Холецистит өт қабының қабынуы. Өте жиі кездесетін ауру, әсіресе әйелдерде

Дата06.05.2020
өлшемі1.56 Mb.

Холецистит

Жоспар

Холецистит - өт қабының қабынуы. Өте жиі кездесетін ауру , әсіресе әйелдерде.

Этиологиясы

  • дұрыс тамақтанбаудың салдарынан
  • өттің дұрыс ағып өтпеуінен
  • аз қозғалудан
  • әр түрлі инфекцияның түсуінен (іш таяқшалары, кокктар,т.б. қоздырғыштар ішек не қан арқылы таралады)
  • өт жолдарында әр түрлі себептерден тас байланудан пайда болады. Холецистит тұқым қуалайды.

холецистит

Өткір тасты:

а) катаральды

б) флегманозды

с)гангренозды

созылмалы

Клиникасы:

  • Ауырсыну синдромы. Ауыруы эпигастрий аймағында басталып,кейін оң жақ қабырға астына ауысады.Кейбір науқастарда іштің ауыруы өт қабы және өт жолдарының тұсында басталып,жоғары немесе іштің оң жақ жартысына тарайды.Кесіп немесе жарып,өте қатты шыдатпайтын ауырсыну болады. Тұйық сипатта. Ауырсыну бірнеше минуттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін.Ауырсыну оң жақ қабырға астының бұлшықеттерінің ширығумен бірге жүруі мүмкін.
  • Диспепсиялық синдром Жүрек айну,ауамен кекіру,ауызда ашты дәм сезу,құсу, тәбет төмендеуі, кей тағамдарды көтере алмау(майлы , қуырылған, уксусы бар). Құсу жеңілдік әкелмейді.
  • Қабынулық
  • Асқазан ішек жолдарының функциясы бұзылуы
  • Липидті алмасудың бұзылуы (клинико-лабароторлы көрсеткіштер)
  • Холецистостатикалық(Жалпы өт жолының бітелуі)
  • Үрдіске басқа ағзалар мен жүйелер қосылуы.

Симптомдар:

  • И.И.Греков Ортнер симптомы: Алақан қырымен оң жақ қабырға доғасын перкуссиялағанда ауысыну анықталады. Пальпация кезінде бауыр шетін және өт қабы түбін табуға болады.
  • Айзенберг симптомы – Оң жақ жауырын бұрышынан астынан соққылағанда ауырсыну өт қабы тұсына иррадиацияланады.
  • Березнеговскии - Елекер симптомы – Жедел холецистси белгісі, ауырсынудың оң жақ білекке берілуі.
  • Захарьин симптомы – холецистит белгісі: өт қабы аймағына басқанда немесе соққылағанда ауырсынуы
  • Караваев – Спектор симптомы – холецистит белгісі: кіндік ассиметриясы оның оңға және жоғары ығысуы, оң жақ бөлік бұлшық еттердің контрактурасымен негізделеді.
  • Образцов симптомы – холецистит белгісі: Дем алғанда терең пальпацияда ауырсыну.
  • Сквирскии симптомы – холецистит белгісі: Алақан қырымен омыртқадан оңға қарай 9-11омыртқалар деңгейінде перкуссиялағанда оң жақ қабырға астында ауырсыну пайда болуы.
  • Кер симптомы – холецистит белгісі: Оң жақ қабырға астында терең дем алғанда пальпация кезінде ауырсыну пайда болуы. ( Кер нүктесі: нүкте , орналасуы қабырға доғасы мен оң жақ тік бұлшық еттің сыртқы қырымен қиылысында орналасқан. Өт қабының проекциясына сәйкес, оның ауруларында ауырсынады.)

Жедел холециститте ауруға тән белгілер пайда болады. Ортнер белгісі:

Катаральді холецистит. Оң жақ қабырға астының және эпигастри аймағында ауырсынудың болуы бел аймағына, оң жақ жауырын астына иыққа,мойын аймағына дейін ауырсыну беріледі. Жеңілдік әкелмейтін құсу, лоқсу жиі болады. Субфебрильді дене қызуы, тахикардия 100 с минутына дейін. Пальпацияда оң жақ қабырға астында қатты ауырсыну сезіледі ерекше өт қабының проекциясында Ортнер-Греков, Мерфи, Мюсси-Георгиевскии симптомдары оң болады кей кезде ұлғайған өт қабын байқаумызға болады. ЖҚА зерттеуінде сәл лейкоцитоз байқаймыз 10-14*10\9/л ЭТЖ жоғарлауы байқалады

Флегмонозды холецистит. Клиникалық көрінісі өте айқын, ауырсынуы жөтелген кезде, демалғанда, қозғалғанда байқауымызға болады. Фебрильді дене қызуы, тахикардия 110-120 с мин. Щеткин –Блюмберг симптомы іштің жоғарғы оң жақ бөлігінде оң болады ЖҚА зерттеуінде сәл лейкоцитоз байқаймыз 20-22*10\9/л ЭТЖ жоғарлауы байқалады Макроскопиялық: өт қабы ұлғайған, қабырғалары жуандаған, бозғылт көктес түсті ішінде іріңді эксудат.

Гангренозды холецистит.Флегмонозды түрінің асқынуы. Айқын интоксикация, жергілікті немесе жайылған іріңді перитонит көрінісін байқаймыз(өт қабының перфорациясында) Науқастың жағдайы ауыр.

Гангренозды холецистит.Флегмонозды түрінің асқынуы. Айқын интоксикация, жергілікті немесе жайылған іріңді перитонит көрінісін байқаймыз(өт қабының перфорациясында) Науқастың жағдайы ауыр.

Емі

Холециститтің жедел түрінде диета сақтап, артық салмақ қоспауға тырысу керек, дене шынықтырумен шұғылданған жөн; ал аурудың созылмалы түріне операция жасалынады. Арнайы санаторийлерде холециститке себеп болған аурулар емделеді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  • «Жеке хирургия» Е.Әбдірахманов., 56-57 бет
  • Интернет желісі

Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:

©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет