Источник: ис параграф, 29. 04. 2015 11: 44: 55 Қазақстан Республикасының



бет25/33
Дата02.05.2016
өлшемі4.72 Mb.
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33
Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 1-бапта:

мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«3-1) Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы (бұдан әрі - Республикалық палата) - жеке сот орындаушыларының қызметін үйлестіруді және олардың Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасын сақтауын жүзеге асыратын коммерциялық емес, кәсіптік, өзін-өзі реттейтін ұйым;

3-2) жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы - Республикалық палатаның өңірдегі филиалы;»;

10) тармақшадағы «және мемлекет кірісіне айналдырылған» деген сөздер алып тасталсын;

2) 33-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:



«4. Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлғаның лауазымды адамының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеуді алып тастау мынадай:

1) осы Заңның 47-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған;

2) мерзімдік өндіріп алулар туралы атқарушылық іс жүргізулер бойынша берешек болмаған;

3) атқарушылық құжат соттың немесе құжатты берген басқа органның талап етуі бойынша орындалмай қайтарылған;

4) мемлекет пайдасына өндіріп алуларды қоспағанда, өндіріп алушы өтініш берген жағдайларда жүргізіледі.»;

3) 36-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» деген сөздер «атқарушылық іс жүргізу жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйе» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 44-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) осы Заңның 42-бабының 12) тармақшасында көзделген жағдайда - өндіріп алушыдан өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімге;»;

5) 46-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:



«Осы Заңның 44-бабының 8) тармақшасында көрсетілген тоқтата тұру мерзімдері өткен жағдайда, атқарушылық іс жүргізу қайта басталады.»;

6) 56-бапта:



1-тармақтағы «(борышкердiң банктік шотына қызмет көрсетудi жүзеге асыратын банктiң тиiстi ақпараты бар болса)» деген сөздер алып тасталсын;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда, өндіріп алуды мүлікке қолдану Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен борышкердің құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін тоқтатыла тұрады.»;

7) 68, 72 және 74-баптар мынадай редакцияда жазылсын:



«68-бап. Борышкердің мүлкін бағалау

1. Сот орындаушысы мүлікке тыйым салынған және борышкерге мүліктің тиесілі екені анықталған кезден бастап он жұмыс күні ішінде:

бағалаушыны өз бетінше тағайындау;

атқарушылық іс жүргізу тараптарының бірінің ұсынысы бойынша бағалаушыны тағайындау;

атқарушылық іс жүргізу тараптарының біріне борышкердің мүлкін бағалауды жүргізу туралы тапсырма беруі арқылы бағалаушыны тағайындау туралы қаулы шығарады.

Борышкердің тыйым салынған мүлкін бағалау жөніндегі көрсетілетін қызметтің ақысын төлеу атқарушылық іс жүргізу тараптарына жүктеледі және кейіннен борышкердің есебінен өтеледі.

2. Бағалаушыны тағайындау туралы сот орындаушысы қаулысының көшірмелері атқарушылық іс жүргізу тараптарына оны шығарған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей жіберіледі.

3. Бағалаумен келіспеген атқарушылық іс жүргізу тарапы бағалау туралы есеппен танысқан кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде оған шағым жасауға құқылы.Шағым сот орындаушысының әрекеттеріне шағым жасау үшін Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.

Бағалау туралы есеппен танысу осы Заңның 4-тарауына сәйкес жүргізіледі.

4. Борышкердің тыйым салынған мүлкін қайталап бағалау бойынша көрсетілетін қызмет ақысын төлеу шағым жасаушы тарапқа жүктеледі.

5. Атқарушылық іс жүргізу тараптары мүліктің құны туралы жазбаша келісім жасасқан жағдайда, бағалаушы тыйым салынған мүлікті бағалауды жүргізбейді және бағалаушыны тағайындау туралы қаулы шығарылмайды.»;

«72-бап. Борышкердің мүлкін өткізу кезектілігі

1. Жеке тұлғаның мүлкiне өндiрiп алуды қолдану кезiнде осы мүлiктi өткізу мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:

1) бірінші кезекте - бірінші кезектегі қажетті заттар болып табылмайтын мүлік, бағалы қағаздар, валюталық құндылықтар, бағалы металдар мен асыл тастар, зергерлік бұйымдар, декор және жайластыру заттары;

2) екінші кезекте - көлік құралдары, жылжымайтын мүлік (тұрғынжайдан басқа);

3) үшінші кезекте - тұрғынжай.

2. Заңды тұлғаның мүлкіне өндіріп алуды қолданған кезде осы мүлікті өткізу мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:

1) бірінші кезекте - тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге тікелей қатысы жоқ жылжымалы мүлік, оның ішінде дайын өнім (тауарлар), бағалы қағаздар, валюталық құндылықтар, бағалы металдар мен асыл тастар, зергерлік бұйымдар, декор және жайластыру заттары;

2) екінші кезекте - тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге тікелей қатысы жоқ жылжымайтын мүлік;

3) үшінші кезекте - тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге тікелей пайдаланылатын мүлік: өндірістік мақсаттағы жылжымайтын мүлік объектілері, шикізат, материалдар, станоктар, жабдықтар және басқа да негізгі құралдар.

3. Осы баптың ережелері кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаның мүлкін өткізу кезінде оның жеке мүлкі мен кәсіпкерлік қызметте пайдаланатын мүлкі бойынша да қолданылады.

4. Өндіріп алуды қолданудың нысанасы - борышкер кепіл немесе міндеттемені қамтамасыз ету ретінде берген мүлік болған, не тыйым салынған мүлікті кезектілік тәртібімен өткізу атқарушылық құжат талаптарының толық орындалуына әкелмейтін немесе осы Заңда белгіленген орындау мерзімдерін ұлғайтатын жағдайда, мүлікті өткізу кезектілігі өзгертілуі мүмкін. Сот орындаушысы аталған мән-жайды борышкердің мүлкін өткізуге беру туралы қаулыда көрсетеді, оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.»;

«74-бап. Тыйым салынған мүлікті өткізу

1. Айналымнан заң бойынша алып қойылған мүліктен басқа, тыйым салынған мүлікті өткізуді, осы Заңның 77-бабының 3-тармағында көрсетілген мүлікті қоспағанда, тыйым салу негіздері мен мүлік түрлеріне қарамастан, сот орындаушысы электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта жүргізеді. Электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттық бірыңғай электрондық сауда алаңында өткізіледі, оны таңдауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

2. Борышкер сот орындаушысы мүлікке тыйым салғаннан кейін және оны бағалауды жүргізгеннен кейін және мүлік алып қойылғанға немесе өткізілгенге дейін сот орындаушысының жазбаша рұқсатымен және ол белгілеген мерзімде тыйым салынған мүлікті бағалау құнынан төмен болмайтын құн бойынша өткізуге құқылы.

Борышкердің мүлікті өткізуге рұқсат алуы мүлікті өткізу рәсімдерін тоқтата тұру үшін негіз болып табылмайды.

Борышкер мен сатып алушы сатып алу-сату шартына қол қойғаннан кейін және сатып алушы мүліктің бүкіл сатып алу құнын аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына салғаннан кейін, атқарушылық құжатты орындау барысында мүлікке салынған барлық ауыртпалықтар алып тасталады.

3. Егер тыйым салынған мүлікті өткізу туралы шешім қабылдау кезінде борышкердің банкроттығы туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалатын болса, онда мүлікті өткізу аталған мәселе мәні бойынша қаралғанға дейін тоқтатыла тұрады.

4. Тыйым салынған мүлікті өткізудің, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізудің осы Заңмен реттелмеген мәселелері уәкілетті орган бекітетін қағидаларда айқындалады.»;

8) 74-1-баптағы «атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» деген сөздер «атқарушылық іс жүргізу жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйе» деген сөздермен ауыстырылсын;

9) 76 және 77-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«76-бап. Құндылықтарды өткізу

Борышкерге тиесілі бағалы қағаздар мен валюталық құндылықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізіледі.

77-бап. Тыйым салынған мүлiктi өткізу тәртібі

1. Борышкердің мүлкін өткізуге беру туралы сот орындаушысы қаулы шығарады.

2. Тез бұзылатын мүлікті тыйым салынғаннан кейін және тізімдеме жасалғаннан кейін атқарушылық іс жүргізу тараптарының білдірген еркіне қарамастан, сот орындаушысы комиссия шарты бойынша сауда қызметінің субъектілеріне дереу сатуға тапсырады.

3. Егер маман тыйым салынған мүлік сату кезінде құнды болып табылмайды және өтімді емес деген қорытынды берсе, осы мүлік өткізуге берілмейді.

4. Құрамы бойынша біртектес мүлікті өткізген кезде ол сот орындаушысының қаулысы бойынша бірыңғай лотпен сатылуы мүмкін.»;

10) 78-бап алып тасталсын;



11) 79 және 80-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«79-бап. Алдағы электрондық аукцион туралы құлақтандыру

Алдағы электрондық аукион туралы хабарландыру электрондық аукцион өткізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей, бірыңғай электрондық сауда алаңында жарияланады.

80-бап. Электрондық аукцион өткізудің жалпы шарттары

1. Электрондық аукционға қатысуға ниет білдірген тұлғалар өтінім беруге және мүліктің бастапқы құнының бес пайызы мөлшеріндегі кепілдік жарнаны төлеуге міндетті.

Электрондық аукцион жеңімпазының кепілдік жарнасы сатып алу бағасының есебіне жатқызылады. Электрондық аукционның қалған қатысушыларының кепілдік жарнасы электрондық аукцион аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде қайтарылады.

2. Электрондық аукционға сатып алушы ретінде осы атқарушылық іс жүргізу бойынша шешім шығарған сот орындаушылары мен судьялар, тыйым салынған мүлікті бағалаған бағалаушы, сондай-ақ олардың жақын туыстары, зайыбы (жұбайы), борышкер қатыса алмайды.

3. Электрондық аукцион борышкердің мүлкін өткізуге беру туралы қаулыда көрсетілген бағалау құнынан белгіленген қадаммен мүліктің құнын көтерумен басталады.

Егер электрондық аукционға қатысушылардың ешбірі сауда-саттықтың алдын ала белгіленген қадамын қолдай отырып мүліктің құнын арттырмаған жағдайда, электрондық аукцион құнды төмендетуге ауысумен жалғасатын болады.

Бұл ретте, өткізілетін мүліктің бастапқы бағасы қатысушылардың бірі жарияланған баға бойынша мүлікті сатып алуға келіскен кезге дейін белгіленген қадаммен төмендетіледі, бұл баға электрондық аукционға қойылған мүлік құнының бастапқы бағасының елу пайызынан төмен болмауға тиіс.

4. Сатып алған мүліктің ақысын электрондық аукцион жеңімпазы электрондық аукцион қорытындылары бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде төлейді.

Егер жеңімпаз белгіленген мерзімде сатып алынған мүліктің құнын төлемесе, оның кепілдік жарнасы қайтарылмайды.

Қатысушылардың кепілдік жарнасы, егер қатысушының электрондық аукционға қатысуға құқығы болмаған жағдайда қайтарылмайды.

5. Осы баптың 4-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларда, кепілдік жарна мемлекеттік сот орындаушысы өткізетін электрондық аукциондар бойынша мемлекет кірісінің, ал жеке сот орындаушысы өткізетін электрондық аукциондар бойынша жеке сот орындаушысы кірісінің есебіне жатқызылады.»;

12) 81 және 82-баптар алып тасталсын;

13) 84 және 85-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«84-бап. Электрондық аукционды өткiзiлмеді деп жариялау

Сот орындаушысы, егер:

1) өтінімдер болмаса немесе бір ғана өтінім берілсе;

2) сатып алушылардың ешқайсысы мүлік құнын өзгертудің белгіленген қадамын қолдамаса;

3) сатып алушы белгіленген мерзімде мүліктің толық сатып алу құнын төлемесе, электрондық аукцион өткiзiлмеді деп жариялайды.

85-бап. Электрондық аукционды өткізілмеді деп жариялаудың салдарлары

1. Мүлік өндіріп алушыға берілген кезде өндіріп алушы борышкердің қабылданатын мүлкінің құнынан атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстар сомасын және мүліктің берілген құнына мөлшерлес, жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасын өтейді. Бұл сома кейіннен борышкерден өндіріп алынуға жатады.

2. Электрондық аукцион өткізілмеді деп танылған кезде өндіріп алушы электрондық аукцион өткізілмеді деп танылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сот орындаушысына өтініш беру арқылы мүлікті бағалау құны бойынша өзіне қалдыруға құқылы. Өндіріп алушының мүлікті өзіне қалдыру туралы өтінішінің болмауы өндіріп алушының мүлікті қабылдаудан бас тартуы деп түсініледі.

3. Өндіріп алушы мүлікті қабылдаудан бас тартқан кезде сот орындаушысы бірыңғай электрондық сауда алаңында өндіріп алушы мүлікті өзіне қалдырудан бас тартқан кезден бастап тиісті өтінімді қайталап орналастыру арқылы электрондық аукцион рәсімін тағайындайды.

4. Электрондық аукцион өткізу арқылы тыйым салынған мүлікті өткізу рәсімі екі реттен артық өткізілмейді.

Егер мүлік электрондық аукциондар өткізу арқылы өтпеген және өндіріп алушы мүлікті өзіне қалдырудан бас тартқан жағдайда, мүлікке өндіріп алуды қолдану тоқтатылады, орындау барысында осы мүлікке салынған ауыртпалықтар алып тасталады.»;

14) 116-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«2. Жеке сот орындаушысы өз қызметі үшін төлем ретінде алған ақшадан кеңсені сатып алу (жалдау), оны күтіп-ұстау, жабдықтау, жөндеу және күзету бойынша, жұмыс орындарын ашу және қызметкерлерге жалақы төлеу, кеңсе жұмысы үшін қажетті жабдықтар сатып алу, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу, кеңсе мұрағатының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шығыстарды,жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жарналардытөлеу жөніндегі, жеке атқарушылық қызметті дамытудың нысаналы бағдарламаларына арналған міндетті төлемдерді төлейді, сондай-ақ өз қызметін ұйымдық-шаруашылық жағынан, көлікпен және техникалық қамтамасыз етуге байланысты басқа да шығыстарды өтейді. Қалған қаражат жеке сот орындаушысының иелігінде қалады және оның қалауы бойынша жұмсалады.»;

15) 118-баптың 1-тармағындағы «өндіріп алынған соманың немесе мүлік құнының үштен жиырма бес пайызына» деген сөздер «істердің санаты мен өндіріп алу сомасына қарай үштен жиырма бес пайызға» деген сөздермен ауыстырылсын;

16) 122-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «алқасымен» деген сөз «өңірлік палатасымен» деген сөздермен ауыстырылсын;

17) 14-тарау мынадай мазмұндағы 125-1-баппен толықтырылсын:



«125-1-бап. Атқарушылық құжаттарды орындау жүйесі

Атқарушылық құжаттарды орындау жүйесін мыналар құрайды:

1) уәкілетті орган;

2) уәкілетті органның аумақтық органдары мен олардың бөлімдері;

3) Республикалық палата;

4) жеке сот орындаушылары.»;

18) 129-бап алып тасталсын;

19) 136-бапта:

тақырыптағы «Атқарушылық iс жүргiзу органдары қызметкерлерiн» деген сөздер «Мемлекеттік сот орындаушыларын» деген сөздермен ауыстырылсын;

мәтіндегі «Атқарушылық iс жүргiзу органдарының қызметкерлерi» деген сөздер «Мемлекеттік сот орындаушылары» деген сөздермен ауыстырылсын;

92-тармақтың 20) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

20) 138-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Жеке сот орындаушыларының ерекше құзыретіне, мемлекеттің, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың, табиғи монополиялар субъектілерінің немесе тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарығында үстем жағдайға ие субъектілердің қатысуымен атқарушылық құжаттарды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өзге де жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалардың, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың пайдасына өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау жатады.»;

21) 140-бапта:



1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жиырма бес жасқа толған, жоғары заңгерлік білімі бар, жеке сот орындаушысында үзіліссіз тағылымдамадан өткен, біліктілік емтиханын тапсырған, жеке сот орындаушысы лицензиясын алған, осы Заңда белгіленген тәртіппен жеке сот орындаушысы өкілеттіктерін беру жөніндегі конкурстан өткен және Республикалық палатаның мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы жеке сот орындаушысы бола алады.»;

2-тармақтағы «лауазымына тағайындалғанға» деген сөздер «өкілеттіктері берілгенге» деген сөздермен ауыстырылсын;

22) 141-бапта:



1-тармақтың 2) тармақшасындағы «лауазымының бос орнына» деген сөздер «өкілеттіктерін беру бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Біліктілік комиссиясы уәкілетті органның жанынан құрылады.

Біліктілік комиссиясының қызметін ұйымдық, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді Республикалық палата жүзеге асырады.»;

23) 142-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«7. Судьялар, өз міндеттерін орындау кезінде атына кір келтіретін теріс қылықтары және заңдылықты бұзғаны үшін судья лауазымынан босатылған судьяларды қоспағанда, судья болып жұмыс істеген адамдар, судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырған адамдар, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Сот төрелігі институтының түлектері, теріс себептермен жұмыстан босатылған адамдарды қоспағанда, кемінде үш жыл уәкілетті органда және оның аумақтық органдарында жұмыс істеген және құзыретіне атқарушылық құжаттарды орындау кірген адамдар, құқық қорғау органдарының кемінде он жыл жұмыс өтілі бар қызметкерлері тағылымдамадан өтпей және біліктілік емтиханын тапсырмай жеке сот орындаушысы лицензиясын алуға құқылы.»;

24)


Каталог: cont
cont -> Психологические труды
cont -> Психологическая подготовка спортсменов. Инновационные технологии Словарь используемых терминов
cont -> Өлкетану әдебиеттері бөлімі Отдел краеведческой литературы Қазақ өлеңінің жырдариясы
cont -> Өткен сенбіде үйде демалып жатқанымда, есіктің сыртынан тықыр естілді. Іле қоңырау шырылдады. Сұрамастан аша салдым. Екі балаң жігіт тұр екен. «Аға, жарапазан ғой» деді де, домбыраны қағып-қағып жіберіп, әнге басты
cont -> Сводный график по защите магистерских диссертаций научного и педагогического и профильного направлений 2010 г. 14. 06. 2010 г
cont -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет