелеу.

5.Жырау толғауларын бізге жеткізуші ақындар туралы

да сөз қозғау.
Әдебиетімізде өзінің жанрлық белгі-сипаттары арқылы ертеден-ақ жеке сала болып дамыған ақындық және жыраулық поэзияның алатын орны ерекше. Көне дәуірлерден бері фольклорлық туындылармен өзектесе, жарыса дамып келген бұл сала халқымыз бастан кешкен тарихи оқиғалардың көркем шежіресі іспеттес ел тұрмысының сан алуан қырларын қамтып бейнелеуге әр кез елеулі үлес қосып отырған. Қазақ жырауларының сан ғасырлық шығармашылығын негізінен үш кезеңге бөліп қарастырған жөн сияқты. Бірінші топқа жыраулық дәстүрдің негізін қалаған алғашқы өкілдері: Қорқыт, Аталық, (Кетбұға), Сыпыра жыраулар жатады. Бұл дәуір XI-XIV ғасырларды қамтиды. Жыраулықтың қалыптасу кезеңін белгілейтін екінші топқа Асан қайғы, Қазтуған, Шәлгез, Доспамбет шығармалары кіреді. Мұның кезеңі XV-XVI ғасырлар. Үшінші топты жыраулықтың әбден толысып, кемелденген кезеңіндегі өкілдері: Үмбетей, Жиембет, Тәтіқара, Ақтамберді, Бұқар жыраулар құрайды. Бұған XVII-XVIII ғасырлар жатады. Сондықтан бұл кезеңдердің ерекшеліктерін ашып әңгімелеуді, ең алдымен, жыраулық поэзияның бірден-бір көрінісі – толғау жанрының қалыптасуынан бастау қажет дер едік.

Толғау – әдебиетімізде өзіндік ерекшеліктерімен көрініп, көне дәуірлерде туып қалыптасқан поэзиялық шығарманың бір түрі. Толғау қазақтың «жыр толғау», «толғап айту» деген сөзінен алынып, жеке термин ретінде әдебиетімізде кейінгі кеңестік дәуірде ғана қалыптасты. Толғаулар өзінің табиғи сипатымен жүйелі оқиғасы бар жырға тонның ішкі бауындай жақын, үндес. Бізге жеткен толғаулардың халық, өмірінің, аса бір жауапты, күрделі де қиын тұсында айтылып таралғанын аңғарамыз. Жыраулар толғаған суырып салма жырлар философиялық ойға құрылған тұжырымдарымен де, жеке адам бейнелерін жасаған салиқалы да тартымды мазмұнымен де дараланады. Мұнда ел, жер, халық тағдыры, болашағы жүйелі сөз болады. Осы ерекшелік мұны эпикалық жырларға көп ұқсатады.

Қазақ поэзиясы тарихына көз салсақ, толғаудың дербес жанр ретінде қалыптасуы ұзақ ғасырларға ұласқанын көреміз. Бұған әр тұста әр алуан жыраулар өз әлінше үлес қосып отырған. Соның нәтижесінде бұл жанр дәуір талабына сәйкес қалыпты фольклорлық үлгілерден біртіндеп оқшауланып, суырып салмалық дәстүрдің жаңа сипатты бір арнасын құрайды. Бұл әдебиетіміздегі даралық творчествоның ең әуелде тек поэзияда, оның ішінде жыраулық, ақындық толғау, жырларда тұрақтанып қалыптасқанын айқын аңғартады.

Әрбір әдеби туындылардың алғаш пайда болуы мен қалыптаса дамуы соның авторларының аренаға шығуымен тікелей байланысты десек, толғау жанрының ең алғашқы өкілдерінің бірі деп, ең алдымен, Сыпыра жырауды атай аламыз. Рас, оған дейін де кейбір деректерге қарағанда Ұлық жыршы, яки Аталық жыраудың (XIII ғ.) бар екенін білеміз. Тіпті бұдан ілгері, Шоқан Уәлиханов айтқандай: «Өзгелерге жыр жырлау өнерін үйреткен бірінші жыршы – Қорқыт» та бар. Өкінішке орай, Қорқыт атаның жырлары белгісіз бір себептермен бізге жетпей, оның орнына сол туралы тек үзік-үзік аңыздар мен әпсаналар ғана сақталып қалған. Ал, Ұлық жыршы, яки Аталық жырауға (кейде Кетбұға деп те аталады) келсек, оның «Жошы хан өлгенде әкесінің айтқаны» деген жалғыз жоқтау жыры мәлім. Осы Ұлық жыршы «Оғызнаме» дастанында да Оғыз қағанға жыр толғап, болашақты болжайтын керемет толғаулар айтады.

Дегенмен, әйгілі «Қорқыт ата кітабында» әрбір келелі оқиғаларды баяндау алдында үнемі Қорқыт атынан бірде Дерсе, енді бірде Баяндүр ханға арналып айтылатын сөздердегі «Қорқыт атам сөз сөйлеп, жыр толғады. Бұл хиқаяны өзі шығарып, өзі жырлады» деп үнемі қайталанып келетін жолдардың өзінен-ақ оның жырды суырып салып айтқан «Көмекей әулие» – жырау болғаны айқын аңғарылады. Осы баяндаулар өзінің арнау үлгісінде келуі мен ұлағатты мазмұны арқылы да қалыпты жыраулар поэзиясына жақын тұр. Бір кезде толғау түрінде айтылған бұл жырлар кейін қара сөзге айналған тәрізді. Бұлардан Сыпыра жырау жырларының табиғаты біршама өзгешелеу.

Сыпыра жыраудың аты да, толғауы да белгілі бір себептерге орай эпикалық жырлар («Ер Тарғын», т.б.) мен ертегілерде («Құбығұл», т.б.) ғана ұшырасады. Бұларда ол ел-жұртқа қадірлі ақыл иесі, көп жасап, көпті көрген дана, алдын болжағыш абыз, сәуегей кісі болып суреттеледі. Хан да, қара да ақыл таппай қысылып тығырыққа тірелгенде, көпті көрген көне Сыпырадан кеңес сұрайды. Мұның бәрінде де Сыпыра Алтын Орданың белгілі ханы Тоқтамыстың қасындағы көреген биі, кемеңгер ақылшысы ретінде сипатталады. Қазақ жырлары мен ноғай ертегілеріндегі Сыпыра бейнесі бір-біріне табиғи өте ұқсас, көп жасағаннан «адам көрер түсі жоқ, аузында отыз тісі жоқ» сиықсыз да ұсқынсыз қарт болып сипатталады.

Сол аңыз-ертегілер мен батырлық жырларда жиі аталып, «өзінің 180 жасаған өмірінде тоғыз ханды қолынан өткізіп, тоғыз ханды түзеткен» Сыпыра туралы тарихи деректер жоқтың қасы. Алайда, Сыпыра жырау туралы айтқанда, ең алдымен, білікті ғалым Ә.Марғұлан еңбектерін негізге алған жөн. Ол кісі дала эпостарын жасаудағы жалпы жыраулардың, соның ішінде Сыпыраның ролін өте жоғары бағалай отырып, оны «XV-XVIII ғасырлардағы көптеген қазақ ақындарының көшбасшысы және ноғай-қазақ эпостарын («Ноғайлы жыры») бірден-бір жасаушы кісі», – деп көрсеткен еді.

Заман талабына сәйкес жыраулар қашанда хан қасынан табылып отырған десек, бұған Сыпыра жырау өмірі де айқын дәлел. Ол әр алуан жырларда ең әуелі Тоқтамыс хан мен Ер Тарғын батырды татуластырушы, енді бірде Едіге мен Тоқтамыс арасындағы кек-жанжалды басушы, тағы бірде Тоқтамыс ханға қарсы көтерілген халық толқуын кемеңгерлікпен тоқтатушы данышпан ретінде көзге түседі.

Сөйтіп, жыраулар, көбінесе, өзінің көріпкел, болжағыштық, дана-кемеңгерлік қасиеттері арқылы әр кезеңде белгілі бір ханның қысылғанда, кеңес сұрар ақылгөй жыршысы, салауатты биі болғанын көреміз. Бұған дәлел ретінде көне дәуірдегі Қорқыт пен Дерсе, яки Баяндүр хан, Ұлық жыршы мен Оғыз қаған, Ұлық жыршы мен Шыңғыс ханнан бастап, бертінгі Сыпыра мен Тоқтамыс, Асан қайғы мен Жәнібек, Шәлгез бен, Би Темір, Жиембет пен Есім, Бұқар менен Абылай хандардың іс-әрекет, қарым-қатынастарын атай аламыз. Бұл туралы кезінде: «Әрбір хан өз қасында ақылшы болатын биді таңдағанда, ең алдымен, сөз тапқыш, өткір деген суырылған шешеннен, судырлаған ақыннан алатын. Бұлардың саяси салмағы зор болғандықтан, аузынан шыққан сөз де олқы болмауға тиіс. Көлденең кісі мін таба алмайтындай, қоржындай ауыр, оқтай жұмыр, өтімді болу керек. Бұлар қазақтың жоғарғы табынан шығып, ел меңгеру жолындағы саясат адамдары болғандықтан, көпке айтқан сөздерінің бәрі ел мұңына, ел қамына арналған сөздер болады», – деп М. Әуезов айтқандай, жыраулардың әлгіндей өз бастарындағы артық қасиеттерінен тыс, азулы жуан, саны көп рулардан шығуы да, тіпті өзінің ел тағдыры шешілетін ауыр кезеңдерде қол бастайтын әскербасы – батыр болуы да хан қасынан табылуға мәжбүр еткен. Олардың хан қаһарынан қаймықпай қашан да батыл сөйлеп, шындықты тайсалмай бетке басып айтуы да осыдан. Қазақ тағы «Әр ханның тұсында бір сұрқылтай» деген мәтелдің шығу төркіні де осы айтылған оймен терең сабақтас. Бұған ақындар өмірі де айғақ бола алады.

Сөз болып отырған Сыпыра тұлғасы үнемі біздегі батырлар жыры мен ертегілердің басты қаһарманы ретінде суреттелу арқылы өзінің жыр толғау мәнерімен де, көреген сәуегейлігімен де қалыпты жырау болып танылады.

Толғаудың қалыптасу кезеңінің ірі өкілдері болып саналатын Асан қайғы, Қазтуған, Шәлгез, Доспамбет, Ер Шобандар сол өздерінен бұрынғы қалыпты дәстүрді жалғастырып дамытуға үлкен үлес қосты. Соның нәтижесінде толғау жанры өзге жырлардан табиғаты бөлек жыраулар поэзиясының дәстүрлі де өнімді бір түріне айналады.

Толғау бұл кезеңде өзінің тақырыбының ауқымдылығы мен мазмұнының байлығы жағынан ғана емес, сыртқы құрылыс-түзілімі жағынан да түлеп толысып, халықты толғантқан күрделі мәселелерді жырлау дәрежесіне көтерілді. Осыған орай жыраулардың өз тұсындағы өмір көріністерін көркем бейнелеудегі әдіс-тәсілдері де өзгерді. Олар адам мен адам арасындағы әр алуан имандылық, ізгілік, адамгершілік қатынастарды (жақсы мен жаман, достық, дұшпандық) сөз еткенде, көбінесе, өмірде бар танымал құбылыстарды әдейі салғастыра алып, ойдың ұтымдылығы мен тиімділігін еселеп арттыруға мән берді. Осыған орай сол толғаулардың бір алуанында айтушының оқиғаға қарым-қатынасын білдіретін көңіл-күйі мен сезім-талғамы басым болып отырса (Қазтуған, Доспамбет жырлары), енді бір тобында мақал-мәтел іспеттес, өмірлік қорытынды, түйінді толғам, дидактикалық, әлеуметтік мазмұн сарапталады (Асан қайғы, Шәлгез).

Толғау жанрының қалыптасып, өркен жаю кезеңі жырлары өз атымен келіп жеткен Асан қайғы творчествосынан басталады. Бұл тұста толғаудың әлеуметтік, қоғамдық мәні артып, арнау, дидактика үлгісіндегі жырлармен толыса түсті. Бұған Асан қайғы өмір сүрген кезеңнің қат-қабат қиындығы мен күрделілігі де елеулі әсер етті. Керей мен Жәнібек бастаған елдің көшіп, Шу бойында жеке хандық құруының өзі өте маңызды мәселе еді. Жырау осы көші-қонға қарсы болса да, болашаққа зор үміт артып, қазақтың алғашқы ханы Жәнібектің (XV ғ.) ел басқару ісіне жиі араласып отырады. Осы мәселелерге сәйкес ол «Әй, хан, мен айтпасам білмейсің», «Қырында киік жайлаған», «Алты атанға қос артып» атты толғауларын тудырып, ел бірлігі мен іргелі қоныс жайына арнайы тоқталады, ханның мін-кемшіліктерін бетіне айтады. Бейғамдықпен мен-менсінудің, мастанудың жақсылыққа алып келмейтінін ескертеді.

Жайлы мекен, жақсы қоныс, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» дәуірді аңсау сол кездегі заман талабынан туған түйінді мәселе еді. Батыстан төнген зор қауіптің болар зардабын Асан қайғы жұрттан бұрын болжап, терең түсінді. Жыраудың «Алты атанға қос артып, тынбай алты жыл қоныс қарауы» да сол болашақ бодандықтың алдын алу болатынды. Асан қайғы құтты қонысқа жаяулап келіп, «өлтірмей жаныңды алатын, бауыздамай қаныңды ішетін» зұлым отаршылдарды шортан бейнесінде сипаттап, мұның әсте болмай қоймайынын, одан құтылудың жолы тек Жиделібайсынға көшу екенін тектен-текке айтпаса керек. Осыны ойламай, «ішкенге мас, жегенге тоқ» Жәнібек ханды жырау өлтіре сынайды. Бұл Асан ата болжаған мәселенің немен тынғанын біздер көріп, бармақ шайнап бастан кешіріп отырмыз. Сол жұмбақтың байламды шешімін кезінде Бұқар жырау да Абылай хан сұрағына орай тап басып шешіп берген еді. Бұған қарсы тұрар, қорғап қалар күштің сол тұста болмағаны жұртқа мәлім. Міне, осы жәйт Асан қайғының «Мұнан соң қилы-қилы заман болар» атты толғауының тууына себеп болғаны мәлім. «Жау жағадан алғанда, ит етектен» дегендей, қалмақ басқыншылығы да қазақ еліне оңайға түскен жоқ. Көп қырғын, сансыз шығынмен халқымыз бұл күндері тәуелсіздікке ие болып отырса да, сол қауіптің ызғарынан әлі де біржола құтылып кеткен жоқ.

Асан қайғы жырларынан жалпы жыраулар поэзиясына тән белгі-сипаттардың мол ұшырасуы да заңды. Толғамы терең күрделі ойды мейлінше ұшқырлап әрі дәл, әрі ұтымды етіп жеткізу үшін, жыраулар, көбінесе, күнделікті өмірде жиі ұшырасатын танымал көрініс-құбылыстарды өзара салыстыру арқылы өз ойын орағыта жұмбақтап бейнелейтін болған. Рас, адамның сезім күйін табиғат көріністерімен ұштастыра сипаттау әдебиетімізде бұрыннан бар. Мұның әдемі үлгілерін тұрмыс-салт жырлары мен лиро-эпикалық дастандардан да ұшыратамыз. Алайда, әдеби дамудың әр қилы даму көріністері секілді мұның да жаңа, күрделі сипаттармен толысып, кемелдену кезеңдері болатыны даусыз. Сондықтан осы ерекшелік Асан қайғы толғауларында өмірлік құбылыс пен адамдар арасындағы қатынасты бейнелеудің тұрақты тәсіліне айналды. Өзінен бұрынғы жырауларда бұл жалпылық мәннен жекелікке ауысып отыратын болса, Асан творчествосында, керісінше, үлгілі де өсиетті нақты көріністерден үлкен жинақтауларға ойысатынын көреміз. Көбінесе мұндай жинақтаулар жырау көздеген белгілі бір мақсатқа орай дәлелдеуге жатпайтындай ұлағатты шындық ретінде де ұсынылады.

Сөз болып отырған кезеңдегі жыраулар тобынан Қазтуған мен Доспамбет шығармаларын алып қарасақ, бұларда кір жуып, кіндік кескен атамекен мен туған елге деген махаббат, отаншылдық, сезімдер үлкен серпінмен сипатталады. Жыраулар, көбінесе, кешегі мен бүгінгі өмірді, өз басынан кешкен әр алуан ерлік пен қиыншылық сәттерді өзара салыстыру арқылы ой екшегенде, олардың ел мен жерге деген әлгіндей сүйіспеншілігі де нақтылық мәнге ие болып отырады. Айталық, Қазтуған өзінің «Алаң да алаң, алаң жұрт» атты белгілі толғауында атасы Сүйініш пен анасы Бозтуғанның бірі күйеу, бірі келін болып түскен құтты қонысы – айдынды Еділін еске алып тебірене толғайды. Бұл – өз елін, өз жерін беріле сүюдің әдемі үлгісі деуге тұрарлықтай асқақ жыр.

Ал, Доспамбет толғауларында осы сүйіспендік сарын бастан кешкен өз өмірін еске түсіру түрінде келіп, өскен ел, туған жерге деген ыстық махаббатпен өріледі. Жырау өзі есейіп, ер жеткен оттай ыстық ата-мекенін сыртқы жаудан қорғаудан артық мақсат жоқ деп санап, бүкіл күреске толы өмір жолын еске ала жырлайды.

Доспамбет толғауларындағы секілді асқақ әуен, айқын мұратты сипаттау кейде жыраудың өз бейнесін өзі жасау талабымен ұштасып отырады. Мұндай құбылыс біздің әдебиетімізде бұрын-соңды ұшыраса қоймаған жәйт. Айталық, Қазтуған жырау «мұздай үлкен көбелі екі шекесін» айтумен шектеліп қалмай, өзінің «сұлтандайын жүрісті», «айдаса қойдың көсемі, сөйлесе қызыл тілдің шешені», «қашағанның ұзын құрығы, қалайылаған қасты орданың сырығы», «буыршынның бұта шайнар азуы, бидайықтың көл жайқаған жалғызы» екеніне дейін қалдырмай тәптіштеп суреттейді. Мұндай өзінің елден ерек қасиеттерін кейде көтеріп, кейде бәсендете айту ара-тұра Шәлгез (Шалкиіз) жырларынан да ұшырасады. Ол – әдебиетімізде енді ғана туып, орныға бастаған толғау жанрының өркендеп дамуына ерекше үлес қосқан жырау.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет