Ихтиология ” пәні бойынша „050113„Биология” мамандығының студенттерінің білімін бақылауға арналған обсөЖ тапсырмалар мәтіні Жетысай-2009 ж. МазмұНЫ



бет3/7
Дата25.04.2016
өлшемі1.37 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Бірінші рейтинг бақылау







Тақырыбы

Апта реті

Ұпай саны

Бақылау түрі

1

Ихтиология ғылымының биология ғылымдарындағы орны.

1-апта



Сұрақ-жауап



2

Ихтилогияның Қазақстанда дамуы.

1-апта




тест

3

Балықтар омыртқалы жануарлардың тобы.

2-апта




Сұрақ-жауап

4

Балықтардың құрылысының ерекшеліктері.

2-апта



Бақылау сұрақтары, тест

5

Балықтардың сыртқы құрылысының биологиясы.

3-апта




Сұрақ-жауап

6

Балықтардың бүйір сызығы мен жүзү қанаттары.

3-апта

3 б


Тест, Реферат

7

Балықтардың қабыршағы, қызметі.

4-апта




Сұрақ-жауап

8

Балықтардың терісі мен туындылары.

4-апта

3 б

Бақылау сұрақтары, тест

9

Тыныс алу органдарының биологиялық, физиологиялық маңыздлығы.

5-апта




Сұрақ-жауап

10

Балықтардың қаңқасының морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері.

5-апта

3 б

бақылау сұрақтары, тест

11

Балықтардың бүлшық еттеріндегі биологиялық, физиологиялық процесстер

6-апта




Сұрақ-жауап

12

Бүлшық еттер жүйесі негізгі ерекшеліктері

6-апта



Тест бақылау сұрақтары, Реферат

13

Дөңгелекауыздылардың ас қорыту жүйесі.

7-апта




Сұрақ-жауап

14

Сүйекті балықтардың ас қорыту мүшелері.

7-апта



бақылау сұрақтары, тест

Қорытынды;30 балл

ОБСӨЖ 22


1-апта
ОБСӨЖ №1

Тақрыбы: Ихтиология ғылымының биология ғылымдарындағы орны.

Жоспар

  1. Ихтиология ғылымын зерттейтін бағыттары

  2. Ихтиология ғылымының пәнаралық байланысы

  3. Тамақ өнеркәсібіндегібалық өнімдерінің орны

Ихтиология (гр. «ісһtһуs» - балық, «logos» - сөз, ақыл, сана) - балықтар жайындағы ілім, омыртқалы жануарлар туралы ғылымның бір саласы. 43 мыңдай түр құрайтын омыртқалы жануарлардың 22 мыңдайы балықтардың үлесіне тиеді.

Академик Л.С. Берг берген анықтама бойынша: «Ихтиология дегенде балықтардын табиғи тарихы деп түсінеді. Ихтиология балықтардын сыртқы белгілері мен ішкі құрылысын (морфологиясы мен анатомиясын), балықтардың сыртқы ортаға - бейорганикалық және органикалық -қарым-қатынасын (экологиясын, кейде биологиясы деп те атайды), даму тарихын - жеке организмнің (эмбриологиясын), және түрлердің, туыстардын, тұқымдастардың, отрядтардын, т.т. (эволюциясын немесе филогениясын), сондай-ақ балықтардың географиялық таралуын (зоогеографиясын) зерттейді». Бұларға қоса ихтиология балықтар үйірінің санын және санының ауытқу заңдылықтарын зерттейді, балықтардың өндірістік қорын анықтау әдістерін жетілдіреді, қысқа және ұзақ мерзімді балықты аулау көлемін болжайды. Ихтиология балықтардың мінез-құлығын (этологиясын), өзара қалай қатынаста болатынын, ұрпағына ламқорлық түрлерін зерттейді.

Ихтиология табиғат тану ілімдерінің басқа салаларымен, әсіресе гидрология және гидробиология, тығыз байланысты. Аталған пәндер гидробионттардын тіршілігінің физикалық және экологиялық, яғни тіршілік ортасының абиотикалық және биотикалық жағдайларын зерттентіндер. Ихтиологияның дамуы онан балықтар физиологиясы, биохимиясы, балықтар генетикасы, селекциясы және будандастыру, тоғандарда және табиғи суларда балық өсіру, балық аулау, балықтардың эмбриологиясы, балық өндірісінің шикі зат қоры, балық тағамдарының технологиясы, балықтардың ауруы сияқты ғылым салаларынын бөлінуіне себепші болды.

Адам зат балықты басқа су объектілерімен қоса, өте ерте заманнан бері маңызды тамақтық зат есебінде пайдаланып келеді. Сондықтан олар өзен, көл, теңіздердің жағасына қоныстанған. Кейіннен балық аулау өнеркәсіптің бір саласына айналды. Балық аулау кәсібінің маңызы жыл сайын артуда, себебі адам тамағындағы жануарлар белогінің. Жер жүзі бойынша шамамен, 20%-нің көзі балықта. Ал, кейбір ел тұрғындары жанарлар белогіне қажеттілігін (мыс, Жапония) су жануарларынан негізінен балықтан қанағаттандырады. Бұндай жағдай біршама әсіресе теңіз жағалауларындағы, елдерде қалыптасқан. Бұған Жер жүзінне адам санының көбеюін ескерсек, балыққ деген қжеттілік ешбір даусыз бұның мысалын төмендегі кестеден байқауға болады.

Балық аулау кәсібі." Халық шаруашылығының балық және теңіз хайуандарын аулау саласы бадық аулду деп аталады., Балық аулаудын өнеркәсіптік - және әуесқойлық-спорттық түрлері бар. Балық аулаудың өнеркәсіптік түрі елімізді балық және т. б. теңіз хайуанаттарының етімен, басқа да өнімдерімен қамтамасыз ету үшін қызмет атқарады. Ал жұртшылыққа кеңінен тараған түрі — әуесқойлық-спорттық балық аулау.

Нағыз кәсіптік балықтардың бірі — қаяз. Пішіні жағынан бұл теңге-балыққа ұқсас, бірақ ірі тұлғалы болып келеді. Дене тұрқы 120 санти-метрге, салмағы 9 килограмға дейін жетеді. Көбінесе ол судың түбін мекендейді. Қаяздар әсіресе мөлдір, ағынды суларда кездеседі. Су түбінде жүретін болғандықтан қаязды түп қармақпен аулауға тура келеді. Қармақ жем ретінде салбыратып құрт ілуге, сондай-ақ насеком, ас-бұршақ, өкпе және бауыр кесектерін шаншуға болады. Өте сақ балық болғандықтан балықшы қаяздың қармақ қабуын сезе салысымен дереу қармақты судан суыруы қажет. Жалпы қаязды аулау қызықты да қиын.

Тұщы суда тіршілік ететін кәсіптік балық—торта. Оның көзі және жүзу қанаттары қызыл, дене тұрқы 30 сантиметрге, салмағы 600—800 грамға дейін жетеді. Бір жақсысы оларды жыл бойы аулауға болады. Бұл өте ойнақы балық. Қөктемде және жазғы күндері тортаның үйірін қайраңдардан, жағалықтағы су өсімдіктерінің арасынан кездестіруге болады. Торталар жаздың ыстық күндері мен қысқы аязда судың терең жерлерін мекен етеді.
1-апта
2. ОБСӨЖ

Ихтилогияның Қазақстанда дамуы.
ОБСӨЖ ЖОСПАРЫ

1 Қазақстанның ішкі сулары және олардың биологиялық жағдайы.

2 Арал мен Каспидің биологиялық жағдайлары.

3 Сырдария мен ірі өзендердегі балықтардың экологиясы мен биологиясы.


ОБСӨЖ мақсаты: Қазақстанның ішкі сулары және олардың биологиялық жағдайын және Арал мен Каспидің биологиялық жағдайларын ерекшеліктерін зерттеу.
ОБСӨЖ мәтіні: Ихтиологияның дамуына кеңестік дәуірдегі ихтиологиялық бағытын бастаушысы аталған Л.С:Бергтің (балық систематикасы, таралуы, палеонтологиясы) А.Н.Северцовтың

( балық анатомиясы) С.Г.Крыжановскийдің ( балық морфологиясы,эмбриологиясы) Е.К.Суворов ( кәсіптік ихтиологияны ) дамытты.

Қазақстанда Ихтиология ғылымының дамуы 18 ғ. П.Палластың Каспи теңізі мен Еділ, Жайық, Ертіс өзендерінің ихтиофаунасын зерттеумен басталды. Арал теңізінің балықтары

туралы алғашқы деректер Г.Мейендорф берді. Каспий алабын зертушілер К.Бэийр,Н.Данилевский балық үиірінің динамикасы мен судың биологиялық өнімділігі теориясының негіздерін қалады. Аралда 1929ж Бүкілодақтық балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу стансасы ашылды. 1959жҚазақстан Ғ.А. ның Зоология институтында ихтиология және гидробиология бөлімшелері ашылды. 1961ж КазМ.У.де ихтиология, гидробиология кафедралары ашылды. Қазақстандағы өзндер мен көлдер балықтары зерттеліп жатыр. Оның негізгі мақсаты өндірістік бағалы балық қорын зерттеу және балық

аулауды тиімді ұйымдастыру. Кәзіргі кезде Қазақстанның барлық дерлік көлдерінде балықтар ауланады. Қазақстанда сүйекті балықтар басымдылау келеді. Каспи мен Арал, Зайсан менБалхаш көлдерінде Қазақстанның 70 процентей балығы ауланады. Жер көлемі үлкен Қазақстан, ішкі суларыда жеткілікті болғандықтан, ірі балық аулайтын аймаққа айналып отыр.

Сонғы жылдары ихтиологтар балықтың жасын, өсуін,қоректенуін, көбеуін, санының өзгеруін, таралуын, өрістеуін анықтайтын әдістерді жетілдірді, Ихтиология зертулерде, балық шаруашылығында физико-химиялық жетістіктері орын алуда. Мысалы балық үиірін іздеуге ультра дыбысты қолдану, балықты аулауда электр жарығын, балы қтың қоректенуін зерттеуге радиоактивті изотоптарды пайдалану. Ихтиология ғылымы биология пәндерімен тығыз байланыста. Зоогеография, ботаника, биогеография, анатомия, физиология, бионика, экология ғылымдарымен байланысты. Жыл сайын өзен мен көлдерде балықтар саны азайып барады. Негізгі себебі адамзат табиғатты аяусыз, ретсіз пайдалануда. Өндіріс орындары қалдықтарды суларға тастап, гидробионтар санын азайтты. Мұнай және оның қоспалары мұхиттарға төгіліп суды ластап ,тірі ағзаларды жойып жатыр. Экология мәселесі адамзатты алаңдатуда. Педагог білім беру барысында жас ұрпақты табиғатты қорғауға, көркейтуге, бар байлықты сақтап қалуға ұйрету керек. Болашақ биолог мамандар табиғат заңдылықтарын білу қажет. Ихтиология пәнін оқытудағы мақсаты – балықтар әлемін біліп, табиғаттағы орнын анықтап, құрылысымен, тіршілігімен танысып, оны қорғау заңддылықтарын білу қажет.

Ихтиология ғылымының негізгі міндеттері-балықтар ресурстарын сақтап қалу. Санын көбейтіп, жерсіндіру жұмыстарын сапалы жүргізу. Адамзат балықты, өте ерте заманнан бері маңызды азық ретінде пайдаланып келді. Балық аулау өнеркәсіптің бір саласына айналды. Мұхит жағалауындағы халықтар негізгі азығын мүхиттан алып отырды. Балық негізгі азық қана болмай, дәрі дәрмек көзіне де айналды. Кейбір балықтардан әсемдік заттар жасалынды. Мысалы акула терісінен, балықтардың қабыршақтарынан небір әсем заттар, бижутериялар жасалынады. Жер жүзі халықының 20 процентеиі тіршілігін балықтармен байланыстырады Кейбір ел тұрғындары жануарлар белогіне қажеттілігін балықтан алып отырады.. Сондықтан балықтар әлемін қорғау керек.

ТЕСТ ТАПСЫРМАСЫ:
1. Ихтиологияның дамуына кеңестік дәуірдегі ихтиологиялық бағытының бастаушысы аталған ғалым?

а) Шварц


в) Л.С.Берг

с) Тенсли

д) Зуев

е) Мейендорф



2. Балық анатомиясы еңбегінің авторы?

а) Мейендорф

в) Шварц

с) Тенсли

д) Зуев

е) А.Н.Северцов



3. Балық морфологиясы,эмбриологиясы атты еңбек авторы?

а) Мейендорф

в) Шварц

с) Тенсли

д) Зуев

е) С.Г.Крыжановский



4. Кәсіптік ихтиологияны дамытушы ғалым?

а) Шварц


в) Е.К.Суворов

с) Тенсли

д) Зуев

е) Мейендорф



5. Қазақстанда Ихтиология ғылымының дамуы нешінші ғасырдан басталады?

а) 20 ғ


в) 19 ғ

с) 18 ғ


д) 21ғ

е) 17 ғ


6. Арал теңізінің балықтары туралы алғашқы деректерді қай ғалым жасады?

а) Зуев


в) Шварц

с) Тенсли

д) Мейендорф

е) Е.К.Суворов



Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі

1.Наумов С.П. Омыртқалылар Зоологиясы М 1982 ж.

2.Карташев Н.Н. Практикум по зоологии позвоночных М 1969

3. Анисимова И.М. Лавровский В.В. Ихтиология М 1991 ж.

4. Ә.А.Бәйімбет- Ихтиологияның негіздері. 1 бөлім А-Ата 2005.

5. Суворов Е.К. Основы Ихтиологии М., 1948 ж.

6. Джумалиев М.К. Биоразнобразие животного мира (хордовые) 1 ч. Алматы 2002

Қосымша:

7.Бәйімбет Ә.А. Темірхан С.Р. Қазақстанның балық тәрізділері балықтарының қазақша орысша анықтаушысы Алматы 1999 ж.

8.Алеев Ю.Г. Функциональный основы внешнего строения рыб

9.Плавильшиков Н.Н. Очерки по историй зоологии М. 1941

10.Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб. М., 1966 г.

11.Никольский Г.В. Экология рыб М., 1963 г.

12.Жизнь животных. Рыбы 4 т. М., 1983

2-апта

ОБСӨЖ №3

Тақырыбы: Балықтар омыртқалылар жануарлар тобы.

Жоспар.


    1. Балықтар судағы гидробионтар.

    2. Балықтардың сыртқы және ішкі құрылысының мекен ету ортасымен байланыстылығы.

    3. балықтардың тіршілік ету жағдайлары.

Кейбір балықтар өте жоғары кернеулі электор тогын бөле алады, қанытүссіз. Балықтар суда мекен ететін гидробионтар болып саналады. Мекен ету ортасына қарай денен құрылысында соған лайықты болады.Арқа, кеуде, құйрық,қанатары балықтың емін еркін қозғалыс жасауына мүмкінді береді. Тұмсығы ұшкір болып келеді. Балықтар мұхиттың барлық жерлерінде мекен етеді. Судың қысымы терендеген сайын артып отырады. Қысымның жоғары болуына терең қабаттарында мекен ететін балықтардың денесі жайлап кеткен. Мұхиттың ортаңғы бөлімінде мекендейтін балықтар активті қозғалыс жасайды. Олар алып акулалар, сүйекті балықтардың өкілдері басқада теңіз жануарлар мекен етіп, тіршілігін жүргізеді. Бұл балықтардың өкілдерінің дене құрылысы қалыпты болып келеді. Дене құрылысы соған лайықты. Балықтардың тері қабыршақтары денесін түрлі зақымданудан сақтап, денеге жалпы бір форманы беріп тұрады. Тері қабыршақтарының орналасуы суда жүзуге мүмкіндік береді.

Балықтың денесі бас, кеуде, құрсақтан тұрады. Бас пен кеуденің шекарасы шеміршекті балықтарда соңғы желбезек саңылауы ал, сүйекті балықтарды желбезек қақпағын сыртқы жиегі кеуде мен құйрықтың шекарасы аналь тесігі.

Желбезек қақпақтарының жиегі тері жарғақпен көмкерілген олар басының астында желбезек арқылы жерге бекінген. Ал кейбір балықтар екі желбезек жарғағы қосылып, қатпаршақ құрайды. Ауызының орналасқан жері, құрылысы олардың қоректенуі сипатына байланысты. Жоғарғы төменгі жақ сүйектері ілгері жоғары қарай созылған.

Кейбір балықтардың ауызы жоғары қараған саңылау сияқты. Тамағы су түбіне жақын балықтардың жақ аралық сүйектері бас қаңқасымен қозғалмалы жалғасқан.Сондықтан ауызы түтік сияқты созылады.

Балықтардың тіршілік ету жағдайларына қарай пішіндері әр түрлі болады.

Ұршық тектестілердің денесі жақсы сүйірленген жоғары жылдамдықпен жүзе алатын балықтар жатады. Оларға скумрия, тунецтер жатады.

Жебе тектестердің дене тұрқы ұзын, арқа және анал қанаттары құйрығының жақын орналасқан. Бұл балықтар ұзақ уақыт жақсы жүзе алмайды.

Таспа тектестердің денесі ұзын екі бүйірі қысыңқы үлкен тереңдікте тіршілік етеді. Бұған –қылыш балық майшабақ балықтары жатады.

Жылан балықтардың денесі биік екі бүйірі қысыңқы су түбіне жақын жүріп аз қозғалатын балықтар.

Шар тектес балықтарға кірпі балық, пингорқа жатады. Бұлар судың таяз жеріне мекен етеді.



2-апта
4. ОБСӨЖ

Балықтардың құрылысының ерекшеліктері..
ОБСӨЖ жоспары

Балықтардың көптүрлілігі мен таралуы.

Балықтардың мекен ету ортасының алуан түрлілігі.

Балықтардың қоректенуінің алуан түрлілігі.


ОБСӨЖ мақсаты: Балықтардың көптүрлілігі мен таралуына және балықтардың мекен ету ортасының алуан түрлілігіне зерттеулер жүргізу.
ОБСӨЖ мәтіні:

Балықтардың әр бір түріне нақтылы тіршілік жағдайы тән, бұлардың құрылысы мен тіршілігі айтарлықтай солардың ерекшелігіне байланысты. Ұзақ тарихи даму барысында балықтар судың құрамының көптүрлілігіне беймделген, сондықтан пішіні мен түсі де әртүрлі, көптеген айрықша органдары дамыған немесе жоғалған.

Негізінен суда жүзетін балықтардың арасында ауада қалықтайтын, жерде жорғалайтын немесе секіретін түрлері де кездеседі. Балықтардың кейбіреуі микроскоптық балдырлармен – фитопланктон, екіншілері – жоғары сатыдағы су өсімдіктерімен, басқалары зоопланктонмен немесе зообентоспен коректенеді, өте үлкен жануарларды жей алатын түрлері де кездеседі. Көптеген балық түрлері ұрпағын қорғайды, бұндайда өзі опат болатын жағдайлар жиі кездеседі. Балықтар жұмыртқа (уылдырық) салып көбейеді, дегенмен тіріжұмыртқа немесе тірі туатындары да бар. Кейбір балықтар өте жоғары кернеулі электр тогын бөле алады, ал антарктикалық аққанды – балықтың қанында эритроциттер болмайды, қаны түссіз және т.т. Балықтар суда мекен ететін гидробионтар болып саналады. Мекен ету ортасына қарай дене құрылысыда соған лайықты болады. Денесі жақсы сүйірленген, тұмсығы үшкір болып келеді. Арқа, кеуде, құрсақ, құйрық қанаттары балықтың емін еркін қозғалыс жасауына мүмкіндік береді. Балықтардың қозғалысы, азығын табуда, жауларынан қорғануда улкен көмек көрсетеді. Балықтар мұхиттың барлық жерлерінде мекен етеді. Судың қысымы тереңдеген сайын артып отырады. Қысымның жоғары болуынан терең қабаттарында мекен ететін балықтардың денесі жалпайып кеткен. Мұхиттың ортаңғы бөлімінде мекендейтін балықтар активті қозғалыс жасайды. Олар алып акулалар, сүйекті балықтардың өкілдері, басқада теңіз жануарлары мекен етіп, тіршілігін жұргізеді. Бұл балықтардың өкілдерінің дене құрылысы қалыпты болып келеді. Дене құрылысы соған лайықты. Балықтардың тері қабыршақтары денсін тұрлі зақымданудан сақтап, денеге жалпы бір форманы беріп тұрады. Тері қабыршақтарының орналасуы суда жұзуге мұмкіндік береді.

Балықтар –желбезекпен тыныс алатын, дене температурасы тұрақсыз, аяқ орнына жүзу қанаттарыбар омыртқалы су жануарлары. Балықтардың жақсы дамыған етті құйрығы, екі құрсақ және қос құйрықты қанаты, дара арқа, құйрық және анальқанаты болады. Денесін қабыршақ жапқан және қабыршақсыз түрлері болады.Терісінде шырыш түзетін бездері,жарық шығаратын органдары болады. Балықтардың түсі тіршілік ортасына сай келеді. Ең кішкене түрі Филиппины бұзаубасының дене тұрқы 1см болса, кит тәрізді акуланың салмағы 30тоннаға дейін барады. Балықтар қартайғанша өседі, бірақ өсуі бір келкі болмайды. Жыныстық қаблеті жетілгенше тез өседі, олардың өсуі жыл маусымына, тіршілік жағдайына байланысты. Балықтар 1жыл,немесе 2-3 жыл, кейбіреулері 100 өмір сүреді. Мысалы белуга 100ж өмір сүреді. Балықтардың қаңқасы сүйектен немесе шеміршектен тұрады.Омыртқасы 16 дан (айбалық), 400ге дейін(жаңа зеландиялық таспа балық) болады. Негізінен желбезекпен тынысалады, бірақ ауамен тыныс алатын түрлері де кездеседі.

Балықтардың өсімдікпен, жәндіктермен, омыртқасыздар мен қөректенетіндері де бар. Балықтардың жыртқыштары, паразитті тіршілік ететіндері бар. Жүрегі екі камералы. Тек қостынысты(өкпесімен тыныс алатын ) балықтарда аздап өзгешілік болады.Балықтар дыбыс пен ультра дыбысты сезеді, өздері де торсылдағын немесе қанаттарын, желбезек қақпағын пайдаланып дыбыс шығара алады. Балықтар дара жынысты, қос жынысты түрлеріде кездеседі. Жыныстық қаблеті 1жылда ( бұзаубастың кейбір түрі) немесе 12-20жылда (құртпа) жетіледі. Көпшілігі өмірінде бірнеше рет уылдырық шашады, бір шашатын түрлеріде кездеседі. Оған қиыр шығыс лососі, кета, горбуша т.б. түрлері кездеседі.
ТЕСТ ТАПСЫРМАСЫ:

1. Шеміршекті балықтар қандай суларда мекендейді?

а) бұғаздарда

в) ашық теңіздерде, мұхиттарда

с) су қоймаларында

д) жер асты суларда

е) көлдерде, өзендерде

2. Суда мекен ететін ағзаларды не деп атайды?

а) анаэробті

в) аэробті

с) гигрофильдер

д) керофильдер

е) гидробионттар

3. Химерліктер қай жерде мекен етеді?

а) терең су түбінде

в) ортаңғы бөлімінде

с) судың беткі қабатында

д) су қоймаларында

е) өзендерде

4. Балықтардың тіршілік ету ортасын атаңдар.

а) теңіз және мұхиттар.

в) мұхит, теңіз , өзен , көл.

с) өзен мен көл.

д) мұхит, өзен, батпақ.

е) батпақты жерлер.

.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1.Балықтардың құрылысының ерекшеліктері.

2. Балықтардың көптүрлілігі мен таралуы.

3. Балықтардың мекен ету ортасының алуан түрлілігі

4. Балықтардың қоректенуінің алуан түрлілігі

5.Балықтардың таралу аймақтары
Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі

1.Наумов С.П. Омыртқалылар Зоологиясы М 1982 ж.

2.Карташев Н.Н. Практикум по зоологии позвоночных М 1969

3. Анисимова И.М. Лавровский В.В. Ихтиология М 1991 ж.

4. Ә.А.Бәйімбет- Ихтиологияның негіздері. 1 бөлім А-Ата 2005.

5. Суворов Е.К. Основы Ихтиологии М., 1948 ж.

6. Джумалиев М.К. Биоразнобразие животного мира (хордовые) 1 ч. Алматы 2002

Қосымша:

7.Бәйімбет Ә.А. Темірхан С.Р. Қазақстанның балық тәрізділері балықтарының қазақша орысша анықтаушысы Алматы 1999 ж.

8.Алеев Ю.Г. Функциональный основы внешнего строения рыб

9.Плавильшиков Н.Н. Очерки по историй зоологии М. 1941

10.Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб. М., 1966 г.

11.Никольский Г.В. Экология рыб М., 1963 г.

12.Жизнь животных. Рыбы 4 т. М., 1983
3-апта

ОБСӨЖ№ 5

Тақырыбы: Балықтардың сыртқы құрылысының биологиясы.
Жоспар:

1. Балықтардың дене пішінінің түрлері

2. Балықтардың басының пішіні

3.Балықтардың сыртқы формасының тіршілік ортасымен байланыстылығы.

Балықтар омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең көп санды және әртүрлі пішінді топ. Бұл олардың өте әртүрлі жағдайларда тіршілік етуімен байланысты. Балықтар тропикалық, коңыржай және полярлы зоналардың шағын қара суларында, ағысы қатты өзендері мен жылғаларында, теңіздері мен мұхиттарында тіршілік етеді. Балықтар 6000 м биіктегі тау суларында, мұхиттардың тұңғиықтарында, жер асты үңгірлердегі суларда да кездеседі. Бұлар температурасы 2°С суық сулардан 40°С асатын ыссы суларда да, сондай-ақ тұщы, кермек және тұздылығы 80 % болатын суларда да тіршілік ете алады, тек тұзсыз (тазартылған) және тұздық суларда болмайды.

Негізінен суда жүзетін балықтардың арасында ауада қалықтайтын, жерде жорғалайтын немесе секіретін түрлері де кездеседі. Балықтардың кейбіреуі микроскоптық балдырлармен - фитопланктон, екіншілері -жоғары сатыдағы су өсімдіктерімен, басқалары зоопланктонмен немесе зообентоспен қоректенеді, өте үлкен жануарларды жей алатын түрлері де кездеседі. Көптеген балық түрлері ұрпағын қорғайды, бұндайда өзі опат болатын жағдайлар жиі кездеседі. Балықтар жұмыртқа (уылдырық) салып көбейеді, дегенмен тірі жұмыртқа немесе тірі туатындары да бар. Кейбір балықтар өте жоғары кернеулі электр тогын бөле алады, ал антарктикалық аққанды-балықтың қанында эритроциттер болмайды, қаны түссіз және т.т.

Балық дeнeci бас, кеуде, құйрықтан тұрады. Бас пен кеуденің шекарасы шеміршекті балықтарда соңғы желбезек саңылауы, ал сүйекті балықтарда желбезек қақпағының сыртқы жиегі (желбезек жарғағынсыз), кеуде мен құйрықтың шекарасы -аналь тесігі. Нағыз дұрысы -кеуде және құйрық омыртқаларының шекарасы.

Балықтардың басында аузы, көздері, танаулары, желбезек саңылаулары орналасқан..

Бүйір сызығы. Көпшілік балықтардың екі жанында бір толық бүйір сызығы (linia lateralis) болады, кейбіреуінде ол үзік-үзік (корюшкілер, навагалар) немесе қисық (қылыш-балық). Терпугтерде әр бүйірінде 5 бүйір сызығы болса, ал кейбір балықтарда бүйір сызығы жоқ (майшабақтар), олардың бастарында тек сейсмосенсорлы өзекшелері болады.

Жүзу қанаттары. Бұлар балықтар құрылысының ерекшелігі. Қанаттардың көлемі, пішіні, саны, бекіген жері және қызметтері әртүрлі. Бұлар дене тепе-теңдігін сақтайды, балықтың қозғалуына және жүзуін тежеуге қатысады.

Балықтарда арқа қанаттары бірнеше болуы мүмкін: мыс, майшабақтәрізділер мен тұқытәрізділерде 1, көптеген алабұғатәрізділер мен басқын-балықтарда (кефалдар) 2, ал кейбір трескаларда 3. Бұлардың бекіген жерлері әрқалай. Торуылдайтын балықтарда (шортан) денесінің артқы бөлігінде, майшабақтәрізділер мен тұқытәрізділерде денесінің ортасында, денесінің алдыңғы жағы шомбал болатындардың (алабұға, треска) бірінші арқа қанаты басына жақын бекіген. Желкенділерде әрі биік, әрі ұзын, камбалаларда өте ұзын және аналь қанатымен бірге негізгі қозғалу органы. Скумбриялар, тунецтер, сайраларда арқа және аналь қанаттарынан кейін майда қанатшалар орналасқан. Теңіз шайтанының арқа қанатының бірінші талшығы алдауыштың қызметін атқаратын ерекше қармаққа айналған, тұңғиықтың қармақшысында осы қармақта жарқырауық орган болады. Жабысқақ-балықтардың бірінші арқа қанаты сорғышқа айналған. Электрлі жыланбалықта арқа қанаты жоқ, ал су түбіне жақын тіршілік ететін аз қозғалатын түрлерде (жайын) ол нашар дамыған немесе жоқ (скаттар).Құйрық қанаты болмайтын балықтар сирек. Құйрық қанаты жартылай, шанышқытектес, ойық балықтар ең жақсы жүзетіндер.

3-апта

6. ОБСӨЖ

Балықтардың бүйір сызығы мен жүзу қанаттары.
ОБСӨЖ жоспары

1 Бүйір сызығының балықтар тіршілігі үшін маңыздлығы.,қызметі.

2 Жүзу қанаттарының балықтар тіршілігіндегі маңыздлығы.

3 Балықтардың қозғалу әдістері.




ОБСӨЖ мақсаты: Бүйір сызығының балықтар тіршілігі үшін маңыздлығына, қызметіне және жүзу қанаттарының балықтар тіршілігіндегі маңыздлығына мәлімет беру.
ОБСӨЖ мәтіні: Балықтардың тіршілік ету жағдайларына қарай пішіндері әр түрлі болады.

  1. Ұршық тектес (торпеда тектес)

  2. Жебе тектес.

  3. Таспа тектес.

  4. Жылан балық тектес.

  5. Жалпақ .

  6. Шар тәрізді.

Ұршық тектестілердің денесі жақсы сүйірленген, жоғары жылдамдықпен жүзе алатын, балықтар жатады. Оларға скумбрия, албырттар, тунецтер жатады.

Жебе тектестідердің дене тұрқы ұзын, арқа және анал қанаттары құйырығына жақын орналасады. Бұл балықтар ұзақ уақыт жақсы жүзе алмайды. Жасырынып тіршілік етеді.

Бұған- шортан, сарған, сайра жатады.

Таспа тектестілердің денесі ұзын, екі бүйірі қысыңқы, үлкен тереңдікте тіршілік етеді. Бұған –қылыш балық, майшабақ королі.

Жылан балық тектестілер денесі ұзарған, көлденең кесіндісі сопақ, денесін жаймен ию арқылы қозғалатын балықтар. Бұларға-миногалар, мексиндер, жылан балықтар жатады.

Жалпақ балықтардың денесі биік, екі бүйірі сығыңқы, су түбіне жақын жүріп, аз қозға-латын балықтар. Бұларға- скаттар, теңіз шайтаны жатады.

Шар тектес балықтарға – кірпі балық, пиногорка жатады. Бұлар судың таяз жерінде мекен етеді.

Сонғы жылдары ихтиологтар балықтың жасын, өсуін,қоректенуін, көбеуін, санының өзгеруін, таралуын, өрістеуін анықтайтын әдістерді жетілдірді, Ихтиология зертулерде, балық шаруашылығында физико-химиялық жетістіктері орын алуда. Мысалы балық үиірін іздеуге ультра дыбысты қолдану, балықты аулауда электр жарығын, балы қтың қоректенуін зерттеуге радиоактивті изотоптарды пайдалану. Ихтиология ғылымы биология пәндерімен тығыз байланыста. Зоогеография, ботаника, биогеография, анатомия, физиология, бионика, экология ғылымдарымен байланысты. Жыл сайын өзен мен көлдерде балықтар саны азайып барады.
Мұнай және оның қоспалары мұхиттарға төгіліп суды ластап ,тірі ағзаларды жойып жатыр. Экология мәселесі адамзатты алаңдатуда. Педагог білім беру барысында жас ұрпақты табиғатты қорғауға, көркейтуге, бар байлықты сақтап қалуға ұйрету керек. Болашақ биолог мамандар табиғат заңдылықтарын білу қажет. Ихтиология пәнін оқытудағы мақсаты – балықтар әлемін біліп, табиғаттағы орнын анықтап, құрылысымен, тіршілігімен танысып, оны қорғау заңддылықтарын білу қажет.

Ихтиология ғылымының негізгі міндеттері-балықтар ресурстарын сақтап қалу. Санын көбейтіп, жерсіндіру жұмыстарын сапалы жүргізу. Адамзат балықты, өте ерте заманнан бері маңызды азық ретінде пайдаланып келді. Балық аулау өнеркәсіптің бір саласына айналды. Мұхит жағалауындағы халықтар негізгі азығын мүхиттан алып отырды. Балық негізгі азық қана болмай, дәрі дәрмек көзіне де айналды. Кейбір балықтардан әсемдік заттар жасалынды. Мысалы акула терісінен, балықтардың қабыршақтарынан небір әсем заттар, бижутериялар жасалынады. Жер жүзі халықының 20 процентеиі тіршілігін балықтармен байланыстырады Кейбір ел тұрғындары жануарлар белогіне қажеттілігін балықтан алып отырады.. Сондықтан балықтар әлемін қорғау керек.

Балықтың денесі бас, кеуде, құйырықтан тұрады. Бас пен кеуденің шекарасы шеміршекті балықтарда соңғы желбезек саңлауы, ал сүйекті балықтарды желбезек қақпағының сыртқы жиегі кеуде мен құйырықтың шекарасы, аналь тесігі.

Балықтардың басы оның тіршілік ету ортасына байланысты дамыған. Балықтардың басында ауызы, көздері, танаулары , жебезек саңлаулары орналасқан. Сүйекті балықтардың желбезек саңлаулары бір жұп, шеміршекті балықтарда- бес, ал химераларда- желбезек қақпағы сияқты терімен жабылған төрт жұп.

Желбезек қақпақтарының жиегі тері жарғақпен көмкерілген, олар басының астында желбезек аралық жерге бекіген. Ал кейбір балықтарда екі жедбезек жарғағы қосылып, қатпаршақ құрайды. ауызының орналасқан жері, құрылысы, олардың қоректену сипатына байланысты. Жоғарғы-төменгі жақ сүйектері ілгері жоғары қарай созылған.

Кейбір балықтардың ауызы жоғары қараған қисық саңлау сияқты. Тамағы су түбіне жақын балықтардың ауызы төменгі, немесе жартылай төменгі болады. Ал кейбір балықтардың жақ аралық сүйектері бас қаңқасымен қозғалмалы жалғасқан. Сондықтан, ауызы түтік сияқты созылады.



РЕФЕРАТ ТАПСЫРМАСЫ:


  1. Балықтардың бүйір сызығы мен жүзу қанаттары

  2. Бүйір сызығының балықтар тіршілігі үшін маңыздлығы.,қызметі

  3. Жүзу қанаттарының балықтар тіршілігіндегі маңыздлығы.

  4. Балықтардың қозғалу әдістері.Ихтиология ғылымын оқытудағы мақсаты, міндеттері.

  5. Шеміршекті балықтардың скелетінің ерекшелігі.

  6. Миосептар мен миомерлер дегеніміз не ?

  7. Сүйекті балықтардың сыртқы дене құрылысы.

  8. Сүйекті балықтардың ас қорыту жүйесі, құрылысы, ерекшгелігі.

  9. Акуладағы рострумның қызметі, маңызы

  10. Балықтардың ас қорыту жолдарының құрылысы, қызметі.

  11. Торсылдақ және гидростатикалық тепе-теңдік.

  12. Ихтиология ғылымының халық шаруашылығындағы орны.

  13. Балықтардың негізгі тыныс алу органдарының құрылысы.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі

1.Наумов С.П. Омыртқалылар Зоологиясы М 1982 ж.

2.Карташев Н.Н. Практикум по зоологии позвоночных М 1969

3. Анисимова И.М. Лавровский В.В. Ихтиология М 1991 ж.

4. Ә.А.Бәйімбет- Ихтиологияның негіздері. 1 бөлім А-Ата 2005.

5. Суворов Е.К. Основы Ихтиологии М., 1948 ж.

6. Джумалиев М.К. Биоразнобразие животного мира (хордовые) 1 ч. Алматы 2002

Қосымша:

7.Бәйімбет Ә.А. Темірхан С.Р. Қазақстанның балық тәрізділері балықтарының қазақша орысша анықтаушысы Алматы 1999 ж.

8.Алеев Ю.Г. Функциональный основы внешнего строения рыб

9.Плавильшиков Н.Н. Очерки по историй зоологии М. 1941

10.Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб. М., 1966 г.

11.Никольский Г.В. Экология рыб М., 1963 г.

12.Жизнь животных. Рыбы 4 т. М., 1983

4-апта
ОБСӨЖ №7

Тақрыбы: Балықтардың қабыршағы, қызметі

Жоспар


  1. Қабыршақтың балықтар үшін қызметі.

  2. Қабыршақтың түрлері,қызметі.

Балықтардың сыртқы қабатын қоршаған ортаның зиянды әсерінен тері қорғайды. Тері арқылы тынысалу, осмос қысымын реттеуге қажетті су, аммиак, кейбір тұздар, көмір қышқылы,өттегі өтеді. Тері активті зат алмасуға қатысады. Теріде түрлі сезгіш клеткалар орналасқан.

Балық терісі екі қабаттан тұрады. 1-эктодермадан пайда болған сыртқы эпидермис қабаты. 2- ішкі негізгі тері –мезодермадан пайда болған дерма.Бұл қабаттардың шекарасы базальді мембрана. Негізгі тері (дерма үш қабатты. 1-сыртқы шекаралық пластинка- дәнекер тіканді клеткалар болмайды. 2- сыртқы борпылдақ немесе субэпидермальді қабат. 3-тығыз дәнекер тіканді ішкі қабат. Терінің астында май клеткалары бар дәнекертіканді теріасты –субкутанеальді қабат болады. Эпидермис қабатында қан тамырлары болмайды, бірақ түрлі сезгіш клеткалары мен нерв ұштары бар. Дермада жүйке мен қан тамырлары болады.

Эпидермистің астында талшықтары ұзынынан және көлденең орналасқан. Балықтың терісінің құрылысы оның тіршілігіне байланысты. Балықтардың терісі жұзу жылдамдығына қарай қалыңдайды.Балықтардың эпидермисінің ішкі өсетін қабаты бір қатар орналасқан цилиндрлі клеткалардан тұрады. Ал сыртқы қабаты бірнеше қатарлы жалпақ клеткалардан тұрады. Эпидермистің ортаңғы қабаты целиндрліден жалпаққа бірте-бірте аусатын эпителиальдік клеткалардан тұрады.

Безді кілеткалар осы қабатта орналасқан. Олар шырыш, май, жарақатанғанда қорқыныш деген зат бөледі. Жүзу жылдамдығы өскен сайын шырышты клеткалар дененің ортаңғы және артқы бөліміне қарай ығыса түседі. Бұл гидродинамикалық кедергінің азаюына себепші болады. Шырыш балықтың суға үйкелісін азайтады, бактериаларды жойып отырады, балықтар жарақаттанғанда қанның ұйына қатысады.

Эпидермистің ішкі жағында негізгі тері (дерма) жалғасқан, ол тіреу қызметін атқарады. Балықтардың негізгі терісі екі қабаттан тұрады. Сыртқы жұқа қабаты және тығыз дәнекер тканнан тұратын, қабыршақты қоршайтын ішкі қабат.

Ақырын жүзетін балықтардың дермасы нашар дамыған.

Балықтардың түсін-терісіндегі пигменті клеткалар мен лейкофорлар береді. Пигменті клеткалар-дермальді, периневральді, перицомдық және периваскулярлық болып бөлінеді.

Олардың негізгі болатын жерлері: дерманың субэпидермальді және дәнекер тканінің субкутанеальді қабаты. Эпидермисте пигмент жоқ, эпидермистің жоғарғы қабатында анда-санда кездесетін меланофорлар мен липофорларды лимфатикалық жолдармен келген деп есептейді.

Балықтарға қорғаныштық түс тән, бұл балықтардың тіршілік ортасына сай, оларды байқалмайтындай етеді. Ол пигменті клеткалардың әртүрлі комбинацияларынан пайда болады..Пелагикалық балықтардың арқасы қоңыр, бауыры ақшыл болады.Балықтардың түсі түрақты емес, ол сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен өзгеріп тұрады. Түстің өзгеруі балықтың жасына,жынысына, денсаулығына байланысты. Көптеген бұзаубас балықтардың түсі көбею кезінде қараяды.Камбала тіршілік ортасына қарай түсін өзгертеді. Балықтардың түсінің өзгеруі хроматофордағы пигментердің жиырылуы және жайыла алатындығынан.Бұл процесс жүйке жүйесі арқылы іске асады.Көпшілік балықтардың төмендегідей негізгі түстерін ажыратады. Пелагикалық түс-арқасы көкшіл немесе жасылдау, бауыры мен бүйірлері күміс түстес. Шөптесінді түс-арқасы қоңырлау, жасылдау,немесе сарғыштау болады. Су түбінің түсі- арқасы мен бүйірі қаралау, ал бауыры ақшыл болады.

Балықтардың қабыршағы болады. Жайындар мен дөңгелекауыздыларда қабыршағы болмайды. Көпшілік балықтардың қабыршағы болады, ал жайындар мен дөңгелекауыздыларда болмайды. Қабыршақ балықтың дене бетінің тегістігін қамтамасыз етеді, сонымен олар жүзгенде балықтардың бүйірлерінде теріде пайда болатын қыртыстары болмайды. Қабыршақтың 4-түрі болады. Плакоидты, ганоидты, космоидты және сүйекті. Қабыршақтар терінің негізгі қабатының туындылары. Плакоидты қабыршақ тек шеміршекті балықтарға тән. Балық денесін түгел жапқан.Өмірінде бірнеше рет алмасады. Қабыршақ ізбест сіңген органикалық зат-дентиннен тұрады. Ганоидты қабыршақ ромбіпішінді және бүйірінде тістәрізді өсіндісі болады, солар арқылы өзара жалғасып ерекше сауыт құрайды.Сүйекті қабыршақ ганоидты қабыршақтың өзгеруінен-ганоин және космин қабаттары жойлып, тек сүйекті заты қалғаннан пайда болған. Қабыршақ жиегінің сипаты бойынша бұның екі типін ажратады. 1. циклоидты, 2 ктеноидты. Қабыршақтың өсуі –шабақта пайда болатын бірінші кішкентай қабыршақтың астында келесі жылы онан үлкен пластинка пайда болады , үшінші жылы оның астында онан да улкен пластинка пайда болады., солай балық өмірінің аяғына деін созыла береді. Балықтың жасын анықтағанда қабыршақтың склериті бар қабатын зерттейді.

Кейбір балықтардың эпидермисінде, тікенекті қанат талшықтарының түбінде у бөлетін бездері болады. Улы бездердің 3- типін ажратады.Олар қанаттың тікенекті талшықтарының және желбезек қақпағының түбінде орналасқан.Қазақстанда қарабалық пен көкбасты уылдырығы мен шоғалы улы .

Кейбір балықтарда жылтырауық органдары болады.Ол тұңғиық балықтарда болады.Жылтырауық органдар фотофорлар жылтырауық клеткалардан тұрады. Жылтырауық органдар балықтар өміріне қажетті болып келеді.

4-апта

8. ОБСӨЖ

Балықтардың терісі мен туындылары.
ОБСӨЖ жоспары


  1. Тері қабатының құрылысының анатомиялық, физиологиялық ерекшіліктері мен қызметі.

  2. Балықтардың түсінің тіршілік ету жағдайымен байланыстлығы.

  3. Қабыршақтың түрлері мен маңыздлығы.


ОБСӨЖ мақсаты: Тері қабатының құрылысының анатомиялық, физиологиялық ерекшіліктері мен қызметіН АНЫҚТАУ
ОБСӨЖ мәтіні: Балықтардың сыртқы қабатын қоршаған ортаның зиянды әсерінен тері қорғайды. Тері арқылы тынысалу, осмос қысымын реттеуге қажетті су, аммиак, кейбір тұздар, көмір қышқылы,өттегі өтеді. Тері активті зат алмасуға қатысады. Теріде түрлі сезгіш клеткалар орналасқан.

Балық терісі екі қабаттан тұрады. 1-эктодермадан пайда болған сыртқы эпидермис қабаты. 2- ішкі негізгі тері –мезодермадан пайда болған дерма.Бұл қабаттардың шекарасы базальді мембрана. Негізгі тері (дерма үш қабатты. 1-сыртқы шекаралық пластинка- дәнекер тіканді клеткалар болмайды. 2- сыртқы борпылдақ немесе субэпидермальді қабат. 3-тығыз дәнекер тіканді ішкі қабат. Терінің астында май клеткалары бар дәнекертіканді теріасты –субкутанеальді қабат болады. Эпидермис қабатында қан тамырлары болмайды, бірақ түрлі сезгіш клеткалары мен нерв ұштары бар. Дермада жүйке мен қан тамырлары болады.

Эпидермистің астында талшықтары ұзынынан және көлденең орналасқан. Балықтың терісінің құрылысы оның тіршілігіне байланысты. Балықтардың терісі жұзу жылдамдығына қарай қалыңдайды.Балықтардың эпидермисінің ішкі өсетін қабаты бір қатар орналасқан цилиндрлі клеткалардан тұрады. Ал сыртқы қабаты бірнеше қатарлы жалпақ клеткалардан тұрады. Эпидермистің ортаңғы қабаты целиндрліден жалпаққа бірте-бірте аусатын эпителиальдік клеткалардан тұрады.

Безді кілеткалар осы қабатта орналасқан. Олар шырыш, май, жарақатанғанда қорқыныш деген зат бөледі. Жүзу жылдамдығы өскен сайын шырышты клеткалар дененің ортаңғы және артқы бөліміне қарай ығыса түседі. Бұл гидродинамикалық кедергінің азаюына себепші болады. Шырыш балықтың суға үйкелісін азайтады, бактериаларды жойып отырады, балықтар жарақаттанғанда қанның ұйына қатысады.

Эпидермистің ішкі жағында негізгі тері (дерма) жалғасқан, ол тіреу қызметін атқарады. Балықтардың негізгі терісі екі қабаттан тұрады. Сыртқы жұқа қабаты және тығыз дәнекер тканнан тұратын, қабыршақты қоршайтын ішкі қабат.

Ақырын жүзетін балықтардың дермасы нашар дамыған.

Балықтардың түсін-терісіндегі пигменті клеткалар мен лейкофорлар береді. Пигменті клеткалар-дермальді, периневральді, перицомдық және периваскулярлық болып бөлінеді.


ТЕСТ ТАПСЫРМАСЫ:
1. Тері қызметі?

а) ашық қан айналу шеңбері

в) тұйық қан айналу шеңбері

с) тыныс алу, қысым реттеу

д) 2 қан айналу шеңбері

е) бір қан айналу шеңбері

2. Активті зат алмасуға қатысатын мүше?

а) 2 қан айналу шеңбері

в) тұйық қан айналу шеңбері

с) ашық қан айналу шеңбері

д) тері

е) бір қан айналу шеңбері

3. Сезгіш клеткалардың орналасқан орны?

а) тұйық қан айналу шеңбері

в) тері қабатында

с) ашық қан айналу шеңбері

д) 2 қан айналу шеңбері

е) бір қан айналу шеңбері

4. Балықтардың қосымша тыныс алу мүшесі.

а) ауыз


в) желбезек

с) ішек


д) тері қабаты

е) торсылдақ

5. Балықтардың қабыршақтарының түрлері.

а) космоидты, планоидты

в) ганоидты, плакоидты, касмоидты

с) кненоидты, сапрофитті

д) ганоидты, қабыршақты

е) планоидты қабыршақтар


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1.Балықтардың тері қабатының құрылысының ерекшіліктері мен қызметі.

2.Балықтардың түсінің тіршілік ету жағдайымен байланыстылығы.

3.Қабыршақтың түрлері

4.Қабыршақтың маңызы



Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі

1.Наумов С.П. Омыртқалылар Зоологиясы М 1982 ж.

2.Карташев Н.Н. Практикум по зоологии позвоночных М 1969

3. Анисимова И.М. Лавровский В.В. Ихтиология М 1991 ж.

4. Ә.А.Бәйімбет- Ихтиологияның негіздері. 1 бөлім А-Ата 2005.

5. Суворов Е.К. Основы Ихтиологии М., 1948 ж.

6. Джумалиев М.К. Биоразнобразие животного мира (хордовые) 1 ч. Алматы 2002

Қосымша:

7.Бәйімбет Ә.А. Темірхан С.Р. Қазақстанның балық тәрізділері балықтарының қазақша орысша анықтаушысы Алматы 1999 ж.

8.Алеев Ю.Г. Функциональный основы внешнего строения рыб

9.Плавильшиков Н.Н. Очерки по историй зоологии М. 1941

10.Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб. М., 1966 г.

11.Никольский Г.В. Экология рыб М., 1963 г.

12.Жизнь животных. Рыбы 4 т. М., 1983


5-апта

ОБСӨЖ №9

Тақырыбы: Тыныс алу органдарының биологиялық, физиологиялық маңыздылығы.

Жоспары

1. Желбезектің қызметінің тіршілік жағдаймен байланысты атқаратын жұмысы

2. Желбезек пен тыныс алудың активті, пассивті түрлері

3. Қосымша тыныс алу мүшелерінің балықтардың физиологиялық жағдайына байланысты қызметі

Негізгі тынысалу органдары. Желбезектің негізгі қызметі газ алмасу-оттегіні сіңіріп, көмір кышқыл газын бөліп шығару. Желбезек сондай-ақ
су-тұз алмасуға да қатысады - аммиак, мочевинаны бөледі, су мен тұздар
иондарын, әсіресе натрий ионын, сіңіреді және бөледі.

Миноганың желбезек қапшықтары жеті жұп, оның әрқайсысында екі тесік бар: сыртқы - суды сыртқа бөлетін және ішкі тынысалу түтігіне ашылады, әрі жабыла алады. Тынысалу түтігі жұтқыншақтың ұзынынан екіге бөлінуінен пайда болған: төменгісі тынысалу, жоғарғысы асқорыту. Түтік тұйық аяқталады, ол ауыз куысынан ерекше клапанмен бөлінген. Миноганың дернәсілі-құмқазғышта тынысалу түтігі болмайды, желбезек тесіктері жұтқыншаққа тікелей ашылады. Көпшілік миксиналардың желбезек тесіктері бірігіп желбезек қапшықтарынан едәуір кейін бір жүп болып ашылады. Бұнан басқа, миксиналардың мұрын тесігі жұтқыншақпен қатынаста болады. Ересек дөңгелекауыздыларда су ауыз тесігінен кіріп жұтқыншаққа немесе тынысалу түтігіне, соңғысынан желбезек қапшықтарына барады, онан сыртқа шығарылады. Қоректенген уақытта аузы бос болмайды, су сыртқы желбезек тесіктері арқылы сорылады және қайтадан шығарылады. Тұнбаға көмілген миксиналарда су желбезек қапшықтарына мүрын тесігі арқылы барады.

Акулалардың желбезек саңылаулары басының екі жанында, ал скаттарда басының астында болады. Шеміршекті балықтардың әрбір желбезегі желбезек доғасынан, оның сыртынан басталатын желбезекаралык пердеден, перденің екі бетінде орналаскан желбезек жапырақшаларынан және желбезек доғасының ішкі жағындағы желбезек өскіндерінен тұрады. Желбезек пердесінін соңғы бөлігінде желбезек жапырақшалары болмайды, ол желбезек саңылауларын сыртынан жабады.

Шеміршекті балықтардың тынысалу органына шашыратқышты (брызгальце-spiraculum) жатқызуға болады; ол көздің артында орналасқан және ауыз-жұтқыншақ қуысымен қатынасатын желбезек саңылауының рудименті. Шашыратқыш шеміршекті және бекіре балықтарында болады. Ең күрделі шашыратқыш скаттарда. Шашыратқыштың алдыңғы қабырғасында клапандар, ал артқысында - көру органын қанмен қамтамасыз ететін жалған желбезек болады.

Акулалар тыныс алғанда су аузынан кіріп желбезек саңылауларынан шығады. Скаттар су түбінде тіршілік ететіндіктен су ауыз-жұтқыншақ қуысына шашыратқыштан клапаны ашық кезінде кіреді, ал клапан жабық кезінде су желбезек саңылаулары арқылы сыртқа шығарылады.

Пассивті тынысалу реофильді балықтарда және оттегіге бай суда тіршілік ететіндерде кездеседі. Олар жүзгенде аузы және желбезек қақпақтары ашық болады, ал судың ағысы балықтың жүзуінен туады.

Қосымша тынысалу органдары. Құрлықтағы оттегісі әруақытта немесе оқтын-оқтын аз болатын суларда тіршілік ететін сүйекті балықтарда эволюция барысында атмосферадағы оттегіні пайдалануға кабілетті қосымша тынысалу органдары дамыған. Бұларға тері, ішек, желбезекүсті органдары, торсылдақ, т.т. жатады.


5-апта
10. ОБСӨЖ

Балықтардың қаңқасының морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері.
ОБСӨЖ жоспары

1 Балықтардың қаңқасының пішіні дене формасына лайықтылығы

2 Шеміршекті балықтардың қаңқасының ерекшелігі.

3 Бас қаңқаның құрылысындағы ерекшеліктер.


ОБСӨЖ мақсаты: Балықтардың қаңқасының пішіні дене формасына лайықтылығын, шеміршекті балықтардың қаңқасының ерекшеліктерін анықтау.
ОБСӨЖ мәтіні: Балықтың қаңқасы сүйеніш, қорғаныш және қозғалыс қызметтерін атқарады.

Дененің пішінін, кеңстіктегі қалпын анықтайды. Қаңқа ішкі органдарды қорғайды.

Қаңқа бұлшық еттер мен бірігіп қозғалу процесстерін орындайды.

Балықтардың қаңқасы сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы қаңқа барлық уақытта сүйектен тұрады. Балықтардың ішкі қаңқасы тірек, бас, жұп қанаттардың белдеуі мен тақ қанаттар бекитін суйектер.

Бас қаңқасы екі бөлімнен тұрады ми сауыты мен висцеральді бөлімнен. Ми сауыты мидың және кұрделі сезім мұшелерінің қорғанышы. Жақтар мен желбезек аппаратының таянышы. Бас сүйегі тері және шеміршек тектес сүйектерден құралған. Ми сауыты шеміршекті сүйектерден құралған.Ми сауытының артқы бөлімі , қарақұс тесігінің көмкере орналасқан төрт шүйде сүйектерінен құралған. Шүйде сүйегі, парлы бүйір сүйегі, жоғарғы шүйде сүйектері ми сауытында орналасқан. Есіту капсуласының маңында, бас сүйегінің екі жағында бес- бестен құлақ сүйегі болады. Көз бөлімі сына тәрізді сүйектерден құралған. Иіс бөлімін дара аралық иіс сүйегі және жұп бүйір иіс сүйектері құрайды.Бас сүйегінің қақпағының алдыңғы бөлімдері жұп мұрын сүйектерінен, маңдай сүйектерінен , жұп төбе сүйектерінен құралған. Барлық бас сүйегінің тұбін – парасфеноид және оның алдыңғы жағында өре сүйегі құрайды.

Тіл асты сүйектер мен желбезек доғаларынан висцеральді скелет құрылады. Тіл асты сүйегі мен желбезек шеңберлері шеміршекті сүйектерден құралған. Тіл асты доғасының жоғарғы бөлімі гиомандибуляре деген сүйектен құралған. Бұған шаршы сүйекпен бұындасып тұратын симплектикум келіп ұштасады. Гиомандибуляре симплектикуммен бірігіп жағы ілініп тұратын, арқалық тірек болып есептеледі. Жоғарғы жақ бас сауытына тікелей бекиді.Желбезек қақпағы гиомандибуляр сүйегіне келіп бекиді. Желбезек шатыры төрт сүйектен құралған.

Тірек қаңқасы –бұл хорда немесе омыртқа жотасы. Хорда серпімді және майысқақ тіканнен құралған. Хорда ересек бүтінбастыларда, қостыныстыларда және шеміршекті балықтарда сақталған. Көпшілік балықтардың арқа желісі омыртқалардан құралған, бұл екі бөлімге жіктеледі. 1-қабырғалар бекіген кеуде.2-қабырғалары жоқ құйрық омыртқалары. Омыртқа ортасында хорда сақталады. Әрбір омыртқа, омыртқа денесінен, оның үстіңгі жүйке доғасынан және бұл доға жоғарғы істік өсінді болып аяқталады.Омыртқа жотасының соңғы омыртқалары өзгеріп жалпақ сүйектерге айналған. Балықтардың омыртқасының саны әртүрлі. Мысалы ай балықта-17, атлант майшабағында-57 болады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1.Балықтардың қаңқасының қызметі

2.Балықтардың бас қаңқасының ерекшеліктері

3.Сүйекті балықтар мен шеміршекті балықтардың қаңқасының айырмашылықтары

ТЕСТ ТАПСЫРМАСЫ:

1. Балықтардың қимыл үйлесімділігіне байланысты миының қандай бөлімі жақсы жетілген?

а) аралық ми

в) алдыңғы ми

с) ортаңғы ми

д) мишық


е) жұлын

2. Балықтың қаңқасы қандай қызмет атқарады?

а) мишық


в) аралық ми

с) ортаңғы ми

д) сүйеніш

е) жұлын


3. Қаңқа ішкі органдарды қорғайды және қаңқа бұлшық еттер мен бірігіп қандай процесстерін орындайды.

а) жұлын


в) аралық ми

с) ортаңғы ми

д) сүйеніш

е) қозғалу

4. Балықтардың қаңқасы неше топқа бөлінеді?

а) 4


в) 5

с) 58


д) 2

е) 7


5. Бас қаңқасы екі бөлімнен тұрады ?

а) жұлын


в) аралық ми

с) ортаңғы ми

д) сүйеніш

е) ми сауыты мен висцеральді



6. Балықтардың арқа желісі нелерден құралған?

а) жұлын


в) ми сауыты мен висцеральді

с) ортаңғы ми аралық ми

д) сүйеніш

е) омыртқа


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі

1.Наумов С.П. Омыртқалылар Зоологиясы М 1982 ж.

2.Карташев Н.Н. Практикум по зоологии позвоночных М 1969

3. Анисимова И.М. Лавровский В.В. Ихтиология М 1991 ж.

4. Ә.А.Бәйімбет- Ихтиологияның негіздері. 1 бөлім А-Ата 2005.

5. Суворов Е.К. Основы Ихтиологии М., 1948 ж.

6. Джумалиев М.К. Биоразнобразие животного мира (хордовые) 1 ч. Алматы 2002

Қосымша:

7.Бәйімбет Ә.А. Темірхан С.Р. Қазақстанның балық тәрізділері балықтарының қазақша орысша анықтаушысы Алматы 1999 ж.

8.Алеев Ю.Г. Функциональный основы внешнего строения рыб

9.Плавильшиков Н.Н. Очерки по историй зоологии М. 1941

10.Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб. М., 1966 г.

11.Никольский Г.В. Экология рыб М., 1963 г.



6-апта

ОБСӨЖ№ 11

Тақырыбы: Балықтардың бұлшықеттер жүйесінің негізгі ерекшеліктері.

Жоспар:


1.Қозу мен тежелу процестерінің жүруі

2.Қозғалу кезіндегі бұлшық еттердің үйлесілімділігі.

Балықтардың үлкен жылдамдықтағы қозғалысының, орындалуы ет талшықтарының қызметімен байланысты. Ақ еттер аэробты зат алмасуға, ал қызыл еттер анаэробты зат алмасуға бейімделген. Қызыл етті балықтар ұзақ уақытта үлкен жылдамдықпен жүзеді. Сүйекті балықтардың еті ақ. Көпшілік балықтардың қызыл еті-бүйір сызығының бойында және қанаттар түбінде болады. Қызыл еттің салыстырмалы көлемі, олардың жүзу жылдамдығына тікелей байланысты.

Дөңгелек ауыздылардың дене еті ұзынынан созылған екі таспа (лента) сияқты. Қиғаш орналасқан миомерлері сәл иілген, сондықтан алдыңғы миомерлері кейінгілерінің үстінен киіледі. Дөңгелекауыздылардың дене еттерінің жіктелуі байқалады: құрсақ бөлімінде жұп қиғаш еттер мен тік қарын еті пайда болады.

Балықтардың бұлшық еттері де екі бүйір етінен тұрады, олар метомерлі бірақ миомерлер көлденең перде арқылы дорсальді және вентральді бөліктерге бөлінген.

Шеміршекті және сүйекті балықтардың бұлшық етінің құрылысы ұқсас.

Шеміршекті балықтардың тұлға еті нашар жетілген. Шеміршекті балықтарда жұп қиғаш және тік қарын еттері жақсы дамыған. Нағыз сүйекті балықтарда тұлға еті жіктеліп – желбезек қақпағын пайда етеді. Бұл балықтарда ұзын арқа еті, қарынның ішкі және сыртқы қиғаш еттері мен тік еті дамыған. Ұзын арқа еті дененің еқі жағында бүкіл арқа бойына созылған. Миомерлері артқа бағытталады, сонан қайтадан ілгері бағытталады. Қарынның сыртқы қиғаш ет талшықтарымен, жоғарғы жиектен қиғаш төмен және артқа қарай бағытталған, вентральді арқаудың жоғарғы бөлігінде орналасқан.

Қарынның ішкі қиғаш ет талшықтармен, жоғарғы жиектен қиғаш төмен және алдына қарай бағытталған, бүкіл бүйір қабырғаларын, яғни түгел вентральді арқауын құрайды. Қарынның тік ет талшықтарымен тұлғаның алдыңғы бөлігін бойлай орналасады.

Балықтардың соматикалық бас еті желбезекүсті, желбезек асты және алты жұп көз етінен тұрады. Қанат еттері –тұлға еттерінен бөлінген ет шоқтары. Көпшілік балықтардың еті түссіз, кейбір балықтардың еті түсті. Мысалы шортанның еті боздау, бекіреде сарғыш, албырттарда-қызғылт сары. Бекіреледің етінің түсті болуы оның етінде майдың көп болуы.

Балықтардың еттерінің негізгі қызметі балықтардың кұрделіде ,қарапайым қозғалыстарын жасауға мүмкіндік береді. Қоршаған ортасына бейімделуіне, азығын тауып жеуіне, жауларынан қорғауына , тіршілік әрекетін жасауға көмектеседі. Неғурлым балықтар жақсы дамыса , соғурлым бұшық еттері жақсы күрделі дамиді. Бұлшық еттердің дамуы ағзаның физиологиялық жағдайына байланысты.




6-апта

12. ОБСӨЖ

Соматикалық ,Висцеральді бүлшық еттер жүйесі

ОБСӨЖ жоспары

1 Соматикалық бұлшық еттер жүйесінің ерекшеліктері.

2 Висцеральді бүлшық еттер жүйесі, ерекшеліктері.

3 Бұлшық еттер қызметінің балықтардың қозғалуына, азығын табуына қорғануына тигізетін әсері.


ОБСӨЖ мақсаты: Соматикалық бұлшық еттер жүйесінің ерекшеліктеріне, висцеральді бүлшық еттер жүйесі, ерекшеліктерін оқып үйрену.
ОБСӨЖ мәтіні: Балықтардың соматикалық етінде дене, бас және қанат еттерін бөлуге болады. Ең жақсы дамығаны дене, немесе қозғалыс, еті ол дөңгелекауыздыларда сегменттелген.

Ет сегменттері-миомерлер бір бірінен бәнекертканьді перделермен-миосепталар-бөлінген.

Балықтардың дене еті түсі, құрылымы, биохимиялық құрамы және қызметі бойынша ажыратылады. Ақ (ақшыл), қызыл (қоңыр) және аралық ет талшықтарын ажыратады.

Балықтардың үлкен жылдамдықтағы қозғалысының, орындалуы ет талшықтарының қызметімен байланысты. Ақ еттер аэробты зат алмасуға, ал қызыл еттер анаэробты зат алмасуға бейімделген. Қызыл етті балықтар ұзақ уақытта үлкен жылдамдықпен жүзеді. Сүйекті балықтардың еті ақ. Көпшілік балықтардың қызыл еті-бүйір сызығының бойында және қанаттар түбінде болады. Қызыл еттің салыстырмалы көлемі, олардың жүзу жылдамдығына тікелей байланысты.

Дөңгелек ауыздылардың дене еті ұзынынан созылған екі таспа (лента) сияқты. Қиғаш орналасқан миомерлері сәл иілген, сондықтан алдыңғы миомерлері кейінгілерінің үстінен киіледі. Дөңгелекауыздылардың дене еттерінің жіктелуі байқалады: құрсақ бөлімінде жұп қиғаш еттер мен тік қарын еті пайда болады.

Балықтардың бұлшық еттері де екі бүйір етінен тұрады, олар метомерлі бірақ миомерлер көлденең перде арқылы дорсальді және вентральді бөліктерге бөлінген.

Шеміршекті және сүйекті балықтардың бұлшық етінің құрылысы ұқсас.

Шеміршекті балықтардың тұлға еті нашар жетілген. Шеміршекті балықтарда жұп қиғаш және тік қарын еттері жақсы дамыған. Нағыз сүйекті балықтарда тұлға еті жіктеліп – желбезек қақпағын пайда етеді. Бұл балықтарда ұзын арқа еті, қарынның ішкі және сыртқы қиғаш еттері мен тік еті дамыған. Ұзын арқа еті дененің еқі жағында бүкіл арқа бойына созылған. Миомерлері артқа бағытталады, сонан қайтадан ілгері бағытталады. Қарынның сыртқы қиғаш ет талшықтарымен, жоғарғы жиектен қиғаш төмен және артқа қарай бағытталған, вентральді арқаудың жоғарғы бөлігінде орналасқан.

Қарынның ішкі қиғаш ет талшықтармен, жоғарғы жиектен қиғаш төмен және алдына қарай бағытталған, бүкіл бүйір қабырғаларын, яғни түгел вентральді арқауын құрайды. Қарынның тік ет талшықтарымен тұлғаның алдыңғы бөлігін бойлай орналасады.

Балықтардың соматикалық бас еті желбезек үсті, желбезек асты және алты жұп көз етінен тұрады. Қанат еттері –тұлға еттерінен бөлінген ет шоқтары. Көпшілік балықтардың еті түссіз, кейбір балықтардың еті түсті. Мысалы шортанның еті боздау, бекіреде сарғыш, албырттарда-қызғылт сары. Бекіреледің етінің түсті болуы оның етінде майдың көп болуы.


РЕФЕРАТ ТАПСЫРМАЛАРЫ:


  1. Балықтардың жүрегі неше камералы, ерекшелігі

  2. Балықтардың жүрек-тамыр жүйесі. Құрылысы, ерекшелігі.

  3. Скаттар отряды. Дене құрылысы, ерекшелігі, тіршілігі.

  4. Қосымша тынысы алу мүшелеріне нелер жатады

  5. Шеміршекті балықтардың сезім органдары. Маңызы, қызметі.

  6. Сүйекті балықтар тобы. Көптүрлілігі, ерекшелігі.

  7. Ихтиология пәнінің оқытуда мақсаты , міндеттері.

  8. Балықтардың жүйке жүйесі, құрылысы, қызметі.

  9. Сүйекті балықтардың бас сүйегінің құрылысы.


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАР:
1 Балықтардың соматикалық бұлшық еттер жүйесінің ерекшеліктері.

2 Балықтардың висцеральді бүлшық еттер жүйесі, ерекшеліктері.

3 Балықтардың бұлшық еттер қызметінің қозғалуына, азығын табуына қорғануына тигізетін әсері.

4. Балықтардың бұлшықетінде қозу мен тежелу процестерінің жүруі

5.Балықтардың қозғалу кезіндегі бұлшық еттердің үйлесілімділігі.

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

1. Балықтардың соматикалық бұлшықеттеріне қай бөлімдері жатады?

а) жұлын ортаңғы ми аралық ми

в) ми сауыты мен висцеральді

с) омыртқа

д) сүйеніш

е) дене,бас,қанат

2. Ең жақсы дамыған бұлшықеттер?

а) омыртқа

в) ми сауыты мен висцеральді

с) дене


д) сүйеніш

е) жұлын ортаңғы ми аралық ми

3. Балықтардың дене еті түсі, құрылымы, биохимиялық құрамы және қызметі бойынша ажыратылады?

а) ми сауыты мен висцеральді

в) Ақ, қызыл, аралық

с) омыртқа

д) сүйеніш

е) жұлын ортаңғы ми аралық ми

4. Дөңгелек ауыздылардың дене еті ұзынынан созылған неге ұқсас келеді?

а) омыртқа

в) Ақ, қызыл, аралық

с) таспа (лента)

д) сүйеніш

е) жұлын ортаңғы ми аралық ми

5. Балықтардың бұлшық еттері екі бүйір етінен тұрады, олар метомерлі бірақ миомерлер көлденең перде арқылы қандай бөліктерге бөлінген?

а) омыртқа

в) Ақ, қызыл, аралық

с) дорсальді және вентральді

д) таспа (лента)

е) жұлын ортаңғы ми аралық ми

6. Шеміршекті балықтардың қай бөліктерінің бұлшық еттері нашар дамыған?

а) дорсальді және вентральді

в) Ақ, қызыл, аралық

с) омыртқа

д) таспа (лента)

е) тұлға

7. Шеміршекті балықтарда жұп қиғаш және қандай еттері жақсы дамыған.

а) дорсальді және вентральді

в) Ақ, қызыл, аралық

с) омыртқа

д) таспа (лента)

е) тік қарын

8. Қай балықтардың бұлшықеттері боздау?

а) Шортан

в) Ақ, қызыл, аралық

с) омыртқа

д) таспа (лента)

е) дорсальді және вентральді

9. Бекіре балығының етінің түсі қандай?

а) таспа (лента)

в) Ақ, қызыл, аралық

с) омыртқа

д) сарғыш

е) дорсальді және вентральді


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі

1.Наумов С.П. Омыртқалылар Зоологиясы М 1982 ж.

2.Карташев Н.Н. Практикум по зоологии позвоночных М 1969

3. Анисимова И.М. Лавровский В.В. Ихтиология М 1991 ж.

4. Ә.А.Бәйімбет- Ихтиологияның негіздері. 1 бөлім А-Ата 2005.

5. Суворов Е.К. Основы Ихтиологии М., 1948 ж.

6. Джумалиев М.К. Биоразнобразие животного мира (хордовые) 1 ч. Алматы 2002

Қосымша:

7.Бәйімбет Ә.А. Темірхан С.Р. Қазақстанның балық тәрізділері балықтарының қазақша орысша анықтаушысы Алматы 1999 ж.

8.Алеев Ю.Г. Функциональный основы внешнего строения рыб

9.Плавильшиков Н.Н. Очерки по историй зоологии М. 1941

10.Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб. М., 1966 г.

11.Никольский Г.В. Экология рыб М., 1963 г.

12.Жизнь животных. Рыбы 4 т. М., 1983


7-апта

ОБСӨЖ № 13

Тақырыбы: Дөңгелекауыздылардың ас қорыту жүйесі.

Жоспар:

1. Дөңгелекауыздылардың ас қорыту жүйесі.

2.Ас қорыту бездері

Дөңгелекауыздылардың ауыз аппараты сорғыш типті, ол жиегі майда бүршіктермен қоршалған сорғыш воронкадан басталады. Ауыз тесігі воронканың түбінде. Жақтары жоқ, ал воронканың ішкі бетінде мүйізді тістері орналасқан. Ауыз қуысында, тісті, жақсы жетілген тілі бар, тілдің қаңқасы негізінен тіласты шеміршектен тұрады. Дөңгелекауыздылар воронканың көмегімен өзінің жемтігіне сүлікше жабысады, ал тісті тілімен оның денесін теседі. Сосын жараға белоктарды ыдырататын антикаогулянттар мен ферменттер бөледі, жартылай қорытылған тамақты ауыз қуысына сорады.

Балықтардың ауыз тесігі қоректену әдісі мен қоректің сипатына сәйкес әрқалай пішінді және әртүрлі орналасқан.

Көпшілік балықтардың ауыз қуысындағы жақтарында тістері болады-іріленген және пішінін өзгерткен плакоидты қабыршақтар. Тістің сыртын эмалтектес-витродентин қаптаған, оның астында дентин (сүйектен де берік) орналасқан. Тістің ішкі қуысы жүйкесі және қан тамырлары бар дәнекертканьді қоймалжың затқа толы. Әдетте тістердің түбі болмайды, сондықтан тозғандарының орнын жаңалары басады. Бүтінбастылар мен қостыныстылардың тістері үздіксіз өседі. Көптеген момын балықтардың, мысалы тұқылар, ауыз қуысында тіс болмайды. Жыртқыштардың істік, ішке қарай иілген тістері жемін ұстауға бейімделген.

Балықтарда ауыз қуысынан шыға алатын нағыз тіл болмайды. Оның қызметін шырышты қабы бар тіласты доғасының тақ элементі (копула) атқарады.

Ауыз тікелей жұтқыншаққа ауысады, бұның қабырғаларында сыртқа ашылатын, желбезек доғалары қоршаған желбезек саңылаулары бар. Желбезек доғаларының ішкі ойық бетінде, құрылысы қоректену сипатына байланысты, желбезек өскіндері болады. Желбезек өскіндері қарапайым және желпуіштәрізді, ұзын және бүршіктітектес, қатты және майысқақ т.б. болып келеді. Жыртықштардың желбезек өскіндері азсанды, сирек тұрпайы, қысқа болады және негізінен желбезек жапырақшаларын қорғау және өте шырышты корегін ұстап қалу қызметін атқарады. Планктофагтардың желбезеке өскіндері көпсанды, ұзын, жіңішке –судан корегін сүзіп алу қызметін атқарады.Фитопланктонмен коректенетін дөңмаңдайдың желбезек өскіндері ерекше тор сияқты. Кейбір балыфқтардың (майшабақтар, албырттар, кейбір тұқылар т.б.) бірінші желбезек доғасындағы желбезек өскіндерінің саны систематикалық белгі болады. Планктофагтардың түгелге жақыны коректенген уақытта суды сүзу үшін аузын ашып, желбезек қақпақтарын томпайтып жүзеді.

Кейбір балықтардың –микрофитофагтар (дөңмаңдай)-жұтқыншағының дорсальді қабырғасында ерекше желбезекүсті орган дамиды, ол балықтың екі жағында төрт желбезек доғасының жоғарғы элементтерінен пайда болған оңашаланған тұйық спиральді клапандар сияқты, бұл қуысқа желбезек өскіндерінің ұштары енеді. Желбезекүсті органының қызметі майда тамақты, әсіресе фитопланктонды, жентектеу (шоғырландыру)

Ас қорыту бездері: Бауырда ішектен келген улы заттар залалсыздандырылады, майларды эмульгациялайтын және ішек жиырылуын үдететін өт түзеледі, белок углеводтар синтезделе гликоген, май, витаминдер қорланады (әсіресе акулалар мен трескаларда).

Шеміршекті балықтардың бауыры үш бөлшекті. Оның салмағы дене салмағының 10-20 % жетеді. Көптеген тұқылардың да бауыры үш бөлшекті, бірақ сазанда (тұқыда) екеу, ал шортан мен алабұғада біреу. Көптеген нағыз сүйекті балықтардың бауыры екі бөлшекті.

Көптеген балықтардың бауырында ұйқы безінің ткані болады, гепатопанкреас деп аталады.

Тұтас жекеленген ұйқы безі тек шеміршекті балықтар мен бекірелерде ғана болады.Нағыз сүйекті балықтардың ұйқы безінің ұлпасы, бауырдан басқа, өткөпіршігімен оныңөзегінің, көкбауырдың (талақ) маңында, ішек шажырқайындаболады.Ұйқы безінің бұндай клетка топтары майлы ұлпамен қоршалған, оны гистологиялық зерттеусіз жеке бөлу мүмкін емес.Ұйқы безі ішекке майларды, белоктарды және углеводтарды қорытуға себепшіферменттер бөледі.

7-апта

14. ОБСӨЖ

Сүйекті балықтардың ас қорыту мүшелері.
ОБСӨЖ жоспары

1 Ас қорыту жүйесінің даму деңгейіне байланыстлығы.

2 Балықтардың қабылдайтын негізгі азығы.
ОБСӨЖ мақсаты: Ас қорыту жүйесінің даму деңгейіне байланыстлығын, балықтардың қабылдайтын негізгі азығына талдау жасау.
ОБСӨЖ мәтіні: Асқорыту жолы. Ауыз тесігінен басталады және ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішек және аналь тесігі немесе клоака. Балықтардың коректенуі сипатына сәйкес бұл бөлімдердің құрылысында айырмашылықтар болады.

Жыртқыш балықтарда – үлкен тісті ұстайтын ауыз.Көптеген бентофагтарда сорғыш түтіктектес, кейде созылмалы, әдетте тіссіз (тұқылар, теңіз тебені т.б.). Күшті дамыған пластинка және тікенек тәрізді тістері бар тісті-балықтың (зубатка) аузы-уатушы ауыз. Планктофагтардың аузы үлкен немесе орташа көлемді. Тістері майда немесе жоқ (майшабақтар, анчоустар, ақсахалар т.б.) Перифитон коректі түрлердің аузы басының астында саңылаутектес, ал төменгі ернінде мүйізді тыс-қабыршақ болады (қызылкөз, храмуля, қарабалықтар мен көкбастардың кейбір өкілдерінде т.б.).

Көпшілік балықтардың ауыз қуысындағы жақтарында тістері болады-іріленген және пішінін өзгерткен плакоидты қабыршақтар. Тістің сыртын эмалтектес-витродентин қаптаған, оның астында дентин (сүйектен де берік) орналасқан. Тістің ішкі қуысы жүйкесі және қан тамырлары бар дәнекертканьді қоймалжың затқа толы. Әдетте тістердің түбі болмайды, сондықтан тозғандарының орнын жаңалары басады. Бүтінбастылар мен қостыныстылардың тістері үздіксіз өседі. Көптеген момын балықтардың, мысалы тұқылар, ауыз қуысында тіс болмайды. Жыртқыштардың істік, ішке қарай иілген тістері жемін ұстауға бейімделген.

Тістер тек жақ сүйектерінде ғана емес, ауыз қуысындағы басқа да органдарда (таңдай, өре, тіл т.б.) болады. Көптеген скаттардың тісі жалпақ. Тісті-балықтардың алдыңғы конусты тістері жемін ұстауға, ал жалпақ бүйір және ртқы тістері – моллюскілерді, терітікенектілерді, теңіз жұздыздарын уатады. Тебенқұсақтәрізділердің (Tetraodontiformes)алдыңғы тістері өзіне тән тұмсыққа айналған, осы тұмсығымен өсімдіктер мен маржандардың бөлшектерін үзіп алады, ал кейін ығысқан қалғандары тамағын майдалайды. Балықтардың көпшілігі (тұқылар мен кейбір басқалары) тамағын түгел жұтады. Пиранья өте өткір тістерімен ірі жемтігінен ет кесектерін қиып алады.



БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:


  1. Балықтардың ас қорыту жүйесіне сипаттама

  2. Балықтардың қарынының түрлері, формалары.

  3. Ас қорыту жолдарының құрылысы мен қызметі.

  4. Ас қорыту бездерінің қызметі

5.Сүйекті балықтар мен шеміршекті балықтардың ас қорыту жолының айырмашылықтары мен ұқсастықтары

ТЕСТ ТАПСЫРМАСЫ:

1. Дөңгелекауыздылардың ауыз аппаратының формасы?

а) уылдырық шашу

в) сырттай ұрықтану

с) сорғыш типті

д) іштей ұрықтану

е) шеміршекті

2. Ауыз жиегі майда бүршіктермен қоршалған неден тұрады?

а) сорғыш типті

в) сырттай ұрықтану

с) воронкадан

д) іштей ұрықтану

е) шеміршекті

3. Ас қорыту бездеріне нелер жатады?

а) қарын бездері

в) сілекей бездері

с) ішек бездері

д) бауыр мен ұйқы безі

е) тері бездері

4. Балықтардың ас қорыту жүйесі қандай бөлімдерден тұрады?

а) ас қорыту бездерінен

в) ішектер мен қарынан

с) бауыр мен ұйқы безінен

д) ауыз тесігінен, қарыннан

е) ас қорыту жолынан, ас қорыту бездерінен

6. Балықтардың ас қорыту бездеріне нелер жатады?

а) Ұйқы безі

в) Бауырмен ұйқы безі

с) Бауыр

д) Тері бездері

е) Ішкі майлары

7. Тісті-балықтың (зубатка) аузы қандай ауыз қуысына жатады?.

а) Тері бездері

в) Езуші

с) Ұйқы безі

д) Уатушы

е) Ішкі майлары

8. Пиранья өте өткір тістерімен ірі жемтігімен қалай қоректенеді?

а) Езуші


в) ет кесегін қиып

с) Ұйқы безі тері бездері

д) Уатушы

е) Ішкі майлары



Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі

1.Наумов С.П. Омыртқалылар Зоологиясы М 1982 ж.

2.Карташев Н.Н. Практикум по зоологии позвоночных М 1969

3. Анисимова И.М. Лавровский В.В. Ихтиология М 1991 ж.

4. Ә.А.Бәйімбет- Ихтиологияның негіздері. 1 бөлім А-Ата 2005.

5. Суворов Е.К. Основы Ихтиологии М., 1948 ж.

6. Джумалиев М.К. Биоразнобразие животного мира (хордовые) 1 ч. Алматы 2002

Қосымша:

7.Бәйімбет Ә.А. Темірхан С.Р. Қазақстанның балық тәрізділері балықтарының қазақша орысша анықтаушысы Алматы 1999 ж.

8.Алеев Ю.Г. Функциональный основы внешнего строения рыб

9.Плавильшиков Н.Н. Очерки по историй зоологии М. 1941

10.Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб. М., 1966 г.

11.Никольский Г.В. Экология рыб М., 1963 г.

12.Жизнь животных. Рыбы 4 т. М., 1983

Екінші рейтинг бақылау


Каталог: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет