Гидроциклонды сифондарды зерттеу



Дата18.05.2020
өлшемі51 Kb.
УДК 334.764
Гидроциклонды сифондарды зерттеу
Турекулов А.И., Есенгельдиева П.Н.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Соңғы кездері сифонды және құбырлы су тастағыштар, су шаруашылығы құрылысында кеңінен қолданылып, өздерін пайдалану кезінде жақсы жағынан көрсетіп отыр [1]. Енді сифон деген не екеніне тоқталып өтелік, ол жоғарғы бьефтегі сұйықты төменгі бьефке, олардың арасындағы биік нүкте арқылы, өткізетін құрылым. Сифонды құбырлар жоғарғы бьефтегі су жиегі оның жотасынан шамалы асса болғаны, автоматты түрде жұмыс істей береді [2]. Сифонды су тастағыштың өтім коэффициенті μ = 0,7 - 0,85 аралығында ауытқиды. Сифон тұрақты жұмыс істеу үшін оның кіру бөлігінде ерекше реттегіш орнатылады.

Сифоннан тұрақты деңгейге ағып шығу кезінде, шығу бөлігінің жотасының ең төменгі белгісін, төменгі бьефтегі су деңгейінен 0,25-0,5 м аралығында биік орналастыру керек. Сифоннан кейінгі бөлікте су деңгейі өзгермелі болса, сифон жотасының ең төменгі нүктесінің көмілуін қамтамасыз ететін құдық орнату қажет. Сифондық құбырға қажетті арынды берумен қатар, екінші бір мәселе, құбыр ішінің тасындыға толып қалмауын да, яғни сифонның эксплуатациялық пайдалану мерзімін ұзарту да қажет.

Осы тұрғыда, қазақстандық ғалым, профессор Ә.Әбдіраманов ойлап тапқан Әбдіраманов сифоны [3] деген атау алған сифонға түсініктеме берейік. Бұл өнертабыстың ерекшелігі сифондық құбырдың ұшы гидроциклонды камера түрінде орындалуы. Гидроциклонды қондырғылар деп сұйықты центрден тепкіш күштер әсерімен екі фазаға бөлетін қондырғыларды атайды. Ә. Әбдіраманов сифонында гидроциклонның құм шығару қондырмасы жағада орнатылған қойытылған құм шығаратын құбырға жалғанады, ал су шығару қондырмасы кері клапан түрінде орындалған.

Су көзінің жоғарғы бьефінде су деңгейі төмен болған жағдайда, үнемі тасындылар мөлшері көп болады. Сол себепті, оларды гидроциклон тұтып қалмаса, бұл тасындылар міндетті түрде, төменгі бьефке қарай сифонды құбырмен тасымалданады. Тасындының шығу жерінде көп жиналуы арнаның қимасын өзгертуі мүмкін. Ал, құбырдағы су жылдамдығы төмен болса, тасындылар құбырдың түбіне шөге-шөге оның өтім қимасын кемітеді, бұл өз кезегінде сифонды құбырдың өтімін азайтады. Сифонның ұшын қалай гидроциклон түрінде жасаса, сол бетте төменгі бьефке ешқандай тасынды өтпейді және оның тасымалдау қабілеті өседі.

Төменде Ә. Әбдіраманов сифонының суреті (1-сурет) беріледі, онда сифонның жалпы көрінісі және А-А кескіні бойынша қимасы көрсетілген.

Әбдіраманов сифоны [3] сифон құбырынан 1, реттеуші құрылғыдан 2, ауашығарғыштан 3, гидроциклонның ағызу қондырмасынан 4, гидроциклон камерасынан 5, гидроциклонның кері клапанды кіру құбырынан 6, құм шығару қондырмасынан 7 және қойытылған құмды алып кету қондырмаларынан 8 тұрады.



Сифон былай жұмыс істейді. Барлық тесіктер: қою құмды әкету құбыры 8 соңындағы, реттеу құрылғысы 2 көмегімен ұзын сифон құбыры 1 соңындағы, кіру қондырмасы басындағы 6 (кері клапанды) тесіктер жабылады. Сифон құбыры суға толтырылады (сол мезетте ауа бөлгіштен ауа шығарылады). Ауа бөлгіш 3 жабылып, басқаратын құрылым (2) арқылы сифон іске қосылады. Кері клапан (6) көтеріліп екі фазалы қосынды сұйық гидроциклондық камераға (5) жанама кіреді. Гидроциклонда сұйық екіге бөлінеді. Қатты түйіршік қосындылар гидроциклонның ұшына (7) жиналып, әкету құбыры арқылы (8) арнайы арналған жерге жеткізіледі. Ал тасындыдан тазарған су, ағын құбыршасымен (4) жоғары көтеріліп, сифон құбыры (1) арқылы төменгі бьефке құйылады.

Cурет 1. Гидроциклонды сифон


Төменгі бьефке құятын суда тасынды түйіршіктері болмайды. Профессор Ә.Әбдіраманов ашқан жаңа конструкциялы сифонды, яғни гидроциклонды сифонды лабораториялық стендтерде зерттеу, және олардың тиімділігін болмыстық зерттеулермен дәлелдеу - біздің жұмысымыздың ғылыми жалғасы болып табылады.
Әдебиет


    1. Васильева И.А. Водохранилища на местном стоке. – М.: «Сельхлзгиз», 1959. - 128 б.

    2. Справочник по гидравлическим расчетам /П.Г.Киселев, А.Д.Альтшуль и др. 4е- изд. – М., Энергия., 1972. - 312 б.

    3. Инновационный патент №20085 по заявке №2007 /0895./ от 29.06.2007. Сифон Абдураманова Бюл. №9, 2008. - 4 б.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> II-tom 2012
Konferencia -> Азық-ТҮлік қауіпсіздігін камтамасыз ету рәсілханова Ж., Ерсеитова А.Ұ
Konferencia -> Зерттелетін өҢірдің климаттық ерекшеліктеріне байланысты қазақстанның ОҢТҮстік су ресурстары қорларына болжам жасау мейрбекова А. С., Омарова Ғ. Е.,Тұрсын Б
Konferencia -> Әож 524. 28. Ауыл шаруашылық мақсатында жер беті және жер асты суларын пайдалану ерекшеліктері
Konferencia -> Әож 347. 471. 33. 37 Қазақстан республикасының инновациялық экономикаға көшу және жетілдіру туралы сұРАҒына
Konferencia -> Автокөліктердің Қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін талдау сейилов Қ., Кокаев У. Ш., Алипбаев Ж. Р


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет