«Гуманитарлық білім» факультеті «География және қоғамдық пәндер» кафедрасы



бет3/9
Дата25.04.2016
өлшемі1.01 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ескерту:

Студенттердің білімін бақылау, бағалау – СӨЖ – есептері, жаттығулар, тестілік бақылау (Т), рефераттар (Р), глоссарий (Г), коллоквиум (К) – оқытушыға тапсыру кестесі: әр аптада:


Дүйсенбі – 1530 – 1620 – 42 ауд

Сенбі – 1430 – 1520 – 42



Пайдаланған әдебиеттер:

1. М.И.Давыдова, А.И.Каменский. ТМД физикалық географиясы. Алматы 1974ж.

2. Н.П. Неклюкова, Г.К. Тушинський ТМД физикалық географиясы. Алматы1974ж

3. Ахмедова К. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. Алмати, 1994

4. Максаковский В. П. География Москва, 1989

5. Алисов Н. В. Экономическая география зарубежных социалистических стран Европы. Москва, 1983

6. Никольский И.В., Хрущев А. Т. Экономическая география СССР. Москва 1985.7. Тілеуберген М.А., Фур сина Г. А., Тоқбергенова А.А. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы пәнінен әдістемелік құрал. Алмати, 1999

Бірінші аралық бақылау




Тақырыптар





Бақылау түрі

Апта реті

Ұпай саны

1

Кіріспе.

Консультатция

1

4,0

2

Шығыс Еуропа жазығы.

Картамен жұмыс.

2

4,0

3

Карпат.

Үй жұмысы.

3

4,0

4

Кавказ.

Тест тапсырмасы.


4

4,0

5

Орал тауы.

Реферат.

5

4,0

6

Батыс Сібір жазығы.

Коллоквиум

6

5,0

7

Орта Сібірдің үстірттері мен ойпаттары.

Үй жұмысы.

7

5,0




Барлығы: 30




30



Консультатция
1-апта. Бағалау балы – 4,0
Тақырыбы: Кіріспе.

Жоспары:

  1. Физикалық – географиялық аудандастыру пәнінің мақсаты мен міндеттері.

  2. Географиялық аудандастыру негіздері.

  3. Физикалық – географиялық аудандастырудың негізгі принциптері.

Физикалық география — Жердің ландшафт қабығын зерттейтін ғылым. Ландшафт қабық жер бетінде 3 қабықтың: атмосфера, гидро­сфера және- литосфераның астасып, өз ара кірігіп жатуының нәтижесінде пайда болған. Жердің бұл қабықтарын зерттеумен климатология, гидрология және геология деп аталатын дербес ғылымдар шұғылданады. Қабықтардың өз ара әсері нәтижесінде пайда болған қо­сылу кабаты Жердің ландшафт қабығы делінеді (Ю. Қ. Ефремов, С. В. Калесник). Жердің ландшафт қабығының аталған қабықтардан бөлек, өз бетінше өмір сүруін және сапалык, ерекшелігін С. В. Калес­ник кун жылуының нақ сол аралық қабатта түгелге дерлік шоғырлануынан деп дәлелдейді. Бұл жылу жер бетінен жоғары не темен шамалы ғана биіктікке, не тереңдікке тарайды. Орта ендіктерде жер бетінен 20 м тереңдіктің өзінде-ақ жергілікті ауаның жылдық орташа температурасына тең тұрақты температура қабаты болады. Бұл қабаттан төмен қарай температура жердің ішкі жағынан келетін жылудың есесінен өседі.

Төменгі шекарасы 3 км тереңдікте литосферада, ал жоғарғы шекарасы 10—12 км биіктікте тропосферада болатын қабаттың (био­сфера) бет жағында тіршіліктің шоғырлануы ландшафт қабығының майызды ерекшелігі болып табылады.

Ландшафт қабығында эндогендік және экзогендік күштердің күресі жүріп жатады. Осы күрестің нәтижесінде жер бетінің күрделі рельефі қалыптасып, өзгеріп отырады. Жер бетінің біркелкі жылынбауы салдарынан жылу мен ылғал Жер бетінде қайта бөлінеді де, ол өз тарапынан ағын су мен мұздардың (яғни, экзогендік күштер) әрекетін тудырады. Экзогендік күштер жер қыртысының беткі қабатында әрекет етеді де, оның тереңдегі бөлігіне өте алмайды. Шегінді тау жыныстары тек қана литосфераның бетінде, континенттерде және мүхиттардың түбінде пайда болады. Континенттердің үстінде топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қалыптасады. '

Жердің формасы мен оның Күнге қатысты алғандағы орнына қарай
анықталатын физикалық-географиялық процестердің зоналылығы
ландшафт кабығының ерекшелігі болып табылады. Бұл маңызды құрылымдық ерекшелік климат пен топырақтың, өсімдік пен жануарлар
дүниесінің зоналылығынан байқалады.

Жердің ландшафт қабығында заттардың көптеген айналымы бо­лып тұрады. Олар, мысалы, атмосферада тропосфера деп аталатын жұқалау қабатты ғана қамтиды.

Ландшафт қабығының аса зор маңызы — онда адамзат коғамының
тіршілік етуінде. Мұның өзі жердің ландшафт кабығында болып жа-
татын көптеген процестердің даму бағыты мен жылдамдығына үлкен
әсерін тигізеді.

Жердің ландшафт қабығының сапалық ерекшелігін көрсете отырып, біз физикалық географияның зерттеу объектісінің дербестігін дәлелдейміз. Өйткені әр ғылымның өзіндік дербестігінің басты белгісі — сол ғьілымның басқа ғылымдардың зерттеу объектісінен мүлде бөлек, өзіндік, меншікті зерттеу объектісінің болуы.

Физикалық география жалпы физикалық география немесе жалпы жер тану мен региональды география, не физикалық елтану болып екіге бөлінеді. Жалпы жертану тұтас алғанда Жердің ландшафт қабығының қалыптасу заңдылықтарын зерттесе, ал региональдық гео­графия ландшафт қабығының нақты жеке бөліктерін зерттейді. Басқаша айтқанда, региональдық физикалық география — белгілі бір жердің табиғи комплекстері туралы, оның дамуы мен типтері жайындағы ғылым. ТМД физикалық география мамандарының басты міндеті — шаруашылық мақсаты үшін территорияны тиімді пайдалану және табиғатты комплексті түрде қайта өзгерту бағытындағы шараларды ғылми тұрғыдан негіздеу. Бұл территорияны, .табиғи ресурстардың потенциалдық мүмкіншіліктерін, сондай-ақ географиялық ортаны белгілі бір бағытта өзгерту үшін, оны халық щаруашылығында пай­далану үшін табиғаттың жеке компоненттері арасындағы негізгі байланыстарды жан-жақты білуді қажет етеді. Мұның бәрі коммунизмнің материалдық-техникалық базасын құру кезеңінде ерекше маңызды.

Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мен қорғау, оларды қалпына келтіру мен көбейту, сол сияқты еліміздің экономикалық аудандарын комплексті дамыту мәселелеріне КПСС Программасы баса назар аударады. Сондықтан совет ғалымдарының, әсіресе, географтардың алдында тұрған аса маңызды міндет — еліміздің табиғатын комплексті зерттеу. Табиғатты қайта өзгерту жобаларында адамның араласуы салдарынан болатын тек жағымды ғана емес, сонымен бірге жағымсыз табиғат құбылыстарын да, табиғат компоненттерінің арасындағы негізгі байланыстарды да ескеру қажет. Географияда адамзат қоғамының табиғатқа белсене араласуынан болатын «реакция тізбектерін» зерттеуді күшейту керек.




Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

  1. Давыдова, А. И. Каменский. ТМД- нің физикалық географиясы. Алматы 1974ж.

  2. Н.П. Неклюкова, Г.К. Тушинский ТМД- ның физикалық географясы. Алматы 1974ж.

  3. Н.П. Неклюкова Общее землеведение и краеведение. Москва 1981ж.

  4. Н.П. Неклюкова Жалпы жертану. Алматы 1989.

  5. Максаковский В.П. География. Москва 1989ж.

  6. Неклюкова Н.Т. Жалпы жертану. Алматы. 1980.

  7. Пашканг .Г.Н, Любушкина .С.Г. Землеведение и краеведение.Москва 2002.

  8. Готовимся к экзамену по географий. М.2002.

  9. Мильков Ф.Н. Общее землеведение.М.1990.

  10. Неклюкова Н.Т.Общее землеведение.Части 1-3.М.1973.

  11. Шубаев Л.П.Общее землеведение. М.1972.

б) қосымша:

  1. . Витвицкий Г.Н. Циркуляция атмосферы в тропических широтах.М.1971.

  2. Общая циркуляция атмосферы.Л.1970.

  3. Общая циркуляция атмосферы.М.1970.

  4. Детрий Ж.Атмосфера таза болуы керек.А.1973

  5. Хромов С.В. Метерология и климатология для географических факультетов. М 1982

  6. Пашканг К.В Практикум по общему землеведению.М 1982

  7. Неклюкова Н.Т.Практикум по общему землеведению М.1977

  8. . Колесник С.В Основы общего землеведение .М 1955

  9. Марков К.К , Дабродив О.П ,Симонов Ю.Г,Суетова И.А

  10. . Сведение о физической географии.М 1973

  11. . Подобедов Н.С .Общая физическая география и геоморфология

  12. Азимов А.Вселенная «Мир» М1968

  13. . Бакулин П.И .Курс общей астрономии .М 1970

  14. Волынский Б.А Астрономия.М 1970

  15. Деменицкая Р.М Кора имантия Земли .М 1971

  16. Куликов К.А,Сидеренко Н.С Планета Земля .М 1970

  17. . Дерыгольц В.Ф Вода во Вселенной .М 1971

  18. Қ Достайұлы .Гидрология және геология негздері.А.1991

  19. . Геология және гидрология негіздері.А1991

  20. . Степанов В.Н Мировой океан.М1974

  21. . Львович М.И .Мировые водные ресурсы М.1974

  22. . Құсайынов С.А Жалпы геоморфология А.1980

  23. Рельеф Земли М.1967

  24. . Дювенью П.Д .Биосфера және ондағы адамзаттың орны.

  25. Вернадский В.Н Биосфера М.1961


Картамен жұмыс.
2 – апта. Бағалау балы – 4,0
Тақырыбы: Шығыс Еуропа жазығы.

  1. Шығыс Еуропа жазығының географиялық орны.




  1. Геологиялық құрылысы.




  1. Жер бедері.




  1. Пайдалы қазбалары.




  1. Климаты.




  1. Өзендері.




  1. Көлдері




  1. Шығыс Еуропа жазығының зоналық табиғат комплекстері.




  1. Шығыс Еуропа жазығын оңтүстік-батыстан және

оңтүстіктен қоршап тұрған таулар.


Каталог: CDO -> OBSOJ -> Geo
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
Geo -> Медициналық география» пәні бойынша 050116-«География» мамандығының 3 курс студенттерінің білімін бақылауға арналған обсөЖ және емтихан тапсырмалары
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> «Табиғатты қорғау және ерекше қорғалатын территориялар»
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> Гуманитарлық білім” факультеті География және қоғамдық пәндер” кафедрасы
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> «Гуманитарлық білім» факультеті «География және қоғамдық пәндер» кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет