Каральды гастриттың микроскопиялық ерекшеліктері: а қатты ісіну



Дата12.08.2020
өлшемі28 Kb.

  1. Каральды гастриттың микроскопиялық ерекшеліктері:

а) қатты ісіну;

б) көп мөлшерде қан құйылу;

+в) шырышты қабықтың меншікті пластинкасында бірен-саран лейкоциттер байқалады;

г) үстіңгі жабындысы бұзылған;

д) домалақ жасушалар элементтері.


  1. Жедел гастриттың ауыр формасының микроскопиялық ерекшеліктері;

а) язвалы жараның шеттері қатты;

+б) шырышты қабықта эрозия;

в) жара түбінде грануляциялық ұлпаның мөлшерден тыс өсуі;

г) перфорацияның дамуы;

д) меншікті пластинкада ошақты лимфоидты сіңбелер бар.


  1. Helicobacter pylori мен ассоцияцияланған созылмалы гастрит сипатталады:

+а) антральды бөлімдерінің жарақаттануымен;

б) көптеген эрозиялар;

в) терең жаралардың ұзақ жазылмауы;

г) лейкоцитарлық инфильтрация;

д) дисплазия.


  1. Созылмалы гастритте эпителийдің өзгеруі

а) жасушалық атипия;

б) ядроларының полиморфизмі;

в) алып жасушалық метаморфоз;

+г) ішек метаплазиясы;

д) жалпақ жасушалардан турады.


  1. Эзофагиттің этиологиялық факторлары:

а) созылмалы гастрит;

б) созылмалы энтерит;

в) жүректің жедел жетіспеушілігі;

г) жедел бүйрек жетіспеушілігі;

+д) асқазандағы тамақтың рефлюкс арқылы өңешке өтуі.


  1. Жедел панкреатиттің патогенезінде ең маңызды:

а) жүрек ишемия ауруы;

+б) өт-тастары ауруы;

в)ұйқы безінің липоматозы;

г)ұйқы безінің склерозы;

д) бүйрек тас ауруы.


  1. Жасы барып қалған ер кісі шамасының әлсіреуіне шағымданды.Соңғы кезде салмағының төмендеуін байқады. Проктосигмоидоскопия арқылы сигма тәрізді ішектің проксималды бөлігінде ісік анықталған,гистологиялы зерттеуде карцинома анықталған.Науқаста андай асқынулар болуы мүмкін

а)ішектің шажырқайына өсіп кетуі

+б) темір жетіспеушілік анемия

в)жайылмалы метастаздар

г) бездердің атрофиясы

д)тік ішекке жанасып өсу


  1. 45 жасар ер кісі ішінің ауырғанына және соңғы 3 жыл бойы тәбетінің айнуын сезген. Тамақты жутады, қыжу болмаған. Диагнозын анықтау ушын гастрофиброскопия арқылы ісіну мен толақандылық антральды бөлімнің шырышты қабатында анықталған.Сонымен қатар биопсия өткізіліп,гистологиялық зерттеуге негізделініп патологанатом қорытынды берді созылмалы гастрит. Науқаста төменде көрсетілгеннің қайсысы орын алады,

а)Эллисон-Золингер синдромы

б)пернициозды анемия

+в)Helicobacter pylori

г)аденокарцинома

д)Крон ауруы


  1. Бауыр циррозында өлім себебі:

А) Жедел жүрек жетіспеушілігі

В) Жедел өкпе жетіспеушілігі

+С) Өңештің венақан тамырынан қан кету

D) Кахексия

Е) Пневмония


  1. Асқазанның ойық жарасынан қан кету механизмі

+А) қан тамыр қабырғасының аррозиясы («жегілену»)

В) эритроциттердің диапедезі

С) қан тамыр қабырғасының жарылуы

D) сіңбелену

Е) қан тамыр қабырғасының гиалинозы


  1. Ойық жара ауруының деструктивті-жаралы асқынуын атаңыз:

A) ұлтабар стенозы

+B) пенетрация

C) малигнизация

D)гастрит

E)дуоденит


  1. Жедел гастриттің түрі:

А) атрофиялық

B) гипертрофиялық

+C) катаралды

D) беткей

E)токсиндік


  1. Вирусты гепатит В-ның жұғу жолы:

А) фекалды-оралды

+В) парентералды

С) трансплацентарлы

D) периневралды

Е) ауа-тамшылы


  1. Панкреатит дегеніміз не?

+А) Қабыну

В) Ісік


С) Атрофия

D) Дистрофия

Е) Метаплазия


  1. Жедел панкреатиттің себебі:

+А) Өзектердің дискинезиясы

В) Гипертрофия

С) Атрофия

D) Дистрофия

Е) Кахексия


  1. Жедел панкреатиттің өлім себебі:

+А) Шок

В) Қан кету

С) Коллапс

D) Жүрекшенің фибрилляциясы

Е) Кома


  1. Панкреонекрозға тән сипат:

А) Қалпына келу

В) Ісік


С) Атрофия

D) Дистрофия

+Е) Некроздық өзгерістер


  1. Бауыр циррозымен ауырған 43 жастағы әйел постгеморрагиялық анемиядан қайтыс болды.Қанағу көздері:

+а)өңеш тамыры;

б) аортаның кеуде бөлімінің аневризмасы;

в)жатыр венасы;

г) бауыр;

д)аортаның құрсақ бөлігінің аневризмасы.


  1. Асқазанның созылмалы жарасының шеті:

а) проксималды және дисталды бөлігі домбақ;

б) проксималды домбақ;

+в) проксималды ойық;

г) жұмсақ болбыр;

д) дисталды ойық.


  1. Асқазанның созылмалы жарасының асқынулары:

+а) қанағу;

б) гастроптоз;

д) ішектің жүрмеуі.


  1. Жедел геморрагиялық панкреатиттегі морфологиялық өзгерістер:

а) ұсақ өзекшелердің гиперплазиясы;

б) Лангерганс аралшаларының гипертрофиясы;

в) инфаркт;

г) перидуктальды склероз;

+д) ұлпалардың гемморрагиялық сіңбеленуі.


  1. Негізгі аурудың қандай асқынуын патолог анатом өлгені туралы куәлікте көрсетуі қажет. Патологоанатом ұйқы безінде қандай өзгерістер тапты?

а) ұйқы безі өзгермеген;

б) ұйқы безінде массивті тығыз қызғылт түйін;

в) ұйқы безінед массивті болбыр сұр түйін;

+г) ұйқы безінде болбыр ақшыл-сарғыш ошақтар;

д) ұйқы безінеде тығыз сұр –ызғылт ошақтар.


  1. Тоқ ішектегі ісікке жатпайтын полип

а)аденоматозды

+б)Пейтца-Йегерса

в)тубулярлы

г)криброзды

д) гипопластикалық


  1. Сигма тәрізді ішектің гистологиялық варианты

а) түлемейтін жалпақ жасушалы рак

б) ракалды

в) түлейтін жалпақ жасушалы рак

+г) аденокарцинома

д)медуллярлы


  1. «сүйіскен ойықжара»қайсы ағзада орналасқан:

А) Асқазанның кіші иінінде

В) Асқазанның түбінде

С) Асқазанның кардиалды бөлігінде

+D) Он екі елі ішекте

Е) Асқазанның пилористік бөлігінде


  1. Даму механизміне байланысты созылмалы гастриттіңтүрі:

А) Атрофиялық

В) Коррозивті

+С) Рефлюкс-гастрит

D)Гипертрофиялық

Е) Беткей


  1. Бауырдың майлы гепатозының себебі:

+А) Алкоголизм

В) Артериалықгипертензия

С) Өкпе рагы

D) Гликогеноз

Е) Вирустық гепатит


  1. Жедел вирусты гепатиттің гистологиялық белгілері:

А) Майлы дистрофия

+В) Гидропиялық дистрофия

С) Маллори денешігі

D) Дистрофия

Е) Гепатоциттердіңатрофиясы


  1. Созылмалы вирусты гепатиттің нәтижесі:

А) Бауырдың қоңыр қатаюы

В) Мускат жаңғағы тәрізді бауыр

С) Бауырдың гемосидерозы

D) Бауырдың гликогенозы

+Е) Бауыр циррозы


  1. Созылмалы гепатиттің клинико-морфологиялықтүрі:

А) Сарғаюсыз

+В) Персистенциялық

С) Циррозды

D) Циклді

Е) Улы


  1. Алкоголдік гепатиттің гистологиялық белгілері:

+А) Гепатоциттердің майлы дистрофиясы

В) Гипертрофия

С) Каунсильмен денешігі

D) Белокты дистрофия

Е) Қан тамырлардың қанға толуы


  1. Бауырдың жедел улы дистрофиясының гистологиялық белгілері:

А) Көмірсулы дистрофия

В) Маллори денешігі

С) Каунсильмен денешігі

D) Белокты дистрофия

+Е) Гепатоциттердің некрозы


  1. Жедел вирусты гепатиттің клинико-морфологиялық белгіі:

+А) Сарғаю

В) Цианоздық

С) Ісіну

D) Тығындаушы

Е) Дистрофия


  1. Ойық жара ауруының қабынулық асқынуын атаңыз:

A) ұлтабар стенозы

B) пенетрация

C) малигнизация

+D)перигастрит

E)қан ағу


  1. Асқазанның созылмалы ойық жарасының жиі орналасатын жері:

+А) кіші иіні

B) кардиалды бөлігі

C) асқазанның түбі

D) үлкен иіні

E)асқазан денесі


  1. Созылмалы панкреатиттке қандай үрдіс тән?

+А) Склероз

В) Гипертрофия

С) Гиперплазия

D) Дистрофия

Е) Метаплазия


  1. Ұйқы безінің жедел қабынуында қандай үрдіс дамиды:

+А) Деструктивті

В) Гипертрофия

С) Атрофия

D) Дистрофия

Е) Метаплазия


  1. Түстік көрсеткіш 1.05-тен жоғары. Анемия түрін ата.

+А)гиперхромды

В)нормохромды

С)гипохромды


  1. Түстік көрсеткіш 0.85-тен төмен. Анемия түрін ата.

А)гиперхромды

В)нормохромды

+С)гипохромды


  1. Түстік көрсеткіш 0.85-1.05. Анемия түрін ата.

А)гиперхромды

В)нормохромды

С)гипохромды


  1. Тоқ ішектің кілегей қабатының қабынуы

А)Энтероколит

+В)Колит


С)Гастрит

Д)Дуоденит



  1. Ірінді процеске асқазанның барлық қабаттары ұшырайтын гастрит түрі

А)жай

В)коррозиялы

+С)флегманозды

Д)тоталды



  1. Тек кілегей қабаттарының зақымдануымен өтетін гастрит түрі

+А)жай

В)коррозиялы

С)флегманозды

Д)тоталды



  1. Кілегей асты қабаттарының зақымдануымен өтетін гастрит түрі

А)жай

+В)коррозиялы

С)флегманозды

Д)тоталды



  1. Гастриттер ағымы бойыгша нешеге бөлінеді

+А)2

В)3


С) 4

Д)5


  1. Гастритте асқазан моторикасын күшейту үшін қолданылатын препарат


А)папаверин

В)трихапол

+С)цирукал

Д)алмагель



  1. Семсер соққандай ауырсыну асқынуының қай түрінде болады

+А)пенитрация

В)перфорация

С)стеноз

Д)қан кету



  1. Аш ішектің кілегей қабатының қабынуы

+А)Энтерит

В)Колит


С)Гастрит

Д)Дуаденит



  1. Асқазанның кілегей қабатының қалындағы

+А)1.5мм

В)2мм


С)3мм

Д)4мм


  1. Асқазанда тұз қышқылымен бірге пепсин болмаса не дамиді

+А)Ахилия

В)Гипосекреция

С)Гиперсекреция

Д)Асцит


51. Мынандай симптомдар жинағы: оң жауырын, оң иыққа берілетін оң қабырға аймағындағы ұстамалы ауыру сезімі тән жағдайды көрсетіңіз:

+а) өт қабының гиперкинезиясы және сфинктер гипертониясы

б) өт қабының гипокинезиясы және сфинктер гипотониясы

в) өт қабының гипокинезиясы және сфинктер гипертониясы

г) созылмалы холецистит, ремиссия кезеңі

52. . Мына ауру синдромы ең тән жағдайды көрсетіңіз: тұрақты, күшті емес, оң қабырға астының сыздап ауыруы. Осы аймақта анда санда ауырлық, керу сезімі:

а) өт қабының гиперкинезиясы және сфинктер гипертониясы

+б) өт қабының гипокинезиясы және сфинктер гипотониясы

в) өт қабының гипокинезиясы және сфинктер гипертониясы

г) созылмалы холецистит, ремиссия кезеңі

53.Өт қабы дискенезия ауруының гипермоторлы түрі жиі кездеседі

а)әйел адамдарда

+б) жас адамдарда

в)жасы 40 тан асқан ер адамдарда

г)қарт адамдарда

54.Асқазан-ішек жолдарының немесе басқа ағзалардағы өзгерістерге байланысты өмір сүру барысында пайда болатын патология-

+а)2-шілік өт дискенезиясы

б) 4-шілік өт дискенезиясы

в)1-шілік өт дискенезиясы

г) 3-шілік өт дискенезиясы

55.Өт қабы дискенезиясы ауруының 1-шілік түрінің себебі

а) невроз

б) генетикалық тұқым қуалаушылық

в) асқазан жара ауруы

+ г)өт қабының тарылуы

56. Өт тас ауруында дене қышу себебіне ... жатады.

+а) өт қышқылдары жиналуы

б) азот қалдықтары көбеюі

в)ацетон жиналуы

г) билирубин жиналуы

57. Өт тас ауруына тән сарғаю сипаты:

а) механикалық+

б)гемолитикалық

в)паренхиматозды

г)шынайы

58. Өт тас ауруына байланысты сарғаю ... байқалады.

а)өттің ішекке өтуіне кедергі болғаннан+

б)қанда билирубин жиналғаннан

в)мандарин, апельсиндерді көп қабылдағаннан

г)лак, бояулар әсерінен

99... -деген қате тұжырым.

+а)Гломерулонефрит бір жақтылы үдеріс

б)Қуық пальпацияланбайды

в)Босанғаннан кейін қуық шектері өзгереді

г)Пиелонефрит қайталануы дизуриямен сипатталады

60. «Ет жуындысы» түстес зәр бөлу ... тән.

+а)гломерулонефритке

б)бүйрек тас ауруына

в) пиелонефритке

г) паренхиматозы сарғаюға

61.Гломерулонефрит қандай инфекциядан дамиды

а)Стафилококктардан

+б)Стрептококктардан

в)Диплококктардан

г)Сарциналардан

52.Жіті гломерулонефриттің маңызды симптомы-

а)Гематурия

б)Цилиндрурия

в)Олигурия

+г)Ісіктер

63. Жіті гломерулофритке сәйкес келмейтін белгі:

+а) ауру синдромы және зәрдегі өзгерістер

б)олигуриямен қатар зәр синдромы

в)гематурия, гипертония, ісіктер

г)жеке дара зәрдегі өзгерістер

64.Бүйректік эклампсия белгілері:

+а)гипертензия, тахикардия пароксизмі, дененің құрыстауы, естен тану

б)массивті протеиурия, ісіктер, олигурия

в) ісіктер, гипертония, лейкоцитурия

г)артериальды гипертония, жүрек айну, құсу

65.Екіншілік бүйрек амилоидозымен ... асқына алмайды.

+а)ЖИА, атеросклероз

б)созылмалы остеомиелит

в)ревматоидты артрит

г)лимфогрануломатоз

66. Жіті бүйрек жетіспеушілігiнің себебі:

+а)интоксикация

б)сепсис


в)ауыр металлдар тұздарымен улану

г)инфекция

67. Созылмалы пиелонефрит өршу белгілері:

а)УДЗ қорытындысында бір бүйрек мөлшері ұлғайған

б) қанда лейкоцитоз, ЭТЖ 20мм/сағ-на дейін тездеген

+в) гематурия, протеинурия

г)субфебрильді қызу, дизурия, бел көбіне оң жақтан ауырады

68. Нефриттерге ... тән емес.

а)бүйрек мөлшерлері қалыпты

б)нефротикалық синдром

+в)артериальды гипертония

г)ісіктік синдром

69. Зимницкий сынамасындағы созылмалы бүйрек жетіспеушілігіне тән өзгеріс:

+а) изогипостенурия

б) никтурия

в)гиперстенурия

г) гипостенурия

70. Темір жетіспеушілік анемияның ең жиі себебі:

+а)генитальды, асқазан-ішек жолдарынан қан кетуі б) тағам құрамы жетіспеушілігі, ахилиялық гастрит болуы

в)ионизация сәулелерінің әсері

г) жүктілік

71. Витамин В12 жетіспеушілік анемияның себебі:

а) генитальды, асқазан – шек жолдарынан қан кетуі

б)ионизация сәулелерінің әсері

+в)тағам құрамы жетіспеушілігі, ахилиялық гастрит болуы

г) жүктілік

72.Лейкоздар дамуына ықпалы мол себеп:

+а)ионизация сәулелерінің әсері

б)генитальды, асқазан – шек жолдарынан қан кетуі

в)тағам құрамы жетіспеушілігі, ахилиялық гастрит болуы

г)ауыр металл тұздары әсері

73. Түстік көрсеткіш - ...

а)гемоглобиннің көбеюі не азаюы.

б)лейкоциттер көбеюі не азаюы.

+в)эритроциттердің гемоглобинмен қанығу дәрежесі.

г)эритроциттер көбеюі, гемоглобин төмендеуі.

74.Лейкоз диагностикасында қажетті тексеру әдісі:

а)эритроциттердің осмостық төзімділігін, қандағы билирубинді анықтау

+б)стернальды пункция, трепанобиопсия өткізу

в)шымшу, жгут сынамаларын өткізу, коагулограмманы анықтау

г)сарысулық темірді анықтау, сидероциттер мен сидеробласталарды санау

75. Тері жамылғысының сарғыш реңді боздығы ... байқалады.

а)симптомды эритроцитозда

б)жіті лейкоздарда

+в)гемолитикалық анемияда

г)гемофилияда

76.Уролитиаз –

а)тастардың бүйректе орналасуы

б)Тастардың бүйрек түбекшелерінде орналасуы

+в)Тастардың несепағарда орналасуы

г)Тастардың бүйрек астаушаларында орналасуы

77.Жедел циститтің негізгі симптомдары-

а) ауру сезімі, инициальді гематурия, дизурия;

+б)ауру сезімі, дизурия, пиурия, терминальді гематурия;

в) олигоурия, пиурия, зәр шығарғандағы ауру сезімі;

г) поллакиурия, гематурия, дене температурасының жоғарылауы

78.Несеп тас ауруындағы негізгі симптомдарын атаңыз?

+а) бел аймағындағы ауру сезімі

б) зәрді ұстай алмау

г) артериальді гипертензия

д) субфебрильді температура

79. Несеп тасы диагностикасында қандай әдіс қолданады?

а) урофлоуметрия

+б) УДЗ


в)ангиография

г) тұнбалық цистография

80. Созылмалы пиелонефритте жасырын лейкоцитурияны зерттеу әдісін атаңыз:

а) жалпы зәр анализі

б)Зимницкий сынамасы

+в) Нечипоренко сынамасы, преднизолды тестпен

г)зәрді бактериялогиялық тексеру

81. . Эритроциттер мен гемоглобин түзілуінің бұзылуы нәтижесінде пайда болатын анемияларға жатады:

+а) микросфероцитарлық

б) Орақша-жасушалық анемия

в) постгеморрагиялық

г) мегалобласттық

82. . В12 дәрумені қай тағамда көп мөлшерде болады?

а) жұмыртқаның ағында

в) сыра ашытқысында

в) қызыл уылдырықта

+г) жұмыртқаның сарысында

83. Қанның шектен тыс ыдырауының нәтижесінде пайда болатын анемияларға жатады:

+а) теміртапшылықты

б) сидероахрестикалық

в) микросфероцитарлық

г) постгеморрагиялық

84.Геморрагиялық диатез ауруының басқаша атауы

а)Верльгоф ауруы

+б)қанталап қызару

в) Шенлейн-Генох ауруы

г)Крейтцфельд-Якоб ауруы

85.Гемморагиялық васкулиттің қай түрінде диспепсиялық синдром болады

а)Буын синдромы

б)Терілік түрі

+в)Абдоминалды

г)Белдік


86. Мегалобластты анемияны емдеу үшін тағайындау керек:

+а) В12 дәруменін

б) темір препаратын

в) В6 дәруменін

г) В1 дәруменін

87. Нормохромды анемияларға жатады:

+а) теміртапшылықты

б) сидероахрестикалық

в) В12-тапшылықты

г) апластикалық

88.Қанның ісік сипатындағы ауру-

а)Гемофилия

+б)Лейкоз

в)Анемия


г)Пурпура

89. Созылмалы лейкоз – қай тіннен шығатын ісік:

+а) қан түзуші тіннен

б) дәнекер тіннен

в) мезенхималық тіннен

г) лимфоидты тіннен

90. Созылмалы миелоидты лейкозбен жиі кімдер ауырады:

а) ер адамдар

б) балалар

в) сәбилер

+г) әйел адамдар

91. Қандай ауруға Свит синдромы тән:

а) созылмалы миелолейкоз

б) жедел миелобласттық лейкоз

+в) созылмалы лимфолейкоз

г) жедел эритролейкоз

92. Бұл аурулардың жалпы белгісі - қанауға бейімділік

+а)Геморрагиялық диатездер

б)Анемиялар

в)Пурпура

г)Лейкоздар

93.Постгеморрагиялық анемия қан өндіру түріне қарай-

А)Регенерациялық

+В)Гипохромды

С)Нормобласттық

Д)Макроциттік

94.Бүйрекке тас байлану көбінде кездеседі

А)Нәрестелерде

В)18-36 жаста

С)+20-50 жаста

Д)20-40 жаста

95.Қуықтың қабынулық ауруы-

А)+Цистит

В)Нефрит


С)Пиелонефрит

Д)Энурез


96.Циститтің қай түрінде қуыққа емдік препараттарды енгізуге болмайды?

А) қайталамалы

Б)Созылмалы

+в) Жедел

97. Гектикалық қызба қалтыраумен қандай ауруда кездеседі?

а) жедел цистит;

б)жедел қуықасты безінің қабынуы;

+в)жедел пиелонефрит

; г)жедел уретрит;

98. Жедел пиелонефритке тән емес жалпы симптомды атаңыз?

А) қалтырау

Б) дене температурасының 39-40° көтерілуі

+В) диарея

Г) бас ауру

99. Жедел пиелонефритке тән симптомдар триадасын атаңыз:

+А) жоғары температура, белде ауыру сезімі, зәрдің өзгеруі;

Б) белде ауыру сезімі,зәрдің өзгеруі , анурия;

В) жоғары температура, белде ауыру сезімі, анурия

Г) жоғары температура, зәрдің өзгеруі, анурия;

100 Цистит диагнозын қай симптомсыз қою мүмкін емес?

А) ауру сезімі;

Б) температура;



В) терминальды гематурия;

+г)лейкоцитурия;

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет