«Гуманитарлық білім» факультеті «География және қоғамдық пәндер» кафедрасы

бет4/9
Дата25.04.2016
өлшемі1.01 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Үй жұмысы.

3 – апта. Бағалау балы – 4,0.
Тақырыбы: Карпат.
Жоспары:

  1. Геоморфологиялық аудандастыру схемасы

  2. Ішкі сулары

  3. Топырағы мен өсімдігі.

  4. Жануарлар дүниесі.

Шығыс Карпат. Карпат тауының доғасы үш буыннан тұрады: Батыс Карпат (Чехословакияда, Венгрияда және Польшаның оңтүстігінде), Оңтүстік Карпат (Румынияда) Украинаның батысындағы Шығыс (немесе Орманды) Карпат.

Шығыс Карпаттың тау қатпарлары солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр. Ежелгі кристалды тақтатастан, кварциттен, гнейстен түзілген таудың ең биік учаскелері оңтүстік-шығыста. Мұнда шөгінді жыныстардан түзілген. Шығыс Карпаттың ең биік шыңы Говерла тауы (2061 м) асқақтап тұрады. Оның солтүстік беткейлерінен Прут өзені басталады. Бұл өзен өзінің орта және төменгі ағысында ТМД мен Румыния арасындағы шекаралық өзен болып саналады. Карпаттың жер бедерінің түзілуінде таулар құралған шөгінді жыныстар (сазды тақтатас, құмтас, әктас) елеулі роль атқарады. Сыртқы күштердің және баяу көтерілудің әсерінен Карпаттың шыңдары жұмырланып, беткейлері жатық болып келеді.

Шығыс Карпат — 800-ден 2000 м-ге дейін баратын биіктігі орташа таулар. Ол тауларда қатарласа келген, беткейлері жатық аласа жоталар басым. Бұл жоталар ені тар, табиғаты әсем тау аңғарларымен немесе кең қазаншұңқырлармен бөлінген. Тауда мұнай, жанғыш газ өндіреді. Сонымен бірге минералды бұлақтар мен жылы сулар көп.

Жер бедерінің сипатына қарай Шығыс Карпат Предкарпатье, Биік Карпат және Закарпатье деп бөлінеді.

Предкарпатье Днестр өзені аңғары мен Биік Карпат аралығындағы тар алапта созылып жатыр. Прут пен Днестр өзендерінің көптеген салалары Предкарпатьенің жер бетін кең аңғарлармен тілімдеген: шеткі майысу шегінде орналасқан төбелі жазық пайда болған. Ол түзілген шөгінді жыныстардан мұнайдың, газдың, калий мен ас тұзының кен орындары табылған.

Предкарпатьенің климаты орташа ылғалды, әлдеқайда жылы. Жазы ұзақ, щілдедегі орташа температура +20° С-ге дейін, қысы біршама жұмсақ, қаңтардың орташа температура +3° С-ге жуық. 700 мм-ге жуың жауын-шашын түседі. Клима­ты егіншілік пен бау-бақша шаруашылығына қолайлы.

Предкарпатьенің табиғи өсімдігі орманды дала өсімдігінен тұрады. Орманның сұр топырағында және шымды күлгін топырақта шегіршін, үйеңкі аралас емен орманы, ал шілік арасында жабайы алма ағашы, алмұрт, шие, орман жаңғағы, шәңгіш кездеседі. Мұнда қалалар мен селолар көп. Предкарпатьенің төбелі жазығы түгел дерлік жыртылған. Ол жерді

күздік бидай, салалы зығыр, картоп, көкөніс егістері мен баулар алып жатыр.

Биік Карпат негізінен қаттылығы әр түрлі шөгінді жы­ныстардан түзілген. Сондықтан жыныстардың біреулері тез, біреулері баяу бұзылады. Мұның өзі жер бедері формаларының әр түрлі болуына себепші болады. Тау аңғарларын бойлай Карпат арқылы тас жолдар мен темір жолдар салынған.

Предкарпатьеге қарағанда Биік Карпат климаты ылғалдырақ келеді. Мұнда жыл бойында түсетін жауын-шашынның орта мөлшері 800—1200 мм, ал кей жерлерде одан да асады. Тауларда жауын-шашынның ең көп жауатын кезі — жаз.

Биік Карпатта қыс 4—5 айға созылады. Бұл кезде таудың тік беткейлерінен, әсіресе Говерла шыңынан, кейде қар көшкіні құлайды.

Шығыс Карпаттың ылғалды климаты өзен торының көбеюіне әсер етеді. Бұл жерден суы мол Днестр, Прут, Тиса өзендері басталады. Олардың ерекшелігі едәуір еңіс және ағысы қатты болады. Бұл өзендерде әлі толық пайдаланылмай келе жатқан су энергиясының мол қоры бар.

Беткейлердің төменгі жақтарында (600 м-ге дейін) еменнен, қызыл қайыңнан, шамшаттан, үйеңкіден тұратын жалпақ жапырақты орман өседі. Орманның қоңыр топырағында 600-ден 1200 м-ге дейінгі биіктікте көбінесе шамшатгы-май қарағайлы орман белдеуі орналасқан. Шамшатты орманның құндылығы сол, оның ағашымен осында дамыған мебель өнеркәсібін қамтамасыз етеді. Жоғары, 1200-ден 1500 м-ге дейін шыршалы орман белдеуі жатыр. Бұл белдеуде бұталы шілік жоққа жақын, тек әр жерде ит бүлдірген мен қара жидек өскен жерлер көгеріп көрінеді. Одан да жоғары тау шалғыны өскен субальпі және альпі белдеулері орналасқан.

Биік Карпат — бұл орман, сарқыраған тау өзендері әлемі, ал шамалы адырлы-үстіртті тау шыңдарын шөп пен гүлдерден табиғаттың өзі тоқып, түсті кілемдей жайқалған полониналар алып жатыр.

Карпат ормандарының шалғай жерлерінде қоңыр аю мен сілеусін сақталған. Шамшат ормандарында қабан, елік, ақ марал, сусар, борсық, тиін мекендейді. Құстар да көп.

Закарпатье — бұл Орта Дунай ойпатының шығыс бөлігі. Ол оңтүстікке, Тиса өзені аңғарына қарай сәл ғана еңкіш келеді. Геологиялық тұрғыдан алғанда мұнда беріректе жер бедерінде күмбез түрінде із қалдырған вулкан әрекеттері болған.

Бұл жерде пайдалы қазбалардан ас тұзы, сынап бар.

Закарпатье жазығында әдетте жаз ыстық және жылымық жиі болатын қысы біршама жайлы келеді.

Мұндағы өте көрікті жерлер — тау бөктерінде. Қалалар мен қыстақтар бауларға бөленген, жолдардың жағасына жеміс ағаштары отырғызылған. Аңғарларда жүзім өсіріледі.

Карпат, Қырым және Кавказ таулары қандай белгілері бойынша бір-біріне жақын.

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

  1. Давыдова, А. И. Каменский. ТМД- нің физикалық географиясы. Алматы 1974ж.

  2. Н.П. Неклюкова, Г.К. Тушинский ТМД- ның физикалық географясы. Алматы 1974ж.

  3. Н.П. Неклюкова Общее землеведение и краеведение. Москва 1981ж.

  4. Н.П. Неклюкова Жалпы жертану. Алматы 1989.

  5. Максаковский В.П. География. Москва 1989ж.

  6. Неклюкова Н.Т. Жалпы жертану. Алматы. 1980.

  7. Пашканг .Г.Н, Любушкина .С.Г. Землеведение и краеведение.Москва 2002.

  8. Готовимся к экзамену по географий. М.2002.

  9. Мильков Ф.Н. Общее землеведение.М.1990.

  10. Неклюкова Н.Т.Общее землеведение.Части 1-3.М.1973.

  11. Шубаев Л.П.Общее землеведение. М.1972.

б) қосымша:

  1. . Витвицкий Г.Н. Циркуляция атмосферы в тропических широтах.М.1971.

  2. Общая циркуляция атмосферы.Л.1970.

  3. Общая циркуляция атмосферы.М.1970.

  4. Детрий Ж.Атмосфера таза болуы керек.А.1973

  5. Хромов С.В. Метерология и климатология для географических факультетов. М 1982

  6. Пашканг К.В Практикум по общему землеведению.М 1982

  7. Неклюкова Н.Т.Практикум по общему землеведению М.1977

  8. . Колесник С.В Основы общего землеведение .М 1955

  9. Марков К.К , Дабродив О.П ,Симонов Ю.Г,Суетова И.А

  10. . Сведение о физической географии.М 1973

  11. . Подобедов Н.С .Общая физическая география и геоморфология

  12. Азимов А.Вселенная «Мир» М1968

  13. . Бакулин П.И .Курс общей астрономии .М 1970

  14. Волынский Б.А Астрономия.М 1970

  15. Деменицкая Р.М Кора имантия Земли .М 1971

  16. Куликов К.А,Сидеренко Н.С Планета Земля .М 1970

  17. . Дерыгольц В.Ф Вода во Вселенной .М 1971

  18. Қ Достайұлы .Гидрология және геология негздері.А.1991

  19. . Геология және гидрология негіздері.А1991

  20. . Степанов В.Н Мировой океан.М1974

  21. . Львович М.И .Мировые водные ресурсы М.1974

  22. . Құсайынов С.А Жалпы геоморфология А.1980

  23. Рельеф Земли М.1967

  24. . Дювенью П.Д .Биосфера және ондағы адамзаттың орны.

  25. Вернадский В.Н Биосфера М.1961

Тест .
4-апта. Бағалау балы - 4,0

1. Қара теңiз бен Каспий теңiзiнiң аралығында жатқан тау.

А) Кавказ

Б) Карпат

В) Қырым

Г) Альпi

С) Памир
2. Кавказ жерiнде орналасқан мемлекеттер.

А) Грузия, Азербайжан, Армения

Б) Беларусия, Украйна, Латвия

В) Молдава, Норвегия

Г) Литвия, Эстония

С) Тәжiкстан, Қырғыстан
3. Қаратеңiз бассейнiне жататын өзендер.

А) Риони, Ингури

Б) Терек, Кума

В) Кура, Аракс

Г) Кубань,Кура

С) Печёра, Дон

4. Азов теңiзi бассейiне жататын өзен.

А) Кубань

Б) Риони

В) Индигирка

Г) Амур

С) Лена
5. Ставрополь қыратындаең биiк тау.

А) Бештау

Б) Қазбек

В) Говерла

Г) Хан тәңiрi

С) Народная
6. Үлкен Кавказдан соғатын жел.

А) Новоросийскiлiк бора

Б) Ураган

В) Муссон

Г) Пассат

С) Фен
7. Закавказьенiң батыс бөлiгiндегi батпақтанған жер.

А) Колхида ойпаты

Б) Валдай қыраты

В) Кума- маныш ойысы

Г) Камчатка

С) Кералия
8. Закавказьедегi жылдық орташа температура.

А) +6 0 с

Б) +10 0 с

В) +12 0 с

Г) + 3 0 с

С) + 9 0 с

9. Кiшi Кавказдың оңтүстiгiнде орналасқан тау.

А) Армян таулы ∙ыраты

Б) Лихский жотасы

В) Қазбек тауы

Г) Эльбрус тауы
10. Армян тауының ең биiк шыңы.

А) Арагалу

Б) Казбек

В) Говерла

Г) Эльбрус

С) Лихский

11. 2000 км- ден астам енсiз алапта созылып жатқан тау.

А) Орал

Б) Альпi

В) Кавказ

Г) Карпат

С) Алтай
12.Европадағы ең үлкен көл.

А) Ладога

Б) Онега

В) Чуд

Г) Илман

С) Байкал
13. Еуропадағы ең терең көл.

А) Байкал

Б) Каспий

В) Ладога

Г) Онега

С) Ильмань

14. iрi маштабты карталар ... деп аталады.

А) Топографиялық карталар

Б) Саяси карталар

В) Физикалық карталар

Г) Геологиялық картарлр

С) Географиялық карталар

15. Дала зонасында көп болатын құс.

А) Бозторғай

Б) Шымшық

В) Көгершiн

Г) Аққу

С) Шағала

16. Баранец теңiзiне құятын өзен.

А) Печора

Б) Енисей

В) Амур

Г) Лена

С) Дунай
17. Белоруссия мен Украйнаның негiзгi су жолы.

А) Днепр

Б) Волга

В) Ильмен

Г) Лена

С) Висла
18. Шығыс Европа жазығының жотасының көбiн ... алып жатыр.

А) Ормандар

Б) Таулар

В) Тайга

Г) Тундра

С) Шөл
19Шығыс Европа жазығындағы әсем өлке.

А) Полесье

Б) Валдай

В) Карелия

Г) Кола

С) Мемуера
20. Шығыс Европа жазығындағы заңмен қорғалатын жануарлар.

А) Зубр, Бұғы, Елiк

Б) қоян, Аю, қасқыр

В) Түлкi, Ақбөкен

Г) Арыстан, Арқар

С) Марал, Тауешкi

21. Каспий теңiзiне құятын өзен.

А) Волга

Б) Амур

В) Янцызы

Г) Ганг

С) Лена
22. Шығыс Карпаттың ең биiк шыңы.

А) Говерла

Б) Победа

В) Эльбрус

Г) Народная

С) Коммунизм
23. Карпат тауынан басталатын өзен.

А) Прут

Б) Пецёра

В) Амур

Г) Сана

С) Инд
24. Говерла тауының биiктiгi.

А) 2061м

Б) 2000м

В) 3550м

Г) 2910м

С) 3300м
25. Предкарпатьенiң жауын - шашын мөлшерi.

А) 700мм

Б) 800мм

В) 500мм

Г) 300мм

С) 400мм

26. Биiк Карпатта қыс айының ұзақтығы.

А) 4-5 ай

Б) 2-4 ай

В) 3-4 ай

Г) 5-6 ай

С) 6-5 ай

27. Орта Дунай ойпатының шығыс бөлiгi.

А) Закарпатье

Б) Предкарпатье

В) Биiк Карпат

Г) Оңтүстiк Карпат

С) Шығыс Карпат

28. Төбесi жұмырланған таулар.

А) Лаколиттер

Б) Мемон

В) Иiрiм

Г) Шыңы

С) Лагуана

29. Қырым тауының ең биiк нүктесi.

А1) Роман- кош

Б) Говерла

В) Народная

Г) Победа

С) Эльбрус

30. Далалы Қырымның климаты.

А) Қоңыржай континенттi

Б) Шұғыл континенттi

В) Қоңыржай теңiздiк

Г) Арктикалық

С) Субартикалық

31. Роман- Кош тауының биiктiгi

А) 1545м

Б) 1650м

В) 1480м

Г) 1417м

С) 1398м
Реферат .

5-апта. Бағалау балы – 4,0

Тапсырма алған

студенттердің

аты- жөні

Тақырып атаулары

Орындау

аптасы
Жұмыстың

бағалануы (балл)

1

Орал тауының географиялық орны, жер бедері,

2

Орал тауының геологиясы, пайдалы қазбалары

3

Оралдың климаты, суы, табиғат ресурстары

4

ТМД жер бедерінің алуан түрлілігі

5

ТМД-ның тұрақты учасклері – платформалар

6

ТМД –ы елінің таулы аймақтары

7

Геолгиялық процестер мен құбылыстар

8

Шөгінді тау жыныстарының түрлері

9

Тау түзілісі және оған қоса вулкандық әрекеттер

10

ТМД-ның пайдалы қазбалары

11

ТМД-ның сыртқы теңіздері

12

ТМД-ның ішкі теңіздері

13

ТМД-ның көлдері

14

ТМД-ның жазықтары

Коллоквиум
6-апта. Бағалау балы – 5,0
Тақырыбы: Батыс Сібір жазығы.

  1. Батыс Сібір жазығының географиялық орны.

  1. Жер бедері

  1. Батыс Сібір жазығының геологиялық құрылысы.

  1. Пайдалы қазбалары.

  1. Батыс Сібір жазығының климаты.

  1. Ішкі сулары.

  1. Табиғат комплекстері.

  1. Тундра және орманды тундра.

  1. Тайга.

  1. Орманды дала және дала.

  1. Карпат тауы.

  1. Қырым тауы.

  1. Кавказ тауы.

  1. Табиғат зоналарының орналасу заңдылықтары.

  2. Арктиканың шөл, тундра, орманды тундра зонасы.

  3. Орман, орманды дала және дала зонасы.

  4. Шөлейт, шөл, субтропиктер зонасы және биіктік белдеулер

  5. Табиғат ресурстары және табиғатты қорғау.

Үй жұмысы.
7-апта. Бағалау балы -5,0
Тақырыбы : Орта сібірдің үстірттері мен ойпаттары .

Жоспары:

  1. Геоморфологиялық аудандастыру схемасы

  2. Ішкі сулары

  3. Топырағы мен өсімдігі.

  4. Жануарлар дүниесі.

1. Орта сібір территориясының рельефі әр түрлі құрылымдық марфологияның бірліктері мен сипатталады да өзен қоршап тұрған территориялардан Батыс Сібір жазығынан , Байкал таулы өлкесі мен Солтүстік Шығыс сібірден мүлдем өзгеше болып келеді Орта сібірдің өзі мынадай геоморфологиялық облыстарға бөлінеді .

1. Бырранга таулары

2.Солтүстік Сібір ойпаты

3.Орта сібір таулы үстірті

4.Орталық Якутия ойпаты

5.Лена – Алдан таулы үстірті

6.Алдан таулы қыраты

Орта Сібір территориясының үлкен бір бөлігін орта Сібір таулы үстірті алып жатыр. Оның батысы Енесей ал Шығысы Солтүстік ойпатына шаншыла құлайды да ал оңтүстігінде шығыс саян және байкал сырты тауларының беткейлеріне дейін созылады. Таулы үстірт орташа биіктігі 500-700м ең көтеріңкі жерлері путоран таулары 1500 – 1700 м

2. Орта Сібір арқылы Совет одағының ең ірі өзендері ағып өтеді. Енесеймен Ленаның арасындағы суы орта сібір таулы үстірті арқылы оңтүстіктен солтүстікке өтеді. Пясина, хатанга, анагар және оленик өзендерін төменгі Тунгуска, Курейка және виллюй өзендерінің салаларының бастамаларынан бөлетін су айрық таулы үстірттің сол түстік бөлігінде батыстан Шығысқа қарай сөзылады. Осы аталған өзен жүйелерінің және басқа шағын өзендер ландефтер және қара теңізіне құяды.

Орта сібірдің көлдері қазаншұңқырларының пайда болуы немесе және режімі жағынан әрқилы көлдері топ –топ болып таралған Олардың ішіндегі ең ірілері солтүстік жотасында.

Көлдер, мұздық термокарстік, тектоникалық лагуналық жолмен пайда болған.

  1. Орта Сібірде әр түрлі топырақ және өсімдік типтерінің таралуы елдің географиялық зоналыққа байланысты ең көтеріңкі бөліктеріне биік бөлдеуліктерде байқалады. Орта Сібірде манеріктік тундра мен тайганың солтүстіктегі ең қыйыршегі орналасқан.

Таймыр түбігіндегі тундраның әр түрлі типтері дамыған. Арктикалық тундрада дрияда қалық, олар әсіресе өзен аңғарларында және бұрынғы көл қуан шұңқырларының табандарында кең тараған.

Мұнда данадалы тундралары мен алмасып отырады.

Таймыр түбегіндегі байырғы тундра әр түрлі : ол мүктен, қынадан, бұтадан батпақ және шалғын өсмідіктерінен тұрады.

Орта Сібірдің жануарлар дүниесі тундралық және тайгалық фаунадан тұрады. Орта Сібірдің фаунасы батыс Сібірдің фаунасынан біраз өзгеше. Тундра фаунасының бірақ оның саны көп. Қыста жануарлардың көпшілігі тайгаға ауып кетеді.

Нағыз тундралық зонаның жануарлары мыналар. Ақ аю, түлкі, поляр қасқыры солтүстік жабайы бұғысы, леминг тайга зонасының тундраға келетіндері ақ аю, ақ қоян, арыс, құну, ақ ніс, түлкі.

Сібірдің тайгасында кеміргіштер әсіресе тиын көп. Аң терісі кәсібінде көрнекті орын алатын тиын орын жас қасиетін өспен бөліктерінен басқа бұның территориясында кездеседі, бірақ оның мекендейтін жері орталық күңгірт қылқанды тайга.

Бақылау сұрақтары.

  1. Географиялық орны.

  2. Геологиялық құрылысы.

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Давыдова, А. И. Каменский. ТМД- нің физикалық географиясы. Алматы 1974ж.

  2. Н.П. Неклюкова, Г.К. Тушинский ТМД- ның физикалық географясы. Алматы 1974ж.

  3. Н.П. Неклюкова Общее землеведение и краеведение. Москва 1981ж.

  4. Н.П. Неклюкова Жалпы жертану. Алматы 1989.

  5. Максаковский В.П. География. Москва 1989ж.

  6. Неклюкова Н.Т. Жалпы жертану. Алматы. 1980.

  7. Пашканг .Г.Н, Любушкина .С.Г. Землеведение и краеведение.Москва 2002.

  8. Готовимся к экзамену по географий. М.2002.

  9. Мильков Ф.Н. Общее землеведение.М.1990.

  10. Неклюкова Н.Т.Общее землеведение.Части 1-3.М.1973.

  11. Шубаев Л.П.Общее землеведение. М.1972.

  12. . Витвицкий Г.Н. Циркуляция атмосферы в тропических широтах.М.1971.

  13. Общая циркуляция атмосферы.Л.1970.

Каталог: CDO -> OBSOJ -> Geo
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
Geo -> Медициналық география» пәні бойынша 050116-«География» мамандығының 3 курс студенттерінің білімін бақылауға арналған обсөЖ және емтихан тапсырмалары
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> «Табиғатты қорғау және ерекше қорғалатын территориялар»
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> Гуманитарлық білім” факультеті География және қоғамдық пәндер” кафедрасы
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> «Гуманитарлық білім» факультеті «География және қоғамдық пәндер» кафедрасы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9

©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет