Жұмыс бағдарламасы 2013 жылдың жұмыс оқу жоспарының 5В050400 «Журналистика»



бет6/9
Дата25.04.2016
өлшемі1.54 Mb.
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бақылау сұрақтары

1. Мақалаға анықтама.

2. Қойылымды мақала жазудың тәсілі.

Әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Дәріс №16. Полемикалық дискуссиялық мақала

Лекция мақсаты: Полемикалық дискуссиялық жанрда жазылатын мақалаларға талдау жасау.

Лекция мәтіні. 1. Полемика - [еж. грек, polemikos - жауыққан, жаугерлік] - идеялардың, көзқарастардың, пікірлердің қарама- қарсылығы, күресі, конфронтациясы бар дауласу. Осы тұрғыдан полемиканы қандай да бір мәселеге байланысты принципті түрде қарсылықты пікірлердің әрқайсысы өз көзқарасы тұрғысынан пікірін қорғау, оппоненттің пікірін жоққа шығару мақсатында туындайтын жариялы дауласу деп анықтауға болады. Оның жай пікірталастан (дискуссия, диспуттан) айырмашалығы - мақсатты бағыттылығында. Дискуссия, диспуттың қатысушылары пікір алмасу арқылы ортақ пікірге, ортақ шешімге, ақиқатты орнатуды көздесе, полемиканың басты мақсаты - қандай да жолмен қарсыласты тұқыртып, өз көзқарасы мен пікірінің дүрыстығын мойындатып, жеңіске жету. Полемика - көз жеткізе білу, өзін құптату өнері. Ол бойынша әрбір айтылған ой дәлелдермен, дәйекпен, ғылыми пікірлермен толықтырылуы керек. Маңызды, адамзаттық құндылықтарды, адам құқын қорғау, қоғамдық пікірді туғызу, жаңа саяси көзқарастарды қалыптастыру барысында полемика аса қажетті болып табылады.

Дискуссия (лат. discussio) - пікірталас, белгілі бір мәселе бойынша пікір сайысы, қандай да болсын мәселені немесе өзара байланысты мәселелер тобын білікті тұлғалармен бір мәмілеге келу үшін талқылау.



Бақылау сұрақтары

1. Полемика мағынасын ашатын мақала жаз.

2. Дискуссия құр.

Әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Дәріс №17. Ғылыми-танымдық мақала

Жоспар:

1. Ғылыми таным, ақиқат.

2. Баспасөздегі ғылыми мақалалар.

3. Мақала түрлері

Лекция мақсаты: Ғылыми-танымдық мақаланың міндетін анықтау.

Лекция мәтіні. 1. Ғылыми таным – танымның ең жоғарғы пішімі. Ғылыми таным рационалдық сипатының басымдылығымен сипатталатын өте күрделі құбылыс. Ол негізінен ұғымдар жүйесі, теориялар, заңдар сияқты басқа да ойлау процестерінің түрлері арқылы айқындалады. Әрине, мұнда сезімдік танымның рөлі де жоққа шығарылмайды, алайда ол ғылыми танымның теория ауқымында жанама, екінші рөл атқарады. Ғылыми таным құбылыстар мен процестердің ішкі әмбебаптық байланыстары мен заңдылықтарын эмпирикалық білім мен ақыл-ойға табан тіреп, рационалды түрде сараптау арқылы бейнелейді. Мұндай сараптау ұғымдар жүйесі, ой қорытындысы, заңдар, категориялар мен принциптер сияқты жоғары дәрежедегі абстракциялар жүйесі арқылы іске асады. Ғылыми танымның ең маңызды міндеті – мейлінше ақиқатқа жету, оның мазмұнын жан-жақты ашу. Осы міндетті іске асыру үшін ғылыми танымның көптеген тәсілдері кеңінен пайдаланылады, оларға: абстракциялау, идеализациялау, синтез, дедукция, асбстрактіліктен нақтылыққа өрлеу, тарихилық және логикалық әдістер жатады. Ғылыми танымның маңызды ерекшелігі – оның өзіне бағытталғандығы немесе ішкі ғылыми рефлексия ретінде калыптасуы; яғни, ол тек таным процесінің өзін, оның пішімдері мен әдіс-тәсілдерін, ұғымдар жүйесін зерттейді;

2. Баспасөздегі мақала - оның бағытын айқындайтын публицистика жанрларының маңызды түрі. Мақала автор, редактор, баспагердің көзқарасын айқындайтын жанр. Мақаланың мақсаты корреспонден-циядағыдай емес, оған көзқарастардың ауқымдылығы мен жалпылау тән.

Мақала - публицистика жанрының бір түрі. Публицистиканың бұл  түрінде  әлеуметтің  ең  маңызды,  мәнді  тақырыбы,  мазмұны толық, жан-жақты терең зерттелген, барлық құбылыстардың, іс-оқиғалардьщ талдауы, деректерге негізделіп жазылуы керек. Сондай-ақ, мақалада оқиғалар мен деректердің дұрыс құрылған бірегей талдауы негізінде автордың өзіңдік көзқарасы, пікірі көрінеді. Мақалада айтылған жағдайға байланысты ашылған дәлелге негізделген, оньщ мәтіні ережеге сәйкес кіріспе және қорытынды бөлімнен, шешімі мен ұсыныстан тұратын анық логикалық байланысқа құрылған мэліметтер негізінде жазылуы тиіс. Мақала -публицистика жанрының ең күрделі түрі.

Мақаламен жұмыс. Журналистің мақаламен жұмысы - кезеңдер қатарынан құралған ұзақ еңбек. Мақаланың атын таңдау қоғамның қажеттілігі мен ағымдағы саяси-элеуметтік конъюнктурасымен себептеледі. Материалды жинақгау үнемі жүргізіледі.

Атақты публицистер өмір бойы жазбалар мен бақылауларын жазып отырған. Мақаланың сәттілігі автордың тақырыпқа қызығушылыгымен, логикалық ойлау мен сараптауға қабілеттілігімен, материалдарды мұқият зерттеуімен жэне білімінің кеңдігімен (эрине баяндау шеберлігімен қатар) сипатталады.

Мақаламен жұмыс істеу тэжірибесінде зерттеудің басқа да тәсілдері бар. Ақпарат жинауға, құжаттарды зерттеуге, сауалдар мен басқа дайындық кезеңінің элементтеріне ерекше тоқталған жөн. Жұмыстың әрбір кезеңіндегі және мәтін жазу алдында жағдайдың сипаттамасы маңызды болып келеді.

Жалпы мақаламен бүкіл жұмыс төрт негізгі кезеңге бөлінеді:

-   Тақырып   таңдау.   Журналистің   жеке   қызығушылығы   мен

элеуметтік қажеттіліктен туындайды.



  1. Материал жинау. Бұл детализация мен жеке зерттеуді талап ететін айтарлықтай ұзақ үрдіс.

  2. Әдеби өңдеу: мәтіннің жазылуы мен алдын-ала редакциялануы. Редакцияның талаптарын ескеріп, белгілі бір оқырман аудиториясына бағытталуы қажет.

  3. Мәтіннің безендірілуі: соңғы редакциялану, жинау, түзету, қажет болса иллюстрацияларды қоса беру.

Өзекті мәселе қоғамда көп кездеседі. Журналист оған қоғамның назарын бірінші болып аударуы мүмкін, немесе мәселенің қоршаған шындықпен ешкім сезіктенбеген байланысын табу, немесе оны шешу жолдарын ұсынуы да ықтимал. Кез-келген әлеуметтік маңызы бар мәселе журналистиканың бөлігі болып табылады.

Қоғамдық мәселе журналистік зерттеуге дейін «өз ішінде» деген екі ұғымды қалыптастырады. Ол ақиқат арқылы өмір сүреді, бірақ ішінде не жатқаны мен сыртқы ортамен байланысы - ешкімге белгісіз. Осыны ашу - журналистің міндеті. Қоғамның өзекті мәселесін зерттеу үрдісі төмендегідей бөліктерден тұрады:

1. Дерек пен құбылысты белгілеу.

2.Маңызды мәселені тұжырымдау.

З.Материалды зерттеу.

4. Мәселенің жағдайы, даму барысымен жете танысу.

5.3ерттеу барысында кездесетін кедергілерді білу.

6. Мәселенің біржолата шешілуі.

7.Қорытынды тұжырымның өзекті мәселесі және оны шешудің жолдарының көрсетілуі.

Әрине, бұл қатып қалған қағида емес. Әрбір нақты жагдайда оған түзету енгізуге болады. Алайда болашақ журналист осы қағидаттармен жұмыс істей білуі тиіс.



3.Мақала - бұл өмірлік-маңызы бар құбылыстар туралы жазылған материал. Деректер мақалада негізгі рөл атқарады. Мақалада мәселе және құбылыс маңызды. Онда аргументация, эрекеттердің мотивациясы толығымен қолданылады, барлық мәтін түрлері пайдаланылады: баяндау, суреттеу және ой қосу да орын алады. Мақаланы шартты түрде былай бөлуге болады:

  1. Үздік - бұған дәйектілік негіз болады.

  2. Үгіттеу - мұнда үгіттеу маңызды әдіс болып табылады.

  3. Таза ғылыми және ғылыми-танымдық мақала.

  4. Проблемалық мақала - автордан мәселені жан-жақты, терең зерделеуді, бастамашылдықты, батылдықты талап етеді.

В.В. Ворошилов: «Мақаланың ерекше түріне әртүрлі оқиғаларға жедел үн қосып, оларға түсінік беруге және бағалауға мүмкіндік беретін публицистикалық түсініктемені жатқызуға болады»,-дейді.

Мақала авторының алдында мынадай міндеттер тұрады:

2.Мақаланың өзектілігі мен маңыздылығына мән беру, тақырьштың мағынасын ашу.

З.Қоғамдық мәселеленің шешілу жолдарын көрсету, талдау жасау.

4. Жалған ақпарат беруден, жала жабудан аулақ болу.

Мақаланың белгілері:

І.Әртүрлі құбылыстардың бір-бірімен өзара байланысы.


  1. Салыстыру, бағалау, түсіндірме, толықтырулар мен болжамдардың,  яғни талдамалы-жинақтау әдістерінің қолданылуы.

  2. Коммуникативтік кұралдардың қолданылуы.

  3. Болған оқиғаиың кешегісі мен бүгінін салыстырмалы түрде байланыстыру.

  4. Мақаланың қарапайымнан күрделіге, белгіліден белгісізге құрылуы.

Обьектінің мақалада көрінуінің бірінші кезеңі - онымен танысу. Бұл жағдайда берілген мәліметтердің топтамасы мен типология әдістері қолданылады.

Түсіндірменің екінші кезеңі - түсіндіру, яғни себеп-салдарлық байланыстарды көрсету.

Түсіндірменің үшінші кезеңі - болжам жасау. Мұнда сарапшы бағалауларының әдісі, экстраполяция әдісі, сценарий әдісі қолданылады

Түсіндірменің төртінші кезеңі - баға. Тікелей авторлық баға, сарапшы бағалауының әдістері қолданылады.

Түсіндірменің бесінші кезеңі - қалыптасқан шарттар негізінде журналистің ұсынған іс-әрекетер бағдарламасы. Белгілі бір құндылықтарға ие бола отырып, өз мақсатына қалай жетуге болады, немесе мақсатқа жету үшін қандай құндылықтарды пайдаланған жөн.

Мақаланың композициясы автордың зерттеу әдісінің қандай түрін таңдап алатынына байланысты.

Стилистикалық ерекшеліктеріне келсек, мақаланы екі үлкен топқа бөлуге болады.


  1. Ғылыми стильге бейімделген мақала. Бұл сипаттағы мақалалар тілінің нақтылығымен, терминдердің молдығымен, автордың ойлау тереңдігінің логикалық сипатын айқындайтын және ақпаратты «қосуға» мүмкіндігі молдығымен ерекшеленеді.

  2. Еркін көсілуге болатын мақала. Мұндай мақалаларда авторлық «мені» белсенді жұмыс істейді, көркемдік бейнелеуіш құралдар, троп түрлері, ауызекі сөйлеу лексикасы еркін қолданылады. Жай сөйлемдер мен жалғаулықсыз байланыстар саны едәуір ұлғаяды.

Бақылау сұрақтары

1. Ғылыми таным, ақиқат.

2. Баспасөздегі ғылыми мақалалар.

3. Мақала түрлері



Әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Дәріс №18. Шолу

Жоспар:

1. Ғылыми таным, ақиқат.

1. Журналистік жанр шолу.

2. Шолудың түрлері

Лекция мақсаты: Шолудың жанрлық ерекшелігін айқындау.

Лекция мәтіні. 1. Шолу (журналистік жанр) – апталық немесе айлық журналдарға тән жанр. Шолу сараптамалық қорытынды есеп ретінде жүзеге асырлады. Апталық немесе айлықоқиғаларға, я белгілі бір аптаның шулы оқиғасына шолу жасалынады. Шолу түрлі мақсатта жазылуы мүмкін.

Шолудың жанр ретінде қалыптасып, дамуы XIX ғасырдың екінші жартысында басталды. Тарихшы және журналист НМ.Карамзиннің «Вестник Европы» (1802-1803ж.ж) еңбегіндегі саяси шолу жанры сол кездегі орыс қоғамына сілкініс әкелген құбылыс болды. Декабрист жазушы А.А.Бестужевтің шолулары сол заманда көп оқылған екен. Көптеген шолудың түрлерін В.Г.Белинский, Н.А.Добралюбовтің еңбектерінен кездестіруге болады. Өткен мыңжылдықтың ұлы сыншылары Н.А.Добролюбов, В.Г.Белинский шолу жазып қана қоймай, өздері осы жанрдың теориялық негізін жасады. «Отечественные записки» журналындагы жылдық шолулар сол кезендегі ерекше құбылыс деп бағаланды. XIX ғасырдың шолу еңбектері талантты және даралық сипатта болған. Алайда, өткен ғасырдағы шолудың бір ерекшелігі болды, олар өздерінің белгілері бойынша журналдық шолу болып есептелді.

Журналистік мамандықтар қатарында репортерден, комментатордан кейінгі орынды шолушы алады. Бұл қызметтің болуына телевизия тәжірбиесіндегі жанрдың спецификалық берік қабылдануына тікелей қатысты.

Газеттік шолу XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында дами бастады. Шолу дегеніміз - маңызды элеуметтік оқиға, құбылыстардың байланысқан мазмұны деее де болады. Шолудың басты мақсаты - оқиганың көрінісін қалыптастыру, онда автор деректер мен оқиғалар, қоғамдық өмірден жан-жақты хабардар ету көздейді.

Дерек, оқиға, шолудағы құбылыс жеке-дара қарастырылмайды, ол бүтіннің бөлшегі ретінде пайдаланылады. Шолушы дерек іздейді. Шолуда дерек басты зандылықтың бірі ретінде қолданылады. Шолудың нысаны және тақырыбы шектеусіз. Таңдалған деректер мен көрсеткіштер шолуда шындықты ашып көрсетеді. Шолу дерекгі іздеу, оларды тандау, жүйелеу, толық көріністі көз алдымызға келтіру сияқты әрекеттерімен ерекшеленеді. Деректерді жинақтау барысында ой пайда болады. Шолудың басты қүрамы ол авторлық комментарий болып келеді.

Проблема шолудың қақ отасынан орын алады. «Шолу ерекше туынды, оның негізінде басқа жанрда жоқ панорама үстанымы жатыр. Ол сонысымен де ерекшеленеді»,- дейді орыс ғапымы Е.П.Прохоров.



2.Шолудың әр бөлімі жеке туынды емес, бүтіннің бір бөлшегі болып табылады. Шолудың бөлімдері бір-бірін толықтырып, бір бүтінді кұрайды.

Мазмұны бойынша шолуды келесі топтарға бөлген жөн:

а) Жалпы шолу.

б) Тақырыптық шолу.

Пішініне байланысты да мынандай түрге жіктеуге болады:

а) Ақпараттық шолу.

б) Сараптамалық шолу.

в) Көркем-публицистикалық шолу.

Шолу дегеніміз - болған оқиға мен құбылысты қадағалау жэне ол туралы көпшілікке ақпарат беру. Шолу көпсалалы үғым. Ол омір мен қоғамның барлық саласын дерлік оз бойына топтастырады. Қазіргі күндері газет беттері шолудың тек пішін емес, мазмұны бойынша да жіктелетінін дәлелдеп отыр. Газет беттерінен біз қазіргі таңда тақырыптық шолуды жиі кездестіреміз.

Шолу апталық немесе айлық басылымдарға да тән жанр. Шолу көбінде апталық немесе айлық оқиғаларға немесе қоғамның даулы мэселесінен туған оқиғаға қүрьшып жазылады. Шолу түрлі мақсатта жазылуы мүмкін. Бірі -хроникалық, яғни оқиғаның өрбуі, дамуы мен шиеленісуі. Екіншісі, белгілі бір хроника ескерілмейді, оқиғаға жалпы сипаттама беру. Үшіншісі, өзге ақпарат құралдарында шыққан мақалаларға шолу. Оның негізгі екі түрі жиі кездеседі: біріншісі мен екіншісі. Бірнеше басылымдардағы маңызды оқиғаларды хабарлайтын ақпараттық шолу, екіншісі, нақты бір тақырыпқа қатысты басылым беттерінде жарияланған кең спектрлі пікірлер топтамасын беретін тақырыптық шолу.

Байқау немесе шолу - талдау түсініктемесін қолдана отырып нақты оқиғалармен аудиторияны таныстыратын жанр. Басқаша шолуды «оқиғаның панорамасы» деп те айтуға болады.

Бақылау сұрақтары

1. Журналистік жанр шолу.

2. Шолудың түрлері

Әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Дәріс №19. Саяси портрет

Жоспар:

1. Саяси портрет (журналистік жанрдың бір түрі).

2. Саяси қызмет.

3. Лидердің психологиялық портреті, теориялары

Лекция мақсаты: Саяси портрет ерекшелігін анықтау.

Лекция мәтіні. 1. Саяси портрет (журналистік жанрдың бір түрі) – халықаралық немесе мемлекеттік саяси шенеуніктердің мінез-құлқын ашу мақсатында жазылады. Ішкі және сыртқы пішінінін суреттеу арқылы кейіпкерінің бейнесін (я жағымды, я жағымсыз) сомдау. Белгілі бір саяси тұлғаның саяси портретін жасау үшін, ол адам туралы қайда, қандай сөздер айтқанын, нені уәде еткенін, жеке өмірінде қандай жетістіктер мен табысқа жеткенін, неден сүрінгенін, неге көңілі құлағанын егжей-тегжейлі зерттеу қажет. Мәселелер, фактілер дәлелді, айқын болуы шарт.

Бүгінгі күнде лидерлік мәселесі барлық ғылымдарда толыққанды зерттелуде. Мәселен, психология лидердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттейді. Әлеуметтану лидерлікті әлеуметтік жүйенің негізінде қарастырады. Әлеуметтік психология лидерлікті әлеуметтік және психологиялық факторлардың өзара қызметтік процесі ретінде зерттейді. Ал саясаттану саяси лидерлікті билік феномені ретінде қарастыра келе, оның табиғатын, қызмет ету механизмдерін, қоғамға ықпалын зерттейді. Сонымен бірге, тиімді басқарудың әдістері мен тәжірибелік ұсыныстары айқындала түседі.

Ғалымдардың  пікірлерінше, өз бойында туа біткен қасиеттерді ұштастыратын адам ғана қайырымды халықтың басшысы бола алады: «бұл адамның мүшелері мүлдем мінсіз болуы тиіс, бұл мүшелердің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы керек; жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушісіне ойындағысын және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек; өзі түсінген, көрген, есіткен және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұларды ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек; әйтеуір, бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болу шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын тілмар болу шарт; өнер-білімге құштар болу, оқып үйренуден шаршап шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай жететін болу керек; тағамның, ішімдік ішуге, сұқ-сұбқат құруға келгенде қанағатшыл болу керек.

Жалпы лидерлік саяси салада саяси басқару негізінде түсініледі. Қайырымды халықтың басшысы болу үшін тек лидерлік қасиет қана емес, мемлекет те көшбасшылық қасиет танытуы тиіс. Мемлекет, ұлттың лидерлігі қазіргі теорияда жеке қарастыратын нысан болып табылмайды. Осы түсінікке сипаттама беруде лидерлікті ұстап қалу және иеленудегі заңдылықтарды айқындаймыз. Ал жалпы мемлекет лидерлігін зерттеуде әлемдік ұйымдастырушылық-қызмет құрылымын, оның тенденцияларын, әлемдік қауымдастықтың тұрақты дамуына қатер туғызатын жағдайларын қарастырамыз.



2.Саяси қызмет

Саяси қызметтің ажырамас компоненті саяси лидер болып табылады, себебі кезкелген саяси белсенді топ өздерінің ортасынан басшылар тобын алға шығарады.

Саяси лидерліктің табиғаты барынша күрделі және оның түптамыры ғалым-ойшылдардың консульдар, императорлар, корольдер феноменін зерттеп білген алыс өткенде  жатыр. Лидерлік феномені саяси психологиядағы ерекше проблема. Оның ертеректегі теориясы «геройлар» теориясы деп аталады. Оның басқа да теориялары бар. Лидерліктің саяси психологиялық типологиясын жасағандар мыналар: психопотологиялық типологияны Г. Лассуэль, саяси типтерін Д. Рисман, макиавеллилық теориясы, Президенттер типологиясы Д. Барбер және т.б. жасаған. Лидерлік феномені саяси психологиядағы ерекшелігі бар мәселе.

Лидер (ағылшынның «басты» деген сөзінен алғанда) –сол бірлестіктің мүддесін қанағаттандыруға бағытталған бірлескен қызметті біріктіру мақсатында басқаларға ықпал етуге қабілетті адам. Лидерге тән қасиеттер:



  1. Жауапкершілікке және бастаған ісін аяқтауға күшті ұмтылысы;

  2. Мақсатына жету жолындағы күш қайраты;

  3. Бастамашылдығы;

  4. Өзіне-өзінің сенімділігі;

  5. Айналасындағылардың мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал ету қабілеті;

  6. Іс-әрекетінің және шешімдерінің салдарын «өзіне» қабылдау қабілеті;

  7. Топтық фрустрацияға және ыдырауына қарсы тұра алатын қабілеті.

«Саяси лидер» категориясы саясат саласындағы адамдардың белгілі бір бірлестігіне басшылық ету бойынша қызмет процесін білдіреді.Лидерлік –ең алдымен қоғам мүшелері арасындағы қатынас, себебі лидер әрқашанда қандай да бір әлеуметтік топтың немесе қауымдастықтың бір бөлігі болып табылады. Бұндай жағдайда лидер белгілі бір қауымдастықтың мүддесі мен мақсатын тұжырымдау және білдіру құқы мен жауапкершілігінің белгілі бір көлеміне ие болады, оларды жүзеге асыру және барлық қауымдастықтың саяси процеске қатысуын ұйымдастыруда бастамашы болуға құқы бар.

Саясатта қызметінің сипаты мен ауқымы бойынша лидерлердің үш деңгейін ажыратады:

1.мүдделері ортақ қоғамда барынша көп билікке ие шағын топтың лидері;

2.қоғамдық қозғалыстың (ұйымның, партияның) лидері, яғни белгілі бір әлеуметтік топ өзінің қажетсінуін қанағаттандыру мүмкіндігін байланысты-ратын адам;

3.лидер –биліктік қатынастар жүйесінде әрекет етуші саясаткер.

«Бірден қол жеткізген» билік лидерлік болып саналмайды. Лидерлік жай ғана кездейсоқ билікті пайдалану емес, жалғасын табуды білдіреді. Лидерліктің қоршаған ортадан шет қалуы мүмкін емес. Лидерлік дегеніміз–талдау жасау мен шешім қабылдауға қарағанда әрдайым үлкен нәрсе, ол өзінің соңынан жүретін адамдардың ақылы мен күш-қуатына әсер етуді қамтиды.

Саяси лидерлік –өзінің тағдырын жақсарту үшін іс-әрекетке, бірлескен жұмысқа қоғам мүшелерін итермелейтін күш.

Жеке бастың қызметінің нәтижесі әр алуан: жақсы немесе жаман, өте жақсы немесе өте нашар болуы мүмкін. Дәл сондықтан да нәтиженің амплитудасы соншалықты күшті, яғни оның тұтастығы бойынша барынша талдау жасалуға тиісті. Осыған орай, лидер қоғамның саяси өмірінде аса маңызды орындардың бірін алады, оның іс-әрекеті мен нұсқауына қоғамның қандай бағытта дамитындығы байланысты болады. Лидерліктің мән-мағынасы және формасы бойынша биліктің феномені дегеніміз осы. Лидерлік дегеніміз –билік, себебіол белгілі бір адамның бірдеңежасауына мәжбүр ету қабілетінен тұрады. Лидер –халықтың, қоғамның, топтың  және т.б. үстінен қарайтын адам. Бірақ билік пен лидерлік қатынасы айырықша тең болмауымен ерекшеленеді, себебілидер өзінің тобының барлық мүшелерін басқа жағдайда олар жасамаған, ал кейде ерікті түрде бір нәрсені жасауға көндіруге қабілетті адам. Осылайша, лидерліктің негізінде биліктік қатынас жатады, бірақ олар айырықша тең болмауымен –ерікті болуымен ерекшеленеді.

Саяси лидер –қоғамда белгілі бір қызметті жүзеге асыру үшін өкілеттіліктің тиісті мөлшеріне ие болатын саяси қайраткер.

3.Лидердің психологиялық портреті, теориялары

Лидердің психологиялық портреті саяси лидерлердің психологиялық биографиясы негізінде жасалады. Ол бір жағынан әртүрлі халықтардың социологиялық ерекшеліктерін және олардың саясаттағы кәріністерін есепке алады. Лидердің психологиялық портреті саяси лидерлік психолгияны сипаттайды. Осы ретте «лидерліктің белгілері» концепциялары да пайдаланылады. Лидердің психологиялық тұлғалық белгілерінің жиынтығы 100 ден асатыны белгілі. Лидерлерді классификациялағанда бұлар қажет. Лидердің басшыдан айырмашылығы бар. Басшы ресми түрде ұжымды және ұйымды басқаратын адам. Қазіргі кезде мемлекеттік дәрежедегі саяси лидер феноменінің маңызы артып келеді. Бұл мәселе қазіргі кезде өте өзекті. Дегенмен лидер анықтамасы әр автор әр түрлі береді.

Олардың бастылары мыналар:

«Ұлы адам» теориясы немесе лидерліктің харизматикалық теориясы. Бұл бойынша лидерлікті тұқым қуалау негізінде түсіндіреді.

Лидерліктің ситуативті теориясы бойынша лидерлердің пайда болуы ортаға, уақытқа және жағдайларға байланысты. Басқаша айтқанда лидер болу белгілі бір жағдайда, уақытта топтан суырылып шығып өз қасиетін көрсете алуы.

Лидерліктің тұлғалық – ситуативтік теориясы бойынша мынадай төрт фактор еске алынуы керек:  1) лидердің адам ретіндегі белгілері мен дәлеледері; 2)лидердің жолын қуушылар үшін белгілі бір келбеті болады;3) лидердің ролінің сипаттары; 4)лидерің жолын куатындар үшін ресми және құқықтық негіздердің болуы.

Лидердің үміткерлік – қарым-қатынастық теориясы. Ол бойынша нақтылы бір жағдайда лидер стилінің сәйкес келуін айтады. Лидерліктің басқа да толып жатқан теориялары бар. Ол бойынша лидерліктің психологиялық ерекшеліктері қарастырылуы керек. Саяси лидердің тұлғалық қасиеттерін талдауда мыналарды еске алу қажет: лидердің өзінің «Мен» концепциясы; оның саяси мінез-құлқына әсер ететін себептері мен сұраныстары; саяси сенімінің басты жүйесі; жеке тұлғалық қарым-қатынас стилі; стресс жағдайында өзін-өзі ұстай білуі; өмір баяндық талдау; саяси іс-әрекетін эволюциялық өзгерістері.

Лидерлік–жекелеген адамның туа біткен қасиеті және мүлдем мәңілікке берілген артықшылық емес. Лидерлік дегеніміз–әрқашанда қорғап қалуға керекті белгілі бір мәртебе, позиция, адамдардың іс-әрекетіндегі, саяси процестегі аяқ астынан болатын нәрселерді бастан өткере білу. Саяси қызмет және саяси қатынас өзінің табиғаты жағынан әрқашанда мақсатты, ұйымдасқан сипатта болады. Осыдан барыпқоғамдық идеяны жүргізуге қабілетті, қоғам сезініп, білетін нәрсені білдіретін, ұжымдық сананың иесі және ұжымдық әрекетті ұйымдастырушы болатын лидерге деген қажеттілік туындайды. Қоғам ұжымдық ерік-жігер мен мақсатты бейнелейтін беделдің болуын объективті түрде талап етеді. Лидерлік саясаттың шығармашылық мазмұнынан тура туындайды. Лидер саясаттың және қоғамның бүкіл саяси жүйесінің ядросы болып табылады. Лидерлік ғаламдықтан бастап жекелеген саяси топқа дейін саяси жүйені ұйымдастырудың барлық деңгейінде пайда болады, қалыптасады және қызмет етеді.

Егер субъектіні саяси қауымдастық өзінің мүддесі мен еркін білдіруші ретінде (яғни заңды болып табылатын болса) мойындайтын болса, онда ол саяси лидер ретінде сөз алады. Яғни бұндай мойындау нормативті, ұйымдасқан, идеологиялық, дәстүрлі және қоғамдық пікірмен бекітіледі. Бір жағынан лидер қоғамға биліктік органдар мен механизмдер арқылы, ал екінші жағынан өзінің саяси және идеологиялық көзқарастары мен пікірлері, саяси қызметінің мазмұны мен бағыттары, тәжірибесі мен іс-әрекетінің стилімен ықпал етеді. Осы айтқандар арқылы лидер тек көпшілік биліктің тұтқасына ғана сүйенетін кезкелген басқа басшыдан ерекшеленеді.

Лидерліктің типологиясы барынша шартты болып келеді және түрлі критерийлер бойынша сараланады:

–лидерлік типі бойынша: программист, стратег, орындаушы, дем беруші;

–қызметінің сипаты бойынша: әмбебап, жағдайға қарай әрекет етуші;

–басшылық ету стилі бойынша: демократшыл, авторитарлы, анархиялық;

–кешенді критерий: дем беруші, әмбебап, авторитарлы, орындаушы, жағдайға қарай әрекет етуші, стратег, демократшыл және т.с.с.

Саясаттанудағы барынша кең тараған билікті алу тәсілі және оның заңды болуы бойынша М.Вебердің деректеріне сәйкес лидерліктің типологиясы саналады.


Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»
umk -> Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В107000– «Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерттеу әдістемесі арналған тапсырма
umk -> Лекционный комплекс
umk -> 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, және оқу үрдісінде алатын орны Пәннің мақсаты
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет