Жеңіс. Естегілер. Отаншылдық



Дата17.05.2020
өлшемі124.04 Kb.



Алматы облысы, Ақсу ауданы,

Жансүгір поселкесі.

Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-

гимназиясының 9 «а» сынып оқушысы

Шокпарова Жанель.
Жеңіс.Естегілер.Отаншылдық.
Тарихтың көп беттерін толықтырып,

Бейбіт өмір арнасын тоғыстырып.

Ардагерлер келеді, ардагерлер

Соғысты да, уақытты жеңіп шығып.

1941 жылдың маусым айынан басталған қан майдан 1945 жылдың мамыр айында жеңіспен аяқталды. Осы қайғы- қасіретке толы көктем төрт жылдан астамға созылған ауыр соғыстан кейін адамзат тарихына жаңа бір белес алып келгендей болды. Қалың қарды жарып шыққан бәйшешектей «жеңіс» деген сөздің қасиетін әлі де айтып жеткізу мүмкін емес.

Дүние жүзінің осы соғысқа дейінгі және кейінгі болып қалыптасуының өзі жеңістің тарихи маңызын білдіріп тұрғандай.

Жеңіс осы бес ақ әріптен тұратын сөздің мағынасына терең үңілсек, қаншалықты қасірет пен қайғының ізін көргендей боламыз. Жиырма миллионнан астам адам өмірін алып кеткен жойқын соғыстан зардап шекпеген отбасы қалмаған да шығар... Жеңістің бағасы -бүгінгі бейбіт өміріміз, жарқын болашағымыз.

Менің ағамның атын да Жеңіс деп қойыпты. Ол кісі де сол соғыстан қалған естелік секілді. Самайына ақ шалып, бетін шалған әжімнен жеңістін жаңа жасын, уақыттың билігін көргендей боламыз.

Бізге жеңіс сыйлаған ержүрек батырларымыздың жасы қазіргі таңда сексен бес жаста деп ескерсек, ертеңгі күні-ақ осы ерліктер естелік болып қалу табиғи заңдылық деп білемін.

Соғыс атаулыны ешкім таңдап сұрап алмайды. Ал, жеңісті ешкім алақанға салып әкелмейді. Өлім мен өмір арасында өз жері, өз елі, Отаны үшін жанын пида еткен азамат пен азаматшаларымыздың ерлігі, батырлығы, өжеттілігі мен қайраттылығы ұрпақтан ұрпаққа үлгі болып қалады. Алпыс бес көктем бізді соғыс тауқыметінен бөліп, осындай азапты адам баласына бермесе екен деп тұрғандай.

Адам өмірі – күрес, ал күресте жеңіп шығу өжеттілікті, табандылықты қажет етеді. Кейінгі соғыстар қалай болады, ол әрине бізге беймәлім, ал соғыста жеңіп шығатын адам бола ма, жоқ қару бола ма ол да белгісіз. Сондықтан біздің бүгінгі жеңісіміз, тыныштығымызды, елдігімізді сақтап, ерлігімізді паш етіп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдыруымыз керек.

Ерлікті бөліп қарау мүмкін емес. Жеңіске жету үшін майданда көрсеткен ерлік пен еңбек майданындағы ерліктің өзі бір дастан.

Ұлы Отан соғысы кезінде басқа да ұлттардың өкілдері сияқты қазақ жауынгерлері жаумен күресте асқан батырлық үлгілерін көрсетіп олардың есімдері мәңгі өшпес даңққа бөленді .

Тарихы мен дәстүрі мол Ілияс атамыз жырлаған Ақсу жерінен он мыңдаған жауынгер қан майданға аттанса, соның бес мыңнан астамы қайта оралмады.

Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Рахымжан Қошқарбаев сынды батырларымыз еліміздің арысы болса, жиырма сегіз батыр панфиловшылар Нұрсұлтан Есеболатов пен Есмұрат Сиқымов ауданымыздың қос жұлдызы, Кеңес Одағының батырлары. Олардың есімімен аталған мектеп,ауылдар, көше аттары ұрпақтан ұрпаққа қалған ескерткіш секілді, ағалар ерлігін паш етіп тұрғандай.

Ұшқыр ойдың делебесін қоздырып, Отанымызды айтқан кезде біз де көк байрағымызды желбіретіп, әлемде өз орынымызды аламыз. Еліміздің ОSСЕ-ге төрағалық етуінің өзі ынтымағы мен татулығы жарасқан елімізге, кәрі Еуропаның көз тігіп, сенім артып отырғанының кепілі.

Егеменді ел болып, еншімізді бөліп алғалы жас баланың жасынан өтіп, жігіттікке енді жеттік десек те, еліміздің көп бастамалары дүние жүзіне үлгі боларлық емес пе? Соның бірі атом қаруынан бас тартып, Семей полигонын жабуымыз көп әлем елдерінің қолдауы керек тың бастама. Еліміздің осындай биік шыңдардан көрінуі, ата бабаларымыздың батырлығының арқасы. Отаны үшін халқымыз аянбай тер төгіп, ал қаншама адам қан төгіп, жанын пида етті. Сол батырларымыздың барлығы да тірі, олар ел жүрегінде мәңгі сақталады.Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Біз қазіргі кезде еш қасіретсіз, қайғысыз өмір сүруіміз осы ержүрек батырларымыздың арқасы. Біз, жастар, кеуделерімен оқ қағып, қолдарымен ту тіккен ақ сақалды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің алдында бас иеміз. Өз ойымды қорыта келе, мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді:

Болаттың сынығындай тат баспаған,

Самайларын шаштарын ақ қаптаған.

Асқар таудың алып бір шыңдарындай

Мұз оранып, астына тас жастаған.



Қайран ардагерлер-ай! Сіздерге теңеліп еліміздің қорғаны, халқымыздың мақтанышы болсақ екен!
Каталог: Pobeda -> Almat obl
Pobeda -> Солдаты Победы Новодугинский район Историческая справка
Pobeda -> Солдаты Победы Угранский район
Pobeda -> Солдаты Победы Починковский район Страницы истории
Pobeda -> Абакумов георгий Григорьевич, 1897 г р. Житель с. Верхнеильинка Верхнеильинского с/с Омского р-на Омского окр. Западно-Сибирского края. Состав семьи: жена Прасковья, 1897 г р., сын Николай, 1923 г р
Pobeda -> Старый Оскол в годы войны
Pobeda -> Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Pobeda -> Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Almat obl -> Республикалық байқауға «Жеңіс, естегілер, отаншылдық» Ерлік – елге ұран, ұрпаққа үлгі


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет