Ихтиология ” пәні бойынша „050113„Биология” мамандығының студенттерінің білімін бақылауға арналған обсөЖ тапсырмалар мәтіні Жетысай-2009 ж. МазмұНЫ



бет5/7
Дата25.04.2016
өлшемі1.37 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

10-апта

ОБСӨЖ № 19

Тақырыбы: Ішкі секреция бездері, құрылысы.

Жоспар

1.Ішкі секреция бездерінің балықтар өміріндегі маңызы

2.Қалқанша безінің, гипофиз безінің қызметтері.

3.Эпифиз және жыныс бездерінің қызметтері

1.Ішкі секреция бездері барлық ткандарға және көптеген органдарға тән. Көптеген инкреторлы органдар-рудименттер, олар эвалюция барысында негізгі атқаратын қызметінен айырылып, тек өзінің өнімін ішке бөлу қабілетін сақтап қалған. Олар бөлетін гормондар қанмен бүкіл денеге таралып, органдар жүйесінің қызметіне әсер етеді.

2.Қалқанша безі (glandula thyreoidea) өте маңызды эндокринды без, төменгі сатыдағы хордалылардың эндостилінен дамиды. Амфибияның личинкасын қалқанша безімен қоректендіру олардың зат алмасу, жіктелуін және метаморфоздың басталуын тездетеді. Қалқанша безі зат алмасуға және организмнің өсуіне себепші тиреоидин өндіреді.

3.Гипофиз (hypophisis) – ми қосалқысы, аралық мидың воронкасынан төмен орналасқан. Шығу тегі әртүрлі нейро- және аденогипофизден тұрады. Нейрогипофиз воронканың түбінің өсіндісі ретінде, ал аденогипофиз ауыз қуысының эктодермальді төбесінің қалта тәрізді өсіндісінен дамиды. Нейрогипофиздың сектері: вазопрессин, антидиуретил, окситоцин. Аденогипофиздың сектері: өсу гормоны, тиреотропты, фолликулға жағдай жасаушы, лютеин, лактоген жасаушы.

Гипофиздың гормондары зат алмасуды (ақуыздарды, майларды, көмірсутектерді) реттейді; өсу процесіне, өсу сатысындағы организмдердің дамуына, барлық ішкі органдардың қызметіне әсер етеді.

Жыныс бездері омыртқалыларға әртүрлі жағдайда жүреді: тұщы және теңіз суында, топырақта, ұяда, інде, (яғни ана денесінен тысқары) жыныс жолында немесе жатырда – ұрық дамитын арнайы орган. Жетілген жыныс клетканың үш түрлі қабығы болады, алғашқы- сары уыз, екіншісі-аналық жыныс безінде фолликулярлық клеткалардан бөлінетін және үшіншісі-жыныс жолын бөлетін зат.

10-апта

20. ОБСӨЖ

Дөңгелекауызды балықтардың дене құрылысындағы ерекшеліктер.
ОБСӨЖ жоспары

1 Дөңгелек ауыздылардың бұлшық йкал жүйесіндегі ерекшеліктері.

2 Скелет жүйесіндегі, қан йкалу жүйесіндегі ерекшеліктері.

3 Дөңгелекауызды балықтардың көбею процессі.


ОБСӨЖ мақсаты Дөңгелек ауыздылардың бұлшық йкал жүйесіндегі ерекшеліктеріне, скелет жүйесіндегі, қан йкалу жүйесіндегі ерекшеліктеріне талдау жасау.
ОБСӨЖ мәтіні: Дене пішіні мен тіршілік ортасының көп түрлілігі балықтардың қозғалуының әр түрлі болуына әкеледі. Қазіргі кезде үш түрлі қозғалу әдістері белгілі: жүзу, жорғалау және ұшу. Балықтарға жүзу – денесі мен құйырығының иілуі арқылы іске асырылады. Ол бұлшық еттердің жиырылуы нәтижесінде болады. Бүйіріне иіліп жүзудің екі типін ажыратады: жылан балық тектес және скумбрия тектес.

Балықтар құрылысының ерекшелігіне физиологиялық жағдайға судың температура-сына және басқа факторларға тәуелді түрлі жылдамдықпен жүзеді. Ең жылдам жүзетін балық- семсер балық., сағатына жүз жиырма шақырым. Жүзу жылдамдығы балықтың көлеміне де байланысты. Ірі балықтардың ұсақ балықтарға қарағанда тез жүзетіні табиғи құбылыс.

Жүзу жылдамдығына сәйкес балықтарды төмендегідей топтарға бөледі. Өте тез жүзетіндер, (семсер балық, тунецтер, акула- мако), жылдамдық жетпіс шақырым шамасында, тез жүзетіндер – албырттар, скумбриялар жылдамдық коффициенті 30-60, біршама тез жүзетіндер – треска, майшабақтар жатады.жылдамдық коффициенті – 10-20, ақырын жүзетіндер – бұзау бас балықтар- жылдамдық коффициенті 5-10, өте ақырын жүзетіндер – шаншар және ай балықтар, жылдамдық коффициенті 5 тен жде аз. Балықтардың жылдамдылығына оның дене пішіні, қабыршағының, шырышының бар-жоғы әсер етеді. Тез жүзетін балықтар-ға- денесі сүйір, қабыршағы майда, жұқа етті, құйырық сабағында көлденең киль-дер көп болады. Тез жүзетін балықтардың айырқша су айналып өтетін органдары болады. Оларға майлы қабат, арнайы қалақшалар, және ұзарған қабыршақтар.

Қозғалудың бір әдісі – кеуде қанаттарының және құйырығының көмегімен су түбінде жорғалау. Жорғалағыштарға алабұқа, теңіз шайтаны жатады. Ұшу немесе қалықтау ұшатын балықтарға тән. Өзінің жауларынан құтылу үшін ұзын әрі жалпақ қанаттарын жайып жіберіп, судан секіріп шығады да, бір шама уақыт қалықтап, 200-400 метр жерге дейін бара алады. Қабыршақ ізбест сіңген органикалық зат-дентиннен тұрады. Ганоидты қабыршақ ромбіпішінді және бүйірінде тістәрізді өсіндісі болады, солар арқылы өзара жалғасып ерекше сауыт құрайды.Сүйекті қабыршақ ганоидты қабыршақтың өзгеруінен-ганоин және космин қабаттары жойлып, тек сүйекті заты қалғаннан пайда болған. Қабыршақ жиегінің сипаты бойынша бұның екі типін ажратады. 1. циклоидты, 2 ктеноидты. Қабыршақтың өсуі –шабақта пайда болатын бірінші кішкентай қабыршақтың астында келесі жылы онан үлкен пластинка пайда болады , үшінші жылы оның астында онан да улкен пластинка пайда болады., солай балық өмірінің аяғына деін созыла береді. Балықтың жасын анықтағанда қабыршақтың склериті бар қабатын зерттейді.

Кейбір балықтардың эпидермисінде, тікенекті қанат талшықтарының түбінде у бөлетін бездері болады. Улы бездердің 3- типін ажратады.Олар қанаттың тікенекті талшықтарының және желбезек қақпағының түбінде орналасқан.Қазақстанда қарабалық пен көкбасты уылдырығы мен шоғалы улы .

Кейбір балықтарда жылтырауық органдары болады.Ол тұңғиық балықтарда болады.Жылтырауық органдар фотофорлар жылтырауық клеткалардан тұрады. Жылтырауық органдар балықтар өміріне қажетті болып келеді.



ГЛОССАРИЙ
Нектон

Скрумбия


Меланин

Плакойд


Меланофор

Храмотофор


ТЕСТ ТАПСЫРМАСЫ:

1.Қазіргі кезде дөңгелекауыздылардың неше түрлі қозғалу әдістері белгілі?

А) 6

в) 5


с) 3

д) 8


е) 9

2. Қазіргі кезде дөңгелекауыздылардың қандай қозғалу әдістері белгілі?

А) Тері бездерінен сұйықтың бөлінуі

В) Дене формасының сүйір болуы

с) жүзу, жорғалау және ұшу.

д) Қабыршақты қабығы, денесінің сүйір формасы, тері бездерінен бөлінетін сұйықтық

е) Дене формасына байланысты жинақы формасына байланысты

3. Дөңгелекауыздылар қандай жүзбеқанаттарының көмегімен жоғары және төмен түседі?

А) Жұп көкірек

в) құрсақ және аналь

с) Жұп көкірек және құрсақ

д) Құйрық және көкірек

е) Құрсақ және арқа

4. Дөңгелекауыздылардың суда қозғалуын қамтамасыз етеді?

А) Тері бездерінен сұйықтың бөлінуі

в) Дене формасының сүйір болуы

с) Қабыршақты қабығы

д) Қабыршақты қабығы, денесінің сүйір формасы, тері бездерінен бөлінетін сұйықтық

е) Дене формасына байланысты жинақы формасына байланысты
Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі

1.Наумов С.П. Омыртқалылар Зоологиясы М 1982 ж.

2.Карташев Н.Н. Практикум по зоологии позвоночных М 1969

3. Анисимова И.М. Лавровский В.В. Ихтиология М 1991 ж.

4. Ә.А.Бәйімбет- Ихтиологияның негіздері. 1 бөлім А-Ата 2005.

5. Суворов Е.К. Основы Ихтиологии М., 1948 ж.

6. Джумалиев М.К. Биоразнобразие животного мира (хордовые) 1 ч. Алматы 2002

Қосымша:

7.Бәйімбет Ә.А. Темірхан С.Р. Қазақстанның балық тәрізділері балықтарының қазақша орысша анықтаушысы Алматы 1999 ж.

8.Алеев Ю.Г. Функциональный основы внешнего строения рыб

9.Плавильшиков Н.Н. Очерки по историй зоологии М. 1941

10.Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб. М., 1966 г.

11.Никольский Г.В. Экология рыб М., 1963 г.

12.Жизнь животных. Рыбы 4 т. М., 1983
11-апта

ОБСӨЖ № 21

Тақырыбы: Шеміршекті балықтардың құрылысы мен қызметі

Жоспар:

1. Шеміршекті балықтардың скелеті, ерекшеліктері

2. Тыныс алу жүйесіндегі ерекшеліктер,тепе-теңдікті реттеу қабілеті

Шеміршкті балықтардың дене құрылысымен танысу үшін акуланың құрылысымен танысу қажет. Акула кеңінен таралған балықтардың бірі. Ашық теңіздерде, мұхиттарда тіршілік етеді. Денсінің ұзындығы ірілерінде 15м-ге дейін барады. Ал кішкентайының дене ұзындығы 5-6м-ге дейн барады. Акулалар кеңінен таралған балықтардың бірі.

Акулалардың денесі ұзынша ,ұршық тәрізді болады . Басының екі бүйір жағында 5-7 желбезек саңылаулары бар . Басының тұмсық жағында рострум деп аталатын өсінді болады.Рострум тұрлі қызмет атқарады. Рострум ара тұмсықты акулада жауынан қорғану ұшін қажет. Өйіткені рострумның жиектерінде тістері болады. Рострумның көмегімен азығын тауып жейді.

Көзінің арт жағында жұтқыншақпен жалғасатын екі тесікті көруге болады . Оларды брызгальцелер деп атайды . Брыгальцелер жақ пен тіл асты доғасының арасындағы желбезек саңылауларының жұрнағы болып саналады. Денесінің бауыр жағында құйрығының түбінде клоакасы болады. Құйрық қанатының жапырақшлары бір келкі емес . Мысалы, үстіңгі жапырақшасы үлкенде, ал астыңғысы-одан кіші. Сондықтан оны гетероцеркалдық құйрық қанаты деп атайдыц .

Көкірегі мен құрсағында горизонталь орналасқан қос қанаттары болады . Еркектерінің құрсағындағы қосқанатының ішкі жағынан саусақ тәрізді өсінділер пайда болады олар шағылыс органдарының қызметін атқарады.

Скелеттері өмір бойы шеміршекті болады . Скелеті омыртқа жотасынан және бас сүйегінен тұрады. Омыртқаларын дене және құйрық омыртқалары деп екіге бөлінеді .Омыртқа денесі алддыңғы , артқы жағынанда ойыстанады және қатар жатқан омыртқалардың денесінің арасында пайда болған қуысында хорда сақталады . Соныменг қатар хорда әрбір омыртқа денесінің ортасындағы жіңішке тесіктің ішінде де сақталады. Омыртқаларға бекінген қабырғалар дене қуысын үстіңгі және бүйір жағын қоршап тұрады .

Акуланың орталық жұйке жүйесі ми мен жұлыннан құралады. Ми алдыңғы, ортанғы, аралық, мишық және сопақша мидан тұрады. Алдыңғы мидың йіс бөлімшесі улкейген, құрылысы күрделі. Шеміршекті балықтардың тез қимылдауына, жүзуіне байланысты тепе-теңдік, жағдайын сақтау мақсатында олардың көлемі үлкейген. Жұлынның құрылысы кұрделенген. Миынан 11 жұп нерв тарайды.Аралық миының үстіңгі жағында эпифиз орналасқан. Аралыық мидің арт жағында гипофиз бекиді. Ортаңғы миы жақсы жетілген, мишығы улкен болады. Шеміршекті балықтардың алдыңғы миы екі қарыншаққа бөлінбеген. Сезім органдардан қос иіс қапшықтары болады. Көру анализаторы жақсы жетілген. Көзінің қасан қабығы жалпақ, хрусталигі шар тәрізді. Жоғарғы және төменгі қабақтары болмайды. Көзін ашып жабатын ымдау жарғағы болады. Есіту органы ішкі құлақтан ғана тұрады. Оның үш жарты шеңберлі каналдары болады. Бүйір сызығы айқын байқалады. Зәр шығару органының қызметін – алғашқы бүйрек атқарады. Бүйректерден шыққан зәр заты қос вольф каналшалары арқылы клоакаға барады. Шеміршекті балықтардың көбінің аналық жыныс бездері жұп болады. Жұп жұмыртқа жолдары дене қуысындағы маңайға ашылады. Жыныс жолдарының жоғарғы бөліміне қауыз бездері орналасқан. Ұрғашыларының зәр шығару, жыныс жолдары дербес болады.Бір жұп аталық безі бұйрек каналдарымен және оның бөлімімен байланысқан. Каналшалар вольфов каналына барып құйылады. Вольфов каналшалары еркек балықтарда зәр және жыныс жолының қызметін атқарады. Вольфов каналшалары клоакаға ашылатын зәр- жыныс қуысына келіп құйылады.

Шеміршекті балықтар екі класс тармағына бөлінеді. 1-тақта желбезектілер және 2-бүтін бастылар, немесе химерліктер. Тақта желбезектілер акулалар және скаттар деп екі отрядқа бөлінеді.

Скаттар-жай қозғалатын, су тубіне тіршілік етуге бейімделген балықтар.Денесі құрсағына қарай қысылып бітеді. Қанаттары өте жалпақ болып келеді. Скаттар су тубінде омыртқасыздармен, ұсақ балықтармен қоректенеді. Бауырында Д-витамині болады.

Химерліктер су тубіне бейімделген балықтар. Денесі ұзын ұршық тәрізді. Терісі қабыршақсыз. Скелеттері хордадан тұрады. Ұрықтану іште болады. Екі жұмыртқадан салады. Кәзіргі химерліктер үш тұқымдасқа бөлінеді. Шеміршекті балықтар ашық мұхиттарда мекен ететін болғандықтан жыртқыш балықтар қатарына жатады. Ақ акула, көк акула, китті акула, мако акуласы, коралл акуласы деген тұрлері бар. Скелеті 100 шеміршектен тұрады. Шеміршектер сұйектен жеңіл, балықтың жеңіл қозғалуына мумкіндік береді. Шеміршекті балықтарда 7- сезім мұшесі жақсы дамыған. Бұл ғажайып жануарлар мұхиттағы гидробионтардың бірі болып саналады. Сондықтан оларды тірі табиғаттың бірі деп санауға болады.


11-апта

22. ОБСӨЖ

Сүйекті балықтардың негізгі ерекшеліктері
ОБСӨЖ жоспары

1 Сүйекті балықтардың дене құрылысындағы негізгі ерекшеліктері.

2 Жүйке жүйесінің қызметіндегі негізгі ерекшеліктері.

3 Бас сүйегінің құрылысындағы, тыныс алу ерекшеліктері


ОБСӨЖ мақсаты: Сүйекті балықтардың дене құрылысындағы негізгі ерекшеліктеріне, жүйке жүйесінің қызметіндегі негізгі ерекшеліктеріне талдау жасау.
ОБСӨЖ мәтіні: Сүйекті балықтар кеңінен таралған балықтар тобына жатады. Барлық су қоймаларында дерлік таралған. Тіршілік жағдайлары алуан тұрлі болғандықтан, олардың саны өте көп. Скелеті ұнемі сүйекті болып келеді. Сүйекті балықтардың желбезек аралық перделері болмайды. Сондықтан желбезек жапырақшалары бірден желбезектер шеңберіне орналасады. Желбезек апаратын сыртынан жауып туратын сүйекті қақпағы болады. Сүйекті балықтардың көпшілігінде торсылдағы болады. Торсылдақ балықтың судың терең қабатынан көтерлуге, немесе су түбіне батып кетуіне мүмкіндік береді.

Балықтардың тыныс алуы желбезек қақпақтарының қимылы арқылы орындалады..

Балықтардың ас қорыту жүйесі үш бөлімнен тұрады, алдыңғы бөлімі оған ауыз қуысы мен жұтқыншақ жатады. Ортаңғы бөліміне өңеш пен қарын жатады. Одан ары ішек басталады. Бауыр мен ұйқы безі ас қорытуға қатысады. Артқы бөліміне артқы ішек жатады, дербес тесік болып сыртқа ашылады.

Балықтардың жүйке жүйесі, орталық жүйке жүйесі- ми мен жұлыннан тұрады.Сүйекті балықтардың миының көлемі кішірек болады.Ортаңғы ми мен мишық көлемді болып келеді. Алдыңғы ми бөлімнен иіс бөлімдері тарайды. Аралық мидың қақпағынан эпифиз бөлінеді. Бас миынан 10 жұп нервтер тарайды. Суда тіршілік етуіне байланысты жүйке жүйесі жақсы дамыған. Есту органы бір ғана ішкі құлақтан тұрады. Иірімді жарғақтар сұйық заттың ішінде тұрады. Иірімді жарғақтардың ішіндегі эндолимфада есіту тастары болады. Яғни оларды ірі оттолиттері деп атайды. Сүйекті балықтарда оттлиттері үшеу болады. Ең үлкен есту тасы дөңгелек қапшықшаның ішіне еніп және оның ішкі қуысын толтырып тұрады. Екі есту тастары бұдан ана ғұрлым кіші болады. Оның біреуі өскін ішінде тұрады, ал екіншісі –сопақ қапшықшаның арнаулы кеңірек тұйықтамасында жатады. Бұл тұйықтама алдыңғы және сыртқы жартылай шеңбер каналдардың ампуласының маңайында орналасқан. Жыныс органдарының құрылысы-шеміршекті балықтардан гөрі өзгеше болады. Қос аталық және аналық жыныс бездерінің ішінде қуысы болдаы, да олар ерекше каналдар арқылы зәр тесігінен басқа тесік арқылы зәр-жыныс каналына келіп ашылады. Сөйтіп, шеміршекті балықтардай, ұрғашыларынеда жұмыртқа жолының қызметін атқаратын –мюллеров каналдары болмайды.Еркектерінде жыныс бездерінің бүйрек пен байланысы жоқ, ал вольбов каналдары зәр шығару каналының қызметін атқарады.



ТЕСТ ТАПСЫРМАСЫ:
1. Сүйекті балықтардың шеміршектілерден ерекшеліктері?

а) денесі сүйектен тұрады

в)арқа қанаттары жұп

с) құйрық және арқа қанаттары

д) кеуде мен құрсақ қанаттары жұп

е) құрсақ қанаттары



2. Сүйекті балықтардың желбезек аралық қандай мүшесі болмайды?

а) қанның ұюына қатысады

в) фагоцитоз процесіне қатысады

с) пердесі

д) қорғаныстық қызметін атқарады

е) температураны реттейді

3. Сүйекті балықтардың көпшілігінде қандай мүшесі болады?

а) қанның ұюына қатысады

в) фагоцитоз процесіне қатысады

с) торсылдағы

д) пердесі

е) қақпағы

5. Сүйекті балықтардың қандай қанаттары жұп?

а) кеуде мен құрсақ қанаттары жұп

в) арқа қанаттары жұп

с) құйрық және арқа қанаттары

д) кеуде қанаттары жұп

е) құрсақ қанаттары

6. Алабұғаның денесінің тірек қаңқасын не деп атайды?

а) омыртқа жотасы

в) бассүйек

с) жүзу қанаттары

д) жұлын

е) құйрық жүзбеқанаттары


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Сүйекті балықтардың тыныс алу органдарының құрылысы

  2. Сүйекті балықтардың бұлшық ет жүйесінің құрылысы, қызметі.

  3. Сүйекті балықтардың тыныс алу органдарының құрылысы.

  4. Сүйекті балықтардың құйрық қанатының құрылысы мен қызметі.

  5. Сүйекті балықтардың ас қорыту бездері. Негізгі қызметтері.

  6. Жүректің құрылысы, қызметі.

  7. Қарынның негізгі формалары. Ерекшелігі маңызы.

  8. Балықтардың зәр шығару жүйесінің құрылысы, қызметі.

  9. Балықтардың қан айналу жүйесі, ерекшелігі.

  10. Желбезектің негізгі қызметі.

  11. Сүйекті балықтардың желбезектері, құрылысы, қызметі.

  12. Қан. Құрамы, құрылысы мен қызметі.

  13. Миксиндердің қан айналу жүйесі.

  14. Қосымша тыныс алу органдары. Құрылысы, қызметі.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі

1.Наумов С.П. Омыртқалылар Зоологиясы М 1982 ж.

2.Карташев Н.Н. Практикум по зоологии позвоночных М 1969

3. Анисимова И.М. Лавровский В.В. Ихтиология М 1991 ж.

4. Ә.А.Бәйімбет- Ихтиологияның негіздері. 1 бөлім А-Ата 2005.

5. Суворов Е.К. Основы Ихтиологии М., 1948 ж.

6. Джумалиев М.К. Биоразнобразие животного мира (хордовые) 1 ч. Алматы 2002

Қосымша:

7.Бәйімбет Ә.А. Темірхан С.Р. Қазақстанның балық тәрізділері балықтарының қазақша орысша анықтаушысы Алматы 1999 ж.

8.Алеев Ю.Г. Функциональный основы внешнего строения рыб

9.Плавильшиков Н.Н. Очерки по историй зоологии М. 1941

10.Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб. М., 1966 г.

11.Никольский Г.В. Экология рыб М., 1963 г.

12.Жизнь животных. Рыбы 4 т. М., 1983
12-апта

24.ОБСӨЖ



Тақырыбы: Балықтардың көбею процесі.

Жоспары:

1. Балықтардың көбеюінің ерекшеліктері

2.Балықтардың жыныс бездерінің жетілуі, ерекшеліктері

Балықтар ағза құрылысына, тіршілік процессіне қарай көбееді.балықтардың көбею жүйесі

Жыныс бездерінен тұрады гонадалар мен жыныс жолдарынан. Аналықтардың гонадасы аналық жыныс бездері, аталықтарда –аталық жыныс бездері.

Дөңгелекауыздыларда ең қарапайым көбею. Құрылысы бөлікті, гонадасы тақ, шығару өзегі жоқ, сондықтан пісіп жетілген тұқымы гонаданың қабын жыртып құрсақ қуысына түседі., оннан жыныс тесігі арқылы зәр-жыныс синусына, одан сыртқа шығарылады. Ұрықтану сырттай.

Шеміршекті балықтардың ұрықтануы іштей, сондықтан олардың бұл жүйесінің құрылысы едәуір күрделі. Ұрықтанған уылдырық салып көбейеді, тірі жұмыртқа , тірі туады. Шеміршекті балықтардың жұп жыныс өзегі құрсақ қуысында тақ воронкамен ашылады – воронка бауырдың ортаңғы бөлігінің астында аналық жыныс безінің қасында орналасқан. Жетілген тұқым воронка арқылы жыныс жолына түседі, сол жерде ұрықтанады.

Шеміршекті балықтардың аталықтарының жыныс безінен жыныс өзектері басталады, олар бүйректің алдыңғы бөлігінен өтіп Вольф өзектері алғашқы даму сатысында зәр жолының және жыныс өзегінің қызметтерін атқарады, кейіннен, жеке зәр түтігі пайда болғасын, тек жыныс жолының қызметін атқарады. Жыныс жолы зәр жыныс синуысына ашылады, өз кезегінде ол клоакаға ашылады.

Нағыз сүйекті балықтардың жыныс және зәр жүйелері бір-бірінен толық ажыраған. Вольф өзегі зәр түтігінің қызметін атқарады, Мюллер өзегі толық редукцияланған. Жыныс жолының қызметін ерекше қысқа өзекшелер атқарады – бұлар гонаданың артқы ұзарған бөлігі. Албырттардың әртүрлі шырма-балықтардың және мурендердің тұқымжолы жоқ, жетілген жұмыртқа (уылдырық) құрсақ қуысына түседі, одан жыныс тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Көптеген балықтардың аналық бездері іші қуысты жұп, қуысында жұмыртқалар бекитін пластинкалар болады. Аналық жыныс бездері ашық және жабық болады. Ашық типті аналық жыныс безінде өзіндік қуыс болмайды (бекірелер, албырттар). Жетілген жұмыртқалар құрсақ қуысына түседі, одан жыныс тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Жабық типті аналық жыныс безі екі түрлі болады: бүйір қуысты (тұқылар) және орталық қуысты (алабұғалар).

Аталық жыныс бездері оның қабырғасынан басталып ортақ өзекке құйылатын тұқымдық өзекшелер жүйесінен тұрады. Жыныс безінің пішіні мен ондағы шығару өзектерінің орналасуы бойынша аталық жыныс бездерінің ципринойдты (тұқылар, бекірелер, албырттар, майшабақтар, жайындар, шортандар) және перкойдты (алабұғалар) типтерін ажыратады. Циприноидты типтің көлденең кесіндісі дөңгелек немесе сопақ. Тұқым өзектері көп бұтақтанған, олар бездің үстіңгі жағындағы шығаратын өзекке құйылады. Бұндай бездер ацинозды деп те аталады, себебі тұқым өзектерінің бөліктері ампуланы, көпіршікті (ацинус – көпіршік) еске түсіреді. Перкоидты типті бездерінің көлденең кесіндісі бұрыштары доғал үшбұрышты. Бұлардың тұқым өзектері радиальді орналасқан және бұтантанбайды дерлік. Шығару өзегі бездің жоғарғы жағындағы қалың ет арасында болады. Бездердің бұндай типті радиальді деп те аталады. Балықтардың көбею жүйесінің әртүрлі болуы олардың даму деңгейіне байланысты. Балықтар көбею арқыл


12-апта

24. ОБСӨЖ

Балықтардың қоректенуі, ерекшеліктері.
ОБСӨЖ жоспары

1 Балықтардың қоректенуі

2.Билогиялық және физиологиялық ерекшеліктері.
ОБСӨЖ мақсаты: Балықтардың қоректенуінің биологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін анықтау.
ОБСӨЖ мәтіні: Балықтардың қоректенуі - Балықтардың қоректенуі алуан түрлі болады.

Балықтар суда тіршілік ететін барлық тіршілік иелерін қорек етеді. Кейбір түрлері өсімдік тектес, кейбір түрлері жануарлар тектес азықтармен қоректенеді. Қорегінің дені өсімдік тектес заттар болатын балықтарғақызыл қанаттылар, марикалар және храмулалар жатады. Балықтардың көпшілігі аралас азықпен қоректенеді. Барлық балықтардың шабақтары планктондармен қоректенеді. Балықтар қоректерінің алуан түрлі болуына байланысты олардың ауыз аппараттарының құрылысы да түрлінше болады. Жыртқыштықпен тіршілік ететін балықтардың ауызында ұштары артына қарай иілген өткір тістері болады. Балықтардың ауыз аппараттарының көптеген типтері белгілі.



    1. Қармалағыш (хватательный) ауыз. ауыздары кең, желбезек пен таңдай сүйектерінде өткір тістері болады.

    2. Планктонды жеуге икемделген ауыз. Үлкендігі орташа, тістері екеу болады.

Оларға сигам, майшабақтар жатады.

    1. Сорғыш ауыз. Олардың ауызы түтік сияқты. Оларға – тыран, теңіз инесі

жатады.

    1. Бентос жеуге икемделген ауыз. Оған – скаттар, камбала, бекіре балықтар

жатады.

    1. Семсер тәрізді жақты ауыз. Бұған саргандар, ара тұмсықты акула ауыздары

жатады.

Балықтардың суда тіршілік етуі үшін қолайлы жағдай қажет. Ол жағдайла-

ға мыналар жатады: 1. Судың қозғалыста болуы; 2. Су температуарсының өзгергіштігі; 3. Газдарды ертіту қасиеті; 4. Мұз қабатының пайда болуы.


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Балықтардың қоректену жолдары

2.Балықтардың қоректенуінің биологиялық және физиологиялық ерекшеліктері.

3.Балықтардың қорек іздеу жағдайлары




ТЕСТ ТАПСЫРМАСЫ:

1. Балықтардың ас қорыту жолдарына нелер жатады?

а) Ақ амур, дөңмаңдай

в) Сазан, табан, балық, жайын

с) Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішектер, аналь тесігі

д) Көксерке, мөңке

е) Треска, шортан

2. Теңіз өнеркәсібінің негізі болып табылады:

а) Бекіре, ақ балық, шоқыр

в) Ақбалық албурт, горбуша

с) Килька, шпрот, майшабақ, анчоус

д) Теңіз алабұғасы, жайын, шортан

е) Камбала, нәлім

3. перифитон қоректі балықтардың ауыз қуысында не болады?

а) Теңіз алабұғасы, жайын, шортан

в) Ақбалық албурт, горбуша

с) Бекіре, ақ балық, шоқыр

д) саңылау

е) Камбала, нәлім


Каталог: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет