Жоғары мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формалары



Дата24.04.2020
өлшемі21.68 Kb.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті


Жоғары мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формалары

Орындаған: Ерғалиқызы Ә.

Тексерген: Асылбекова М.П.
Нұр-Сұлтан – 2020

Оқытуды ұйымдастырудың формасы мұғалім мен оқушылардың арнайы ұйымдастырып белгіленген іс-әрекеттері. Оқыту формаларының бірте-бірте өзгеруі мұғаліммен оқушылардың іс-әрекеттерінің, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығының және үдемелі ғылыми-техниканың өзгеруіне байланысты болады. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында , оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке-дара, топтық және сынып –сабақ жүйесі. Топтық және жеке –дара оқытудың әртүрлі үйлесуімен оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дәрежесінің әртүрлілігімен мұғалімдердің тарапынан олардың оқуына түрліше басшылық жасау тәсілдерімен сипатталады.

Оқытуды ұйымдастырудың формасы бұл – оқушы мен оқытушының бірлескен қызметінің сырттай көрініс беруі. Оқытудың ұйымдастыру формалары дидактикалық жүйелердің дамуымен байланысты пайда болып дамып отырады.

Жекелеп оқыту жүйесі көне және орта ғасырда пайдаланылды. Мұғалім жеке оқушының жаттығу жұмыстарын тексеріп, мәтінді оқытып, тыңдайды, қалай оқу керектігін түсіндіріп, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететін.

Қазіргі кездегі мектептерде оқыту сынып-сабақ деп аталатын жүйе бойынша ұйымдастырылады.Оның ішінде сыныптық деп аталуы мектептердің барлық оқушылары жас шамаларымен білім деңгейіне қарай жеке сыныптарға топтастырылады, яғни оқушылардың тұрақты құрамы болады. Сабақтық деп аталуы әр пән бойынша оқу курсын бірқатар жеке топтаулармен топтастыруға, ал тараумен тақырыптың біркелкі және бірізді түрде бөлінген сабақтарға бөлінеді.

Сабақтан басқа қазіргі кезде оқытуды ұйымдастырудың сыныптан тыс жұмыстар, оқу топ саяхаттары, практикумдар, факультативтер, семинарлар қолданылады. Оқытудың бұл формасы да күн кестесіне енгізіліп сабақ сияқты өткізіледі. Қазіргі сабақ оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде мектептердің алда тұрған міндет-мақсаттарды көздейді.

Оқытуды ұйымдастыру формалары оның ішінде сабақ мектептерге бірден келген жоқ, оның өзіндік даму тарихы бар. Оқытудың жеке дара топтық жүйелері, оқытудың анағұрлым ерте тараған қолданылған жүйе. Ол топтап оқытудың алғы кезеңінде қалыптасты.

Орта ғасырларда шіркеу, рыцарлық мектептерде қолданылды. Оқытудың бұл жүйесі жылдың кез келген уақытында мектептерге, әр түрлі жастағы оқушылар қабылдана береді. Оқушылар топ болғанымен оқыту жеке дара жүргізіледі, яғни мұғалім әрбір оқушыға жеке тапсырма беріп, кейіннен оны сұрап отырады. Оқыту әдістемесі тым қарапайым, оқыту нәтижесі мәнсіз болады. Сондықтан олар білім беру мәселелері жөнінде талаптардан төмен дәрежесіне сай.

Бұрын қазақ еліндегі молдалардың балаларды оқытуы да осы орта ғасырлық оқу жүйесіне өте ұқсас еді. Әр жастағы балалар молданың алдында жүгініп, әр кітаптан оқыған.

Оқытудың бұқаралық болмауынан белгілі бір кезде оқытудың бұл жүйесіне төзуге тура келді. Оның ғылыммен техниканың дамуы өмірде болып жатқан өзгерістер кең көлемде білім беруде, яғни түрлі салаларда білім қажет болғанда бұл жүйе жарамсыз болып қалады. Оқытуды ұйымдастырудың жалпы формасына ұжымдық, топтық, жұп және дербес формалар жатады. Барлық мұғалімдердің барынша күшті, қабілетті барлығын жұмылдыра тарта және қызықтыра білетін педагогикалық құралы балалар ұжымы. Ол балаларды оқытудың ұжымдық мәні әрбір балаларды оқытады, тәрбиелейді.

Оқытуды ұйымдастырудың топтық формасы сабақ барысында сыныптағы оқушылар бірнеше топқа бөлінеді. Әрбір топта 4-5 оқушы болады. Оқушылар белгілі оқу тапсырмаларын орындайды. Топтық жұмыс қортындысы ұжымдық түрде талқыланады. Сабақтарда жұмыстардың мұндай формасы оқушылардың өзара әрекеттесу тәсілдеріне себепші болады. Мысалы, олар топтық дистанция, ынтымақтастық, өзара жәрдем, өзара түсінісу т.б.

Оқытудың дербес формасын ұйымдастырудың өте құнды түрі бағдарламалап және компютерлендіріліп оқыту. Сыныптағы әрбір оқушыға дербес оқып зерттеуге тапсырмалар беруге болады. Бұл өз бетімен іздендіру жұмыстарын, болымды формалары. Әрбір оқушы тақырып бойынша әдебиеттерді, материалдарды пайдаланып, танысып жоспарға сәйкес орындайды. Олардың негізінде оқу семинарларында өз пікірлерін айтады. Оқушылардың өз бетімен орындаған жұмыстарын, білімдерін терең игеруге мүмкіншілік туғызады, ол жеке адамның құнды қасиеттерін, өзінің түпкі ойына жету мақсатын қалыптастырады.

Оқыту формасын таңдап алу.

1-ден, оқу-тәрбие жұмысын міндеттеріне;

2-ден, оқу материалының көлемі мен күрделілігіне;

3-ден, сыныптағы оқушылардың оқу мүмкіншіліктеріне байланысты.

Қазіргі педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, жиірек қолданылып, практикаға енуде. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте: «Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы» делінсе, Б.Т. Лихачев педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді. Ал, технологиялық үрдісті нақты педаогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым дейді.

ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология – бүкіл оқыту үрдісі мен білімді техникалық және адам ресурсын олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңтайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі. М.В. Кларин «Педагогикалық технология – бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті», - деп жазады. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің докторанты Ш.Т. Таубаева және Б.Т. Барсайдың пікірлерінше, педагогикалық үрдіс технологиясы дегеніміз мақсат-мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, форма, әдіс-амалдарының, дидактикалық талаптарының психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі әсер етумен қатар, педагогиканы нақты ғылымға жақындату, мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижелігіне, жинақтылығынаұтымды әсер ететіндей оқу-тәрбие процесінің басты күре тамырының ролін атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология – оқу-тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі (компоненті).

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Оқыту міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация - нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді.

Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. ” Масырова Р.Линчевская – “Жаңару” дегенімізді былай деп түсіндіреді: “Жаңару – белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.

Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).

Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:

- дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілін арттырады.

- қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;

- оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;

- саралап деңгейлел оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады.

- ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;

- иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат” үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;

- ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде «бала –субъект», «бала-объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер «оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады;

Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады .

Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі жэне оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.

Мотивациялық өлшемдеріне танымдық қызығуды қалыптастыру бейнесі жатады. Оған болашақ мамандарды қалыптастыру, құндылық қарым-қатынас, болашақ маманның өзінің кәсіби шеберлігін дамытуға талпынуы, болашақ мамандығын ерекше жақсы көруі, ұрпақ тәрбиесінде ұстаздың жетекші орнын сезінуі, кәсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге бағыттылығы, инновациялық іс-әрекетке ұмтылу әрекеттері кіреді.

Мазмұндық өлшемдеріне болашақ маманның жалпы мәдениеттілік дайындығы мен мәндік әдіснамалық дайындығының деңгейі, мамандығы бойынша білімі, педагогикалық біртұтас білім жүйесі, біртұтас педагогикалық үрдістің заңдылықтары, мен қозғаушы күштерінің жалпы теориялық білім негіздерімен қарулануы кіреді. Оған біртұтас педагогикалық үрдістің теориялық негіздерін және жеке тұлға теориясының ғылыми негіздерін меңгеруі, педагогикалық іс-әрекет теориясының негіздерін білуі, білім алушылардың барлық мүмкіндіктерін пайдаланғанда инновациялық іс-әрекеттің көбіне нәтижелі болатындығын сезіне алуы жатады.

Бейімділік өлшемдерін болашақ маманның барлық жағдайға бейімделе алу қабілеті атады: бейімділік жағдаятына бағдарлана алуы, микроорта өзгерістеріне сай қолайлы инновациялық педагогикалық технологияларды таңдай алуы. Бейімділік өлшемдері болашақ маманның білімгер мәртебесінен оқытушы, ұстаз мәртебесіне ауысуының ерекшелігін сезіне білуімен бейімділік іс-әрекетті жүзеге асырудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана алуларымен ерекшеленеді.

Танымдық өлшемдері болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны жедел тани алуымен, өзін кәсіби жүзеге асырудың нәтижелі әдіс-тәсілдерін пайдалануымен, инновациялық педагогикалық технологияларға қызығу танытумен ерекшеленеді. Оған болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны біліп тануы, кәсіптік білімін өз тәжірибесінде қолдана білуі, инновациялық педагогикалық технологияларды оқып меңгеруі, үйренуі жатады.



Іс-әрекеттік өлшемдері болашақ маманның өзінің кәсіби іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттерін анықтай алуы және педагогикалық қарым-қатынастық үрдісті тиімді жүзеге асыра алуымен өлшенеді. Оған болашақ маманның өз пәнін жете меңгеруі, біртұтас оқу-тәрбие үрдісінің психологиялық, педагогикалық негіздерін білуі, педагогикалық үрдісті жоспарлап, жүзеге асыра алуымен өлшенеді.

Технологияның өлшемдері оқытудың әдістемелік мақсаттары, оқыту үрдісі, оның міндетттерін анықтай алуы, оқытудың нәтижесін болжай алуы және психологиялық -педагогикалық білімдерді меңгерумен анықталады. Оған болашақ маманның біртұтас оқу- тәрбие үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі, оқушылармен ынтымақтастық қарым- қатынасты жүзеге асыра алуы, біртұтас педагогикалық үрдісті диагностикалай алуы және сабақтың нәтижесі жоғары болатындай ең тиімді педагогикалық технологияны таңдай алуы қажет.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет