Қызылорда қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы



бет2/10
Дата25.04.2016
өлшемі1.49 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Агроөнеркәсіптік кешен. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2011 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 3013,2 млн.теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 101,1 пайызға артса, 2012 жылы 3257,6 млн.теңгені немесе 106,4 пайызды құрады.

2012 жылы барлығы 6563 гектар, оның ішінде 3113 га күріш, 213 га жаңа жоңышқа, 1000 га картоп, 931 га көкөніс, 580 га бақша дақылдары егіліп, қолда бар 726 га ескі жоңышқа дақылы күтімге алынып, өткен жылмен салыстырғанда күріш дақылының егіс көлемі 120 гектарға азайтылып, оның орнына мал азығындық дақылдары егілді.

2012 жылы егілген ауыл шаруашылығы дақылдарының әр гектарынан қала бойынша күріштен 39,1 центнерден, картоптан 119,0 центнерден, көкөністен 127, центнерден, бақшадан 140,0 центнерден өнім алынып, қолда бар 726 гектар ескі жоңышқа көлемінен барлығы 2131 тн жоңышқа шөбі дайындалды.

Мал шаруашылығын диверсификациялауға бағытталған іс-шаралар есебінен ауыл шаруашылығында ірі қара мал басы 13559 бас ірі қара мал, оның ішінде 6547 бас сиыр, 16511 бас қой мен ешкі, 2344 бас жылқы, 1069 бас түйе, 1301 бас шошқа, 11063 құс өсірілуде, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен қой мен ешкі басы 77,6 пайызға, құс 48,0 пайызға азайып, шошқа 15,6 пайызға, ірі қара мал 4,4 пайызға, сиыр 7,5 пайызға, жылқы 19,6 пайызға, түйе 18,0 пайызға өсті.

2013 жылдың 10 айында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2806,5 млн.теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі 2012 жылдың салыстырмалы кезеңімен 97,8 пайызды құрады.

Қызылорда қаласына қарасты ауыл шаруашылығы құрылымдарының барлық нысандарында 2013 жылы барлығы 6717 гектар, оның ішінде 2377 га күріш, 1112 га жаңа жоңышқа, 1000 га картоп, 931 га көкөніс, 580 га бақша дақылдары егіліп, 717 га ескі жоңышқа дақылы күтімге алынды.

Өткен жылмен салыстырған барлық егіс көлемдері 154 гектарға артық егілді, оның ішінде мал азықтық дақылдар егісінің көлемі 890 гектарға артық егілді. Қалада асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Сыбаға» бағдарламасы аясында мүйізді ірі қара малы етінің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Қызылорда филиалы арқылы 7 шаруа қожалықтары 41,7 млн теңге несие алып, 222 бас жергілікті жердің аналық малы мен 15 бас ет бағытындағы асыл тұқымды бұқа малдары өсірілуде.

Жергілікті малдарды асылдандыру мақсатында «Асыл Тұқым» ЖШС-гі қаладан және ауылдық елді мекендерден қолдан ұрықтандыру пункттерін ашып, жыл басынан 784 бас ірі қара мал қолдан ұрықтандырылды.

Өзекті мәселелер:


  • қолда бар ауыл шаруашылығы техникаларының тозығы жетуі;

  • инновациялық жетістіктерді нашар енгізу, өнімнің жекелеген түрлеріне төмен деңгейдегі бәсекелестік;

  • егін шаруашылығында: егістік жерлердің жылдан-жылға тұздануы мен топырақтың батпақтануы, тік құрғатқышты ұңғыманың толық жұмыс жасамауынан тұзды жерлерді шаю бойынша шаралардың орындалмауы, суландыру жүйелерінің техникалық жағдайының нашарлауы егістіктерді тиімді пайдаланбауға және ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігінің төмендеуіне әкелді, төмен агротехника, маусым аралығында қала халқын көкөніспен қамтамасыз етуге арналған жылыжайлардың жеткіліксіздігі;

  • мал шаруашылығында: асыл тұқымды емес мал санының көбеюі (93 % мал үй шаруашылығында), көп еңбекті қажет ететін технологиялық процестерді мехникаландыру деңгейінің төмендігі;

  • ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту бойынша: ауылдық жерлерде орналасқан өңдеу кәсіпорындарының өнім шығару қуатылығының аздығынан және оларды техникалық қайта жабдықтауға айналым қаржының жеткіліксіздігі, сапалы шикізаттың жоқтығынан және дайындап өткізу жүйесінің нашар дамуынан өңдеуші кәсіпорынның қуаттылығы төмен деңгейде.

Шағын және орта бизнес, сауда. 2011 жылы қала бойынша тіркелген кәсіпкерлік субьектілерінің саны – 21194, 2012 жылы - 21162, 2013 жылы 25738, яғни 4576 бірлікке артты. 2013 жылы жеке кәсіпкерлер саны – 19719 бірлік, оның ішінде белсенділері – 15106 бірлік және заңды тұлғалар – 6019 бірлік, оның ішінде белсенділері – 4855 бірлікті құрады.

2013 жылы қалада кәсіпкерлік саласында 978 жаңадан жұмыс орны ашылды, оның ішінде 330 - сауда саласында, 184 – білім және денсаулық саласында, 10 - өнеркәсіп саласы, басқа да қызмет көрсету түрлері бойынша - 454 жұмыс орындары ашылды.

Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 2013 жылға қалалық бюджеттен 847 мың теңге қаражат бөлінді, оған 1 дөңгелек стол, 3 семинар өткізілді, кәсіпкерлерге арнап 140 кітапшалар дайындалып, таратылды.

Қаланың бөлшек сауда тауар айналымы 2012 жылы 93551,3 млн.теңгені құраса, 2013 жылдың басынан бері 98556,4 млн.теңге немесе өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 115,4 пайызды құрады.

Жалпы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы халықты жұмыспен қамту деңгейінің артуына және кедейшіліктің төмендеуіне жағдай жасайды.

Өзекті мәселелер:



  • сауда нарығындағы көлеңкелі айналымның жоғары деңгейі;

  • ішкі саудадағы инфрақұрылымның жеткіліксіз даму деңгейі;

  • білікті мамандардың жеткіліксіздігі;

  • инновациялық экономикаға шағын кәсіпкерлік субъектілері қатысуларының жеткіліксіздігі;

  • шағын бизнес өкілдерінің несие ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігінің төмен деңгейі.

Инновация және инвестиция. 2011 жылы меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар негізгі капиталға 184731,4 млн.теңгенің күрделі қаржысын салып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 93,5 пайызды құрады.

2012 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 195747,5 млн.теңге, яғни өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 102,3 пайызды құрады.

Қаржының 24658,7 млн.теңгесі (12,6%) республикалық бюджет қаржысы есебінен, 6094,6 млн. теңгесі (3,1 %) жергілікті бюджет, 124820,4 млн. теңгесі (63,8 %) кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаржысы есебінен, 9648,4 млн. теңгесі (4,9%) шетел инвестициясы, 30525,3 млн.теңгесі (15,6 %) қарыз қаражаты есебінен игерілді.

2013 жылың 10 ай ішінде меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар негізгі капиталға 125213,3 млн.теңгенің күрделі қаржысын салып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 106,8 пайызға артты.

Қаржының 7432,9 млн.теңгесі (5,9%) республикалық бюджет қаржысы есебінен, 6970,8 млн. теңгесі (5,6%) жергілікті бюджет, 108396,6 млн. теңгесі (86,6%) жеке қаражаты, 2413,0 млн.теңгесі (1,9 %) қарыз қаражаты есебінен игерілді.

Өзекті мәселелер:



  • инновациялық бизнес белсенділігінің төмен деңгейі;

  • инновациялық өнімдерге сұраныстың жоқтығы.

Әлеуметтік сала.

Білім. Қалалық білім беру бөліміне қарасты 106 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бар, оның ішінде 21 мемлекеттік балабақша (4247 бала), 47 жеке балабақша (4178 бала) және 38 мектепке дейінгі шағын орталық (2098 бала) жұмыс жасайды. Қамтылған бала саны 10523. Мектеп алды даярлық топтарында – 3184 бала білім алуда. Қызылорда қаласында 0-6 жас аралығындағы бала саны – 46754, 3-6 жас аралығында бала саны - 18752. Барлығы 13707 бала қамтылып, 3-6 жастағы баланың 73% құрайды. 2012 жылдың салыстырмалы кезеңімен балабақша саны 7 бірлікке көбейген.

2013 жылы құрылысы басталған Қызылжарма ауылдық округіндегі 280 орындық және Наурыз мөлтек ауданындағы 140 орындық балабақшаның құрылысы 2014 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Қалалық білім беру бөліміне қарасты 54 жалпы білім беретін мектеп және 1 кешкі мектеп жұмыс жасайды. Олардың ішінде 7 мектеп-лицей (№№ 3, 5, 10, 15, 23, 136, 264), 3 мектеп-гимназия (№1, №9, №212), 1 «Мұрагер» дарынды балаларға арналған мектебі (№2) бар. Қамтылған бала саны 43945.

2012-2013 оқу жылында қала мектептерінде білім алатын 43945 оқушыға 5759 мұғалім дәріс береді. Олардың 4890-ы жоғары білімді және 613-і арнаулы орта білімді мұғалімдер. Педагогтардың 421-і жоғары санатты, 1937-і І санатты, 1558-і ІІ санатты мамандар.

2012-2013 оқу жылында Қызылорда қаласындағы 46 жалпы білім беретін білім беру ұйымдарынан 2080 бітіруші түлектің ҰБТ-ға қатысқаны 1698 оқушы (81,6%). ҰБТ нәтижесінде жалпы мектептер бойынша орташа балл көрсеткіші – 76,8 пайызды құрады. (2012 жылы орташа балл – 69,1 болған). «Алтын белгіге» үміткер 87 бітірушілердің 27-і дәлелдеп шықты. Үздік аттестатқа ұсынылған 47 үміткердің 22-ы дәлелдеді.

2013-2014 оқу жылы 1750 баланы қамтитын 5 мектеп пайдалануға берілді. (Досан ауылында 100 орындық, Бірқазан елді мекенінде 50 орындық, мектеп, Наурыз мөлтек ауданындағы №268-ші 300 орындық, Түркістан көшесінде 1200 орындық, №215-ші 100 орындық мектептер).

Мектептен шалғай орналасқан мекен-жайда тұратын оқушыларды тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында 2 автобус, 5 Газель автокөліктері сатып алынды. Яғни, жалпы 361 баланың 276-сы қамтылды немесе 76,5%.

2012-2013 оқу жылындағы білім беретін пәндер бойынша олимпиада өткізіліп, нәтижесінде қала мектептерінен 15 оқушы қатысып, оның 7-і жүлделі орынмен қайтты. Атап айтқанда №3,9 мектеп-лицейден 2 оқушы І орынға иеленді («Алтын медаль»), «Мұрагер», №3,136 мектебінен 4 оқушы ІІ орынға иеленді («Күміс медаль») және «Мұрагер» мектебінен 1 оқушы 3 орынға иеленді («Қола медаль») алды.

Өзекті мәселелер:


  • білім беру мекемелерінде материалдық база мен техникалық жарақтандырылудың төмендігі;

  • мектепке дейінгі мекемелермен қамтылу деңгейінің төмендігі;

  • физикалық және психикалық кемшілігі бар балаларға инклюзивті білім беру үшін педагог-мамандардың жетіспеушілігі;

  • қаланың мектептеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу.


Денсаулық сақтау. Денсаулық сақтау саласында бюджет 2013 жылы 23 733 699,0 мың теңгені құрады, 2012 жылы 19 213 499,0 мың теңге. 2012 жылға қарағанда 19 пайызға жоғары. Ана өлімі мен сәбилер өлімі соңғы 3 жылда қарқынды төмендеуде. Соңғы 3 жылда ана өлімі көрсеткіші 2,2 есеге дейін төмендегені байқалды.

Қаламызда туберкулезбен эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші 2012 жылдың 9 айымен салыстырғанда (109,2), 2013 жылдың 9 айында 98,4 төмендеді. Өлім көрсеткіші (2012 жылы 14,5) төмендесе, ағымдағы жылдың соңғы 9 айында 7,6 есеге төмендеген.

Қатерлі ісік аурушаңдылық көрсеткіші 2012 жылдың 9 айымен салыстырғанда (132,6) 2013 жылдың 9 айында 132,0 төмендеді. Өлім көрсеткіші (2012 жылы 86,9) төмендесе, ағымдағы жылдың соңғы 9 айында 81,0 есеге төмендеген. Қан айналымы жүйесі ауруларын ерте бастан анықтауға байланысты жүргізілген скринингтік тексерулер нәтижесінде 10000 тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші 2012 жылы 2995,2, 2011 жылы – 3401,7 болып, төмендеді. 2013 жылдың 9 айында өлім көрсеткіші 100,0 мың тұрғынға шаққанда 2995,2-ден (2012 жылы) 2774,4-ке төмендеген.

Халықты төсек орындармен қамтамасыз ету. Соңғы 3 жылда барлығы 422 төсекке қысқартылды (5705-тен 5283-ке дейін). Күндізгі стационардың төсек орны 3,8 пайызға көтерілген. 2013 жылдың 9 айында тәуліктік стационарға жатқызу деңгейі 2012 жылы 1110,2-ден 1065,7-ге дейін төмендеген. Бірыңғай Ұлттық Денсаулық сақтау жүйесіндегі барлық төсек орын 3041, барлығы РБ қаржыландырылады.

Бірыңғай ақпараттық жүйесін жүзеге асыру шарасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласында порталды ақпараттық жүйені енгізуде 8 портал жұмыс жасауда.

Ағымдағы жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша Қызылорда қаласы бойынша денсаулық сақтау саласында барлығы 4312 медициналық қызметкер бар, оның ішінде 1076 дәрігер, 3236 орта буынды медициналық қызметкерлер.

Өзекті мәселелер:


  • білікті медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі;

  • халықтың әлеуметтік мәні бар ауру түрімен ауруының жоғары деңгейі;

  • материалдық-техникалық базаның жетіспеушілігі.

Әлеуметтік қорғау. Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша Қызылорда қаласында 2013 жылдың 1 қаңтарына экономикалық белсенді халық саны 110,7 мың адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,7 пайыз, облыста көрсеткіш- 5,2 пайыз, республикада – 5,2 пайызды құрады.

Бүгінгі күнге бөлімге тіркелген жұмыссыздардың жалпы саны 669 адамды, яғни тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,6 пайызды құрады, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 0,3 пайыздық тармаққа төмендеген.

2013 жылы 1 желтоқсанына қалада 3222 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде: ауыл шаруашылығында – 10, өнеркәсіпте - 234, құрылыста – 56, көлік және байланыста – 824, саудада – 395, білім беру – 145, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерде – 102, басқа салада – 730, уақытша және маусымдықта - 726 (1.12.2012 жылы ашылғаны – 3883).

Жыл басынан 4120 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Қоғамдық жұмыстарға жыл басынан 1920 адамға қалалық бюджеттен 119,5 млн. теңге бөлінді, бүгінгі күнге 158 мекемеге 2150 адам қоғамдық жұмысқа тартылды, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 91,8 пайызды құрады.

Жұмыссыздарды кәсіби мамандыққа және қайта даярлау еңбек нарығының сұранысына және қаланың индустриялық - инновациялық дамуына сәйкес 2013 жылы 475 жұмыссыздарды кәсіби оқытуға – 4,5 млн. теңге бөлінді. Жыл басынан бері 17 еңбек нарығына қажетті мамандықтар түрі бойынша жұмыссыздарды іріктеп, кәсіби оқуға жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына жергілікті бюджеттен 37 адамға 1,4 млн. теңге қаралып, жыл басынан 46 адам жұмыспен қамтылды.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан -2050» стратегиясы, «қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы №636 қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту 2020 жол картасының» паспорты әзірленіп, үш бағыт аясында жұмыстар жүргізуге бағытталған.

Бағдарламаның бірінші бағыты инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету көзделген. Қалаға қарасты Ақжарма, Қызылжарма және Қосшыңырау ауылдық округ орталықтарындағы жолдарды жөндеуге республикалық бюджеттен 58,1 млн. теңге қаралып, тиісті жұмыстары атқарылды. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» аясында 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Осы бағытта қосымша республикалық бюджеттен бөлінген 246,5 млн. теңгеге М. Шоқай көшесін Бөкейхан көшесінен Сұлтан Бейбарыс көшесіне дейін жалпы ұзындығы 0,8 шақырым болатын жол торабына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 21 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Бағдарламаның екінші бағыты ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту мақсатында республикалық бюджеттен 267 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда 85 адам шағын несие алды. Осы бағытта 32 азамат жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді.

Бағдарламаның үшінші бағыты жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу көзделген. 2013 жылы қайта даярлау курстарына республикалық бюджеттен 35,7 млн.теңге қаржы бөлініп, 17 мамандық бойынша 340 адам білім алуда, кәсіптік даярлауға 488 орынға жолдама беріліп, қаладағы 4 колледжде қыркүйек айынан 2014 жылдың шілде айына дейін білім алады. Әлеуметтік жұмыс орындарына 400 адамға республикалық бюджеттен 80,7 млн. теңге қаралып, есепті мерзімде 368 мекемелер мен кәсіпорындарға 591 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама алып, 224 бағдарламаға қатысушылар тұрақты жұмыспен қамтылды. Жастар тәжірибесі бойынша 320 адамға 74,3 млн. теңге қаржы бөлініп, 317 мекеме мен кәсіпорынға 506 жас маман жастар тәжірибесіне жолданып, 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Үстіміздегі жылдың тамыз айында Қызылорда қаласына берілген 30 пәтерлі тұрғын үйге 28 жанұя көшіп барды. Экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден Арал ауданына 3 отбасы, Жалағаш ауданынан 6 отбасы, Қазалы ауданынан 2 отбасы қоныс аударып, 34 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.

Өзекті мәселелер:



  • халықтың мақсатты топтарының жұмыспен қамтылуы деңгейінің төмендігі;

  • қалаға қарасты елді мекендерде жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуы және жастар арасында жұмысқа орналасу мүмкіндігінің аздығы;

  • ұтқырлығы төмен топтағы қолжетімділігі қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілері санының жетіспеушілігі;

  • жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсыныс арасындағы үйлесімсіздік.

Жастар саясаты. Облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес 14-29 жас аралығында қала бойынша 69221 жас тіркелген. Оның ішінде ауыл жастары – 10705. Бұл қала тұрғындарының 28,03 пайызын құрайды.

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары өңірдегі жастар ұйымдарының саны оннан аспайтын болса, қазіргі таңда олардың саны елуге жуық және оның ішінде 22 жастар ұйымы белсенді жұмыс жасайды. Сондай-ақ, бөлінетін қаржы көлемі де бірнеше есеге ұлғайды.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 2011 жылы 4,2 млн. теңге, 2012 жылы 4,9 млн теңге, ал, 2013 жылы 12,7 млн. теңге қаралды. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 8,5 млн. теңгеге артып отыр.

Биыл «Жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру» кызметі бойынша 8 әлеуметтік маңызы бар жоба жүзеге асырылды.

Атап айтқанда:


  • Жастар саясатын жүзеге асыру аясында «Эрудит» жас көшбасшылар мектебінің қызметін ұйымдастыру (1000,0 мың теңге)

  • Қаладағы жоғары және орта орнаулы оқу орындары арасында «Студент көктем-2012» өнер фестивалін ұйымдастыру (900,0 мың теңге);

  • Жастар апталығын және «Сыр жастары – жасампаздық жаршысы» атты дәстүрлі жастар форумын өткізу (613,0 мың теңге);

  • Жастар сыйлығына байқау ұйымдастыру (1300,0 мың теңге);

  • Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған шараларды ұйымдастыру (810,0 мың теңге);

  • «Қала жастарына әлеуметтік-құқықтық кеңес беру қызмет жұмысын ұйымдастыру» (623,0 мың теңге);

  • Жастарға арналған ресурстық орталық қызметін ұйымдастыру (4305,0 мың теңге)

  • Қалада аула клубтарының қызметін ұйымдастыру (3187,0 мың теңге).

Аталған жобаларды “Самұрық” инновациялық идеяларды дамыту орталығы, “Қызылорда жастары”, “Ақиқат айнасы” және “Қазақстан студенттер Альянсы Қызылорда қалалық филиалы” секілді қоғамдық бірлестіктері мен қорлары жеңіп алды.

Жастардың белсенділігін арттыру, жас көшбасшыларды тәрбиелеу және олардың шешендік өнерін дамыту мақсатында бірнеше жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан “Эрудит” жас көшбасшылар мектебінің өскелең ұрпақ үшін маңызы зор. Қазіргі таңда осы мектепте 400 жас тұрақты дәріс алады. Осы қоғамдық мектепте өз саласында жоғары жетістіктерге қол жеткізген білікті әрі тәжірибесі мол мамандар, облыстық басқарма басшылары шеберлік сабақтарын өткізіп, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен ой бөлісіп, бағыт-бағдар берді. Қазіргі таңда жоба аясында 20 дәріс сабақ өткізіліп, 7 дөңгелек үстел, 4 семинар-тренинг өткізілді. Жалпы қамтылған жастар саны 878.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша:


  • несие алған мамандардың саны – 10 адам;

  • көтерме жәрдемақыны алған мамандардың саны– 16 адам;

«Жастар тәжірибесі» бойынша:

  • аз қамтылған отбасыдан шыққан 327 оқушыға қоғамдық көлікте жеңілдік үшін әлеуметтік көмек көрсетілді;

  • аз қамтылған отбасыдан шыққан 38 мектеп бітірушіге жоғарғы оқу орындарында оқу үшін грант берілді;

  • әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру барысында 15 жас жұмыспен қамтылды.

«Жасыл ел» бағдарламасымен 108 жас жұмысқа орналасты;

Өзекті мәселелер:



  • жастарға қатысты жүргізілетін мемлекеттік саясат еңбек ету, денсаулық, білім беру және тәрбие сияқты маңызды салаларға мемлекет назарын шоғырландыру;

  • жастар саясатын іске асырудың әлеуметтік-қорғану тетіктерін күшейту, білім, мәдениет және өнер құралдарымен жастардың өмірін, дене, ақыл-ой және психикалық денсаулығын қорғау жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру;

  • мемлекеттік тапсырыс негізінде жастарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсететін, жастардың бос уақытын тиімді өткізуге ықпал ететін және шығармашыл жастарға қолдау білдіретін әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып, олардың қатарын арттыру.

Мәдениет. Қызылорда қаласы бойынша тарихи-мәдени мұра нысандары – 70, оның ішінде республикалық маңызды -4 (Айтбай мешіті, Перовск Казанско-Богородный шіркеуі, Көтібар мұнарасы, Ы. Жақаев бюсті), жергілікті маңызды - 30 ескерткіш, алдын ала есепке алу тізіміне ұсынылғандар саны – 36.

Оның ішінде – 16 ескерткіш, 19 ғимарат, 13 бюст, 6 мұнара, 8 кесене, 2 көпір, 2 мешіт, 1 шіркеу, 3 тұрғын үй.

2013 жылы Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма, Ақсуат ауылдық клубтарының құрылыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты 3 қалалық, 1 ауылдық мәдениет Үйі, 7 ауылдық клубы, 1 жабық зағиптар клубы, 1 қалалық мәдени – демалыс паркі және 8 ауылдық, 13 қалалық кітапхана, барлығы 34 мекеме халыққа қызмет көрсетеді.

Қалалық бюджеттен бөлінген 23,6 млн. теңгеге Абай ауылындағы мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді және С. Майқанова, М. Ералиева, А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйлеріне күрделі жөндеу жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамасымен қоса әзірлеуге 9,4 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстары атқарылды.

А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінде Халықаралық әйелдер күніне арналған «Сыйынар ем, Ана деген тәңірге» атты мерекелік кеш өткізілді. Кеш театрландырылған қойылыммен басталып, қала әкімі Н. Нәлібаевтың құттықтау сөзімен ашылып, мерекелік концерт өткізілді.

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына арналған кеш «Табиғат. Тіршілік. Тайқазан» театрландырылған қойылымымен ашылып, қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарының концертімен жалғасты.

Үстіміздегі жылдың 1 мамыры күні Орталық алаңда «Қазақстан - достықтың шаңырағы» атты cалтанатты шеру өткізілді. Шеруде қаламыздағы мемлекетік мекеме, мұнай компаниялары, акционерлік қоғамдар ұжымдары белсене қатысты.

9 мамыр күні Тағзым алаңында Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған «Ұлы Жеңіс жаңғырығы» атты мерекелік шара өткізілді. Тағзым алаңында Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан құрбандарымызға салтанатты гүл қою рәсімі, мерекелік әскеру шеру және Алматы қаласы, Жамбыл атындағы филармонияның үрмелі аспап оркестрінің шеруі Тағзым алаңынан басталып, қаламыздың көшелерінен қалалық мәдени-демалыс паркінің сахнасында мерекелік концерттік бағдарламасы жалғасын тапты.

ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабының орындалуын бақылауға алу, маңдайша жазулары және жарнамалардың сай келуін ретке келтіру негізінде Қызылорда қалалық прокуратурасымен бірлескен 2013 жылы атқарылатын жұмыстардың іс-шаралар жоспары бекітіліп, маңдайша жазулары мен жарнамалар ілінген нысындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері 27 көшеге рейд жасалып, 1106 нысанға түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатындағы барлық іс шаралар Қазақстан халқының бірлігі мен өңірлік лингвистикалық капиталды сақтауға, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған.

Өзекті мәселелер:



  • мәдениет нысандарының материалды-техникалық базасын нығайту;

  • елді мекендердегі мәдениет нысандарының жетіспеушілігі және апаттық жағдайда болуы;

  • мәдени мұра және тарихи ескерткіштерге қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу;

  • мәдениет саласы инфрақұрылымын дамыту.

Дене шынықтыру және спорт. Қызылорда қаласында тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға арналған 421 спорттық ғимараттар бар, оның ішінде 2 стадион, 3 спорттық кешен, 85 спорт залы, 1 бассейн, 2 ату тирлері, 5 теннис корты, 60 қосымша салынған және лайықтандырылған ғимараттар, 259 қарапайым спорт алаңдары, 1 боулинг орталықтары жұмыс істейді.

Жыл сайын бұқаралық спортпен шұғылданушылар саны артуда, 2013 жылы олардың саны 59961 адамды құрады. 2012 жылмен салыстырғанда 4512 адамға өсті, бұл көрсеткішке жетуге қаламызда салынып жатқан жаңа заман талаптарына сай спорт ғимараттары мүмкіндік беруде.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында бірінші рет, Қызылорданың спортшысы – Илья Ильин олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атанды.

Қызылорда қаласы бойынша 8 жасөспірім балалар үшін спорт мектептерінде спорттың 26 түрі бойынша жасөспірімдер спортпен айналысуда.

Соңғы 2 жыл ішінде қала бойынша 130 спорт алаңдары салынып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы спорт-сауықтыру кешенінің (мұз аренасымен) құрылысы аясында сыртқы инженерлік желілерді сыртқа тартуға облыстық бюджеттен 214,6 млн. теңге бөлінді, сыртқы ауыз су жүйесі, жылу жүйесі, сыртқы жоғары кернеулі электр жүйесі, телефонизация желілерінің құрылысы және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

2011 жылы қала бойынша бұқаралық спорттық іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес дене шынықтыру ұжымдарымен бірлесіп 235 спорттық іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараларға барлығы 86746 адам қамтылды.

Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бұқаралық спорттық іс-шараларына сәйкес жыл басынан бері қазақ күресінен-3, футболдан - 11, волейболдан – 3, жағажай волейболынан – 1, баскетбол, стритболдан – 6, қол күресінен – 3, гір көтеруден – 4, көңілді старттар сайысынан -5, арқан тартудан – 3, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақтан-9, асықтан - 3, еркін күрестен – 3, дзю до күресінен - 4, дартстан-3, жеңіл атлетикалық эстафетадан -2, президенттік көпсайыстан - 1 реттен жарыс өткізілді.

2012 жылы Президенттік сынама тапсыруға қатысқандар 43998 адамды құрады. Оның ішінде: 4368 адам-5 сынып, 3895 адам-9 сынып, 2266 дам -11 сынып оқушылары және 18-23 жас аралығында 7507 адам, 24-90 жас аралығында 25962 адам. Ұлттық деңгейде сынақ тапсырғандар – 1241 адам, Президенттік деңгейде сынақ тапсырғандар – 580 адам.

Қазіргі кезде жеке-меншік әріптестігі аясында білім, спорт және денсаулық сақтау объектілерінің құрылысын салу қарқынды дамуда.

Өзекті мәселелер:


  • Қызылорда қаласында бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған жабық спорт кешендері жетіспейді;

  • Қалаға қарасты ауылдық округте спорттық кешендерді салу;

  • Бұқаралық спортты дамыту үшін штат саны көбейту, оның ішінде спорт нұсқаушыларына қажеттілік туындауда;

  • Спорттық құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі.


Каталог: upload -> files -> Economica
files -> Ұлттар жіктеуіші
files -> Деректі фильмнің беташары
files -> Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты
files -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама «Сұйық отын және аи-92 жанар жағар майын сатып алу»
files -> Жоба сайлау учаскелерін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
Economica -> Қызылорда қаласы (облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атауы)
Economica -> Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2014 жылғы 1 қаңтардағы қорытындылары туралы АҚпарат өнеркәсіп
Economica -> I. 2014-2018 жылдарға арналған Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет