Источник: ис параграф, 29. 04. 2015 11: 44: 55 Қазақстан Республикасының



бет30/33
Дата02.05.2016
өлшемі4.72 Mb.
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
14-бапта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Ұлттық палата:»;

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тауардың шығарылуы туралы сертификатты ресімдеуді, куәландыруды, беруді және оның күшін жоюды жүзеге асырады;»;

мынадай мазмұндағы 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:

«15) Кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындайды;

16) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен бланкілердің нысандарына сәйкес тауардың шығарылуы туралы сертификаттардың бланкілерін дайындауды ұйымдастырады.»;

5) 3-тарау мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:



«14-1-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің функциялары

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қамтамасыз ету және қорғау, сол сияқты кәсіпкерлік қоғамдастықтың мүдделерін қорғау мақсатында:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында және өзге де ұйымдарында, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және шет мемлекеттерде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіреді, қорғайды;

2) кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін қарайды;

3) мемлекеттік органдарға кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

4) олардың әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған мемлекеттік органдарға (лауазымды адамдарға) бұзылған құқықтарды қалпына келтіру үшін шараларға, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделелерінің бұзылуына кінәлі адамдарды жауаптылыққа тартуға қатысты ұсынымдар жібереді;

5) мемлекеттік құпияларды, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдардан (лауазымды адамдардан) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын ақпаратты, құжаттарды және материалдарды сұратады;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа талап-арызбен (арызбен) жүгінеді;

7) кәсіпкерлік субъектілерінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған өзге де заңды шараларды қолданады.»;

6) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«3. Тиісті облыстардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың аудандарында және астанада, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар қалаларда өңірлік палатаның филиалдары құрылады.»;

7) 19-баптың 3-тармағында:



5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) кәсіпкерлік субъектілерінің топтары ішінде съезд белгілеген сатылауға сәйкес, олар үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі міндетті мүшелік жарналардың шекті мөлшерлерін бекіткен, осы Заңның 29-бабының 2-тармағында көрсетілген міндетті мүшелік жарналар мөлшерін бекіту;»;

11) тармақшадағы «бекіту жатады.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

12) міндетті мүшелік жарналарды төлеуден босату туралы шешім қабылдау жатады.»;

8) 21-баптың 4-тармағының 11) тармақшасындағы «бекіту жатады.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:



«12) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің өз қызметі туралы есебін қарау және бекіту жатады.»;

9) 26-бапта:



1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Өңірлік палатаның дирекциясын өңірлік кеңеспен келісу бойынша басқарма тағайындайды.»;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Өңірлік палата филиалының директорын өңірлік кеңеспен келісу бойынша өңірлік палата дирекциясы тағайындайды және лауазымынан босатады.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Өңірлік палатаның дирекциясын тағайындауға қатысты өңірлік кеңес пен басқарма арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда, мұндай шешімді төралқа қабылдайды.»;

10) мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын:



«5-1-тарау. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

27-1-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің құқықтық мәртебесі

1. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге осы Заңда көзделмеген функцияларды жүктеуге ешкiм құқылы емес. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдiң қызметiне қандай да бiр заңсыз араласуға жол берiлмейдi.

2. Өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезеңiнде Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бiрлестiктердегi мүшелiгiн тоқтата тұрады.

3. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл саяси қызметпен айналысуға құқылы емес.

4. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметке кіріскеннен кейін белгіленген тәртіппен бір ай ішінде, осы адамға заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өзінің меншігіндегі коммерциялық ұйымдардың үлестерін, акцияларын (акциясын), жарғылық капиталға қатысу үлестерін және пайдаланылуы кіріс алуға әкелетін өзге де мүлікті өз лауазымын атқару уақытында сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің өзіне тиесілі облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сенімгерлік басқаруға бермеуіне болады, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен кіріс алуға құқығы бар және тұрғын жайларды мүліктік жалдауға беруге құқылы.

5. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, басқа ұйымдарда ақы төленетін лауазымды атқара алмайды.

27-2-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметінің қағидаттары

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің қызметі:

1) заңдылық;

2) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;

3) объективтiлiк;

4) жариялылық қағидаттарына негiзделедi.

27-3-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді лауазымға тағайындау және лауазымынан босату

1. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалатын адам мынадай талаптарға сай келуге:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығын иеленуге;

2) жоғары бiлiмi болуға;

3) кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында кемiнде бес жыл жұмыс өтілі болуға тиіс.

2. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдi басқарманың ұсынуы бойынша төралқа төрт жыл мерзімге лауазымға тағайындайды.

3. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл төралқа шешімімен атқаратын лауазымынан мерзiмiнен бұрын мынадай негіздер бойынша босатылуы мүмкiн:

1) өз қалауы;

2) медициналық қорытындыға сәйкес кәсiби мiндеттерiн одан әрi атқаруға кедергi келтiретiн денсаулық жағдайы;

3) осы Заңда белгiленген мiндеттер мен шектеулердi сақтамау;

4) лауазымдық өкiлеттiктерiн бұзуы, атқаратын лауазымда болуымен сыйыспайтын терiс қылықтар жасауы;

5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі.

4. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің өкілеттіктері мынадай:

1) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;

2) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулi деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешiмi заңды күшiне енген;

3) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге қатысты соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енген;

4) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшiне енген жағдайларда тоқтатылады.

5. Сол бiр адам қатарынан екi реттен артық Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындала алмайды.

27-4-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің міндеттері

1. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл өз қызметiн жүзеге асырған кезде:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға;

2) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдануға;

3) өтiнiштердi қарау кезінде объективтілік және бейтараптық танытуға;

4) өзiн қорғау үшін жүгінген кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын жүзеге асыруға кедергi келтiретiн қандай да бiр әрекеттерді жасамауға мiндеттi.

2. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндамада көрсетілуге жататын, өз қызметі туралы есепті бекіту үшін Ұлттық палатаға жыл сайын ұсынады.

27-5-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің қызметiн ұйымдастыру

1. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдiң қызметiн Ұлттық палата қамтамасыз етедi.

2. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің Ұлттық палата жүйесіндегі өзара іс-қимыл тәртібі Ұлттық палатаның жарғысында белгіленеді.»;

11) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«29-бап. Міндетті мүшелік жарналар

1. Съезд бекітетін міндетті мүшелік жарналардың мөлшерін Ұлттық палата жыл сайын 1 шілдеге дейінгі мерзімде бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет-ресурстарда жариялайды.

2. Міндетті мүшелік жарнаның мөлшерін айқындау мақсатында осы Заңның 4-бабының 2-тармағында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілері:

1) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және алдыңғы есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын, айлық есептiк көрсеткiштің есепті жылдың алдындағы күнтізбелік жылда алпыс мың еселенген мөлшерінен аспайтын жылдық жиынтық кірісі бар кәсiпкерлiк субъектiлерi;

2) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және алдыңғы есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын, айлық есептiк көрсеткiштің есепті жылдың алдындағы күнтізбелік жылда алпыс мың еселенген мөлшерінен асатын және айлық есептiк көрсеткiштің бір жарым миллион еселенген мөлшерінен аспайтын жылдық жиынтық кірісі бар кәсiпкерлiк субъектiлерi;

3) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және алдағы есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын, есепті жылдың алдындағы күнтізбелік жылда айлық есептiк көрсеткiштің бір жарым миллион еселенген мөлшерінен асатын жылдық жиынтық кірісі бар кәсiпкерлiк субъектiлерi болып бөлінеді.

3. Міндетті мүшелік жарналардың мөлшерін бекіту мақсатында съезд осы баптың 2-тармағында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілерінің топтары ішінде сатылауды белгілейді.

4. Ұлттық палата міндетті мүшелік жарна бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен мемлекеттік кіріс органы ұсынған мәліметтер негізінде кәсіпкерлік субъектілеріне есеп шотын шығарады.

5. Кәсіпкерлік субъектілері Ұлттық палата шығарған есеп шоты негізінде ағымдағы жылғы 25 мамырдан, 25 тамыздан, 25 қарашадан кешіктірмей міндетті мүшелік жарналарды тең үлестермен төлейді.

6. Съездің шешімі бойынша есепті кезеңде мүгедектер саны қызметкерлерінің жалпы санының кемінде елу бір пайызын құрайтын ұйымдар міндетті мүшелік жарналарды төлеуден босатылуы мүмкін.»;

12) 32-баптың 9-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын.

111. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 16, 83-құжат):

2-бапта:



3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 18) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтарын, 13-тармағы 19) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 16-тармағы 19) тармақшасының үшінші және бесінші абзацтарын, 25) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын және 29) тармақшасын;»;

мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 16-тармағы 19) тармақшасының төртінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.».

112. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 5-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Кредитордың борышкердi банкрот деп тану немесе оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгiнуi үшін борышкердiң төлем қабiлетсiздiгi негiз болып табылады.»;

2) 12-баптың 11-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:



«Әкімші оңалтуды және (немесе) банкроттықты басқарушылар ретінде қатысқан жағдайда, өз қалауымен тіркеуден шығару туралы өтінішке оңалтуды және (немесе) банкроттықты басқарушылар қызметін жүзеге асырудан өзін шеттету және жаңа кандидатураны таңдау туралы әрбір борышкер бойынша кредиторлар жиналысы хаттамасының көшірмесі қоса беріледі.»;

3) 13-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«1. Уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысы, осы Заңның 61-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, борышкердің мүлкінен төленеді, мерзімінің ұзақтығына қарамастан, рәсімді өткізудің бүкіл кезеңіне тіркелген болып табылады.

Уақытша әкімшінің және оңалтуды басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төмен мөлшерін, сондай-ақ уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының мөлшерін және оны төлеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;

4) 15-баптың 20) тармақшасы алып тасталсын;

5) 26-бапта:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Кредиторлар жиналысының отырысын қатысып отырған кредиторлар арасынан сайланған төрағалық етуші жүргізеді. Хаттаманы қатысып отырған кредиторлар арасынан сайланатын хатшы жүргізеді. Төраға мен хатшы қарапайым көпшілік дауыспен сайланады. Хаттамаға төрағалық етуші, әкімші, хатшы жиналыс өткізілген күні қол қояды және ол борышкердің мөрімен (ол болған кезде) куәландырылады.»;

5-тармақта:

бірінші бөлік «шешімдер қабылданатын» деген сөздерден кейін «және оңалту жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:

«Оңалту жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралған кезде дауыс беруге осындай кредиторлармен бір кезек құрамында және (немесе) кейінгі кезектер құрамында талаптары қанағаттандырылуға жататын кредиторларды қоса алғанда, осындай өзгерістермен және (немесе) толықтырулармен мүдделері қозғалған кредиторлар қатысады.

Кредиторлар жиналысының шешімі сырттай дауыс беретіндерді қоса алғанда, оңалту жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдауға қатысатын кредиторлар дауыстары санының көпшілік дауысымен қабылданады.»;

6) 28-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:



«Хаттамада отырыстың өткізілген күні мен орны, дауыс беруге қатысқан кредиторлар комитетінің мүшелері, күн тәртібі, дауыс беру нәтижелері мен қабылданған шешімдер туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. Хаттамаға дауыс беруге қатысқан кредиторлар комитетінің барлық мүшелері мен әкімші қол қояды және ол борышкердің мөрімен (ол болған кезде) куәландырылады.»;

7) 31-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«7. Борышкердiң өтiнiшiне қоса берiлетiн барлық құжаттарға өтiнiш берген адам қол қояды және олар мөрмен (ол болған кезде) куәландырылады.»;

8) 38-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:



«1-1. Осы Заңның 5-бабында көзделген негіздер болған және борышкерде сотқа өтініш берген күні салық берешегі, кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешек болмаған кезде оңалту туралы іс бойынша іс жүргізу кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшi негізінде сотта қозғалады.»;

9) 44-бапта:



1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Банкроттық немесе оңалту туралы iс азаматтық-құқықтық және өзге де мiндеттемелер бойынша кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшi негiзiнде қозғалуы мүмкiн.»;

2-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 «12) егер банкроттық немесе оңалту туралы iстi қарау үшiн қажет болса, өзге де мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.»;

10) 45-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:



«3. Оңалту рәсімін қолдану туралы кредитордың (кредиторлардың) өтінішіне:

1) белгіленген тәртіппен және мөлшерде мемлекеттік баждың төленгенін;

2) борышкерге өтініш пен оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерінің жіберілгенін;

3) борышкердің кредитор алдындағы міндеттемелерін, сондай-ақ осы міндеттемелер бойынша берешектің бар екендігін және сомасын;

4) борышкерде сотқа өтініш берген күні салық берешегінің, кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешектің жоқ екендігін;

5) кредитор өтініші негізделетін өзге де мән-жайларды (болған кезде) растайтын құжаттар қоса беріледі.»;

11)


Каталог: cont
cont -> Психологические труды
cont -> Психологическая подготовка спортсменов. Инновационные технологии Словарь используемых терминов
cont -> Өлкетану әдебиеттері бөлімі Отдел краеведческой литературы Қазақ өлеңінің жырдариясы
cont -> Өткен сенбіде үйде демалып жатқанымда, есіктің сыртынан тықыр естілді. Іле қоңырау шырылдады. Сұрамастан аша салдым. Екі балаң жігіт тұр екен. «Аға, жарапазан ғой» деді де, домбыраны қағып-қағып жіберіп, әнге басты
cont -> Сводный график по защите магистерских диссертаций научного и педагогического и профильного направлений 2010 г. 14. 06. 2010 г
cont -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет