«Журналистика» мамандығына арналған



бет4/5
Дата25.04.2016
өлшемі0.98 Mb.
1   2   3   4   5

13 дәріс

САЯСИ ЖАРНАМА

Саяси жарнама әлеуметтік-саяси өмір де және саяси жарнамада, екеуі де бір салада дамыса да, олардың тарихы шығуы, дамуы, қазіргі жағдайы болады. Саяси жарнаманың пайда болуын арыдан іздестірген жөн. Ертеден-ақ халықпен Бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы қатынас, мемлекеттік шешімдерге халықтын қолдау көрсетуін, үлес қосуын әр бұқаралық ақпарат құралдары ұжымы көздеген. Бұрандары саяси жарнама жөніндегі сұраныстар мен оны жүзеге асыруда халыққа жария ету мемлекет тарапынан тыйым салынған. Бұндай саяси ақпаратты тасымалдаушы куерлер, арнайы жіберушілер, қызметкерлер болады. Олар ауызша және жазбаша түрде саяси ақпарат тасымалдаған.

Олар:


  1. Бұйрықтар

  2. Сілтемелер

  3. Хаттар

  4. Жолдаулар

  5. Өтініштер

Журналистика саласында саяси жарнама пайда болғаны бұнда публицистиканың бір саласы ретінде дамуда. 19-20 ғасырларда телеграфтық, телефон желісі, радио, теледидар арқылы мемлекеттің саяси жарнамаларын таратып, қоғам арасында саяси дағдарыс туғызуда. Осының арқасында саясат өзінің оқырмандарын, көрермендерін, тыңдармандарын тауып, яғни жанқарамын саясат аясын кеңейте түсті.

Саяси жарнама жататын яғни қоғамдық қатынастар және мемлекеттік органдар көңіл аударып, шешім табатын жарнамалар жатады. Бұл дегеніміз әлеуметтік жарнаманың саяси жарнамаға бетбұрысы. Осы саяси жарнаманы оқи отырып қоғамның билеушілеріне, парламентке, партияға, мәдениетке байланысты көзқарасы пайда болды. Коммерциялық жарнамамен саяси жарнаманың айырмашылығы жоқ. Олар бір салада, яғни өз тауарын өткізу мақсатымен насихатталып жүрген. Бірақ саяси жарнама бел-бір уақыт ішінде нәтиже көрсете білуімен ерекшелінеді. Тауар ретінде саяси жарнама: өз талапкерлерін, бір партияны, саяси нұсқауларды, нақты бір шешімді, (мысалы, қылмысқа қарсы жұмыстардың санының азаюы) ұсынады.

Саяси жарнаманы екіге бөліп қарастырсақ:


  • Кең мағынада ол саяси жаңалықтар, құжаттар, басылымдар, ақпараттың бағыттар, үкімет, саяси партиялардың жиынтық жүйесі кіреді.

  • Тар мағынада. Бұл дегеніміз бір бағытты саяси бәсекелесетін кезінде жену үшін арнайы үгіт және өз саясаты туралы жақсы пікір қалыптастыру жатады. Саяси жарнамада көбінесе сайлау кезінде өзінің кандидатын насихаттап арнайы штабтарда, көшелер де, автобус тағы басқа жерлерде жарнама ілінеді. Осы кезде саяси жарнаманың құрылысына баса назар аударсақ. Олар:

  • әртүрлілік

  • саяси бағыт

  • бір мезгілдік

Сыртқы саяси жарнама – бұл ақпарат таратудың бір түрі болып табылады. Ол қала көшелерінде, басқа халықтық пунктерде, қоғамдық транспорттарда, үйлердің қабырғаларында, автомагистральдарда сайлаушыға әсер ету үшін қажет.

Сыртқы саяси жарнама сайлаушыларға қосымша ақпарат беріп, әсер етеді. Бақ (телевидение, радио, газет) аяқталған жерде сыртқы саяси жарнама пайда болады.

Сыртқы саяси жарнаманың келесі негізгі мақсаттарын бөліп көрсетуге болады:


  • Белгілі бір кондидаттың қатысуын көздейді.

  • Кондидаттылық үшін имиджін қалыптастыру.

  • Кондидаттылық үшін тура үгіт насихат.

  • Белгілі бір кондидаттың бәсекелесінің алдында жоғары көрсету.

  • Сайлаушыға сайлау алдындағы кондидат компаниясының негізгі идеясын жеткізу.

Концептуальдық проектілеу және сыртқы жарнамада компанияның стратегиялық жоспарлануы.

Сыртқы саяси жарнама бойынша компания кондидаттық барлық сайлаушылар компаниясының ортақ стратегиясына кіргізілуі керек. Оның жоспары барлық стратегиялық жоспарының бір бөлігі болу керек.



Сыртқы саяси жарнама бойынша – компанияны жоспарлау келесі негізгі бағыттар бойынша жүргізілуі керек:

  • Оның таралу орнын анықтау;

  • Сыртқы жарнама түрін анықтау;

  • Компанияның уақытша шектеулерін анықтау;

  • Сыртқы жарнаманың бұл түріне сайлаушылардың көз – қарастары қандай екенін анықтау үшін фокус – группалар өткізу. Сыртқы саяси жарнаманың әр бір түрі келесі талаптарға сай болуы керек.

Сыртқы саяси жарнаманың түрлері

Келесі сыртқы саяси жарнаманың түрлерін көрсетуге болады:

  • Плакаттар

  • Рекламалық щиттар және планшеттер;

  • Келесі түрге көрсетіге болатын транспорттағы жарнама:

  • Транспорттық құралдағы транзиттік жарнама;

  • Транспорттық құралдар ішінде орналасқан жарнама;

  • Трамвай, тролейбус, автобус аялдамаларындағы жарнама;

  • Темір жол және авто бекеттерде, аэропорттарда орналасқан сыртқы саяси жарнама;


14- дәріс

Жарнама агенттігі және оның рөлі

Жарнама агенттіктері дегеніміз - жарнамалық қызметтерді орындауға маманданған (жарнама зерттеулерін жүргізу, жарнамалық қызмет жоспарын жасау, жарнама компанияларынның жұмысын жүргізу және өткізу, сондай-ақ жарнамалық арналар даярлау, орнату және т.б.) тәуелсіз фирма. Жарнамалық агенттіктер бұл жұмысты өз тұтынушылары атынан және солардың қаржысымен жасайды.

Жеке жарнамалық қызметтері бар ірі жарнама беруші фирмалар жарнама агенттігіне жүгінеді. Ол төмендегідей себептерге байланысты:


  1. Жарнама агенттіктері күн сайын аудитория мүдделерін, өзіндік тәжірибелерін, компитенттілігін түсінуге көмектесетін маркетингтік жағдайларды кең спекторымен ұштастырады. Өз кезегінде бұл жарнаманың сапасын мен тиімділігін анықтайды;

  2. Агенттік тәуелсіз ұйым болып табылады, бұл жарнама берушінің проблемаларына «сырт көзбен қарауға», яғни әлдеқайда обьективті қарауға мүмкіндік береді;

  3. Жарнама агенттіктері бұқаралық ақпарат құралдарымен жақсы қарым-қатынаста болады, жарнаманы беру үшін уақыт пен орынды тұрақты және алдын ала сатып алады. Жарнама берушілердің жарнама агенттіктерімен істес болуы оларға өз мәселелерін жедел шешуге және қаражат пен уақытты үнемдеуге көмектеседі;

  4. Жарнама агенттіктеріне (әсіресе, жарнама қызметінің толық кешенімен толық қамтамасыз ететіндер) жарнамада жүйелік әдісті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, жарнаманың тиімділігін әлдеқайда жоғарылатады.

Жарнама агенттіктерін таңдау кезінде жарнама беруші оның қызметінің келесі аспектілеріне назар аударғаны жөн:

- агенттіктің құрылған уақыты, жұмыс тәжірибесі;

- ұсынылатын жарнамалық қызметтер тізімі;

- қажетті мамандар болуы;

- кәсіби мамандардың (орындалатын қызметтер, жарнамаланатын тауарлар, мақсатты аудитория типтері, т.б. бойынша) болуы;

- қызметтер төлемінің реті мен құны.

Агенттік ұсынатын қызметтер саны ұйымдағы жарнамалық қызметке қарағанда әлдеқайда жоғары және олардың түрлері әлдеқайда кең. Кең спекторлы қызметі бар жарнамалық агенттік әдетте жұмысқа жоғары шығармашылық қабілеті бар қызметкерлерді тартады. Халықаралық деңгейде жұмыс істейтіндерінің шетелдерде коммерциялық агенттіктері болады. Агенттіктер болашақ клиенттерге әр түрлі мамандар қызметін, соның ішінде мәтіншілер, суретшілер, продюсерлер, жарнама құрылымдары бойынша мамандар, әлеуметтанушылар, психологтар, ПР қызметкерлер т.б. ұсынады.

Жарнама агенттіктері жарнама берушілер тапсырмасы бойынша қызметтердің кең спекторын атқарады.

1. Жарнаманы жасауға байланысты (жарнама материалдарын, фирмалық стиль, брендтер жасау) шығармашылық және орындаушылық қызметтер атқарады.

2. Өндірістік базалармен (типография, студиялар), басқа жарнамалық және баспалық фирмалармен (соның ішінде шетелдік фирмалар) қарым-қатынас жасайды.

3. Жарнама таратушы құралдармен, оның ішінде БАҚ-пен қарым-қатынас орнатады.

4. Тапсырыс орындалуының барысы мен сапасына бақылау жасайды.

5. Қаржылық есептеулер жүргізеді.

6. Тауарлар, нарық, тұтынушыларды жарналық компанияны негіздеу және жарнамалық идеяларды жасауға қажетті көлемде зерттейді.

7. Жарнамалық түпнұсқаларды даярлап, оны БАҚ-та жариялайды.

8. Көрмелер, жәрмеңкелер сияқты жарнамалық іс-шаралар ұйымдастырады.

9. Жарнамалық-техникалық семинарлар және баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, оларды өткізеді.

10. Сыртқы жарнама құралдарының техникалық жұмыстарын жасап, оларды іске асырады.

11. Телерадиоға бейнежазбалар, бейнеклиптер түсіреді.

12. Сауда залдары және витриналар интерьерлерін жасайды.

Жарнамалық агенттіктер жарнама берушінің өкілі ретінде қызмет істейді және бұқаралық ақпараттар құралдарымен олардың атынан және олардың тапсырысы бойынша қарым-қатынас жасайды. Жарнамалық агенттік мекеме немесе фирмаға коммуникацияның әлдеқайда қолайлы құралын ұсына алады, жарнамалық хабарламаның баспа басылымдарында орнын, ол қанша рет шығуы керек екендігін көрсете алады және жарнама роликтерінің эфирге шығу жағдайы туралы келісім жасауға мүмкіндігі бар.

Жарнама агенттіктігінің қызмет түрлері

Жарнама агенттіктері әдетте үот ұсынылатын қызметтер көлемі бойынша және өздері маманданатын бизнес бағыты бойынша классификацияланады. Агенттік қызметтері, әмбебап және маманданған болып бөлінеді. Мамандану бағыты тұтынушы немесе өндірістік секторда тандалуы мүмкін.



Толық циклды қызметті агенттік (немесе әмбебап). Жарнамалық бизнесте толық секторлы қызметті агенттік - бұл клиентпен жұмыс, шығармашылық қызметтер, медиа жоспарлау және тапсырысты орындау үшін зерттеулер жасауды өз міндетіне алатын ұйым. Мұндай агенттіктің әдетте клиенттер мен жұмыс бойынша жеке қызметі, тапсырыстардың өтуін бақылау бөлімі, кең таралымды және баспа өнімдерін өңдеуге арналған бөлімшелері және кадрлар бөлімі болады.

Маманданған агенттіктер. Белгілі бір қызметтерде (мысалы, шығармашылық) немесе белгілі бір аудиторияда (ұлттық топтар, жастар) немесе салаларда (мысалы, денсаулық сақтау, компьютерлер, ауылшаруашылығы, т.б.) маманданады. Сондай-ақ маркетингтің әр түрлі салаларында (мысалы, тікелей маркетинг, өтімділікті ынталандыру, қоғаммен байланыс, қоғамдық және спорттық маркетинг, қаптама дизайны, корпоративті символика дизайны, т.б.) маманданған агенттіктер бар.

Қазіргі заманғы әмбебап агенттік клиенттерге ақпараттық және жарнамалық қызметтің барлық салаларында қызмет көрсетуге бағытталған. Оның қызметтері шартты түрде екі категорияға бөлінеді - жарнамалық және жарнамалық емес. Жарнамалық қызметтерге мыналар кіреді: жарнама материалдарын жоспарлау, өндіру және жасап шығару, сондай-ақ зерттеулер жүргізу бойынша және бұқаралық ақпарат құралдарын таңдау қызметтері. Жарнамалық емес қызметтерге қаттаудан бұқарамен байланыс (паблик рилейшнз) және жарнамалық бұйымдарды жасау, жылдық есептер, көрмелік үлгілер және коммерциялық персоналды оқыту бойынша материалдар даярлауға дейінгі қызметтер кіреді.

Жарнамалық бизнесте әмбебап агенттіктердің екі негізгі түрі болады, олар тұтынушылық жарнама агенттігі және өндірістік жарнама агенттігі.

Тұтынушылық жарнама агенттігі - бұл өз қызметін тұтынушылық жарнама, яғни ең бастысы тұтынушылар сатып алатын тауарларды, мысалы, сабын, жармалар, автомобильдер, үй жануарлары үшін жем шығаратын компаниялар бағдарламаларында шоғырландыратын агенттік. Тұтынушылық жарнама агенттіктерінде жасалатын жарнамалардың көп бөлігі БАҚ-та жарияланады. Олар агенттіктерге комиссиондық төлем төлейді. Нәтижесінде тұтынушылық жарнама агенттіктерінің өз кірістерінің үлкен бөлігі дәстүрлі түрде бұқаралық ақпарат құралдары төлейтін комиссиондық төлем түседі.

Өндірістік жарнама агенттіктері басқа мекемелермен жүзеге асыратын өнім шығаратын фирмалар мүддесін қорғайды. Мұндай тауарларға ЭЕМ-нің бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз етуі, локомотивтер және ақпараттық есептегіштер мысал бола алады. Іскерлік және өндірістік жарнама - жарнамалық қызметтің кең техникалық білімдерді дәл және көз жеткізерлік ақпараттық материалдарға айналдыру қабілеттілігін талап ететін маңызды саласы болып табылады.

Өндірістік жарнаманың көп бөлігі арнайы маманданған журналдарда және басқа да іскерлік басылымдарда жарық көреді. Мұндай ақпарат құралдары жарнама агенттіктеріне комиссиондық төлем төлейді, алайда олардың таралымы аз болғандықтан, жарнамалық орын үшін төлем көлемі жалпы ақпараттық құралдарға қарағанда әлдеқайда төмен болып келеді. Нәтижесінде комиссиондық төлем жарнама агенттігінің қызметінің құнын жабуға жетпей қалады. Көбінесе тұтынушылардан жасалған қызмет үшін қосымша төлем алынады.


Жарнама агенттігінің қызметкерлері

Жарнама агенттіктігінің мақсаты - жарнама берушінің өнімі мен қызметінің артықшылықтарын аудиторияға жеткізу. Жарнама қызметтерін атқаратын ірі жарнама агенттіктері әртүрлі мамандарды бөлімдерге біріктіру арқылы өз жұмысын жүргізеді. Бес негізгі функционалдық бөлімдерді атауға болады:

1. Шығармашылық немесе көркем өнер бөлім.

2. Тапсырыстарды орындау бөлім.

3. Өндірістік бөлім.

4. Маркетинг бөлім.

5. Қаржылық-шаруашылық бөлім.

Шетелдерде (соңғы жылдары Ресейде де) жарнамалық агенттік персоналы әдетте көптеген мамандардың басын біріктіреді. Олар:



  • негізгі клиенттермен жұмыс жүргізу бойынша тағайындалған директор (account direktor)

  • клиенттермен жұмыс жүргізуші менеджер (account executive)

  • маркетинг бойынша менеджер (marketing manager)

  • суретші-безендіруші (layout artist)

  • медиабайер (media buyer)

  • жарнамалық мәтіндер авторы, компирайтер (copywriter)

  • арт-директор (art director)

  • визуализатор (visualiser)

  • баспа бойынша маман

  • телепродюссер

  • өндіріс бойынша менеджер (production manager). Жарнама агенттіктерінің халық шаруашылығындағы орны мен экономикадағы рөлі оның мамандануымен анықталады. Ол сауда мен өндіріс арасындағы маманданған үйлестіруші рөлін атқарады.

Жарнама агенттігіне жүгіну арқылы жарнама беруші өз бұйымдары немесе қызметтерін жүзеге асыруға мүмкін боларлық максималдық пайда табуды мақсат тұтады. Жарнама агенттігін таңдау арқылы жарнама беруші нарықта орын алатын проблемелардың болмауын, жарнамалық қызметтің тиімділігін арттыруды, оптимизациялау бойынша негізделген ұсыныстарды, жаңа шығармашылық идеялардың жүзеге асуын қадағалайды.

Қазіргі жағдайда болашағы бар тапсырыс берушіні өзіне қарату үшін жарнама агенттігі жарнама қызметінің өнімін жорспарлап, жасап және іске асыратын техникалық, шығармашылық және концептуалдық ортаға бейімдеп, жарнама компанияларына бақылаушылық рөл атқаруы да мүмкін.


15. ЖАРНАМА ТУРАЛЫ ЗАҢ

Заңның мақсаттары.

Осы Заңның мақсаттары жаранманы жасау, тарату, оранластыру және пайдалану үшін қажеті жағдайларды қамтамасыз ету, жаранама саласында жосықсыс бәсекеден қорғау, жөнсіз жаранаманы болғызбау және оларға тыйым салу болып табылады.



Заңның қолданылуы аясы.

1. Осы Заң ҚР аумағында жаранма жасайтын, тарататын, орналастыратын және пайдаланатын жеке және Заңды тұлғалардың қызметі процесінде туындайтын қатынастарға қолданылады.

2. Осы Заң жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты болмайтын хабарландыруларна, соның ішінде БАҚ-ғы хабарландыруларыны сондай-ақ ҚР-ның заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылатын сайся үгіт пен насихатқа колданылмайды.

Негізгі ұғымдар.

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1. Жарнама-адамдардың беймәлім тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгілеріне, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткізуге жәрдемдесетін кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегімен таратылатын және орналастыратын ақпарат.

2. Жөнсіз жарнама-мазмұнына, уақытына, таратылу. Орналастыру орнына және тәсіліне ҚР-ның заңдарына белгіленген талаптардың бұзылуына жол берілген жосықсыз, дәйексіз, әдепсіз, көріну жалған және жасырын жарнама.

3. Жарнама беруші-жарнама жасау, тарату және орналастыру үшін жарнамалық ақпарат көзі болып табылатыңжеке немесе заңды тұлға.

4. Жарнама жасаушы-жарнамалық ақпаратты тарату және орналастыру үшін дайын нысанға келтіруді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.

5. Жарнама таратушы-мүлікті, соның ішінде радио және теледидар хабарларын таратудың техникалық құралдарын беру және пайдалану жолымен және өзге де тәсілдермен жарнамалық ақпаратты тарату мен орналастыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.

6. Жарнама тұтынушылар-жарнама арналған жеке және заңды тұлғалардың беймәлім тобы.

7. Жүгіртпе жол-жарнама таратудың теледидар бойынша, кино және бейне қызмет көрсетуде берілетін тәсілі, ол теледидар экрандарында сондай-ақ дербес мониторларда-тұрақты орналастыру обьектілерінде жиынтығымен белгілі бір ақпаратты құрайтын әріптер, цифрлар, белгілері тіркесінің тізбектесін алмасуымен сипатталады.

4-бап.Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдары.

1. ҚР-ның жарнама туралы заңдары ҚР-ның Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және ҚР-ның өзге де нормативтік құқықтыұ актілерінен тұрады.

2. Егер ҚР-ның бекіткен халықаралықшартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгілене, онда халықарлық шарттың ережелері қолданылады.

5-бап. Жарнамаға авторлық құқық және сабақтас құқықтар.

Жарнама авторлық құқықтын және сабақтас құқықтардың толық немесе ішінара обьектісі бола алады. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар ҚР-ның заңдарына, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәцкес қорғалуға тиіс.




Жарнама қойылатын жалпы талаптар.

1. Жарнама таратылуы,орналастырылу нысанына немесе пайдаланылатын құралына қарамастан, тікелей ұсынылуы сәтінде арнаулы біліміз немесе арнаулы құралдарды қолданбай дәйекті әрі түсінікті болуға тиіс.

2. ҚР-ның аумағында жарнама, теледидардағы, радиодағы және сыртқы жарнаманы қоса,мемлекеттік және орыс тілдерінде, ал қажет кезінде басқа да тілдерде таратылады.

Жарнама мазмұның бір тілден екінші тілге аудармасы оның негізгі мағынасын бұрмаламауға тиіс.

Бұл ретте теледидар мен радио арқылы мемлекеттік тілде берілетін жарнама күн сайын эфирге шығатын барлық уақыт бойы біркелкі таратылуы тиіс.

3.Белгіленген тәртіппен тіркелген тауар белгілері мен логотиптер түпнұсқа тілінде және басқа тілде жазылуы мүмкін.

4. ҚР-ның заңдарына сәйкес жасалуына және салынуына тыйым салынған тауарларды жарнамалауға жол берілмейді. Егшер жарнама беруші жүзеге асыратын қызмет лицензиялануға тиіс болса, онда тиісті тауарды жарнамалау кезінде, сондай-ақ жарнама берушінің өзін жарнамалау кезінде, радиодағы жарнаманы қоспағанда, лицензияның нөмірін және лицензия берген иорганның алуын көрсету қажет.

5. ҚР-ның заңдарына сәйкес тіркелмеген діни ұйымдар мен діни оқу орындарын жарнамалауға тыйым салынады.

6. Жарнама ҚР-ның конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды,мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатігездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, порнографияны насихаттауға немесе үгіттеуге пайдаланылмауға, сондай-ақ ҚР-ның мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды тарату үшін пайдаланылмауға тиіс.

7. Жарнама қоғамда дүрбелең туғызбауға азаматтарды агрессияға бастамауға,сондай-ақ құқыққа қарсы өзге де әрекетті қоздырмауға тиіс.

8. Жарнамаға қойылатын шектеулер осы Заңмен және ҚР-ның басқа да заң актілерімен белгіленеді. 5.Жарнамада айтылған,щарттардың елеулі талаптарының кез – келгенін жасырып қалуға:

6. Басқа азаматтарды белгілі бір кәсіп орынның қызметіне немесе сол кәсіпорынның тауарларын сатып алуға тарту есебінен азаматтарды өз табысын немесе пайдасын алуға шақыратын кәсіпкерлік қызмет түрлерін жарнамалауға тыйым салынады.


Жарнама жасау,тарату,орналастыру кезінде кәмілетке толмағандарды олардың сенімін және тәжірибиесінің жоқтығын теріс пайдаланудан қорғау мақсатында.

1.Ата – ананың беделін түсіруге, кәмілетке толмағандардың оларға деген сенімін жоғалтуға:

2.Ата – ананы немесе басқада адамдарды жарнамаланатын өнімді сатып алуға иландыра шақыратын тікелеи ұсыныс жасауға:

3.Белгілі бір өнімге ие болу басқалармен салыстырғанда қандайда болсын артықшылық беретінін сондай-ақ қолда ондай өнімнін болмауы керісінше жағдайға алып келетінін кәмілетке толмағандарға тікелей көрсетуге;

4.кәмілетке толмағандарды қауіпті орындар мен жағдайларда көрсету алдын алу мақсаттарында ақталмаса,оны мәтіндік, көрнекі немесе дыбыстық ақпараттарды жарнамада орналастыруға ;

5.Кәмлетке толмағандарға арналған тауарларға (жұмыстарға көрсетілген қызметтерге) тікелей қатысы жоқ жарнамада кәмілетке толмағандардың көрнекі немесе дыбыстық пайдалануға;

6.Өнімді пайдалану нәтижелері көрсетілген немесе сипатталған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандардың өнімді пайдалану дағдыларың қажетті деңгейін кемітіп көрсетуге жол берілмейді. Жарнама өнім арналған жас мөлшері тобындағы кәмелетке толмағандар үшін нақты жеткізуге болатын ақпарат беруге тиіс.

7. Кәмілетке толмағандардың бойында кәмелетке толмағандарға арналған өнімнің құны (бағасы) туралы шындыққа жанаспайтын (бұрмаланған) түсінік қалыптастыруға сондай-ақ жарнамалатын өнімге кез- келген отбасы бюджетті қол жеткізе алады деген тікелей немесе жанама нұсқауға жол берілмейді.

16-бап. Жарнамасы бар материалдарды сақтау мерзімдері.

Жарнамасы бар материалдарды немесе олардың көшірмелерін оларға кейіннен енгізілетін өзгерістердің бәрін қоса алғанда, жарнама беруші, жарнама жасаушы бір жыл бойы, жарнама таратушы- жарнама соңғы таратылған, орналастырылған күннен бастап кемінде бір ай бойы сақтауға міндетті.

2. Жарнама саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары:

1) ұлттық мүдделерді қорғау;

2) жөнсіз жарнаманы, сондай-ақ қоғамдық құндылықтар мен жалпыға бірдей қабылданған мораль және адамгершілік нормаларына қол сұғатын жарнаманы болғызбау және оларға жол бермеу;

3) жосықсыз бәсекеден қорғау болып табылады.


Осы заңнын талаптары орындалмаған жағдайда уакілетті оргондардың талап етуі боиынша жарнама беруші, жарнама жасаушы және жарнама таратушы Қазақстан Республикасының заңдарына белгіленген тәртіппен жарнамалық ақпараттың құжаттық растамасын беруге міндетті .

Егер жарнама беруші ,ескертуге қарамастан, өзінің жарнамаға қоятын талабын өзгертпесе не өзінің жарнамалық ақпаратының дәйекті екендігіне құжаттық растама тапсырмаса не жарнаманы жөнсіз жасауы мүмкінөзге де мән – жағдаиларды жоймаса, жарнама жасаушы және (немесе) жарнама таратушы, егер шартта өзгеше көзделмесе белгіленген тәртіппен шартты бұзуға және залалдын толық өтілуін талап етуге құқылы.

1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарын бұзу фактісі анықталған жағдайда, бұзушылыққа жол берген тұлға мұндай жарнаманы таратауды, орналастыруды дереу тоқтатуға және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен теріске шығаруды жүзеге асыруға міндетті. Бұл ретте теріске шығаруң жөніндегі шығыстардың бәрін бұзушылыққа жол берген тұлға көтереді.

2. Теріске шығару нақ сол тарату, орналастыру құралдарымен және тәсілдермен теріске шығаралатын жөнсіз жарнама сияқты, ұзақтығының, кеңістігінің, орны мен тәртібінің нақ сондай сипаттамалары мен өлшемдерді пайдаланыла отырып жүзеге тасырылады.

3. Егер теріске шығару белгіленген мерзімде жүзеге асырылмаса, онда уәкілетті органның шешімі бойынша теріске шығаруды жарнама туралы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына жол берген және белгіленген мерзімде теріске шығаруды жүзеге асырмаған тұлғаға келтірілген шығындарды өтеу туралы кері талап қою құқығы бар жарнама таратушылар жүзеге асыруға тиіс.

Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық.

1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнаманың мазмұнына қатысты бұзылғаны үшін, егер ол жарнама жасаушының кінәсінен болғаны дәлелденбесе, жарнама беруші жауапты болады.

Жарнама жасаушы Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнаманы ресімдеуге немесе қатысты бұзылғаны үшін жауапты болады.



Жарнама таратушы Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнама таратудың, орналастырудың уақытына, орнына және тәсіліне қатысты бұзылғаны үшін жауапты болады.



Семинарлық сабақтардың тақырыптары

1. Жарнама тарихы

1

4,6

2. Алғашқы жарнамалар

1

6,7

3. Жарнаманың қалыптасуы

1

6,7

4. Жарнама түрлері

1

1,3,7

5. Мерзімдік баспасөздегі жарнама

1

1,3,2

6. Аймақтық басылымдардағы жарнамалық материалдар

1


1,3,7

7. Газет жарнамасын беру тәсілдері

1

3,4,6,7

8. Басылымдардағы жарнамалық материалдарды ұйымдастыру

1

1,2,6

9. Электрондық ақпараттар және жарнама


1

3,4,7

10. Телеарнадағы жарнама


1

1,2

11. Телеарнадағы жарнаманың берілу тәсілдері

1

2,8

12. Жергілікті телеарналардағы жарнама

1

2

13. Мемлекеттік тілдегі жарнамалардың сапасы

1

-

14. Анамациялық тәсілдермен жарнама дайындау

1

2,8

15. Аралық бақылау

1

1,2,3,4,5,6,7,8

16. Радиодағы жарнаманың ерекшелігі

1




17. Радиожарнама сценарийінің жазылуы

1




18. Республикалық радиоларда берілетін жарнама көлемі

1




19. Жарнама роликтерін дайындау

1




20. Жарнамалық бағыттағы материалдар

1




21. Қазақстандағы жарнама рыногі

1




22. Маркетингтік қызметтің маңызы

1




23. Жарнама агенттіктерінің қызметін ұйымдастыру

1




24. Семей қаласындағы жарналық қызметке талдау жасау

1




25. Тыйым салынған жарнама түрлері

1




26. ҚР Жарнама туралы заңымен танысу

1




27. Жарнама қызметінің құқықтық негіздері

1




28. Жарналық бағыттағы материалдар дайындау

1




29. Студенттер тарапынан дайындалған материалдарға талдау жасау

1




30. Аралық бақылау

1




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет