Источник: ис параграф, 29. 04. 2015 11: 44: 55 Қазақстан Республикасының



бет16/33
Дата02.05.2016
өлшемі4.72 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33
4-баптың 2-тармағында:

мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

«5-1) көліктің барлық түрлеріне билеттерді және іс-шараларға баруға билеттерді беру бойынша (броньға қоюды, сатуды және жеткізуді қоса алғанда) көрсетілетін қызметтер;»;

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) туристік қызмет көрсету шартында көзделген өзге де туристiк көрсетілетін қызметтер.»;

3) 6-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«4. Туризм түрлері - әлеуметтiк, экологиялық, шытырман оқиғалы, спорттық, iскерлiк, конгрестiк, емдеу-сауықтыру, мәдени-танымдық, дiни, медициналық, балалар-жасөспірімдер, оқиғалы және басқа да түрдегі туризм.»;

4) 11-бапта:



13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«13) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;»;

20) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 20-5) және 20-6) тармақшалармен толықтырылсын:

«20-5) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметтің басталғаны туралы хабарлама берген турагенттердің, гидтердің (гид-аудармашылардың), экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының мемлекеттік электрондық тізілімдерін жүргізеді;

20-6) турагент, гид (гид-аудармашы), экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қосымшаға мәліметтер нысандарын бекітеді;»;

5) 12-баптың 1-тармағында:



5) тармақша алып тасталсын;

13-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«13-4) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;»;

6) 15-бапта:



1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

2-тармақта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес:

туроператорлық қызмет лицензияланатын қызмет түрі болып табылады;

турагенттік қызмет, сондай-ақ гидтердің (гид-аудармашылардың), экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының қызметі хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады.»;

мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Шығу туризмі саласындағы туроператор туристік өнімді ұсынуды және өткізуді тек турагенттер арқылы ғана жүзеге асырады.»;

3-тармақтың бірінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан (қайта жасасқан) кезден бастап бес жұмыс күні ішінде турагент жасалған (қайта жасалған) шарт туралы ақпаратты облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жіберуге міндетті.»;

 «Туроператор мен турагент арасындағы туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шартта туристік өнімді қалыптастырған туроператор туралы, туроператор мен турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары туралы, туроператор мен турагенттің жауапкершілігі туралы, сондай-ақ туристік өнім туралы ақпаратты ұсынбағаны немесе анық емес ақпарат ұсынғаны үшін, туристік өнімді өткізу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптардың әрқайсысының турист алдындағы жауапкершілігі туралы мәліметтер, туристік маршруттың сипаттамасы, туристік өнім туралы анық ақпарат міндетті түрде қамтылуға тиіс.»;

7) мынадай мазмұндағы 15-3-баппен толықтырылсын:



«15-3-бап. Туризм саласындағы хабарламалар

1. Турагент, гид (гид-аудармашы), экскурсовод немесе туризм нұсқаушысы қызметінің жүзеге асырылуының басталғаны туралы хабарлама «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес беріледі.

2. Турагенттер, гидтер (гид-аудармашылар), экскурсоводтар және туризм нұсқаушылары хабарламаға уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша мәліметтерді қоса береді.

3. Турагенттер хабарламаға азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шартының көшірмесін қоса береді.

4. Гидтер (гид-аудармашылар), экскурсоводтар және туризм нұсқаушылары хабарламаға туризм саласында даярлықтан өткені туралы сертификатты қоса береді.»;

8) 27-баптың 1-тармағындағы «заңдарында көзделген реттерде, туроператор немесе» деген сөздер «заңнамасында көзделген жағдайларда,» деген сөздермен ауыстырылсын.

38. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):

1) 1-бапта:



мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2), 4-1) және 6-1) тармақшалармен толықтырылсын:

«3-1) аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізілімі - объектілердің құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу құқығы берілген заңды тұлғалардың бірыңғай тізбесі;

3-2) аккредиттелген сараптама ұйымы - сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аккредиттелген, объектілердің құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасымен мемлекеттік монополияға жатқызылмаған ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға;»;

«4-1) аттестатталған сарапшылардың тізілімі - жергілікті атқарушы органдардың тиісті құрылымдық бөлімшелері аттестаттаған және:

объектілердің құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама), сондай-ақ аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына (әртүрлі деңгейдегі қала құрылысы жобалары) сараптама бойынша жұмыстар жүргізу;

бұрыннан бар (пайдаланылатын) үйлер мен ғимараттардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау;

тапсырыс берушінің атынан техникалық қадағалау және жобаны әзірлеушілердің атынан авторлық қадағалау жүргізу жөнінде инжинирингтік қызметтер көрсету құқығы берілген жеке тұлғалардың үнемі жаңартылып отыратын бірыңғай тізімі;»;

«6-1) бірегей құрылыс объектісі - осы объект үшін арнайы техникалық шарттарды (ерекше нормаларды) әзірлеу, келісу және бекіту қажеттігін айқындайтын, жобалау және салу жөніндегі мемлекеттік немесе мемлекетаралық техникалық регламенттер мен нормативтік-техникалық талаптар белгіленбеген, ерекше, бұрын жекелеп немесе жиынтық түрінде қолданылмаған сәулет, көлемдік-жоспарлау, конструкциялық, инженерлік немесе технологиялық шешімдермен сипатталатын үйлер, ғимараттар және олардың кешендері;»;

11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«11) жоба - жеке және заңды тұлғалардың түпкі ойының мәнін және оны практикада іске асыру мүмкіндігін ашып көрсететін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс құжаттамасы (сызбалар, графикалық және мәтіндік материалдар, инженерлік және сметалық есеп-қисаптар), оның ішінде құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесі және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамасы нысанында ұсынылған, адамның мекендеуі мен тыныс-тіршілігіне қажетті жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі түпкі ойы;»;

15) тармақша алып тасталсын;

16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«16) жобалар сараптамасы - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жобалау үшін бастапқы құжаттардың (материалдардың, деректердің) шарттарына жобалық шешімдердің сәйкестігін (сәйкессіздігін) анықтау, сондай-ақ жобалық шешімдер мен есеп-қисаптарда қала құрылысы және техникалық регламенттердің, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттар нормалары мен ережелерінің талаптарын сақтау арқылы жобалардың сапасына талдау мен бағалау жүргізуден тұратын сараптамалық қызмет. Сараптама мынадай болып бөлінеді:

үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама бойынша «бір терезе» қағидатымен жүргізілетін, объектілердің құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама (салалық және ведомстволық сараптамаларды қамтиды);

қалалық және ауылдық елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды, сондай-ақ елді мекендерден тыс орналасатын өндірістік кешендерді дамытудың және оларға құрылыс салудың қала құрылысы жобалары бойынша жүргізілетін, аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді қала құрылысы сараптамасы;»;

мынадай мазмұндағы 16-1) және 16-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«16-1) жобалау саласындағы сараптама қызметінің субъектілері - сараптама ұйымдары, сондай-ақ сараптама ұйымдарының штаттағы қызметкерлері болып табылатын не жоба құрамында жекелеген бөлім (бөлік) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманы орындау үшін немесе кешенді қала құрылысы сараптамасы жөніндегі сараптама комиссияларының (топтарының) жұмысына қатысу үшін штаттан тыс сарапшылар ретінде осы ұйымдар уақытша тартқан сарапшылар;

16-2) жобалау саласындағы сарапшы - жобалардың белгілі бір бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған, сараптама ұйымдарының бірінің штатында тұрған жеке тұлға;»;

17), 18-1) және 20) тармақшалар алып тасталсын;

28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«28) қаупі ықтимал құрылыс объектiлерi - өзінің функционалдық мақсаты және өндiрiстiк процестер салдарынан адамның денсаулығы мен өмiрiне зиян, орны толмас залал келтiретiн техногендiк және (немесе) экологиялық зiлзалалар туындау, жобалануы, салынуы және пайдаланылуы кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі арнайы іс-шаралар талап етілетін басқа да объектiлердiң жұмыс iстеуiн бұзу қатерi бар қауіпті өндірістік объектiлер;»;

мынадай мазмұндағы 30-1), 31-1) және 39-1) тармақшалармен толықтырылсын:

«30-1) құрылысқа салынатын мемлекеттік инвестициялар (бұдан әрі - мемлекеттік инвестициялар) - жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар объектілерді реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға) немесе күрделі жөндеуге салынатын инвестициялар, олардың көзі:

республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты, оның ішінде бюджеттік инвестицияларға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджеттік кредит беруге жіберілетін нысаналы қаражат;

мемлекет кепілдігімен не мемлекет кепілгерлігімен мемлекеттік емес қарыздардың нысаналы қаражаты;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты;

концессиялық жобаларды іске асыруға жіберілген қаражат болып табылады;»;

Жиырма тоғызыншы абзац 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі



«31-1) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды - техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын растайтын құжат;»;

«39-1) мемлекеттік сараптама ұйымы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және объектілердің құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша мемлекеттік монополияға жатқызылған ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға;»;

Отыз бірінші, отыз екінші абзацтар 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

44-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«44-1) объектіні пайдалануға қабылдау актісі - объект құрылысының бекітілген жобаға және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкес аяқталғанын және объектінің пайдалануға толық әзірлігін растайтын құжат;»;

мынадай мазмұндағы 44-2), 44-3), 47-1) және 48-1) тармақшалармен толықтырылсын:

«44-2) орманды саябақ - табиғи орманның барлық элементтерi бар орнықты табиғи кешен қалыптастыру үшiн iс-шаралар жүргiзудi қажет ететiн, елдi мекен шекарасындағы ортақ пайдаланылатын жерлерде орналасқан табиғи және (немесе) қолдан өсiрiлетiн екпелер;

Отыз бесінші абзац 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі



44-3) орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытынды - авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар орындалған жұмыстардың бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сәйкестігін растайтын құжат;»;

«47-1) сараптама ұйымдарының палатасы (бұдан әрі - палата) - мемлекеттік сараптама ұйымын қоспағанда, құрылыс объектілерін жобалау саласында сараптама қызметін жүзеге асыратын, аккредиттелген сараптама ұйымдарының кемінде үшеуінен заңды тұлғалар құратын, бірыңғай коммерциялық емес өзін-өзі реттейтін ұйым;»;

Отыз жетінші абзац 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

«48-1) сәйкестік туралы декларация - мердігер (бас мердігер) құрылысы аяқталған объектіде орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтердің талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;»;

2) 3-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«3) қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы белгіленген тәртіппен әзірлеу, келісу, сараптамадан өткізу және бекіту;»;

3) 14-баптың 2)-тармақшасындағы «пайдалануға құқығы бар.» деген сөздер «пайдалануға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы



3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) кәсіби қоғамдық ұйымдар құруға құқығы бар.»;

4) 17-бапта:



1-тармақтың екінші бөлігінде:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) қала құрылысы құжаттамасын әзiрлеудiң, келісудің, сараптамадан өткізудің және бекiтудiң белгiленген тәртiбiнен ауытқу, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген құжаттамадан ауытқу не бекiткен инстанцияның рұқсатынсыз оған өзгерiстер енгiзу;»;

мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзiрлеудiң, сараптамадан өткізудің және бекiтудiң белгiленген тәртiбiнен ауытқу, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген құжаттамадан ауытқу не бекiткен инстанцияның рұқсатынсыз оған өзгерiстер енгiзу;»;

мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

«4. Сараптама жүргізу процесінде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында объектінің беріктігіне, орнықтылығына және сенімділігіне тікелей әсер ететін бұзушылықтар анықталған жағдайда, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеген ұйым Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

Құрылыс процесінде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында салынып жатқан объектінің беріктігіне, орнықтылығына және сенімділігіне тікелей әсер ететін бұзушылықтар анықталған кезде, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеген ұйым, сондай-ақ жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша оң қорытынды берген сарапшы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.»;

5) 19-бапта:



8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«8) жалпы мемлекеттiк және мемлекетаралық маңызы бар объектiлердi жобалау және салу туралы шешiмдер қабылдайды;»;

15) тармақша алып тасталсын;

6) 20-бапта:



8) және 11-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«8) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін өзге де қала құрылысы құжаттамасына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;»;

«11-2) сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және ведомстводан тыс кешенді сараптамаға қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

мынадай мазмұндағы 11-3), 11-4), 11-5), 11-6) және 11-7) тармақшалармен толықтырылсын:

«11-3) объектілерді салуға арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша сараптама қорытындыларын ресімдеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

11-4) сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

11-5) қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

11-6) бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту тәртібін айқындау;

6) тармақшаның оныншы абзацы 2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады



11-7) аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізілімін жүргізу;»;

22) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:

«22-1) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның, объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысандарын әзірлеу және бекіту;»;

7) 24-баптың 1-тармағында:



12) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

7) тармақшаның үшінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

«12) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін тіркеу және пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;»;

«16) халқының есептік саны бір жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;»;

17-2) тармақша алып тасталсын;

7) тармақшаның алтыншы және жетінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтарға дейін
Каталог: cont
cont -> Психологические труды
cont -> Психологическая подготовка спортсменов. Инновационные технологии Словарь используемых терминов
cont -> Өлкетану әдебиеттері бөлімі Отдел краеведческой литературы Қазақ өлеңінің жырдариясы
cont -> Өткен сенбіде үйде демалып жатқанымда, есіктің сыртынан тықыр естілді. Іле қоңырау шырылдады. Сұрамастан аша салдым. Екі балаң жігіт тұр екен. «Аға, жарапазан ғой» деді де, домбыраны қағып-қағып жіберіп, әнге басты
cont -> Сводный график по защите магистерских диссертаций научного и педагогического и профильного направлений 2010 г. 14. 06. 2010 г
cont -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет