«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті



Дата02.05.2016
өлшемі137.65 Kb.


ЖОБА
Теміртау қаласы әкімдігінің

2013 жылғы «____»__________

№_____________ қаулысымен бекітілді
«Жер учаскелерін қалыптастыру

жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту»

мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Негізгі ұғымдар
1. Осы регламентте келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) уәкілетті орган – жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі;

3) мемлекеттік қызметті тұтынушы – жеке немесе заңды тұлға;

4) регламент – «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ішкі тәртіпті реттейтін нормативтік құқықтық акті;


1. Жалпы ережелер
2. Осы «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту рәсімін айқындайды.

3. Мемлекеттік қызмет жер учаскесінің орналасу орны бойынша уәкілетті органда көрсетіледі.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 14-1 және 150-баптары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласынада Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағышта бекiтілген жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын (бұдан әрі – жерге орналастыру жобасы) немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап беру болып табылады.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің барысы туралы, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ақпаратты жұмыс орны осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген уәкiлеттi органнан алуға болады.

Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат уәкiлеттi органның стендтерінде орналасады және бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерде жарияланады: http://temirtau-akimat.kz/.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері, мемлекеттік қызмет алушы осы регламенттің 15-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 7 жұмыс күні;

2) құжаттарды тапсыру және алу кезінде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут;

3) құжаттарды тапсыру және алу кезінде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут.

9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

10. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9-00-ден сағат 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндер.

Қабылдау кезекке тұру тәртібімен алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз сағат 9-00-ден сағат 18-00-ге дейін жүзеге асырылады.

11. Мемлекеттік қызметті тұтынушыдан мемлекеттiк қызмет көрсету үшін өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн берген сәтке дейiнгi мемлекеттiк қызмет көрсету сатылары:

1) мемлекеттік қызметті тұтынушы жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту үшін осы регламенттің 15-тармағына сәйкес құжаттарды уәкілетті органға тапсырады;

2) Әкімшілік әрекеттердің реттілігі мен өзара әрекеттесулердің сипаттамасы (процедура) осы регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген;

12. Орталықта мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бiр қызметкерді құрайды.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әрекеттер

(өзара әрекеттесулер) тәртібінің сипаттамасы
13. Құжаттарды қабылдауды осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайдағы уәкілетті органның уәкілетті тұлғасы жүзеге асырады.

14. Уәкілетті органға құжаттарды тапсырғаннан кейiн мемлекеттік қызметті тұтынушыға төменде көрсетiлген тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi:

1) өтінімнің нөмiрi және қабылданған күнi;

2) сұралынған мемлекеттiк қызметтiң түрi;

3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;

4) құжаттарды беру күнi, уақыты мен орны;

5) мемлекеттік қызмет көрсетуге өтiнiшті қабылдаған лауазымды тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты.

15. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті тұтынушы келесі құжаттарды беруі қажет:

1) жер учаскесіне жеке меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын сұраған кезде:

осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша жерге орналастыру жобасын бекітуге өтініш;

тиісті жергілікті атқарушы органдармен құрылған комиссияның жер учаскесін беру туралы оң қорытындысының көшірмесі;

жобаланып отырған учаскенің орналасу орнының (жерге орналастыру нысанының шекарасы мен олардын координаттары) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін кәсіпорынмен келісілген жерге орналастыру жобасы;

жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі (қажет болғанда);

мемлекеттік қызметті тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не тұтынушының атынан берілген сенімхаттың көшірмесі және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін;

заңды тұлғаның тіркелуі туралы куәлік, заңды тұлға өкілінің уәкілеттігін растайтын құжат және мемлекеттік қызметті тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – заңды тұлға үшін;

2) жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда:

осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша жерге орналастыру жобасын бекітуге өтініш;

жобаланып отырған учаскенің орналасу орнының (жерге орналастыру нысанының шекарасы мен олардын координаттары) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін кәсіпорынмен келісілген жерге орналастыру жобасы;

жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі (қажет болғанда);

мемлекеттік қызметті тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не тұтынушының атынан берілген сенімхаттың көшірмесі және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін;

заңды тұлғанын мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі, заңды тұлғанын өкілдің уәкілеттігін куәландыратын құжат және мемлекеттік қызметті тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – заңды тұлға үшін.

Тұлғаның жеке куәлігінің немесе сенімхаттың көшірмелерін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін мемлекеттік қызметті тұтынушыға қайтарылады.

16. Өтініш бланкілерін осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайдағы уәкілетті органның кеңсе қызметкерлері береді.

17. Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі бекiтілген жерге орналастыру жобасы мемлекеттік қызметті тұтынушының жеке өзіне немесе сенімхат бойынша сенім білдірген уәкілетті тұлғаға беріледі.

18. Егер құрастырылған жерге орналастыру жобасы төмендегі талаптарға сай болмаса, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады:

1) Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарына және нормаларына;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу ережесiне.

Мемлекеттік қызметті тұтынушыға жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобасын бекiтуді тоқтатуға себеп болған құжатты көрсете отырып және бекітпеу себептерін жою үшін мемлекеттік қызмет алушының кейінгі іс-қимылын көрсететін жазбаша хабарлама жолданады.

Осы регламенттің 15-тармағында көрсетілген тиісті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда уәкілетті орган мемлекеттік қызметті тұтынушының құжаттарды тапсырған күнінен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын уақытта мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөнінде жазбаша хабардар етеді.

Уәкілетті орган белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметті тұтынушыға бекiтілген жерге орналастыру жобасын немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап бермеген жағдайда, онда беру мерзімінің өткен күнінен бастап жерге орналастыру жобасы бекітілген болып саналады.

19. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісiне келесі құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi – ҚФБ) тартылған:

1) уәкiлеттi органның уәкілетті тұлғасы;

2) уәкiлеттi органның кеңсесi;

3) уәкiлеттi органның басшылығы.



5. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін тұлғалардың жауапкершілігі

20.Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудің сапалылығына және белгіленген мерзімде жүзеге асырылуына жауапты болады.

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызмет регламентіне

1-қосымша


Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі

уәкілетті органдардың тізбесі


Жергілікті атқарушы органның атауы


Орналасқан жері, мекенжайы

Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты тұлға

Байланыс телефоны

Электрондық мекенжайы

1

2

3

4

5

«Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі


Теміртау қаласы, 6-ықшамаудан, 14-үй

Уәкілетті органның басшылығы

8(7213) 931101

zemcom-temirtau@ mail.ru

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту»

мемлекеттік қызмет регламентіне

2-қосымша

_________________________________________

(уәкілетті органның атауы)

жер қатынастары бойынша уәкілетті органның бастығы _________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

_________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты _________________________________________

не заңды тұлғаның толық атауы)

_________________________________________

(жеке немесе заңды тұлғаның жеке _________________________________________

басын куәландыратын құжат

_________________________________________

деректемелері, байланыс телефоны,

_________________________________________

мекенжайы)


Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру

жобаларын бекiтуге өтініш




Жерге орналастыру жобасын өңдеушінің тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның толық атауы

Жер учаскесіне құқық беруге өтініш білдірушінің тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы

Жерге орналастыру жобасының атауы

Жер учаскесінің мекенжайы

(орналасқан орны)



Жер учаскесінің сұралу мақсаты және ауданы, га

Жерге орналастыру жобасының данасының саны

1

2

3

4

5

6



















Жерге орналастыру жобасы әзірленді: мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын берген кезде, жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда (қажеттісін сызу)

Күні __________ Өтініш беруші ____________________________________

(жеке тұлғаның не уәкілетті тұлғаның

________________________________________________

тегі, аты, әкесінің аты немесе

________________________________________________

заңды тұлғаның атауы, қолы)

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызмет регламентіне

3-қосымша
Әкiмшiлiк іс-әрекеттердің (рәсiмдердiң) бірізділігінiң

және өзара әрекеттестігінің сипаттамасы
1-кесте. Негiзгi үдерістiң iс-әрекеті (барысы, жұмыстар ағыны)


Негiзгi үдерістiң iс-әрекеті (барысы, жұмыстар ағыны)

ҚФБ атауы

1-ҚФБ

Уәкiлеттi органның маманы



2-ҚФБ

Уәкiлеттi органның бастығы



Iс-әрекеттердің (үдерістiң, рәсiмнiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

  1. құжаттарды қабылдау, оларды журналда тіркеу және құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беру

  2. жерге орналастыру жобасын бекіту үшін құжаттарды тексеру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындау және қол қою үшін бөлім бастығына жолдайды

  1. құжаттар пакетін қарау және жерге орналастыру жобасын бекіту немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды қабылдау



Аяқталу нысаны (деректер, құжаттар)


  1. бекітілген жерге орналастыру жобасы немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту




Орындау мерзімі

2 жұмыс күні ішінде

5 жұмыс күні ішінде


2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.

Негiзгi үдеріс (барысы, жұмыстар ағыны)

Уәкiлеттi органның маманы

Уәкiлеттi органның бастығы

№ 1 әрекет

құжаттарды қабылдау, оларды журналда тіркеу және құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беру






№ 2 әрекет

жерге орналастыру жобасын бекіту үшін құжаттарды тексереді



№ 3 әрекет

құжаттар пакетін қарау және жерге орналастыру жобасын бекіту



№ 4 әрекет

бекітілген жерге орналастыру жобасы







3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.

Баламалы үдеріс (барысы, жұмыстар ағыны)

Уәкiлеттi органның маманы

Уәкiлеттi органның бастығы

№ 1 әрекет

құжаттарды қабылдау, оларды журналда тіркеу және құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беру






№ 2 әрекет

құжаттарды тексереді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды және қол қою үшін бөлім бастығына жолдайды



№ 3 әрекет

құжаттар пакетін қарау және жерге орналастыру жобасын бекіту немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды қабылдау




№ 4 әрекет

мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту






Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет