Жаңа кейіптегі такфиршілдік Ринат Абу Мухаммад Қазақстани


) Такфиршілер үнемі білімді тек саны қатаң түрде шектелген шейхтардан ғана алуға болады, ал басқалардан білім алуға болмайды деп мәлімдейді



бет2/2
Дата17.05.2020
өлшемі154 Kb.
1   2

15) Такфиршілер үнемі білімді тек саны қатаң түрде шектелген шейхтардан ғана алуға болады, ал басқалардан білім алуға болмайды деп мәлімдейді.

Бұлар да тура соны істейді. Ондаған ғалымдар мен білім талап етушілерге толы болған Мәдина қаласы олар үшін тек 4-5 шейхпен ғана шектеледі. Тіпті олардың ілесушілеріне пәлен ғалым былай деп айтты десең, олар: «Тоқтай тұр, біз өзіміздің шейхымыздан бұл ғалымнан білім алуға болады ма, әлде жоқ па сұрауымыз керек», - деп жауап береді.

Немесе оларға: «Жүріңдер, пәлен ғалымның алдына ол бізге төрелік жасау үшін барайық», - деп айтса, олар: «Жоқ, біз тек пәлен шейхқа ғана барамыз», - деп, өздерінің таңдап алған шейхтарын ұсынады, тіпті бірінші шейх екіншісінен жасымен де, білімімен де үлкен болса да.

Шейх Зәйд әл-Мадхали былай деді: “Ал сенің, уа, сұраушы: «Біздің кезімізде еліміз Сауд Арабиясындағы белгілі бір тұлға немесе тұлғалар туралы: «Пәлен жарх пен таъдилдің туын көтеріп жүруші», - деп айтуға болады ма?» - деген сөздеріңе келер болсақ, онда мен: иә, белгілі бір тұлғалар туралы, олар жарх пен таъдилдің туын көтеріп жүрушілер деп айту дұрыс болады. Өздерін Ұлы Кітапқа және оның ғылымдарына бағыштағандығымен танылған, өздерін саф Сүннет пен оның ғылымдарына, оны тарату мен қорғауға бағыштағандығымен танылғандарды. Әрі Аллаһ оларға дінді жалпы түсінуді де, Аллаһқа шақырудың (дұрыс әдіснамасын) түсінуді де, әрі нақты алғанда қазіргі заманның салмақты уақиғаларын түсінуді де сыйлады.



Әрі сен үшін мысал ретінде олардың тірі жүргендерімен шектеліп, кейбіреулерін атамай кетуге себеп жоқ:

1. Шейх Салих ибн Фаузан әл-Фаузан;

2. Шейх Абдул-Азиз Әли әш-Шейх;

3. Шейх Салих әл-Люхайдан;

4. Шейх Абдуллаһ әл-Ғудаян;

5. Шейх Ахмад ән-Нәжми;

6. Шейх Рабиа ибн Хади әл-Мадхали;

7. Шейх Абдул-Мухсин әл-Аббад;

8. Шейх Салих ибн Абдул-Азиз Әли әш-Шейх;

9. Шейх Убәйд әл-Жәбири;

10. Шейх Салих әс-Сухайми;

11. Шейх Мухаммад ибн Хади әл-Мадхали;

12. Шейх Сулейман ибн Абдуллаһ Абәл-Хәйл.


Олардың барлығы – әрбірі Сүннеттің, оның ғылымдарының сақталуына әрі қорғалуына үлесін қосқан ғалымдар, мәртебе иелері. Олардың әрқайсысы дұрыс ақида мен ұлы ислам манһажын адамдардың арасында таралған адасқан топтардан қорғап, оларды теріске шығаруға өз үлесін қосты. Әрі мен есімдерін осы атақты ғалымдармен бірге атамаған, бірақ олардың замандастары болып табылатын әрі Сүннетке қамқорлық жасауға және әуес-құмарлықтар мен адасқан идеяларға ілесушілерді теріске шығаруға үлестерін қосқан (басқа да ғалымдардан) кешірім өтінемін. Өйткені мен тек мысал ғана келтіргім келген”. Қз.: «әл-Әжуиба әл-асария алә әл-масаил әл-манһажия» 59-60;

16) Такфиршілер оларды теріске шығаратынның әрбірін Аллаһтың және мұсылмандардың дұшпаны деп санайды.

Бұлар да солар сияқты, өздерімен келіспейтіндерді немесе оларды теріске шығаратындарды сәләфия мен сәләфилердің дұшпаны деп санайды.




17) Такфиршілер өздерінің істеп жатқанының дұрыс екеніне сенімділігі соншалықты – өздерінің сенімдерін көктен түскен уахи сияқты көруге дейін жетіп қалады.

 
Негізсіз жархтың жетекшілері де тура солардай, немесе олардан да жаман. Олар өздерінің қате-кемшіліксіз екендігіне сенімді. Ал олардың ізінен ілесушілер оларға құлшылық ету дәрежесіне дейін жетті. Егер олардың қатарынан болған әлдебіреу олардың сөзін келтірген соң, оған: «Бұған дәлел қандай?», - деп сұрасаң, ол ашу мен ызаға бөленіп: «Бұны пәлен толиб айтты, ал ол ауадан алмайды ғой», - дейді. Яғни ізбасарлары оларды Аллаһ Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сипаттаған сипатпен сипаттайды: 



﴿ وَمَا يَنطِقُ عَنِ الْهَوَىٰ ﴾

«Ол өз ойынан сөйлемейді».

﴿ إِنْ هُوَ إِلَّا وَحْيٌ يُوحَىٰ ﴾

«Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана» («ән-Нәжм» сүресі, 3-4 аяттар);


18) Такфиршілер мұсылмандарды күпірлікте айыптауда шектен шығушыны өздерінің дінінің қамал-бекінісі мен қуаты деп есептейді. 

Бұлар да солардай. Мұсылмандарды бидғатшылдық пен адасушылықта айыптайтындарды Сүннеттегі қамал-бекініс және қуат деп есептейді.



19) Такфиршілер өздерін үнемі бөтен (ғураба) санайды, әрі қара өгіздің терісіндегі ақ қылшыққа теңейді. Олар осынысымен өздерінің ғана шынайы мүминдер, ал Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қалған бүкіл үмметі кәпірлер екендігін, әрі «ғураба» туралы айтылатын хадистер дәл оларды нұсқайтынын меңзейді.

Бұлар да тура солар секілді, тек өздерін ғана құтылған топ деп, әрі құтылған топ туралы хадистер дәл солар сияқтыларды меңзейді деп санайды. 



20) Такфиршілер Исламға шақырушыларды қарапайым білімсіз мұсылмандардан да, әрі тіпті бидғатқа батып кеткендерден қатты жек көреді, әрі олармен соңғыларына қарағанда көбірек жауласады.

Бұлар да солар секілді. Олар көп жылдар бойы таухид пен Сүннетке шақырып жүрген адамды сопы немесе таблиғшыдан, немесе өздерінің мешітінде дағуат жүргізіп жатқан матуриден де бетер жек көреді.



21) Қарапайым мұсылмандар Сүннетті ұстанушылардың қатарынан болған дінге шақырушыларға такфиршілерге қарағанда едәуір көбірек жұмсақтық пен мейірімділік танытады.

Тура сол сияқты оларға қарағанда, қарапайым білімсіз мұсылмандар білім талап етушілерге жұмсақтау әрі мейірімді.

Шейх Фәлах Мандакар шектен шыққан жархшылар туралы сөз етіп, былай деді: «Мен олардың тарапынан бауырымызға қатысты нендей қаталдықты байқап тұрмын?! Бұл адамдар кәпірлерге немесе пасықтарға, немесе қабірлерге табынушыларға келсе, оларға қатысты, ма ша Аллаһ, жұмсақтық, ізгілік пен ізет-құрмет т.с.с. қатынас танытатынын көруің мүмкін. Біз өзіміз мұндайды көрген болатынбыз... Аллаһпен ант етемін, мұндай адамдар пасық күнәхарларға, тіпті кәпірлерге немесе бидғатшыларға, немесе қабірлерге табынушыларға келсе, ма ша Аллаһ, бірден нендей жұмсақ, нендей мейірімді және ізет-құрметті (бола қалатынын көресің)?!»
Бұл сөздерді шейхтың мына ұзын диалогынан тыңдап шығуға болады:

Жүктеу (13 МБ) https://islam-forum.ws/archive/mp3/ulama/falah-tunis.mp3.

22) Такфиршілер өздерінің «шейхтарының» біреуінен әлдебір нәрсе жеткізетін болса, әрі одан: «Мұны саған кім айтты?», - деп сұрасаң, ол: «Аманат», - деп жауап береді.

Бұлар да солар сияқты. Мені Сүннеттен ауытқушылықта айыптағандардың біреуінен ол мұны ненің негізінде істегені туралы сұрағанда, ол: «Бір сиқа (сенімге лайықты кісі) айтты», - деп жауап берді. Ал бұл «сиқаның» кім екендігін сол бойы атаған жоқ.

Бәлкім, ол «хадис» ғылымында «мәжһул айн» – белгісіз тұлға және «мәжһул хәл» – жағдайы белгісіз тұлға сияқты ұғымдар бар екенін, әрі егер хабарды жеткізудің тізбегінде осы екеуінің біреуі бар болса, мұндай хабар қабылданбайтынын оқымаған, немесе оқыса да ұмытқан болар. Ал бұл айыптаушының оқиғасында осы екі жағдайдың ең нашары, яғни хабарды жеткізу тізбегінде «мәжһул айнның» болуы орын алуда;

23) Кім Құранды оқу мен оның мағынасын түсінудің арасындағы айырмашылықты білгісі келсе, хауариждер мен сахабаларға қарасын. Хауариждер Құранды оқитын, ал сахабалар оны түсінетін. Сондықтан да сахабалар дінге қызмет ететін (خدموا الدين), ал хауариждер дінді бұзатын (هدموا الدين).

Бұлар да хауариждер мен такфиршілер сияқты Құран мен Сүннетті және ғалымдардың кітаптарын оқып жатып, оларды түсінбейді, әрі сондықтан да сәләфи дағуатын бұзады. Олар ихуандарды, сопыларды, таблиғтарды, хизбуттарды, қутбилерді және сурурилерді және басқа да секталарды жайына қалдырып, күндіз-түні сәләфилерге өтірік жапсырады, жала жабады, шабуыл жасап, оларды қаралайды. Тура сол сияқты хауриждер де кәпірлерді жайына қалдырып, мұсылмандарды өлтіретін. Ал егер олар Құран мен Сүннетті түсінетін болғандарында, дінге қызмет етіп, өздеріне шақырмай, дінге шақырушы басқа да сәләфилермен бірігіп, Құран мен Сүннетке шақырып, дағуатты нығайтар еді.


Бауырлар, Аллаһ Тағала бәрін көріп естуде. Әрі олар өздерімен өздері алданбасын және бетімен кетушілігінің соңы болмайды деп есептемей-ақ қойсын.



Әрі соңында мен жүрегінде осы жаңа сектантық идеямен бұзылмаған тірі еті қалған әрбір ер және әйел мұсылманды өзіне және өзінің сенімдеріне назар салуға шақырамын. Оларда Сүннетте Тозақтың иттері деп аталған такфиршілер мен хауариждермен ұқсастығы жоқ па екен! Әрі, уа мұсылмандар, осы сектанттардың тиісулерінен қорықпаңыздар!

Әрі осы жаңа сектаның негізі адамдарды қаралау екенін де ескертіп кеткім келеді. Ал Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мұсылманды балағаттау – пасықтық, ал онымен соғысу – күпірлік», - деп айтты емес пе?! (әл-Бухари 48, Муслим 64).

Әрі Аллаһ Тағала да пасықтық туралы: 



﴿ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا يَسْخَرْ قَوْمٌ مِّن قَوْمٍ عَسَىٰ أَن يَكُونُوا خَيْرًا مِّنْهُمْ وَلَا نِسَاءٌ مِّن نِّسَاءٍ عَسَىٰ أَن يَكُنَّ خَيْرًا مِّنْهُنَّ وَلَا تَلْمِزُوا أَنفُسَكُمْ وَلَا تَنَابَزُوا بِالْأَلْقَابِ بِئْسَ الِاسْمُ الْفُسُوقُ بَعْدَ الْإِيمَانِ وَمَن لَّمْ يَتُبْ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الظَّالِمُونَ ﴾

«Әй, иман келтіргендер! Бір ел бір елді тәлкек қылмасын. Бәлкім, олар өздерінен жақсы шығар. Сондай-ақ әйелдер әйелдерді келемеждемесін. Бәлкім, олар өздерінен жақсы шығар. Бір-біріңді міндемеңдер; жаман ат тағыспаңдар. Иман келтіргеннен кейін пасық аталған нендей жаман! Ал кім тәубе етпесе, міне, солар залымдар» («әл-Хужурат» сүресі, 11-аят). 

Уа, Аллаһ, бізге хақты хақ етіп көрсет әрі оған ілесуімізге көмектесе гөр. Әрі бізге өтірікті өтірік етіп көрсетіп, одан аулақ болуымызға көмектесе гөр. Әмин!



Дереккөз: «К Исламу» сайты



Қазақ тіліне аударған «Абу Ханифа мирасы» сайты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет