Источник: ис параграф, 29. 04. 2015 11: 44: 55 Қазақстан Республикасының



бет28/33
Дата02.05.2016
өлшемі4.72 Mb.
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
13, 14 және 15-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«13-бап. Тексерілетін субъектілерді (объектілерді) топтарға бөлу

1. Бақылау және қадағалау тексерілетін субъектілерді (объектілерді) төрт топқа бөлу ескеріле отырып жүргізіледі.

2. Бірінші топқа өздеріне қатысты тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі, жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары қолданылатын тексерілетін субъектілер (объектілер) жатады.

Тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі мынадай бақылау және қадағалау салаларында жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған субъектілерге (объектілерге) қатысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде:

1) халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласында;

2) атом энергиясы саласында;

3) өрт қауіпсіздігі саласында;

4) жарылғыш және улы заттардың, радиоактивті материалдар мен заттардың айналысы мен олардың жұмыс істеуінің белгіленген қағидаларының сақталуына;

5) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында;

6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында;

7) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қолданылады.

Осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы талаптардың сақталуын тексеру үшін эпидемиялық маңыздылығы жоғары обектілерде тексерулер жүргізудің мерзімділігі:

1) тәуекел дәрежесі жоғары болған кезде - жарты жылда бір реттен;

2) тәуекел дәрежесі орташа болған кезде - жылына бір реттен жиі болмауға тиіс.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын объектілерді тәуекел дәрежелері бойынша бөлу «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.

Осы тармақтың екінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген қызмет салалары үшін тексерулер жүргізу мерзімділігі тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерімен айқындалады.

Тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері реттеуші мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітіледі және мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.

Реттеуші мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен жартыжылдық график тексерулер жүргізудің ерекше тәртібін тағайындау үшін негіз болып табылады.

Тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 15 қарашасына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 15 сәуіріне дейінгі мерзімде реттеуші мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктерінің жобаларын келісу үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

Тексерулердің жартыжылдық графиктерінің жобаларында сол бір тексерілетін субъектілер (объектілер) белгіленген кезде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган график жобаларын реттеуші мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарға мұндай субъектілерді (объектілерді) тексерулер жүргізудің графиктерінен алып тастау үшін не осы баптың талаптарын ескере отырып, оларды жүргізу мерзімдерін түзету үшін қайтарады.

Тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде реттеуші мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар тексерулер жүргізудің бекітілген жартыжылдық графиктерін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық графигін қалыптастыруы үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

Тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктерін ұсыну нысанын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.

Тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық графигін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейінгі мерзімде орналастырады.

3. Екінші топқа өздеріне қатысты ішінара, жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары жүргізілетін тексерілетін субъектілер (объектілер) жатқызылады.

Ішінара тексеру жүргізу үшін бақылау және қадағалау органдары:

1) жеке кәсіпкерлік субъектілері ұсынатын есептілікке;

2) жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының нәтижелеріне;

3) өзге де ақпаратқа талдау жүргізеді.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген жағдайларды қоспағанда, реттеуші мемлекеттік органдар ішінара тексеру жүргізу кезінде тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне қатысты актілерді әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді, олар мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.

4. Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

5. Үшінші топқа өздеріне қатысты осы Заңның 16-бабының 7-тармағында көзделген негіздер бойынша жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары жүргізілетін тексерілетін субъектілер (объектілер) жатқызылады.

6. Төртінші топқа өздеріне қатысты тексерулер жүргізілместен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары ғана жүргізілетін тексерілетін субъектілер (объектілер) жатқызылады.

7. Бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салаларын осы баптың 2, 3, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген топтарға жатқызу әрбір бақылау және қадағалау саласы үшін тәуекелдерді бағалау ескеріле отырып жүзеге асырылады.

8. Екінші топқа жатқызылған тексерілетін субъектілер (объектілер), егер мұндай тесерілетін субъектілер үшінші тұлғалардың алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасасқан болса, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен үшінші топқа ауыстырылуы мүмкін.

14-бап. Ведомстволық есепке алу

1. Реттеуші мемлекеттік органдар міндетті ведомстволық есептіліктің нысандарына қатысты актілерді әзірлейді және бекітеді.

Тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексеру мәселелері бойынша міндетті ведомстволық есептіліктің нысандарын және бару арқылы жүргізілетін бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын - реттеуші мемлекеттік орган, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган басшыларының бірлескен актісімен бекітіледі.

2. Бақылау және қадағалау органдары тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексерулердің санын және барумен жүргізілетін бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды тұрақты және үзіліссіз негізде жүргізуге міндетті.

Ведомстволық есептіліктің жиынтық деректері орталық және жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарында ай сайын жарияланады.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулер бойынша ведомстволық есептіліктің жиынтық деректері реттеуші мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында тоқсан сайын жарияланады.

3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары бойынша ведомстволық есепке алу жүргізілмейді.

15-бап. Тексеру парақтары

1. Тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртектес топтары үшін реттеуші мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде тексеру парақтарын бекітеді.

Тексеру парақтарының нысандары реттеуші мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітіледі және мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.

2. Тексеру парағы тексерілетін субъектілердің қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге әкеп соғатын талаптарды ғана қамтиды.

3. Тексеру парақтарында белгіленген талаптар тексерілуге жатады.»;

6) 16-бапта:



1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

1) тәуекел дәрежесі негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер;

2) ішінара;

3) жоспардан тыс.

Ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексеру - адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы тәуекел дәрежесін бағалау негізінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тағайындайтын тексеру.

Ішінара тексеру - адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы есептілікті, бақылаудың өзге нысандарының нәтижелерін талдау нәтижелері бойынша, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тағайындайтын тексеру.

Жоспардан тыс тексеру - адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы тексеру тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тағайындайтын тексеру.»;

2-тармақ алып тасталсын;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Тексерулер көлемі бойынша:

1) кешенді;

2) тақырыптық болып бөлінеді.

Кешенді тексеру - тексерілетін субъектінің (объектінің) қызметін осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтау мәселелерінің кешені бойынша тексеру.

Тақырыптық тексеру - тексерілетін субъектінің (объектінің) қызметін осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша тексеру.»;

4, 5, 6 және 6-1-тармақтар алып тасталсын;

7-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіру қатерінің туындауы туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;»;

мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2), 2-3) және 2-4) тармақшалармен толықтырылсын:

«2-1) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

2-2) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштері;

2-3) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені не келтіру қатері туралы нақты фактілер бойынша прокуратура органдарының тапсырмалары;

2-4) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені не келтіру қатері туралы нақты фактілер бойынша мемлекеттік органдардың өтініштері;»;

4) және 5) тармақшалар алып тасталсын;

7) 19-бапта:



1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Бақылау және қадағалау органы тексеру жүргізудің мерзімдері мен нысанасын көрсете отырып, осы тексеру басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеру, ішінара тексеру жүргізудің басталатыны туралы тексерілетін субъектіге жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

Жоспардан тыс тексеру жүргiзу кезiнде, осы Заңның 16-бабы 7-тармағының 2), 3), 7) және 8) тармақшаларында, 10 және 10-1-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органы тексеру жүргiзу нысанасын көрсете отырып, жоспардан тыс тексеру жүргiзудiң басталатыны туралы осы тексеру басталғанға дейiн кемiнде бiр тәулiк бұрын тексерiлетiн субъектiге хабарлауға мiндеттi.»;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулер, ішінара және жоспардан тыс тексерулер, егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, тексерілетін субъектінің (объектінің) ішкі еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленген жұмыс уақытында жүзеге асырылады.

Жоспардан тыс тексеру бұзушылықтар жасалған кезде тікелей олардың жолын кесу қажеттілігі болған жағдайларда, жұмыстан тыс уақытта (түнде, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілуі мүмкін.»;

2-тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) тексеру парағын көрсетуге міндетті.»;

мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5. Тексерілетін субъектіге (объектіге) бір мезгілде бірнеше бақылау және қадағалау органының тексеру жүргізуі қажет болған кезде, осы органдардың әрқайсысы тексеруді тағайындау туралы актіні ресімдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеуге міндетті.

Сол бір мәселе шеңбері бойынша бірнеше тексерілетін субъектіге (объектіге) бір мезгілде бір бақылау және қадағалау органының тексеру жүргізуі қажет болған кезде мынадай:

1) салық органдарында тіркеу есебіне қою;

2) бақылау-кассалық машиналардың болуы;

3) акциздік және есептік-бақылау таңбаларының болуы және олардың төлнұсқалығы;

4) алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және олардың төлнұсқалығы;

5) лицензияның болуы;

6) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы мәселелерi бойынша жүргiзiлетiн салықтық тексерудi қоспағанда, осы орган әрбiр тексерiлетiн субъектiге (объектіге) тексерудi тағайындау туралы актiнi ресiмдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркеуге мiндеттi.»;

8) 20-баптың бірінші тармағының бірінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:



«Тексеру жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ алға қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және микрокәсіпкерлік субъектілері үшін - бес жұмыс күнінен, шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын тексерілетін субъектілер үшін - отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс, ол Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтық тексеруді, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы, құрылыс объектілеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау саласында жүргізілетін тексерулерді жүргізу кезіндегі жекелеген жағдайларды қоспағанда, олар үшін салалық ерекшеліктер ескеріле отырып, тексерулер жүргізудің мынадай:

1) санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы тексерулер - он бес жұмыс күніне дейін болатын және он бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;

2) ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында - бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;

3) құрылыс объектілеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау саласында олардың техникалық жағынан күрделілігін ескере отырып:

техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылатындарға - бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;

техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылмайтындарға - жұмыс күнінің 4 сағатынан аспайтын және жұмыс күнінің 8 сағатына дейін ұзартылатын мерзімдер белгіленеді.»;

 «Тексеру жүргізу аясында шет мемлекеттерден елеулі маңызы бар мәліметтер және құжаттар алу, осы бапта көрсетілгеннен асатын мерзімдерде арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған жағдайларда, тексеру жүргізу мерзімі оларды алғанға не орындағанға дейін тоқтатыла тұрады.»;

9) 23-баптың 1) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:



«1) осы бақылау және қадағалау органының тексеру парақтарында белгіленбеген, сондай-ақ егер мұндай талаптар мемлекеттік органның атынан әрекет ететін лауазымды адамдардың құзыретіне жатпаса, талаптардың орындалуын тексеруге;»;

«6) осы Заңның 16-бабы 7-тармағының 2), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, сол бір кезеңде сол бір мәселе бойынша оның жоғары тұрған (төмен тұрған) органы не өзге мемлекеттік орган бұрын тексеру жүргізген тексерілетін субъектіге (объектіге) тексеру жүргізуге;»;

10) 24-бапта:



1-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

«7-1) тексеру парағының атауы және бұзушылықтар анықталған талаптардың тармақтары;»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша қосымша уақыт және (немесе) қаржылық шығындар қажет болған жағдайда, қарсылықтар болмаған кезде тексерілетін субъект үш жұмыс күнінен кешіктірмей, тексеруді жүргізген бақылау және қадағалау органының басшысымен келісілетін мерзімдерді көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қолданылатын шаралар туралы ақпарат беруге құқылы.»;

11) 27-бапта:



тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«27-бап. Бақылау және қадағалау жүргізу кезіндегі тексерілетін субъектінің не оның уәкілетті өкілінің құқықтары мен міндеттері»;

1-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Бақылау және қадағалау жүргізу кезінде тексерілетін субъектілер не олардың уәкілетті өкілдері:»;

1) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«осы Заңның 16-бабы 7-тармағының 2), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, сол бір кезеңде сол бір мәселе бойынша бұрын тексеру жүргізілген тексерілетін субъектіге (объектіге) бақылау және қадағалау органы тексеру тағайындаған;»;

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) бақылау және қадағалау органдарының немесе лауазымды адамдардың тексерілетін субъектілердің қызметін шектейтін, заңға негізделмеген тыйым салуларын орындамауға;»;

2-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Бақылау және қадағалау органдары тексерілетін объектіге бару арқылы тексерулер мен бақылаудың және қадағалаудың өзге нысандарын жүргізген кезде тексерілетін субъектілер не олардың уәкілетті өкілдері:»;

6) тармақшадағы «қамтамасыз етуге міндетті.» деген сөздер «қамтамасыз етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

«7) хабарлама алған жағдайда тексеру тағайындалған мерзімдерде тексерілетін объект тұрған жерде болуға міндетті.»;

12)


Каталог: cont
cont -> Психологические труды
cont -> Психологическая подготовка спортсменов. Инновационные технологии Словарь используемых терминов
cont -> Өлкетану әдебиеттері бөлімі Отдел краеведческой литературы Қазақ өлеңінің жырдариясы
cont -> Өткен сенбіде үйде демалып жатқанымда, есіктің сыртынан тықыр естілді. Іле қоңырау шырылдады. Сұрамастан аша салдым. Екі балаң жігіт тұр екен. «Аға, жарапазан ғой» деді де, домбыраны қағып-қағып жіберіп, әнге басты
cont -> Сводный график по защите магистерских диссертаций научного и педагогического и профильного направлений 2010 г. 14. 06. 2010 г
cont -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет