Жоба бойынша шығындарды басқару және мониторинг қызметтерін ақылы көрсету шарты Астана қ. 2013 ж. Бұдан әрі «Банк» деп аталатын «Қазақстанның Даму Банкі»



Дата28.04.2016
өлшемі284.32 Kb.


«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ

Несие Комитетінің

2014 жылдың 23 қаңтарындағы

шешіміне (№3 хаттама)

2 қосымша


Жоба бойынша шығындарды басқару және мониторинг қызметтерін ақылы көрсету шарты
Астана қ. 2013 ж.«____»_________

Бұдан әрі «Банк» деп аталатын «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ атынан _________________________________ негізінде әрекет ететін _____________________ бір тараптан және

Бұдан әрі «Сарапшы» деп аталатын «___________________________» АҚ/ЖШС атынан ____________________________________ негізінде әрекет ететін ____________________________________ екінші тараптан және

Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын «___________________________» АҚ/ЖШС атынан Жарғының негізінде әрекет ететін ____________________________________ үшінші тараптан, бірігіп «Тараптар» ал жеке жоғарыда көрсетілгендей немесе «Тарап» деп аталатындар,


- Оның талаптарына сәйкес Банк «____________________________________» инвестициялық жобасына (бұдан әрі – Жоба) іске асыру мақсатында _______ жылға/айға ________________ сомасында қарыз/несие желісін ұсынған, Тапсырыс беруші мен Банк арасында бекітілген ________________ № ______ Банктік қарыз шартын/несие желісін ашу туралы келісімді (бұдан әрі – Қаржыландыру шарты), сондай-ақ Тапсырыс берушінің Банктің талаптарына сәйкес Жоба бойынша қаржы-техникалық бақылау қызметтерін көрсететін компанияны тарту міндеттемесін назарға ала отырып,

Осы Жоба бойынша шығындарды басқару және мониторинг қызметтерін ақылы көрсету шартын (бұдан әрі – Шарт) төмендегі жайлы бекітті.

 

1. Шарттың мәні

1.1. Тапсырыс беруші Қаржыландыру шарты мен осы Шарттың талаптарына сәйкес Сарапшыға жүктейді және оның қызметтерін төлейді, ал Сарапшы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын және Тараптардың уәкілетті өкілдерімен қол қойылған оған №1 қосымшада көрсетілген Қызметтер көлеміне (Техникалық тапсырмаға) сәйкес Жоба бойынша Тапсырыс берушінің шығындарын басқару және мониторинг қызметтерін (бұдан әрі – Қызметтер) көрсетеді.

1.2. Сарапшымен Шарт бойынша Қызметтерді көрсетудегі мақсаты:

1) Жоба бойынша жұмсалатын шығындардың негізділігін, уақтылылығын, заңдылығын және Қаржыландыру шартында бекітілген Жоба бойынша шығындар сметасына (бұдан әрі – Шығындар сместасы) сәйкестігін қадағалау;

2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес Жоба бойынша барлық қажетті құжаттаманың бар болуын қадағалау;

3) Жобаны іске асыру аясында Тапсырыс берушімен бекітілген шарттардың/келісімшарттардың (бұдан әрі – Келісімшарттар) тиісті түрде орындалуын, сондай-ақ Жоба аясында орындалатын жұмыстар/қызметтердің және Тапсырыс берушінің үшінші тұлғалармен (жеткізушілер, мердігерлер және т.б.) бекітілетін шарттарына/келісімшарттарына сәйкес жеткізілетін жабдықтың сапасын қадағалау;

1.3. Сарапшы Тапсырыс берушіге Қызметтерді Жоба бойынша нысан пайдалануға берілгенге (оның ішінде, Жоба бойынша нысанның жаңғыртуы/қайта құрылымдауы аяқталғанға дейін, мемлекеттік қабылдау комиссиясы қабылдағанға дейін және Жобаның ерекшелігіне қарай т.б.) дейін және Банкпен Шарттың 2.1.6-тармағымен көзделген барлық есептерлі келіскенге дейін көрсетеді.

2. Тараптардың міндеттері


  1. Сарапшының міндеттері:

      1. Қызметтерді Техникалық тапсырмаға және өзге бастапқы құжаттарға сәйкес көрсету;

      2. Жұмыс басталар алдында құрамында ұқсас жлбалармен (сала, техникалық күрделілік дәрежесі және құны бойынша) жұмыс істеу тәжірибесі бар мамандар қамтылған топтың құрамы мен жауапты тұлғаны (Project team) анықтау және Шартқа қол қойған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Тапсырыс беруші мен Банкке олар туралы ақпаратты ұсыну;

      3. Банкпен сұратылған жағдайда, Жобаның Шығындар сметасы бойынша ұсыныстарды, оның ішінде жұмыстар мен жеткізілетін жабдық құны, мерзімі, Жобаны іске асыру аясында бекітілетін Келісімшарттардың талаптары және т.б. бойынша ұсыныстар жасайды;

      4. Тапсырыс берушіден құжаттарды алған сәттен бастап ___ жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушімен төлем/төлемнің жүргізілгенін растау үшін Банкке ұсынылатын орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актілерінде/қабылдау-тапсыру актілерінде мөр басу мен қол қою арқылы жұмыстардың орындалуын/қызметтердің көрсетілуін/жабдықтың жеткізілуін растау. Растау құжаттардың түпнұсқасында/нотариалды куәландырылған көшірмелерінде жүргізіліп, артынша ___ жұмыс күні ішінде №3 қосымшаға сәйкес Банктің мекенжайына жолданады;

      5. Келісімшарт/шарт бойынша орындалған/орындалып жатқан жұмыстарды растау мүмкін болмайтын Тапсырыс берушіден алынған құжаттарда қандай да бір ескертулер, сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, 3 (үш) жұмыс күні ішінде Тапсырыс беруші мен Банктің мекенжайына негізделген себептері көрсетілген тиісті хат жолдау;

      6. Шарт бойынша міндеттерді орындау барысында Сарапшы Банкпен келісіп, Тапсырыс берушіге есептердің келесі түрлерін ұсынуы тиіс:

1) осы Шартқа қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Бірінші есепті (Zero - Report) ұсыну;

2) ай сайынғы/тоқсан сайынғы негізде – Аралық есептерді (Progress Reports);

3) Жобаны іске асыру аясында салынатын нысандарды пайдалануға беруден кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Ақтық есепті (Final Report) ұсыну.


      1. Келесілер туралы бірден Банкке жазбаша түрде хабарлау:

  1. Жобаны іске асыру мерзімдерін (Келісімшарттарды орындау мерзімдерін) кешіктіруі мүмкін кез келген жағдайлар туралы;

  2. Жобаның Шығындар сметасы бойынша шығындардың асып кетуіне алып келуі мүмкін кез келген жағдайлар туралы;

  3. Тапсырыс берушінің және мердігерлер/жеткізушілер тарапынан Жобаны іске асыру аясында Қазақстан Республикасы заңнамасың, Қаржыландыру шартың анықталған бұзушылықтары.

      1. Қызметтерді Шартқа сәйкес тиісті сапада және уақтылы көрсету;

      2. Шарттың 6-бабында көзделген талаптарға сәйкес өзінің азаматтық-құқықтық (кәсіби) жауапкершілігін сақтандыру;

      3. Банкпен келісілген мерзімде өз есебінен және өз күшімен Шарттың 2.1.6-тармағыа сәйкес Шарт бойынша есептерді дайындау барысында жіберілген барлық қателіктерді, ақауларды және кемшіліктерді жою;

      1. Шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ Шарт бойынша орындалғанның барлығын Банктің жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға бермеу;

      2. Осы Шартты орындау барысында туындаған мүдделер қақтығысы туралы Банкті берден ескерту. Банкке Сарапшының және Тапсырыс берушінің және/немесе мердігердің/қосалқы мердігердің қосылмалығы туралы осындай қосылмалық туындаған сәттен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде Банкке хабаралау;

      3. Шарттың талаптарына сәйкес әзірленген есептерді және өзге құжаттаманы Банктің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс берушіге және өзге тұлғаларға, ұйымдарға бермеу.

      4. Тапсырыс берушіден/мердігерден/қосалқы мердігерден және оның қызметкерлерінен, лауазымды тұлғаларынан (атқарушы орган, бақылау кеңесі, директорлар кеңесі мүшелерінен, акционерлерден) осы Шартпен көзделмеген ақша, сыйлықтар, қызметтер және өзге түрдегі кез келген сыйақы алмау. Осы тыйым салу Қызметтерді көрсетуге қатысатын Сарапшының қызметкерлеріне, мамандарына таралады.

2.2. Сарапшының құқықтары:

      1. Тапсырыс берушіден және Банктен Сарапшымен өзінің Шарт бойынша міндеттерін орындау үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды (бұдан әрі – «Қажетті ақпарат») сұрату. Қажетті ақпаратқа өзгелермен қоса, келесілер кіреді:

1) Құрылыс келісімшарттары, оның ішінде барлық сызбалар, келісімшарттық шоттар, жоспарлар, сипаттамалар, келісімшарттық сомалар талдауы, шарттық баптар, талаптар, ережелер және Құрылыс шартының құрама бөлігі болып табылатын немесе онда сөз етілген өзге құжаттар, бар болған жағдайда;

2) Жоба бойынша барлық мердігерлер мен қосалқы мердігерлер бойынша ақпарат және бар болған жағдайда, олармен келісімшарттар және конкурстық құжаттама;

3) бар болған жағдайда, мемлекеттік сараптамамен бекітілген Жоба бойынша барлық сызбалар мен сипаттамалардың толық пакеті;

4) бар болған жағдайда, бағалары көрсетілген сметалық шығындар;

5) Жоба аясында бекітілген кез келген сатып алу-сату шарттары/келісімдер;

2.2.2. Шартпен белгіленген тәртіпте және талаптарды Тапсырыс берушіден ақы төлеуді талап ету;

2.2.3. Сарапшының міндеттерін орындау үшін Жоба бойынша нысандарға рұқсаттың болуы

2.3. Банктің міндеттері:

2.3.1.Сарапшымен көрсетілген Қызметтер бойынша Банктің талаптарын қанағаттандырған жағдайда, Шарттың 2.1.6-тармағымен көзделген есептерді келісу;

2.3.2. 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Шарттың 2.1.6-тармақшасында көрсетілген құжаттарды қарастырып, артынша Тапсырыс берушіні қарастыру нәтижесі туралы ескерту;

2.3.3. Сарапшының жазбаша сұранысы бойынша Жоба бойынша иеленетін Қажетті ақпаратты ұсыну.



2.4. Банктің құықтары:

2.4.1. Сарапшыдан лайықты сапалы Қызметтерді көрсетуді талап ету;

2.4.2. Сарапшыдан Шарттың талаптарына сәйкес Сарапшымен әзірленген есептерді және өзге құжаттаманы алу;

2.4.3. Шарт бойынша өзінің міндеттерін орындамау немесе тиісті түрде орындамау фактілері анықталған жағдайда, атқарушылар құрамын (Project team) өзгеруді Сарапшыдан талап ету;

2.4.4. Қызметтер көлеміне (№1 қосымшаға сәйкес Техникалық тапсырма) өзгертулер енгізуді талап ету;

2.4.5. Сарапшымен есептерді әзірлеу барысында жіберілген барлық қателіктерді, кемшіліктер мен ақауларды жоймау жағдайында, Шарттың 5-бабы 5.5-т. ескере отырып, Сарапшының және Тапсырыс берушінің мекенжайынша 1 (бір) күнтізбелік ай бұрын тиісті ескерту жолдап, бір жақты тәртіпте Шартты бұзу;

2.4.6. Тапсырыс беруші Шарт бойынша өзінің міндеттерін орындамаған және/немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда, Тапсырыс берушіге қатысты Қаржыландыру шартымен көзделген жауапкершілікті қолдану;

2.4.7. Осы Шарттың 2.1.6-тармағына сәйкес Сарапшымен жасалған ескерткулерді Тапсырыс берушіге хабарлау;

2.4.8. Тапсырыс берушіден Шарт бойынша жүргізілген төлемдердің растауын талап ету.

2.5. Тапсырыс берушінің міндеттері:

2.5.1. Осы Шарттың 2.16-тармағымен көзделген Банкпен келісілген есептердің негізінде актті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілген қызметтер актісіне қол қою;

2.5.2. Қаржы шартымен және осы Шартпен көзделген талаптарға сәйкес Сарапшымен осы Шарт бойынша көрсетілген Қызметтердің ақысын төлеп, төлемнің жүргізілуін растаушы құжаттарды Банкке ұсыну;

2.5.3. Сарапшының сұранысы бойынша ол иеленетін барлық Қаржетті ақпаратты ұсыну;

2.5.4. Сарапшы мен оның өкілдеріне Сарапшының міндеттерін орындау үшін нысанға рұқсатты қамтамасыз ету;

2.5.5. Сарапшымен осы Шарттың 2.1.4-тармағында көрсетілген құжаттар бөлігінде қандай да бір сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, оларды жоюға бағытталған мүмкін/қажетті шараларды, іс-шараларды қабылдау және артынша, Банкті қабылданған/қабылданып жатқан шаралар туралы ескерту;

2.5.6. Осы Шарттың орындау барысында туындаған мүдделер қақтығысы туралы Банкті бірден ескерту. Банкке Сарапшының және Тапсырыс берушінің және/немесе мердігердің/қосалқы мердігердің қосылмалығы туралы осындай қосылмалық туындаған сәттен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде Банкке хабаралау;

2.5.7. Сарапшымен осы Шарттың талаптарын сақтамау жағдайында, Банктің талап етуі бойынша Шартты бұзу;

2.5.8. Банктің талап етуі бойынша Шарттың 2.1.6-тармағына сәйкес Сарапшымен ұсынылған есептерден көрсетілген ескертулерді жою.

2.6. Тапсырыс берушінің құқықтары:

2.6.1. Сарапшымен Шарттың талаптарына сәйкес әзірленген есептер мен өзге құжаттаманы Банкпен келісілгеннен кейін Сарапшыдан алу;

2.6.2. Сарапшыдан Шарттың талаптарына сәйкес тиісті сападағы Қызметтердің көрсетілуін талап ету.
3. Қызметтердің құны және есептесу тәртібі

3.1. Шартқа қол қою күніндегі Сарапшы Қызметінің жалпы құны ҚҚС қоса есептегенде ____________ (________________) теңгені құрайды, оның ішінде ҚҚС _____________ (________________) теңге (бұдан әрі – Шарт бағасы). Жоба бойынша Шығындар сметасы өзгертілген жағдайда, Шарттың бағасы өзгермейді.

3.2. Шарттың бағасына Сарапшының барлық шығындары, оның ішінде келесілерді қоса, бірақ мұнымен шектелмей: іссапарлық шығындар, сақтандыру бойынша шығындар, алымдар, салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ Сарапшының шалдығатын және Шарт бойынша Қызметтерді лайықты түрде көрсету үшін қажетті өзге ілеспе шығындарын қамтиды.

3.3. Шарттың бағасы Сарапшыға Тапсырыс берушінің шотынан Сарапшының шотына төмендегі тәртіппен аудару арқылы төленеді:

3.3.1. Шартқа қол қойған күннен бастап 5 (бес) банк күні ішінде Шарт бағасының 15%-ы мөлшерінде (_________________________) теңге ҚҚС қосқанда _____________ (_____________________________) теңгені құрайтын алғытөлем;

3.3.2. Шарт құнының 75%-ын Тапсырыс беруші Сарапшымен тиісті шот-фактура түпнұсқасын ұсынған күннен бастап 5 (бес) банктік күн ішінде Тараптармен қол қойылған Шарт бойынша аралық көрсетілген қызметтер актісінің негізінде 15% алғытөлемді пропорционалды ұстап қалып, ай сайын/тоқсан сайын төлейді.

3.3.3.Төлемінің 10% көлеміндегі қалдығы Тапсырыс берушімен Тараптармен қол қойылған Шарт бойынша ақтық көрсетілген қызметтер актісінің негізінде Сарапшымен тиісті шоттың нұсқасын және ақтық шотты ұсыну күнінен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде төленеді.
4. Көрсетілген Қызметтерді тапсыру және қабылдау тәртібі

4.1. Көрсетілген Қызметтерді қабылдау және бағалау Техникалық тапсырма (Шартқа №1 қосымша) талаптарына сәйкес анықталады.

4.2. Шартты жеке орындау кезеңдерінде және ол аяқталғаннан кейін Сарапшымен Банкке тапсыруға және ресімдеуге жататын құжаттама тізімі Техникалық тапсырмамен анықталады (Шартқа №1 қосымша).

4.3. Шарттың 2.1.6-т. 1), 2)-тармақшаларымен көзделген Банкпен келісілген есептердің негізінде Тараптармен аралық көрсетілген қызметтер актілеріне қол қойылады. Банкпен Шарттың 2.1.6-т. 3) тармақшасымен көзделген Банкпен келісілген есептің негізінде Тараптармен ақтық көрсетілген қызметтер актісіне қол қойылады.


5. Тараптардың жауапкершілігі

5.1. Шарттың 2.1.4-т. көрсетілген есептерді уақтылы ұсынбаған жағдайда, сондай-ақ Шарттың 2.1.10-т. сәйкес есептерді дайындау барысында жол берілген барлық қателіктер, кемшіліктер мен ақауларды жоюды кешіктірген және/немесе жоймаған жағайда, Сарапшы әрбір кешіктірілген күн үшін Шарт бағасының 0,1% (нөл бүтін оннан бір пайызы көлемінде), бірақ Шарт бағасының 20%-нан аспайтын үстемақыны Тапсырыс берушіге төлейді.

5.2. Тапсырыс беруші Шарт бойынша Қызметтердің ақысын уақтылы төлемеген жағдайда, Тапсырыс беруші әрбір кешіктірілген күн үшін Шарт бағасының 0,1% (нөл бүтін оннан бір пайызы көлемінде), бірақ Шарт бағасының 20%-нан аспайтын үстемақыны Сарапшыға төлейді.

5.3. Сарапшы онымен Шарт бойынша өзінің міндеттерін орындамағаны/тиісті түрде орындамағаны салдарынан Тапсырыс берушіге келтірілген залалды толық көлемде өтейді.

5.4. Тараптардың ешбірі жауап бермейтін жағдайлар (форс-мажор) туындағанда Тараптар өздерінің әрекеттерінде Қазақстан Республикасының заңнамасын және Шарттың 8-бабын басшылыққа алады.

5.5. Сарапшымен Шарттың 2.1.10-тармағында көзделген мерзімде есептерді дайындау барысындағы барлық қателіктерді, кемшіліктерді және ақауларды түзетпеген жағдайда, Бан бір жақты тәртіпте Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте, Сарапшы Шарттың 3.3.1-тармақшасымен көзделген алдын ала төлем сомасынан Банкпен келісілген және Тапсырыс берушімен және көрсетілген қызметтер актілерімен қабылданған лайықты сападағы көрсетілген қызметтердің құны алынып тасталған соманы қайтарады және осы баптың 5.1-тармағына сәйкес есептелген тұрақсыздық айыбын төлейді.

5.6. Осы баппен белгіленген өсімпұлды төлеу Тараптарды Шарт бойынша міндеттерін орындаудан босатпайды. Шарт бойынша міндеттерін орындау мерзімін бұзғаны үшін өсімпұл міндеттерді орындаудың белгіленген күнінен кейінгі күннен бастап оны нақты орындау күнін қоса алғандағы күнге дейін есептеледі.

5.7. Тапсырыс беруші Шарт бойынша өзінің міндеттерін бұзған жағдайда, Тапсырыс беруші Қаржыландыру шартымен көзделген жауапкершілікті иеленеді.


6. Сарапшының кәсіби жауапкершілігін сақтандыру

6.1. Сарапшы өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға міндетті. Сарапшының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру кез келген сақтандыру оқиғасынан шығатын жағдай немесе бірқатар жағдайлар үшін _____________ (______________________) теңге сомасына, Шарттың күшіне ену күнінен бастап Мемлекеттік қабылдау комиссиясы актісіне қол қойған күннен __ (____) жыл өткенге дейін әрекет ету мерзімімен іске асырылады.

6.2. Сарапшымен Шарт бойынша өзінің міндеттерін орындамау және/немесі тиісті түрде орындамау нәтижесінде Банкте залал туындауы сақтандыру жағдайы болып табылады.

6.3. Сақтандыру Шартқа №2 қосымшаға сәйкес Банктің талаптарына жауап беретін сақтандыру компаниясымен (бұдан әрі – Сақтандырушы) іске асырылады.

6.4. Сарапшы мен Сақтандыру арасында бекітілген сақтандыру шарты бойынша пайда алушы Банк болып табылады, бұл ретте, Банк Тапсырыс берушінің пайдасына пайда алушының құқықтарынан бас тартуға құқылы.

6.5. Сарапшы Банкке Банктің пайдасына жауапкершілікті сақтандыруды растаушы барлық тиісті сақтандыру құжаттарын ұсынуы тиіс.

6.6. Сарапшы мен Сақтандыруша арасында бекітілген сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің пайда алушымен алынатын сомасы сақтандыру жағдайы туындаған күндегі бағам айырмасын ескере отырып, Шарттың 6.1-тармағында көрсетілген сомадан төмен болмауы тиіс.

6.7. Сақтандыру полисі және/немесе сақтандыру шарты Шарттың 6.1-тармағында көрсетілген әрекет ету мерзімінен кем емес мерзімге жазылады/бекітіледі, бұл ретте, сақтандыру полисі және/немесе сақтандыру шарты Сарапшы артынша Шарттың бүкіл әрекет ету мерзімі ішінде әрбір кезекті сақтандыру полисін және/немесе сақтандыру шартын әрекет етуші сақтандыруу шарты мен сақтандыру полисінің аяқталу күнінен 10 (он) жұмыс күні бұрын ұсыну арқылы Шарттың 6-бабына сәйкес үздіксіз сақтандыруды төлеуді қамтамасыз етуге міндеттенген жағдайда, одан кем ұзақтыққа жазыла/бекітіле алады.

6.8. Сақтандыру полисін және/немесе сақтандыру шартын ұсыну мерзімі Шарт күшіне енген сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды.

7. Құпиялық және ақпаратты жариялау


7.1. Тараптар осымен Шартты орындау барысында Сарапшыға Банктің және/немесе Қарыз алушының банк немесе коммерциялық құпиясы болып табылатын мәліметтер берілуі мүмкін екеніне келіседі. Осыған байланысты банк заңнамасына сәйкес Тараптар осы келісім шот/мүлік иесінің оның жеке қатысуымен банкте берген жазбаша келісімі екенін растайды.

7.2. Тараптар екінші Тараптан алынған қаржылық, коммерциялық және көпшілікке белігі емес өзге ақпараттың (бұдан әрі – Құпия ақпарат) құпиялығын сақтауға міндеттенеді.

7.3. Құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беру тек екінші Тараптың жазбаша келісімімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен және/немесе мұндай ақпаратты алуға өзге қолданылатын құқықпен уәкілетті органдардың және лауазымды тұлғалардың талабы бойынша рұқсат етіледі.

7.4. Шарттың осы бабымен белгіленген Құпиялық туралы ережелер келесі жағдайларға таралмайды:

(а) Банкпен Шарт бойынша құқықты беру;

(ә) Банк Жоба бойынша қажетті ақпаратты акционерлерге/акционерге/Банк акцияларын сенімді басқарушыға/Банктің еншілес ұйымдарына берге жағдайда;

(б) Банк қажетті ақпаратты олармен бекітілген құпиялық туралы келісім шеңберінде үшінші тұлғаларға (сыртқы кеңес берушілерге, аудиторларға, мемлекеттік органдарға, берешекті өндіру қызметтерін көрсететін тұлғаларға және т.б.) берген жағдайда.
8. Форс-мажор

8.1. Лайықты түрде орындау еңсерілмейтін күш жағдайларының, нақты айтқанда: табиғат апаттары, әскери қызметтер, Қазақстан Республикасы уәкілетті органының тыйым салу сипатындағы актінің, уәкілетті органның жарлығын шығару салдарынан болып, бұл жағдайлар тікелей Шарттың орындауына әсер етсе, Тараптар Шарт бойынша міндеттерін ішінара немесе толық орындамауы үшін жауапкершіліктен босатылады. Еңсерілмейтін күш жағдайларының тізімі толық болып табылмайды.

8.2. Шарттың 8.1-тармағында көрсетілген еңсерілмейтін күш жағдайларының салдарынан міндеттерін орындау мүмкін болмаған Тарап олар туындаған сәттен бастап 3 (үш) күннен кешіктірмей жазбаша түрде екінші Тарапты ескертуі тиіс. Ескертуде еңсерілмейтін күш жағдайларының сипаттамасы, олар туындаған күн, олардың болжамды аяқталу күні, сондай-ақ еңсерілмейтін күш жағдайы мен міндеттерді орындамау арасында себептік байланыстың дәлелі көрсетілуі тиіс. Еңсерілмейтін күш жағдайлары болуының лайықты түрдегі растауы уәкілетті органмен/ұйыммен берілген құжат болады.

8.3. Ескертпеу, тиісті түрде ескертпеу немесе еңсерілмейтін күш жағдайлары мен міндеттерді орындамау арасында себептік байланыстың болмауы, Тарапты жоғарыда көрсетілген кез келген жағдайға міндеттерді орындамау немесе тиісті түрде орындамау үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретін сілтеме жасау құқығынан айырады.

8.4. Егер еңсерілмейтін күшті жағдайлар бір айдан артық әрекет ететін болса, Тараптардың кез келгені міндетті түрде 10 (он) жұмыс күні ішінде өзара есептесуді жүргізіп, Шартты бір жақты тәртіпте бұза алады.
9. Шарттың әрекет ету, өзгерту және толықтыру мерзімі

9.1. Шарт оған Тараптармен қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және Тараптармен Шарт бойынша міндеттерін толық орындағанға дейін әрекет етеді.



9.2. Шарттың ережелері өзгертілуі және/немесе толықтырыла алады. Жазбаша түрде әзірленген және Тараптардың уәкілетті өкілдерімен қол қойылған өзгертулер мен толықтырулар ғана жарамды және міндетті болып танылады.
10. Қосымша талаптар





    1. Шартты орындауға байланысты даулар туындаған жағдайда, Тараптардың кез келгені оларды келіссөздер арқылы шешу үшін барлық күшін жұмсайды.

    2. Дауларды келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда, даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Банктің орналасқан орнындағы сотта шешілуге жатады.

    3. Сарапшының Сарапшымен Шарт бойынша өзінің міндеттерін орындау кезінде алынған ақпаратты осы құжаттар Сарапшымен алынған мақсаттардан басқа, өзге мақсаттарда пайдалануға құқығы жоқ.

    4. Тараптармен Шарттың шеңберінде жолданатын корреспонденция жазбаша түрде (фирмалық бланкіде, уәкілетті тұлғалардың қолы қойылған, мөрмен бекітілген және электронды түрде мәтіндік форматта) жолданады және Тараптармен корреспонденцияны алған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

    5. Корреспонденция Тараптардың деректемелерде көрсетілген мекенжайларына жолданады. Тараптардың кез келгенінің мекенжайы және деректемелері өзгерген жағдайда, тиісті Тарап мекенжайы мен деректемелері өзгерген сәттен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде жазбаша түрде екінші Тарапты ескертуге міндетті. Мұндай ескерту болмаған жағдайда, Шартта көрсетілген мекенжайлар мен деректемелерге жолданған корреспонденция тиісті түрде алынған болып саналады.

    6. Шартпен реттелмеген Тараптардың қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының тәртібінде және ережелері бойынша реттеледі.

    7. Шартқа барлық қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып саналады.

    8. Шарт орыс тілінде 4 нұсқада әзірленген, бір нұсқасы – Сарапшыға, біреуі – Тапсырыс берушіге және екеуі – Банкке.

    9. Тараптардың бірі таратылған жағдайда, Шарт бойынша құқықтар мен міндеттер тоқтатылмайды және Тараптардың құқық мұрагерлеріне өтеді.



Тараптардың деректемелері және қолдары:
Банк
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ»




Сарапшы

« АҚ/ЖШС



Тапсырыс беруші

АҚ/ЖШС

________________

Банктен

_______________________

Сарапшыдан

_______________________

Тапсырыс берушіден

 



2013 жылдың «___»_________№_____

Жоба бойынша шығындарды басқару және мониторинг

қызметтерін ақылы көрсету шартына
№ 1 қосымша


Қызметтер көлемі (Техникалық тапсырма)

  1. Қызметтер көлемі

Жоба бойынша шығындарды басқару және мониторинг қызметтеріне келесілер кіреді:
(а) Шығындар сметасы, сондай-ақ Келісімшарттардың барлық тараптарының қызметтері мен міндеттерін анықтау бойынша ұсыныстар жасау;

(b) Жоба бойынша жеткізушілермен, мердігерлермен және қосалқы мердігерлермен бекітілген Шарт талаптарын, сондай-ақ мұндай Шарттарға кез келген қосымшалар, өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы заңнамасына, Жоба бойынша Шығындар сметасына және Қаржыландыру шартының талаптарына сәйкестікке тексеру;

(c) Құрылыс келісімшартына сәйкес Жобамен байланысты кез келген құжаттарды тексеруге басқалармен қатар, келесілер кіреді:


  1. Жобалық-сметалық құжаттама;

  2. Техникалық сипаттама;

  3. кестелер;

  4. белгіленген тәртіпте мемлекеттік сәулет-құрылыс қадағалауы мен бақылауын іске асыратын органдардың құрылыс-монтаждау жұмыстарын өткізу туралы ескертуі;

  5. кез келген өзге рұқсат құжаты;

(d) Келесілермен байланысты кез келген бағдарламаларды тексеру:

  1. Жоба бойынша жобалаумен;

  2. Жоба бойынша құрылыспен.

(e) Сарапшының пікірінше, Шарттың құнына немесе нарықтық өтімділігіне кері әсер етуі мүмкін осы №1 қосымша 1.1-тармағының b)-d) тармақшаларында жоғарыда көрсетілген құжаттарға қосымшалар, сондай-ақ өзгертулер мен толықтырулар туралы ескерту;

(f) Тапсырыс берушінің бекітілген Ережелеріне сәйкес сатып алуды жүргізуді және оларға сәйкес Жобаны іске асыру үшін мердігерді таңдауды тексеру;

(g) Бар болған жағдайда, Жоба бойынша құрылыс жұмыстарының шекті мөлшерлемесінің баға құрудың жалпы деңгейін тексереді және түсіндіреді;

(h) Жобамен байланысты барлық рәсімдерді тексереді және олардың Шартқа сәйкестігін қамтамасыз ету үшін қажетті қайта қаралған рәсімдер бойынша ұсыныстар жасайды, Толық аяқталу уақтылы болуын бақылау;

(i) Орынды болған жағдайда, Жоба бойынша шығындарды басқару үдерісіне өзгертулер енгізу ұсынылады;

(j) Қажет болса, ай сайынғы/тоқсан сайынғы жазбаша есептерде Жобамен байланысты әлеуетті тәуекелдерге қатысты өзінің ескертулерін және мұндай тәуекелдерді төмендету бойынша кез келген ұсынылған шараларды көрсету;

(k) Жоба бойынша жүргізілген төлемдердің ай сайынғы бағалауын жүргізу және Шығындар сметасына сәйкес Жоба бойынша төлемдерді тиісті түрде қолдану/пайдаланудың растауын ұсыну;

(l) Жоба аясында Тапсырыс берушімен және оның мердігерімен әзірленетін болашақтағы барлық сатып алу келісімшарттары мен өзге келісімшарттар туралы жазбаша есепті әзірлеу және шолу;

(m) Жобаның қаржылық басқаруын бақылауды іске асыру. Жобаны іске асыруды бақылау және ай сайын Шығындар сметасы бойынша артық материалдық шығындалу болмағанының жазбаша растауын ұсыну.

1.1. Келесі есептерді ұсынуға міндеттенеді:



  1. Шартты бекіткен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде Алғашқы есеп (Zero Report);

  2. Есептілік кезең аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде ай сайын/тоқсан сайын Аралық есептер (Progress Reports);

  3. Жобаны іске асыру аясында салынатын нысандарды пайдалануға беруден кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Ақтық есеп (Final Report);

  4. Есепке Сарапшымен Шарт бойынша өзінің міндеттерін орындауды растаушы фото және бейнематериалдар тіркеледі;

  5. Барлық есептер және оларға қосымшалар қағаз және электрондық тасымалдауышта ұсынылады.

2. Есептердің мазмұны

2.1. Zero Report мазмұны

  1. Жобаны іске асыруға шығындар сомасын, оның ішінде Шығындар сметасын, жердің, техникалық талаптар, топографиялық және жобалық жұмыстардың құнын, жүкқұжаттар мен басқару шығындарын, жабдық құнын тексеру;

  2. Жобалық, құрылыс-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарының, жабдық пен материалдарды жеткізу және белгіленген мерзімдердің жобаны іске асыру үшін жеткіліктілігі туралы қорытынды беру бөлігінде құрылыстың күнтізбелік жоспар-кестесін талдау;

  3. Жобалық-сметалық құжаттаманың бар болуы мен толықтығын тексеру;

  4. Бас мердігерде, қосалқы мердігерде, бас жобалаушыда қызметті іске асыру үшін қажетті рұқсат құжаттама мен лицензияның бар болуын тексеру және жаңарту;

  5. Меншік қаражатты және өзге қаржыландыру көздерінен қаражатты (бар болған жағдайда), яғни осы Шартты бекітуге дейін Жобаны іске асыруға жұмсалған тарихи шығындардың талдауы және растауы;

  6. Нақты орындалған жұмыс көлемі мен құрамының (бар болған жағдайда), олардың орындалған жұмыстар актілеріне және осы Шартты бекіту сәтіне дейін Жобаны іске асыруға жұмсалған тарихи шығындар бойынша жобалық құжаттамаға сәйкестігін куәландыруды жүргізу;

  7. Есепте жалпы қорытындылар, ескертулер және оларды жою шаралары көрсетілуі тиіс.

2.2 Progress Reports мазмұны

  1. Жұмысты атқарушыда онымен қолданылатын материалдардың, бұйымдар мен жабдықтың сапасы туралы құжаттардың, кіріс бақылауы мен зертханалық сынақтың құжатталған нәтижелерінің, құрылыс материалды сапасын бақылаудың болуын тексеру;

  2. Жұмысты атқарушымен қолданылатын материалдарды, бұйымдар мен жабдықты қоймалау және сақтау ережелерін сақтауды бақылау;

  3. Жұмыстарды атқарушымен атқарушы техникалық құжаттаманы жүргізудің, оның ішінде құрылымдық элементтер орналасуының нақтылығын таңдаулы тексерумен орындалған құрылыстардың геодезиялық атқарушы сызбалардың дұрыстығын бағалаудың бар болуын және дұрыстығын қадағалау;

  4. Құрылыс барысында анықталған жобалық құжаттаманың ақауларын жоюды бақылау, ақауы бар құжаттаманы жобалаушыға құжаттандырылған қайтару, жөнделген құжаттаманы бақылау және құжаттамамен қабылдау, оны жұмыстың атқарушысына беру;

  5. Жұмысты атқарушымен мемлекеттік бақылау және жергілікті өзін өзі басқару органдарының жарлықтарын орындауды қадағалау;

  6. Жобалық, құрылыс-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстары, жабдық пен материалдарды жеткізу бөлігінде күнтізбелік жоспар-кестенің орындалуын қадағалау;

  7. Инженерлік құрылыстарды, жүріс жолдарын, инженерлік жүйелерді және инфрақұрылымдық нысандардың құрылысын бақылау;

  8. Туындайтын қосымша құрылыс жұмыстарының көлемін тексеру және олардың қателігі мен құнын растау;

  9. Жобаның жоспарланған көрсеткіштерден теріс немесе оң ауытқуына және қарыз қаражатын өтеудің мерзімін өзгертуге алып келуі мүмкін техникалық факторларды анықтау;

  10. Қарыз қаражатының жобалық, құрылыс-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарына, жабдық пен материалдарды жеткізуге нысаналы пайдалануын тексеру;

  11. Шығындар сметасына сәйкес қаржыландыру үшін қажетті қаражаттың (меншік, қарыз) бар болуын тексеру және Тапсырыс берушінің меншік қаражатын және Шығындар сметасына сәйкес өзге қаржыландыру көздерінен қаражатты жұмсау айғағын растау;

  12. Жоба бойынша сметалық (жоспарлы) және нақты шығындардың сәйкестігін тексеру. Сәйкессіздіктер жағдайында, себептердің талдауы жүргізіледі;

  13. Құрылыс кестесеміне анықталған күнтізбелік кезең үшін нақты орындалған жұмыстар құрамы мен көлемін орындалған жұмыстар актілеріне және жобалық құжаттамаға сәйкестігін куәландыруды жүргізу;

  14. Құрылыс кезінде қолданылатын материалдар мен жабдықты қолдану үшін көзделген құнның шынайылығын тексеру;

  15. Есептілік құжаттаманың сараптамасы: есептеудің дұрыстығын және Орындалған жұмыстар актісінде бағалардың, коэффициенттердің, қайта есептеу индекстерінің, жүкқұжат шығындарының нормаларын, жанама шығындарды, сметалық табысты және т.с.с. қолдануды нормативтік және сметалық құжаттарға сәйкестігін тексеру;

  16. Мердігермен орындалған және төлем жүргізуге ұсынылған жұмыстар мен қызметтердің көлемі мен құнының шарттық (келісімшарттық) талаптарға сәйкестігін қадағалау;

  17. Құрылыс-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарын орындау және қабылдау кезінде анықталған кемшіліктер мен ақауларды жоюды қадағалау;

  18. Есепте жалпы қорытындылар, ескертулер және оларды жою шаралары көрсетілуі тиіс.

2.3. Final Report мазмұны

  1. Жобаны іске асыруға нақты шығындарды (оның ішінде Тапсырыс берушінің меншік шығындары) Жобаның сметасымен салыстырып талдау, ауытқу себептерін көрсету;

  2. Жоба бойынша техникалық-экономикалық негіздемеде көзделген жұмыс көлемімен салыстырғанда нақты орындалған жұмыстар көлемін талдау, ауытқу себептері;

  3. Құрылысы аяқталған нысанның заңнама, жобалық және нормативтік құжаттама талаптарына сәйкестігінің (жұмысты орындаушымен бірлесе отырып) қорытынды бағасын.

Тараптардың қолдары:

Банктен

Сарапшыдан:

Тапсырыс берушіден:

_________________

___________________

____________________

2013 жылдың «___»_________№_____

Жоба бойынша шығындарды басқару және мониторинг

қызметтерін ақылы көрсету шартына
№ 2 қосымша


Сақтандыру компанияларына қойылатын талаптардың тізімі:

  1. Меншік капиталының көлемі кемінде _____________________ теңге.

  2. Уәкілетті органмен берілген Сақтандыру қызметін іске асыру құқығына әрекет етуші лицензия.

  3. Сақтандыру компаниясын қарастыру (мониторинг) сәтіне дейін соңғы 12 ай ішіндегі жағдайда бойынша төрт және одан артық ай бойы уәкілетті органмен бекітілген пуденциал нормативтерін бұзу фактісінің болмауы.

  4. Сақтандыру нарығында кемінде үш жыл әрекет ету.

  5. Соңғы 3 жылда уәкілетті органмен лицензияны тоқтату фактісінің болмауы.

  6. Қарыз сомасы 10 млн. АҚШ долл. (немесе теңгемен баламасы) асатын Банк жобалары бойынша «Moody’s Investors Service» -  «А3»; «Standard&Poors»  - «А-.»; «Fitch» - «А-.»; «А.М. Веst» - «a-.» жоғары сақтандыру тәуекелдерін қабылдайтын ҚР резиденті емес қайта сақтандыру ұйымының қаржылық сенімділігінің ең төменгі рейтингін иеленетін қайта сақтандыру ұйымында қайта сақтандыру және тәуекелдерді қайта сақтандыру фактісін растауды ұсыну.

  7. Қарыз сомасы _______________ АҚШ долл. (немесе теңгемен баламасы) асатын Банк жобалары бойынша Қазақстан Республикасының ерікті рейтингінен жоғары ҚР резиденті емес қайта сақтандыру ұйымының қаржылық сенімділігінің ең төменгі рейтингін иеленетін қайта сақтандыру ұйымында қайта сақтандыру және тәуекелдерді қайта сақтандыру фактісін растауды ұсыну.

  8. Міндетті сақтандыру санаты бойынша соңғы есептілік жыл үшін сыйлықақы түсімінің үлесі 70%-дан аспауы тиіс.

Тараптардың қолдары:

Банктен

Сарапшыдан:

Тапсырыс берушіден:

_________________

___________________

____________________


2013 жылдың «___»_________№_____

Жоба бойынша шығындарды басқару және мониторинг

қызметтерін ақылы көрсету шартына
№ 3 қосымша


Шығ. хатының күні және №

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ

Осымен «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк), Сарапшы және ___ (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) арасында бекітілген 201_ жылдың «__»___________ №__________ Жоба бойынша шығындарды басқару және мониторинг қызметтерін ақылы көрсету шарт бойынша өзінің міндеттерін орындау шеңберінде Сарапшы (компанияның толық ресми атауын көрсету) Банкке келесілерді растайды/растамайды (қажеттісін көрсету):



  • _____ (бұдан әрі – Мердігер) тіркелген құжатқа (-тарға) сәйкес (келісімшарт/шарт талаптарымен көзделген құжатты құжаттың деректемелерін көрсете отырып, көрсету) ___ АҚШ доллары/Теңге көлеміндегі орындалған жұмыстар/қызметтер жабдықты жеткізу Жобаға және келісімшарттың/шарттың талаптарына сәйкес тиісті түрде іске асырылды.



  • Жоғарыда көрсетілген құжаттар Жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттамаға және Мердігер мен Тапсырыс беруші арасында бекітілген 20__жылдың ____ келісімшарттың/шарттың талаптарына сәйкес келеді.

______________________________ қол қоюға уәкілетті Сарапшы өкілінің аты-жөні, лауазымы

Жоба бойынша шығындарды басқару және мониторинг қызметін ақылы көрсету шартына



Келісу парағы


Лауазымы

Аты-жөні

Келісу нәтижесі (ескертулермен, ескертулерсіз)

Қолы

Әділет департаментінің директоры

Досмухамбетов Н.М.







Несие тәуекелдер департаментінің директоры

Дуспаев Р.О.







№1 Жобалық дирекция басшысы

Есенбаева Б.А.







№2 Жобалық дирекция басшысы

Арстан А.А.







№3 Жобалық дирекция басшысы

Саркулов А.С.







№4 Жобалық дирекция басшысы

Имашев Т.С.







Комплаенс қызметі

Турганбаев Б.М.







Техникалық талдау және сатып алу басқармасының басшысы

Абулкасов А.С







Қаржы департаментінің директоры

Мамекова С.М.







Бизнес-үдерістер департаментінің директоры

Жамбакин А.С.










Каталог: upload -> files
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Ұлттар жіктеуіші
files -> Деректі фильмнің беташары
files -> Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты
files -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама «Сұйық отын және аи-92 жанар жағар майын сатып алу»
files -> Жоба сайлау учаскелерін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет