«Химия биология» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен



бет2/9
Дата28.04.2016
өлшемі1.32 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9


«Химия биология» факультеті

«Биология» кафедрасы.

«Ботаника» пәні бойынша ----«Биология» ----------- «Химия және


биология» мамандықтарының студенттері үшін.
4 - семестр


ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ.

Жетісай 2005ж.


Лекция 1.

Тақырып : Өсімдіктер дүниесінің өркенге дейінгі Архегониялар тармағы – Procormobionta archeqoniatae. Риниофиттер бөлімі – Rhyniophyta.
Жоспар:


  1. Риниофиттер бөлімі - Riniophyta

  2. Мүк тәрізділер бөлімі - Briophyta

  3. Классификациясы

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінің денесі органдарға, тамырға, сабаққа және жапыраққа бөлінген болады. Бұл органдар жақсы жетілген ұлпалардан тұрады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің өмірлік циклінде спорофиті (2п) мен гаметофитінің (п) алмасып келуі айқын байқалады. Жыныстық көбею органдары көпклеткалы. Аналық жыныс органы архегоний құмыра тәрізді болып келеді. Ол екі бөліктен кеңейген түп жағынан және жоғарғы жіңішке мойнынан тұрады.

Архегонийдің түп жағынанда жұмыртқа клеткасы жітіледі, ал оның мойны жұмыртқа клеткасы пісіп жетілген кезде жоғарғы жағынан ашылады. Аталық жыныс органы антеридий қапшық тәрізді болып келеді, оның ішінде көптеген сперматозоидтар пайда болады. Жалаңаш тұқымдылардың тек антеридийлері ғана редукцияға ұшыраған, ал жабық тұқымдылардың антеридийлері де, архегонийлері да редууцияға ұшыраған. Жыныстық көбею органдары құрылысына (структурасына) қарай жоғарғы сатыдағы өсімдіктер архегониялы және пестикті болып екі топқа бөлінеді. Архегониялылар жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің алғашқы 7 бөлімін қамтиды, ал пестиктілерге тек бір ғана жабық тұқымдылар бөлімі жатады.

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің зиготасынан ұрық пайда болады. Ол дегеніміз спорофиттің бастамасы болып табылады. Архегониялы өсімдіктерде ұрық гаметофиттің (п) есебінен, ал пестикті өсімдіктерде спорофиттің, қор жинайтын ұлпасы – эндоспермнің (3п) есебінен жетіледі.

Риниофиттер бөлімі – RHYNIOPHYTA. Риниофиттер бөліміне тек қазба түрінде ғана белгілі 2-3 туыс жатады. Олардың өмірлік циклында спорофиті басым болып келеді. Вегетативті денесі дихотомиялы бұтақтанған теломдардың системасынан тұрады. Теломның жер беті бөлігінің жалпы құрылысының өзіндік ерекшелігі болады. Бұл әлі өркенге жатпайды, өйткені теломның өстерінде жапырақтары болмайды. Негзгі өсі айқын байқалады. Оның ортасын ксилема алып жатады, ал сыртын флоэма қоршап тұрады. Ксилемасы тұтас цилиндр тәрізді немесе сәулелі болып келеді. Ол трахеидтерден тұрады. Теломның шет жағы фотосинтездің қызметін атқарады. Эпидермисінде устьица аппараттары орналасады. Жер асты бөлігінің устьицасы болмайды. Нағыз тамырлары жоқ оларды ризоидтары алмастырады.

Ринофиттердің гаметофиттері табылмаған.

Классификациясы. Риниофиттер бөлімі екі кластан тұрады : риниопсидтер (Rhinyopsda) зостерофиллопсидтер.(Zosterophyllopsida). Негізгіөкілдерінің біріне риния (Khynia туысы) жатады.Оның биіктігі 20см, диаметрі 3мм болатын шөптесін өсімдік.

Түрлерінің жалпы саны 35 мыңдай. Құрылысы. Мүктәрзділердің өмірлік циклінде, басқа жоғарғы сатыдағы өсімдіктердегідей екі фазасын – спорофи мен гаметофитінің алмасуы байқалады. Алайды бұларда гаметофиті басым болып келеді, ал қалған жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің барлығының спорофиті басым болады. Осы ерекшелігіне байланысты мүк тәрізділерді өсімдіктердің эволюциясына дербес бүйірлік бұтақ ретінде қарастырады.

Гаметофит дегеніміз жапырақ тектес таллом немесе сабақтан және жапырақтан тұратын өсімдік. Тамырлары жоқ, олардың қызметін ризоидтары қарайды. Ал ризоидтар дегініміз өсімдіктердің сыртқы клеткаларынан пайда болатын өсінділер болып табылады. Жыныстық көбею органдары көпклеткалы. Мүк тәрізділердің спорофиті спорогон деп аталынады, ол гаметофитке бағынышты. Морфологиялық тұрғыдан қарағанда спорофит жоғарғы ұшы шар тәрізді, эллипс тәрізді немесе цилиндр тәрізді болып келетін қорапшамен аяқталатын, жіңішке сағаққа аяқшасы бар орган. Қорапшаның ішінде спорангилері мен споралары жетіледі. Спорогон гаметофитпен тығыз байланысы болады, өйткені одан суды және қажетті қоректік заттарды алады. Мүк тәрізділердің ең үлкенінің вегетативтік денесінің мөлшері (размері) гаметофиті мен спорогонын қосып есептегенде 60см – ден аспайды.

Мүктәрізділер сырт құрылысы және экологиясы жағынан балдырларға жақын. Балдырлар секілді, олардың да сосудтары мен тамырлары болмайды.Кейбір қарапайым өкілдерінің вегетативтік денесі жерге төселіп өсетін дихотомиялы бұтақтанған балдырлардың талломына ұқсас талломнан тұрады. Ұрықтануы сумен тікелей байланысты. Балдырлар секілді мүк тәрізділердің ішінде де ағаштанған формалары болмайды.



Таралуы. Мүк тәрізділер дүниежүзінің барлық құрлықтарында кездеседі,бірақ таралуы біркелкі емес. Тропикалық елдерде олар негізінен таулы жерлерде өседі. Аздаған түрлері ылғалы жеткіліксіз жерлерде, мысалы шөлейт аймақтарда кездеседі. Кейбір түрлері ағаштардың қабығында эпифит ретінде немесе суда өмір сүреді. Түрлерінің басым көпшілігі Солтүстік ендіктің қоңыржай және суық климатты облыстарының ылғалы мол жерлерде өседі. Мүк тәрізділердің тундраның, батпақты жерлердің және орманның өсімдіктер жабынының қалыптасуында алатын орны ерекше.

Классификациясы. Мүк тәрізділер үш класқа бөлінеді: антоцероттылар класы (антоцеротовые или антоцеротопсиды) – (Anthocerotopsida), бауыр мүктер класы (поченочники или леченочные или) – Marschantiopsida или Hepaticopsida, нағыз мүктер класы (листостебельные) мхи, или мхи, или бриопсиды – Вryopsida или (Musci). Ең маңыздылары соңғы екі кластың өкілдері. Сондықтан да біздер осы екі класқа тоқталуды жөн көрдік.



Бауыр мүктер класы – Hepaticopsida. Түрлерінің жалпы саны 10 мыңдай болады. Барлық жерлерде кездеседі. Бауыр мүктерінің вегетативті денесінің құрылысының қарапайымдылығы, олардың ерте пайда болғандығын көрсетеді.

Бауыр мүктер класы екі кластан тұрады : маршанциялар кластары (Maqchantiidae), юнгерманиялар кластармағы (Junqermannidae). Маршанциялар кластармағы екі қатардан тұрады : сферокарпалар қатары (Sphaerocarpales) және маршанциялар қатары (Marchantiales), ал юнгерманиялар кластармағы үш қатардан тұрады : метцгериялы қатары (Metzqeriales), гапломитриялықтары (Haplomitriales) және юнгерманиалар қатары (Junqermanniales).

Кластың негізгі өкілі кәдімгі маршанция. Ол гаметофитінің ұзындығы 10-12см болатын дихотомиялы бұтақталған, пластинка тәрізді талломнан тұрады. Таллом екі жағынан бірдей эпидермиспен қапталған. Жоғарғы эпидермистің ауа келіп тұратын тесігі устьицасы болады. Бұл төрт қатар болып орналасқан арнайы клеткалармен қоршалған, үлкен клетка аралық қуыстар. Устьицалардың астында ауа қуыстары болады. Төменгі эпидермистен бір клеткалы ризоидтар мен қызғыштау немесе көкшілдеу түсті қабықшалар кетеді. Оларды кейде редукцияға ұшыраған жапырақтарға жатқызады. Жоғарғы эпидермистің астында ассимиляциялық ұлпа орналасады. Ол бір ядролы хронпластары бар, вертикаль орналасқан, бағаналы паренхималық клеткалардың қатарынан тұрады. Оның астында клетка қабықшалары жұқа, хлорофилдері жоқ паренхималық клеткалардың қабаты жатады. Яғни маршанциялардың талломының құрылысы дорсивентральды болып келеді.

Талломының үстіңгі жағында ерекше бұтақшалар тіректер (подставки) пайда болады, ал олардың жоғарғы жағында жыныс органдары жетіледі. Маршанция екі үйлі өсімдік. Бір өсімдіктер тірек тоғыз сәулелі жұлдызша формалы болып келеді. Осы сәулелердің арасында, оның астыңғы жағынан аналық жыныс органы архегонийлері орналасады. Екінші бір өсімдіктерде тірек сегіз бұрышты қалқанша формалы болып келеді. Қалқаншаны жоғарғы жағындағы антериальды қуыстың ішіне антеридийлері еніп жатады. Архегонияның құрсақ жағында жұмыртқа клеткасы жетіледі. Жұмыртқа клеткасы мен сперматозоид қосылғаннан соң зиготадан спорогон жетіледі. Ол қысқа сағақты (тірсекті) қорапшадан тұрады және гаусториялары арқылы гаметофитке бекініп тұрады. Қорапшаның ішінде спора түзетін клеткалардан мейоздың нәтижесінде гаплоидты споралар мен элатералар пайда болады. Элатералар дегеніміз қабырғалары спираль тәрізді қалыңдаған, ұзынша келген өлі клеткалар. Олар споралардың массасының (үйіндісінің) ыдырауын және қорапшадан сыртқа шашылуын қамтамасыз етеді. Қолайлы жағдайда спорадан протонема (өскінше) жетіледі. Оның үстіңгі клеткаларынан маршанцияның талломы өсіп шығады.

Вегетативті көбеюі, линза формалы, түсі жасыл болып келетін өнім бүршіктері (выводковые почки) арқылы жүзеге асады. Олар талломның үстінде болатын ерекше кәрзіңкелердің ішінде, олардың түбінде төселіп жататын клеткалардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болады.

Маршанциялардың түрлері табиғатта кең таралған. Олар көп жағдайда ылғалы мол жерлерден : көлдер мен өзендердің жағасынан, жыралардан, ормандардағы төменгі ярусты түзетін шөптесін өсімдіктердің арасынан кездестіруге болады.



Каталог: CDO -> Sillabus -> Bio
Bio -> Пәнінен Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «биология» кафедрасы
Bio -> Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақтар 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат СӨЖ 45 сағат
Bio -> I.«Омыртқасыздар зоологиясы» пәні бойынша
Bio -> Оқу-әдістемелік кешен
Bio -> Лекциялар конспектісі Құрастырған б.ғ. к доцент С. Е. Келдібеков Жетісай-2006ж. Кіріспе Курстың мақсаты
Bio -> «Жаратылыстану» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «Тұрмыстық химия» пәні бойынша
Bio -> Сабақтың тақырыбы: Геоботаникалық негізгі ғылыми мектептер. Жоспары: Фитоценоз. Биоценоз Биогеоценоз
Bio -> «Химия-биология» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет