Фк-03-3к2 тобының студенті Қошқарова Алияның «Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің эмоционалды-ерікті аумағының психологиялық ерекшеліктері»


Балалар үйіндегі жасөспірімдердің эмоционалды-еріктік ерекшеліктерін теориялық талдау



бет3/6
Дата28.04.2016
өлшемі0.87 Mb.
1   2   3   4   5   6

1.2 Балалар үйіндегі жасөспірімдердің эмоционалды-еріктік ерекшеліктерін теориялық талдау

Жанұядан тыс тәрбиеленген балалардың (балалар үйінде және интернатта тәрбиеленушілер) дамуы жайында көптеген манандар кейбір мүгедектің түрінің сапасы ретінде байланыстырып қарастырады. Баланың жанұялық ортасының атмосферасы жеке адамның өсіп-дамуы сапасын анықтайды. Сонымен интернатта немесе балалар үйінде тәрбиеленушілердің дамуы мен олардың мінез-құлық ерекшеліктеріне А.М.Прихожан және Н.Н.Толстой көп жылдық зерттеу жүргіз. Олардың зерттеуінің қорытындысы бойынша жетімдердің психологиялық ерекшелігі жай ғана жағдай емес. Психикалық дамудың тежелуін ғана авторлар талдап қана қоймай, сонымен бірге баланың мінез-құлық дамуының сапасын қарастырған. Осы тұрғыда қазіргі кездегі психология мен педагогика ғылымы баланың психикалық ерекшеліктерін, эмоциясын, ойлауын, сөздік қорын, мінез-құлық ерекшеліктерін, ересектермен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын сипаттайтын бүтіндей бейнені береді. Баланың жеке адам болып қалыптасып даму сатысы әр жас кезеңіне байланысты құрылады және де сол тұста оның психикасының сапасы көрінеді. Ал балалар үйінде тәрбиеленушілердің психикасының қалыптасуы жанұяда тәрбиеленген балаларға қарағанда психиканың басқа заңдылықтармен ерекшеленеді. Баланың психикасының дамуына, жеке адам болып қалыптасуына оның біріккен ортасы үлкен ықпал етеді. Сол сияқты балалар үйінде тәрбиеленушілер де ортақ бір өмір сүру ортасын құрайды. Демек, жанұяда тәрбиеленген балалар өз қоршаған ортасында туыстық бауырмашылық сезімін туындатып үлкендермен және кішілермен қарым-қатынасын орынды жұмсап отырады. Балалар үйінде тәрбиеленушілердің үлкендермен қарым-қатынасы, өмірлік қабылдауы және мінез-құлқының қалыптасуы институционалды болып келеді, яғни сертті дәрежесінде түсіндірілген. Демек, балалар үйінде тәрбиеленушілердің психологиялық сипатының жалпы беталысы мынадай: олардың эмоцианалдық фоны тіпті кедей. Бұл мекемеде тәрбиеленушілер қоршаған орта талаптарына бейімделуі тиіс. Бұндай жетімхана секілді мекемелерінде балаларды тәрбиелеу және басқа да өмірлік тәжірибелерді баланың ерікті-эмоционалды дамымауына әкеп соқтырады. Осы тұрғыда И.А.Залысина, балалар үйінде тәрбиеленушілер мен жанұяда тәрбиеленуші балалардың уайымдау қажеттілігін салыстырмалы түрде зерттеген. Соның нәтижесінде мектепке дейінгі балалардың қоршаған ортадағы адамдарға уайым сезімін тудыруға қабілетті емес екенін дәлелдеген. Көбінесе олар басқа адамның сезіміне жауап беруде туындайтын реактивті уайымдау олар үшін бөтенсу сезімін тудырады. Ал И.А. Залысиның эксперименталды зерттеуінде жанұядағы балалардың тек ересектердің сезімін іздеп қана емес, сонымен қатар олармен серіктес ретінде өз сезімдерін белсенді бөлісіп отырады. Уайымдау мен сезімді білдіруді дамытудың қажеттілігі балалық шақтан-ақ қалыптасып ересек кезеңде дамыған қалыпта болады. Осындай бала мен ересектердің өзара қарым-қатынасын қажеттендіру үшін баланы ересек адамның алдында еркін ұстай алатындай, ойын ашып айта алатындай, сезімін толық жеткізе алатындай жағдай туғызу қажет. Қорыта келе, И.А.Залысинның зерттеулерінде балалар үйінде тәрбиеленушілердің эмоционалды аумағының дамуы жайлы сөз кеңінен қозғалған. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілер өздерінің бағасын жеткізе алмайды, олардың өз пікірі болғанымен де ересектердің пікіріне сүйенеді. Сондықтан да бұндай балалардың сезімін ашу үшін оларға жылы мереймен қарау қажет.

Сол сияқты балалар үйінде тәрбиеленушілердің психологиялық аумағы жайында А.М.Прихожан мен Н.Н.Толстой былай деп жазады: “Балалар үйінде тәрбиеленушілер үлкендермен қарым-қатынасында өзіне агрессиялық зейінді аударады”. Қарым-қатынас барысында туындайтын кикілжің жағдайларды шешуден балалар үйінде тәрбиеленушілер өздеріне жауапкершілікті артпайды, өздерінің мәселелерінің шешілу жолдарын қоршаған ортадан күтеді. Олардың бойында қоршаған ортаны кіналау сезімі, агрессия, өз кінәсін мойындау алмаушылық сезімдері осы мекемеде тәрбиеленуші балалардың бойында кикілжің жағдайды шешуді басым кездеседі. Бұл аталған ерекшеліктер “қорғаныш білімін тудырады”. Олар қиын ситуациядан шығуға талпынудың орнына аффективті әрекетке жүгінеді де өкпе сезімін туындатын жауапкершілікті басқаның мойына артады. Бұл көрсетілген ерекшеліктер жетім балалардың эмоционалды еріктік аумағының қалыптасуын сипаттайды. Яғни осыдан бұл жағдайға қоршаған орта кінәлі ме? деген сұрақ туындайды. Балалардың мұндай мекемеге тапсырылуы әртүрлі себептерге байланысты екендігі барлығымызға да белгілі (ішкілікке салыну, ата-анасының дүние салу, материалдық жағдайлардың жетіспеушілігі, психикалық ауытқулар, ақыл-ойдың артта қалуы сияқты жағдайлар). Бұл факторлардың өзі қоғамдық ортаға ауырлықты тудыруы да аз емес. Бұл жайындағы мәселелер XVIII ғасырдан бастап қозғалып келеді. Мысалы, Гамбургтегі 1760 жылы мынадай сұрақты шешуде конкурс жарияланды. «Жетімдерді мекемеге тәрбиелеуге берген тиімді ме, әлде жанұяда ақша төлеу арқылы тәрбиелеген дұрыс па?» Сол кезеңде көптеген философ, ойшылдар, теологтардың пікірлерінше, қоғамдық мекемелерде тәрбиеленген дұрыс деген шешімге келеді. Осы жерде швейцарлық ұлы педагог Песталоцциді еске түсіруге болады. Яғни осындай идеяның туындауына байланысты сол кезедрі балаларды шағын топқа бөлген. Осы ситуацияның өзгерісі XX ғасырға дейін аса байқалмады. Содан бұндай мекемеде тәрбиеленушілер саны арта түсті.

Жетімдерді тәрбиелеудің тарихы адам тарихы сияқты көне боллып келеді. Оларды тәрбиелеу тарихи арнайы мекемеде қысқаша айтқанда көп уақытты құрайды. Ал, жетімдер жайлы ғылыми зерттеулер тарихы және интернеттегі шарттардың арнайы құрылымы тым қысқа. Сондықтанда ата-анасыз балаларға психологиялық көмек жайлы біз сөз қозғауымызға тура келеді. Ол мәселе дәл қазіргі жағдайдағы көз алдымызда өтіп жатқан мәселелерімен тығыз байланысты. Яғни бұл әлеуметтік-қоғамдық мәселелер қазргі таңда ең қажетті өзекті мәселе болғанымен де ол жайанда ғылыми зерттеулер аса мол еместігі рас. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің дамуы жайындағы алғашқы психологиялық зерттеулер ХХ ғасырдың 20-жылдарында қарастырылған. Бұл жылдары психоаналитикалық теориялардың ықпалымен психология ғылымында көптеген сенімдер талқыланды. Яғни бұл бала өміріндегі кездесетін жеке адам болып қалыптасу мәселелері болып табылады. Бәрінене де бұл балалар үйінде тәрбиеленушілердің эмоциясының (негативті) кері дамуы ана мен байланысының аздығынан туындайды. Демек, баланың жағымды эмоциясының дамуына ананың балаға деген қатынасы үлкен ықпал етеді. Мұндай зерттеулердің қарастырылуы ең алғашқы кезде Веналық бапалар психологиясы мектебінде қарасытырылған. Ол мәселені қозғаған Ш. Бюллер болып табылады. Дәл осы Веналық мектепте осы мәселеге байланыстиы кең ауқымды зерттеу жүргізушілерді атап өтетін болсақ, Р. Спитца, Дж. Боули және де К. Гольдфарба. Олар балалардың психикалық, депривациялық проблемаларын зерттеудің негізгі бағыттарын анықтаған. Шынында да бұл аталған зерттеулерді ерте депривацияны сендірумен түсіндірген. Қорытындылап айтқанда, сол кезеңнен бастап, балалар үйінде тәрбиеленушілердің психологиялық мәселелері күнен күнге арта түсуде. Соның ішінде ана мен бала арасында қатынастың аздығынан немесе жоқтығынан эмоционалды психологиялық мәселелердің туындауы ғажап емес.

Жетімханадағы балаларды эмоционалды өмірінің толықсыздығы олардың әртүрлі психикалық тежелулер мен әлеуметтік бейімделудің бұзылуына әкеп соқтырады. Мұндай жағдайда жатақханадағы балалардың эмоционалдық жағдайының тым жоғары немесе тым төмен болуы мен қатар, қоғамдық ортада өзін тым жоғары немесе тым төмен түсіріп жіберуін көрсетеді. Өзін-өзі қатты сүю жеке адамның психикалық дамымауының белгісі болып табылады.Сондықтан да бұл жағдайда да эмоционалды, ерікті, тілдік қимыл-қозғалыстың сонымен қатар әлеуметтік жетіспеушілік мәселелері туындайды. Содан ақыл-ойының кемістігі көрініп, танымдық роцестерінің дамымағандығы анық байқалады. Сондықтан да олар өз ой пікірінен айырылып басқаның пікірімен жүреді. Сондай жағдайларға байланысты балалардың мінез-құлқы мен эмоциналды дамуының ерекшеліктерін атап көрсетпес бұрын, олардың эмоционалды дамуын мына әдістемелер арқылы анықтап алуға болады. Мысалы, Люшер тестісі, «Үй, ағаш, адам» т.б бұл әдістемелердің көмегімен эмоционалдық депривацияның, дисстрестің, түзету нұсқасын табуымызға болады. Сонымен қатар эмоция және сана деңгейіндегі жалпы адамдық құндылықтарды анықтауға мүмкіндік туады. Психотравмалық жұмыспен айналыса отыра тәрбиеленушілердің психотравмалық ситуацияны қалай еске түсіретіні және немен байланысатыны жайлы, сонымен қатар ішкі қобалжулар мен уайымдарын қажетті түрде анықтап алуға болады. Сондай-ақ, баланың эмоционалды еріктік аумағы мен сенсорлы жүйесінің дамуын іздестіруге болады. Және де ересектердің бірін-бірі түсіну процесінде жүргізуге мүмкіндік туады. Қазіргі таңда психолог, педагог, психиатр мамандары жетімдер қоғамы жайлы сөз көп қозғауда. Сонымен қатар жетім балалардың өз қоршаған ортасымен ересектермен байланысындағы кездесетін мәселелер жайында сөз қозғаған. Сонымен бірге жетім балалардың эмоцианалды еріктік аумағының дамуының бұзылуы олардың отбасын құрудағы, мамандыққа бейімделудегі жекелік байланыстарының аздығымен түсіндіріледі. Сезімдік эмоционалды аумағының дамымағандығы баланың ішкі дүниесінің дамуының (негативті) кері екендігін көрсетеді. Осындай жағдайда балаға психоэмоционалды реабилитация өзіндік өмір сүруіне жағдай туғыза алады.

Балалар үйіндегі психолог жұмысының формасы (диагностика, коррекция, профилактика) – қарапайым жалпы білім беретін мектептерде қолданылатын стандартты терім болып табылады. Алайда әдістемелерді таңдауда балалар үйінде тәрбиеленушілердің психологиялық ерекшеліктеріне байқап әсер етуге тура келеді. Әсіресе ол (коррекциялық) түзету-дамыту жұмыстарына байланысты болып келеді. Жетім балалармен жұмыс жасауда оларға сәйкес әдістемелерді табу қиынға соғады. Отбасында тәрбиеленген балаларға қатысты іс-тәжірибелік зерттеулер педагогикалық жіберіліп қойған балаларға көбінесе сәйкес келе бермейді. Өйткені олар кейбір ойын, жаттығудың мағынасын түсіне бермей, олардың шешу жолдары қиынға соғады. Бірақ та интеллектке қатысты тапсырмалар көбінесе баланың ойлау, ес, сөйлеу, зейінінің дамытуға мүмкіндік беоеді. Кей жағдайларда мұндай тапсырмаларды шешу барысындағы баланың көңіл-күйінің өзгеруі, тежелуі, қорқыныш, үрей, уайымдаудың туындау бала психикасының дамуын тежеп отырады.

Сондықтан да әдістемелерді қолданудың ең тиімді жолы ол арт-терапия (сказка терапия) ертек терапиялық, құм терапиысы әдістемелерді қолдану болып табылады. Сонымен бірге балаларға сурет, коллаж, пластинкамен бейне құрау, сөйлем құрау жаттығулары балалардың вербальді және вербальды емес интеллектісін дамытады. Яғни бұл әдістемелер арқылы баланың жеке ерекшелігі мен «мен» қасиетін анықтауымызға болады.




    1. Балалар үйіндегі тәрбиешілер мен қызметкерлердің эмоционалды өзара әрекеттестігі

Қазіргі таңда психология ғылымында балалық шаққа қатынастың қалыптасуындағы баланың дамуы әлеуметтік-эмоционалды және когнитивтік негізге сүйенеді. Яғни бұл жағдайдың туындауы эмоция мен эмоционалды эксперестің ерте пйда болуымен тығыз байланысты. Қажеттіліктің негізінде жатқан эмоционалды байлнасты құрайтын балада туылғаннан белгілі бір биологиялық механизмдер болады. Осыдан кейбір мінез–құлықтың формасы қалыптасады. Бұл формалар мінездің бейімділігін көрсетеді. Алғашқы саты бойынша, ана мен баланың өзара байланысы коммуникацияның негізгі амалының бірі эмоциямен алмасу болып табылады. Эмоцияның адам бет-жүзінде көрінуі бұл сыртқы әлеммен қарым-қатынасқа түсуге блатынын белгісі болып табылады. Әдетте баладағы эмоционалды байланыстың қалыптасу мағынасы ретінде бірінші обьек болып, үнемі қатысуда болатын ана деп түсіндіріледі. Алайда қазіргі кезде, әртүрлі себептерге байланысты балалар үйінің көпшілігінде балалар саны артуда. Балалар үінде тәрбиеленушілердің эмоциясы ересектермен қарым-қатынасқа және олармен байланысқа түскенде пайда болады. Яғни балалар үйінде тәрбиеленушілердің эмоциялық сезімін тудыру олардың ересектермен, тәрбиешілермен, сол мекеменің байланысында көрінеді. Бала эмоциясының қалыптасып дамуы қоршаған ортаның атмосфералық климатына байланысты, сонымен қатар тәрбиешілердің балаға деген қатынасының бауырмашылығына байланысты болып келеді. Баланың эмоциясының дамуына тәрбиеші тікелей әсер етіп отырады. Сондықтан баланың жалпы психологиялық және физиологиялық дамуына тәрбиешілердің тигізер ықпалы зор. Демек, баланың ішкі сезімін ашуға себепші болатын ол - тәрбиеші деп білеміз.

Адамдардың бір-бірімен өзара мен байланыс процесінде серіктестің эмоцианалдық жағдайының қалай қабылданатыны өте маңызды. Әсіресе бұл аспектінің маңыздылығы ересек пен бала арасындағы өзара байланыстың өзара әсер ету процесінің туындауын қажет етеді. Барлығымызға мәлім жағдай ол баланың эмоциясының дамуы қоршаған ортасына байланысты болып келеді, яғни баланың анамен немесе ересекпен байланысы. Ананың қабілеттігі баланың танымдық белсенділігіне ықпал етуі болып табылады. Яғни анасымен қарым-қатынаста бала анасында туындаған эмоцияны өзінде бейнелейді. Қандай да бір ситуацияның туындауы эмоцияның туындауына себеп болады. Сол арқылы бала мен ана арасындағы туындайтын эмоция ситуацияны шешу барысында көрінеді. Ситуацины шешу барысында ананың жауапкершілігін біле отыра бала өзін қауіпсіз сезінеді. Қайғы және өкіну эмоциясы ата-ана және ересектер үшін көмекті қажет етеді. Эмоцианалды бұзылысы бар балалармен көп жылдық психотерапиялық жұмыс әр түрлі этап арқылы өткізіледі. Динамиканың бағыты бала дамуының шартының өзгерісіне байланысты болып келеді. Яғни мұндай жағдайлар диагностикалық және психотерапиялық жұмыстарда балалық шақтан жасөспірімдік шаққа дейінгі аралықта жүргізіледі.



Жағымды эмоцияны тудыратын, бала өзін толық қауіпсіз сезінетін ситуация:

  • ересек адамның балаға деген жылы лебізін білдіруі, амандасуы;

  • ересек адамның балаға жеке көңіл аударуы, онымен бірге ойнауы оған бір нәрсені үйрету немесе көмектесу;

Балада жағымсыз эмоцияның туындау ситуациясы:

  • қорқыныш-үрей, қайғы, агрессия үстіндегі баланға көңіл аудармай ересектің кетіп қалуы;

  • ересек балаға зейін аудармай басқаға зейінің аудару (қызғаныштың, қайғы, өкпе тызаның балада басым болуы);

  • баланы жұбатудың, физикалық қатынастың жоюылуы, сыртқы үрейге көмексіздік;

  • ересектің балаға қойған тиімі шегі, қиын тапсырма беруі баланың агрессиясы мен қайғысын көмексіздік сезімнің туындауына әкеп соқтырады.

Қорытындылап айтқанда, ересектер мен бала қарымқатынасында жағымды және жағымсыз эмоцияны тудырып отырады. Ересектің балаға қалай қарауы немесе оның қатынасы жауап ретінде балаға да сол эмоцияны тудырады. Балалар үйіндегі тәрбиешілердің эмоцияналды депрессиясына қарағанда ана эмоцияналды депрессиясының деңгейі жоғары. Көп балалар балалар үйіне түскенде әртүрлі себептермен келді. Бірі, әке шешесінің қайтыс болуымен, бірі әке шешесінің хабар-ошарсыз кетумен түскен болатын, сонымен қатар олар әртүрлі күйдегі күйді кеше отыра эмоцияларын тудырып отырады.

Ал туылысынан бұл мекемеге өткізілген балалар төрт бөлікті мекемеде аз уақытта ғана тұратын болғандықтан бір ортаға толық бейімделмес бұрын екінші ортаға бейімделіп кетеді. Сондықтан да олардың психикалық және жандүниесінің түсінігінің дамуы бойынша ешкімге сенбеу керек деген пікірді көрсетеді. Олардың ойынша пікір тағы да басқа жаққа алып кетеді деген сенімсіздіктің арқасында адамдармен терең қарым-қатынаста болуыды қаламайды.

Жетім балалар үшін ең ауыр кезең болып интернаттан кейінгі бейімделу кезеңі болып табылады. Оның кейбіреулері ол кезеңнен мүдірмей өтуге қабілетті. Бұл жағдайт олар үшін жай ғана сұрақ емес. Балалар үйінен кейінгі түлектердің өзіндік өмір сүру жағдайлары психологтың да басты тапсырмалары болып табылады. Осыдан мынадай сұрақ туындайды, балалар үй қабырғасында тұрып жетім жасөспірімнің өмірге жақсы бейімделуіне не кедергі болуы мүмкін? Демек ол қатал ережеге бағынған, дағдыланған, өзіндік әрекет етуге мүмкіншілігі жоқ: “егер ол өзін ортада нашар ұстаса, онда оны тиісті жазамен жазалайды”. Мысалы, “менің болашақ жанұямның мерекелік кеші” – атты шығармада балалар үйі қабырғасынан түлек он жеті жасар жасөспірім былай деп жазады: “Біз әйеліміз екеуіміз азанғы асты ішіп болған соң, балаларымызды үйге тастап серуендеуге шығамыз одан келген соң түскі асты ішіп, түскі ұйқыға кірісеміз ал, кешкі уақытта біз отбасымызбен теледидар көреміз”. Ал енді бұл шығармадан біз жасөспірім түлектің бір мезеттеде жалғыз қалғысы келмейтінін байқаймыз, яғни ол өзін көлік ішінде, бөлмеде, серуендеуде жалғыз болуын қаламайды. Және де балалар үйінде тәрбиеленушілердің бөлмесінде бір адам табылмасаол үшін жалығуды іш пісуді жалғыздықты білдіреді. Сонымен қатар жетім жасөспірімдер үшін өткен күндері мен болашағы алыс және жалған болып көрінеді. Қорыта айтқанда балалар үй қабырғасынан кетуші түлектер дұрыс өмірлік жолды таңдай білу қажет, яғни оған әсер ететін оның өмірлік тәжірибесі.

Бірінші бөлім бойынша тұжырымдама, бұл бөлімде балалар үйіндегі психологиялық жағдайдың ғылыми теориялық мәселелері жайлы және де балалар үйінің пайда болу тарихы жайлы тоқтап өтілген. Балар үйі жайлы қазақша материалдардың қазіргі кезде аздығы барлығымызға да мәлім. Балалар үйінде тәрбиеленген балалардың психологиялық дамуы педагогика және психология ғылымында үлкен орынды алады.Яғни қазіргі таңдағы балалар психологиясы және олардың әлеуметтік ортада дамуы баршамызды да қызықтыратын, толғандыратын мәселенің бірі. Демек, бірінші бөлімде балалар психологиясы мәселелері мен қатар олардың эмоционалды-еріктік ерекшеліктері мен балалар үйінде тәрбиеленушілердің сол жердің тәрбиешілер мен қызметкерлермен қарым-қатынасы жайлы материалдар жинақталды. Жалпы қорытындылап айтқанда, балалар үйінде тәрбиеленуші жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері анықталып, олардың эмоционалды-еріктік ерекшеліктері жайында толық материалдар жинақталып, өңделді.

Күрделі ситуацияны дұрыс таңдау


Жетімханадағы түлектің өзіндік өмірдің қалыптастырудың сәтсіз болу себептерінің бірі өмірлік қажетті бағасының дұрыс құрылмауы және соның негізінде таңдаудың дұрыс болмауы.



Жағдайдың дұрыс емес бағасы-ондағы жетіспейтін және толық емес қорытындының болуы.




Оқытудағы адекватты құралдың шамалануы және анализдің жоғары сапасы графикалық модельдеу түрінде символдық іс-әрекетте негізделеді.





Графикалық моделдеудің тиімді түрі – бейнелеуші іс-әрекет.





Өмірлік мағыналы ситуацияның бейнеленуі.





Ситуацияның анализдік нәтижесіне баламен мемшіктенуі.



II БӨЛІМ. Балалар үйінде тәрбиеленушілердің эмоционалды-еріктік ерекшеліктерін зерттеудің эксперименталды бөлімі

2.1 Эксперименталды зерттеу бөлімінің мақсат-міндеті, әдістемелер кешені

1 әдістеме: Психикалық көңіл-күйдің диагностикасы.



Эмоциональді күйдің бағалануы.

Ө.Б.К (С.А.Н) әдісі.

Эмоциональді күйдің өлшенуі 3-негізгі аспектіден тұрады. Олар : эмоциональді, физиологиялық, мінез-құлықтық және олардың өзара байланыстылығымен интенсивті физикалық және психикалық ауыртпалық кезіндегі эмоциональді көңіл-күйді өлшеу үшін САН әдісі қолданылады. САН – (С - Самочувствие, А - Активность, Н – Настроение.)

Яғни қазақ тілінде К.Б.К – көңіл-күй, белсенділік, кейіп деген мағынаны білдіреді. Бұл тест әдісі адамның эмоциональді күйін оперативті бағалау үшін арналған. САН әдісі шкала бойынша жүргізіледі. Шкала индестен тұрады. Мысалы:

( 3.2.1.0.1.2.3) және олардың орналасуы өзара жұптардың кері мағынасын білдіреді. Яғни қимыл-қозғалыс, жылдамдық, темп, күш, денсаулық сонымен қатар, эмоциональді күйдің сипатталынуы. Зерттелінуші сандарды өзінің көңіл-күйіне қатысты таңдауы қажет. Осы сандарды өңдеуде келесі түрмен түсіндіріледі: 3 индексі көңіл-күйдің қанағаттанбауымен байланысты, белсенділіктің төменділігі мен көңіл-күйдің нашарлығы 1-ұпаймен қолданылады. Жағымды жақтары әрқашан жоғары балдан тұрады. Осы көрсетілген ұпайлар арифметикалық орта есепппен бүтін түрінде есептелінеді. Белсенділік, көңл-күй , кейіп түрінде жеке есептелінеді. Яғни бұл әдіс мына тест бланкісі арқылы жүргізіледі.



Мақсаты: Адамның көңіл-күйін, сезімін , белсенділігін диагностикалау.

Жүргізілу нұсқасы: Зерттелінушілерге алдын ала кесте түрінде дайындалған зерттеу парағы беріледі, зерттелінуші сол кесте бойынша берілген көңіл –күйді өзінің дәл сол кездегі көңіл-күйімен белгілейді.

Қажетті құрал-жабдықтар: Зерттеу парағы, қалам.

Уақыты: 15минут.

Әдістің коды :

Өзін-өзі сезінуге сұрақтар - 1, 2, 7, 8, 13, 14, 19, 20, 25, 26.

Белсенділік бойыншы құрастырылған сұрақтар - 3, 4, 9, 10, 15, 21, 22, 27 28. Көңіл-күйге қатысты сұрақтар – 5, 6, 11, 12, 17, 18, 23, 24, 29, 30.
2 әдістеме: Эмоция тестісі.

Мақсаты: Адам бойындағы түрлі негативті мінез-құлық типін айқындау.

Уақыты: 15 минут

Нұсқау: Төмендегі әрекеттер, реакциялар саған қаншалықты сәйкес келеді, соны бағала. Жауап беру бланкісіне «иә» деп жауап берсең аталған сұрақ ретін қорша. Әрбір эмоция реакциясы бойынша белгіленген рет сандарын сана график құр.



Жауаптарға арналған бланк.

Шкалалар Сұрақтардың рет саны.



1.

Физикалық агрессия

1

-9

17

-25

-33

2.

Жанама агрессия

-2

10

18

26

34

3.

Тітіркенушілік

3

11

19

27

-35

4.

Негативизм

4

12

20

28

-36

5.

Өкпелегіштік

5

13

-21

29

37

6.

Күдікенушілік

6

14

22

30

-38

7.

Вербальді агрессия

7

15

-23

31

39

8.

Кінәні сезіну

8

16

24

32

40

Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет