Источник: ис параграф, 29. 04. 2015 11: 44: 55 Қазақстан Республикасының



бет6/33
Дата02.05.2016
өлшемі4.72 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
қолданысқа енгізіледі

12) 108-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«108-1-бап. Жер қойнауын пайдаланушының дербес кластерлік қорға ақша аудару жөніндегі шығыстарын шегеру

Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластеріне қатысушылардың жобаларын қаржыландыру үшін дербес кластерлік қорға ақша аударуға іс жүзінде шеккен шығыстарының сомасын төмендегідей тәртіппен айқындалатын оң айырма мөлшерінде шегерімдерге жатқызуға құқылы:

есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінің қорытындылары бойынша келісімшарттық қызмет бойынша жиынтық жылдық кірістің бір пайызынан аспайтын мұндай шығыстардың іс жүзіндегі сомасы, алу осы Кодекстің 108-бабына сәйкес шегерімдерге жатқызылған шығыстар.»;

13) 133-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«3) жеке тұлға салық төлеушіде кемінде үш жыл жұмыс істеу міндеттемесі туралы шарт жасасқан жағдайда, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмаған жеке тұлғаны оқытуға арналған шығыстарды азайтуға құқығы бар.

Осы тармақшаның мақсатында оқытуға арналған шығыстар:

оқытуға ақы төлеуге іс жүзінде жұмсалған шығыстарды;

уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде тұруға іс жүзінде жұмсалған шығыстарды;

оқитын адамға салық төлеуші айқындаған мөлшерде, бірақ уәкілетті орган белгілеген нормалардан аспайтын ақша сомасын төлеуге арналған шығыстарды;

оқуға түскен кезде оқу орнына баруы және оқу аяқталғаннан кейін қайтуына іс жүзінде жұмсалған шығыстардықамтиды.

Осы тармақшаның ережелері:

жеке тұлға оқыту шығыстарын жеке тұлғаның оқуы аяқталған салық кезеңін, сондай-ақ кейінгі салық кезеңін қамтитын уақыт кезеңі ішінде толық немесе ішінара өтеген жағдайды қоспағанда, оқыту шығыстары бойынша осы тармақшаның ережелері қолданылған жеке тұлғамен еңбек шарты жеке тұлғаның оқуы аяқталған күннен бастап үш ай ішінде жасалмаған жағдайда қолданылмайды. Мұндай өтеу жағдайында осы тармақшаның ережелері оқыту шығыстарының жеке тұлға өтемеген сомасының мөлшерінде қолданылмайды;

жеке тұлға оқыту шығыстарын еңбек шарты бұзылған салық кезеңін, сондай-ақ кейінгі салық кезеңін қамтитын уақыт кезеңі ішінде толық немесе ішінара өтеген жағдайды қоспағанда, оқыту шығыстары бойынша осы тармақшаның ережелері қолданылған жеке тұлғамен еңбек шарты мұндай тұлғамен еңбек шарты жасалған күннен бастап үш жыл өткенге дейін бұзылған жағдайларда қолданылмайды. Мұндай өтеу жағдайында осы тармақшаның ережелері оқыту шығыстарының жеке тұлға өтемеген сомасының мөлшерінде қолданылмайды;

жер қойнауын пайдаланушы мұндай оқыту шығыстарына қатысты осы Кодекстің 112-бабының ережелерін қолданған жағдайда қолданылмайды.»;

14) 192-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«4) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның жұмыстардың, қызметтердің іс жүзінде орындалған, көрсетiлген жерiне қарамастан, оларды орындаудан, көрсетуден түсетiн кірістері, сондай-ақ осы бапта белгiленген өзге де кірістер.

Осы тармақшаның ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің аумағында тіркелген бейрезиденттің осындай мемлекеттің аумағында жеке тұлғаға туристік қызметтер көрсетуінен түсетін кірістеріне қатысты қолданылмайды;»;

9-тармақтың 15) тармақша 2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

15) 238-баптың 12-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«12-1. Шығу туризмі бойынша туроператор қызметтерін көрсету кезінде салық салынатын айналым мөлшері туристік өнімді өткізу құны мен жолаушыларды сақтандыру, тасымалдау және олардың тұруы, оның ішінде егер тамақтану құны тұру құнына енгізілген болса, тамақтануы бойынша көрсетілетін қызметтердің құны арасындағы айырма ретінде айқындалады.»;

9-тармақтың 16) тармақша 2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

16) 255-бапта:

1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) мыналар:

Қазақстан Республикасы Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімінде тіркелген;

денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде,Қазақстан Республикасы Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімінде тіркелмегенкез келген нысандағы дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника импорты қосылған құн салығынан босатылады.

Осы тармақшада көрсетілген тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;»;

17) 256-баптың 2-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«11) осы тармақшаның ережелерін ескере отырып, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органының құрылымдық бөлімшесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша жазып берген мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжатында көрсетілген салық сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.

Мұндай құжатта:

өткізілуі бойынша айналымдары салық салынбайтын айналымдарға жататын тауарлар бойынша «ҚҚС-сыз» деген белгі көрсетіледі;

қалған тауарлар бойынша мемлекеттік материалдық резервке осы тауарларды жеткізген кезде төленген салық сомасының шегінде және шығарылатын тауарлардың құнына оларды шығару күні қолданыста болатын мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығының сомасы кіргені айқындалса, қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;»;

18) 270-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«3. Осы Кодекстің 256-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі өзіне мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығаруға жазып берілген құжаттар тізілімін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша табыс етеді.»;

19) 271-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«2. Импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кедендік төлемдерді төлеу үшін айқындалатын күні төленеді.

Бұл ретте ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту осы Кодекстің 51-3-бабына сәйкес жүргізіледі.»;

20) 280-баптың 4-тармағының 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«2) осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларға акциз мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;

21) 282-баптың 3-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:



«Алыс-беріс шикізатын өңдеудің белгіленген мерзімінен асып кеткен жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мөлшерлемелер бойынша шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес өңдеу өнімінің болжалды көлемі акциз салу объектісі болып табылады.»;

22) 298-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына импортталуы акциздерді төлемей жүзеге асырылған акцизделетін тауарлар, оларға байланысты төлеуден босату немесе төлеудің өзге де тәртібі ұсынылғандардан өзге мақсаттарға пайдаланылған жағдайда, осы акцизделетін тауарларға осы Кодекстің 280, 297-баптарында және Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен белгіленген тәртіппен және акциздердің мөлшерлемелері бойынша акциздер салуға жатады.»;

23) 457-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:



«1-1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың қызметінің тоқтатылуын тіркеу кезінде;»;

24) 556-баптың 7-тармағы және 557-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы алып тасталсын;

25) 581-бапта:

бірінші бөліктің 12) тармақшасында:

мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:

«туындаған күнінен бастап төрт ай бойы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде өтелмеген салық берешегі бар заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның;»;

он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы тармақшада көзделген мәліметтер, жетінші абзацты қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша табыс етіледі.»;

мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Осы баптың бірінші бөлігінің 5), 10), 11) және 12) тармақшаларында көзделген есептер мен мәліметтер ақпараттық-коммуникациялық желі арқылы беріледі. Техникалық проблемаларға байланысты оларды ақпараттық-коммуникациялық желі арқылы беру мүмкін болмаған жағдайда, көрсетілген есептер мен мәліметтер қағаз жеткізгіште жіберіледі.»;

26) 588-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:



«салық төлеуші (салық агенті) - салық есептілігінде, тауарлар декларациясында;»;

27) 590-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоттарындағы салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген, кемітілген сомаларын есепке алу салық есептілігі, тауарлар декларациясы деректерінің, уәкілетті мемлекеттік органдар мәліметтерінің негізінде жүргізіледі.»;

28) 598-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



 «6. Заңды тұлға таратылған немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) қызметiн тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлғада және (немесе) филиалда (өкілдікте) берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер осы Кодекстің 37, 37-1 және 37-2-баптарында белгіленген шарттар сақталған кезде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде беріледі.»;

29) 609-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«4) мынадай:

салық төлеушінің (салық агентінің) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың және кәсіби медиатордың мүлікке;

салық төлеушінің мүлікке, оның ішінде ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындамаған кезде импортталатын тауарға билік етуін шектеу тәсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін.

Бұл ретте осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу жөніндегі орындалмаған салық міндеттемесіне қатысты қолданылмайды.»;

30) 613-бапта:



1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) салық төлеуші төлеу мерзімі осы Кодекстің 51-3-бабына сәйкес өзгертілген, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындамаған жағдайларда жүргiзедi. Бұл ретте шектеу осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген салық берешегiн өтеу туралы хабарлама жiбермей-ақ жүргізіледі.»;

2-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «болып табылатын мүлкіне қатысты жүргізеді.» деген сөздер «болып табылатын;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда - осы салық төлеушінің меншік немесе шаруашылық жүргізу құқығында тиесілі, сондай-ақ балансында тұрған мүлкіне және (немесе) импортталатын тауарға қатысты жүргізеді.»;

3-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «өсімпұлдарының сомасына қабылдайды.» деген сөздер «өсімпұлдарының;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген жағдайда - мұндай шешiм шығарылған күнге салық төлеушiнiң жеке шотында бар деректер бойынша импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтар бойынша салық берешегiнің сомасына қабылдайды.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, осы баптың 3-тармағында көрсетілген шешім салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылған күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мүлік тізімдемесінің актісін жасау арқылы салық төлеушінің (салық агентінің) қатысуымен билік етуі шектелген мүлікке тізімдеме жүргізеді.

Билік етуі шектелген мүлік тізімдемесі салық төлеушінің (салық агентінің) бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде айқындалатын баланстыққұны немесе нарықтық құны мүлік тізімдемесінің актісінде көрсетіле отырып жүргізіледі. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады.

Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, егер импортталатын тауарлар тізімдемеге алуға жатқызылатын болса, онда тізімдеме актісі салық төлеушінің не Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес салық төлеушінің атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін декларанттың қатысуымен импортталған тауарды кедендік тазарту жүргізген күні жасалады.

Билік етуі шектелген импортталатын тауар тізімдемесі Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған импортталатын тауардың кедендік құны тізімдемесінің актісінде көрсетіле отырып жүргізіледі.»;

31) 614-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:



«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтар бойынша салық берешегіне қатысты қолданылмайды.»;

32) 616-баптың 6-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«5) салық төлеушiнің (салық агентінің) және оның дебиторының заңдық деректемелерi, мөрi (ол болған кезде) және қолтаңбалары;»;

33) 627-бапта:



9-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) ішінара тексерулер - салық органдары салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты тағайындайтын салықтық тексерулер;»;

9-тармақтың 33) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Құжаттық тексеруге жататын кезең осы Кодекстің 46-бабына сәйкес белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аспауға тиіс.

Тексерілетін кезеңді айқындау кезінде салықтардың және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемнiң жекелеген түрлерi бойынша кешенді тексеру, тақырыптық тексеру тағайындалған жағдайда салықтар бойынша аудит қамтыған салық кезеңі енгізілмейді.

Осы тармақтың екінші бөлігінің ережесі осы баптың 5-тармағы 2) тармақшасының үшінші - жиырма үшінші абзацтарында, 9-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының үшінші, алтыншы, сегізінші, он бірінші - отыз бірінші абзацтарында көрсетілген салықтық тексерулерге, сондай-ақ мониторингке жататын ірі салық төлеушілерге, жер қойнауын пайдаланушыларға, акцизделетін өнімнің, биоотынның жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қатысты қолданылмайды.»;

34) 631-баптың 1 және 3-тармақтарымынадай редакцияда жазылсын:



«1. Салық органдары, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе:

1) резидент заңды тұлғаның, бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына;

2) бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметін тоқтатуына;

3) дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор қызметінің тоқтатылуына;

4) салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылуына байланысты жүзеге асырылатын салықтық тексерулерді қоспағанда, ішінара кешенді және (немесе) ішінара тақырыптық тексеру жүргізу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын, салық төлеушіге (салық агентіне) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық тексеру жүргізу туралы хабарлама жібереді немесе тапсырады.»;

«3. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша болмаған жағдайда, ішінара кешенді және (немесе) ішінара тақырыптық тексеру хабарландырусыз жүзеге асырылады.».

10. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):



1)
Каталог: cont
cont -> Психологические труды
cont -> Психологическая подготовка спортсменов. Инновационные технологии Словарь используемых терминов
cont -> Өлкетану әдебиеттері бөлімі Отдел краеведческой литературы Қазақ өлеңінің жырдариясы
cont -> Өткен сенбіде үйде демалып жатқанымда, есіктің сыртынан тықыр естілді. Іле қоңырау шырылдады. Сұрамастан аша салдым. Екі балаң жігіт тұр екен. «Аға, жарапазан ғой» деді де, домбыраны қағып-қағып жіберіп, әнге басты
cont -> Сводный график по защите магистерских диссертаций научного и педагогического и профильного направлений 2010 г. 14. 06. 2010 г
cont -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет