Ж восточно-Казахстанская областная Ассоциация молодежных и детских организаций жБҰҚ



бет1/5
Дата28.04.2016
өлшемі0.68 Mb.
түріБюллетень
  1   2   3   4   5
Ж
Восточно-Казахстанская областная Ассоциация молодежных и детских организаций
жБҰҚ
-ақпарат. Қорытынды ақпараттық-әдістемелік бюллетень. – Өскемен, 2011. – 46 бет.

Бюллетеньнің шығуы ШҚО Ішкі саясат басқармасының қолдауы барысында «Өскемен қаласында Жастар мен жастар ұйымдары үшін Ресурс орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» жобасы аясында мүмкін болды. Баспаға Ресур орталығының 2011 жылғы жұмыстарының нәтижелері туралы ақпараттар, «ШҚО жастары – 2011» зерттеуінің нәтижелері енген. Сонымен қатар, бюллетеньге «Жас жауынгер курсын: зерттеу және талдау» ақпараттық-әдістемелік құралынан үзінділер, «ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры, «Қазақстан территориясында әрекет ететін Донорлар» қосымшасы енгізілген.

Бюллетень облыстағы жастар саясатын жүзеге асыру саласында жұсым істейтін жастар, жастар ұйымдары мен құрылымдарының қажеттіліктерін есепке ала отырып құрастырылған.
Мүдделі мемлекеттік қызметкерлерге, жастармен жұмыс жасау бойынша мамандарға, жастар ұйымдарының басшыларына жолданылады.

ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІ

«Шығыс-Қазақстан облыстық

Жастар және балалар ұйымдарының қауымдастығы»
CALL-орталық 8 7232 53 45 25

070000, ҚР, ШҚО

Өскемен қаласы

Потанин көшесі 12, 4 қабат

8 7232 57 01 65

amidovko@mail.ru

ШҚО, Өскемен, 2011 ж.

МАЗМҰНЫ





КІРІСПЕ

3 бет

1

Жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс

Облыс әкімі сайтынан алынған ақпарат



4 бет

2

ҚЫСҚАША ЖОБА ТУРАЛЫ

Өскемен қаласында жастар мен жастар ұйымдары үшін Ресурс орталығының қалыптасуын қамтамасыз ету

ЖОБА НӘТИЖЕЛЕРІ

6 бет

7 бет

3

«ШҚО жастары – 2011»

Әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері



11 бет

4

«Жас жауынгер курсын» зерттеу және талдау

Ақпараттық-әдістемелік құралынан үзінділер



28 бет




ҚОСЫМША

Қазақстан территориясында әрекет ететін Донорлар

43 бет

КІРІСПЕ
Шығыс Қазақстан облысындағы жастар ұйымдары үшін құрылған Ресурс орталығына – небәрі 9 жыл ғана болды, осы жылдардың ішінде – аз жұмыстар жасалған жоқ. Білім беру бағдарламалары, кеңес берулер, зерттеулер, әлеуметті-мағыналы ақпараттарды тарату, акциялар мен шаралар өткізу – осының барлығы Орталықтың ажырамас құраушыларына айналды.

Қазіргі таңда оның қызметкерлері жасалған жұмыстарына қарайлай отырып, иә, бұл біздің күн сайынғы жасаған жұмыстарымыздың жемісі деп қуанышты сеніммен айта алады. Олар сұрақтарымен орталыққа жүгінген жастар және жастар ұйымдарының жауапсыз қалмауына аса ден қояды.

Орталық «ресурстар» түсінігіне аса материалдық шектеулерсіз қарауға; мүмкідіктерді парасатты және сауатты бағалауға; қолжетімді, нақты мақсаттар қоюға және... қолданушылық позициядан, яғни, қазіргі заманғы жастарға өздеріне, өз күштеріне сенуге кедергі болатын позициядан бас тартуға көмектеседі. Өз қатынастарын шынымен де ізденімпаздық, жасампаздық, тапқырлық ретінде қалыптастыруға негіз болады.

Қалалар, облыстар, Республикада жастар бағдарламасының қалыптасуына қатысу тәжірибе жүзінде атқарылған жұмыстар негізінде Ресурс Орталығымен жүргізіледі. Мемлекеттік құрылымдармен жүргізілетін сұхбаттар өзара серіктестік әрекет негізінде өтеді. Бірлескен жобалар бойынша біріктірілген ұйымдар (Ресурс Орталығының арқасында) коалициялар, әлеуметтік желілер түріндегі өзара әрекеттестіктерде болады, және өз мүдделерін қорғай отырып айтарлықтай дәрежеде жоғарылай алады. Тек сондықтан Ресурс орталығы жастардың облыс саясаттарында, заң шығармашылық бастамаларында, аймақаралық және халықаралық серіктестерде белсенділіктерін ынталандырады.

Жұмыстардың жаңа формалары мен әдістерін іздеуге, дайын инновация-
лар мен креативті идеялар қолдауды ендіруге бағытталған – Орталық осы жылы өзінің мақсаттық аудиториясын айтарлықтай дәрежеде кеңейтті. Жастар ортасында кең танылған, бірақ кертартпалық төрешілдік механизмдерден тұрмайтын жұмыстар формалары – өздерінің тиімділіктерін көрсетті, осыған байланысты ары қарайда қолдануға ұсынылды.

Жылдам қозғалыстағы, тұрақты өзгеріп тұратын жастар ортасымен жұмыс істей отырып – стандартты формаларға кідіруге және тоқтап қалуға болмайды – бұған Ресурс Орталығының қызметкерлері әбден сенімді.

Бұл басылым алайда, бұрыннан әрекет етіп келе жатқан жастардың үкіметсіз ұйымдары үшін де, жаңадан бастап келе жатқан, үшінші сектордың қызықты қызметіне енді ғана араласуды жоспарлап жүрген бастамашыл жастар үшін де пайдалы болмақ.

Біз басылымның қазіргі заман нарығында үкіметтік емес қызметтердің жай ғана кәсіби даму мен жоғары бағытталуы үшін ғана емес, ШҚО территориясында азаматтық қоғам құрудағы автордың өзіндік салымы ретінде қолданылатынына сенімдеміз.


Ольга Бобрышева,

«Шығыс-Қазақстан облыстық

Жастар және балалар ұйымдарының қауымдастығы

заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы
Жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс
ШҚО әкімі сайтынан алынған ақпарат

http://akimvko.gov.kz/ru/politics5.htm
2011 жылдың 1 қаңтарына алынған статистикалық деректерге сәйкес облыста 14-тен 29-ға дейінгі жас аралығында 380 мың адам өмір сүреді, оның ішінде қалады – 201 797 адам, ауылдық жерлерде – 178 904 адам. Облыс аймағында 10 жоғарғы оқу орындары, 53 колледждер жұмыс істейді.

Сонымен қатар облыста 120 жастар ұйымы өз жұмыстарын жалғастырып келеді, оның 84 өз жұмыстарын белсенді түрде атқаруда.

5 айдың ішінде 2011 жылы 862 жастар шаралары өткізілді, оның ішінде 18 акция, 3 форум, жастар саясатының әр түрлі бағыттары бойынша 40 дөңгелек үстел, 70 патриоттық сипаттағы шаралар, СӨС насихаттауға және есірткіге қарсы ойлауды қалыптастыруға бағытталған шаралар.

Үлкен қоғамдық резонансқа ие болған келесі акциялар мен шаралар:



  • 22 қаңтар – Референдум өткізу бастамаларын қолдаудағы жастардың облыстық слеті (500 адам);

  • 29 қаңтар – Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауының тікелей трансляциясын ұжыммен көру және талқылау С. Аманжолов атындағы ШҚМУ (500 студент);

  • 1 ақпан – Жолдауды қолдауға арналған жастар акциясы, Өскемен қаласы, Республика алаңы (5 мың адам);

  • 25 ақпан – «Қазақстан ядросыз әлемді құптайды» жастар форумы, Курчатов қаласы;

  • 7 ақпан – Шығысқазақстандық спортсмендерді салтанатты түрде қарсы алу, Республика алаңы (10 мың адам);

  • 4 наурыз – «Қазақстан – 2020» демократиялық күшінің Жалпыұлттық коалициясы өкілдерінің облыс жастарымен Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да кездесуі (450 адам);

  • 7 март – «Менің сайлаудағы жеңісім», «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы «Жас Отан» ЖК;

  • 1 сәуір – «Біз – Тәуелсіздіктің құрдастарымыз!» жастар форумы, Семей қаласы;

  • 23 сәуір – «Өзің үшін» жасылдандыру бойынша акция, 40 мектепте (485 көшеттер, 540 бұталар егу, қамтылымы – 4600 адам) ;

  • 24 сәуір – 14 мамыр – жастар сенбіліктері;

  • 27 сәуір – Абай ауданының жастар форумы;

  • 29 сәуір – Семей қаласында Достық аллеясыннің іргесін қалау;

  • 11 мамыр – КТК (КВН) қазақ лигасының облыстық турнирі;

  • 25 мамыр – Жарма ауданының жастар форумы;

  • 26 мамыр – Облыс әкімінің «Назарбаев университеті» студенттерімен кездесуі;

  • 28 мамыр – Қалалар мен аудандарда «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты жастардың марафон-эстафетасының біруақыттағы старты;

  • 4 маусым – «Менің Қазақстаным!» патриоттар форумы, Өскемен қаласы.

Облыстық бюджет аясынан Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру үшін 2011 жылы 80,5 млн теңге бөлінді, яғни алдыңғы жылмен салытырғанда 2,8 есе көп. Жастардың бастамашылдықтарын қолдау үшін 11,5 млн.теңге қарастырылған. Ағымдағы жылда 8 жоба жүзеге асырылуда.



Лоттың атауы

Жастар ұйымының атауы

Соммасы

Жастарда отбасы және неке құнды-лықтарын қалыптастырудың әлеуметтік қызметі

«Білімдарлы жастар лигасы» ҚБ

1 200 000

Жастарда құқықтық және электораттық мәдениетті жоғарылатудың әлеуметтік қызметі

«Жас заңгерлер қауымдастығы» ҚБ

1 000 000

Оралмандарды қолдау және олардың қоғамға бейімделуінің әлеуметтік қызметі

«Қазақстандық жастарды қолдау» ҚБ

1 500 000

Зайсан, Тарбағатай, Күршім, Көкпекті аудандарындағы жастардың белсенді-лігін жоғарылатудың әлеуметтік қызметі

«Зайсан – Бастау жаста-ры» ҚБ

1 700 000

Ересектер мен жастарда экологиялық ойлауды тәрбиелеудің әлеуметтік қызметі

«Исток» ҚБ

1 300 000

Жастардағы ауытқымалы жүріс-тұрыстарын ескерту бойынша әлеуметтік қызмет

«Всплеск» ҚБ

1 000 000

Жастардың қоғамдық-саяси ағартушы-лықтарының әлеуметтік қызметі

«Жас Отан» КҚ

1 500 000

Ауылдық жерлердегі жастардың бастамалырн қолдаудың әлеуметтік қызметі

«Ауылдық жастар одағы» КҚ

1 410 000

2011 жылы студенттер отрядтарын дамыту бойынша жұмыстар жалғастырылды. 20 маусымнан бастап Шығыс-Қазақстан облысындағы халықаралық отрядына Беларусь Республикасынан 10 адам келеді деп жоспарланып отыр, олар Глубокий ауданындағы Бобровка ауылындағы жалпыбілім беретін мектептің құрылысында еңбек етеді. Сонымен қатар, ағымдағы жылда территорияны көркейту мақсатында облыста «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты жастардың марафон-эстафетасы жүзеге асырылды, ол үшін облыс бюджетінен 50,0 млн. теңге бөлінген.

Өскемен және Семей қалаларында жастар бірлестігінің ары қарай дамуы
мен оны қолдау мақсатында Жастар мен жастар ұйымдары үшін Ресурс орталықтары жұмыс жасады. Олардың қызметтерін қолдау үшін облыс бюджетінен 5,0 млн.теңге бөлінген. Орталықтар жастарға кеңес беру-әдістемелік, заңды, материалды-техникалық көмектер көрсетуге бағытталған.

Жастар саясатының өзекті сұрақтарын жариялау облыстық «Молодежный клуб» (айына 2 рет, таралымы 4 мың дана) және «Жаңа әлем жастары» (айына 2 рет, таралымы 1500 дана), «Молодежный формат» (айына 1 рет, таралымы 500 дана), «Лига молодых журналистов» (айыны 1 рет, таралымы 2 мың дана) жастар газеттерімен жүзеге асырылады.


ҚЫСҚАША ЖОБА ТУРАЛЫ
Атауы – Өскемен қаласында Жастар және жастар ұйымдары үшін Ресурс Орталығының жұмыс жасауын қамтамасыз ету.

Мақсаты – Шығыс-Қазақстан облыс жастарының инновациялық қызметтерін дамыту және қолдау арқылы мемлекеттік жастар саясатын дамыту үшін жоғары дәрежеде тең жағдайлар мен мүмкіндіктер құру.

Міндеттері - Шығыс-Қазақстан облыс жастары ұйымдары мен жастар көшбасшыларының деректер қорын жүйелі түрде өзектендіру;

- Орталық қызметтері туралы өзекті ақпараттарды тарату бойынша «Сұрақтар мен жауаптардағы Ресурс орталығы» электронды таратылымының ай сайынғы жұмысын ұйымдастыру;

- Жастар ұйымдары мен Облыстық Ішкі саясат басқармасының өкілдері үшін сұхбаттасу алаңын ұйымдастыру;

- Жастар ұйымдары мен облыстың бастамашыл топтарының басшылары мен көшбасшылары үшін «Үйретушілер үшін тренинг» облыстық семинар өткізу;

- Облыстың аудан орталықтарындағы жастар көшбасшылары үшін семинарлар өткізу;

- Жастар қозғалысының тұрақты дамуы бойынша жастар ұйымдарының өкілдері үшін Жастар активі мектептерін өткізу;

- Жастар үшін жастардың әлеуметтік карталарын басып шығару және тарату;

- Жастар саясатының әр түрлі сұрақтары бойынша жастар мен жастар ұйымдары үшін кеңестер беру және ұйымдастыру;

- Жеңімпаздар жобасын қаржыландыра отырып, облыстық жастар ұйымдары мен бастамашыл топтар үшін Жастар бастамаларының сайысын өткізу;

- Облыстағы жастар қозғалысының тұрақты дамуы бойынша қорытынды әдістемелік деректер басып шығару.

.

Бенефициарлары (алушылар) – Жалпы мақсаттық топтар болып Шығыс-Қазақстан облысында тұратын (14-тен 29-ға дейінгі жастардағы 380 мың адам, оның ішінде қалада – 201 797 адам, ауылдық жерлерде – 178 904 адам) 14-тен 29-ға дейінгі жас аралығындағы адамдар табылады. Олардың ішінде: тікелей ауқымы (шаралар, ақпараттық-әдістемелік деректер бойынша) – 15 00 адам, жанама ауқымда (БАҚ бойынша) – 150 000 адам.

Жобаның тар шеңберлі мақсаттық топтары болып «ұйымдастырылған» жастар табылады, яғни Шығыс-Қазақстан облысында әрекет ететін жастар ұйымдары мен бастамашыл топтардың қызметтерімен айналысатын жас адамдар (шамамен 85 МНКО, 300-ге жуық бастамашыл топтар мен қозғалыстар).

Сонымен қатар, жобаның қосымша мақсаттық топтары болып мемлекеттік жастар саясатының жүзеге қасуына атсалысып жүрген мекемелер мен ұйымдар табылады. Бұл топтың ауқымы 30-дан көп емес (ЖОО-ры, АЖОО-ры, мектептер, мемлекеттік құрылымдар, бизнес, маслихаттар, партиялар).
Мақсаттық топтармен қатынасу нәтижесінде пайда болатын жағымды өзгерістер – жастар және жастар ұйымының әлеуетін, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын жастар ұйымдары мен басқада мекемелер, өнеркәсіптер арасында тең бағалы сұхбатын дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау. Жоба бойынша жасалған жұмыстардың барлық кезеңдерінде барлық мақсаттық топтардың тікелей қатысуы барысында жастармен жұмыс жасаудың инновациялық формалары әзірленген және ендіріледі, білім беру компоненттерін жүзеге асыру арқылы жастар көшбасшыларының біліктілік деңгейі жоғарылайды.

ЖОБА НӘТИЖЕЛЕРІ


Техникалық маманданымдарға сәйкес шаралар


Қолжеткізілген нәтижелер

Шығыс-Қазақстан облыс жастары ұйым-дары мен жастар көш-басшыларының дерек-тер қорын жүйелі түр-де өзектендіру

Деректер қорына Шығыс-Қазақстан облысының қалалары мен айдандарында әрекет етіп жүрген 81 жастар ұйымдары мен олардың көшбасшылары енгізілген.

Деректер қоры электронды түрде CD-тасымалдаушы түрінде 250 дана болып таралған және облыс территориясында жастар саясатының дамуы сұрақтарымен айналысып жүрген жастар ұйымдарына, мемлекеттік құрылымдарға, басқада мекемелерге таратылған.



Орталық қызмет-тері туралы өзекті ақ-параттарды тарату бо-йынша «Сұрақтар мен жауаптардағы Ресурс орталығы» электрон-ды таратылымының ай сайынғы жұмысын ұйымдастыру

Таратылым периодты түрде айыны 1-3 рет (меншікті ақпараттар), және аптасына 4-5 рет (жастар үшін өзекті ақпараттардың таратылымы, басқа дерек көздерінен) жасалады. Таратылымдар үшін электронды мекенжайлар қоры 2011 жылдың өзінде 400-ге дейін қабылдаушылармен ұлғайды.

Сонымен қатар, «ЖжБҰҚ сұрақтар мен жауаптарда» қоғамдастығы жұмыс істейді (http://my.mail.ru/community/rassylka/), мұнда жастар ұйымдарының жастарына қатысты ақпараттар орналастырылған.



Жастар ұйымда-ры мен Облыстық Ішкі саясат басқармасы-ның өкілдері үшін сұхбаттасу алаңын ұйымдастыру

2011 жыл бойында 4 сұхбаттасу алаңдары өткізілген:

1. Сайлау үдерістері мен сайлауларда облыс жастарының белсенді қатысуы сұрақтары бойынша облыстық МНКО және ІСБ өкілдері үшін сұхбат алаңын өткізу. Қамтылымы: 300 адам (Зырян және Катон-Қарағай аудандарының жастары).

2. «Жоғары білім беру сапасын жоғарылатудың объективті жағдайы ретіндегі жоғарғы оқу орындарының айқындылығы мен есептілігі» сұхбат алаңын өткізу. Қамтылымы: 20 адам.

3. «Жастардық әлеуметтік қызметтерінің тиімділі-


гін бағалау» сұхбат алаңын өткізу. Қамтылым: 40 адам.

4. НПО, НПО мен мемлекеттің өзара әрекеттестігі үшін Ресурс орталықтарының даму сұрақтары бойынша сұхбат алаңын өткізу. Қамтылымы: 20 адам.

Шараға қатысушылардың жалпы саны 380 адамды құрайды.

Өкілдері сұхбат алаңдарының қатысушылары болған ұйымдаржың жалпы саны: 60-тай.



Жастар ұйымда-ры мен облыстың бас-тамашыл топтарының басшылары мен көш-басшылары үшін «Үйретушілер үшін тренинг» облыстық семинар өткізу

Үйретушілер үшін тренингтер үш бөлімге бөлінген:

1. Белгіленген үш күндік семинар-тренинг (8-10 маусым, 2011 жыл),

2. Тәжірибелік бөлім – үйрету топтарының тәжірибеден өтуі (шілде – қараша, 2011 жыл),

3. Қорытынды бір күндік семинар-тренинг, сертификаттар табыстау (қараша, 2011 жыл).

Үйретушілер үшін тренингке қатысушылар 19 адам болды және 6 үйрету топтары құрылды. Үйретуші-стажерлермен 9 семинар-тренингтер облыс қалалары мен аудандарында өткізілді, оның қамтылымы 250 адамды құрады


Жастар көшбас-шылары үшін семи-нарлар өткізу

Облыстың келесі қалалары мен ауылдық мекендерде семинарлар-тренингтер өткізілді: Өскемен, Зырян, Риддер, Шемонаиха, Зайсан қалаларында, Жаңа бұқтырма, Күршім, Молодежный, Үржар, Үлкен-Нарым ауылдық мекендерде.

Аталған жерлерде өткізілген семинарлар-тренингтердің тақырыптары:

- Ұйымдарды құру және ұйымдастыру,

- Жастар бастамаларының дамуы,

- Жоғары сынып оқушылары арасында ВЖА жұқтырғандарды алдын-ала емдеу,

- Стратегиялық жоспарлау,

- Шараларға әкімшілік ету,

- Уақытты басқару,

- Жастар БАҚ дамыту,

- Еріктілік.

Жалпы қатысушылар саны 300 аса адамды құрады.


Жастар қозғалы-сының тұрақты дамуы бойынша жастар ұйымдарының өкілдері үшін Жастар активі мектептерін өткізу

2011 жылы Жастар активі мектебі «Жастар қозғалысының тұрақты дамуы» деген тақырыпта шаралар өткізді. Шараға қатысушылардың саны 7 елді мекендерден 36 адамды құрады. Білім беру бағдарламасы 5 күнге созылды және келесі блоктардан тұрды:

- Семинарлар,

- Тренингтер,

- Тәжірибелер,

- Шеберлік-сыныптары.

«ЗУБР» ӘКҚ («Жас жауынгер курсын: зерттеу және талдау» шеберлік-студиясы), «Ұлы Дала – Туған Жерім» ҚҚ («Жастарды патриоттыққа тәрбиелеу» пікірталас клубы) сияқты ұйымдардан сарапшылар төрешілдік етті.

Шараның нәтижесі болып Мектеп аясында қатысушылармен әзірленген жобалық идеяның қор-
ғалуы табылады. Барлығы 7 жоба ұсынылды. Оның ішінде 2 жоба ШҚ жастардың ақпараттық-талдау агенствосы қоғамдық бірлестігімен қолдау тапты.


Жастар үшін жас-тардың әлеуметтік карталарын басып шығару және тарату

Әлеуметтік картаның 3 түрі әзірленген:

- Студенттерге арналған карталар (карта студенттер мен жастардың құқықтарына қатысты мемлекеттік жастар саясаты туралы ҚР Заңынан үзіндіден тұрады, сонымен қатар студенттер үшін пайдалы ұйымдардың байланысулары жазылған (университеттер, кітапханалар, жатаханалар, жастар ұйымдары және т.б.)).

- Сайлау құқығы әлеуметтік картасы (карта Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы ҚР Заңы мен Конституциясы үзінділерінен тұрады, сонымен қатар сайлау құқығын жүзеге асыру сұрақтарымен айналысатын ұйымдардың байла-
нысулары бар).

- Белсенді жастарға арналған әлеуметтік карта (карта ҚР территориясында әрекет ететін шәкіртақылық бағдарламалар туралы ақпараттардан, халықаралық бағдарламалардан, осы категориядағы жастар үшін пайдалы ұйымдардың байланысулары-нан, сонымен қатар жастар сұрақтарымен айналы-сатын мекемелерге қатынау үшін қажетті құжаттар-дың тізімінен тұрады.


Әлеуметтік карталардың жалпы таралымы – 500 дана.

Жастар саясаты-ның әр түрлі сұрақта-ры бойынша жастар мен жастар ұйымдары үшін кеңестер беру және ұйымдастыру

Кеңес беру қызметтерінің жұмысы үшін CALL-орталық 8 7232 53 45 25 жұмысы ұйымдастырылған. Есепке алу журналына талдау жасау нәтижесінде аптасына 5-тен кем емес кеңес беріледі екен. Ондағы өзекті тақырыптар:

- Шараларды өткізуге көмектесу,

- Жастар бағдарламаларын талдау және мониторингтеу,

- Сметалар құру,

- Техникалық қызметтер көрсету,

- БАҚ-мен жұмыс,

- Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қатысу,

- Заңды кеңестер,

- Ақпараттық деректер қоры,

- Ұйымдардағы қаржыны басқару,

- Біліктілікті жоғарылату, жұмысқа орналасу,

- Жоба жазу,

- Әлеуметтік серіктестік,

- Жастардың кәсіпкерлігі.



Жеңімпаздар жо-басын қаржыландыра отырып, облыстық жастар ұйымдары мен бастамашыл топтар үшін Жастар бастама-ларының сайысын өткізу

Сайысқа барлығы 7 өтініш білдірілді.

Оның ішінде 2 жоба ғана қолдау тапты:

1. «Вдохнем жизнь» жобасы (Жас журналистер клубы ИГ), сомасы 100 000 теңге,

2. «Все в твоих руках» жобасы («Матросово» ҚБ), сомасы 100 000 теңге.

Жобаның жалпы бюджеті 200 000 теңгені құрайды.

Жобалардың қамтылуы 100-ге жуық адамды құрады.



Орталық қызмет-терінің аясында Шығыс-Қазақстан облыстық жастар ұйымдары үшін бас-қада шаралар өткізу

Шаралардың техникалық ерекшеліктерінде көрсетілгендерден басқа да шаралар өткізілді:

  • Зырян ауданында «Біз – еліміздік азаматтарымыз» акциясы (Бұқтырма ауылы),

  • Зайсан қаласында «Мен Отанымның – Патриотымын!» акциясы,

  • Әскерге дейінгі жастар үшін «Әскери сынақ» акциясы,

  • «Ұлы Дала – Туған Жерім» қоғамдық қоры мен «Энкаунтер» белсенді қалалық ойындардың Халықаралық желісінің қатысуымен өткізілген «ПАTReality» жастар командалық ойындарының сериялары,

  • ЗУБР ӘКҚ бірлесіп жастар ұйымы жұмыстарындағы зерттеу-талдау бағыттарын дамыту бойынша шаралар (дөңгелек үстелдер, дәрістер, тренингтер) циклі,

  • ШҚО Азаматтық Альянсымен бірлесіп Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдығын тойлауға арналған бұқаралық сипаттағы шаралар циклі.

ҚОРЫТЫНДЫ

Жобаның жалпы қамтылуы: тікелей – шаралар арқылы – 1200 аса адам, жіберілімдер, ақпараттық деректер арқылы – 12 500 жуықтай адам.

2011 жылдағы Ресурс орталығы шараларының жалпы саны: жобалық – 52 (жіберілімдер, кеңес берулер, ақпараттық-әдістемелік деректерді қоса алғанда), жобадан тыс – 15 жуық.




Каталог: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет